Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚа iqaa)



жүктеу 391.92 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата30.04.2017
өлшемі391.92 Kb.
  1   2   3   4

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

 

 



 

 

 

 

 

 

 

___________________________________________________________

 

 



 

 

 

 

 

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН

 

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ

 

 

 

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 2015

 


 

АЛҒЫСӨЗ

 

 

1  Білім  беру  сапасын  қамтамасыздандыру  тәуелсіз  қазақстандық 



агенттігімен  (БСҚА-IQAA)  жоғары  оқу  орындарының  ұсынымдары  мен 

ескертпелері ескеріле отырып ӘЗІРЛЕНГЕН.

 

                       



 

 

2  Білім  беру  сапасын  қамтамасыздандыру  тәуелсіз  қазақстандық 

агенттігінің  (БСҚА-  IQAA)  01.08.2012  ж.  №4  бұйрығымен,  жекелеген 

өзгерістер    мен    толықтырулар    БСҚА-    IQAA    25.08.2014    ж.    №7    және 

24.08.2015  ж.  №8  бұйрықтарымен  БЕКІТІЛГЕН  ЖӘНЕ  ҚОЛДАНЫСҚА 

ЕНГІЗІЛГЕН

 

 



3  ТҮПНҰСҚАУШЫНЫ 

ҰСТАУШЫ: 

Білім 


беру 

сапасын 


қамтамасыздандыру  тәуелсіз  қазақстандық  агенттігі,  010000,  Астана  қ., 

Достық к-сі, 20, 801 офис, «Санкт-Петербург» БО, тел./факс: 8 /7172/ 273820

 

 

4  «Сарапшы»  ұлттық  ассоциациясымен  03.08.2015  ж.  (№  01/01-195 



сарапшы қорытындысы) САРАПТАМА ЖҮРГІЗІЛГЕН   

 

 



 

 

 

 

Осы стандарттарды Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз 

қазақстандық  агенттігінің  (БСҚА-IQAA)  рұқсатынсыз  ресми  басылым 

ретінде  толық  немесе  жекелей  шығаруға,  көбейтуге  және  таратуға 

болмайды

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе.................................................................................................................... 

1  Қолдану салалары............................................................................................. 



2  Нормативтік сілтемелер................................................................................... 

3  Терминдер мен анықтамалар............................................................................ 



4  Белгілер мен қысқартулар.................................................................................. 

11 

5  Жалпы ережелер............................................................................................…. 



11 

6  Институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін 

енгізудің негізгі мақсаттары ................................................................................ 

 

12 



7  Жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеудің  

принциптері ......................................................................................................... 

 

13 


8  Институционалдық аккредиттеуді жүргізу кезеңдері мен рәсімдері.......... 

13 


9  Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы ..................................................... 

14 


10 Институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критерийлері........... 16 

Стандарт 1. Миссия, стратегиялық жоспарлау және сапаны қамтамасыз  

ету саласындағы саясат ........................................................................................ 

 

16 



Стандарт 2. Менеджмент және ақпаратты басқару............................................ 

18 


Стандарт 3. Студенттер, студентке орталықтандырылған білім беру,  

оқыту және үлгерімді бағалау .………….…….................................................. 

 

19 


Стандарт 4. Студенттерді қабылдау, оқыту нәтижелері, тану және  

біліктіліктер ......................................................................................................... 

 

22 


Стандарт 5. Білім беру бағдарламалары: оларды әзірлеу, тиімділігі,  

үздіксіз мониторингтеу және мерзімдік бағалау ................................................ 

 

24 


Стандарт 6. Профессор-оқытушылар құрамы және оқыту тиімділігі ............ 

26 


Стандарт 7. Ғылыми- зерттеу жұмысы (шығармашылық қызмет)................ 28 

Стандарт 8. Ресурстар және студенттерді қолдау қызметтері......................... 

29 

Стандарт 9. Жұртшылықты ақпараттандыру..................................................... 



32 

Стандарт 10. Сыртқы сапаны мерзімдік қамтамасыз ету және кейінгі 

рәсімдер................................................................................................................ 

 

33 



11 Аккредиттеу стандарттарын әзірлеу, бекіту тәртібі және жарамдылық 

мерзімі.................................................................................................................. 

 

33 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



КІРІСПЕ 

 

Жоғары  оқу  орындарын  институционалдық  аккредиттеу  стандарттары 



мен  критерийлері  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына, 

Еуропалық  стандарттар  мен  нұсқаулықтардың  (ESG)  жаңа  редакциясына, 

Болон процесінің, жоғары білім беруді институционалдық аккредиттеу және 

аудит бойынша халықаралық тәжірибенің талаптарына сәйкес әзірленген.

 

Институционалдық  аккредиттеу  стандарттары  мен  критерийлері 



жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  сапасын  іштей  қамтамасыз  етуге 

арналған.

 

Жоғары  білім  берудің  ішкі  сапасын  қамтамасыз  ету  стандарттары  мен 



критерийлері ESG-дің төрт принципіне негізделеді.

 

1.



 

Жоғары оқу орындары (ары қарай – ЖОО) білім беру қызметін ұсыну 

сапасы мен оның сапасын қамтамасыз етуге толығымен жауапты болады.

 

2.



 

Сапаны  қамтамасыз  ету  жоғары  білім  беру  жүйелерінің,  ЖОО-ның, 

білім бағдарламалары мен студенттердің алуан түрлілігіне сәйкес келеді.

 

3.



 

Сапаны қамтамасыз ету сапа мәдениетінің дамуын қолдайды.

 

4.

 



Сапаны  қамтамасыз  ету  студенттердің,  басқа  мүдделі  тараптар  мен 

қоғам қажеттіліктері мен алдағы күтулерін ескереді.

 

Бұл  принциптер  Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім  беру 



саласындағы ЖОО қызметі мен мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.

 

Болон  декларациясына  қол  қойған  мемлекеттердің  2015  жылы 



мамырдағы  білім  министрлері  Ереванда  қабылдаған  сапаны  қамтамасыз 

етудің  Еуропалық  стандарттары  мен  нұсқаулығының  (ESG)  жаңа 

редакциясына  сәйкес  біздің  стандарттардағы  жаңашылдық  студентке 

орталықтандырылған  оқытуды,  білім  беру  мен  бағалауды  жүзеге  асыру 

талаптарының  пайда  болуы,  сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатты, 

жоғары  оқу  орындарындағы  сапа  мәдениетін  қалыптастыру  мен  жүзеге 

асыруға  акценттің  күшейтілуі,  Ұлттық  біліктілік  шеңберінің,  кәсіби 

стандарттардың  талаптарына  сәйкес  келетін  нақты  білім  беру  нәтижелеріне 

қол  жеткізу  арқылы  құзыреттілікті  жүзеге  асыру  болып  табылады. 

Жұртшылық пен мүдделі талаптарға ЖОО қызметінің анағұрлым ашықтығын 

талап ететін «Жұртшылықты ақпараттандыру» стандарты жаңадан енгізілді. 

Стандарттардың  жаңа  редакциясында  еңбек  нарығының  тұрақты  өзгермелі 

талаптарына сәйкес үздіксіз мониторинг пен бағдарламаларды өзектілігі үшін 

мерзімдік бағалау талаптары күшейтілген. Стандарттарда сапаны қамтамасыз 

ету  бойынша  жоғары  оқу  орындарының  үздіксіз  жұмысы  туралы, 

аккредиттеуден  кейінгі  аудит  рәсімдерінің  бар  болу  талаптары  көрсетілген. 

Студентке 

орталықтандырылған 

оқытуды 

жүзеге 


асыру 

аясында 


стандарттарда студенттерді қолдау қызметі айрықша көрсетілген. 

ЖОО институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін 

әзірлеуде:  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  жоғары  білім  беруді  дамыту 



 

саласындағы  Қазақстан  Республикасының  саясаты  мен  стратегиясы, 



INQAAHE-нің  «Тиісті  машықтың  тәжірибесі»,  АQ,  ASIIN,  ACQUIN,  EKKA, 

SKVC,  QAA,  FIBBA,  QQI,  FINHEEC,  NVAO  және  т.б.  танымал  еуропалық 

аккредиттеу  агенттіктерінің  тәжірибесі,  MSCHE,  NEASC-CIHE,  NCA-HLC, 

SACS,  WASC-ACCJC  сияқты  аймақтық  американдық  агенттіктердің  жоғары 

білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарын әзірлеу 

мен қолдануға қатысты тәжірибесі ескерілді.

 


 

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ МЕН 



КРИТЕРИЙЛЕРІ 

 

Негізгі ережелер

 

 



            

 Енгізу мерзімі 

1 ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ 

 

1.1 Осы  стандарттар  мен  критерийлер  Қазақстан  Республикасының 



«Білім  туралы»  Заңының  9-1  бабы,  3  тармағына  сәйкес  әзірленген  және 

институционалдық 

аккредиттеу 

стандарттары 

мен 

критерийлерінің 



нормативті талаптарын белгілейді.

 

1.2 Осы  стандарттар  мен  критерийлер  жоғары  оқу  орындарын 



институционалдық аккредиттеу рәсімін жүргізу барысында қолданылады.   

1.3 Осы 


стандарттардың  ережелері  сонымен  қатар  Қазақстан 

Республикасы  жоғары  білім  беру  ұйымдарында  оның  мәртебесіне, 

ұйымдастырушылық-  құқықтық  формасына,  оқыту  және  ведомствалық 

бағыныстық формаларына қарамастан қолданылады. 

Сонымен қатар осы стандарттарды: 

а) жоғары  оқу  орындарының  қызметін  ішкі  және  сыртқы  бағалауда 

(аудит); 

б) тиісті нормативтік құжаттаманы әзірлеушілер қолдануы мүмкін. 

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

 

Осы 

стандартта 



келесі 

нормативтік 

құжаттарға 

сілтемелер 

пайдаланылған:

 

2.1 Қазақстан 



Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, 

бір болашақ». – Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар.

 

2.2 Қазақстан 



Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». – Астана, 

2014 жылғы 11 қараша.

 

2.3 Қазақстан  Республикасы  Президентінің    2010  жылғы    1  ақпандағы 



№922  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  2020  жылға 

дейінгі Стратегиялық даму жоспары.

 

2.4 Қазақстан 



Республикасы 

Президентінің 

2010 

жылғы 


желтоқсандағы  №  1118  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында 

білім  беруді  дамытудың  2011-  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы

 

2.5 Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  11  ақпандағы        



№  130  Қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 

10 

 

дамытудың  2011-  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске 



асыру жөніндегі 2011- 2015 жылдарға арналған іс- шаралар жоспары;

  

2.6 Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  №  319  



«Білім  туралы»  Заңы  (21.07.2015  ж.  жағдай  бойынша  өзгерістерімен  және 

толықтыруларымен)

 

2.7 Қазақстан  Республикасының  2004  жылғы  9  қарашадағы  №  603 



«Техникалық  реттеу  туралы»  Заңы  (16.02.2012  ж.  жағдай  бойынша 

өзгерістерімен және толықтыруларымен)

 

2.8 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Оқытудың 



кредиттік  технологиясы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастырудың 

қағидаларын  бекіту  туралы»  2011  жылғы  20  сәуірдегі  №  152  бұйрығына 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы №198 бұйрығы

 

2.9 Жоғары  білімнің  еуропалық  кеңістігінде  сапаны  қамтамасыз  етудің 



стандарттары  мен  нұсқаулығы  (ESG)  (жаңа  редакция)  (2015  жылғы  14-  15 

мамырда Еревандағы Министрлер конференциясында бекітілген).

 

2.10 ECTS-ті  қолдану  туралы  Нұсқаулық  (Еуропалық  аударым  және 



кредиттік  жинақтау  жүйесі).  –  Еуропалық  одақтың  жариялау  кеңсесі,  2015 

жыл,  ISBN  978-92-79-43562-1  (2015  жылғы  14-  15  мамырда  Еревандағы 

Министрлер конференциясында бекітілген).

 

2.11 Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты 



(Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080 

Қаулысымен бекітілген).

 

2.12 Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 



міндетті  стандарты  (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23 

тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген).

 

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

 

 

Осы  стандарттарда  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы», 

«Техникалық  реттеу  туралы»  Заңдарына,  МЖМБС,  Оқытудың  кредиттік 

технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес 

терминдер мен анықтамалар қолданылады.

 

Оларға  қосымша  ретінде  осы  стандарттарда  келесі  анықтамалар 



белгіленген:

 

3.1 Білім  беру  ұйымдарын  аккредиттеу  (Accreditation  of  Higher 



Education  Institutions)  –  білім  беру  қызметінің  сапасы  туралы  объективті 

ақпарат  беру  және  олардың  тиімді  тетіктерінің  бар  екендігін  растау 

мақсатында  белгіленген  аккредиттеу  стандарттарына  (регламенттеріне) 

сәйкестігін аккредиттеу органымен тану рәсімі.

 

3.2 Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу  (Programme 

Accreditation)  –  білім  беру  ұйымымен  жүзеге  асырылатын  жекелеген  білім 

бағдарламаларының сапасын бағалау.

 


11 

 

3.3 Талдау  (Analysis)  –  бағдарламаның  білім  беру  мақсаттарын  және 

студенттердің  қол  жеткізген  нәтижелерін  бағалау  үшін  деректерді  анықтау, 

жинақтау  және  анықтау  процесі.  Тиімді  талдау  мақсаттарды  немесе 

нәтижелерді  өлшеу  үшін  ыңғайлы  болатын  тікелей,  жанама,  сандық  және 

сапалық параметрлерді қолданады.

 

3.4 Еуропалық  білім  беру  кеңістігі  үшін  біліктіліктерді  тегіс 

қамтитын құрылым (Framework of Qualifications for the European Higher 

Education AREA) – Еуропаның жоғары оқу орындары үшін әзірленген және 

Берген  конференциясында  (2005  ж.)  қабылданған,  жоғары  білім  берудің  үш 

кезеңін: бірінші кезең – бакалавриатты, екінші кезең – магистратураны және 

үшінші  кезең  –  докторантураны  (оның  ішінде,  ұлттық  контексттердегі, 

аралық  біліктіліктің  мүмкіндігі  )  қамтитын  біліктілік  құрылымы,  білім  беру 

мен құзыреттіліктің нәтижелеріне негізделген әр кезең үшін әмбебап Дублин 

дескрипторлары,  сонымен  қатар,  бірінші  және  екінші  кезеңдер  үшін 

кредиттер шеңбері.

 

3.5 Қос 

диплом  (Double  Diploma)  –  бірлескен  білім  беру 

бағдарламалары бойынша оқу курсын табысты аяқтағаннан кейін екі серіктес 

жоғары оқу орнымен бітірушіге берілетін жоғары білім алу туралы және оған 

қос (бірлескен) академиялық дәреже тағайындалғанын белгілейтін құжат.

 

3.6 Білім беру/біліктілік деңгейлерінің дескрипторлары (Descriptors 

of  Levels/Qualifications)  –  оқыту  нәтижелерінен  күтілетін  белгіленген  білім 

беру  деңгейлері  үшін  жалпы  сипаттама,  яғни,  білім  мен  ұғыну,  оларды 

тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігі, өз пайымдауларын білдіру мүмкіндігі, 

коммуникативтік дағдылар.

 

3.7 Диссертация/диссертациялық 

жұмыс  (Dissertation,  Thesis/ 

dissertation  work)  –  магистр  академиялық  дәрежесін  немесе  доктор  ғылыми 

дәрежесін тағайындау мақсатында жұртшылық алдында қорғауға ұсынылатын, 

белгіленген білім саласындағы жеке ғылыми- зерттеу жұмысының нәтижелері 

туралы жазбаша есебі.

 

3.8 Қашықтықтан  оқыту  технологиялары  (Distance  Learning 

Technologies)  –  білім  алушы  мен  педагогикалық  қызметкердің  жанама 

(арақашықтықта)  немесе  жартылай  жанама  әрекеттесуінде  ақпараттық  және 

телекоммуниациялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылатын оқыту 

технологиялары.

 

3.9 Жоғары  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  етудің  еуропалық 

ассоциациясы  (European  Association  for  Quality  Assurance  in  Higher 

Education,  ENQA)  –  сапаны  қамтамасыз  етудің  еуропалық  агенттіктері, 

әлеуметтік  органдар  мен  жоғары  оқу  орындары  арасында  жоғары  білім 

берудегі  сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  озық  тәжірибе  мен 

инновациялық  тәсілдемені  ендіруге  әрекет  ететін,  ақпаратты  тарататын 

жалпы еуропалық орган.

 

3.10 Жоғары 



оқу  орындарының 

еуропалық 

ассоциациясы 

(European Association of Institutions in Higher Education, EURASHE) – бұл 

12 

 

болондық  реформалардың  контекстінде  жоғары  білім  беру  саласындағы 



келісілген  және  ашық  саясатты  жүргізетін,  жоғары  оқу  орындарының 

мүдделерін қуаттайтын еуропалық жоғары оқу орындарының бірлестігі.

 

3.11 Еуропа университеттерінің ассоциациясы (European University 

Association,  EUA)  –  бұл  жоғары  білім  беру  саласындағы  құрылымдық  және 

келісілген  саясатты  жүргізу,  Болон  процесіне  университеттердің  белсенді 

қатысуын қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының автономдығын қорғауда 

оларға  қолдау  көрсету,  өзін-  өзі  басқару  құқығы,  оқу  және  ғылыми-  зерттеу 

қызметтерін жүргізудегі академиялық еркіндік мақсатындағы университеттер 

деңгейіндегі бірлестік.

 

3.12 Кредиттерді  аудару  мен  жинақтаудың  еуропалық  жүйесі 

(European  Credit  Transfer  and  Accumulation  System  –  ECTS)  –  оқыту 

бағдарламалары  бойынша  оқу  жүктемесіне  негізделетін  студентке 

орталықтандырылған  жүйе,  білім  беру  бағдарламаларының  барлық 

компоненттеріне  кредиттерді  тағайындау  жолымен  оның    сипаттамасының 

жүйеленген тәсілі.

 

3.13 Жоғары  білім  берудің  еуропалық  кеңістігі  (European  Higher 



Education  Area  –  EHEA)  –  жоғары  білім  беру  саласындағы  келісілген  және 

айқын  саясатты  жүзеге  асыратын,  Болон  процесіне  қатысушы  мемлекеттердің 

білім беру кеңістігі.

 

3.14 Жоғары  білім  берудің  сапасы  (Quality  in  Higher  Education)  – 

қоғамның, 

мемлекеттің 

және 

тұлғаның 



өзекті 

мақсаттары 

мен 

қажеттіліктеріне  білім  беру  нәтижелеріне,  әзірлеу  процестеріне  және 



институционалдық  жүйелердің  сәйкестігін  қамтитын,  жоғары  білім  берудің 

көпөлшемді сипаттамасы.

 

3.15 Құзыреттілік  тәсілдемесі  (Competence  –  Based  Approach)  – бұл 

құзыреттілікке негізделген, оқыту нәтижелерін жобалау тәсілдемесі.

 

3.16 Құзыреттілік (Competence) – білім бағдарламалары бойынша оқу 

нәтижелерін  сипаттайтын  (біліміне  және  оны  қолдануға,  машықтарына, 

дағдыларына,  мүмкіндіктеріне,  құндылықтарына  және  тұлғалық  сапаларына 

қатысты),  яғни,  жоғары  оқу  орнының  бітірушісіне  меңгеруі  және  көрсете 

алуы  міндетті  тиімді  кәсіби  қызметі,  әлеуметтік  белсенділігі  және  тұлғалық 

дамуы үшін оған қажетті мінездемелердің динамикалық комбинациясы.

 

3.17 Еуропалық 

студенттердің, 

оқытушылардың 

және 

зерттеушілердің  ұтқырлығы  (Mobility)  –  жоғары  білім  берудің  ұлттық 

жүйесін академиялық және жалпы мәдени әлеуетін дамытуды жеке деңгейге 

шоғырландыру және өз мемлекеттерінің әлеуметтік- экономикалық дамуына 

қосатын  үлестерін  арттыру  мақсатында  еуропалық  студенттердің, 

оқытушылардың және зерттеушілердің осы кеңістікте еркін қозғалуының көп 

қырлы  мүмкіндіктерін  қарастыратын,  Жоғары  білім  берудің  еуропалық 

кеңістігі  мен  Зерттеудің  еуропалық  кеңістігін  қалыптастырудың  маңызды 

принципі.

 


13 

 



жүктеу 391.92 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет