Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы


Пайдаланған əдебиеттер тізімі



жүктеу 5.22 Kb.
Pdf просмотр
бет15/21
Дата12.06.2017
өлшемі5.22 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.  Журналы и служебные записки дипломата А.И.Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1756 гг.). 
– // История Казахстана в русских источниках XVI-XXвеков. Том 3. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2005. – 484 б.
2.  Казахско-русские отношения в XVI-XVIIIвв. Сборник документов и материалов. – Алма-Ата, Изд-во АН 
КазССР, 1961. – 744 б.
3.  Материалы по истории политического строя Казахстана. Сборник. Том 1. – Алма-Ата, 1960.
4.  Исин А. Əбілқайыр ханның хатын қалай дұрыс оқыған дұрыс. – // Абай. – 2001. – № 2. – 42-44 беттер.
 

89
КƏСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
STRATEGY AND PRACTICE OF VOCATIONAL EDUCATION

90
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫН 
ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АТАЖАНОВ И.И. 
тех. ғыл. канд., доцент 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ.
Елбасымыз кезекті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, рефор ма, даму» атты халыққа 
Жол дауында бүкіл əлемде жүріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуда аянбай еңбек етіп, өзіміздің 
дайын даған отандық тауарларымызды елімізде жəне сыртқа сату арқылы жағдайымызды жақсартуға 
болатындығын баса айтты [1]. Қазақстанның əрбір тұрғынының арнайы білімі болуы керектігін əрі та-
уарларды жасап жатқан жұмысшылардың еңбегін бағалау қажеттігіне назар аударды. Елбасы енді 2017 
жылдан бастап тегін кəсіптік-техникалық білім беру жүйесі енгізілетіндігін мəлімдеді. Шетел инвести-
циясын жəне жаңа технологияларды тарта отырып, өндірілген тауарлар экспортын ұлғайту арқылы көп 
қаржы елімізге келетін болады. Дүниежүзілік сауда ұйымына толық мүше болу арқылы елімізге жаңа 
сапалы өнімдер келетін болғандықтан Қазақстан тұрғындары арзан тауарларды сатып алу жəне өзіміз-
де өндірілген тауарларды сату арқылы тұрмыс жағдайын көтеретін болады. 
Мемлекет басшысы алдымызға қазақстандықтардың сапалы əлеу меттік үлгі-қалыптары мен кəсіби 
біліктілігі жүйесін экономикалық белсенді тұрғындар арасына енгізу міндетін қойды. 
Бүгінде  əлеуметтік  дамудың  жаһандық  тренді  жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамында  жұмысшылар  өз-
дерінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  жақсы  білгенмен,  қорғауға  келгенде  түрлі  кедергілерге  тап 
болып жатады. Оған сауатсыздық, белсен діліктің төмендігі, бюро краттық кедергілер кері əсер етеді. 
Қазақстанда қауіпсіздік шараларының жасалмауы салдарынан өндірістік жарақаттардың кездесуі аз 
емес. 2015 жылы жұмысшылар түрлі дəрежеде дене жарақатын алып, қаза тапқандар бар. 2014 жылмен 
салыстырғанда көрсеткіштің төмендегені байқал ғанымен, жұмыс беруші тарапынан қауіпсіздік талап-
тары əлі де толық сақтала бермейді [2]. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті мамандардың өз 
міндетіне салғырттығы негізгі себеп санал ғанымен, жауапкершіліктен бірінші басшы да тысқары қала 
алмасы анық. Өкініштісі сол, бюджеттік мекемелер мен ауыл шаруашылығы, құрылыс, теміржол көлігі, 
шағын жəне орта бизнес салаларында қайғылы оқиғалардың азаймауы ойлантпай қоймайды. Бұл сала-
ларда еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері күн тəр тібінде өткір тұру қажет. 
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15-бабының 6 тармақшасына 
сəйкес [3] Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  қаулы  қабылдады  Елімізде  қауіпсіздік  жəне  еңбекті 
қорғау аясындағы нормативтік-құқықтық актілер əлемдік тəжірибеге сəй кес тендірілген [4]. 
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу кезінде 
мыналар қамтылуы тиіс:
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
6) өндірістік (технологиялық) процестерге қойылатын талаптар;
7) өндірістік орын-жайларға қойылатын талаптар;
8)  өндірістік  алаңдарға  (өндірістік  орын-жайлардан  тыс  жерлерде  орындалатын  процестер  үшін) 
қойылатын талаптар;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптар;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына жəне жұмыс орындарының ұйымдастырылуына 
қойылатын талаптар;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдер мен өн-
діріс қалдықтарын сақтау жəне тасымалдау тəсілдеріне қойылатын талаптар;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету жəне демалу режимі;
14) қызметкерлерді кəсіптік іріктеуге жəне олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелері 
бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптар;
15)  өндірісте  жұмыс  істейтіндерді  арнайы  киіммен  жəне  басқа  да  жеке  жəне  (немесе)  ұжымдық 
қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;
16) қорғаныш құралдарын қолдануға қойылатын талаптар;

91
17) қызметкерлерді санитариялық-тұрмыстық орын-жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар 
қамтамасыз етіледі.
Болашақ  мамандарды  оқыту  кезінде  жүктелген  міндеттерге  сəйкес  алдағы  басты  мəселе  ең бек 
заңнамасы, қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау аясында аза маттардың конс титуциялық құқық тарын сақтау 
болып  табылады.  Еңбек  қатынастары  сала сындағы  заңнаманың  орындалуы  ерекше  бақылауда  ұстау 
керек.
Мемлекет  еңбек  бостандығы  құқына  толық  кепілдік  береді.  Еңбек  бостандығы  қызметкердің 
таңдаған жұмыс түріне тиесілі. Сондықтан жұмыс таңдауда жұмысшы қоғамдық əлеуметтік кепілдік-
термен таныс болуы шарт. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес жұмысшы еңбекақыға, 
жұмыс уақытының ұзақтығын шектеуге, ең аз мерзімді демалысқа шығуға құқылы. Бұл мемлекеттік 
кепілдіктер жаңадан қабылданған Еңбек кодексінде айқындалған [3]. 
Болашақ  мамандар,  атап  айтқанда -»Кəсіптік  оқыту»  мамандығы  студенттерін  оқытуда  осындай 
құқықтық мəселелерден шет қалмауы үшін заман талабына сай оқытуды қажет. Сонда əр маманның 
еңбек алаңындағы қоғамдық жауапкершілігі ныға йып, сауаттылығы артады. Еңбек даулары туындай 
қалған жағдайда өз құқығын қорғай алатын кəсіби маман ретінде дараланады жəне барлық жұмыс мем-
лекеттің, бизнес пен азаматтың тығыз өзара іс-қимылы негізінде құрылып, билік мемлекет, қоғам жəне 
жеке адам мүддесінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін болады.
Өндірістегі еңбек қауіпсіздігін күшейту мен бақылау жұмыстарын қамтамасыз ету өндіріс орында-
рындағы негізгі жұмыстардан болып есептелінеді.
Жаңа  еңбек  кодексінің  қабылдануы,  оның  Халық аралық  еңбек  ұйымының  еңбек  стандарттарына 
бейімделуі,  еңбек  шарты  жағдайларын  өзгерту  рə сімдері  заң намалық  тұрғыда  оңайлатылған,  еңбек 
ұжымдарында  өзін-өзі  басқару,  жұмысшылар  мен  жұмыс  берушілердің  ұжым дық  келіссөздер  тетік-
терінің қарастырылуы арқаулық еңбек дағдыларын қалыптастыруға деген өрелі өзгерістерді көрсетеді. 
Еңбек заңнамасының орындалуын бақылауда еңбек инспекцияға жүктелетін жауапкершілік зор. 
Өйткені, еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақта-
луы мемлекеттік мəселе болып табылады.
Мемлекеттік  бақылау  жүргізудің  мақсаты  еңбек  қауіпсіздігі  жəне  еңбекті  қорғау  талаптарының 
сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбек  заңдылық тары ның  сақталуына  қоғамдық  бақылау  жасау  тек  кəсіподақ тарға  ғана  бекітіліп 
берілген.
Аталған Еңбек кодексі бойынша Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру жəне жүргізу тəртібі былай-
ша жүзеге асады.
Мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторының жəне қоғамдық бақылау жасау кəсіподақ-
тардың  жұмыс  берушінің  немесе  қызметкердің  еңбек  қауіпсіздігі  жəне  еңбекті  қорғау  талаптарын 
орындауына тексеру жүргізу жолымен жүзеге асырылады. 
Еңбекті қорғаудағы мемлекеттік бақылау көптеген тармақтардан тұрады, олар: еңбек заты, техноло-
гиялық əрекеттер, еңбек құралдары, еңбектік қатынастар мен адам еңбегінің мақсаттары. Осылардың 
ішінде еңбек құралдарын қолдану барысында технологиялық жəне қосалқы жабдықтар мен өлшеу – 
бақылау аспаптарын пайдалану кезінде техника қауіпсіздігі мəселелерінің ауытқуы орын алуы мүм-
кін.  Мысалы,  технологиялық  жабдықтар  мен  қосалқы  жабдық  түрлерінің  кез  келгенін  қолданғанда, 
олардың қалыпты жұмыс істеуімен қатар əртүрлі апаттар мен ауытқуларға жол беріледі. Сондықтан, 
жабдықтар  төлқұжатында  əртүрлі  техникалық  талаптар,  оларды  тұрақты  бақылау  мен  сынау  мезгіл-
дері, бақылау жиілігі көрсетіледі. Осыларды бақылаудың өте маңызды екенін оқытушы- профессорлар 
құрамы, қызметкерлер мен студенттер дұрыс бағалай білуі шарт. Бақылау əдістері мен түрлері тиісті 
заңнамаларға сəйкес жүзеге асады [5]. 
Осындай аталған заң талаптарын орындау қазіргі заман талабына сай еңбек қатынастарын, əлеумет-
тік əріптестік пен еңбекті қорғау мəселелерін ұйымдастыру жолдары болашақ мамандарға Халықара-
лық  қазақ-түрік  университетінің  5В012000-«Кəсіптік  оқыту»  мамандығы  студенттеріне  стандарт  та-
лабына сай оқу жоспары бойынша сабақ өтіп, тиісті тапсырмаларды орындау арқылы жоспарланған. 
Бұл келешекте студенттердің тиісті білім алып, мекеме, кəсіпорындарға барған мамандардың еңбек 
қатынастары талаптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың мүдделерінің теңгеріміне, эко-
номикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың əл-ауқатын арттыруға бағытталған 
қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
Қорыта айтқанда, көп жағдайда еңбек қаты нас тары саласын дағы заң бұзушы лықтардың орын алуы-
на  байланысты  жеке  тұлғалар  қайда  барып,  кімге  шағымданарын  білмей  дал  болып  жатады.  Осын-
дай  кемшіліктерді  болдырмау  үшін  мамандар  тарапынан  азаматтарды  ділгір  проблемаларды  талқы-

92
лау, шешу барысында пайдалы кеңестер беріліп, ақпараттық-талдау материалдары таратылады. Соның 
нəтижесінде  еліміздің  атқарған  сапалы  жəне  қауіпсіз  еңбегіміздің  арқасында  Қазақстан  дамыған 30 
елдің қатарында болады.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.  ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, рефор ма, даму» атты 
Қазақстан халқына жол дауы. Астана 30.11.2015. 
2.  Статистикалық мəліметтер бойынша ҚР агенттігі.www.stat.kz3. 
3.  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.-Астана: 2015. –115б. 
4.  Тиісті үəкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық 
актілерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы. ҚР Үкіметінің қаулысы №1182. 31.12.2015
5.  Атажанов  И.И.  Білім  беру  мекемелеріндегі  еңбекті  қорғау  жəне  қауіпсіздік  техникасы  мəселелері.  Оқу 
құралы /Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2009. – 91б.
СОЦИАЛЬНО-ЛИЧНОСТНЫЕ КОМПЕТЕНЦИИ СТУДЕНТОВ 
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ
Жунусова Е.К. 
магистрант 1 курса специальности 6М010300 – «Педагогика и психология»
Кошкимбаева Р.Х. 
старший преподаватель, магистр педагогических наук
Государственный университет имени Шакарима г. Семей
Общество и экономика испытывает потребность в специалистах, обладающими не только глубоки-
ми знаниями, профессиональными навыками, но и определенными личностными качествами, которая 
влечет изменения в системе образования. 
Профессиональную подготовку педагога следует организовывать на основе компетентностного под-
хода, который утверждает роль компетентностей в качестве важнейших показателей профессионализма. 
Компетентностный  подход  научно  обоснован  учеными  стран  Европейского  Союза  в  начале 70-х 
гг.  прошлого  столетия:  Р.Бадером,  Д.Мертенсом,  Б.Оскарсоном,  Самоном  Шо,  А.Шелтеном  идр.  В 
российской  научной  литературе  проблема  модернизации  профессионального  образования  на  основе 
компетентностного подхода содержится в работах Б.Байденко, В.А.Болотова, В.В.Серикова, Э.Ф.Зеера, 
Б.Д.Эльконина.  В  Казахстане  вопросы  компетентностного  подхода  в  подготовке  специалистов  отно-
сительно новы, однако имеют хорошо разработанную научно-теоретическую основу, представленную 
трудами таких ученых-педагогов, как А.М.Аронов, А.К.Мынбаева, П.В.Беспалова, И.Б.Васильев, К.У-
стемиров, Б.Кенжебеков, М.В.Семенова, Ш.Курманалина, Н.Р.Шаметов идр. [1,2,3].
Модернизация профессионального образования на основе компетентностного подхода позволяет:

перейти в профессиональном образовании от его ориентации на воспроизведение знания к приме-
нению и организации знания; 

положить в основание стратегию повышения гибкости в пользу расширения возможности трудоу-
стройства и выполняемых задач; 

поставить во главу угла междисциплинарно-интегрированные требования к результату образова-
тельного процесса; 

увязать более тесно цели с ситуациями применимости (используемости) в мире труда; 

ориентировать  человеческую  деятельность  на  бесконечное  разнообразие  профессиональных  и 
жизненных ситуаций[4]. 
Компетентностный  подход  означает  постепенную  переориентацию  доминирующей  образователь-
ной  парадигмы  с  преимущественной  трансляцией  знаний,  формированием  навыков  на  создание  ус-
ловий для овладения комплексом компетентностей, означающих потенциал, способности выпускника 
к выживанию и устойчивой жизнедеятельности в условиях современного многофакторного социаль-
но-политического, рыночно-экономического, информационно и коммуникационно насыщенного про-
странства[3,4]. 
На  основании  теоретического  анализа  психолого-педагогической  литературы  из  группы  базовых 
компетенций мы выделили группу со ци аль но-личностных компетенций. Социально-личностные ком-

93
петенции – это совокупность компетенций, относящихся к самому человеку как к лич нос ти и к взаимо-
действию личности с другими людьми, группой и об щест вом. Она включает компетенции:
1. Персональную (личностную), которая рассматривается как готовность к сохранению психическо-
го и физического здоровья, к постоянному повышению квалификации и как потребность в самопозна-
нии, саморазвитии, самоактуализации. 
2. Коммуникативную, которая рассматривается как владение устным и письменным общением на 
разных языках, в том числе через Internet, как готовность к взаимодействию и сотрудничеству с други-
ми членами общества, группой. 
3. Информационную, которая рассматривается как владение мультимедийными технологиями, по-
нимание  возможностей  их  применения  и  критическое  отношение  к  информации,  распространяемой 
СМИ.
В структуру этих ком  петен ций входят такие личностные качества, как обучаемость, организован-
ность, самостоятельность, ответственность, самоконтроль и само плани рование, потребность в реали-
за ции  своего  лич ност ного  потенциала,  надежность,  чувство  долга,  ориентации  на  цен ности,  терпи-
мость, толерантность космополитизм, гуманность, общая культура.
Формирование  ком  петен ций  осуществляется  в  про цес се  решения  практических  и  исследователь-
ских задач, направленных на ин теграцию по лученного ранее опыта и приобретения но во го в процессе 
совместной деятельности с преподавателем или под его руководством. Развитие социально-личност-
ных компетенций студентов будет более успешным при создании специальных организационно-педа-
гогических условий. 
1. Применение развивающих технологий и методов обучения, которые ориентированы на професси-
ональное развитие личности; приобретение опыта; активизацию и интеграцию знаний, умений, навы-
ков, полученных в процессе обучения.
На формирование и развитие персональной и коммуникативной компетенций большое влияние ока-
зывает использование методов развивающей психодиагностики и тренинга. Психодиагностика стиму-
лирует процесс самопознания: изучение особенностей структуры личности, характера, самоотноше-
ния, самооценки и пр. и определения путей, способов изменения негативных качеств. Метод тренинга 
развивает, совер шенствует положительные и корректирует негативные качества личности. 
Для формирования и развития информационной компетенции используется метод проектов, кото-
рый позволяет интегрировать знания, полученные при изучении различных дисциплин. Информацион-
но-поисковые, проблемные и профессионально ориентированные задания позволяют повысить интерес 
студентов к выбранной профессии, активизировать и закрепить теоретические знания и практические 
навыки, повысить профессиональную подготовку студентов, обучить работе с информацией. 
2. Организация самостоятельной работы студентов (СРО) осуществляется в учебное время: на 
лекциях, семинарах, практических и лабораторных занятиях под руководством преподавателя и во вне-
учебное время. Формы организации СРО могут быть индивидуальные и коллективные. Целью СРО яв-
ляется усвоение, активизация и обобщение знаний, приобретение опыта решения профессиональных 
задач, творческой и научной деятельности. 
3. Использование коллективных форм обучения позволяет увеличить количество социальных и меж-
личностных  связей  между  студентами,  повысить  сплоченность,  взаимопонимание  и  взаимопомощь, 
развить навыки работы в группе, научить объяснять, слушать и понимать собеседника, учитывать мне-
ние других. Стимуляция профессионального и делового общения студентов при выполнении задания 
развивает коммуникативную компетенцию студентов и повышает их ответственность за формирование 
межличностных связей в коллективе.
4. Обеспечение междисциплинарных связей при выполнении информационно-поисковых и творче-
ских заданий обучает студентов интегрировать знания и умения, полученные при изучении различных 
дисциплин, собирать, анализировать и классифицировать информацию, позволяет преодолевать раз-
рыв между разными дисциплинами. Решение профессионально ориентированных задач, составление 
отчетов  о  проделанной  работе  на  персональном  компьютере  позволяет  повысить  профессиональную 
направленность образовательного процесса и развивать информационную компетенцию студентов.
5. Проведение дополнительных занятий, направленных на самопознание и саморазвитие личности, 
на развитие коммуникативных качеств для студентов технических вузов позволяет оказывать разви-
вающее влияние на личность учащихся, повышает стремление к самопознанию, удовлетворяет потреб-
ность в саморазвитии. 
Список использованной литературы:

94
1. Байденко  В.И.,  Компетентностный  подход  к  проектированию  государственных  образовательных  стандар-
тов высшего профессионального образования (методологические и методические вопросы): метод. пособи-
е/В.И.Байденко. – М., 2005.
2. Байденко В.И., Концептуальная модель государственных образовательных стандартов в компетентностном 
формате (дискуссионный вариант): Материалы ко второму заседанию методологического семинара: моно-
графия/В.И.Байденко. – М.: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2004.
3. Ударцева С.М., Смирнова Г.М. Содержание профессиональной компетенции педагога профессионального 
обучения.
4. Байденко В., Компетенции в профессиональном образовании (К освоению компетентностного подхода) //
Высшее образование в России.– 2004.– №11.– С.3–13.
КƏСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯ-
ЛАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Иманбекова А.
магистрант, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Скабаева Г.
п.ғ.к, қауымдастырылған профессор, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі кезеңдегідамуында терең сапалық өзгерістер-
ге бетбұрыс жасауда. Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту 
үдерісіне қазіргі заманғы əдістемелер мен технологияларды енгізу, біліктілікті бекітудің тəуелсіз жүй-
есін құру қажет», – деп атап көрсетті. Бұл саладағы ең басым бағыттардың бірі – қазіргі қазақстандық 
білім беру жүйесінің жаңа, динамикалық жағдайында шығармашылықпен жəне белсенді қызмет жаса-
уға қабілетті педагог мамандарды əзірлеу жəне қайта даярлау.
Инновациялық  педагогикалық  іс-əрекеттің  жалпы  жəне  арнайы  ерекшеліктері  ресейлік  зертте-
ушілер  А.А.Арламов,  Н.Ф.Вишнякова,  В.И.Загвязинский,  М.В.Кларин,  Н.В.Кузьмина,  С.Д.Поляков, 
М.М.Поташник, М.М.Фридман, Н.Р.Юсуфбекова жəне т.б. еңбектерінде қарастырылады. Инновация-
ны жоспарлау мен инновациялық үдерісті басқару мəселелері шетелдік ғалымдар Р.Адам, Е.Роджерс, 
А.Кинг, Б.Шнайдер, Л.Андерсон, Л.Бриге, Х.Барнет жəне т.б. ғылыми еңбектерінде зерттеген.
Инновация – кез  келген  жаңалық  немесе  жаңалықты  енгізу  ғана  емес,  бұл  бүгінгі  қолданыстағы 
білім жүйесінің тиімділігін арттыратын үдеріс. Инновациялық іс-əрекет – білім берудің кез келген дең-
гейінде инновациялық үдеріспен қамтамасыз ететін шаралар кешені жəне үдерістің өзі [1].
Инновациялық  іс-əрекеттің  негізгі  функцияларына  педагогикалық  үдерістің  компоненттерінің  өз-
герістерін енгізеді: мақсаттары, білім беру мазмұны, оқытудың формасы, əдістері, тəсілдері, техноло-
гиялары, басқару жүйесі жəне т.б.
Бүгінде инновациялық өзгерістер əртүрлі бағыттарда жүруде, білім берудің жаңа мазмұнын қалып-
тастыру; оқытудың жаңа технологияларын өңдеу мен жүзеге асыруда; жаңа бағдарламаны меңгерудің 
əдістері мен тəсілдерін қолдану; оқыту үдерісінде білім алушылардың –өзіндік анықталуындажағдай 
туғызу; педагог пен білім алушының ойлау стилінде, өзара қарым-қатынас өзгеріс, білім беру мекеме-
лерінде  шығармашылық  инновациялық  ұжымды  жасау  жəне  дамыту.  Бұл  үдерістердің  барлық  қара-
ма-қайшылықтарында, шығындарында, кемшіліктерінде олар позитивті сипат береді. Осы инновация 
əлеуметтік  институт  ретінде  білім  беруге  тəн  керітартпалықты  жоюға  мүмкіндік  береді,  əлеуметтік 
тапсырыс, мемлекеттің, тұлғаның қажеттілігінің өзгерісіне жедел жəне икемді жауап беру механизмін 
құру жағдайларын қамтамасыз етеді, бұл бүгінде отандық білім беруді дамытудың өзекті міндеттері 
ретінде қарастырылады.
Инновация мазмұны ретінде келесі еңбектерді айтуға болады: белгілі бір жаңалықтың ғылыми-те-
ориялық білімі негізі; жаңа тиімді білім беру технологиялары; енгізуге əзір технологиялық сипаттау 
түрінде орындалған тиімді инновациялық педагогикалық іс тəжірибе жобасы.
Білім беру инновациясын кəсіптік оқыту мамандарын дайындауға енгізудің басты кедергісі маман-
ның  сапалық  құрамы  мен  кəсіби  құзыреттілік  деңгейлері.  Мысалы  оқытудың  жаңа  технологиялары 
кəсіптік оқыту педагогынан педагогикалық шеберлікті талап етеді. Педагогтан инновациялық оқыту 
технологиялары талап ететін педагогикалық білімдер:

95

Оқыту мен тəрбиелеу мақсаттарын диагностикалау іскерлігі;

Оқу пəнін терең, жүйелі жəне оның ғылыми негіздерін білу;

Оқу материалын қайта құрылымдау, бір ғана сабақ емес, тұтас тақырыпты индуктивті мазмұнда-
удан логикалық индуктивті-дедуктивті проблемалық мазмұндай білу;

Білім алушыны өмірге даярлау, бағыт беруде оқу үдерісін моделдеу;

Білім алушының өзбеттілік жұмысын ұйымдастыра білу;

Оқытудың белсенді əдістерін еркін меңгеру;
Білім алушы мен педагог ынтымақтастығы, қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.Білім 
беру  саласында  жүргізілген  əлемдік  зерттеулердің  нəтижелері  тиісті  кəсіптік  қасиеттерге  ие,  оқы-
ту  жəне  оқу  үдерістерінің  қажетті  дағдылары  мен  терең  түсініктерін  игерген  педагогтар  жастардың 
білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр.
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық  инновация – бұл  бұрын  қолда  барды  дамытумен,  түрін  өзгертумен  айналысу. 
Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жəне оны көптеген педагогтардың пай-
далануы мысал бола алады. 
Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құра-
стыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі дəлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт 
білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік жəне сапалы оқытудың көрсеткіштерін 
қалыптастырады [2].
Қазіргі республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқаулыққа байланысты өздерінің қалауы-
на сəйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əртүрлі 
нұсқаудағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа техноло-
гиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны əрбір білім алушының жас жəне 
жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. 
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологи-
яның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық əлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен. 
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Иннова-
циялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл 
өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет 
ететін жұмыс. Шындығында да əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында 
өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады. ХХІ ғасырда болашақ кəсіптік оқыту педагогтарын 
даярлау, олардың кəсіби бейімделуін қалыптастыру мəселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. 
Болашақ кəсіптік оқыту педагогтардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қол-
дануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштер қамтиды. Мотивациялық өлшемдеріне танымдық 
қызуғуды  қалыптастыру  бейнесі  жатады.  Оған  болашақ  мамандарды  қалыптастыру,  құндылық  қа-
рым-қатынас, болашақ маманның өзінің кəсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын 
ерекше жақсы көруі, ұрпақ тəрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кəсіби жеке біліктілік деңгей-
ін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-əрекетке ұмтылу əрекеттері кіреді. 
Инновациялық оқыту технологиясын қолдану жəне ашық бағалау жүйесін қолдану педагогқа білім 
алушылардың пəнге деген қызығушылығын жоғарлатуының тиімді жолдары:
Білім алушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде жеңілдетеді.
Пəнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.
Білім алушылардың көзқарасын кеңейтеді.
Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.
Тарихты оқуға жəне үлгерімді жоғарлату қызығушылығы туады. 
Теориялық материалды толық игеру болады.
Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өңдеу.
Өз көз қарасын нақты жəне қысқаша қалыптастыру дағдысы.
Сабақ үстінде педагогтың еңбек өнімінің жоғарлауы болады.
Қортындылай  келгенде  əрбір  педагогтың  инновациялық  іс-əрекетін  қалыптастырудың  педагоги-
калық  шарттары:  инновация  туралы  білімі;  инновацияны  жан-жақты  меңгеру;  инновациялық  іс-əре-
кет диагностикасын меңгеру; инновацияны тəжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада 
дұрыс қолдану болып табылады.

жүктеу 5.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет