Бір тілде деп міндеттеген жоқ



жүктеу 0.71 Mb.

бет3/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

АЙТАРЛЫҚТАЙ ҚИЫНДЫҚТАР 

БОЛҒАН ЖОҚ 

Кішкентай Сұлтанның рөліне түсетін 

баланы еліміздің түкпір-түкпірінен іздедік. 

Сөйтіп жүргенімізде, ол Алматының тап ір-

гес індегі Бұрындай ауылынан табыла кетті. 

Елжас еркелеу бала екен, түсірілім ке зінде 

сәл әбігерленуімізге тура келді. Әсіресе 

кейіпкерінің балалармен күресетін жерінде 

кү ліп қоя берді. Қайта-қайта түсіруге мәж-

бүр болдық. Өзі де сезімтал бала. Фильмге 

қа тысқандардың ішінен әженің рөліндегі 

Би бігүл Төлегеноваға риза болдым. Халық 

әртісі бола тұра, түсірілім барысында сө-

зім ді екі еткен жоқ. Кейде адуынды көрінуге 

тиіс жерде өзінің табиғатына салып, мейі-

рім ді болып ойнап жібереді. Ондайда: «Сіз 

өз табиғатыңызға басып кеттіңіз. Рөлге ені-

ңіз», – десем, ренжіместен қайта ойнап 

шы ғады. Елбасы анасының жас кезін сом-

дау ға «Хабардың» режиссері Алмагүл Әлі-

ше ваны таңдадық. Сұлтанның оқушы кезін 

актер Әбунасыр Серіковтің ұлы Әбілмансұр 

сәтті ойнады. Ал Әбіш ақсақалды кейіп те-

ген Нұржұман Ықтымбаев, Әлжан ананың 

егде кезіндегі рөліндегі Наталья Арын ба-

са рова, жас Әбішті ойнаған Ержан Жарыл-

қа 

сынұлы, бозбала шағын бейнелеген 



Нұр лан Әлімжан кәсіби актерлер болған-

дық тан, түсіру кезінде айтарлықтай қиын-

дық тар болған жоқ. 

Фильмді түсірудің өзіне бір жарым жыл 

уа қыт кетті. Бас-аяғы 150-дей адам жұмыс 

жа сады.  Дыбыстау жұмыстарын Францияда 

жа саттым. Француздар фильмді өте жо ға-

ры бағалады, қазақ халқының салт-дәс тү-

рі не таңданысты. «Тіпті Канн фестиваліне 

әкел сеңіз де, жүлдесіз кетпес еді», – деп, 

қы зығушылық танытты. Мырзабала әжей 

рө ліндегі Бибігүл апайымызды сахна саң-

ла ғы Ғазиза Әбдінәбиева, ал Елбасы ана-

сы ның жас кезін ойнаған Алмагүл Әліше-

ва ны актриса Күнсұлу Тұрғынбекқызы ды-

быс тады.



ОЙЫМЫЗДЫ ТАБИҒАТТЫҢ ӨЗІ ҚҰП 

АЛҒАНДАЙ БОЛДЫ 

Мен табиғат пен адам арасында көзге 

көрінбес тылсым күш бар деп ойлаймын. 

Мы салы, Әбіштің қоралы қойға шапқан 

қас қырлармен алысатын жерінде сценарий 

бойын ша қар жауып тұруы керек болатын. 

Қыр сыққанда, дәл сол күні аспан ашылып 

кетті. Түсірілім екі күнге тоқтап қалды. «Енді 

не істейміз?» деп отырғанда үшінші күні 

бір  ден күн суытып, қар жапалақтай жө-

нелді. Жапа-тармағай түсіруге кірісіп, көрі-

ніс ті таспалап үлгердік. Сосын Мырзабала 

әже нің қайтыс болатын сәтін түсіргеніміз 

қы зық болды. Жаймашуақ күн райы аяқ 

ас тынан бұзылып, алай-дүлей жел тұрып, 

жаң быр құйып кеп берді. Кейін білсек, 

әжей дүниеден өткенде шынымен де сон-

дай жағдай болған екен. Одан кейін Сұлтан 

 Егер Астана қаласында тек қазақша 

ха барланып жатса, заң бойынша біздікі 

кіш кене заңбұзушылық болып отыр. Та-

ңертеңгі 6-дан кешкі 11,12-ге дейін сөйлеу 

оңай емес. Тек аялдама аттарын ғана ха-

бар ламай, жолаушылармен де сөйлеседі 

кондукторлар. Міндет бойынша, хабар ла-

ғыш таспасында жазылуы керек, аял да ма-

ны хабарлағыш хабарлауы керек. Ал біз 

шеттен шығып, кондукторды мәжбүрлейміз. 

Ал кондукторға бір нәрсені екі рет айту, екі 

тілде хабарлау – өте ауыр. Екі тілде хабар-

лау – кондуктордың міндеті, қызметі, әри-

не. Дегенмен адамгершілік тұрғысында 

қа райтын болсақ, екі тілде бірдей хабарлап 

тұрудың қиындығын іштей түсінеміз. Бірақ 

«Астана көліктерінде қазақша хабар ла на-

ды» дегенді жақсы жетістік деп қабылдауға 

әлі ертерек. Кондукторларды арнайы кур с-

тан міндетті түрде өткізу керек. Ол жердегі 

міндет тек қана аялдама аттарын білумен 

шектелмейді, курста қызмет этикасын, 

тәртібін оқытады. 2002 жылдан бері Ас та-

нада кондукторлар дайындайтын «Жо лау-

шылар көлігінің оқу, даярлау орталығы» 

бар. Емтихан тапсырушы адам қандай тіл де 



Осыдан бірер ай бұрын еліміздің телеарналарынан жаппай 

көрсетілген «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильм өзінің 

шынайылығымен көрермен көңілінде мейлінше жылы әсер қалдырды. 

Елбасының дүниеге келген сәтін және балалық шағын көрсетумен 

басталып, 17 жасқа дейінгі өмірін қамтыған фильм негізінде басты 

кейіпкердің бірегей бітім-болмысы мен қайраткерлік мінезінің 

қалыптасу қайнарлары жатыр. 

«Балалық шағымның аспанына» арқау етілген жайттар мен осы 

төңіректегі оқиғалар жөнінде фильм режиссері Рүстем Әбдірашевтің 

төмендегідей сыр шерткені бар... 

сөйлесе де, емтихан кезінде тілін бұр малап 

болса да, аялдама аттарын мем лекеттік 

тілде айтып шығады. Ал оны тә жі ри беде 

қолдану-қолданбауы – екінші мә селе.

 Қаладағы қоғамдық көліктің көп ші-

лігі жекеменшіктікі ғой, солардың ішіндегі 

хабарлап тұратын қондырғыларға да мем-

лекеттік тілде хабарлап тұруға аударма жа-

сау ға көмек бердік. Қоғамдық көліктердегі 

кондукторды қадағалау мүмкін емес. Бұл 

жерде қала тұрғынының немесе қоғам мү-

ше сінің рухани сергектігі, яғни белсенділігі 

қажет деп есептеймін. Яғни өзі отырған 

көліктің ішінде дұрыс анықтама берілуін, 

хабардың мемлекеттік тілде алынуын талап 

етуге әркім-ақ құқылы. Сондықтан олар-

дың барлығын тәртіпке шақыратын қо ғам-

дық орта. Қай уақытта да кондукторлардың 

кәсіби шеберлігі бірінші орынға шығады 

ғой. Олардан білуін талап ететін, айналып 

кел генде, тағы да жолаушылар. Жо лау шы-

лар 1-2 рет талап еткеннен кейін олар өз-

ді гінен жұмысын кәсіби дұрыс атқаруға 

тырысады деп ойлаймын. Бұған дейін біз 

маршруттардың маңдайшаларындағы 

көр некі ақпараттармен айналысып келдік. 

Қазір Алматы қаласы бойынша жар на ма-

лар ды реттейтін аударма комитеттерінің 

өкіл 


дері, жергілікті билік, прокуратура 

өкіл дері жарнамаларға қарайтын арнайы 

комиссия жұмысшы тобы құрылды. Сол 

жұмысшы тобы көліктегі мемлекеттік тілді 

үлкен мәселе ретінде шығарғалы отырмыз. 

Осының тетіктерін, арнайы тәртіптерін бе-

кіту керек. Өйткені олардың барлықтарын 

қор ғайтын кәсіпкерлік туралы заң бар. 

Ешкімді ешкім тексеруге қазір хақысы жоқ. 

Тексеру үшін алдымен құқық қорғау, про-

ку ратура органдарында тіркеліп, содан 

кейін барып жүзеге асырылады. Жүзеге 

асы рудың, ретке келтірудің тетіктерін бірге 

қа растыратын боламыз. Тілдің мәселесі 

–мем лекеттік деңгейдегі мәселе. Елді  ме-

кен дердің көпшілігінде Кеңес өкіметінен 

бергі кезеңінде көптеген атаулар қазір өз-

гер ді. Жаңа заман талаптарына сайы, әсі-

ресе Кеңестер одағы кезінде құрылған ме-

кен атауларын, тек Алматыға қатысты 

емес, бүкіл республика бойынша ретке 

келтіру – барлық жерге ортақ мәселе.

ДЕМА

ЛЫС


ИГІ ІС

Игі іске меценат Константин Гудаускас 

пен Мүгедек балалар ата-аналары қауым-

дас тығының төрайымы Әсия Ахтанова мұ-

рындық болған. Қайырымдылық кон-

цертінде отандық эстраданың Толқын За-

би рова, Ерлан Көкеев, Ксения секілді та-

ны мал жұлдыздары өнер көрсетіп, ба ла-

лар дың көңілін көтерді. Думанға шақы-

рыл ған мүгедек балалардың дені өнерлі, 

олар Алматы қаласы мен оңтүстік астанаға 

жақын аймақтардан жиналған. Мүмкіндігі 

шектеулі балалар түрлі ойындар ойнап, кә-

сіби әншілермен бірге өнерлерін ортаға 

салды. Концерт соңы «Мүмкіндігі шектеулі 

балалардың қоғамдағы орны» атты кон-

фе ренцияға ұласты. Сонымен қатар ұйым-

дас тырушылар концерт көрермендеріне 

биылғы қазан айында жарық көретін «Ар-

ман» телевизиялық жобасын таныстырды. 

Те лежоба сан қилы тағдырлы мүгедек ба-

ла ларды өнерге тарту мақсатын көздейді.



Константин ГУДАУСКАС,

меценат, кәсіп кер:

– Елімізде қайырымдылық ісі жақсы 

да мып келеді. Өз басым мұндай мақ-

сат тағы жұмыстармен төрт жылдан бері 

ай налысып жүрмін. Осы жылдар ішінде 

қайы рымдылыққа атсалыспай, теріс 

ай налып кеткен бірде-бір кісіні көр ме-

дім. Біздің бүгінгі шарамыз мүмкіндігі 

шектеулі балалардың жағдайын жақ-

сар ту, өмірін кішкене болса да қызықты 

ете түсу мақсатында ұйымдастырылып 

отыр. 

Саят ТӨЛЕУБАЕВ, шараға шақырылушы:

– Мен концертті ұйымдас ты ру шы-

лар 

ға алғысымды білдіремін. Бізді 

елеп-ескеріп жатқан ағаларымыз кө ңі-

лімізді көтеріп, түрлі сыйлықтар беріп 

жа тыр. Осындай шаралар көп болса 

екен деймін. Мен концертке өлең шы-

ға  рып келдім. Кеште «Мерекем сен» 

де  ген ән айттым. Сөзі – Жарылқасын 

Бо  ран баевтікі, ал әні – Марат Ілия сов-

ті кі.

Т ә у е л с і з д і к т і ң                

20 жыл дығына, сон-

дай-ақ ғалым, мем ле-

кет қай раткері Өзбекәлі 

Жә   нібековтің  80  жыл-

дық мерейтойына 

орай, Отырар мем ле-

кет тік-археологиялық 

қо рық-мұражайында 

«Көненің көзіндей, та-

рихтың өзіндей болған 

музей  жә ді гер лері»  де ген  тақырыппен  об-

лыстық семинар бо лып өтті. Осы саланың 

мамандары мен ғалым дар қатысқан се ми-

нарда  мұражай  құн ды лық тарын  сақтау, 

зерттеу, насихаттау мә се лелері сөз болып, 

мұражай  жәдігер ле рі нің  кейінгі  ұрпаққа 

үлгі болар тұстары көп еке ніне назар ау да-

рыл ды. Көзі тірісінде көп те ген игі істердің 

атқарылуына  мұ рын дық  бол ған,  салт-дәс-

түріміздің  шын  жа на шы ры,  жаңғыртушысы 

бола білген Өз бе к әлі Жәнібековтің өмір 

жолы  мен  шы ғар ма  шылығына,  іскерлік 

қа білетіне,  ұлт жан ды лығына  қатысты  әң-

гімелердің де тығы ны ағытылды. 

Тау алыстаған сайын асқақтай түсетіні 

се кілді, уақыт өткен сайын аты аңызға ай-

нала бастаған біртуар ата-ба балары мыз-

дың ғұмырының тірі куәгері іспетті жә ді-

гер  лердің құндылығы арта бермек. Ал 

олар ды күтіп ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа ми-

рас етіп қалдыруда мұражайларға артылар 

жауапкершілік орасан. Өйткені мұражай 

– тарихымыздың тірі куәгері, шынайы бір 

бөл шегі. 



Ш.МОЛДАБЕК

Эстрада 

жұлдыздарымен 

бірге өнер көрсетті

Жәнібековтің 

жәдігерлері – 

семинардың басты 

тақырыбы

дүниеге келіп, әкесі жары мен ұлын пер-

зен тханадан шығарып алып келе жатқанда 

сценарий бойынша нөсерлетіп, найзағай 

ойнауы қажет еді. Мұны «компьютермен 

жа сармыз» деп ойлағанмын. Жоқ, дәл сол 

түс ірілім кезінде тура ойласқандай күн 

күркіреп, жауын жауып, найзағай ойнап 

кетті. Маған біздің ойымызды табиғаттың 

өзі құп алғандай болып көрінді. 

Алғашында: «Елбасы фильмнен өз 

өміріне сәл де болсын ұқсастықтар табар ма 

екен?» – деп қатты қобалжыдым. Бірақ 

кино басталысымен-ақ, ол кісі экранға еніп 

кеткендей болды. Бір-екі жерінде тіпті 

көзіне жас алды. Егер өз өмірін көрмесе, 

көңілі босамас еді ғой. Соңында күлімсіреп 

шы ғып, ең әуелі Бибігүл апайымыздың қо-

лын алып: «Менің әжемнің ғана емес, бү кіл 

қазақ әжелерінің жинақы образын сом дап-

сыз. Сізге мың да бір рақмет!» – деді. Бә-

рімізге де алғысын жеткізді. Әсіресе әкесінің 

жас кезін ойнаған Ержанға ерекше ықылас 

білдірді. Тұсаукесерде кішкентай Сұл танның 

рөлін сомдаған Елжастың ба сынан сипап 

тұрып: «Қане, балам, өскенде кім боласың?» 

– деп еді, ол да қысылмастан: «Ұш қыш 

болғым келеді!» – деп жауап берді. Ал дағы 

уақытта Елбасының 17-25 жас ара лығын-

да ғы өмірін түсірсек деп ой лай мыз. Оны, 

әри не, уақыт көрсете жатар. 

Сәруар САҒЫМ

Білім және ғылым министрлігінің бас-

па 

сөз қызметінің хабарлауынша, биыл 



еліміз бойынша жазғы демалыс ша ра ла-

ры ның барлық түрімен 1-10 сынып ара-

лы ғындағы 1,1 млн оқушы қамтылды. 

Қала сыртында 5406 мектепалды және та-

мақ тандыратын, 961 профильдік, 74 са-

на торий типтес, 330 дебаттық, 930 спорт-

тық және палаталық лагерь құрылды. Ел 

бойынша сәулеттендіру, жөндеу, от 

ба-

сылық-жалдау, оқу-өндірістік жазғы еңбек 



бригадалары, мектеп орман ша руа шы-

лық тары сияқты 12,5 мың мектеп бригасы 

құрылды. Министр «Балдәурен» рес пуб-

ли калық оқу-сауықтыру орталығымен та-

ны сып, Ресейдегі атақты «Орленок», Ук-

раи нада «Зубренок», Болгариядағы «Кам-

чия» лагерьлері тәрізді, Қазақстанның 

«Бал дәурен» лагерінің де халықаралық 

деңгейде танылып, жан-жақты дамуына 

се нім білдірді. Сонымен қатар Бақытжан 

Жұ 

мағұлов «Балдәуренде» ашылған 



Қазақ стан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 

арналған Ұлттар мәдениеті республикалық 

фестивалінің жас қатысушыларымен кез-

десті.


Ардақ ҚҰЛТАЙ

Ел Тәуел-

с і з       д і г і н і ң          

20  жыл  ды ғы 

қ а р   са   ң ы н     д а 

қолға алын ған 

игі іске «Жайық 

Пресс» ЖШС-

нің бас дирек-

то ры Жан тас Са фуллин мұрындық болды. 

Мұ  қа басына ұлы Абай, Исатай мен Ма-

хамбет, Сырым мен Райымбек батырлар, 

күй атасы Құр ман ғазы мен күй анасы Ди-

наның суреттері бедерленген 36 беттік 

қалың дәптердің бағасы да айтарлықтай 

қымбат емес, 65-ақ теңге. Рухты көтеру, 

намысты ояту мақ са тымен шығарылған 

отандық өнімнің тұ саукесеріне қатысқан 

Орал қалалық білім беру бөлімінің мең-

герушісі Жансұлу Төремұратова бұл бас-

таманы  қол дай тын дығын  жеткізді.  Дәп тер-

лер әзірге шектеулі та ралыммен шы ға ры-

луда, сұраныс болса, кө бейтуге бас паха-

на ның мүмкіндігі же теді.



Жантас САФУЛЛИН,  «Жайық Пресс» 

ЖШС-нің бас директоры:

– Ұлт мақтаныштары бейнеленген 

дәптерлерді шығарудағы басты мақсат 

– ел үшін еңіреген ерлердің есімдерін 

жас ұрпақ санасына сіңіру. «Болмасаң 

да, ұқсап бақ» демекші, дәптерлердегі 

ұлы тұлғалардың суреттерін көрген 

шәкірттердің елге, жерге сүйіспеншілігі 

арта түседі деп сенемін. Дәптер мұ қа-

ба сындағы Абай мен Махамбеттің бір-

ауыз жыр жолдарының өзі жастарға 

үл кен ой салуы тиіс.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ

«Балдәурен» 

халықаралық деңгейдегі 

балалар лагерьлері 

қатарына қосылмақ

Жеті тұлға 

бейнеленген 

жаңа дәптер 

шықты 

Шортанды-Бурабай демалыс 

аймағындағы «Балдәурен» 

балалар оқу-сауықтыру 

орталығы халықаралық 

мәртебеге ие болады. Орталықта 

өткен көшпелі мәжіліс кезінде 

бұл туралы ҚР білім және ғылым 

министрі Бақытжан Жұмағұлов 

айтты. «Балдәурен» 

республикалық оқу-сауықтыру 

орталығында қазір 

Ұлыбритания, Германия, Қытай, 

Моңғолия және Ресейден келген 

балалар демалып жатыр. 

Сондықтан биылғы демалыс 

маусымы «Достықтың алтын 

көпірі» деп аталып отыр.

Оралда ұлтымыздың жеті 

бірдей ұлы тұлғасының 

бейнесі басылып, қысқаша 

ғұмырбаяндық дерегі 

берілген оқушы дәптерлері 

сатылымға шығарылды.

Кеше Алматыда мүмкіндігі 

шектеулі балалар мен 

жасөспірімдерге арналған 

қайырымдылық концерт 

болып өтті. «Emotions» тобы 

ұйымдастырған шараға 90-ға 

жуық мүгедек бала қатысты. 

Талай тарихты қойнауына 

жасырған Отырар топырағы 

дүниеге тұғырлы тұлғаларды 

тарту етуден де кенде емес. 

Қазақтың маңдайына біткен 

сондай тұлғалардың бірі 

Өзбекәлі Жәнібеков десек, 

қателесе қоймаспыз. 

Әбдіхамит ТАМАБАЕВ,

«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және 

автомобиль жолдары басқармасы» ММ 

Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру 

бөлімінің бастығы

Мамай АХЕТ,

Алматы қалалық тілдерді дамыту,

мұрағат және құжаттама басқармасының 

бастығы

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

«Мемлекеттік тіл болған соң, қазақша хабар-

лау  ды міндеттеу керек. Мысалы, Алматы қа ла-

сының көп  теген көшелерінің атаулары ауысты. 

Дзержинский – Наурызбай батыр, Ком му нис ти-

ческий – Абылай хан, Ташкентский Райымбек 

бо лып өзгерді. «Абылайхан даңғылы», «Райым-

бек батыр көшесі» деп ха барлап тұрса, на си хат-

таған секілді болады. Ол жерде ешқандай заң сыз-

дық, басқа ұлттарды кемсіту жоқ. Қазақтың елі, 

жері, қаласы болғаннан кейін, қазақ тілінде айту 

керек. Тиісті орындар бұл жұ мыспен шұғылдануы 

керек. Қазақ тіліне көшеміз дейміз, қазақ мемлекеті 

деген ұғымымыздың әліп биі секілді мәселе ғой 

бұл. Болар-болмас мәселе сияқты болғанымен, бұл 

– үлкен мәселе. Кондукторлар орыс тілінде де сөй-

лесін, бірақ негізгі басымдылықты қазақ тіліне беру 

керек.

Дайындаған

Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

БЕЙТАРАП ПІКІР

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№137 (589) 6.08.2011 жыл, сенбі            



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

   


?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қанша жетім бала 

ата-аналы болды?

Қуанышқа орай, статистикаға көз жүгіртсек, 

еліміздің азаматтарының бала асырап алу 

көрсеткіші жыл өткен сайын өсіп келе жатқаны 

байқалады. Ал көрсеткішті төмендегі таблицадан 

өзіңіз байқап көруіңізге болады.



Жетім балаларды еліміздің 

азаматтарына асырап алудың машақаты 

көп деп естиміз. Осы орайда соңғы 

уақыттары еліміздің азаматтарының жетім 

балаларды асырап алу көрсеткішінде 

қандай өзгеріс бар екенін білгім келеді. 

Айнара ҚАТКЕШОВА, Астана қаласы

Өмірлік мүгедектерге қандай жеңілдіктер тиесілі?

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ

ОЙ ТҮР


ТКІ

Шымкентте үш жыл бұрынғы 

атышулы іс бойынша сот процесі 

басталды. Әл-Фараби аудандық 

соты Төлеби аудандық ішкі істер 

басқармасының криминалдық 

полиция бөлімінің бұрынғы 

бастығы Сухриддин Рустамовтың 

ісін қарай бастады. Ол үш жыл 

бұрын қылмыстық жауапкер-

шілік тен қашып, тек биыл ғана өз 

еркімен сотқа келген болатын. 

Қазақстандық қыз-келіншек-

тер сүйіп көретін Ресейдің «Дом-2» 

телебағдарламасы жасөс пірім-

дер үшін қауіпті. Сондықтан ата-

аналар балала рына аталмыш 

реалити-шоуды көргізбеуі керек. 

Бұл туралы ресейлік дәрігерлер 

дабыл қағуда. 

Қылмыскерді 

босатып жіберген 

полицей ісі қаралуда

Дәрігерлер «Дом-2-ні» 

көрмеуге кеңес береді

Үш жылдан аса қашып жүріп, өз еркі-

мен келген Сухриддин Рустамов ісі әл-

Фара би аудандық сотында қаралып жа-

тыр. Бірақ сот процесі жабық есік жағда-

йын да өтуде. Сондықтан оған тілшілерді 

кіргізбей қойды. Судья да, прокурорлар да 

үкім шықпайынша, сұхбат беруден бас 

тартты. Белгілісі, бұрынғы полицейге 

Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша 

– қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалан-

ғаны және жалған құжаттар толтырғаны 

үшін айып тағылған. Айта өтейік, 2008 

жылы Төлеби ауданына қарасты Маятас 

ауылында күрт жігіті ұлты қазақ төрт жасар 

ұлды зорлап тастаған болатын. Ата-анасы 

арызданып барғанымен тәртіп сақшылары 

іс қозғауға негіз жоқ деп қайтарады. Әрі 

зорлықшыны босатып жібереді. Құқық 

қорғаушылардың бұл әрекеті жаппай ха-

лық тың наразылығын туғызып, тіпті ұлт-

ара лық қақтығысқа әкеп соққан. Ашынған 

баланың туыстары сол маңдағы күрді 

ұлтының үйлерін өртеп жіберген еді. Тек 

бір аптадан кейін ғана зорлық жасаған 17 

жастағы жасөспірімге қатысты іс қозғалып, 

соңынан ол сегіз жарым жылға сотталды. 

Сондай-ақ  істі ым-жымсыз жаппақ болған 

Төлеби аудандық ішкі істер басқармасы 

бастығының бұрынғы орынбасары Жандар 

Ержанов төрт жылға түрмеге қамалған 

болатын. Ал істі болып жатқан Сухриддин 

Рустамовке қатысты сот процесі қанша 

созылары әзірге белгісіз. Дегенмен бұрын-

ғы полицейдің кінәсі толық дәлелденсе, 

төрт жылға бас бостандығынан айырылуы 

мүмкін. 

Айнұр ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ,

Шымкент

Саратов облыстық отбасын жоспарлау 

орталығының бас дәрігері Неля Борисова 

баспасөз мәслихатын өткізіп, жылда жаз 

уақытында жасөспірімдер арасында түсік 

жасатудың артатынын айтты. Жаз – жастар-

дың қолы сабақтан босайтын кез, жаңа 

таныстар тауып, қалаулыларын іздейді. 

Нәтижесінде, жүкті болып, емханаға түсік 

жасатуға келетіндер көбейеді екен. 

Дәрігер бұған басты себептердің бірі 

ретінде жастардың тәрбиесіндегі олқылық-

ты айтып отыр. Ата-аналар балаларының 

теледидардан нені көріп, нені қойып жат-

қа ны нан бейхабар. Мысалы «Дом-2» 

шоуын көп көретін жасөспірімдер ондағы 

болатын жағдайларды қалыпты өмір екен 

деп қабылдайды. Яғни еліктегіш келетін 

олар теледидардағыдай өмір сүргісі келеді. 

Нәтижесінде, жастайынан жыныстық қаты-

насқа түсіп, жүкті болады. Соңы түсік жаса-

ту мен  аяқталады. 

Ресейлік телеарналардан көз алмайтын 

қазақстандық көрермендер де «Дом-2» 

сияқты шоулардың құрбаны болып жатқа-

ны анық. Оны соңғы жылдардағы түсіктер-

дің санына қарап-ақ аңғаруға болатындай. 

2006 жылы 130 мың түсік жасалыпты, ал 

2007 жылы 133 мың жасанды түсік жасал-

ғаны тіркелсе, 2008 жылы бұл көрсеткіш 

123 мың болған. Жыл сайын елімізде орта 

есеппен 125-127 мың түсік жасалынады. 

Ресми деректерге сүйенсек, тек Алматының 

өзінде ғана бір жылда 20-22 мың жасанды 

түсік жасалады екен. 

Ал дүниежүзінде жылына 80 миллион 

әйел жоспарланбаған жүктілік пробле ма-

сына душар болса, оның 20 миллионы жа-

сан ды түсік жасату арқылы аталған «проб-

ле маның» шешімін тапқан. Осының салда-

ры нан жыл сайын орта есеппен 68000 

әйел өмірмен қош айтысады. 




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал