Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері



жүктеу 77.65 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.04.2017
өлшемі77.65 Kb.

 

Г. Атанбаева, М. Түсіпжан, Р. Сулейменова, Г. Аязбаева 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан 

 

marzhan.tussipzhan87@mail.ru 



 

Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа 

технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері. 

 

  Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында оқыту формасын, 

әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл 

білім  мекемелерінің  мұғалімдеріне  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  қолдануға, 

педагогикалық процестерді кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға 

мүмкіндік береді.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Педагогикалық  жаңа  технология  –  іс-әрекетке,  оқыту  барысында 



жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір 

мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-

тәсілдер.  Ендеше  педагогикалық  технология  –  оқу-тәрбие  үрдісінің 

шығармашылықпен  оқытумен  тәрбиенің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін 

жанды  құрамдас  бөлігі,  технология  –  ақырғы  мақсатқа  жететін  әрекеттер 

жүйесі.  Жаңа  педагогикалық  технология  баланың  жетілген  тұлға  ретінде 

дамуы үшін маңызы зор [1].   

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымының  бір  ерекшілігі  –  баланың 

тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге 

ұмтылуы.  «Педагогикалық  технологиялар  –  бұл  білімнің  басымды 

мақсаттарымен  біріктірілген    пәндер  мен  әдістемелердің:  оқу-тәрбие 

процессін  ұйымдастырудың  өзара  ортақ  тұжырымдамамен    байланысқан 

міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық 

жүйелері,  мұнда  әрбір  құрамның    басқаларына  әсер  етіп,  ақыр  аяғында 

оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды» Жаңа 

технология түрлерін биология пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, 

оқушының  шығармашылык,  интеллектік  қабілетінің  дамуына,  өз  білімін 

өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. [5]  

Бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  кез  келген  пәнді  ұғындырудың  тиімді  жолы 

жаңа  технология  негіздері  болып  табылады.  Мемлекеттің  эканомикалық 

және  әлеуметтік  жетістіктері,  ең  алдымен  олардың  білім  жүйесімен, 

азаматтардың  білім  деңгейін  анықталатыны  белгілі.  Көптеген  білім  беру 

мекемелері  үздіксіз  ізденіс  үстінде  және  олар  көптеген  болжам  болжап 

болмас  жағдайларға  тап  болып  отыр.  Мұндай  жағдайлардың  көпшілігі 

бірінен  бұрын  білім  беруді  дамытудың  перспективасы  мен  мәселелерін 

дұрыс  болжай  алмай  отырған  ұстаздар  еңбек  ететін  ұжымдары  көрініс 

табуда.  Қазіргі  мектептерде  жұмыс  істеудің  жаңа  әдістері  мен  үлгілерін 

қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды. Бүгінгі 



білім  берудің  ұлттық  жүйесін  сақтап  қалу  үшін  өскеленең  бәсекелестік 

жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен қызметінің 

жоғары  дәрежеге  ретілдіру  қажеттілігі  жетіп  отыр.  Қазыргі  қолданылып 

отырған  білім  беру  жүйесінің  жаңа  типтетінің  пайда  болуы  мен  оны  соңғы 

жағдайға  сәйкес  өзгерту,  оқытудың  әдісі  мен  амалдары,  үлгілері, 

махмұнының  жаңаруы  өз  кезеңінде  ғылыми  идеалар  психалогиялық  — 

педагогикалық  теория  негізінде  жетілдірген  практикалық  шешімдерге 

негізделуі  керек.  Сонысен  қатар  оларды  дайындауда  мұның  бәрі  алдын  ала 

ескертілудің  қажеттілігін  көрсетеді.  Мұндай  дайындық  педагогикалық  – 

кәсіптік  білім  берудің  әдісі  мен  формасын,  мазмұнындағы  өзгерісті 

жетілдіруді  талап  етеді.  Мұндай  себептерге  орай  білім  берудің  бүгіндері 

қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде болып мәселені шеше алмайды. 

Мұғалімдердің кәсіптік дайындығының белгілі бір тар шеңбердегі қызметкер 

қатаң бағытталуы, оқытудың ұжымдық әдістері мен тиімді технолгиясының 

толық талдамасының болуы, диагностикамен тесті қолданылудың тиімділігі, 

қызметкерлердің  кәсіптік  жағына  инновациялық  өзгерісті  баяндауда 

ынталандырудың  болмауы.  Оқушылардың  білімін  көтеру  оқуға  деген  ынта 

жігерімен  қызығушылығын  арттыру  әр  мұғалімнің  міндеті.  Осы  мақсатта 

мұғалімдер әр түрлі әдістермен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың 

пәнге  деген  қызығуы  артып,  өздігінен  ізденуіне  мүмкіндік  жасалады.  Бұл 

орайда  азамат  баласының  өз  ұрпағын  оқыту  мен  тәрбиелеудегі  ең  озық, 

тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық 

педагогиканың  ұзақ  үлгілерін  жаңашылдықпен  дамыту  қашан  да  жасғаса 

береді. [2]   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Оқытушының міндеті  білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен 

алуға  мүмкіндік  беретіндей    құралмен  қамтамасыз  ету  және  оқушының 

жекелей  дамуы,  жеке  тұлғаның  қалыптасуы,  өзін  өзі  жетілдіру  және 

қоршаған әлемді жетілдірудің   инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру. 

Білім  беру  үрдісінде  жаңа  технологияларды  дамыта  оқыту,  оқу-тәрбие 

үрдісінің  сапасын  жоғарлатуды   көздейді.  Осы  тұрғыдан  бүгінгі  күні  жаңа 

технологияның  тиімді  әдіс-тәсілдерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіре  отырып 

тәрбие беру мұғалімнің басты міңдеті. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім 

беру  үшін  сабақты  үнемі  қалыптасқан  формада  өткізуден  көрі  оқытудың 

жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін 

өткізу  тиімді.  Бұл  бағытта  білім  берудің  әртүрлілігі,  нұсқадағы  мазмұны, 

құрылымы  ғылымға  және  тәжірибеге  негізделген  жаңа  идеялар,  жаңа 

технологиялар  бар.  Сондықтан  оқыту  үрдісіндегі  жаңа  әдіс-тәсілдер  оқу 

мазмұны  мен  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  таңдап  алудың 

маңызы  зор.  Қазіргі  таңда  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше 

сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Сабақта  қолданылған  жаңа 

технологиялардың  өзі  әрбір  мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты  әрқалай 

жүзеге асырылуы мүмкін. [1]  

 

 

 



 

 

 



Биология-бұл  орта  буында  алғаш  қосылатын  пән.  Сондықтан   орта 

буында  өсімдік  құрылысы  өсімдік  жайындағы  білім  берудің  алғашқы 

баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді 


әдісін  алып  жетілдіру  барысында  есте  сақтауға  негізделген  ақыл  ойын 

дамытатын  оқуға  көшу,  мұғалім  мен  оқушының  тең  субьектіге  түсіп, 

ынтымақтастықта  болуын  қажет  етеді.  Ынтымақтастық  идеяларында 

тұжырымдамада  қаралған  азаматтастыру  мәселесі  еркін  білім  беруде 

оқушының және тұлғалық күшінің дамуына және шығармашылық деңгейінің 

өсуіне  көмектесетін  жоба  қажет  болады.  Осы  тұрғыда  сын  тұрғысынан 

ойлауды  дамыту  жобасы  оқушылардың  тұлғасын  дамытуға  зор  үлесін 

қосады. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сын  тұрғысынан  ойлау  жобасы  арқылы  стратегияларды  пайдалануда 



оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. 

Оқушы  жүрегіне  жол  тауып,  оның  білімге  деген  құштарлығын  арттырып, 

өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара 

ерекшеліктерін  ескере  білім  алуға  қабілетін  зерттей  отырып,  тұлғалық 

негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.   

 

 



 

Оқу 


мен 

жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның стратегияларын өз 

тәжірбиелеріңізде  қолданудан  өзіңіздің  біліктілігіңіздің  арта  түскендігін 

аңғарасыз. Биология пәні бойынша, «өсімдіктердің көбею мүшелері», «гүлдің 

құрылысы»  атты  тақырыптардағы  сабақтарда  осы  технологиялардың  тиімді 

әдістерін  қолдануға  болады.  Сонымен  қатар  сабақтарда  «кубизм»,  

«топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» 

стратегияларын жиі пайдалануға болады. 

Оқушылардың 

қызығушылығын  арттыру  үшін осындай  тиімді  әдістердің пайдасы бар.  Бұл 

сабақтардың  дәстүрлі  сабақтардан  өзгешелігі  топтап  отырып,  оқушыларға 

жеке,  жұпта,  топта  ойларын  ортаға  салып  талдайды.  Осы  стратегияларды 

пайдаланып  өткізген  сабақтарда  өз  ойын  анық  айтып,  өзін  еркін  ұстап,  өз 

білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.

 

 

 



Ортаға  салған  ойларын  мәтіндегі  негізгі  ойға  сәйкестендіріп  қағаз 

бетіне  түсірерде  де  қорғайды.  Әр  топ  қағаз  бетіне  түсірген  сызбаларды 

талқылап  жатқада  сөйлейтін  оқушы  да  топ  мүшелерінің  оргуметтерін 

жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі 

еске  түсіріп,  әрі  жазып,  өз  ойларын  саралап,  өзге  оқушылардың  пікірін 

тыңдап,  білімін  кеңейте  түседі.  Ортамен  қарым  қатынас  жасай  білуге, 

басқаны  тыңдай  білуге,  топта  бір  тұжырымға  келуге,  топ  алдында  өз  ойын 

қорғай  білуге,  айта  білуге  үйретеді.  Оқушылардың  жазған  пікірі  басқа 

оқушылардың  пікірін  тыңдап  толықтырып,  топта  сызба  ретінде  түсіргенде 

ойындағы негізгі қажеттігін жазады. 

 

 

 



 

 

 



 

Эссе  —  өз  ойын  білдіру,  ішкі  жан  дүниесін  ұғу,  күнделікті  өмірде 

туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану 

тіл  сабақтарымен  интегративті  қолдануға  мүмкіндік  жасайды.  Бұл  жерде 

оқушыларға  «Тамырдың  маңызы»,  «Өсімдік  пайдасы»,  «гүлді  өсімдіктер» 

тақырыптарында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады. 

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде 



мұғалім мына нәтижеге жетеді.

 



 

жүйелі тапсырма беруге ұмтылады 



 

оқушыны басқа жақтарынан таниды 



 

өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды 



 

өзі білмейтін ақпараттарға тап болады 



 

оқушының жұмысын бағалайды 



Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен  сабақ үрдісінде 

стратегияларды  ұтымды  пайдаланып,  оқушылар  арасында  жеке,  топтық  іс 

әрекеттерді ұйымдастырады.  

 

 



 

 

 



 

 

«Сын  тұрғысынан  ойлау  үшін  оқу  мен  жазу»  стратегияларын  сабақта 



пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады: 

 



оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына; 

 



оқушыларға өз пікірін айта білуіне; 

 



оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға

 



шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды. 

Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға 

болып  қалыптасуына  оң  нәтижесін  беретін  жоба.  Жаңа  технологияларды 

күнделікті  сабақ  процесінде  пайдалану  үшін,  әр  мұғалім  өзінің  алдында 

отырған  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогикалық 

мақсат  мүддесіне  байланысты,  өзінің  шеберлігіне  байланысты  таңдап  алуға 

болады.  Жаңа  технологияны  жүзеге  асыруда  мұғалім  белсенділігі, 

шығармашылық,  ізденіс,  өз  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі,  алдындағы 

шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.  

 

 



Модульдік  оқыту 

технологиясының  мәні:  оқушы  модульмен  жұмыс  істеу  процесінде  нақты 

мақсаттарға  өздігінен  (немесе  белгілі  көмек  нәтижесінде)  қол  жеткізеді. 

Модуль  бұл  –  оқу  мазтұны  мен  оны  меңгерудің  технологиясы  біріктіріліп 

берілген мақсаттық функционалдық түйін. 

Модульдің құрамы: 

 

әрекеттің мақсатты жоспары; 



 

ақпарат банкі; 



 

дидактикалық мақсаттарға жетуге арналған әдістемелік нұсқау. 



Бұл  технологияны  оқыту  мазмұныаяқталған  дербесақпарат  блоктары 

түрінде  ұсынылады.  Оларды  меңгеру  дидактикалық  мақсаттарға  сәйкес 

жүзеге  асырылады.  Бағдарламаны  құру  үшін  курстың  негізгі  ғылыми 

идеялары  бөлініп  алынып,  оқыту  мазмұны  солардың  төңірегінде  белгілі  бір 

блоктарға  топтастырылады.Содан  кейін  екі  деңгейден  тұратын  кешенді 

дидактикалық  мақсаттар  анықталады.  Оның  біріншісі  –  оқу  мазмұның 

меңгеру  деңгейі,  екіншісі-оны  практикада  және  оқуды  әрі  қарай 

жалғастыруда  қолдануына  бағдарлау  деңгейі.  Кешенді  дидактикалық 

мақсаттардан  кіріктірілген  дидактикалық  мақсаттар  бөлініп  алынады  да, 

модульдер соған сәйкес дайындалады. 

Модульдер үш типке бөлінеді: 

 



танымдылық, ғылым негіздерін оқытуда қолданылады

 



операциялық, іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және дамыту үшін 

қолданылады; 

 

аралас, алғашқы екеуін қамтиды. 



Модульдік  оқыту  барысында  өзіндік  жұмысқа  барынша  көп  уақыт 

бөлінеді,.  Оқушы  мақсат  қоюға,  жоспарлауға,  ұйымдастыруға,  өзін-өзі 

бақылау және өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұл оған оқу әрекетіндегі өз күшін 

байқап, сезінуге, өзінің білім, білік, дағдыларындағы кемшіліктерін табуына 

мүмкіндік береді.  

 

 



 

 

 



 

 

 



Модульдік  оқыту  технологиясын  қолдану  оқытуды  субъект 

қатынасына негіздеп құруға көмектеседі.  

 

 

 



 

Модульдік оқыту технологиясын сонымен бірге бақылау, талдау және 

түзетуді өзін өзі басқарумен үйлесімдікте іске асырады: 

 



жаңа модульмен жұмыс жасауға дайындық деңгейі қандай екенің білу 

үшін  әрбір  модуьді  бастамас  бұрын  оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларын 

алдын ала бақылау жүргізіледі; 

 



қажет  болған  жағдайда  оқушылардың  біліміндегі  олқылықтарды 

толықтыру жұмысы жүргізіледі; 

 

әрбір модульдің құрамдас бөліктерінің соныңда өзін өзі бақылау, бірін-



бірі  бақылау,  үлгімен  сәйкестендіру  түрінде  ағымдық  және  аралық 

бақылаулар өткізіледі; 

 

қорытынды бақылау модульдің соңында жүреді. 



Модульдерді  кез  келген  оқыту  жүйелерінде  қолдануға  болады.  Ол 

оқытудың  сапасын  жақсартып,  тиімділігін  арттырады.  Сондай-ақ  дәстүрлі 

оқытумен үйлестіру өте нәтижелі. 

Қорыта  келгенде,  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияның 

негізгі, басты міндеттері мынадай: 

–  әрбір  білім  алушының  білім   алу,  даму,  басқа  да  іс-әрекеттерін  мақсатты 

түрде ұйымдастыра білу; 

–   білім  мен  білігіне  сай  келетін  бағдар  таңдап  алатындай  дәрежеде 

тәрбиелеу; 

–  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; 

–  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.  

 

 



 

 

 



Бүгінгі  күннің  талабына  сай  білім  саласында  жаңа  технологиялар 

қолданудың  маңызы  зор.  Заман  талабына  сай  білім  беру  оқушылардың 

адамгершілік,  интеллектуалдық  дамуының  жоғары  деңгейі  мен  білімін 

қамтамасыз  етуге  бағытталған  оқытудың  үздіксіз  үрдісі  десек,  оның 

тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға 

негізделген  және  оқушының  қабілеті  мен  бейіміне  негізделген  оқытудың 

таңдамалы  әдістеріне  көшуді  талап  етеді.  Ондағы  негізгі  мақсат  оқушыға 

сапалы  білім  беру  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  кез  келген 

пәнді  ұғындырудың  тиімді  жолы  –  жаңа  технология  негіздері  болып 

табылады.  Мектеп  оқушыларына  жануартану  пәнінен  сабақ  өткізу 

барысында оқыту, тәрбие беру үрдісінде пәннің мақсатын, мазмұнын дұрыс 

құруда  және  қолайлы,  тиімді  формаларымен  әдіс-тәсілдерді  пайдаланып, 

оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттыру.  Білім  беру  үрдісін 

ақпараттандыру  –  жаңа  инновациялық  әдістер  мен  оқыту  технологияларын 

қолдану  арқылы,  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын 


жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі 

мен сапасын жоғарлатуды көздейді. [6] 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 



Таубаева  Ш.Т.,  Лактионова  С.Н.  Педагогическая  инноватика  как 

теория  и  практика  нововведений  в  системе  образования.  Алматы, 

2001. 

2.

 



 Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. М., 2002. . 

3.

 



Д.Ш.Матрос,  Д.М.Полев,  Н.Н.Мельникова.  Управление  качеством 

образования на основе новых информационных технологий, М.,2001 

4.

 

Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006. 



5.

 

Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 



2006. 

6.

 



2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды 

диагностикалау. – А., 2004 

7.

 

 Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан 



мектебі, №4, 2008 

8.

 



 Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – 

А.:Өркен, 2007 

9.

 

Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын 



көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008. 

 

 



 

 

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы
publications -> Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б
publications -> Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы
publications -> Темірбек қожакеев

жүктеу 77.65 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет