Білімгерлердің білімін бағалау жүйесі


Аудиттың пайда болуы және дамуы



жүктеу 5.64 Kb.
Pdf просмотр
бет6/14
Дата03.05.2017
өлшемі5.64 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Аудиттың пайда болуы және дамуы. 
Қазіргі аудит 19-ғасырдың аяғында кәсіпорынның жеке заңды тұлға ретінде пайда болу кезінен 
бастап  өзгерістерге  ұшырады.  Бұл  меншік  құқығын  басқарудан  бөлуге  әкелді  және  соның 
нәтижесінде  шешімдерді  қабылдаудың  күнделікті  процесіне  қатыспаған  меншік  иелерінің 
акционерлердің  акционер  мен  директор  бір  адам  болып  табылатын  шаруашылықты  жүргізудің 
шағын  субъектілерінен  басқасының  құқығын  қорғау  қажеттігі  пайда  болады.  Акционерлер 
басқарушылар  мен  кәсіпорынның  оларға  бағынатын  бухгалтерлері  ұсынатын  қаржылық 
ақпаратқа  ғана  сүйене  алмайды.  Жиі  болатын  банкроттық  әкімшілік  тарапынан  болатын  алдау 
қаржылық  салымдар  тәуекелін  елеулі  арттырды.  Қаржылық  ақпарат  дұрыстығын  тексеру  және 
қаржылық есептемені дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер шақырылды. Аудиторларға 
қойылатын басты талап оның асқан адалдығы мен тәелсіздігі. Басқа жағынан кәсіпорынның өз 
мүлігі  мен  атқарылған  шаруашылық  операцияларын  есепке  алу,  барлық  мүдделі  жақтар 
пайдалана алатын бухгалтерлік (қаржылық) есептемені ұсыну міндетті тәуелсіз ведомстводан тыс 
қаржылық  бақылау-аудит  қажеттігін  тудырды.  Кәсіпорын  қызметін  тексеру  заңмен  жүктелген 
салықгық  органдар  оны  қажет  жағдайда  өз  құзіреті  шеңберінде  ғана  іске  асырады.  Сондықтан 
өзіне осы міндеттерді алатын арнаулы басқарма немесе қызметті құру қажеттелігі пайда болады. 
Бухгалтерлік  есеп  күрделенуіне  байланысты  аудитордың  кәсіби  дайындығы  қажетті  шартқа 
айналып  отыр.  Осы  кезден  бастап  кәсіби  аудиторлар  қызметіне  деген  қажеттілігі  өскені 
байқалады. Аудиторларды оқыту, аттестациялау және аудиторлық қызметті реттеуді жүргізетін 
кәсіби бухгалтерлік ұйымдар пайда бола бастады. 
Барлық  елдер  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  қызметін  бухгалтерлік  есеп  аудиторларды 
бақылау келесідей құрамдар көмегімен іске асырылады: 
-
 
салық заңын қамтитын заң
-
 
бухгалтерлік  есеп  пен  аудит  стандарттары,  кәсіби  органдар  білдіретін  пікірлер  мен 
түсіңдірмелер; 
-
 
қор биржасының талаптары. 
Жалпы құқықгық құқық дәстүрлері тән ағылшын тілді АҚШ пен Австралия сияқты елдерде 
негізгі акцент заңға емес қаржылық есеп стандарттары бюросы (АКДІ) секілді кәсіби органдар 
орнатқан стандарттарға жасалады. 
Көптеген  еддерде  бухгалтерлер  мен  аудиторлар  топталатын  бірнеше  кәсіби  ұйымдар  бар. 
Мысалы, Ұлыбританияда осындай алты ұйым бар. 
Көптеген елдерде аудиторлардан келесілердің болуы талап етіледі: 
(а)  сәйкес кәсіби органға мүше болу; 
(ә)  практикалық  және  теориялық  емтихаидарды  не  кәсіби  органдар  не  сәйкес  үкіметгік 
департамент  орнататын  сәйкес  академиялық  және  кәсіби  біліктілік.  Экономика  облысы  немесе 
сәйкес пән бойынша университет дәрежесі жиі талап етіледі; 
(б)  бухгалтерлік немесе аудиторлық жүйедегі практикалық жұмыстың жеткілікті тәжірибиесі; 
Ф УТ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. СМЖ УТ. Екінші басылым
 
40 
 

(в)  "қажетті және сәйкес" мәртебе, яғни соңғы кезде аудитор қандай да бір күрделі қылмысқа, 
әсіресе қаржылық тәртіп бұзушылықпен байланысты қылмыстарға қатысты болмауы керек.  
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы 
Біздің  елімізде  аудит  дамуы  1987жылы  "Инаудит"  акционерлік  қоғамы  пайда  болуынан 
басталады.  Ол  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  арнайы  қаулысына  сай  құрылған.  Оның  құрылуы 
елімізде аудитты ары қарай дамытуға зор ықпал етті. 
Шаруашылық  есептегі  ревизиялық  топтармен  салыстырғанда  жоғары  ұйымдық-құқықтық 
нысанға  ие  болғанымен  фирма  мемлекетгік  бақылау  органы  базасында  құрылды,  ал 
құрылтайшылары одақ министрліктері болды. 
Бірегей  құрылым  ретіңде  "Инаудит"  сақталмады,  ол  бірнеше  жеке  аудиторлық  фирмаларға 
бөлініп кетті. Оның себептерінің бірі фирмада өз фирмаларын құруға және басқаруға мүмкіндік 
туған кәсіпқой мамандар мен нағыз көш бастаушылардың көп істеуінде болды. 
1989-
1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін қабылдауға ұмтылыс 
жасалды. Бүл кезеңде елде көптеген коммерциялық ұйымдар, оның ішінде аудиторлық фирмалар 
пайда  болды.  Соңғылары  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер  ретінде  тіркелді.  1989  жылы 
ҚазССР-ының  Қаржы  министрлігінің  бақылау-ревизиялық  басқармасы  жанында  шаруашылық 
есептегі  ревизиялық  топ  құрылды.  Содан  соң  оның  базасында  1990  жылы  үкімет  шешімімен 
алғашқы "Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық" аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық 
бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақғалган тәжірибе, тұрақгы түрде өскен аудиторлық қызмет 
көрсету, қандай да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық 
есептегі  орталықты  "Қазақстан-аудит"  тәуелсіз  акционерлік  аудиторлық  компаниясына 
айналдыруға  мүмкіндік  берді.  Ол  республикадағы  аудиторлық  қызмет  көрсету  жөніндегі, 
меншіктің  жеке  нысанына  негізделген  және  аудитты  үкімет  атынан  жүргізу  құқығы  бар 
лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылады. 
Қазақстанда  аудиттың  қалыптасуы  мен  оның  кең  танымал  болуына  "Қазақстан-аудиттың" 
сіңірген  еңбегі  зор.  Ол  республикамызда  аудиторлық  қызмет  туралы  заң  жобасын  жасаудың 
негізгі  дайыңдаушысы  және  оның  министрліктерде,  үкімет  деңгейінде  және  парламент 
комитеттерінде  талқылануында  бас  кеңесші,  сонымен  қатар  Қазақстан  аудиторлары  Палатасы 
жарғысының жобасының авторы болды. 
1990 жылдан бастап рынокта "Эрнест энд Янг Сыртқы аудит" БК пайда болды. Ол орналаскдн 
жері  және  иелігіне  қарамастан  олардың  өтініштері  бірлескен  кәсіпорындарға  аудиторлық 
тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде "Үлкен алтылыққа" енген ірі континент аралық аудиторлық 
фирма еді. 
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен 
жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрінің 05.04.2001 жылғы №173 "Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер 
тізімін бекіту туралы" бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік рейтингті 
ҚР  Үкіметінің  2001  жылғы  28-ақпанындағы  №290  "Кейбір  акционерлік  қоғамдар  мен 
республикалық  мемлекеттік  кәсіпорындар  (үлттық  компаниялар)  қызметін  тиімді  басқару  мен 
бақылауды  ұйымдастыру  жөніндегі  шаралар  туралы"  қаулысына  сәйкес  дәлелдеу  мақсатында 
"ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС, "КПМГ Жанат" ЖШС, "ЭрнстЭндЯнг" ЖШС, "ВДО Қазақстан-
аудит" ЖШС (соңғы аудиторлық фирма ҚР Қаржы министірінің 2004 жылғы 19-шілдедегі №294 
бұйрығымен бекітілген) сияқты аудиторлық ұйымдар тізімі бекітілген. 
 
Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы. 
Аудит жұмысы, нарықты қатынас жүйесінде дамыған елдерде жедел дамыды. Мысалы, 
Ұлыбритания,  Франция  елдерінде  аудит  міндетті  түрде  жүргізілетін  болды.  Оның 
құқылығын  қамтамасыз  ету  үшін  ол  елдерде  бірінші  болып  аудит  заңы  қабылдаңды.  Ал 
АҚШ-та аудит қызметі Британия үлгісінде іс жүзінде қолданыла бастады. 1896 жылы АҚШ-
та  аудит  заңы  қабылдаңды.  Қазіргі  кезде,  нарықты  қатынас  жүйесінде  дамыған  елдерде 
түгелдей заңдастырылған инфраструктуралық құрылымы бар қоғамдық аудит институттары 
Ф УТ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. СМЖ УТ. Екінші басылым
 
41 
 

бар.  Ол  елдердің  барлығында  ерекше  мамандандырылған  бухгалтер-аудитор  ұжымдары, 
қоғамдары бар. Мысалы, Ұлыбритания елінде (1880 ж.) мәртебелі бухгалтерлер институты, 
АҚШ-та дипломды бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда - аудиторлар институты 
(1932 ж.) және аудитор Палатасы, Францияда сол жылы бухгалтер-сарапшы Палатасы және 
сенімді бухгалтерлер ұжымы, есеп комиссарлары қоғамы құрылған. 
Дамыған  елдерде  дербес  аудитор  қызметі  ерекше  орын  алатын  сырттай  бақылау, 
тексеру  больш  саналады.  Шет  елдердегі  аудит  жұмысының  мазмұн-мағынасын, 
ұйымдастыру  принциптерін,  бақылау-тексерудегі  қойылатын  талаптарын  аудиторларды 
бекіту,  тағы  басқа  да  ерекшеліктерін  қарастыратын  болсақ,  негізінде  олардың  арасында 
бірлестік бірдей талап қоюшылық
 
бар екені анық. Сол себептен аудит қызметі халықаралық 
деңгейде даму алып бірлескен фирма ашу қажеттігіне алып келді. 
Аудит қызметінің жедел даму әсерінен шет елдерде ірі халықаралық ондаған аудитор 
фирмалары ашылып, олар барлық Еуропа елдерін қамтитын, аудиторлық қызмет көрсететін 
мекемелерге  айнадды.  Қазіргі  кезде  дүние  жүзінің  барлық  елдеріне  аудит  қызметін 
көрсететін алты аудитор фирмасы бар.  
Қазіргі  кезде,  барлық  дүние  жүзі  елдерінің  экономикасының  арасындағы  байланыс 
ерекше  тығыз  байланыста  даму  жолына  көшуіне  байланысты,  бухгалтерлік  есептің 
мағынасының  көтерілуіне  сәйкес  халықаралық  қоғамдар  құрылды.  Себебі,  барлық  елдер 
арасыңдағы экономикалық байланыс сол елдердегі есеп жүйесінің бір салада болуын, барлық 
жерде  бір  жолмеі  дамуын  талап  етеді.  Соның  нәтижесінде  халықаралық  бухгалтерлік  есеп 
және аудит стандарты шығарылуда. 
Ол бухгалтерлік қоғамдар мынадай: 
1.    Бухгалтерлік  стадарттар   дайындайтын   халықаралық комитет (1973 ж.), оның 
құрамына жүз бухгалтерлік қоғамнан 7 елдің өкілі қатысады. 
2.    Халықаралық  бухгалтерлік  федерациясы  (1977  ж.).  Оның  мақсаты,  біріншіден, 
бухгалтер мамандарының біліктілігін көтеру, стандарттарды жетілдіру, даму жолын анықтау. 
Екіншіден, аудит және есеп туралы халықаралық нормативтік құжаттарды дайындау. 
3.  Дүние  жүзілік  мемлекеттер  талабына  сәйкес  құрылған,  өкіметаралық  бухгалтерлік 
есеп  және  есеп  стандарты  туралы  құрылған  –  экспорт  жұмысшылар  тобы  (1979  ж.).  Бұл 
қоғамға  дуние  жүзінің  барлық    елдері  мүше.    Бұл  қоғам  жыл    сайын  өткізетін    өзінің  
сессиясында    қаржы    мәліметі    жағдайындағы  бухгалтерлік      есеп      проблемасын   
қарастырып,      талдау-зерттеу  жасап,    бухгалтераралык  әлеуметтік,  экономикалық 
факторлардың  әсерін  талдайды.  Халықаралық  деңгейде  бухгалтерлік  есеп  процесін 
үйымдастыру мәселелерін, халықаралық бухгалтерлік термин сөздіктерін құрастырады. 
Аудит пәні, міндеттері 
Әрбір  ілімнің  өзіне  сәйкес  пәні  болады.  Ол  сол  ілімнің  басқа  салалардағы  ілімнен 
айырмашылығын, оның ездеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет. 
Тану  теориясына  байланысты  қандай  да  ілім  болмасын,  оның-пәні  объективті 
шындыққа  негізделген.  Егер,  экономикалық  теорияның  пәні  өндірістік  қатынасқа, 
экономикалық заңдарға бай-ланысты болса, аудит те, барлық экономикалық ілімдер сияқты, 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  өндірістік  қатынастарын  дамыту  процестеріне 
негізделген.  Бірақта,  олар  сол  процестердің  белгілі  жұмыстарының  бір  бөлімін  ғана 
қарастырады. 
Сонымен,  аудитгің  пәні  дегеніміз,  шарт  бойынша  және  келісім  арқылы  тәуелсіз 
эксперттік  негізде  және  бухгалтерлік  (қаржылық)  отчетты  талдау,  т.б.  шаруашылық 
жұргізуші  субъектілердің  орындаған  жұмыстәрының  дұрыстығын,  анықтығын  анықтай 
отырып,  оған  толық  түрде  обьективті  баға  беру,  сонымен  қатар  ішкі  аудиттің  тексеру 
жүйелерінің қабылданған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл белу. 
Осы  келтірілген  аудит  пәнінін  анықтамасы  біздің  ойымызша  барлық  талаптарға  сай 
келеді деп ойлаймыз. 
Ф УТ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. СМЖ УТ. Екінші басылым
 
42 
 

Арнайы  әдебиеттерде,  т.б.  ілімнің  пәні  мен  объектілері  бірдей  деп  немесе  бір-біріне 
уйқас  деп  айтылады,  бірақта  бұлт  үсініктемелер  бір-бірімен  ұйқас  болғанымен,  олардың 
мағыналары  әртұрлі  болады.  Сол  себепті  бұл  мағыналарды  ажырата  білген  жөн.  Объекті 
дегеніміз, сол ілім оқитын пәннің шындығы. 
Мысалы, дәрігерлік ілімнің объектісі - адам болып есептелінсе, экономикалық ілімнің 
объектісі  -  мемлекет  экономикасы,  олардың  салалары.  Ал,  аудитгің  объектісі  белгілі  бір 
шаруашылық жүргізуші субъектілер (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар, жеке 
кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындәр т.б.). 
Аудит  объекгілеріне  мыналар  жатады:  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  қаржы 
жағдайлары.оллардың  өндірістік  жұмыстары,  шаруашылық  жұмыстарының  экономикасын 
дамыту жөнінде  және  тиімділігі жөнінде ұсыныс беру. 
Егер, аудит объектісі болып жоғарыда айтылғандар болса, онда олардың міндеті болып 
мыналар  есептелінеді:  сенімділігі,  нақтылығы,  отчет  көрсеткіштерінің  уқыпты  түрде 
тексерілуі, олар-дың толықтығы, дұрыстығы. Осыған орәй аудиттің міндеті - қаржы нәтижесі 
бойынша  жасалынған  отчетқа  (есептілікке)  аудиторлық  қорытынды  беру,  олардың 
бухгалтерлік есебі мен қаржы нәтижелері бойынша жасалынған көрсеткіштерінің заңдарға, 
стандартқа, нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету және 
оның  дұрыстығын  анықтау.  Ол  жөнінде  Аудиттің  Қазақстандық  стандартында  толық 
мәлімдеме берілген. Аудиттің Қазақстандық бірінші стандартында былай делінген: "Қаражат 
нәтижесінің  отчеттарын  аудиторлық  тексеру  жүргізудің  негізгі  міндеті  аудиторлық 
қорытындының  заңдар  мен  нормативтік  актілерге  сәйкес  жасалынғандығын 
анықтау"алдында төмендегідей мақсат пен міңдеттемелер қойылады: 
1. 
Субъектінің    (кәсіпорынның,      акционерлік    қоғамның,  фирманың,  бірлескен 
кәсіпорынның  т.б.)  қаржы  нәтижесі  жөніндегі  отчеттың  (есептіліктің)  дұрыстығын 
қамтамасыз ету. 
2. 
Дұрыс шешім қабылдау үшін керекті мөлшерде қажетті мағлүматтарды жинастыру 
және оларды бағалау. 
3. 
Тұрақты түрде субъектілердің экономикалық  көрсеткіштерін талдау. 
4. 
Бухгалтерлік    есепті    жүргізу  және  отчет    (есептілікті)  женіндегі:      заңдардың,  
қаулылардың,  нұсқаулардың дұрыс қолданылуын және іске асырылуын бақылау. 
5. 
Бастапқы  құжаттардың  белгіленген  нормаға  және нормативке сәйкестігін тексеру. 
6. 
Клиенттерге бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, салық салу, құқық т.б. жөнінде кеңес 
беру. 
7. 
Өз клинттерінің санының көбеюіне және оләрдың нығаюына ат салысу. 
8. 
Аудиторлық тексеруді жоғары сапада жүргізу. 
 
Аудиттің функциялары 
Нарық  экономикасына  көшу  кезеңіндегі  аудиттің  рөлі  және  оның  негізгі  функциялары 
(қызметтері) 
Нарық  экономикасы  кезінде  аудит  тәжірибе  жөнінде  кәсіпкерлік  қызметтердің 
бір тұрі ретінде басты роль атқарады. Ол төмендегідей функцияларды орындауы тиіс: 
• 
эксперттік; 
• 
аналитикалық; 
• 
кеңес беру; 
• 
өндірістік. 
Аудиттің түрлері 
А.Д, Шеремет лен В,П. Суйцтың аудит бойынша екінші қайтара шығарылған оқулығында аудит 
түрлері сараланып беріледі. Осы жіктелімге сай аудит төмендегі түрлерге бөлінеді: 
 
Аудиттің түрлері 
Р/с)      
Критерийлер 
                    
Түрлері 
Ф УТ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. СМЖ УТ. Екінші басылым
 
43 
 


Ақпаратты 
пайдаланушыларға 
қатысты 
Сыртқы 
Ішкі  

Заң талаптарына қатысты 
Міндетті 
Бастамашылық  (ерікті) 

Аудит объектілері бойынша 
1- 
банктік аудит 
2-
сақтандыру   компанияларының аудиті 
3-
биржалар,  инвестициялық  институттар  мен 
зейнетақы қорларының аудиті 
4-
жалпы аудит; 
5-
мемлекеттік аудит 

Тағайындалуы бойынша 
1     қаржылық есеп беру аудиті 
2
 
салықтың аудиті 
3
 
сәйкестік аудиті 
4
 
операциялық аудит  
5
 
арнайы (экологиялық, операциялық және т.б.) 

Жүзеге асырылу мерзімі бойынша  Бастапқы                                     
Келісілген 

Тексеру сипаты бойынша 
Дәлелдеуші 
Жүйелі бағытталған 
Тәуекелдікке негізделген аудит 
 
Қазіргі  кезге  дейін  сыртқы  аудит  мәселелері  арастырылды.  Сондықтан  бұл  тарауда  ішкі 
аудитты  ұйымдастыру  мәселелерін  қысқаша  баяңдайық.  Себебі  бұл  сұрақ  "Аудиттың  басқа 
түрлері"  тарауында  толығырақ  қарастырылады.  Ішкі  аудит  басқару  есебінің  бөлінбес  және 
маңызды  элементі  болып  табылады.  Ішкі  аудитке  деген  қажетгілік  жоғары  басшылық  барлық 
басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда 
болады.  Ішкі  аудит  осы  қызмет  туралы  ақпарат  беріп,  менеджерлер  есебінің  нақтылығын 
дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі 
қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет. 
Ішкі  аудитордардың  белгілі  бір  қызметін  басшыға  немесе  директорлар  кеңесіне  немесе 
акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі 
аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер: 

 
активтердің  жағдайын  бақылау:  шешім  қабылдау  кезінде  басшылық  пайдаланатын 
ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу; 

 
жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу

 
Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өндеудін тиімділігін талдау; 

 
басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау. 
Сонымен  ішкі  аудит  шеңберінде  активтердің  сақталуын  жан-жақты  бақылау  ғана  емес, 
менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады. 
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, 
аудиторлық  фирмалар  жүзеге  асырады.  Сыртқы  аудиттың  тағы  ерекшелігі  аудиторлардың 
тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы 
және  басқа  лауазымды  адамдар  болмауында,  ұйым  басшылығы  мен  туыстық  катынаста  (ата-
анасы,  жұбайы,  аға-інісі,  апалы-сіңлілі,  ұл-қыздары)  тұрмайтындығында  және  қызметтік 
қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады. 
Сыртқы аудитты жүргізу нөтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және 
қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді. 
Заң  талаптарына  қатысты  аудит  міндетті  және  бастамашылық  (ерікті)  болып  бөлінеді.  ҚР 
"Аудиторлық  қызмет  туралы"  заңының  "Аудит  және  оның  түрлері"  деген  4-бабында  "Аудит 
түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген. 
Ф УТ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. СМЖ УТ. Екінші басылым
 
44 
 

Міндетті аудит — тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне 
жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу. 
Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудитгің нақты міндеттері, мерзімдері 
мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімімен жүргізіледі. 
Қаржылық есеп беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар басқа да қызметтерді көрсете 
алады. "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар қаржылық 
есеп беру аудитінен басқа өз қызметінің профилі бойынша төмендегі қызметгерді көрсете алады: 

 
Бухгалтерлік  есепті  ұйымдастыру,  қалпына  келтіру  және  жүргізу,  қаржылық  және 
статистикалық қорытынды есепті құру; 

 
Салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, салық декларациясын толтыру, 
қаржы-шаруашылық қызметті талдау; 

 
қаржылық, салықтық, банктік және басқа шаруашылық заңының мәселелері бойынша кеңес 
беру және ақпараттық қызмет көрсету; 

 
қосымша  кәсіби  білім  беру  ретінде  бухгалтерлік  есеп,  салық  есебі,  қаржы-шаруашылық 
қызмет аудиті мен таддауына оқыту оқытушылық, ғылыми қызмет

 
бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту; 

 
бағалы қағаздар рыногындағы қызмет; 

 
адвокат (қорғаушы) қызметімен байланысы жоқ заң қызметтерін көрсету. 
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қалпына келтіру. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру 
туралы" заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда есепті келісім-шарт негізінде арнаулы 
ұйымдар жүзеге асыра алады. Осындай ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар болып табылады. 
Кеңес  беру.  Қызмет  көрсетудің  бұл  түрі  салық  салу  мәселелері  бойынша  ауызша  немесе 
жазбаша түсініктерді, бастапқы есепті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындығын қосымша 
кәсіби  білім  беру  ретінде  оқыту  болып  табылады,  аудиторлық  фирмалар  мамандарының 
лекциялар,  семинарлар  курсын,  "дөңгелек  үстелдер"  жүргізуді  көздейді.  Осы  мақсаттар  үшін 
аудиторлық  фирмалар  өз  қызметкерлерінен  басқа  жоғары  оқу  орындары  оқытушыларын, 
мемлекеттік органдардың бас мамандарын тартады. Лекторлар белгілі бір кезеңде болған заңдағы 
өзгерістер мен қосьшшаларға көңіл аударып, тиісті нормативтік актілер, стандарттарға түсініктеме 
беріп, сұрақ-жауапты ұйымдастырады. 
Бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту. 
Бухгалтерлік  есепті  автоматтандыруға  жаппай  өту  жағдайында  қызмет  көрсетудің  осы  түрі 
аудиторлық  фирма  үшін  аса  өзекті  болып  табылады.  Есепті  автоматтандыру  жүйесін  таңдау, 
енгізу  бойынша  қызмет  көрсету  компьютерде  персоналды  жұмыс  істеуге  үйрету,  бухгалтерлік 
есепті  жолға  қою,  оның  ішінде  қолданбалы  бағдарламалар  пакетін,  техникалық  құралдарды 
таңдау сияқгы қызметтермен тығыз байланысты. 
Заңмен  талап  етілетін  сыртқы  аудитті  жүргізетін  аудитор  үшін  кәсіпорында  ішкі  аудитгің 
атқаратын ролін зерттеу маңызды, себебі бұл жұмыстың қайталануын азайтады. Бұл ішкі аудит 
қаржылық жүйені қамтитынына немесе тауар-материалдық құндылықтар, не болмаса қаржылық 
менеджмент қозғалысын басқару сияқты сфераларды қамтитынына қарамастан мүмкін болады. 
Сыртқы және ішкі аудиттің ортақтығы — белгіленген стандарттар шеңберінде қызмет етеді, 
тексеру нәтижелері бойынша есептерді құрастырады және т.б. сонымен қатар ерекшеліктері де 
бар: 
-
 
түрлі міндеттерді орындау; 
-
 
сәйкес көрсеткіштер үшін есептерді құру
-
 
көрсетілген қызмет көрсетулер көлеміндегі айырмашылық; 
-
 
күнделікті шаруашылық-қаржылық операцияларға мүдделік дәрежесі; 
-
 
есеп беруді құру нысандарындағы айырмашылық. 
 
Аудиттің негізгі қағидалары 
1.  Ғылыми.  Аудиттің  бүл  методологиясы  ақикат  шындықты  объективті,  неғұрлым 
бейнелейтін  экономикасы    Ғылыми  басқару  тұрғысынан  алғанда  аудиторлық  көрсетуде   
Ф УТ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. СМЖ УТ. Екінші басылым
 
45 
 

ғьлыми      зерттеу    жүмыстармен  болады,  өйткені  ол  ақиқат  болып  шығатын  иемденетін 
ғылым әрекет етеді. Дағдыны  жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланыста қалыпты 
жеткізу барысында  ашық   сипаттамасы   мен  режимі  іс  жүзінде   бұзылмайтындай болуға 
тиіс. 

жүктеу 5.64 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет