Білім беРу бағдаРламасы мҰғалімге аРналған нҰсҚаулыҚ Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



жүктеу 0.52 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата29.04.2017
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4   5

Center

of Excellence



«Робот техникасы» элективті куРсы бойынша 

педагогика кадРлаРының біліктілігін аРттыРу 

куРсының білім беРу бағдаРламасы

мҰғалімге аРналған

нҰсҚаулыҚ

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығының 

Әдістемелік кеңесі ұсынған

            

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 

құралдармен,  фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нұсқаны  қоса  алғанда,  авторлық 

құқық берушінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға 

тыйым салынады.


маЗмҰны

КІРІСПЕ...............................................................................................................................................4

«РОБОТ ТЕХНИКАСЫ» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР...................5

ОҚУ ЖОСПАРЫ.........................................................................................................................................15

ГЛОССАРИЙ ....................................................................................................................................17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ .................................................................................................. 21



| 4 |

кіРіспе

Қоғамдық  салалардың  барлығын  ақпараттандыру,  оқу  үдерісін  қарқындандыру  негізгі 

жалпы білімді жаңғыртып, оның рөліне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Қазақстан 

Республикасында  білім  беру  мен  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасының  мақсаты  экономиканың  орнықты  дамуы  үшін  білім  берудің 

және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болып табылады. 

Жоғарыда аталған мақсаттарды іске асырудағы ең маңызды міндеттердің бірі қазіргі ғылымның 

ықпалдасқан салаларын дамыту және оларды заманауи мектептің білім беру үдерісіне кіріктіру 

болып табылады. Осыған байланысты оқушыларға ғылыми-техникалық білім берудің робот 

техникасы сияқты саласының өзектілігі артады.

«Робот техникасы» элективті курсы бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру 

курсының  білім  беру  бағдарламасының  (бұдан  әрі  –  Бағдарлама)  мазмұны  оқушылардың 

өз  білімі  мен  біліктерін,  дағдыларын  шынайы  өмірде  өз  бетінше  қолдана  білу  қабілеттерін 

дамытуға бағытталған. Күрделі кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шеше білуге құзыретті 

жаңа қызметкердің қалыптасуы туралы мемлекеттің әлеуметтік ниеттерін ақтау үшін оқушы 

білімді жай ғана алып қоймай, адам қоғамында өмір сүруге қажетті белгілі бір құзыреттілік 

деңгейіне жетуге тиіс.

«Мұғалімге арналған нұсқаулық» атты әдістемелік құрал (бұдан әрі – Нұсқаулық) мұғалімдер 

біліктілікті арттыру курсы барысында және одан кейін қолданатын негізгі оқу құралдарының 

бірі  болып  табылады.  Курс  материалдары  түрлі  міндеттерді  шешуге  арналған  роботтарды 

жинау, құрастыру, модельдеу және бағдарламалау арқылы робот техникасы және инженерлік 

жүйелерді жобалау саласында білім беріп, дағды қалыптастыру мақсатында әзірленген «Робот 

техникасы»  элективті  курсының  оқу  бағдарламасына  негізделген.  Нұсқаулықта  Бағдарлама 

туралы  ақпарат,  оның  мақсаттары  мен  міндеттері,  Бағдарламаны  іске  асырудан  күтілетін 

нәтижелер қарастырылады. Осы Нұсқаулық мұғалімдерге «Робот техникасы» элективті курсы 

бойынша сабақтарды жоспарлау мен өткізуге көмектесетін болады. 

Бағдарламаның мақсаты:

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  «Робот  техникасы»  элективті  курсын  іске  асырудың 

теориялық және тәжірибелік негіздерін үйрену.

Бағдарламаның міндеттері:

1) мұғалімдерді курстың құрылымымен, мазмұнымен, мақсаттарымен және міндеттерімен 

таныстыру;

2)  мұғалімдерді  оқушылардың  шығармашылық,  жобалау-зерттеу  және  құрастыру 

дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

1) мұғалімдер курстың құрылымын, мазмұнын, мақсаттарын және міндеттерін біледі және 

түсінеді;

2) оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға 

көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді біледі және түсінеді.


| 5 |

Center


of Excellence

«Робот техникасы» пӘнін оҚытудағы педагогикалыҚ 

тӘсілдеР

Ғылыми  әдебиетке  жасалған  шолу  көрсетіп  отырғандай,  «Робот  техникасы»  элективті 

курсы  балабақшадан  бастап  университетке  дейін  барлық  деңгейде  жаратылыстану  және 

техникалық білім беру сипатына айтарлықтай әсер етіп отырған дамушы сала болып табылады. 

Робот техникасын оқыту оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын оятатын тартымды оқу 

ортасындағы қызықты әрі тәжірибелік жаттығуларды ұсына алатын бірегей оқу құралы ретінде 

танылуда (Eguchi, 2010).

Зерттеушілер оқушыларға робот құрастыруды үйретудің педагогикалық тұрғыдан маңызды 

екендігін дәлелдеп отыр (1-кесте).

1-кесте. Робот (модельдерді) құрастыруды үйретудің педагогикалық маңызы

Белгісі

Робот техникасы саласының ерекшеліктері



Өзектілігі

Оқушылардың  робот  техникасы  саласында  білім  мен  жұмыстың 

тәжірибелік  дағдыларын  меңгеруі  қазіргі  заман  адамының 

жалпы  ақпараттық  мәдениетінің  құрамдас  элементі,  инженерлік-

техникалық шеберлікті одан әрі жетілдірудің негізі болып табылады.

Қолжетімділік

Лего  конструкторлары  8-17  жастағылар  үшін  түсінікті  және 

қолжетімді.

Бағдарламалау  орталары  арасында  Lego  Digital  Designer-дің 

танымалдығы  модельдерді  (роботтарды)  мектептегі,  үйірмедегі 

сабақтарда ғана емес, өз бетінше жасауға мүмкіндік береді.

Ізгілік


Робот  техникасын  оқытуда  қолданылатын  шығармашылық  және 

ғылыми-техникалық  тапсырмалар  эстетикалық  және  өнегелілік 

талаптарға  сәйкес  келеді.  Оқу  үдерісінде  балалар  «табыс  дәмін» 

татады (В.А.Сухомлинский).

Қарым-қатынас

Робот техникасы - бұл жобаны команда болып істей білу қабілетін 

дамыту, міндеттерді тиімді бөлу қабілеті.

Алуан қырлылық

Оқушы  өзін  түрлі  қырынан  таныта  алады:  жобаларды  модельдеу, 

бағдарламалау, құру, таныстыру, конкурстарға қатысу және т.б.

Әлеуметтік маңыз

Робот техникасын оқыту оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендіруге 

септігін тигізеді, оқушыға өз құрдастарымен және педагогтермен 

жеке  тұлға  ретінде  қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік  береді. 

Сонымен қатар, «қауіп тобының» балаларын қызықтырады.

Инженерлік-

техникалық мақсат

Сабақтар  оқушыларға  қарапайым  және  күрделі  техникалық 

шешімдерді,  инженерлік  тетіктерді  қолдана  отырып,  жобаларды 

(модельдерді)  құру  арқылы  өздерінің  инженерлік-техникалық 

ойлау саласындағы білімдерін көрсетуге мүмкіндік береді. 

Робот техникасын оқытуға негіз болған басты теориялар бұл оқытудың сындарлы теориясы 

мен конструкционизм (құрастырушылық) болып табылады. Пиаже балалар үшін заттарды ұстап 

көру,  олармен  амал-шара  жасау  білім  қалыптастыруға  көмектесетінін  алға  тартады  (Piaget, 

1974). Паперт білімді қалыптастыру мейлің ол жағалаудағы құмнан жасалған қамал немесе 


| 6 |

техникалық  зат  болсын,  оқушылар  қоғамдық  субъектіні  құрастырумен  айналысатын  ортада 

тиімдірек жүреді деген ой қосты (Papert, 1980). Мұғалімнің рөлі балаларға жаңалық ашуға 

қатысуға мүмкіндік беріп, оларды сынып жағдайында білім қалыптастыратын құралдармен 

қамтамасыз  етуден  тұрады.  Робот  техникасын  оқыту  балалар  оларды  қоршаған  ортамен 

тығыз  қарым-қатынас  жасай  отырып,  шынайы  өмір  проблемаларымен  шұғылдана  алатын 

оқу ортасын қалыптастырады; бұл орайда «Робот техникасы» элективті курсы балалар үшін 

құрастырушылық оқу тәжірибесін меңгерудің таптырмас құралы бола алады.

Бұл  салада  жүргізілген  зерттеулерде  (мысалы,  Eguchi,  2010;  Benitti,  2012)  роботтардың 

оқушылардың  түрлі  пәндер  (физика,  математика,  химия,  информатика  және  т.б.)  бойынша 

оқуына, сондай-ақ зерттеу дағдылары, шығармашылық ойлау, шешім қабылдау, проблеманы 

шешу,  қарым-қатынас  жасау  және  командада  жұмыс  істеу  дағдылары  сияқты  танымдық, 

метатанымдық  және  әлеуметтік  дағдыларды  қоса  алғанда,  жалпы  айтқанда  ХХІ  ғасырда 

жұмыс ортасына қажет болатын жеке тұлғаның барлық дағдыларын дамытуға елеулі әсері бар 

екені айтылған.

Ғылыми әдебиетте робот техникасын оқытуда қолданылатын үш тәсіл туралы баяндалған 

(Eguchi, 2010):

•  Тақырыпқа  негізделген  оқыту  тәсілі:  білім  беру  бағдарламасының  салалары  оқуға 

арналған  арнайы  тақырып  төңірегінде  біріктірілген  және  негізінен  зерттеу  жүргізу 

және  қарым-қатынас  жасау  арқылы  зерттеледі  (мысалы,  Detsikas&Alimisis,  2011; 

Litinas&Alimisis, 2013).

•  Жобаға  негізделген  тәсіл:  оқушылар  шынайы  өмірден  алынған  нақты  мәселелерді 

зерделеу  үшін  топтасып  жұмыс  істейді;  мысалы,  TERECoP  атты  Еуропалық  жоба 

аясында  әзірленген  әдістемеде  ұсынылған  мәселе  (TERECoP  жобасының  қазақша 

атауы – Мұғалімдерге робот техникасын оқытудағы сындарлы педагогикалық әдістерді 

үйрету) (www.terecop.eu) (Alimisis, 2009).

•  Мақсатқа негізделген тәсіл: балалар әдетте мектептен тыс жерде өткізілетін FIRST Lego 

League  (Http://www.firstlegoleague.org),  RoboCupJunior  (http://www.robocupjunior.org), 

Франциядағы Trophée де Robotique (http://www.planete-sciences.org/robot~~HEAD=pobj), 

Грекияда өтетін Әлемдік робот техникасы олимпиадалары (http://wrohellas.gr) сияқты 

және басқа да робот жасау саласындағы сайыстарға ынталана қатысады.

Бүгінгі таңда оқушылар олардың әке-шешелері мен ата-әжелерінің әлемінен мүлдем басқа 

әлемде өсіп жатыр. Қазіргі таңдағы «шығармашыл қоғамда» (Resnick, 2007) жетістікке жету 

үшін оқушылар шығармашыл тұрғыда ойлап, жүйелі түрде жоспарлап, сын тұрғысынан талдап, 

бірлесуді,  ынтымақтастық  орнатуды,  ашық  қарым-қатынас  жасауды,  табанды  түрде  қайта-

қайта жобалауды, үздіксіз білім алуды үйренуі тиіс. Оқытудың сындарлылық және зерттеуге 

негізделген  тәсілдері  (Demo  et  al.,  2012)  сияқты  тиісті  оқу  әдістемелері  осы  дағдыларды 

дамытуда  елеулі  үлес  қоса  алады.  Еуропалық  комиссия  бастауыш  және  орта  мектептерде 

проблемаларды шешу тәсілі мен зерттеуге негізделген оқытуды кеңінен қолдануды көздейтін 

шараларды  қолдануға  көп  үндеуде  (мысал  ретінде  Еуропалық  комиссияның  2011  жылғы 

құжатын қараңыз).

Робот  техникасын  оқытудағы  басты  мақсат  -  жеке  тұлғаның  ақпараттық  біліктілігінің 

негізін  қалау,  яғни  оқушыларға  ақпаратты  жинау  әдістерін,  сондай-ақ  оны  пайымдау  және 

тәжірибеде  қолдану  технологияларын  меңгеруге  көмектесу.  Робот  техникасы  бойынша 

сабақтарда  ақпараттық  құзыреттілікті  тиімді  қалыптастыру  үшін  оқу  мақсаттарын  жүйелі 

қолдану қажет (2-кестені қараңыз).



| 7 |

Center


of Excellence

2-кесте. Ақпараттық құзыреттіліктің құрылымдық бірліктерін қалыптастыру 

жөніндегі оқу тапсырмаларының жүйесі

ақпараттық 

құзыреттіліктің 

құрылымдық бірлігі

Құрылымдық бірлікті қалыптастыру мақсатында 

қабылданатын шаралар

Ақпаратты өңдеу 

үдерістерін қалыптастыру

1.


Оқушыларда  келіп  түскен  ақпаратты  талдау  қабілетін 

қалыптастыру.

2.

Оқушыларды  алынған  ақпаратты  бар  білім  негіздерімен 



байланыстыруға, салыстыруға, жалпылауға, жинақтауға үйрету.

3.


Ақпаратты пайдалану нұсқаларын әзірлеу және проблемалық 

жағдайды  шешуді  іске  асыру  салдарын  болжау  бойынша 

әрекеттер алгоритмін қалыптастыру. 

4.


Оқушылардың  жаңа  ақпаратты  жасау  және  пайдаланылуын 

болжау  қабілетін  қалыптастыру,  оның  бар  білім  негіздерімен 

өзара әрекеті.

5.


Ақпаратты  ұзақ  мерзімдік  жадыда  сақтауды  және  қалпына 

келтіруді  неғұрлым  дұрыс  ұйымдастыру  қажеттілігі  туралы 

түсінік қалыптастыру.

Оқушының уәжін 

арттыратын түрткілерді 

және құндылықты 

бағдарларын қалыптастыру

Оқушының маңызды құнды бағдарларды таңдау кезінде көмек 

көрсететін құндылықтар әлеміне енуіне жағдай жасау.

Ақпаратты автоматты 

түрде іздеуге және өңдеуге 

арналған техникалық 

құрылғылардың жұмыс 

істеу қағидаттарын, 

мүмкіндіктері мен 

шектелімдерін түсіну

1.

Оқушыларда кейінгі шешімдер және негізгі сипаттамаларына 



қарай  белгілі  бір  техникалық  құралдарды  таңдау  арқылы 

типтері бойынша міндеттерді жіктеу қабілетін қалыптастыру. 

2.

Әрекетті іске асырудың технологиялық тәсілінің мәні туралы 



түсінік қалыптастыру.

3.


Оқушыларды ақпаратты іздеу, өңдеу және сақтау, сондай-ақ 

ақпараттық ағындарды өңдеу бойынша ықтимал технологиялық 

кезеңдерді  анықтау,  жасау  және  болжау  бойынша  ақпараттық 

технологиялар құралдарының ерекшеліктерімен таныстыру. 

4.

Оқушыларда  (атап  айтқанда,  ақпараттық  технологиялар 



құралдарының  көмегімен)  ақпараттық  ағындармен  жұмыс 

істеудің  технологиялық  дағдылары  мен  қабілеттерін 

қалыптастыру.

Қарым-қатынас жасау, 

байланыс орнату 

дағдылары

Оқушыларда бір адамнан екіншісіне түрлі қалым-қатынас түрлері 

мен  тәсілдерінің  (ауызша,  ауызша  емес)  көмегімен  ақпаратты 

беру үдерісінде тілдерді (табиғи және формалды) және белгілік 

жүйелер,  техникалық  коммуникация  құралдарының  басқа  да 

түрлерін білу, түсіну, қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Өз 


іс-әрекетін 

талдау 


қабілеті

Оқушыларда ақпарат туралы рефлексия жасау, өзінің ақпараттық 

іс-әрекетін  және  оның  нәтижелерін  бағалау  және  талдау 

қабілетін  қалыптастыру.  Ақпарат  туралы  рефлексия  ақпарат 

мазмұны мен құрылымы туралы ойлауды, оларды өз санасына, 

жеке таным саласына аудару дегенді білдіреді. Тек осы жағдайда 

ғана  ақпаратты  түсіну  туралы,  адамның  оның  мазмұнын  іс-

әрекет  пен  қарым-қатынастың  түрлі  жағдайларында  қолдану 

мүмкіндігі туралы айтуға болады.


| 8 |

саланы зерттеу

Робот  өндірісі  әлі  де  адамдарға  негізінен  алдын-ала  бағдарламаланған,  жиналған 

роботтарды  ұсынуға  бағытталған.  Ол  роботтардың  пайдаланушылары  үшін  олардың  қалай 

жасалғаны және бағдарламаланғаны «қара жәшік» болып табылады. Өкінішке қарай, сол «қара 

жәшік» әдісі робот техникасын оқытуда да әлі де кең қанат жайып отыр, алдын ала құрылған 

және  бағдарламаланған  роботтар  сабақ  жаттығуларында  түпкі  өнім  ретінде  немесе  жанама 

құрал ретінде ғана қолданылады (Mitnik, Nussbaum & Soto, 2008).

«Қара жәшік» әдісінің мәні көбінесе роботты құрастыру және бағдарламалау ісі балалар 

үшін  аса  күрделі  міндет  деген  тұжырымға  негізделеді.  Алайда,  робот  техникасын  оқытуда 

кездесетін  қиындықтардың  оқушылардың  танымдық  деңгейінің  төмен  болуынан  емес, 

жобалау, құрастыру дағдыларының жеткіліксіздігінен болатыны анықталды (Blikstein, 2013). 

Негізгі қателік қандай болмаса да, «қара жәшік» метафорасы дайын, бекітілген және күмән 

келтірілмейтін ақпарат ұсынылған білім беру бағдарламасына негізделетін дәстүрлі білім беру 

парадигмасымен бәсекелесе алады.

Бұл  тәсілден  мүлде  ерекшеленетін,  сындарлылық/  конструкционизм  тәсілдері 

пайдаланушылар жай ғана дайын технологиялық өнімдерді пайдаланып қана қоймай, сонымен 

қатар нысандарды құрып, қайта құрастыра алатын, роботтарды басынан бастап бағдарламалап, 

артефактілерді  құрылымдық  тұрғыдан  барынша  қолдана  алатын  айқын  роботтарды  («ақ 

жәшік») әзірлеуге көшуді талап етеді. Құрастыру және бағдарламалау тұрғысынан алғанда «ақ 

жәшік»  метафорасы  оқушыларды  шығармашылықпен  ойлануға  жетелеп,  олардың  ынтасын 

арттырады (Resnick, Berg & Eisenberg, 2000).

Дегенмен, кейде оқушылар барлығын басынан бастай отырып, қандай да қызықты бірнәрсе 

құрастыра  алмайтынын  және  алға  жылжи  алмайтынын  біліп,  «тұралап»  қалады.  Осылайша, 

сабаққа арналған робот жинақтарын әзірлеуде айқындық болуын талап ететін жағдай «қара-ақ 

жәшік» деп аталып жүрген құбылыстың нәтижесі деп болжауға болар, яғни балалар роботты 

және/немесе олардың қоршаған ортасын бақылау арқылы мәнді, қызықты әрі күрделі сындарлы 

жаттығуларды орындауын көздейді (Kynigos, 2008). Мысал ретінде мұғалімдердің оқушыларға 

өз  роботтарын  құрастыруға  уақыт  бермей  олардан  сыныпта  бағдарламалауға  барынша  назар 

аударуды талап етуін айтуға болады; бұл орайда мұғалімдер сабақ уақытын үнемдеу үшін және 

өз оқушыларына роботтарды барынша толыққанды бағдарламалауға және басқаруға мүмкіндік 

беру үшін, алдын-ала құрастырылған роботтарды алып келеді (мысалы, Detsikas & Alimisis, 2011). 

Қорытындысында, «ақ жәшік» және «қара жәшік» метафораларының қайсысына артықшылық 

беретінін  шешу  үшін  мұғалімдер  мен  оқытушылар  өз  сыныбында  «Робот  техникасы» 

элективті курсын өткізген кезде оқу мақсаттарына және де ең маңыздысы өз оқушыларының 

қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеріп, соның негізінде таңдауға тиіс.

Робот техникасын оқытуды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері

Мектептің  білім  беру  кеңістігіне  робот  техникасын  енгізу  үшін  педагогикалық 

үдеріс  құрылымына  қарай  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  оңтайлы  түрлері  ретінде  оқыту 

нысандарының келесі жіктелімін қолдануға болады (В.А. Сластёнин).



| 9 |

Center


of Excellence

Оқыту нысандары

негізгі

сабақ



үй жұмысы



қосымша 

дəрістер



экскурсиялар

консультация жəне т.б.



көмекші

қызығушылық бойынша 



үйірмелер жəне клубтар

факультативтер



Бұл оқыту нысандары көпшілік, топтық және жеке жұмыс түрлері арқылы іске асырылады:

КӨПШІЛІК 

ертеңгіліктер



мектеп кештері

клубтар


конкурстар

олимпиадалар



конференциялар



Топтық 

ЖЕКЕ 

қосымша сабақтар



репетиторлық курстар



САБАҚТАҒЫ: 

сабақ



семинар


дəріс


зертханалық-

тəжірибелік

сабақ


экскурсия



САБАҚТАН 

ТЫС: 

үйірмелер



клубтар


секциялар



1-сурет. В.А.Сластенин бойынша оқыту нысандарының жіктелімі

Робот техникасындағы пәнаралық байланыс

Мектеп  оқушылары  оқу-танымдық  қызмет  бағыты  ретінде  «Робот  техникасы»  курсына 

танымдық тұрғыдан жоғары деңгейде қызығушылық білдіреді. Мектепте робот техникасын 

оқыту келесі білім беру конструкторларының көмегімен жүзеге асырылады: LegoWeDo, Lego 



Mindstorms NXT,  Lego  Mindstorms  EV3, Matrix,  Fischertechnic, Arduino, Roborobo және  т.б. 

Робот техникасы негізінде ойын технологиялары жатыр, бұл оның көпшілік қызығушылығына 

ие болуына негіз болып отыр. Ойын оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдісі мен тәсілі болып 

табылатыны  сөзсіз,  оның  үстіне  ол  оқушыларға  білім  алу  үдерісін  байқамай-ақ  үйренуге 

мүмкіндік береді.

Бұнымен қоса, робот техникасы - ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейін көрсететін 

ықпалдастырылған пән саласы. Ол информатика, физика, математика сияқты мектеп пәндерін 

қамтиды.  Негізгі  пән  информатика  болып  табылады.  Білім  берудегі  робот  техникасының 

аталған оқу пәндерімен байланысының екі түрін атап көрсетуге болады (Никитина, 2014): 

1) робот техникасын оқыту үшін қажетті пәндік білім элементтері; 

2) пәнаралық білім элементтері. 

Бұл байланыстарды 2-суреттен көруге болады.



| 10 |

 

2-сурет. Робот техникасындағы пәнаралық байланыс

Робот техникасымен таныстырудағы міндеттердің бірі – роботқа арналған алгоритмдерді 

құру  және  ретке  келтіру,  бұл  информатика  саласына  қатысты.  Сонымен  қатар,  робот 

жабдықталған  құрылғыларды  (моторлар  мен  датчиктерді)  бағдарламалау  физика  саласына 

жатады. Бағдарламаларды құру кезінде датчик жұмысының мәнін (оның жұмысы негізделген 

физикалық заңдылықтарды) түсіну, датчиктің өлшеу дәлсіздіктерін ескеру және т.б. білу керек. 

Физика  техниканың  ғылыми  негізі  ретінде  үнемі  жетекші  орында,  себебі  оған  техникалық 

прогрестің  неғұрлым  маңызды  бағыттары  негізделген.  Робот  техникасы  үшін  физикалық 

ғылымның аса маңызды бөлімдері механика мен электроника болып табылады. Ғылыми таным 

құралы  ретінде  математика  білім  берудегі  робот  техникасында  бұрыштарға,  градустарға, 

коэффициенттерге  және  пропорцияларға  қатысты  есептерді  шығаруға  септігін  тигізеді. 

Физикалық және математикалық білім бірігіп, роботтың қозғалыс траекториясын есептеуге 

және  физикалық  шамалар  мәндерін  табуға  мүмкіндік  береді.  Ақырында,  информатика  мен 

математика  біртұтас  ауыспалы  шамалар  мен  математикалық  есептеулерді  қолдана  отырып, 

робот үшін барынша күрделі алгоритмдерді жасауға мүмкіндік береді.

Айталық,  көпбұрыштың  суретін  салатын  роботты  жасау  жөніндегі  жоба  үлгісінде 

айтылғанға  түсініктеме  берейік.  Күрделі  емес  цикльдік  алгоритм  көмегімен  (тура  жүру, 

бұрылу (іс-әрекеттер көп рет қайталанады)) роботқа қозғалыс траекториясы беріледі; берілген 

бұрылу  бұрышына  қарай  робот  үш  бұрышты,  шаршы,  бес  бұрышты  және  т.б.  формалар 

траекториясы бойынша қолғала алады. Бұндай роботты жасау кезінде келесі дидактикалық 

ұғымдар  қолданылады:  бөлшектер,  пропорциялар,  шеңбер,  радиус,  диаметр  (математика); 

дене  қозғалысы,  жылдамдығы,  жүру  жолы,  механикалық  энергия,  жылу,  үйкеліс  (физика); 

желілік алгоритм, цикльдік алгоритм, бағдарлама, бағдарламаны ретке келтіру (информатика). 

Көпбұрыштың суретін салатын роботқа арналған бағдарламаны құру кезіндегі негізгі кезең 

робот бұрылатын бұрышты есептеу болып табылады. Бұл есепті шығаруда физикалық және 

математикалық  білімдерді  бірге  қолдану  мотор  жұмысының  ұзақтығын  есептеуге  арналған 

формуланы  шығаруға  мүмкіндік  береді  және  де  бұл  параметр  бағдарламаға  салынады 

(Никитина, 2014).

Робот техникасы курсын орта мектепке арналған ықпалдастырылған курс ретінде сипаттай 

отырып, оны оқытудың мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік, тәрбиелік, дамытушы аспектілерін 

белгілеуге болады.



| 11 |

Center


of Excellence


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет