Білім сапасын арттырудағы ақпараттық технологияның МҮмкіндіктері



жүктеу 67.17 Kb.
Pdf просмотр
Дата30.04.2017
өлшемі67.17 Kb.

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

Жалтанова Г.Ж. 

Орал қ. 

 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен 

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте 

қажет» 

Н.Ә. Назарбаев 

 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  Жаңа  ақпараттық 

технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны 

бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие 

үрдісінің 

барлық 

деңгейлерінің 



тиімділігі 

мен 


сапасын 

жоғарлатуды көздейді. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім 

беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және  азаматтық 

құндылықтар  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 

қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 

қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, 

білім 


беруді 

ақпараттандыру, 

халықаралық 

ғаламдық 

коммуникациялық желіге шығу» - делінген. 

Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, 

дағдыларын  игертіп  қана  қоймай,  қабылдауын,  ойлауын,  қиялын, 

сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз 

бетімен  жұмыс  жасай  білетін,  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаны 

дамыту міндеттері де тұр. 

Жалпы  білім  берудің  мақсаты  –  терең  білімнің,  кәсіби 

дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы 

адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдерді  қабылдауға 

қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  яғни  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруға  негізделген,  ақпаратты  технологияны  терең 

меңгерген,  жылдам  өзгеріп  жататын  бүгінгі  заманға  лайықты, 

жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. 

Оқыту  технологиясы  мен  әдістеме  ғылымы  бір-бірімен  тығыз 

байланысты.  Әдістеме  ғылымы  «Нені  оқыту  керек?»,  «Не  үшін 

оқыту  керек?»,  «Қалай  оқыту  керек»?  деген  сұрақтарға  жауап 



іздесе,  оқыту  технологиясы  «Қалай  нәтижелі  оқытуға  болады?» 

деген  мәселенің  шешімін  іздейді.  Олардың  мақсаты  бір,  яғни 

оқытудың  тиімді  жолдарын  қарастыру.  Оқытудың  тиімді  жолдары 

оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. 

Жаңа  ақпараттық  технологиялар  дегеніміз  –  білім  беру  ісінде 

ақпараттарды  даярлап,  оны  білім  алушыға  беру  процесі.  Бұл 

процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, 

сол  себепті  қазіргі  мектепке  шығармашылық  ізденіс  қабілеті 

дамыған,  жаңа  педагогикалық    технологияларды  жете  меңгерген, 

мамандық 

шеберлігі 

қалыптасқан 

жаңа 

ақпараттық 



технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет. 

«Ақпараттық  технология»  терминін  академик  В.М.  Глушков 

енгізген.  Білім  беру  процесін  ақпараттандыру  оқушыға  білім 

берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, 

«Ақпараттық  технологиялалар»  ақпаратты  өңдеумен  байланысты 

процестер  болып  табылады.  Ал  білім  беруде  компьютерді  және 

оның  құралдарын  пайдалана  бастаған  кезде  оқытудың  ақпараттық 

технологиялары 

ұғымы 

пайда 


болды. 

А. 


Горячевтің 

тұжырымдауынша,  «Ақпараттық  технология»-  мәтіндік  редактор, 

электрондық  кесте,  мәліметтер  базасы,  графиктік  редактор, 

мультимедия  және  коммуникациялық  технологиямен  сипатталады. 

Р.  Әбдірәсілова  болса,  «Ақпараттық  технологияны»  оқыту 

құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады.  

Енді,  осы  ақпараттық  технологияларды  жүзеге  асырудағы 

жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік: 

Ақпараттық  технологиялардың  бірі  –  интерактивтік  тақта, 

мультимедиялық  және  он-лайн  сабақтары.  Өзім  қызмет  жасайтын 

мектепте  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  кеңінен 

қарастырылған.  Мектеп  кебинеттерінде  интерактивті  тақта 

орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді 

ойластырып, жоспарлаймын. 

Жаңа  ақпараттық  технологияның  негізгі  ерекшелігі  –  бұл 

оқушыларға  өз  бетімен  немесе  бірлескен  түрде  шығармашылық 

жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, 

өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға 

мүмкіндік  береді.  Ол  үшін  мұғалім  өткізетін  сабағының  түрін 

дұрыс таңдай білуі қажет.  

 

 

Технология 



 

Оқытудың 

интерактивті режимі 

 

Оқыту 



 

Оқыту технологиясы 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

1 сызба. Оқыту технологияларына байланысты түсініктер 



 

Информатика  пәнін  оқытуда  да  ақпараттық  технологияларды 

қолданудың  мүмкіндіктері  өте  мол.  Мысалы  9  сыныпта 

«Компьютерлік желілер» тақырыбында өткізген ашық сабағымдағы 

жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн 

көрдім: 


Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер. 

Бұл  сабақтың  мақсаты  оқушыларға  компьютерлік  желілер 

тарауын қайталап, оқушылардың білімін тексеру. 

Күтілетін нәтиже: 

1.  Оқушылар  компьютерлік  желілермен  еркін  байланыс 

жасайды; 

2. Интернет және оның мәнін, байланыс құралдарын біледі; 

3. Электрондық пошта құра алады. 

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану. 

Сабақтың түрі: тест технологиясын пайдалану. 


Сабақтың жоспары: 

1. Қызығушылығын ояту. 

Венн диаграммасын толтыру. 

2. Мағынаны тану. 

Тест тапсырмаларын орындау. 

Бағалау

Бірінші  бөлімі  бойынша  оқушылар  компьютерлік  желілердің 

бір-бірінен  айырмашылығы  мен  ұқсастықтарын  жазып,  кесте 

толтырады. 

Ұқсастығы:  

Айырмашылығы: 

Екінші  бөлімі  бойынша  оқушыларға  үш  нұсқада  тест 

жұмыстары үлестіріледі. 

Осы  сабақтың  соңында  оқушылардың  тест  жұмыстары 

тексеріліп,  бағаланады.  Cұрақтарға  жауап  беру  арқылы  сабақты 

қорытындылаймыз. 

1. Жергілікті желі дегеніміз не? 

2. Жергілікті желі қандай қызмет атқарады? 

3.  Компьютерлер  жергілікті  желіге  қандай  құрылғылардың 

көмегімен біріктіріледі? 

4.  Жұмыс  үстеліндегі  қандай  белгіше  жергілікті  желімен 

жұмыс істеуге арналған? 

5.  Қандай  жағдайда  өзге  пайдаланушыларға  қалта  мазмұнын 

өзгертуге мүмкіндік беріледі? 

6. Желілік басып шығарғышқа қалай қосылуға болады? 

7.  Компьютерлік  желі  неше  түрге  бөлінеді  және  әр  түрін 

сипаттаңыздар? 

8. Желімен байланыс жасау түрлерін атаңдар? 

9. Ауқымды желі қанша даму кезеңіне бөлінеді? 

10. Желілермен жұмыс жасаудың тиімділігі қандай? 

11. Элекрондық пошта неге қажет? 

12.  Электрондық  адресті  құрғанда  қандай  символдарды 

қолданады? 

Осы  жаңа  технология  стратегияларды  интерактивті  тақтадан 

енгізіп  қойсақ,  оқушылар  шығып  жауаптарын  орындайды.  Бұл 

сабақты  алдын  ала  электронды  оқулықтан  тыңдап,  көріп 

оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді. 



Нәтижесінде 

оқушылар 

тарауды 

жақсы 


меңгергенін, 

компьютерлік 

сауаттылықтары 

дамығанын, 

ақпараттық 

мәдениетінің  қалыптасқанын  көруге  болады.  Тест  қорытындысы 

бойынша  оқушылардың  желілер  байланысы,  электрондық  пошта, 

жалпы  компьютерлік  желілермен  жұмыс  жасау  технологиясын 

жақсы  меңгергенін  көрсетті.  Бірақ  оқушылар  желі  топологиясын, 

байланыстың  түрлерін,  ұялы  байланыс  жөнінде  түсініктерді  әлі  де 

кең  түрде  қарастыруды  қажет  етті.  Оқушылардың  барлығы  тестті 

«4»,  «5»  деген  бағаға  тапсырып,  білім  сапасы  100  %  көрсетті. 

Сабақтың  қызықты  да  түсінікті  болуы  мұғалімнің  шеберлігі  мен 

ізденімпаздығына тікелей байланысты. 

Интернет  желісінде  жұмыс  істеу  де  оқушыларымызға  әлемдік 

білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз 

мүмкіндіктер  ашатыны хақ.  Қазіргі заманғы дамудың талаптарына 

лайық  ақпараттық  –компьютерлік  технологияларсыз  жоғарыда 

айтылғандарды  шешу  мүмкін  емес.  Жас  ұрпаққа  білім  беру 

жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру 

мен  тиімділігін  арттырудың  маңызы  зор.  Осы  тақырыпты 

қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім: 

-  қазір  техниканың  дамыған  заманы,  интерактивті  тақтаны 

пайдалану  көп  мектепте  жүзеге  асырылған,  соның  негізінде 

мұғалімдерге  әдістемелік  көмек,  пән  бойынша  өтетін  білім 

жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынса деймін. 

«Ешбір  адамға  білім  алу  мен  жетілу  жай  беріле  салмайды 

немесе  тек  айтумен  ғана  іске  аспайды.  Оған  қол  жеткізуге 

тырысатын  әрбір  жан  соған  өз  еңбегімен,  өз  күшімен  ұмтылуы 

тиіс»,  –  деп  Дистерверг  айтқан  болатын.  Сондықтан  жас  ұрпақты 

оқыту  мен  тәрбиелеуге  жаңа  көзқарас,  жаңа  тәсіл  керек,  жаңа 

педагогикалық  ізденістер  мен  идеялар  қажет,  мұғалім  ролін 

арттыратын 

процесс 


жүргізілуі 

тиіс, 


бұрынғы 

педагог-


информатордан 

қазіргі 


кездегі 

оқушыларға 

арналған 

технологияларды  пайдалана  алатын  ұйымдастырушы  педагог 

дәрежесіне көтерілу керек. 

Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің 

бір  бөлігі,  сондықтан  да  оқып  үйретуді  ғылыми  танымда 

нақтылықтың  критерийі  ролін  атқаратын  өмірмен,  практикамен 

байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған 

оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін 

теориялық  білімдерін  практикада  қолдана  білу  дағдысына 


қалыптастыруға 

тиіс. 


Бірақ 

біз 


компьютерлік 

желілер 


технологияларын  қолдана  отырып  бұл  материалдарды  түсіндіру 

кезінде  оқушылардың  компьютердің  негізгі  құрамы  мен  бірге 

компьютер  желісін  де  меңгергендігін  білуге  болады.  Егер  сіздің 

бір-ақ  компьютеріңіз  болса  және  модеміңіз  болмаса,  онда  сіз 

компьютерлік  желінің  артықшылықтарын  сезіне  де  алмайсыз.  Ал 

сіздің  бірнеше  компьютеріңіз  болса,  немесе  қашықтағы 

компьютерге ақпарат жөнелту керек болса, онда желілік технология 

мүмкіндіктері  сіз  үшін  өте  қажет  болып  табылады.  Желілік 

технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Компьютерлік 

желілер 

технологиясын 

қолдануда 

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, 

үлкен  ізденіспен,  шығармашылыққа  жетелеуге  де  болады. 

Нәтижесінде оқушы: 

• Компьютерде еркін жұмыс жасайды

• Компьютерлік желілермен байланыс жасайды; 

• Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды; 

• Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады

•  Электрондық  поштаны  қолданып  түрлі  ақпараттар  алмаса 

алады; 


• Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады

•  Ақпараттық  сауаттылығы  мен  ақпараттық  мәдениеті 

қалыптасады. 

Мұғалім  –  ақпараттанушы  емес,  оқушының  жеке  тұлғалық 

және  интеллектуальды  дамуын  жобалаушы.  Ал  бұл  мұғалімнен 

ақпараттық  құзырлылықты,  ұйымдастырушылық  қабілеттілікті, 

оқушыларды  қазіргі  қоғамның  түбегейлі  өзгерістеріне  лайық 

бейімдеу,  олардың  зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  бағыттарын 

талап етеді. 

Жаңа  ақпараттық  технологияның  басты  тиімділігі  –  бұл 

мұғалімге  информатика  сабақтарындағы  оқу  үрдісін  түбегейлі 

өзгертуге,  оқытудағы  пәнаралық  байланысты  күшейте  отырып, 

оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре 

біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. 

Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап 

көрсетуге болады.  



1.

 

Оқушы  мен  мұғалімнің  позитивтік  оң  қатынаста  болуына 



ықпал  етеді.  Олай  дейтініміз,  оқушылар  компьютермен  тікелей 

қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді. 

2.

 

Компьютермен 



жұмыс 

барысында 

оқушылардың 

белсенділік, 

жауапкершілік 

және 


өзіндік 

шығармашылық 

қабілеттері  қалыптасады.  Оқушы  өз  бетінше  еңбектенеді.  Өз 

еңбегінің  нәтижесін  көреді.  Өзін-өзі  қадағалауға  мүмкіншілік 

туады.  Тапсырмаларды  мұғалімнің    көмегінсіз  орындайды.  Сол 

арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды. 

3.

 

Берілетін  материал  бірсарынды  болып,  тек  мұғалім  ғана 



сөйлейтін  болса,  балалар  тез  шаршап  қалады  да,  сабақ  сәтсіз 

аяқталады.  Осындай  көңілсіз  жағдайларды  болдырмау  үшін 

информатика  сабағында  компьютер  арқылы  оқушылардың 

белсенділігін  арттыратын  әр  түрлі  бағдарлама  элементтері 

қолданылады.  Мысалы,  СТО  стратегияларын,  дидактикалық 

үлестірмелер,  түрлі  ребустар,  суреттермен  жұмыс  кросвордтарды 

жатқызуға болады. 

Ақпараттық  технологияның  мұғалім  жұмысына  ең  тиімдісі  – 

оқушылардың  білім  олқылықтарына  үнемі  зерттеу  жасап,  түзету 

жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. 

Қазіргі 

заманның 

даму 

қарқыны 


мұғалімдерден 

шығармашылығын  жаңаша,  ғылыми-зерттеу  бағытында  құруды 

талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни 

ақпараттандыру  технологиясы  дамыған  заманда  мемлекетіміздің 

болашағы  –  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім  беріп,  жан-

жақты  дамуына  ықпал  ету  мұғалімнен  шығармашылық  ізденісті, 

үлкен сұранысты талап етеді. 

Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып 

жатқан  оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін 

қалыптастырып,  оларды жүйелік байланыстар  мен заңдылықтарды 

табуға  итеріп,  нәтижесінде  -  өздерінің  кәсіби  потенциалдарының 

қалыптасуына жол ашады. 

Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағындағы  оқушылардың 

ойлау  қабілетін  қалыптастыратын  және  компьютерлік  оқыту  ісін 

дамытатын  жалпы  заңдылықтардан  тарайтын  педагогикалық 

технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. 



 

 

Әдебиеттер 



1.

 

Білім заңы. Алматы, 2007 ж. 

2.

 

С.Т.Мұхаметжанова,  Ж.Ә.  Жартынова,  Интерактивті 

жабдықтармен    жұмыс  жасаудың  әдіс-тәсілдері.  Алматы, 

2008ж. 

3.

 

А.  Иманбаева,  Оқу-тәрбие  үрдісін  ақпараттандыру 

ділгірлігі.  

4.

 

Қазақстан мектебі, №2, 2000 

5.

 

Педагогика журналы №2-2009ж. 

6.

 

Б.  А.  Әлмұхамбетова,  М.  А.  Ғалымжанова  «Білім  беру 

жүйесі  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыруда  ақпараттық  –

коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 67.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет