Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі- iqaa



жүктеу 238.43 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата29.04.2017
өлшемі238.43 Kb.
  1   2   3

 

 

 



 

 

 



БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ- IQAA 

 

 

 

 

 



 

 

 

2016 жылдың  28-29 қарашасында  «6М011700 - Қазақ тілі мен 

әдебиеті» білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу 

аясында ұйымның өзін-өзі бағалау есебін оқу және аудит нәтижесі 

негізінде білім берудің сапасын қамтамасыз етудің тәуелсіз 

қазақстандық агенттігінің сарапшылар  тобының   

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінде

 

 

ӨТКІЗІЛГЕН СЫРТҚЫ АУДИТ БОЙЫНША ЕСЕБІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана  2016 жыл 

 

 

                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

СОСТАВ ЭКСПЕРТНОЙ ГРУППЫ 

 

 

Карбозова Гульнара Кумисбековна 



Руководитель группы, 

Заведующая кафедрой английского языкознания 

Южно-Казахстанского государственного 

университета имени М. Ауэзова, к.ф.н., доцент 

 

 

 



 

 

 



Jolita Šliogerienė, Международный эксперт 

Director of  the Institute of Philosophy and 

Humanities Professor, 

Mykolas Romeris university, 

Vilnius , Lithuania

 

 



 

Копбаева Меруерт Рахымбаевнаэксперт 

Заведующая кафедрой филологии и 

журналистики Таразского государственного 

университета имени Х. Дулати, д.ф.н., профессор 

 

 

 



Кыяхметова Шара Асетовнаэксперт 

к.ф.н., доцент кафедры казахского языка и 

литературы,

 

Жетысуский государственный 



университет имени И. Жансугурова 

 

 

 

 

Сакенова Рахима Болекбаевна  



Представитель работодателей 

Директор специализированной гимназии № 12, 

кандидат педагогических наук  

 

 



 

Жолдасбай Бейбарыс Илиясулы  

Представитель студентов 

Магистрант второго года обучения 

Алматинского технологического университета, 

специальность «Информационные системы» 

 

 

 



 

 

                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

 

 

 

 

 

 

                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

  

   

1 ТАРАУ 

 

 

ЖОО-ның негізгі сипаттамасы 

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (әрі қарай 

Абай  ат.  ҚазҰПУ)  2003  жылы  26  қыркүйектегі    №1201  Қазақстан 

Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ұлттық мәртебе  алды. 

Университет  бакалавриаттың  51  мамандығы,  магистратураның  52  

мамандығы  бойынша  және    PhD  докторантурасының  19  мамандығы 

бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға мүмкіндік 

береді.     

Университеттің негізгі қызметі – мектептер мен басқа да білім беру 

ұйымдарына,  білім  беруді  басқару  органдарына  ғылыми-педагогикалық 

кадрлар даярлау; ғылыми әлеуетті дамыту арқылы республиканың тұрақты 

білім  сапасын  арттыру,  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелерін  және 

инновациялық  технологияларын  оқу  үдерісіне  тиімді  енгізу,  халықаралық 

ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. 

 «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясының  тұжырымдамасы,  «Мәңгілік  ел»  

курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленді және оқулығы жарыққа шықты.  

2015 жылдың мамыр айынан бастап университетте «ҚР жоғары оқу 

орындарына  арналған  инклюзивті  білім  беру  бойынша  ресурстық 

консультативтік орталығы» жобасы жұмыс істейді. 

Университеттің педагогикалық және ғылыми қызметі, сондай-ақ білім 

берудің  алдыңғы  қатарлы  деңгейі  төмендегідей  құжаттармен  расталған: 

Білім  беру  қызметіне  берілген  Мемлекеттік  лицензия  (2003  ж.); 

Мемлекеттік  аттестация  (2003  ж.,  2007  ж.,  2010  ж.,  2012ж.); 

Институционалдық  аккредитация  (2010  ж.,2014ж.);  12  жылдық 

халықаралық  аккредитациялық    бакалавриат  пен  магистратура  білім  беру 

бағдарламалары  (ASIIN  (Германия)  2012  ж.,  2015  ж.);  ISO  9000  сапа 

менеджменті  жүйесінің  сертификаты  (2008  ж.,  2011  ж.);  ЮНЕСКО 

халықаралық педагогикалық желіге қосылуы (2006 ж.); «Сапа саласындағы 

жетістіктері үшін» ҚР-ның Президентінің сыйақысы (2007 ж.)  

QS  World  University  Rankings  рейтингісі  бойынша  Абай  атындағы 

ҚазҰПУ 2015 жылы қыркүйек айында  601+ позициясында тұрақтады. 

QS  University  Rankings:  EECA  рейтингісі  бойынша  2015  жылы  74 

орында тұрақтады және Еуропа мен Орталық Азиядағы университеттердің 

100-топтығына енді.  2016 жылғы «Webometrics» рейтингісі бойынша Абай 

ат.  ҚазҰПУ  әлемдегі  23443  университеттердің  арасында  7442  орынды 

иеленген. Абай ат. Қаз ҰПУ педагогикалық мамандықтарды дайындайтын 

қазақстандық университеттердің  арасында жыл сайын алдыңғы орындарда 

келеді.  Филология  институты  мамандықтары  бойынша  студенттерді 

қабылдау ЖОО-ның негізі қаланған 1928 жылдан бері жүргізіліп келеді. 

 


                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 2 ТАРАУ 

 

ЭКСПЕРТТІҢ СЫРТҚЫ АУДИТ БОЙЫНША ЕСЕБІ 

 

КІРІСПЕ 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  (әрі 

қарай-Абай ат. ҚазҰПУ) Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 6М011700 Қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  кәсіби  маман  дайындау  ісін    2004 

жылдан  бастап жүзеге асырып келеді.  

Кафедраның негізін қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеті саласында еңбек 

еткен ірі тұлғалар, көрнекті ғалымдар қалады. Алғашқы кезеңде кафедраны 

қазақтың  біртуар  азаматтары  А.Байтұрсынұлы  (1928-1929жж.)  мен 

Қ.Жұбанов (1932-1937жж.) басқарды.   

1937 жылы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедралары өз алдына жеке 

кафедра  болып  бөлінді.  Қазақ  тілі  кафедрасын  Сәрсен  Аманжолов  (1937-

1941жж.,  1943-1958жж.),  Дәулетияр  Әлімжанов  (1961-1971жж.),  Ғабдолла 

Қалиев  (1958-1961жж.,  1972-1973жж.),  Жамал  Болатов  (1977-1978жж.), 

Фатима  Мұсабекова  (1979-1988жж.),  Сейілбек  Исаев  (1988-1989жж.), 

Нұржамал  Оралбаева  (1989-1997жж.),  Фаузия  Оразбаева  (1997-2014  жж.) 

басқарып,  кафедраның  тіл  білімі  мен  әдістеме  ғылымының  қара 

шаңырағына  айналуына  атсалысты.    2014  жылдан  бастап  педагогика 

ғылымдарының  докторы,  доцент  Жанат  Дәулетбекова  жемісті  басшылық 

етіп келеді.  

2015  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап  «6М011700  –  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті» мамандығына  маман даярлаушы кафедра ретінде қазақ тілі мен 

қазақ әдебиеті кафедралары біріктіріліп,  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 

өз жұмысын бастады.  

88  жылдық  бай  тарихы  бар  кафедрада  Сәкен  Сейфуллин,  Саттар 

Ерубаев,  Мұхтар  Әуезов,  Сәбит  Мұқанов,  Хамза  Есенжанов,  Телжан 

Шонанов, Ісмет Кеңесбаев, Ахмеди Ысқақов сынды ұлы тұлғалармен қатар 

қазақ тіл білімінің қабырғалы қайраткерлері Е. Исмайылов, М. Қаратаев, Б. 

Шалабаев,  Ә.  Есмәмбетов,  Д.Әбілов,  Қ.Жармағанбетов,    Т.Нұртазин, 

М.Хасенов,  Ш.Кәрібаев,  А.Тоқпанов,    Т.Әбдірахманов,  М.Сәрсекеев,  Х. 

Әдібаев,  Р.Рүстембекова,  М.  Мырзахметов,  М.Мағауин,  С.Мақпырұлы,  

Н.Келімбетов,  Ө.Тыныбаева,  Т.Сыдықов,  Ғ.Қалиев,  М.  Жолдыбаев, 

Ө.Тұрманжанов  Д,Әлімжанов,  А.Әбілақов,  Н.Оралбаева,  Қ.Қасабекова 

және    т.б.  қызмет  атқарып,  республиканың  білім  мен  ғылым  саласында 

білікті мамандар даярлауға  өлшеусіз үлес қосты. Олардың ерен еңбектері 

нәтижесінде  филология  факультетінде  білім  алған  түлектердің  ішінен  

көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері, атақты ақын-жазушылар, 

әдебиетші, тілші ғалымдар шықты. 

Бүгінгі таңда кафедра ұжымы аға буын негізін қалаған ғылыми,  оқу-

әдістемелік  жұмыстарды  абыроймен  жалғастырып  келеді.  Қазіргі    кезде 

кафедра  құрамында  11 ғылым  докторы, 14 ғылым  кандидаты, 1 PhD, 4 

магистр, 5 аға оқытушы  еңбек  етеді. Олар: тілші ғалымдар: п.ғ.д., проф. 


                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

Ф.Оразбаева,  ф.ғ.д.,  проф.  Б.Қасым,  п.ғ.д.,  доц.  Р.Рахметова,  филология 

ғылымдарының  кандидаттары:  А.Қобыланова,  М.Жүнісова,  С.Жиренов, 

Ж.Жұмабаева,  Н.Әміржанова;  педагогика  ғылымдарының  кандидаттары: 

А.Рауандина, 

Ж.Қоқанова; 



әдебиетші 

ғалымдар

ф.ғ.д., 


проф. 

Т.Рахымжанов,  п.ғ.д.,  проф.Т.Жұмажанова,  п.ғ.д.,  проф.  Б.Сманов,  ф.ғ.д., 

проф.  С.Асылбекұлы,  ф.ғ.д.  А.Таңжарықова,  филология  ғылымдарының 

кандидаттары:  М.Бекбосынов,  М.Әліпхан,  Д.Сатемирова,  А.Ибраева,  

Г.Есіркепова,  Г.Асқарова;  педагогика  ғылымдарының  кандидаттары: 

К.Әбілқасымова,  А.  Тамаев;  PhD  докторы  С.Серікова,  аға  оқытушылар: 

Р.Бақбергенова,  А.Юсуп,  Ж.Әшіров,  Г.Б.Тоқшылықова,  С.Қ.Сыздықов,  

Ж.Сәметова, Г.Мақаш және т.б. болашақ мамандарға заманауи талаптарға 

сай  білім  беруде.Кафедра  жұмысы  үш  бағытта  жүргізіледі:  ғылыми-

теориялық,  ғылыми-әдістемелік,  оқу-тәрбиелік.    Есеп  берілген  уақытта 

Филология  институты  Қазақ  тілі  мен  әдбиеті  кафедрасы  ұжымы  жоғары 

және  жоғары  білімнен  кейінгі  бағыттар  бойынша  төмендегідей  мамандар 

даярлайды:Бакалавриат  5В011700  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті;  Магистратура 

6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті; Докторантура 6D011700 Қазақ тілі мен 

әдебиеті. 

6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша 

бакалавр  дайындау  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті білім беру стандартына сәйкес, №  0137373 мемлекеттік лицензия 

(03.02.2010ж.) негізінде жүзеге асырылуда.

  

6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті ББ мақсаты мен міндеттері Қазақстан 



Республикасы  және    Қазақстан  Республикасының  динамикалық  дамуына 

әсер етуші мәдениет және өнер, білім, экономика, құқық саласына қажетті, 

Болон декларациясының принциптеріне сәйкес кәсіби құзыреттілігі жоғары 

мамандар дайындау болып табылады.  



 6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының контингенті: 

 1-курс бойынша барлығы - 23 (грант, күндізгі) 

 ІІ-курс бойынша барлығы - 21 ( грант, күндізгі)  

6М011700  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  білім  беру  бағдарламасының 

стратегиялық  менеджменті  мамандық  бойынша  білім  берудің  барлық 

үдерісін қамтиды және бағдарламаның ұзақ мерзімді жетістігіне әрі тұрақты 

болуына  бағытталған.    ББ  қоғам  мен  еңбек  нарығы  сұраныстарына  орай 

қайта  қаралып  тұрады.  Бағдарлама  мақсаттарының  тиімділігін  тәжірибе 

базалары,  жұмыспен  қамтамасыз  ететін  аймақтық  ұйымдармен  өзара 

келісім  негізінде  енгізілген  элективті  пәндер  қатары  және  түлектердің 

қорытынды бағалары дәлелдейді. 

Білім бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету аясындағы саясат пен 

мамандарды 

даярлау 


барысында 

білім 


беру 

бағдарламасын 

тұтынушылардың талаптарын, студенттердің басқару үдерісіне араласуын, 

білім  беру  бағдарламасын  жүйелі  түрде  іске  асыру,  білім  сапасын  үнемі 

арттырып отыру негізге алады. ББ-ны жетілдіруге және сапасын арттыруға, 

білім алушылар мен жұмыс берушілердің талап-тілектеріне назар аударуға 

айрықша  көңіл  бөлінеді.  Бұл  тұрғыда  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасы 


                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

білім  бағдарламасын  тәжірибелі,  білікті,  ғылыми  дәрежелері  бар 

кадрлармен  жасақталған.  Студенттердің  ПОҚ  ұсынған  пәндерді  ғылыми-

шығармашылық  бейімділігіне,  қызығушылық  бағыттарына  қарай  еркін 

таңдауларына толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар оқитын пәндердің оқу-

әдістемелік кешендерін және анықтамалық сипаттағы т.б. материалдарды, 

іс-тәжірибеден  өту  барысында  жасалатын  жұмыс  жөніндегі  нұсқаулық 

материалдарды, сондай-ақ электронды кітапхана ресурстарын пайдалануға, 

өз  беттерінше  ізденуге,  СОӨЖ  уақытында  оқытушылармен  еркін  пікір 

алмасуға, яғни оқытушылардың ғылыми әрі педагогикалық әлеуетін тиімді 

пайдалануға толыққанды жағдай жасалған. 

  6М011700-Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығын  бітіруші  түлектер 

жоғары,  арнаулы  және  орта  оқу  орындарында  оқытушы,  ғылыми-зерттеу 

институттарында  ғылыми  қызметкер,  бас  маман,  тілші,  әдебиетші, 

терминология бөлімінің қызметкері, әдеби қызметкер, ғылыми басылымдар 

редакцияларында  ғылыми  редактор,  баспа  орындарында  редактор  ретінде 

жұмыс істейді: әр жылдары осы мамандық бойынша бітірген түлектер біздің 

кафедрада (ф.ғ.к., доцент Г.Раева, п.ғ.к., аға оқытушы Г.Кенжебаева, ф.ғ.к., 

аға  оқытушы  С.Жиренов,  ф.ғ.к.,  аға  оқытушы  Н.Амиржанова,  докторант, 

оқытушы Г.Мақаш, докторант, аға оқытушы С.Серикова) ҚР ҒА тіл білімі 

институты мен әдебиет және өнер институттарында ғылыми қызметкерлер 

(О.Жұбаева);  ҚР  ЖОО-ында  (ҚазмемқызПУ  Тіл  теориясы  және  оқыту 

әдістемесі  кафедрасының  меңгерушісі,  п.ғ.к.,  қауымдасқан  профессор 

Ш.Л.Ерғожина),  Алматы  технологиялық  университетінің  қазақ  тілі 

кафедрасында,  Каспий  қоғамдық  университеті  Тіл  пәндері  кафедрасында 

оқытушы қызметтерін атқарып келеді. 

 

Мамандық рейтингтері: 

1.

 



ҚР  БжҒ  министрлігі  Болон  процесі  және  академиялық  ұтқырлық 

орталығы ҚР жоғары оқу орындарының арасында Ұлттық рейтинг -

2013 3-орын

2.

 



Білім  беру  сапасын  қамтамасыздандыру  Тәуелсіз  Қазақстандық 

агенттігі  Қазақстан  ЖОО-  білім  беру  бағдарламаларының  рейтингі 

2014, 

Білім 


беру 

филологиялық 

ғылымдар 

(бакалавриат) 

бағдарламаларының бағыты бойынша 2-орын

3.

 

2015  жылғы  Рейтинг  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университеті 

Аккредиттеужәнерейтингтіңтәуелсізагенттігінің 

(АРТА) 2015 жылдың ЖОО ұлттық рейтингісінен 1-орын; 

4.

 



4.2016 жыл АРТА-ның тәуелсіз рейтингінен «Білім» бағыты бойынша  

2-орын иеленді. 

 

Мамандандырылған аккредитация стандарттарына сәйкестігі 



 

Стандарт 1. Білім беру бағдарламасының  мақсаты  және   сапамен 

қамтамасыздандыру саласындағы саясат 

                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

 6М011700  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  білім  беру  бағдарламасының  

мақсаттары  университеттің  миссиясы,  мақсаттары  мен  міндеттеріне 

сәйкес іске асырылады. 

   6М011700  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  білім  беру  бағдарламасы  

ғылымның соңғы жетістіктеріне, білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті 

стандартына,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  білімінің    мазмұны 

бойынша және магистрлерді даярлау талаптарының дәрежесіне сай. 

Білім  беру  бағдарламасының  мазмұны    аталмыш  мамандықтың 

МЖМБС-да, мамандықтың оқу-әдістемелік кешенінде көрісетілген. 

 6М011700  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  ББ-ның  

мақсаты қоғамның, экономиканың, еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес 

келеді.  ББ  әзірлемесінің  басты  бағыттары  өзінің  негізінде  филология 

ғылымдарының  заманауи  талаптарына  және  қоғамның  әлеуметтік 

сұраныстарына    жауап  береді.  Қазақстанның  заманауи  үдемелі  даму 

кезеңінде  тіл  саясатын  жүзеге  асыруға  ерекше  назар  аударылуда,  бұл 

мәселе білім беру бағдарламалары  мазмұнында қисынды түрде көрінуде.   

Кафедра  ОПҚ-ның  ғылыми  әлеуеті,  материалдық-техникалық 

базасы,  кітапхана  және  ақпараттық  қоры  магистр  дайындауға  толықтай 

мүмкіндік  береді.  Білім  беру  бағдарламасы  бойынша  мамандарды 

даярлауда ұлттық және аймақтық мүдделер ескерілген.  

 

Айғақтар: 

-

 

Әрбір  үйренушіге  білімді  игергеу,  жеке  шығармашылық  қабілетін 



белсендіруге және дамытуға  қолайлы жағдай туғызып, ақпараттық-

білімдік ортаға қолжетімділік жасаған. Оn-line және off-line режимі  

түрінде  кеңес  беру  (видеоконференции,  чат,  телефон  арқылы 

сөйлесу),    (электронды  пошта,  тапсырма  бойынша  оқулықпен 

жұмыс, т.б.) өткізіледі. Магистранттар үшін қажетті оқу-әкімшілік 

және 


оқу-әдістемелік 

ақпараттарға 

қолжетімділікті 

(

http://kaznpu.kz/student/



арнайы 


сайт 

беттері, 

«Platonus» 

автоматтандырылған ақпараттық жүйесі  қамтамасыз етеді.  

-

 

Жұмыс  берушілермен  сұхбат  барысында  «6М011700  –  Қазақ  тілі 



мен әдебиеті» мамандығының модульдік білім беру бағдарламасын 

әзірлеуде жұмыс берушілер тартылатындығы және олармен бірлесе 

отырып,  модульдік  білім  беру  бағдарламасының  типтік  оқу 

бағдарламасына 

сәйкестігіне 

сараптама 

жүргізілетіндігі 

айқындалды.   

-

 

Оқу  жылының  көлемінде  кафедра  магистранттардың  мансабының  



мониторингісін өткізеді және  бітірушілер туралы мәліметтер қорын 

құрып,  үнемі  жаңартып  отырады.    Жұмыс  берушілермен  тығыз 

байланыс  жасау  мақсатында  жыл  сайын  белсенді  іс-шаралар 

ұйымдастырылады,  бітірушілерді  жұмысқа  орналастыру  бойынша 

сауалнама-келісім  ұсынылады  және  бос  орындарға  жәрмеңке 

ұйымдастырылып,  өткізіледі.  Жұмыс  берушілермен  бірлесе  



                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

бітірушілердің ресми - іскерлік қасиеттерін, дағдыларын және білім 

сапасын  тексеру мақсатында сауалнама жүргізіледі, іс-тәжірибенің 

жетекші мамандары  пікір беруші, диссертация жұмысына оппонент  

ретінде тартылады.  

 

Ұтымды жақтары:  

Филологиялық  білім  берудің  негізін  кеңейту  мен  тереңдету 

мақсатында  элективті  модульдер  енгізілген

.

    Элективті  модуль    пәннің 



мазмұнын,  әдебиеттің  тарихи  кезеңдері  мен  қазақ  тіл  білімінің  негізгі 

салаларын  қамтитын,  үйренушінің  ой-өрісін  тереңдетуге,  қажетті 

ақпаратпен қамтамасыз етуге мақсатталған.   

Соңғы 4 оқу жылында 18 магистрант әлемнің жетекші жоғары оқу 

орындарында ғылыми тағылымдамадан өткен. Іссапардың мақсаты – алыс 

және  жақын  шетелдердің  жалпыға  танымал  жетекші  оқу  орындарында 

дәріс  сабақтарына  қатысу  және  тыңдау,  сондай-ақ  ЖОО-ның  ғылыми-

зерттеу жұмысымен танысу. 

Болон  үрдісінің  келісімдерін  жүзеге  асыру  үшін      университет 

обсерватория алқаларының шешімімен Университеттердің Ұлы Хартиясы 

құрамына  енген  600  әлемдік  лидер  университеттері  санына  кіреді.   

Университет Еуразия қауамдастығы университеттерінің белсенді мүшесі 

болып табылады және заманауи технологиялар мен жоғары классикалық 

білім берудегі  бірегей бағалы тәжірибені біріктіруімен өзгешеленеді.  

 

 

 

Стандарт 2. Білім беру бағдарламасын әзірлеу, бекіту және 



ақпаратты басқару 

 

6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім беру 



бағдарламасының  мақсаты  кәсіби  және  әлеуметтік  құзыреттілікке 

бағытталған    теориялық  және  практикалық  бағыттар  талаптарына  сай 

әзірленген.  

Педагогикалық  іс-тәжірибе    білім  берудің  жалпыға  міндетті 

стандартына сай жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасында тәжірибе 

түрлері  бойынша  үйренушінің  педагогикалық,  ғылыми,  ғылыми-

зерттеулік және өндірістік тәжірибеден өтуі қарастырылған.  

Магистранттарды  кәсіби  мамандыққа  баулу,  іс-тәжірибені    өткізу 

мақсатымен  келісім-шарт  университет  кафедраларымен  жасалынған.  Іс-

тәжірибе  жетекшілігіне  тәжірибелі,  кәсіби  біліктілігі  жоғары  мамандар 

тағайындалған.    Мамандық  бойынша  іс-тәжірибе  бағдарламалары  мен  

әдістемелік нұсқаулар әзірленген.  

Кафедра 

даярлайтын 

үш 

деңгейлі 



мамандықтағы 

білімалушылардың  оқу  жетістіктері  әрбір  аралық  бақылаулар  мен 

қорытынды  бақылаудан  кейін  мониторингтен  өткізіледі,  әрбір  модуль 


                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

бойынша білім жетістіктері қаралады, эдвайзерлер бұл мәселеге тікелей 

жауапты. 

Білім  беру  бағдарламасының  мазмұны  оқу  жоспарының  міндетті 

компоненті  бойынша  МЖМБС-ның  талаптарына  сәйкес.  Мамандық 

бойынша негізгі кәсіптік оқыту  жалпыға міндетті білім беру стандартына 

сәйкес жүзеге асырылады.  

Пәннің  жүргізілуіне  жауапты  кафедра  ПОӘК  жасайды.  ПОӘК 

барлық  ББ  бойынша  магистратураны  бітірушілердің    моделінің  

параметрлеріне  сәйкес  келеді.  ПОӘК  пәннің  типтік  немесе  оқу 

бағдарламасы,  пәннің  жұмыс  оқу  бағдарламасы,  силлабус,  семинар 

сабақтарына  дайындалуға  арналған  материалдардың  дәрістік  кешені, 

СӨЖ,  СОБӨЖ,  аралық  және  қорытынды  бақылауды  ұйымдастыруға 

арналған  материалдар,  пәнді  қамтамасыз  етудің  ақпараттық-әдістемелік 

картасынан  тұрады.  ПОӘК  кафедраның    жетекші  мамандарының 

резенциялауымен,  жоо-ның  және  факультеттің  әдістемелік  кеңесінде 

талқыланған және  бекітілген.  

       


Айғақтар: 

-

 



Сабаққа 

қатысқан 

кезде 

слайд 


дәріс, 

бейне 


дәрістер 

қолданылатындығы байқалды. 

-

 

Базалық  және кәсіби пәндер арнайы жабдықталған дәрісханаларда 



өтеді.  Атаулы  дәрісханалар  оқу,  ғылыми  және  ақпараттық 

әдебиеттермен қамтамасыз етілген.  

-

 

Кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуы педагогикалық және зерттеу іс-



тәжірибе  барысында,    ҒЗЖ  апробациялау  конференцияларында 

жүзеге  асырылады    (мемлекеттік  аттестациялау  комиссиясын 

төрағасының есептері, ББ бітірушілері мен үйренушілердің қызметі 

туралы жұмысберушілердің пікірлері, тәжірибе бойынша есептері, 

білім беру бағдарламасы бітірушілерінің сауалнамасы, әдістемелік 

секция отырысының хаттамалары).  

-

 

МОӘК Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және 



мамандықтардың  типтік  оқу  жоспарына  сәйкес  жасалған.  Онда 

мамандықтың мемлекеттік лицензиясы, типтік оқу-бағдарламалары, 

МЖМБС т.б.құжаттар енгізілген. 

-

 



Білім  беру  бағдарламасының  әр  деңгейі  бойынша  арнаулы 

мамандардан  құрылған  комиссия  құрамы  арқылы  мамандық 

бағдарламасының  Ұлттық  біліктілік  жүйесіндегі  құжаттарға: 

Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің 

мемлекеттік жалпыға міндетті  стандартын (ҚР 23.08.2012 №1080); 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  саласының  типтік  оқу  жоспарына;  Оқу 

үдерісін  кредиттік  оқыту  жүйесі  бойынша  ұйымдастырудың 

ережелері  мен  (ҚР  БҒМ  20.04.2011)  БҒМ  (№198  02.06.2014) 

бұйрығына, қызмет аясындағы кәсіби стандарттар талаптарына сай 

сипатталуы арнайы тексеріледі. 



 

                Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

Ұтымды жақтары: 

         Білім  беру  бағдарламасы  бойынша  жоғары  білікті  кадрлар 

тартылған. Базалық және бейінді пәндер бойынша тек ғылыми дәрежесі 

бар оқытушылар сабақ жүргізеді.  Және де оқу барысында университеттің 

материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалану қарастырылған.  

          Магистратураның  білім  беру  бағдарламаларында  кәсіби  қызметке 

дайындауға,  интеллектуалдыққа,  академиялыққа    және  де  практикалық 

дағдыларға  бағытталған  компоненттер  бар.      Аталмыш  компоненттер  

кәсіби кезеңнің міндетті және элективті пәндерінен тұрады.   

          Білім 

беру  бағдарламаларындағы  өзгерістердің  қажеттілігі 

жұмысберушілердің  пікірлерін  ескеру  негізінде,    МАК-тың,    іс-

тәжірибенің  қорытынды  құжаттарында,    ЖОО  жүргізген  сауалнама 

нәтижелерінде,  сондай-ақ  ББ  жүзеге  асыру  нәтижелерін  талдауда,  оқу 

және оқу-әдістемелік жұмысты жақсарту бойынша ректораттың шешімі, 

ОПҚ есептерінде көрініс алған ұсыныстар негізінде анықталады. 

           Университетте  қазақстандық  автоматтандырылған  кітапханалық-

ақпараттық жүйе бар. Магистранттар республикалық ЖОО аралық және 

халықаралық электронды кітапхана қорын пайдалана алады.  

 

 



жүктеу 238.43 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет