Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі- iqaa


Стандарт 3. Студенттік орталықтандырылған оқыту, білім беру



жүктеу 238.43 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата29.04.2017
өлшемі238.43 Kb.
1   2   3

Стандарт 3. Студенттік орталықтандырылған оқыту, білім беру 

және бағалау 

        Университет магистранттарының білім алу траекториясын өз бетімен 

анықтауына  толық  мүмкіндік  жасалған.  Ол  жеке  оқу  жоспарын  құру 

негізінде  жүзеге  асырылады.  Жеке  оқу  жұмыс  жоспарын  құруға 

мамандықтың типтік жоспары, оқу жоспары, пәндер каталогы, ПОҚ-ның 

сұранысы  негіз  болады.  ЖОЖ-ды  қалыптастырудың  деңгейі:  жоспар  әр 

жылға  мамандықтың  типтік  оқу  жоспары  мен  элективті  пәндер 

каталогтары негізінде қалыптастырылады. 

 

 

        Магистратурадағы оқу процесінің аяқталғандығының негізгі шарты 



болып  магистранттың  теориялық  оқудан:  ғылыми  және  педагогикалық 

дайындық бойынша 59 кредиттен кем емес, оның ішінде теориялық білім 

алу 42 кредиттен кем емес, 6 кредиттен кем емес практика, 7 кредиттен 

кем емес ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарланған. Бейіндік дайындық 

бойынша  28  кредиттан  кем  емес  (1  жылдық  оқу  мерзімінде)  және  48 

кредиттен  кем  емес  (1,5  жылдық  оқу  мерзімінде),  олардың  ішінде  18 

немесе  36  кредиттен  кем  емес  теориялық  білім алуға,  2 және  кредиттен 

кем емес практикаға, 4 және 4 кредитттен кем емес ғылыми-жұмыстарына 

бөлінген. 

     Магистратураның ғылыми және педагогикалық бағытында жалпы 

пәндер  көлемінде  типтік  оқу  жоспарындағы  базалық  пәндер  48%,  оның 

ішінде


 

40% міндетті  компоненттерге  және  60% таңдау  компоненттеріне 

берілген. 

    «Элективті  пәндер  каталогы»  құрастырылған,  онда  пререквизит, 

қысқаша мазмұны, құзыреттілік және пән оқытушысы көрсетілген. 


                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

     Магистранттардың  оқу  материалдарын  меңгеру  дәрежесі  есеп-

өлшем құралдары негізінде іске асырылады. Ағымдық және қорытынды 

аттестацияның  тапсырмалары,  сұрақтары,  тестері,  емтихан  билеттері, 

практикалық  тапсырмалары  ПОҚ  тарапынан  құрастырылып,  кафедра 

отырысында талқыланып, бекітіледі . 

     

 

Айғақтар: 



Магистранттардың 

 

білім 



деңгейлері 

 

оқытушылардың 



журналдарындағы  ағымдық,  аралық,  бақылаудың  қорытынды  түрлері 

арқылы анықталады.   

2013  жылғы  қабылданған  стандарт  бойынша    модульдік  оқу 

бағдарламаларын игеру мақсатымен магистрантқа оқу жылының бірінші 

семестрінде теориялық оқу үшін -17 кредит, екінші семестрде -21кредит, 

үшінші  семестрде  -  22  кредит  бөлінген,  төртінші  семестрде    ғылыми-

зерттеушілік тәжірибеге -9 кредит, МҒЗЖ -7 кредит, кешендік емтиханға 

-1 кредит, магистрлік диссертацияны  рәсімдеуге және қорғауға  - 1 кредит 

берілген.  

Пән  бойынша  қорытынды  бағалау    ҚР  МЖМББС–на  сай  5.03.006–

2006  «Жоғары  оқу  орындарында  білімді  бақылау  және  бағалау», 

20.04.2011ж. №152,  БҒМ (№198 02.06.2014) бұйрығына «Кредиттік оқыту 

технологиясы  бойынша  оқу  үрдістерін  ұйымдастыру  ережелері»  мен 

бақылаудың әр түрі бойынша орташа өлшенген бағаларын  ұсынады және 

автоматты түрде қорытынды жиынтық ведомосқа, сондай-ақ үйренушінің 

транскрипіне енгізілген.  

 

Ұтымды жақтары: 

  Магистранттардың  ғылыммен  айналысуына  мүмкіндігінше  жағдай 

жасалынған.  Университет  кітапханасы,  ондағы  оқу  залдары,  компьютер 

кластары,  интернет  кластар  қызмет  көрсетеді.  Университеттің  кепілдік 

беруімен республикадағы басқа ғылыми кітапханаларда, диссертациялық 

залдарда жұмыс жасау мүмкіндіктері бар. 

2015-2016  оқу  жылы  бойынша  Сыртқы  академиялық  ұтқырлық 

бойынша  13  магистрант  Польша,  Познань,  Адам  Мицкевич  ат. 

Университетте,  5  магистрант  Ресей.  Санкт-Петербург.  А.И.  Герцен  ат. 

Ресей мемлекеттік педагогикалық  университетінде болған. 

2014-2015  оқу  жылы  бойынша  Сыртқы  академиялық  ұтқырлық  5-

магистрант Турция. Стамбул.  Ахмет Султан Фатих ат. Университетіне, 

19-  магистрант  Польша.  Познань.  Адам  Мицкевич  ат.  Университетіне 

барды.  


 6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандық даярлайтын оқытушы-

профессорлар  айналысатын  ғылыми-зерттеу  жұмысының  тақырыбы: 

«Интеллектуалды  филолог  маман  дайындаудың  ғылыми-әдіснамалық 

негіздері». Осы тақырып аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мынадай 

бағытта жүргізіледі: 1. Қазақ филологиясы ғылымындағы жаңа бағыттар; 

2. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық жолдары; 3. Филолог 



                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

маманның 

интеллектуалдық 

әлеуетін 

дамытудың 

әдістемелік, 

педагогикалық мәселелері. Барлық ақпараттар кафедрада сақталуда. 

 

Ескерту:  

Студенттермен сұхбат барысында студенттердің ішкі және сыртқы 

ұтқырлығы  бойынша  бағдарламаны  іске  асыруда  ЖОО  –  серіктестер 

географиясын кеңейту туралы ұсыныс жасалды.   



 

Ұсыныс: 

Студенттердің 

ішкі 

және 


сыртқы 

ұтқырлығы 

бойынша 

бағдарламаны іске асыруда ЖОО – серіктестер географиясы кеңейтілсін.   

  

Стандарт 4. Студенттерді қабылдау, үлгерім, тану және 

сертификациялау 

  Білім  берудің  нәтижелілігі  талапкерлерді  конкурс  негізінде  іріктеу, 

түлектердің  білім  беру  стандарты  талаптарын  орындауына  дайындық 

дәрежесі,  түлектердің  еңбек  нарығындағы  сұранысқа  ие  болуы,  білім 

берудің нәтижелілігін біліктілік негізінде ғана емес, оқу пәндерінің циклі 

(модулі) негізінде бағалау т.б. арқылы айқындалады. 

   Магистратураға мамандық бойынша қабылдау емтиханының арнайы 

бағдарламасы бекітілген.  

Еңбек  нарығындағы  тұтынушылардың  сұранысына  сәйкес 

университет 

білім 

беру 


нәтижелілігіне 

баға 


бере 

отырып, 


тұтынушылардың  қажетін  өтеуде  жетістіктерге  қол  жеткізу  үшін  білім  

беруді  жетілдірудің негізгі  мақсаттарын айқындады. 

 

Айғақтар: 

-

 



Міндетті  компонент  пәндерінің  тізбесі  үлгілік  оқу  жоспарымен 

сәйкес. 

-

 

Білім  беру  нәтижелілігі  көрсеткіштерін  бағалайтын  түлектердің 



еңбек нарығындағы сұранысқа ие болуын дәлелдейтін құжаттар мен 

жұмыс берушілердің пікірлері бар. 

-

 

Түлектердің 100 пайыз жұмысқа орналасқандығы жайлы құжаттар 



бар.  

-

 



Білім  алушылармен  сұхбат  кезінде    мамандық  түлектерінің 

докторантурада  және  қосымша  кәсіби  білім  бағдарламасында 

білімдерін жетілдіру мүмкіндіктері бар екендігі  айтылды.  

-

 



Мамандардың  дайындық  сапасын  жақсарту  мақсатында  жұмыс 

берушілермен қарым – қатынас орныққан, жұмыс берушілер білім 

бағдарламасын  құрастыру  үдерісіне  қатысып,  өз  ұсыныстарын 

жасайды,  бұл  жұмыс  берушілермен  сұхбат  кезінде  анықталды, 

құрастыру үдерісіне қатысатындықтары  айқындалды.  

-

 



Кездесу  барысында  магистратура  түлектерінің  жыл  сайынғы 

жұмыспен  қаншалықты  қамтылғандығын  есепке  алып  отыру 

мақсатында  еңбек  нарығындағы  олардың  рөлін  айқындау 


                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

жұмыстары  жүргізілетіндігі  айқын  болды.  Алматы  облыстық 

Әлеуметтік  бағдарламалар  және  еңбекпен  қамтуды  үйлестіру 

басқармасында  түлектер  жайлы  мәліметтер  қоры  жинақталып, 

облыстық  және  аудандық  білім  басқармаларына  бос  жұмыс  орны 

мен ваканттық орындар туралы сұраныстар түсірілетіндігі, әрбір оқу 

жылының  соңына  «Жас  маман»  атты  білім  беру  мекемелері 

өкілдерінің  және  басқа  ұжымдардың  ат  салысуымен  болашақ 

мамандардың  іскерлік  қырларымен  танысу  мақсатында  ваканттық 

бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілетіндігі белгілі болды. 

 

Ұтымды жақтары: 

-

 



Білім  берудің  нәтижелілігінің  ең  негізгі  көрсеткіші  болып 

табылатын  білім  беру  үрдісінің  сапасын  анықтау  мақсатында 

бірнеше бағытта сауалнамалар ұдайы жүргізіліп отырған. Мысалы, 

«Магистранттардың  білім  беру  процессімен  қанағаттануы», 

«Магистранттардың  оқу  бағдарламасын  жүзеге  асыру  сапасына 

қанағаттануы», «Магистранттардың белсенділік дәрежесі, олардың 

әлеуметтік жағдайы». 

-

 



Оқу орнының жоғарғы мәртебесі, түлектердің жұмысқа тұру 

деңгейінің жоғары болуы. 

-

 

Кадрлық құрам үлесіндегі кафедра имиджінің басымдығы, ғылым 



докторлары мен кандидаттарының жеткіліктілігі. 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

Стандарт 5. Профессор - оқытушы құрамы 

  

Оқытушы-профессорлар  құрамы  «Жоғары  оқу  орындарындағы 

оқытушы-профессорлар  құрамының  және  ғылыми  қызметкерлердің 

қызметін  конкурс  арқылы  ауыстыру  Ережелерімен»,  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2012  жылдың  17 

ақпанындағы № 230 бұйрығына сәйкес, сонымен бірге Білім және ғылым 

министрлігінің  2009  жылдың  13  шілдесіндегі  №  338  бұйрығымен 

өзгертіліп,  бекітілген  «Педагогикалық  қызметкерлер  мен  соларға 

теңелетін  тұлғалар  қызметінің  типтік  біліктілігі  сипаттамасымен» 

қалыптасады. ОПҚ-ның сапалық құрамы, мамандықтарға сәйкес, ғылыми 

дәрежесі мен атағының  білім беру бағдарламасына  бейін. 

Оқу-әдістемелік  жұмыстың  нәтижелілігі    білім  беру  үрдісін 

психологиялық-педагогикалық,  дидактикалық-әдістемелік  және  оқу-

материалдық  нысандармен  қамтамасыз  ету  және  оларды  үнемі 

жетілдіруге  байланысты.  Кафедрада    оқу  пәндері  жеткілікті  деңгейде 

қазіргі  заман  талабына  сай  оқу-дидактикалық  материалдармен,  яғни 

портфолио, слайд, электрондық дәрістер, презентациялармен қамтамасыз 

етілген.  Оқу-әдістемелік  жұмыстың  нәтижелілігі    кафедрадағы  оқу-

әдістемелік бірлестіктің жоспарының іске асырылуына да байланысты.  



                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

6М011700  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша    төмендегідей 

ашық сабақтар өтілді: 

1)  28.11.  2016  жылы  ф.ғ.д.,  аға  оқытушы  А.В.Таңжарықова  413 

аудиторияда  «Көркем  мәтінді  талдау  негіздері»  пәні  бойынша  

«Т.Әлімқұловтың Қараой әңгімесінің поэтикасы» атты   семинар сабағына 

қатыстым.  Слайд  арқылы    әңгімедегі  негізгі  тақырыптарына, 

проблемтикасына, 

негізгі 

сарындарға, 

концептілерге 

тоқталды.  

Психологиялық  талдау  арқылы  шығармадағы  кейіпкерлер  жүйесі  жан-

жақты  талданды.  Шығармадағы  Махамбет  образы  мен  оған  қастандық 

етушілердің образдары ашылып, контекстік тұрғыда қарастырылды. 

2)  29.11.2016  п.ғ.д.  доцент  Ж.Т.Дәулетбекованың  «Тілдік  оқытудың 

мотивациялық 

негіздері» 

 

пәні 


бойынша 

«Оқу 


мотивтерін 

қалыптастырудың интерактивті әдіс-тәсілдері» дәріс сабағына қатыстым. 

Пән  оқытушысы  слайд  арқылы  магистранттарға  қазіргі  оқу  үдерісіндегі 

оқу  мотивтерін  қалыптастырудың  негізгі  интерактивті  әдіс-тәсілдері 

туралы жан-жақты ақпарат берді. Дәріс барысында ой шақыру кезеңінен  

бастап,  қорытындылау  кезеңіне  дейін  бірнеше  әдіс-тәсілдердің  үлгісін 

көрсетті.  Дәрістің  соңында  оқытушы  кері  байланыс  орнатып, 

магистранттардан өтілген тақырып жөнінде пікірлерін білді.  

          Мамандардың кадрлық әлеуеті оқытушылардың ғылыми және 

педагогикалық  біліктілігі  жасын,  практикалық  тәжірибесін,  іскерлік 

белсенділігін, қызмет сапасын бірге есептегенде өз қызметіне даярлығын 

айқын көрсетеді.  

          Магистранттар 

таңдауымен 

оқытушыларды 

ауыстыруға  

мүмкіндікті 

қамтамасыз  етуге  барлық  пәндер  бойынша  білікті  оқытушылар 

құрамының  жеткіліктігі,  бұл  білім  алушыларға    пән  оқытушыларын 

таңдауға мүмкіндік береді. 

ПОҚ  еңбек  жағдайын,  білім  беру  құрылымына  қанағаттануын 

бағалау  үшін  кафедрада    сауалнама  жүргізіліп,  қорытындысы    кафедра  

отырыстарында  талқыланады,    шешілмеген  мәселелер  мен    ұсыныстар 

жоо әкімшілігіне шешу үшін жіберіледі.  



 

Айғақтар: 

-

 



Білім беру бағдарламасы аясында ОПҚ-ның оқу жүктемелері мен 

кафедра  бойынша    оқу  пәндерінің  бекітілуін,  оқу  -  әдістемелік, 

ғылыми  ізденісті  қамтыған  жеке  жұмыс  жоспары  мен  есебін 

айғақтайтын құжаттар бар. 

-

 

ЖОО білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын оқытушылардың 



оқу және ғылыми қызметтерінің арақатынас тепе - теңдігі сақталған.  

-

 



ББ-на  қызмет  көрсететін    ПОҚ  жайлы  толық  мәлімет  беретін 

түйіндеме дайындалған. 

-

 

ПОҚ –ның жарияланған ғылыми басылымдары (елде және шет елде) 



кафедрада жинақталған. 

 


                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

Ұтымды жақтары: 

Монография – 16: 2012 ж. – 2; 2013 – 3; 2014 – 5; 2015 – 6. 

Ғылыми  жобалар:  ҚР  Бж  ҒМ  –  2  (2009-2011–  1;  2015-2017  –  1); 

Университет ректорының  гранты бойынша –  8 (2011 – 3; 2012 – 1; 2013 – 

3, 2014 – 1). Ізденімдік-бастамашыл жобалар: Халықаралық – 2 (2014 -1; 

2015- 1); Республикалық - 6 (2014-2017 – 1; 2012 – 1; 2013 – 4).  

Оқулықты даярлау мен баспадан шығару:  2012 ж. – 1 (ЖОО); 2013 

ж. – 1 (мектеп); 2014 ж. – 1 (мектеп); 2015 ж. – 8 (Мектепке арналған); 1-

ЖОО электронды оқулық; 2016 -1 (жоо). 

Оқу құралдарын даярлау мен баспадан шығару: 2011 – оқу құралы: 

мектеп – 1; оқу-әдістемелік көмекші құралдар: мектеп – 2; 2012 – 22 (ЖОО 

– 3, мектеп – 3); Оқу әдістемелік көмекші құралдар – 11; анықтамалық – 1; 

типтік бағдарлама – 4; 2013 – 6 (ЖОО – 1, мектеп – 1); (оқу-әдістемелік 

құралдар мектеп – 2, ЖОО – 2); 2014 –  11 (Оқу құралы: мектеп – 2, ЖОО 

– 5; оқу-әдістемелік құралдар: мектеп:   – 3, ЖОО – 3; 2015-5 (мектепке 

арналған); 3-ЖОО арналған.  

Ғылыми жарияланым: 2011 – 16 мақала (алыс шетел – 6; жақын шетел 

– 0; ВАК – 5; ғылыми басылымдарда – 4); 2012- 55 мақала (алыс шетел – 

5;  жақын  шетел  –  7;  ВАК  –  36;  ғылыми  басылымдарда  –6;);  2013  –  46 

мақала (алыс шетел – 10; жақын шетел – 4; ВАК -7; ғылыми басылымдарда 

– 20; Импакт фактор – 5); 2014 – 31 мақала (алыс шетел – 5; жақын шетел 

– 2; ВАК -7; ғылыми басылымдарда – 14; Импакт фактор – 3); 2015 – 40 

мақала (алыс шетел – 13; жақын шетел – 1; ВАК- 23; Импакт фактор – 5). 

Халықаралық 

және 

республикалық 



конференциялардағы 

жарияланым: 2011 – 30 мақала (алыс шетел – 1; ҚР– 29); 2012 – 19 мақала 

(алыс шетел – 8; жақын шетел – 3; ҚР– 48); 2013 – 43 мақала (алыс шетел 

– 7; жақын шетел – 3; ҚР – 33); 2014 –  62 мақала (алыс шетел – 8; жақын 

шетел – 6; ҚР – 48); 2015 ж. – 4 (алыс шетел); 2-жақын шетел; ҚР – 70). 

Ғылыми мақалалардың ЖОО аралық жинақтардағы жарияланымы: 2011 – 

6; 2012 – 2; 2013 – 13; 2014 – 10; 2015 – 25. 

Жоспарлы ҒЗЖ, ұйымдар арасындағы келісімшарттар бойынша: 2011 

– 2; 2012 – 3; 2013 – 3; 2014 – 1; 2015 – 2.  

Ғылыми (теориялық), ғылыми симпозиумдарға қатысуы: 2011 – 12; 

2012  – 17; 2013 – 11; 2014 – 14; 2015-4 (алыс шетел); 2-жақын шетел; ҚР-

70. 


Монографиялар мен ғылыми еңбектерді рецензиялау: 2011– 2; 2012 – 

3; 2013 - 4; 2014  – 3; 2015  – 6. Диссертацияларды рецензиялау: 2011– 1; 

2012– 2; 2013 – 2; 2014 – 2; 2015– 2. Ғылыми еңбектер мен оқулықтар, оқу 

құралдарын,  монографияларды,  т.б.  редакциялау:  2015  –  1.          Ғылыми 

мақала мен оқу құралдарына пікір беру 

Ғылыми  жұмысты  бітіруге  байланысты  іссапарлар:  2011  –  3;  2012    –  4; 

2013 – 5; 2014  – 7; 2015 – 9.  

ҚР  Әділет  министрлігінің  Зияткерлік  меншік  құқығы  комитетінен 



авторлық құқыққа ие оқытушылар саны – 6 (2013  - 3; 2014-2; 2015- 1).  

                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

Педагог 


мамандардың 

ұйымдастыруымен 

республикалық, 

халықаралық  дәрежедегі  ғылыми-теориялық,  ғылыми-практикалық 

конференциялар: 2011 – 1; 2012 – 3; 2013 – 1; 2014 – 2; 2015 – 2; 2016 – 1.  

 



Біліктілік арттыру курстары: 2011 - 10; 2012  -  8; 2013 – Германи -2; Өрлеу 

4; 2014 – 2 (АҚШ), 5 (өрлеу); 2015 – Португалия – 1; Испания -1; Франция 

-1; Германия -1; Өрлеу -6; Ниш -4. 2016 -3, НИШ -2. 

 

 

Стандарт 6. Оқу ресурстары және студенттерді қолдау 

 Университеттің  қаржы  саясаты  оқу  бағдарламасының  сапалы 

болуын  көздейді.  Студенттер,  оқытушылар  ақпараттық  ресурстармен, 

кітапхана  қорымен,  маманданған  жұмыс  бөлмелерімен  қамтамасыз 

етілген.  Электронды  залда  интернет  жүйесіне  еніп,  жұмыс  жасауға 

мүмкіндік  жасалған,  қызмет  көрсетудің  инновациялық  моделі  іске 

қосылған.  

Оқу  ортасы:  материалдық-техникалық  ресурстар,  қаржыландыру, 

оқу-зертханалық  база,  кітапхана  қоры,  ақпараттыққамтамасыз  ету  білім 

беру бағдарламасын табысты жүзеге асыруға бағытталған. 

Студенттердің  білімдік,  жеке  және  мансаптық  қажеттіліктерін 

жүзеге  асыруда оларды  қолдау  үшін  қызмет  көрсету  құрылымдары  бар: 

тіркеуші офисі, кеңес беру қызметі, кітапхана, ақпараттық және ғылыми-

зерттеу орталықтары, жатақхана, асханалар мен буфеттер, медициналық 

орталықтар, спорт залдары, ғылыми, танымдық-тағылымдық клубтар. 

Ақпараттық  қамтамасыз  ету  бағдарлама  талаптарына  сәйкес; 

кітапхана  оқуға  қажетті  барлық  материалдарды:  оқу,  техникалық, 

анықтамалық  және  жалпы  әдебиетті,  түрлі  мерзімдік  басылымдармен 

қамтамасыз етеді. Мамандыққа қажетті әдебиеттер базасы жасалған. 

Кітапханада  қажетті  әдебиетті  іздеуге  мүмкіндік  беретін  және 

жекелеген  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  материалдардың  электронды 

нұсқасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін электронды каталог бар. 

Барлық  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  студенттер  мен 

оқытушыларды  (мысалы,  Web-сайт  негізінде)  ақпараттық  қамтамасыз 

етудің бірыңғай жүйесі бар: студенттерге, профессор-оқытушыларға және 

қызметкерлерге  ыңғайлы  орындарда  Интернетке  қолжетімділікті 

қамтамасыз ету үшін Wi-Fi аумағы бар. ЖОО-ның заманауи электронды 

базасының деректеріне, оның ішінде шетелдік деректер базасына (Sсopus, 

Tomson Reuters және т.б.) студенттердің қолжетімділігін қолдау мәселесі 

шешілген. 

Зертханалық 

жабдықтарды, 

оқу 


әдебиетін, 

мерзімдік 

басылымдарды, ақпараттық ресурстарды, компьютерлерді алуға бөлінетін 

қаржыландыру динамикасы жасалған. 

ҚР жоғарғы оқу орындары Ассоциациясымен Республикалық ЖОО 

аралық  электрондық  кітапхананың  ресурстарына  қол  жетімділік  туралы 

келісімшарт жасасқан. Келісім шартқа сәйкес оқытушылар мен студенттер 

кітапхана  қорын  пайдалана  алады.  Ұлттық  кітапханамен,    ғылыми 



                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

орталықтандырылған кітапханалармен, басқа да ЖОО кітапханаларымен 

интернет  жүйесі  арқылы  бірыңғай  желіге  қосылған.  Студенттер 

халықаралық  және  республикалық  ресурстарды  қолдана  алады.    Оқу 

материалдары,  бағдарлама  құралдары,    оқу  әдебиеті  мен  қосымша 

ресурстар,  жабдықтар    білім  алушылардың  барлығы  үшін  қолжетімді. 

Қордың  тәжірибелік  комплектеу  тәжірибесі  «Мемлекеттік  сатып  алулар 

туралы»  ҚР  Заңына  сәйкес  негізделген.  Кафедраның  материалдық-

техникалық базасы үнемі жаңаланып, жетілдіріліп, кеңейтіліп отырады.  

 

Айғақтар: 

Университетті  аралау  барысында  университетке  қарасты  94.0  м

көлемдегі  лицензиялы  (Серия  АА-4№016059)  медициналық  пункті, 



университеттің бас оқу ғимаратының жертөлесінде 84 орындық (304 м

2

) 1 



тамақтану залы бар асхана, 2 акт залын (188 м

/ 118,8 м



2

), 3 компьютер 

класын көрдік

 

. Оқу-лабораториялық кабинеттер мамандық дайындаудың 



мақсаты мен міндеттеріне және ғылыми-зерттеудің даму бағыттарына сай 

жабдықталған. Магистранттардың қарауында  мамандық бағытына сәйкес 

жабдықталған  4  оқу  аудитория  бар.  Институтта  4  заманауи 

мультимедиялық  проектор  пайдаланылады,  3  компьютерлік  сынып    36 

соңғы үлгідегі компьютермен жабдықталған және олар интернет желісіне 

қосылған. 

ЖОО  -ның  ақпараттық  қамтылуы  мен  Кітапхана  қорының 

толықтырылу динамикасы кесте арқылы берілген. 

Университет жыл сайын ақпараттық ресурстарға, компьютерлерге, 

зертханалық  базаларды  жабдықтау  құралдарына  университеттің  жалпы 

қаржы  көлемінен  қаржы  бөлуді  көбейтіп  отырғандығы  қаржы  бөлімінің 

жоспары мен есебінде көрсетілген.  

Университет  ОПҚ  және  магистранттары  арасында  жүргізілген 

сауалнама  нәтижелері  бойынша  білім  алушылардың  контингентіне  сай 

соңғы үлгідегі компьютерлер санының артқаны, шет тілдеріндегі оқу және 

ғылыми әдебиеттердің қоры ұлғайғандығы байқалды.  

Аудиторияларды,  оқу  және  ғылыми  лабароторияларды  (соның 

ішінде виртуальды), компьютерлік сыныптарды, оқу залдарын, ғылыми- 

әдістемелік  кабинеттерді  аралаған  кезде  олардың  жетілікті  деңгейде 

қамтамасыз етілгені байқалды.  

ОҰҚ  барлық  мамандық  бойынша  білім  алып  жатқан  студенттер 

халықаралық және республикалық ресурстарды қолдана алады. 

Жұмыс  тәжірбиесі  бойынша  кітапханалардың  барлығы  дерлік 

кітапханааралық  онлайн  жүйелерге    көшкен,  оның  басты  ерекшелігі  – 

құжаттардың  электронды  түрде  жеткізілуі,  ол  дегеніміз  осы  жүйені 

пайдаланушы  кітапханаға  келмей-ақ,  өзіне  қажет  мәліметке  тапсырыс 

бере алады.  

 

 



Ұтымды жақтары:  

                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

Аудиторияларды,  оқу  және  ғылыми  лабароторияларды  (соның 

ішінде виртуальды), компьютерлік сыныптарды, оқу залдарын, ғылыми- 

әдістемелік  кабинеттерді  аралаған  кезде  олардың  жетілікті  деңгейде 

қамтамасыз етілгенін көрдік.  

Университетте 

зертханалық 

құрал-жабдықтар, 

ақпараттық 

ресурстар,  компьютерлер  алуға  бөлінетін  қаржы  құралдарының  жыл 

сайын динамикалық артуын байқауға болады. 

Университетте  компьютерлік  бағдарламалармен  қамтамасыз  ету 

жыл  сайын  бір  рет  жаңартылып  отырады.  Университет    қызметінің   

барлық  бағыттары    лицензиялық  бағдарламамен  қамтылған.    Оқу 

бөлмелері  жиһаз,  компьютерлік  техника,  дәстүрлі  және  интерактивті 

тақталармен, көрнекілік стендтермен қамтылған.   Компьютерлік сынып   

Microsoft  Office  (Word,  Excel,  Power  Point,  Corel  Draw),  Internet  Explorer 

және  т.б.  бағдарламалар  салынған  компьютермен  қамтылған.  Барлық 

компьтерлер желімен байланысып, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және 

бейнелік ақпарат жолдауға мүмкіндік береді.  

АСУУП ақпараттық желісінде Web - порталдың болуы оқу үрдісін 

кешенді басқаруға қол жеткізеді. Web-сайт университеттің құрылымдық 

қызметтерінің  барлық  бағыттарын:  университет  миссиясын,  мақсаттары 

мен  міндеттерін,  ғылыми,  тәрбие  жұмыстарын  қамтиды.  Бүгінгі  күні 

ақпараттық ағындарды оңтайландыру шарасы қолға алынуда. Электронды 

және  магнитті    тасымалдағыштардағы  оқу-әдістемелік  әдебиет  қоры 

электронды  басылымдардан  CD  бейне  және  аудио  кассеталарға   

орналастырылады.  

 



жүктеу 238.43 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет