Бір тілде деп міндеттеген жоқ



жүктеу 0.71 Mb.

бет4/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар

ТҮЙТКІЛ


«Биологиялық бомба» жарылмасын десек...

«Жедел жәрдем» жеткізген тұрақты ме-

кен жайы жоқ қаңғыбас жандарды «ауруха-

налардың қабылдап алмақ түгіл, есіктері-

нен сығалатқысы келмейтіндерін көзіміз-

бен көрдік» деп қынжылғандардың да 

әңгі месін талай естігеніміз бар. Тіпті ақ 

халат ты абзал жандардың мұндай түсініксіз 

қылықтары оғаш көрініп, дәрігерлер осы 

сынды әрекеттердің куәсі болғандар тара-

пынан қатты сынға да алынып, сөз де естіп 

жатады. Алайда дәрігерлердің уәждері 

мынандай: 

– Біздің оларға бірінші дәрігерлік 

кө 

мек көрсетуден бас тартқанымыз 

заң ға қайшы, әрине. Кімді болса да 

емдеу – міндетіміз. Сондықтан да бұл 

әрекетімізді ешкімнің білмегені дұрыс 

бізге. Аты-жөнімді толық атамауымды 

сұрағандағы себебім – осы. Далада 

жа тып қалғандарды бірден ауруханаға 

алып келеді. Әсіресе, қыста көп болады. 

Аяқ-қолдары үсіп қалғандары да жоқ 

емес. Жазда да жағдайлары мәз емес 

олардың. Күннің ыстығынан да көбіне 

запа шегетіндер солар. Антисанитария-

ның салдарынан түрлі инфекция жұқ-

қы зып жатады. Қазір ем-дом жасап 

шы ғар саң, екі-үш күннен кейін тағы 

келіп тұрулары ғажап емес. Мұндай 

оқиғалар болып тұрады. Міне, осылай 

жалғаса береді. Шыны керек, көпшілік 

медбикелер жап-жас қыздар болған-

дық 

тан, олардан қатты жиіркенеді. 

Ешқайсысының да лаж болса, оларға 

жақындағысы жоқ. Менің ойымша, бұл 

мәселені мемлекеттік тұрғыда шешу 

керек. Әйтпесе қаңғыбастар жылдан-

жылға артып бара жатқан сияқты, – 

дей ді ағынан жарылған қаладағы бір 

ауру хананың қабылдау бөлімінің қыз-

мет кері. 

Бірінші көмек көрсетуге міндетті меди-

ци на қызметкерлерінің Гиппокарт антын 

«амалсыз» бұзатын мұндай қылықтары 

жөнінде басшылық не дер екен деп №7 

Алматы қалалық клиникалық аурухананың 

бас дәрігерінің орынбасары Ержан Болат-

ұлымен хабарласқан едік (дәл осы №7 

ауру хана басшылығын әңгімеге тартқа-

нымыз жоғарыдағы құпия кейіпкері міз 

сол ауруханада жұмыс істейді деген сөз 

емес. Тек естуімізше, №7 ауруханаға 

қаңғы бас жандар көбірек түсетін болса 

керек, авт.)



– Басшылық әлбетте ондайға жол 

бермейді. Бізге науқастың бәрі бірдей. 

Қалталы не қаңғыбас деп бөліп-жар-

май мыз. Егер басшылық қарамағын-

дағы қызметкерлердің тарапынан осы 

сынды заңға қайшы  әрекет байқап 

қал са, ол адам міндетті түрде тиісті 

жазасын алады. Егер кімде-кім мұндай 

оқиғаны өз көзімен көрсе,  дереу сенім 

телефо ны мен  басшылыққа  хабарлау-

ларын сұ раймыз. 

Рас, тұрақты мекенжайы жоқ, дала-

да жүріп тоз-тозы шыққандарды көптеп 

әкеледі. Әсіресе, қыстың күні еселеніп 

кетеді. 

Бұл – үлкен проблема. Қоғамдық 

түйткіл. Сондықтан да мемлекет бұл 

мәселеге байыппен қарап, оң шешпесе 

болмайды. Алматы – үлкен мегаполис. 

Сол себепті де бұл шаһарда қаңғыбас 

көп. Өкінішке қарай, Алматы қаласында 

қаңғыбас жандарға арналған бейімдеу 

орталығы бар-жоғы біреу ғана. Оның 

өзі 250 адамға арналған. Естуімше, 

қаң 

ғыбастар саны берілген кереует 

орын дарынан 25 есеге көп. Қала мен 

аудан әкімдіктері дұрыс көңіл бөліп, 

мұндай бейімдеу орталықтарын әр ау-

дан да ашса, бұл игілікті ісі болар еді. 

Мұндай ұсыныс жасап жүрген тек 

Ержан Болатұлы емес. Сөз болып отыр-

ған проблеманы шешудің жалғыз жолы 

әлеуметтік бейімдеу орталықтарды 

көптеп ашу деп санайтындар баршы-

лық. Осы орайда біз ҚР еңбек және ха-

лық ты әлеуметтік қорғау министрі Гүл-

шара Әбдіхалықовамен арнайы хабар-

ласқан едік:

– Қазір еліміздің барлық облыстарында 

әлеуметтік бейімдеу орталықтары ашыл-

ған. Үлкен қалаларда тіпті екеуден. Менің 

ойымша, олардың санын көбейтудің керегі 

жоқ. «Дайын асқа – тік қасық» дейді хал-

қы  мыз, ертеңгі күні сондай орталықтар 

кө бей ген сайын, соған сенім артып, тұрақ-

ты мекенжайы жоқ жандардың көбейіп 

кетпесіне кім кепіл? Олардың қиындықпен 

өздері күресулеріне мүмкіндік берген жөн 

деп санаймын, – дейді ол. 

Сонда тұрақты мекенжайы жоқтардың 

проблемасын қалай шешуге болады? 

Ауруханалар мен бейімдеу орталықтары-

ның көмектері шектеулі.

Ғаламтордағы ақпараттарға сенсек, 

дүниежүзі бойынша қаңғыбастар санын 

анықтауды әлем сарапшылары 2005 жылы 

қолға алып, нәтижесінде олардың қатары-

ның 100 миллионнан астам екендігін 

анықтапты. Ал Қазақстан бойынша қанша 

қаңғыбас бар екендігін нақты есеп жүргізіп 

отырған құзырлы орын жоқ. Яғни олардың 

санын мамандар болжап қана айта алады. 

Десек те, белгілі демограф ғалым Мақаш 

Тәтімов: «қаңғыбастар санын 100 мың деп 

айтсам қателеспеймін», – деп сендірді. 

– Менен демограф ретінде еліміздегі 

тұрақ ты мекенжайы жоқтар санының қан-

ша екендігі турасында көп сұрайды. Мо-

йын дау керек, оны анықтау оңай шаруа 

емес. Олар жыл құстары сияқты. Қыста, 

мәселен, Оңтүстік Қазақстан өңірі жылы 

болса, қар түсе солай қарай ағылады. Бір 

жерде тұрмайды. 

КСРО кезінде мұндай санаттағы адам-

дар көп болмады. Ұсталғандары дереу 

қоғамдық жұмыстарға тартылып, қажет 

болса емдеп жатты. Тіпті оларды жұмыспен 

қамтамасыз етуге Үкіметтің өзі мүдделі еді. 

Қысқасын айтқанда, мемлекеттік бақылау 

күшті болды.

Қаңғыбастар санын анықтауға мен де 

ден қойып жүрмін. Сол себепті 1999 жыл-

ғы санақ кезінде жауапты адамдардың 

көмегімен қаңғыбастарды моншаға түсір-

дік. Олар қуана-қуана келді. Моншадан 

соң тамақ берілді. Міне сол кезде оларды 

тіркеп отырдық та, елімізде барлығы 100 

мыңға жуық қаңғыбас бар екендігіне сонда 

көз жеткіздік. Қазір олар көбеймесе, азай-

ған жоқ. Менің ойымша, 16 миллиондай 

халқы бар Қазақстан үшін 100 мың көп те 

емес, бірақ әрине аз да емес. Бір пайызы. 

Жұмыссыздық жайлаған мына нарық 

заманында қаңғыбастардың болуы бір 

жағынан – заңды құбылыс. 

Десем де, мәселен, шетелдерде қайы-

рымдылық шаралары жиі ұйымдастыры-

лып, қаңғыбастар жуынып-шайынып, бір 

мезгіл ыстық тамақ ішеді. Бір айта кетерлігі, 

сондай шара кезінде олар дәрігерлік 

тексеруден өткізіледі. Осындай қайырым-

дылық шаралары дәрігерлер айтып отыр-

ған «биологиялық бомбаның» алдын алу-

ға септігін тигізбек. 

БЕЗБЕН


Неге «мәмілегер» демеске?! 

Бүгінгі күні еліміздегі заңға қайшы 

әрекеттердің басым бөлігі, қылмыс деп 

танылып, іс сотта қаралып, соңы айыптыны 

абақтыға жабумен тынып жатқаны жасырын 

емес. Соның салдарынан аяғын шалыс бас-

қаны, абайсызда кінә арқалағандар қыл-

мыс кермен қатар сотты болып жатыр. Он-

дай шалыс басу да, қызуқандылықпен қыл-

мыс жасау да, албырттықпен абайсыздыққа 

бару да ең алдымен жастарға тән құбылыс 

болатыны тағы белгілі. Ендеше, аса ауыр 

емес, ауырлығы орташа қылмыстардың 

көпшілігін сотқа жеткізбей-ақ айыпталушы 

мен жәбірленуші жақтың ортақ мәмілесімен 

шешудің маңызы зор болмақ. Екіншіден, 

өзара дауласқан тарапты үшінші жақтың 

келісімге шақыруымен сотқа жетпей тату-

ластыру – қазіргі қылмыстық үдерістер 

бары сында да бұрыннан қолданылатыны 

белгілі. Әйтсе де бұл қылмыстық заңнамаға 

сәйкес, тек жекелеген тараптардың өз ерік-

те рі мен осы істі мәмілемен жүзеге асыруға 

ниет білдірген жағдайында ғана қолданыла-

тыны бар. Яғни қазіргі заң бойынша да бел-

гілі бір жағдайда жанжалшыл тараптардың 

медиатр жүйесін қолдануына болады. Ал 

ондай жағдайда сот әлгі мәмілегерлік үде-

рі сінің қаншалықты заңды іске асырылған-

дығын бақылайды. Үшіншіден, өркениетті 

жұрт тараптар құқын қорғауды жоғарыға 

қойып, дау бітімін алдымен олардың өз 

арасына ұсынады. Мұндай тәжірибеден тек 

жағымды сипаттағы көрсеткіштер өрнекте-

леді. Мәселен, Малайзияда бітімгершілік 

арқылы сотқа жетпей тынатын істер саны 90 

пайызды құрайды екен. Тек 10 пайыз іс қа-

на сот төрелігіне жығылады. Ал Англияның 

сот жүйесінде медиация арқылы 50 пайыз 

іс шешімін тауып жатыр. Осынау әділ жүйе-

нің отаны саналатын Қазақстанда әзірше 

бәрі керісінше, 90 пайыз іс бір ғана сот үкі-

мін күтеді. Бітімгершіліктің үлесі — 10-ақ 

па йыз. Сондықтан мамандар заң күшіне 

енгеннен бастап жеңілдіктерге жол ашыла-

тынын, оның ішінде жеңілдік сотқа ғана 

емес, ең алдымен, оған жүгінетіндер үшін 

болатынын алға тартады. 

Сөйтіп, дауласқанды сөзге тоқтатып, 

тату ластыратын, бітімге келтіру арқылы шы-

ғынның орнын толтыратын қазақтың дала 

демократиясындағы билердің мәмілегерлік 

институты өркениеттік үлгі ретінде қайта 

оралып жатыр. Расында, қазақ халқының 

өзіне тән бітімгерлігі, мәміле жасасу үлгісі 

– әлем жүйесінде қазылық жасаудың ең 

озық өнегесі саналады. Ендігі күні жер дауы 

мен жесір дауы, құн өндіру секілді бітіспестің 

бітімін кесіп айтатын, толғақты дүниені 

тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып 

тарқататын бабамыздың билік жасау өнері, 

дау шешудің озық жүйесі «медиация» деген 

бөтен атаумен енгелі тұр. Латыннан аудар-

ғанда делдалдық ету, ымыраласу, келісу, 

тарап тарды өзара келістіру немесе мәміле-

герлік пен бітімгерлік жасау деген ұғымды 

беретін атаудың қазақша баламасыз қалға-

ны әрине, өкінішті жайттың бірі болып отыр. 

Заңды Парламент қабырғасында талқылау 

барысында «медиацияны» «мәмілегерлік-

ке» алмастыру туралы орынды ұсыныстар 

болғанымен, оның бәрі құжат бетінен көрі-

ніс таппай бүктемеде қалды. «Мәмілегер-

лік тің» бұлайша бүктемеде қалуы да дәйек-

сіз көрінеді, бізге. Бұл ретте заң жобасын 

әзір леушілер ең алдымен халықаралық 

заң намада латын сөзінің сол қалпы берілеті-

нін, сондықтан бөтен сөзді бұзуға болмай-

ты нын айтып, мәмілеге келмей қойғаны 

есте. Расында да, көптеген терминдер 

халықа ра лық  құжаттарда  аудармасыз 

қолданы ла ды. Әйтсе де ұлттық заңнамадағы 

мұндай дүние халықаралық терминдерді 

Қанат ҚАЗЫ 

ҮКІМ


Кеше бұрынғы денсаулық 

сақтау министрі Жақсылық 

Досқалиевке қатысты сот үкімі 

шықты. Алқа билердің 

қатысуымен өткен соттың соңғы 

үкімі экс-министрдің мүлкін 

тәркілеп, өзін қатаң режимдегі 

колонияға жеті жыл бас 

бостандығынан айыру болды. 

Экс-министр 

жеті жылға бас 

бостандығынан 

айырылды

«Сот Досқалиев Жақсылық Ақмыр за-

ұлын ҚР Қылмыстық кодексінің бес бөлім, 

311-бабында қарастырылған қылмыстар-

ды жасағаны үшін айыпты деп санайды 

және ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабына 

сәйкес, оған мүлкін тәркілей отырып, қатаң 

режимдегі колонияға жеті жылға бас бос-

тандығынан айыру жазасын тағайындай-

ды», – деді сот залында соңғы үкімді 

жариялаған судья Мейрам Жанғұттинов. 

Бұдан соң судья сот үкімі бойынша Досқа-

лиевтан үптеліп, мемлекеттік кіріске ауда-

рылатын ақшалай қаражаттар көрсеткіші  

мен мүліктерді де жіпке тізіп шықты. «27 

мил лион 494 мың 854 теңге, 449 мың 

358 доллар және 2005 еуро, Астана қала-

сы Қараөткел ауданындағы жер учаскесі, 

Астана қаласы Мәскеу көшесіндегі тұрғын 

үйдің 54, 46, 82 пәтерлері мемлекетке өтуі 

тиіс», – деді сот. Сосын бұрынғы министрге 

«қызмет бабын асыра пайдаланды» деп 

тағылған айыптың алынып тасталатынын 

еске сала мәлімдеді. Себеп: аталған қыл-

мыс жасалған мерзім ескірген. 

Сөйтіп, жұртшылық арасында «дәрігер-

лер ісі» деген айдар тағылған қылмыстық 

іс 2010 жылдың қыркүйегінде қозғалып, 

9 айдың жүзіндегі тергеуден соң, алқа би-

лердің қатысуымен соңғы нүктесі қойылды. 

Бұған дейін үйқамаққа шыққан экс-

министр дің өзі сот үкімі оқылған залда 

қай та қамауға алынды. Тергеу қорытын-

дыларына сүйенсек, бұрынғы министр 

Досқалиев Астанадағы Медицина акаде-

мия сының ректоры қызметін атқарған 

уақытында білім мекемесіне қарасты жер 

телімдеріне тұрғын үй құрылысын салу 

туралы «Астана КПД» ЖШС-мен заңсыз 

келісімшарт жасасқан. Сондай-ақ тергеу 

нәтижелеріне қарағанда, экс-министр һәм 

экс-ректор Досқалиев ЖШС директорына 

бас сенімхат бере отырып, құрылысы 

аяқталған үйдегі пәтерлерді нарықтағы 

бағамен жеке тұлғаларға сатып отырған. 

Әсілі, бұл үйлер академияның оқытушы-

ла рына арналған болуы керек. Ал атышулы 

істің әшкереленуіне түрткі болған Қаржы 

полициясының мәліметтері бойынша 

тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін ұсыну 

арқасында Жақсылық Ақмырзаұлы заңсыз 

сыйақы ретінде бірнеше пәтерге иелік 

еткен көрінеді.

Экс-министрден бөлек, сот отырысы 

барысында прокурор Астанадағы Меди-

циналық академияның шаруашылық 

жөніндегі бұрынғы проректоры Нұрлан 

Дүйсәлиевке тағылған айыпты қылмыс 

жасалған уақыттың ескіруіне байланысты 

алып тастауды өтінген болатын. Бұрынғы 

проректорға «дәрігерлер ісі» бойынша 

«пара алуда делдалдық жасады» деген 

кінә тағылған еді. Сондай-ақ министрліктің 

бұрынғы жауапты хатшысы Болат Садықов 

та прокурордың айыптаудан бас тартуына 

байланысты сот залында босатылды. Сөй-

тіп, қызметтік лауазымын асыра пайдалан-

ды, аса ірі көлемде пара алды, лауазымдық 

өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы 

бюд жет тік қаржыны жымқырды деген 

айыптар тағылған, сондай-ақ «қылмыстық 

жауапкершіліктен жалтару үшін жалған 

инсульт жасады» деген күдік келтірілген 

Жақсылық Досқалиевтың ісі осымен та-

мам. Әйтсе де, экс-министр өзіне шыға-

рыл ған сот үкімін бұздыру туралы жоғары 

инс танцияға «міндетті түрде шағымдана-

ты нын»  жеткізді. 



Қанат ҚАЗЫ  

Басы 1-бетте

еш ауда ру ға болмайды дегенді білдірмесе 

керек еді. Сондықтан да қалыптасқан 

қандай да терминді төл тілдің қолайына 

қарай қотару дан еш ұтылмасымыз да анық. 

Қайта, бұл жұрт шылық арасында кең 

түсінілікті қалып тастырып, оны тіпті насихат-

тауға да оңай жол ашатыны белгілі еді. 

Оның үстіне ме диа ция мен мәмілегерлікті 

қатар қолдан ғанда қайсысы қолайға жақ 

екенін қазақ бірден ажырататынына күмән 

жоқ. Осы мәселелер жіті ескерілмегендіктен 

болар, заң солай бекіді, күшіне шетелдік 

атаумен енді. Дегенмен заңда солай жазыл-

са да былайғы қалың жұрттың «медиа-

цияны» емес,  «мәмілені» көп қолданатыны-

на сенім бар. 

Шынымен де, ойланатын 

мәселе екен. Бірақ қаңғыбастар-

дың жайын ойлап, қайырымды-

лық шараларын қолға алатын 

біреу табыла қояр ма екен? 

Әңгіме сонда... Қалай дегенде 

де, ертеңгі күні сан соғып 

қалмайық. 

Жылдар

    Бала саны 

 

1999 ж.


2 701 бала

2000 ж.


2 209 бала

2001 ж.


2 090 бала

2002 ж.


2 578 бала

2003 ж.


2 793 бала

2004 ж.


2 490 бала

2005 ж.


2 449 бала

2006 ж.


2 691 бала

2007 ж.


3 011 бала

2008 ж.


2 773 бала

2009 ж.


3044 бала

2010 ж.


3100 бала

Әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 

мүгедектерге ай сайын республикалық 

бюджет есебінен арнаулы мемлекеттік 

жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөл-

ше рі мүгедектік тобы мен аурудың себеп-

салдарына байланысты тиісті жылға 

арналған республикалық бюджет туралы 

заңмен бекітілетін ең төменгі күнкөріс 

дең гейі мөлшерінің өзгеруіне қарай 

анық талады. Ал жүріп-тұруы қиын бірін-

ші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің 

қызметтері медициналық-әлеуметтік 

сараптау бөлімі әзірлеген медициналық 

көрсетімдеріне сәйкес мүгедекті оңалту-

дың жеке бағдарламасы негізінде көр-

сетіледі. Осыған байланысты I және II 

топ тағы мүгедек адамдарға қолданыстағы 

заңнамаға сәйкес жергілікті жердің 

бюджет қаражаты есебінен протездік-

ортопедиялық бұйымдар, сурдо-тифло 

құралдар, кресло-арбалар, санатория-

лық-курорттық жолдамалар тегін бері-

леді. Бұдан басқа қолданыстағы заңна-

маға сәйкес, облыс, қала және аудан 

Өз еркімен ешқандай әрекет ете алмайтын өмірлік мүгедектерге қандай 

көмек түрлері көрсетіледі және қандай жеңілдіктер қарастырылған? 

Әзиза БЕРКІМБАЕВА, Талғар қаласы

әкім дері, меншік нысанына қарамастан 

ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер-

дің басшыларына өз құқығы мен 

құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға 

мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау 

жөнінде қосымша шараларды белгілеу 

құқығы берілген. Осыған байланысты, 

жолдама лар,  коммуналдық  төлемдер, 

газ, элек тро энергия қызметтерін және 

бұдан бас 

қа материалдық көмек 

көрсетуге құқылы. Бұл мәселе жөнінде 

Сіз тұрғы лық ты жері ңіз бойынша, әкім-

шілікке немесе жұмыс пен қамтуды 

үйле стіру және әлеуметтік бағдарла-

малар басқармасына хабарла суыңызға 

болады.


Тамыздың 5-інен 

қазақстан дық сот жүйесінде 

дауларды шешу дің қосымша 

әдісі санала тын жаңа институт 

– медиация күшіне енді. 

Әлбетте, жаңа де ген нің өзі 

қазаққа жат емес екендігі, 

керісінше, бүгінгі сот жүйесі 

ықылымдағы Ұлы дала 

билерінің дау шешу тетігіне 

ай нал ған  мәмілегерлікпен 

толыға тыны бұған дейін де 

айтылған. Әйтсе де осы 

қазаққа қайта түлеп жеткен 

медиация туралы не білеміз? 

Оның жұртқа жасай тын 

жақсылығы қаншалықты? 

Осы жайында – аз-маз әңгіме.

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)

Нұрғис



а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№137 (589) 6.08.2011 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қақпандағы тегін ірімшік

«Халықаралық бағдарламалар орта 

лы 


-

ғы» АҚ – Президенттің «Болашақ» халықара-

лық ст 

и 

пендиясының  жалғыз операторы. 



Сон  дық тан үміткерлерді таңдау кезінде оған 

дел дал фирмалар қатыстырылмайды. Қазақ-

стан Республикасы Президентінің халықара-

лық жалпы білім беру стипендиясын тағайын-

дау туралы шешім шетелде маман даярлау 

жө  ніндегі республикалық комиссия тара пы-

нан қабылданады. Бұл комиссияға Мемле-

кет тік хатшы Қанат Саудабаев төрағалық ете-

ді. Ақыр ғы шешім Білім және ғылым ми нис-

тр лігіне қарасты тәуелсіз сараптама ко мис-

сиясының кепілдемесі негізінде шы 

ға 


ры-

лады.


Алайда соңғы кезде осы бағдарлама 

шең берінде  оқуға түсуді жеңілдететін жал-

ған компаниялар көбейген.  Сондықтан «Ха-

лықаралық бағдарламалар орталығы»  он-

дай компаниялардың хабарламасы жал ған 

екенін және Заң бойынша жауапқа тар 

ты-

латынын ескертеді.



Жуырда бір танысым баласын «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдегі 

жоғары оқу орнына орналастыратын бір компанияны тапқанын айтып мақтанды. 

Оның сөзіне қаншалықты сенуге болады?

Әсел ЖҰБАНЫШҚЫЗЫ

Жеміс базарда піседі екен

НАРЫҚ

ТҮЙТКІЛ


Жарамсыз жанармай «жыры»

Жақында Индустрия және жаңа техно-

ло   гиялар  министрлігі  еліміздегі  жанармай 

бекеттерінің 60 пайызы (!) сапасыз бензин 

сататыны жөнінде мәлімдеме жасады. Тех-

никалық реттеу және метрология бас қар -

масының басшысы Асқар Хасеновтің ай -

туынша, мамандар жарты жылда 175 жа-

нармай бекетіне тексеру жүргізіп, олар дың 

67 пайызынан түрлі заңбұзушылық тар  ды 

әшкерелеген. Қалта қамын күйттеген бекет 

қожайындары көбінесе тұтынушы 

ларға 

октандық көрсеткіші төмен бензин сатумен 



айналысқан. Әзірге аталмыш ми 

нистр-


ліктің қырына Алматыдағы «Роял  Пет рол», 

«Сервис Петрол», «Нурмат», «Си доренко», 

«Эльдорадо-2005» бекет 

те 


рі ілігіп отыр. 

Осы лайша, бүгінгі күні са пасы стандартқа 

сай келмейтін жалпы құ ны 400 миллион 

тең геге жететін жанар май ды сатуға тыйым 

са лынған. Тексерілген жа нармай бекетте-

рі нің басым бөлігінде жанармайдың құ ра-

мы, сапасы октандық саны көрсетілген 

сан мен мүлдем сәйкес келмеген. Мәселен, 

АИ-93 деп сатылған жанармайдың сапасы 

АИ-80-ге пара-пар болған. Ал АИ 96-ның 

ор нына АИ-93 са тылса, АИ-80 деген көр-

сеткішпен зауытта мүл 

дем өндірілмейтін 

октан саны 76,75-ке тән бензин сатылған. 

Өкінішке орай, мамандар қалада қап-

тап кеткен сапасыз мұнай өнімінің кімнің 

арқасында, қалайша сатылымға шыға-

рылып отырғанын анықтай алмай отыр. 

Себебі жанармай құрамы тасымал дау мен 

сақтау кезінде де бұзылуы әбден мүм кін 

көрінеді. Сондықтан сарапшылар «жа нар-

МӘСЕЛЕ


майды қалаға кіргізер алдында да ал дын-

ала тексеретін бақылаушы құры 

лым 

болғаны дұрыс» дейді. Айта кетер жайт, 



сапасы стандартқа сай келмейтін жа нар-

май құрамында күкірт және қор 

ғасын 

мөлшері қалыпты жағдайдан өте көп 



болады екен. Ал бұл көлікке де, эко логияға 

да аса зиянды. Сапасы нашар жа нар май 

автокөліктің қозғалтқыш құ 

рыл 


ғысына 

аса қауіпті болса, сапасыз жанар май құ-

йыл ған көліктен шыққан көк түтін қор ша-

ған ортаны аяусыз ластауда. Ма 

ман дар 

көлік құрылғысында дұрыс жан 

баған 

жанармайлар ауаға улы газды мөл шерінен 



көп бөліп шығаратынын анық таған. 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал