Білім беРу бағдаРламасы мҰғалімге аРналған нҰсҚаулыҚ Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



жүктеу 0.52 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата29.04.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5

мақсаттық аспект: робот техникасы сабақтарындағы жоба жұмысы мектеп оқушыларында 

оқыту барысында белгілі бір оқу қызметтерінің (танымдық, реттеуші, жеке тұлғалық, қарым-

қатынастық) кешенінің тиімді қалыптасуына септігін тигізеді.

мазмұндық  аспект:  робот  техникасын  оқыту  барысында  мұғалімде  «Информатика», 

«Физика»,  «Математика»  сияқты  негізгі  мектеп  пәндері  бойынша  пәнаралық  байланысты 

тиімді іске асыру мүмкіндігі пайда болады (2-сурет). Робот техникасы курсының биологиямен 

пәнаралық байланысын да ескермеуге болмайды. Тірі ағзалардың сенсорлық және қозғалыс 

функцияларының  биологиялық  тетіктері  роботтың  сенсорлық  және  қозғалыс  жүйелерінің 

прототиптері болып табылады.



іс-әрекеттік  аспект  робот  техникасы  курсының  шеңберінде  жаратылыстану  ғылымы 

циклінің пәндеріне тән іс-әрекет түрлерін меңгерумен байланысты: жүйелі қадағалау, болжам 

ұсыну,  деректерді  болжау,  жинау  және  түсініктеме  беру,  алынған  нәтижелерді  талдау  және 

шешімдерді тұжырымдау және т.б. Мектеп оқушыларын робот техникасына оқыту кезіндегі 

жетекші  әдіс  оқушылар  белгілі  бір  уақыт  бөлігінде  жеке,  жұптасып,  топпен  орындайтын 

оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне бағытталған жоба әдісі болып табылады.

Робот  техникасының  тәрбиелік  аспектісін  оқу  үдерісіндегі  тәрбиенің  төрт  арнасын 

қолдануды көздейтін М.Поташник көзқарасы тұрғысынан қарауға болады:

•  ғылым  негіздерінің  мазмұны  арқылы  (дүниетаным  ұғымдарын  түсіндіру:  қоршаған 

ортадағы  себеп-салдарлық  байланысты  зерделеу;  қоршаған  ортаны  және  адамзатты 

тануға болатыны).

•  оқыту әдістері арқылы (оқушыларды іскерлік ынтымақтастық қарым-қатынасына баулу 

(бір-біріне қарайымдылық, басқалардың пікірін құрметтеу, жолдастарын тыңдай білу), 

жолдастық өзара көмек сезімін және топтық жұмыс этикасын сіңіру).

•  сабақта мектеп өмірінде үнемі туындап жататын кездейсоқ немесе мұғалім жоспарлаған, 

арнайы құрған тәрбиелік жағдаяттарды, оқиғаларды, қайшылықтарды қолдану арқылы.

•  мұғалім тұлғасы арқылы.

Робот  техникасының  тәрбиелік  аспектісі  курстың  кәсіпке  бағдарлау  (сабақтарда 

инженерлік  саладан  үлгілер  ұсынылады)  функциясымен  байланысты.  Сонымен  қатар, 

бастапқы деңгейде робот техникасын оқытудың аса маңызды мәдени мәні бар деп ойлаймыз, 

себебі  оқушылар  классикалық  пәндер  бойынша  негіз  қалаушы  білімдерді  меңгеріп  қана 

қоймай, жаңа жағдайларға да бағыттала алулары тиіс, ол жағдайлардың бірі роботтардың және 

басқарылатын құрастырылатын жүйелердің жан-жақты тарау қарқыны болып табылады. Робот 

техникасы  бүгінгі  таңда  ғылыми-техникалық  прогрестің  негізгі  бағыттарының  бірі  болып 

табылады. Робот техникасын тереңдетілген деңгейде меңгеру аса күрделі міндеттерді шешуді, 

мысалы,  роботтың  лабиринт  бойынша  және  қара  сызық  бойымен  қозғалысын  бағдарлауда 

ПИС-реттегішін пайдалануды білдіреді. Бұндай курс оқушыларды болашақ мамандықтарын 

таңдауға дайындайтын инженерлік қызмет үлгілерін білдіретін пропедевтикалық курс ретінде 

қарастырылуы мүмкін («propaideuo» - «алдын ала оқытамын» мағынасындағы грек сөзінен).

Робот техникасының дамытушы аспектісі құрылымдау және бағдарламалауды бір курста 

жинақтау  оқушыларда  танымдық  үдерістерді  (қабылдау,  ойлау  және  сөйлеу,  есте  сақтау, 

қиялдау) дамыту міндеттерін шешуге, ойлау формаларын (талдау, жинақтау, салыстыру және 

т.б.)  дамытуға,  жеке  тұлға  қасиеттерін  (мінез-құлықты  және  амал-әрекеттерді,  зияткерлікті, 

өзіндік ерекшелікті, шығармашылық әлеуетті) дамытуға мүмкіндік береді.

Осылайша,  робот  техникасы  заманауи  өндіріс  талаптарына  жауап  бере  отырып,  негізгі 

мектеп пәндері бойынша оқушы білімін тереңдетуге және жүйелеуге жағдай жасап, болашақ 

мамандықты таңдауға бағыт беретіндігін ескерер болсақ, оның мектептегі оқытуды дамытуда 

әлеуеті  зор  екенін  көруге  болады.  Робот  техникасының  базалық  мектеп  пәндерімен  жан-

жақты пәнаралық байланыстарының көмегімен оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу 

міндеттері сапалы жаңа деңгейде шешіледі, шынайы ақиқаттың күрделі міндеттерін шешуге 

арналған кешенді тәсіл үшін негіз қаланады.


| 12 |

Робот техникасындағы оқу моделі

Робот  техникасы  курсында  әр  тақырыпты  зерделеу  өз  модельдерін  жинау  және 

бағдарламалауды  көздейтін  шағын  жоба  тапсырмаларын  орындауды  білдіреді.  LEGO® 

Education жинағымен оқыту төрт бөліктен: өзара байланыс, құрастыру, рефлексия және дамыту 

(3-сурет) деген бөлімдерден тұратын цикльді оқу моделін іске асыруды көздейді (Никитина, 

2014).


Құрастыру

Рефлексия

Даму

Өзара


байланыс

3-сурет. Lego білім беру жабдығы негізіндегі цикльді оқу моделі

«Өзара  байланыс»  бөлімі  бұған  дейін  бар  тәжірибе  мен  білімдерді  жаңадан  игерілген 

біліммен біріктіруге, оқытудың жаңа кезеңі үшін қозғаушы күш, бастапқы нүкте ету мүмкін 

болғанда, білім қоржыны толығады дегенді меңзейді. Өзара байланыс орнату кезінде оқушылар 

жаңа білімді өздерінде бар білімнің «үстіне қосады», осылайша өз танымдарын кеңейтеді.

«Құрастыру» бөлімі модельдерді жинап, идея өндіру дегенді білдіреді. Оқу материалы ми 

мен қол «бірге жұмыс істеген» жағдайда жақсырақ меңгеріледі. LEGO Education өнімдерімен 

жұмыс істеу тәжірибелік оқыту қағидаттарына: алдымен ойлану, содан соң модельді жасауға 

негізделеді.  Жинақтың  әр  тапсырмасында  «құрастыру»  кезеңіне  арналған  егжей-тегжейлі 

сипатталған, қадамдық нұсқаулар келтірілген. «Құрастырудың» үш түрі ұсынылады:

1)  проблеманы  еркін  «байқап  көру»  -  оқушылар  өз  бетінше  қарапайым  модельдерді 

түрлендіре және оларды басқара отырып, жаңа ұғыммен танысады.

2)  нұсқау  бойынша  зерттеу  -  оқушылар  егжей-тегжейлі  нұсқауларға  сүйене  отырып, 

математикалық  өңдеу  үшін  жарамды  сандық  нәтиже  алу  үшін  қолданылатын  модельдерді 

жасайды;

3) проблеманы еркін шешу – оқушылар қойылған міндетті орындауға қабілетті өз моделін 

жасайды.

«Рефлексия»  ненің  жасалғанын,  құрылғанын,  түрлендірілгенін  пайымдауды,  алынған 

білімді  ауызша  тұжырымдауды,  тәжірибе  нәтижелерін  ұсыну  тәсілдерін,  оның  басқа 

идеялармен және шешімдермен кешенді қолданылу жолдарын іздеуді білдіреді. Жасалынған 

жұмыстар  туралы  ой  толғай  және  пайымдай  отырып,  оқушылар  пән  бойынша  түсініктерін 

тереңдетеді. Олар өздерінде бұрыннан бар білім мен жаңадан алынған тәжірибенің арасындағы 

өзара  байланысты  нығайтады.  Оқушылар  модельдің  мінез-құлқына  оның  конструкциясын 


| 13 |

Center


of Excellence

өзгертудің қандай әсер еткенін зерттейді: олар бөлшектерді ауыстырады, есептер, өлшемдер, 

модель мүмкіндіктерін бағалайды, есеп құрады, таныстырылым өткізеді, сюжет ойластырады, 

сценарий жазады және өз модельдерін қатыстыра отырып, спектакль ойнайды. Бұл кезеңде 

мұғалім оқушы жетістіктерін бағалауға керемет мүмкіндік алады.

«Дамыту» кезеңінде алынған тәжірибені тереңдетуге, креативтілік және зерттеу дағдыларын 

дамытуға септігін тигізетін неғұрлым күрделі тапсырма орындау көзделеді. Ынталандырушы, 

түрткі  болатын  жағдайлар  болғанда,  оқыту  үдерісі  анағұрлым  жағымды  және  тиімді  өтеді. 

Оқушының  уәжін  үнемі  арттыра  отырып,  сәтті  орындалған  жұмыстан  алған  рахат  сезімін 

қолдау оларды одан әрі шығармашылықпен жұмыс істеуге жігерлендіреді.

Оқушылардың  модельді  әзірлеу  және  жинау  үдерісі  барлық  заманауи  конструкциялар 

мен құрылғылар негізіндегі базалық механикалық қағидаттарды және қарапайым техникалық 

шешімдерді зерделеуге бағытталған. 

Робот моделін бағдарламалау барысында заманауи қоғамда кәсіби іс-әрекет үшін қажетті 

алгоритмдік ойлауды дамытуды; нақты орындаушы үшін алгоритм құру және жазу қабілетін 

дамытуды; алгоритмдік конструкциялар, логикалық мәндер мен операциялар туралы білімдерді 

қалыптастыруды;  бағдарламалау  тілдерінің  бірімен  және  негізгі  -  желілік,  шартты  және 

цикльдік алгоритмдік құрылымдармен танысуды қамтитын «Математика және информатика» 

пәндік саласын зерделеу нәтижелеріне қойылатын талаптарға негізделеді.  Кез келген робот 

конструкциясы бағдарлама (алгоритм) орындаушысының рөлінде болады.

Робот техникасын оқыту үдерісінде педагог мынадай мәселелерді кездестіреді:

•  жоба жұмысын жүзеге асыру; 

•  жобаны орындау барысында ғылыми таным әдістерін қолдану;

•  оқушыларды роботтар сайысына дайындау.

Роботтар сайысына дайындау үшін мұғалімге команда тренері ретінде жұмыс істеуге тура 

келеді. Сайыс оқушылардың робот техникасы бойынша оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру 

әдісі  ретінде  бәсекеге  қабілетті  тұлға  қасиеттерін  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Бұл 

әдіс  оқушылардың  көшбасшылыққа,  бәсекелестікке  табиғи  бейімділігіне  сүйенеді.  Сайыс 

үдерісінде мектеп оқушысы жолдастарымен қарым-қатынаста белгілі бір табысқа жетеді, жаңа 

әлеуметтік дәрежеге ие болады. Сайыс белсенділікті тудырады, сондай-ақ оқушының бойында 

өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастырады.

Командаларды сайысқа дайындау кезінде ынтымақтастық әдістері кеңінен қолданылады, 

олар мектеп оқушылары мен команда жаттықтырушысының «тең» дәрежеде бірлесіп әрекет 

етуіне негізделеді. Оларға «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» жұптарында, «жаттықтырушы-

операторлар» ұжымында бірлескен пікірталастар және т.б. жатқызылады (Никитина, 2014).

Роботтар сайысы жетістіктер байқауы болып табылады, оқушылар үшін сайысқа қатысу 

олардың  робот  техникасын  зерделеу  бойынша  әрекеттерінің  өзіндік  нәтижесі  десе  болады. 

Сайыстар  оқушылардың  робот  техникасы  сабақтарына  деген  уәжін  арттыруға  бағытталған 

және де командалардың техникалық дайындықтарын ғана емес, оқушылардың ұжымдық іс-

әрекеттерін,  эмоционалдық  әсерлерін  де  қамтиды.  Жобамен  жұмыс  істей  отырып,  команда 

мүшелері жауапкершілікті бөлуді, өзара іс-қимыл жасауды, басымдықтарды анықтауды және 

ықтимал қиындықтарды болжауды үйренеді.



белсенді оқу

Белсенді  оқу  оқушының  мұғалімді  енжар  тыңдап  қана  қоймай,  белсенді  жұмысқа 

тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі 

жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін 

түсіндіреді. Робот техникасы сабағында қамтылатын белсенді оқу әдіс-тәсілдері тәжірибелік, 

эксперименттік,  пікірталас,  жоспарлау  және  бағамдау  жаттығуларын  жүргізіп,  жұптық 



| 14 |

және  топтық  жұмыс  ұйымдастыруды  көздейді.  Бұл  тәсілдерде  оқу  бағдарламасындағы  оқу 

мақсаттарына қол жеткізу үшін сыныпта қолдануға болатын тәжірибелік идеялар қамтылған.

Робот техникасы негіздерін үйрету тиімділігі ол сабақтардың ұйымдастырылуына және 

төмендегі әдістердің қолданылуына байланысты:

уӘЖді ӨсіРетін ФактоРлаР

уӘЖді ӨшіРетін ФактоРлаР

түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын 

белсенді мұғалім

негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын 

мұғалім

көп оқушыны қамтитын белсенді 



тапсырмалар

аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде 

қатыспайтын тапсырмалар

белгілі бір мағынасы бар және осының 

алдында өткен тақырыппен байланысты 

жаттығулар

айқын емес, түсініксіз және осының алдында 

өткен тақырыптармен байланыспайтын 

жаттығулар

сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті 

деңгейде және барлық оқушылар орындай 

алатын етіп сараланған

сабақтағы жаттығулар сараланбаған 

және басында орындау тым қиын немесе 

қабілеті жоғары оқушылардың қабілеттері 

ескерілмейді

оқыту мен оқудың сан алуан әдістері 

қолданылады – сабақтың қандай болатынын 

күні бұрын болжау мүмкін емес

оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі 

қолданылады – сабақтың қандай болатынын 

күні бұрын болжап білуге болады

оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып

сабақ қарқынын өзгерту

сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және 

оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді 

әр оқушыға жеке қолдау көрсету

оқушылар мұғалімнен көмек күтеді

көп мақтау және мұғалімнің дене 

қимылдарын, ымды тиімді қолдануы

мақтау айтылмайды және мұғалім дене 

қимылдарын, ымды тиімді қолданбайды

оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не 

күтілетінін біледі

оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не 

күтілетінін білмейді



«Робот техникасы» курсындағы «мұғалім-оқушы» өзара әрекеттестігі

«Мұғалім-оқушы»  өзара  әрекеттестігі  мектеп  оқушысының  ақпараттық  қызметті 

қалыптастыру және оның жұмыс істеу үдерісіне жан-тәнімен және іс-қимылымен бағдарлануын 

сипаттайды, оның нәтижесінде ақпараттық құзыреттілік қалыптасады. 

Егер  «мұғалім-оқушы»  өзара  әрекеттестігінің  өлшемдері  екі  субъектінің  де  талаптарын 

қанағаттандыра  алмаған  жағдайда,  оқудың  сапасы  лайықты  деңгейде  болады  деп  күтуге 

болмас.  Мұғалімнің  негізгі  мақсаты  -  міндеттерді  шешу,  есеп  шығару  тәжірибесін  беру,  ал 

оқушы іс-әрекетінің мақсаты - мұғалім тәжірибесін қолдану, келесі дәрежеге жету және одан әрі 

іргелілеу. Нәтижесінде мұғалім тәжірибесі оқушы тәжірибесінің құрамдас бөлігіне айналады, 

оқушы өз мұғалімінен асып түсіп, одан әрі ұмтылады.

Білім  беру  саласындағы  өзгерістер  мұғалімнің  қатысуынсыз  жүре  алмайды.  Іс-шараны 

ұйымдастыру – белгілі бір сипаттамалары, қисынды құрылымы және оны жүзеге асыру үдерісі 

бар жүйеге реттеуді білдіретін маңызды мәселелердің бірі.

Оқушы  оқу  әрекетінің  әмбебап  тәсілдерін  меңгеру  үшін  мұғалімнің  оқыту  әдістемесін 

игеруі  қажет.  Сондықтан  мұғалімнің  өз  бетінше  білімін  жетілдіруі,  жұмыстың  жаңа  әдіс-

тәсілдерін  игеруге  үнемі  дайын  болуы,  өз  сабақтарына  инновацияларды  белсенді  енгізуі 

маңызды. 


| 15 |

Center


of Excellence

оҚу ЖоспаРы

 

күн күн тақырыбы



сабақтың тақырыбы

сағат 

саны

1

Курсқа 



кіріспе. Курс 

жабдығымен 

танысу

1. «Робот техникасы» элективті курсына кіріспе: қолданыс 



салалары,  түрлері.  Робот  техникасының  тарихы  мен 

келешегі


2

2. Курс жабдығымен танысу: 

LEGO 

MINDSTORMS EV3 



Education топтамасы. EV3 жинағы

2

3. EV3 модулін зерделеу



2

4. Білім беру роботын құрастыру 

2

2

Мотор және 



датчиктермен 

танысу. EV3 

негіздері

1.  «Робот  техникасы»  элективті  курсы  бойынша 

жоспарларды өзара бағамдау және жетілдіру

2

2.  Мотор  және  датчиктермен  танысу.  Датчиктер  мен 



моторларды  қосу.  EV3  модулінің  интерфэйсін  зерделеу. 

EV3 бағдарламалық жасақтамасы

2

3. ЛЕГО Digital Designer-де білім беру роботын модельдеу



4

3

Мотордың 



көмегімен 

қозғалу (1)

1.  «Робот  техникасы»  элективті  курсы  бойынша 

жоспарларды өзара бағамдау және жетілдіру

2

2.  EV3  арналған  бірінші  бағдарламаны  жасау.  Үлкен 



моторлардың қозғалысы: Рульдік басқару блогы

2

3. «Билейтін робот» жобасының тапсырмалары бойынша 



командалық  жұмыс  орындау.  Роботтың  қолының 

қозғалысын зерделеу: Ортаңғы мотор блогы. Үлкен мотор 

блогы

4

4



Мотордың 

көмегімен 

қозғалу (2)

1.  «Робот  техникасы»  элективті  курсы  бойынша 

жоспарларды өзара бағамдау және жетілдіру

2

2.  «Қоқыс  жинайтын  робот»  жобасының  тапсырмалары 



бойынша командалық жұмыс орындау

2

3. «Күшік» роботын құрастыру



2

4. «Робоқол» роботын құрастыру

2

5

Бұрылу



1.  «Робот  техникасы»  элективті  курсы  бойынша 

жоспарларды өзара бағамдау және жетілдіру

2

2. Бір орында тұрып бұрылу: Моторларды тәуелсіз басқару 



блогы

2

3.  «Көлік  тұрағы»  жобасының  тапсырмалары  бойынша 



командалық жұмыс орындау

4

6



Датчиктер (1)

1.  «Робот  техникасы»  элективті  курсы  бойынша 

жоспарларды өзара бағамдау және жетілдіру

2

2.  Жанасу  датчигі.  Батырмаға  басуды  анықтау.  «Жүк 



тасымалдаушы  робот»  жобасының  тапсырмалары 

бойынша командалық жұмыс орындау

2

3. «Баспалдақта жүргіш» роботын құрастыру



2

4.  Ультрадыбыстық  датчик.  Кедергілерді  анықтау  және 

оларды  еңсеру.  «Сигналдар»  жобасының  тапсырмалары 

бойынша командалық жұмыс орындау

2


| 16 |

күн күн тақырыбы

сабақтың тақырыбы

сағат 

саны

7

Датчиктер (2)



1.  «Робот  техникасы»  элективті  курсы  бойынша 

жоспарларды өзара бағамдау және жетілдіру

2

2.  Гигроскопиялық  датчик.  Еңкею  бұрышын  анықтау. 



«Маневр»  жобасы  және  берілген  тапсырмалар  бойынша 

командалық жұмыс

2

3.  Түс  датчигі.  Түсті  анықтау.  «Бағдаршам»  жобасының 



тапсырмалары бойынша командалық жұмыс орындау

2

3. «Түссұрыптауыш» роботын құрастыру



2

8

Оператор блоктар 



және 

деректер 

блоктары (1)

1.  «Робот  техникасы»  элективті  курсы  бойынша 

жоспарларды өзара бағамдау және жетілдіру

2

2. Цикл блогы. Есептеуішті пайдалану. Датчиктен алынған 



деректер. «Тасымалдау» жобасы

2

3. Экран блогы. Мәтін блогы



2

4. «Піл», «ТанкоБот», «Знап», «Робозауыт» роботтарының 

модельдерімен танысу

2

9



Оператор блоктар 

және 


деректер 

блоктары (2)

1.  «Робот  техникасы»  элективті  курсы  бойынша 

жоспарларды өзара бағамдау және жетілдіру

2

2. Математика блогы. Кездейсоқ сандар блогы



2

3. Ауыстыру блогы. «Жаяу жүргінші робот» жобасы

4

10 С ы н ы п т а ғ ы 



сайыс

1.  Сыныпта  жарыс  туралы  хабарлау.  Идеялар 

таныстырылымы

2

2. Өз роботтарын жасау



2

3. Роботтарды бағдарламалау және тестілеу

2

4.  Роботтарды  таныстыру  және  роботтар  сайысы. 



Жеңімпаздарды анықтау

2

1 академиялық сағат – 45 минут. 



Барлығы – 80 академиялық сағат.

| 17 |

Center


of Excellence

глоссаРий

айналмалы 

қозғалыс

-  бұл  дененің  түрлі  нүктелер  траекториясы  ортақ  ось  бар  шеңбер 

(немесе шеңберлер доғасы) түрінде болатын қозғалыс.



алгоритм

- соңғы нәтиже алуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер ретін нақты және 

толық сипаттау.

бағамдау

-  (ағылш.  evaluation)  білім  беруді  ұйымдастырумен,  оқу,  тәрбиелеу 

және  даму  үдерістерімен  байланысты  жағдайларды,  құбылыстарды 

және іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және баға беру. Бақылаушы және 

қадағалаушы сипаты жоқ. Ол ақпаратты жүйелі түрде ашық жинақтау 

және  талдау  негізінде,  белгіленген  мақсаттармен,  критерийлермен 

және  құндылықтармен  жүйелі  түрде  салыстыру  негізінде  ұйымның 

жұмысының  тиімділігін  анықтау  және  жетілдіру  мақсатында  ұйым 

ішінде,  сондай-ақ  сыртқы  сарапшыларды  тарту  арқылы  өткізіледі. 

Бағамдаудың өзіне тән ерекшеліктері: жетілдіруге бағдарлау, диалог 

түрінде өтуі, жазаның қолданылмауы. Бағамдау мұғалімді «тексеруге» 

емес, оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған.



бағдарламалау

- компьютерде (микрокомпьютерде) шығаруға арналған тапсырмаларды 

дайындау  үдерісі.  Robolab  –  RCX  және  NXT  базасында  Lego-

роботтарды  бағдарламалау  үшін  қолданылатын  бағдарламалаудың 

графикалық ортасыRobotC for Mindstorms – Lego Mindstorms NXT 

басқаруға  арналған  бағдарламаларды  әзірлеуге  мүмкіндік  беретін 

мәтіндік бағдарламалау ортасы.

базалық 

бағдарламалық 

жасақтама

- роботпен бірге берілетін және оның жұмыс істеуін ұйымдастыруға 

арналған  бағдарламалық  жасақтама.  Lego  Mindstorms  NXT 

Software – Lego Mindstorms NXT роботының базалық бағдарламалық 

жасақтамасы.



басқарушы 

бағдарлама

-  роботқа  жүктелген  функцияларды  орындау  жөніндегі  әрекеттерді 

жазуға арналған бағдарлама.

бейімделген робот

-  басқарушы  бағдарламасы  жұмыс  ортасының  бақыланатын 

факторларына және/немесе роботтың өзінің жұмыс істеуіне қарай іс-

әрекеттердің реті мен сипатын мақсатты түрде өзгертетін робот.



белсенді оқу

-  шынайы  өмірден  алынған  және  ойдан  шығарылған  жағдайларды 

қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге 

жетелейді.  Білім  беру  бағдарламасының  барлық  салаларын  барлық 

сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады. 

Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі 

үш  саласы  қамтып,  оқудың  бұл  таксономиясын  «оқу  үдерісінің 

мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға болады.



бірлескен оқу

-  бұл  тәсілдің  аясында  оқыту  білім  берушілер  мен  білім  алушылар 

арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту 

үдерісіне  қатысушы  әрбір  жеке  тұлғаның  жеке  үлесі  мен  қабілеті 

мойындалады.  Үдеріске  қатысушылар  ақпаратты  бірлесіп  отырып 

белсенді  іздеу,  талқылау,  талдау  және  жинақтау  арқылы  жаңа  білім 

алады.  Жұмыс  тиімді  болу  үшін  ынтымақтастық  оқу  жағдайында 

өкілеттік  пен  жауапкершілік  топ  мүшелері  арасында  бөлінеді. 

Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет 

етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.



датчик

- бұл өлшенетін шаманы электрлік немесе электр магниттік шамаға 

бастапқы  өзгерту  функциясын  атқаратын,  ақпаратты  іріктеу  орнына 

орналастырылатын өлшеу құралы.



| 18 |

дыбыс

- қатты, сұйық немесе газ тәрізді ортада механикалық тербелістердің 

серпімді толқындары түрінде таралатын физикалық құбылыс.




жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет