Білім беру бағдарламасы мамандығы 1413000 «Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі


бөлім.  Материалдар қарсылығының негіздері



жүктеу 5.88 Kb.
Pdf просмотр
бет12/17
Дата23.04.2017
өлшемі5.88 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2 бөлім.  Материалдар қарсылығының негіздері
Негізгі  анықтама.  Нақты  объект  –  есеп  жүргізу  сұлбасы.  Денелердің  гео-
метриялық параметрлер бойынша жіктемесі. Сыртқы күштер жіктемесі. Ма-
териалдар қасиеттері туралы гипотезалар. Тірек құрылғылары. Ішкі күштер. 
Кернеу, қалыпты және жанама кернеу, нүктедегі кернелген күй туралы ұғым. 
Қима әдісі. Өзектің көлденең қимасындағы ішкі күштік факторлар және оларға 
сәйкес келетін, деформациялар. Бастапқы өлшемдердің өзгермеушілік прин-
ципі. Күш әрекеттерінің тәуелсіздік принципі. Сен-Венан принципі. 
Тура өзекті центрлік созу-қысу. Центрлік созу-қысу кезіндегі өзектегі ішкі 
күштік факторлар. Қалыпты күш, оның сыртқы жүктемелерден дифференци-
алды тәуелділігі, көлденең қималардағы қалыпты күш. Жазықтық қима гипо-
тезасы.  Бойлық  және  көлденең деформациялар, Пуассон коэффициенті.  Бір 
осьті созу-қысу кезіндегі Гук заңы. Өзектің көлденең қимасының орын ауы-
стыруы және оның ұзаруы. Деформацияның потенциалды энергиясы. Күштік 
жүктеу  кезінде  өзекте  эпюр  салу  техникасы,  дифференциалды  тәуелділікті 
пайдалану. Созу-қысуға арналған статикалық анықталатын және статикалық 
анықталмайтын,  тапсырмалар.  Температуралық  деформация  және  кернеу. 
Монтаждау кернеуі. Қатаңдық және икемділік, созу-қысуға арналған статика-
лық анықталмайтын өзекті жүйені есептеуге декомпозияны қолдану. Созу-қы-
су  кезіндегі өзектің көлбеу қимасындағы кернеу. Центрлік созу-қысу кезін-
де  материалдардың  механикалық  сипаттамасын  эксперименталды  анықтау. 
Шартты  және  ақиқат  диаграмма.Материалдың  механикалық  сипаттамасы. 
Созымды  және  опырылмалы  материалдар.  Тиеу  және  қайта  жүктеу  заңы. 
Температураның  механикалық  сипаттамаға  тигізетін  әсері.  Сырғымалылық, 
соңғы әсер, релаксация, ұзақ төзімділік туралы ұғым. Рұқсат берілетін кер-
неу бойынша төзімділікке есеп жасау. Төзімділік қорының нормативті коэф-
фициенті, төзімділік шарты. Жобалау есебі, көлденең қима ауданын анықтау. 
Рұқсат берілетін жүктемені анықтау. Тексеру есебі, төзімділіктің нақты қоры. 
Қатаңдыққа есеп жасау. Қатаңдық шарты. 
Жылжу. Жылжу құбылысы. Таза жылжу. Таза жылжу кезіндегі кернелген 
күйді талдау. Бірінші және екінші түрдегі серпімділік модульдары мен Пуас-
сон  коэффициентінің  арасындағы  байланыс.  Жылжу  кезіндегі  деформация-
ның потенциалды энергиясы. 
Өзектің көлденең қимасының геометриялық сипаттамасы. Негізгі анықтама. 
Геометриялық сипаттаманың жалпы қасиеті. Жазық фигураның статикалық 
сәті, центрлік ось, ауырлық центрі. Координаталар осінің параллель тасымал-
дануы және бұрылысы кезінде инерция сәтінің өзгеруі. Инерцияның басты осі 
және басты сәті. Қарапайым фигураның инерциялық сәті. Қабырғалары жұқа 
емес қималар үшін басты центрлік осьті анықтау және инерция сәтін есеп-
теу алгоритмі. Қабырғалары жұқа қималардың геометриялық сипаттамасын 
есептеу ерекшелігі. Түзу көлденең иіліс. Өзектің иіліс түрлері. Түзу көлде-
нең иіліс кезіндегі ішкі күштік факторлар және дифференциалды тәуелділік. 
Арқалықтағы ішкі күштік факторлардың эпюрін салу техникасы. Таза иіліс 
кезіндегі қалыпты кернеу. Түзу көлденең иіліс кезіндегі қалыпты және жанама 
кернеу. Жұқа қабырғалы көлденең қималы арқалықтағы жанама кернеу. Иіліс 

104
центрі. Иіліс кезінде төзімділікке есеп жасау.Арқалықтың иіліс кезіндегі де-
формациясының  потенциалды  энергиясы.  Иіліс  кезіндегі  орын  ауыстыруды 
анықтау. Серпімді сызықтың дифференциалды теңдеуін интеграциялау. Мор 
әдісі. Верещагин ережесі. Арқалық үшін қатаңдық және икемділік коэффи-
циенттерін есептеу. Қатаңдыққа есеп жасау. Көлденең қиманың формасының 
қатаңдық бойынша тиімділік критерийі. 
Бұрау. Бұрау кезіндегі ішкі күштік факторлар. Өзектердің көлденең қимасы-
ның жіктеуіші. Жұмыр және сақиналы көлденең қималы өзекті бұрау. Жұқа 
қабырғалы тұйық көлденең қималы өзекті бұрау. Тұтас тікбұрышты қималы 
өзекті  бұрау.  Жұқа  қабырғалы  ашық  қималы  және  құрамдас  қималы  өзекті 
бұрау. Өзектерді бұрауға есеп жасауға арналған жалпыландырылған формула-
лар. Бұрау кезіндегі дифференциалды және интегралды тәуелділік, өзек үшін 
эпюр салу техникасы. Бұрау кезінде төзімділікке және қатаңдықққа есеп жа-
сау. Деформацияның потенциалды энергиясы. Аз адымды цилиндрлі винтті 
серіппелерді есептеу. 
Қиғаш иіліс және түзу өзекті центрден тыс созу-қысу. Қиғаш иіліс, көлденең 
қимадағы кернеу, бейтарап сызық.  Орын ауыстыруларды анықтау. Төзімділік-
ке  және  қатаңдыққа  есеп  жасау.  Центрден  тыс  созу-қысу  кезінде  кернеуді 
анықтау, бейтарап сызықтың теңдеуі, қима ядросы, төзімділікке есеп жасау. 
Қарапайым жүйелерді тиімді жобалау элементтері. Жүйенің тиімділік кри-
терийлері.  Жобалаудың  болуы  мүмкін  параметрлері.  Элементтері  созу-қы-
суға жұмыс істейтін, жүйені тиімді жобалау. Жүктемелері бөлінген, статика-
лық анықталатын өзектердің тиімді формасы. Жүйе өзегіндегі қатаңдықтың 
тиімді  таралуы.  Өзекті  жүйенің  тиімді  геометриясы.  Арқалықтарды  тиімді 
жобалау. Қатаңдықты немесе тіректің жағдайын, жүктеменің жағдайын және 
тағы басқаларды өзгерту арқылы арқалықтағы максималды иіліс сәтін реттеу.  
        Статикалық анықталатын өзекті жүйелер. Ішкі күштік факторлар және 
көлденең қимадағы кернеу, деформацияның потенциалды энергиясы, Мор ин-
тегралы. Өзекті жүйелер типі. Мор әдісімен жазықтықтағы өзекті жүйелердегі 
(рамалардағы, фермалардағы, аралас жүйелердегі) орын ауыстыруларды есеп-
теу ерекшелігі. Қиманың өзара орын ауыстыруын анықтау. 
Күш әдісімен статикалық анықталмайтын өзекті жүйелерді есептеу. Байла-
ныстар. Қажетті және артық байланыстар. Эквивалентті және негізгі жүйелер. 
Күш  әдісінің  канондық  теңдеуі.  Канондық  теңдеу  коэффициенті.  Шешімді 
тексеру. Жазық статикалық  анықталмайтын раманы есептеу. Тұйық контур-
лы  раманың  статикалық  анықталмаушылығын  ашып  көрсету.    Статикалық 
анықталмаушылығын ашып көрсету үшін рамаларда түзу және кері симме-
трияны пайдалану. Статикалық анықталмайтын фермалар, арқалықтар, ара-
лас жүйелерді есептеу үшін күш әдісін қолдану ерекшелігі. Күш әдісін темпе-
ратуралық тапсырмаларда қолдану.  
Дене нүктесінің кернелген және деформацияланған күйі. Дене нүктесіндегі 
кернелген күй. Кернеу тензоры. Берілген нүкте арқылы өтетін, ерікті алаңдағы 
толық кернеу векторының компоненттері. Осы алаңдағы толық, қалыпты және 
жанама кернеу. Басты алаң және басты кернеу. Басты кернеудің шамаларын 
және  басты  алаңның  жағдайын  анықтау.  Кернеу  эллипсоиды.  Экстремалды 
жанама кернеу және оның әрекет ету алаңы. Мордың шеңберлік диаграммасы. 
Кернелген күйдің жіктеуіші. Жазық кернелген күйді талдау. Күрделі жүктеу 
кезіндегі өзектегі басты алаңдар және басты кернеу. Дене нүктесіндегі дефор-

105
мацияланған күй. Деформация тензоры. Кернелген және деформацияланған 
күйдің арасындағы ұқсастық. Изотропты материалға арналған Гуктың жал-
пылама заңы. Деформацияның меншікті потенциалды энергиясы және оның 
көлем мен форманы өзгерту энергиясына бөлінуі. 
Төзімділік теориясы. Төзімділік теориясын салудың принципиалды сұлба-
сы. Ең үлкен қалыпты кернеу теориясы. Ең үлкен салыстырмалы ұзару теори-
ясы. Максималды жанама кернеу теориясы. Форманы өзгертудің меншікті по-
тенциалды энергия теориясы. Мор теориясы. Төзімділік теориясын салысты-
ру. Күрделі кернелген күй кезінде өзектерді төзімділікке есептеу. Кеңістіктік 
статикалық анықталатын және статикалық анықталмайтын рамаларды есеп-
теу. Жазықтықтық-кеңістіктік раманы есептеу. 
Сәтсіз  теория  бойынша  ось  симметриялы  жұқа  қабырғалы  қабықшаны 
есептеу.  Жұқа  қабырғалы  қабықшаның  айналу  геометриясы,  меридиандық 
және  шеңберлік  қима.  Сәтсіз  кернелген  күйдің  болу  жағдайы.  Қабықшалар 
мен олардың қосылыстарының тиімді формасы. Сәтсіз ось симметриялы қа-
бықшаны шешетін теңдеу:  Лаплас теңдеуі, шеңберлі қимамен кесілген, қа-
бықшаның бір бөлігінің тепе-теңдік теңдеуі. Берілген бағытқа кейбір беттер 
бойынша біркелкі таралған қысымның тең әсерлі проекциясы туралы теоре-
ма. Қабықша нүктесіндегі кернелген күй. Цилиндрлі, конусты, сфералы қа-
бықшаларды төзімділікке есептеу мысалдары. 
Қысылған өзектердің тұрақтылығы. Идеал өзекке арналған тұрақтылықтың 
жоғалу ұғымы. Сындарлы күш. Эйлер тапсырмасы. Эйлердің есебінің нәтиже-
лерін басқа есептермен салыстыру. Идеал модельдің құндылығы мен кемшілі-
гі.  Эйлер  формуласының  қолданылу  шегі.  Қысылған  өзектің  пророционал-
дық шегінен тыс тұрақтылығы. Сындарлы кернеудің иілімділікке тәуелділігі. 
Тұрақтылыққа тексеру және жобалау есебі. Сындарлы жүктемені анықтаудың 
энергетикалық әдісі. 
Көлденең-бойлық 
иіліс. 
Көлденең-бойлық 
иіліс.  
тапсырмаларының  ерекшелігі.  Көлденең-бойлық  иілісті,  олардың  ин-
теграциялануын  сипаттайтын,  дифференциалды  теңдеулердің  әр  түр-
лі  формалары.    Көлденең-бойлық  иіліс  кезіндегі  иілістерді  есептеуге  ар-
налған  жуықтатылған  формула.  Жуықтатылған  формуланы  пайдалану 
арқылы  кернеуді  және  төзімділік  қорын  анықтау.  Инерция  күші.  Ілгеріле-
мелі  қозғалатын  жүйені  есептеу.  Біркелкі  айналатын  жүйені  есептеу.  
Соққы. Соққы ұғымы. Соққыға ілесе жүретін, механикалық процесс. Соққы-
ның  техникалық  теориясы.  Жүйе  массасын  ескермей  жүйе  бойынша  соғу. 
Масса соққы нүктесінде шоғырланған, жүйе бойынша соғу. Жүйе массасын 
соққы нүктесіне келтіру. 
Уақыт  бойынша  циклді  өзгеретін  кернеу  кезінде  төзімділікке  есеп  жасау. 
Шаршау  құбылысы.  Кернеу  циклі  және  төзімділік  шегі.  Кернеу  концентра-
циясының, өлшемдердің, беттің өңделу тазалығының және басқа да фактор-
лардың  шаршау  қарсылығына  әсері.Таза  жылжу  және  бір  осьті  кернелген 
күй  кезінде  түрлі  материалдардан  жасалған  бөлшектердің  төзімділік  қорын 
анықтау және шекті амплитудалар диаграммасы. Күрделі кернелген күй кезін-
де  шаршау төзімділігінің қорын анықтау.
Негізгі қабілет бойынша төзімділікке есеп жасау. Негізгі қабілет бойынша 
еептеулер туралы ұғым. Кернеудің ақиқат диаграммасы және оны схемалау.  
Созу-қысуға  жұмыс  істейтін,  жүйелердің  негізгі  қабілеті  бойынша  есептеу. 

106
Иіліске жұмыс істейтін, жүйелердің негізгі қабілеті бойынша есептеу. 
3 бөлім.  Темір бетон конструкциялар
        Бетон және арматурадан жасалған конструкциялық материалдар.
Темір бетонның маңызы. Екі материалдың – бетон және болат арматураның 
конструктивтік композициясы болып табылатын,  темір бетон туралы ұғым.
Бетонның негізгі физика-механикалық қасиеттері. Темір бетон конструкци-
яларға арналған арматура. Темір бетонның негізгі физика-механикалық қаси-
еттері.
№1 зертханалық жұмыс. Бұзатын және бұзбайтын әдістермен бетон мен 
арматураның есеп жүргізу сипаттамаларын анықтау.
Темір  бетон  конструкцияларды  шекті  күйлері  бойынша  есептеу  әдістері. 
Темір  бетонның  қарсылығы  теориясын  құру  үшін  негіз  ретінде,  жүктеме 
астындағы темір бетонның жұмысы туралы эксперименттік деректер. Шекті 
күйі бойынша есептеудің негізгі әдістері. Өзекті темір бетон элементтердің 
қалыпты қимасының беріктігін есептеудің жалпы жағдайлары. 
№1 практикалық жұмыс . Жүктемелер жіктеуіші, қайта жабуға және жа-
буға жүктеме жинау.
Иілетін элементтерді конструкциялау және есеп жүргізу. Иілетін элемент-
тердің  конструктивтік  ерекшеліктері.  Темір  бетон  элементтердің  беріктігін 
оның қалыпты қимасы бойынша есептеу. Армирлеуге қойылатын конструк-
тивтік талаптар. 
№2  практикалық  жұмыс.  Кез  келген  бейіндегі  иілетін  элементтердің 
беріктігін қалыпты және көлбеу қимасы бойынша есептеу. 
Бұрма арматурасы мен қамыттары бар, элементтердің көлбеу қимасы бой-
ынша  беріктігін  есептеу.  Көлденең  арматураны  орналастыруға  қойылатын 
конструктивтік талаптар. 
№2  зертханалық  жұмыс  .  Қалыпты  және  көлбеу  қимасы  бойынша  бұзу 
арқылы темір бетон арқалықты иілуге сынау. 
Қысылған  элементтерді  конструкциялау  және  есеп  жүргізу.  Қысылған 
элементтерге  қойылатын  конструктивтік  талаптар.  Кездейсоқ  эксцентриси-
теттері  бар  элементтерді  есептеу.  Үлкен  және  кіші  эксцентриситеттері  бар 
тікбұрышты және сақиналы қималы ортасынан тыс-қысылған элементтердің 
беріктігін есептеу. 
№3 практикалық жұмыс. Ортасынан  тыс-қысылған және ортасынан тыс 
созылған элементтердің беріктігін есептеу. 
Ортасынан  тыс-қысылған элементтердің иілімділігін есептеу. Жанама ар-
мирлеумен күшейтілген, элементтерді есептеу және конструкциялау. 
№3 зертханалық жұмыс.  Темір бетон колоннаның жұмысын ортасынан  
тыс-қысылуға зерттеу. 
Алдын - ала кернелген темір бетон элементтер. Алдын - ала кернелген ТБК-
дың маңызы. Алдын - ала кернеу тудыру әдістері мен тәсілдері. Арматурадағы 
алдын - ала кернеудің жоғалуы. Кәдімгі және алдын- ала кернелген элемент-
тердің  кернелген-деформацияланған  күйден  дайындау  процесінен  бұзылуға 
дейінгі өзгеруі. 
№4 зертханалық жұмыс. Иілетін темір бетон арқалықтың сызатқа беріктігі 
мен майысуына алдын - ала кернеудің тигізетін әсерін зерттеу. 
Созылған элементтерді конструкциялау және есептеу. 
Созылған элементтердің конструктивтік ерекшеліктері. Ортасынан созылған 

107
және ортасынан тыс созылған элементтердің беріктігін есептеу. 
Темір бетон конструкцияларды деформациясы бойынша есептеу негізі. 
Темір  бетон  элементтердің  сызатқа  беріктігін  есептеу.  Элементтердің  қа-
лыпты бойлық осіне ортасынан созылған, иілетін, ортасынан тыс созылған 
және ортасынан тыс қысылған элементтерді сызаттардың пайда болуы бой-
ынша есептеу.  
Сызаттарды ашу ендігін есептеудің жалпы жағдайлары. Сызаттарды ашу ен-
дігіне ықпал ететін, факторлар. Майысу бойынша есептеудің жалпы жағдай-
лары. 
№4 практикалық жұмыс . Ортасынан созылған, иілетін және ортасынан 
тыс жүктелген элементтерді сызаттардың пайда болуы бойынша есептеу. 
№5 практикалық жұмыс . Сызатты ашу ендігін есептеу.
№6 практикалық жұмыс. Элементтердің сызаттармен бірге немесе онсыз 
орын ауыстыруын есептеу.
Көп қабатты ғимараттардың темір бетон конструкциялары. Көп қабатты ғи-
мараттардың  жазық  жабындары  және  олардың  негізгі  түрлері  –  арқалықты 
және арқалықсыз. Темір бетон конструкцияларды шекті тепе-теңдік әдісі бой-
ынша есептеу негізі. Көп қабатты ғимараттар колоннасы. Құрастырмалы темір 
бетон конструкциялардың жапсарлары, оларды конструкциялау және есептеу. 
№7 практикалық жұмыс. Колонналарды конструкциялау және армирлеу. 
Темір бетон конструкциялардың жапсарларын конструкциялау және есептеу. 
Таяз орналасқан темір бетон іргетастар. Темір бетон іргетастарды жіктеу. 
Құрастырмалы монолитті жеке тұрған іргетастарды колоннаның астына кон-
струкциялау. Ортасынан жүктелген іргетастарды есептеу. 
№8  практикалық  жұмыс.  Ортасынан  тыс  жүктелген  іргетасты  жобалау 
және есептеу. 
Қалалық инженерлік құрылыстарды (жерасты өтпелері, тірек қабырғалары) 
конструкциялау.
Конструктивтік  шешімдер,  есептеу  принциптері,  қалалық  инженерлік 
құрылыстарды конструкциялау және армирлеу ерекшеліктері. 

108
Оқыту нәтижелері
Осы  модуль  табысты  аяқталғаннан 
кейін білім алушы:
Бағалау критерийлері
                  Білім алушы:
ОН 10  Техникалық-экономикалық талдау 
негізінде дайындау, монтаждау және пай-
далануға беру сенімділігінің талаптарын 
ескере отырып темір бетон конструкция-
ларды ұтымды жобалау қағидаларын мең-
геру 
БІЛУГЕ ТИІСТІ:
- бетонның, болат арматураның және 
темір бетонның физика-механикалық 
қасиеттерін;  
- түрлі кернелген күйдегі темір бетон 
элементтердің қарсылығының ерек-
шеліктерін; 
- темір бетон элементтерді олар-
дың қимасының тиімді өлшемдерін 
белгілей отырып жобалауды және 
құрылыстың қабылданған конструк-
тивтік сұлбасының және әрекеттегі 
жүктемелердің үйлесімінің негізінде 
армирлеу негіздерін;  
- өнеркәсіптік және азаматтық ғима-
раттар мен құрылыстардың негізгі 
темір бетон конструкцияларының 
конструктивтік ерекшеліктерін;  
- құрастырмалы және монолитті 
темір бетоннан салынған ғимараттар 
мен құрылыстардың конструктивтік 
сұлбасын құрастыру қағидасын. 
- құрастырмалы элементтердің жік-
тері мен бірікпелерін конструкция-
лау негіздерін және оларды есептеу-
ді. 
- темір бетон конструкцияларды жо-
балау жөніндегі негізгі нормативтік 
және техникалық құжаттамаларды.
ІСТЕУГЕ ТИІСТІ:
- қолданыстағы нормативтік, техни-
калық және анықтамалық әдебиет-
терді пайдалана отырып, ғимараттар 
мен құрылыстардың негізгі құрасты-
рмалы және монолитті темір бетон 
конструкцияларын есептеуді және 
конструкциялауды. 
-темір бетон конструкцияларды жо-
балауды;
- осы конструкцияларды нығайтуды 
және қалпына келтіруді.
КМ.11  Металл құрылымдарды есептеу мен құрылымдауды орындау 
Мақсаты:
 
Бұл модуль білім алушыларды металл конструкцияларды жобалау саласын-
дағы кәсіптік қызметке даярлауға ықпал етеді.

109
Модульге кіріспе:  
Білім алушы ғимараттар мен құрылыстардың металл конструкцияларының 
жұмысының  негізін;  техникалық-экономикалық  талдау  негізінде  дайындау, 
монтаждау және пайдалануға беру сенімділігінің талаптарын ескере отырып 
темір бетон конструкцияларды ұтымды жобалау қағидаларын ұғынуы тиіс. 
Модульдің мазмұны:
Құрылысқа арналған болаттың қасиеті мен жұмысы. Құрылысқа арналған 
болат және алюминий қорытпалар: химиялық құрамы, микроқұрылымы, қа-
сиеті.  Қасиеті  мен  бұзылу  сипатына  әр  түрлі  факторлардың  тигізетін  әсері 
(уақыт, жүктеу жылдамдығы, температура және орта агрессиясы).Бұзылу түр-
лері. Металдың жүктеме астындағы жұмысы: бір реттік статикалық созылу 
және қысылу, күрделі кернелген күй (келтірілген кернеу). Омырыла бұзылу; 
омырыла бұзылуға ықпал ететін, факторлар. Көп реттік үздіксіз жүктелу, ме-
талдардың шаршауы. Жобалау кезінде металдардың жұмыс істеу ерекшелік-
терін ескеру. Болаттан және алюминий қорытпаларынан дайындалған бірін-
шілік элементтердің сортаменті туралы ұғым.  
Металл конструкциялардың элементтерінің жұмысы және олардың сенімділі-
гін есептеу негізі. Шекті күйі бойынша есептеу әдісінің негізі: есеп жүргізу 
мақсаты,  шекті  күйдің  топтары  мен  түрлері,  шекті  теңсіздік,  сенімділік  ко-
эффициенттерінің жүйесі: жүктеменің өзгерушілігін, металдың қарсылығын 
және қиманың өлшемін ескеру. Конструкцияның жұмыс жағдайы, шекті күй-
дің салдары, ғимараттар мен құрылыстардың жауаптылығы. Серпімді және 
серпімді - созымды кезеңдегі ортасынан-, ортасынан тыс жүктелген, иілетін 
металл өзектердің кернеуі және деформацияланған күйі.  Ортасынан-, орта-
сынан тыс жүктелген, қысылған, қыса –майыстырылған және иілген элемент-
тердің тұрақтылығы: сындарлы кернеу, шамаланған ұзындық, иілгіштік, жұқа 
пластиналардың тұрақтылығы. 
Металл  конструкцияларды  біріктіру.  Біріктірудің  жалпы  сипаттамасы. 
Пісірілген бірікпелер, жапсарлы және бұрышты жіктер. Конструкциялау, жүк-
теме астында жұмыс істеу, жапсарлы және бұрышты жіктерді есептеу. Бұран-
дама  қосылыс  жоғарылатылған,  долбарлы  және  қалыпты  дәлдік,  беріктігі 
жоғары бұрандама. Конструкциялау, жүктеме астында жұмыс істеу, бұранда-
ма қосылысты есептеу.
№1практикалық  жұмыс.  Жапсарлы  және  бұрышты  жіктер  пісірілген 
бірікпелерді конструкциялау және есептеу. 
№2  практикалық  жұмыс.  Түрлі  типтегі  бұрандама  қосылыстарды  кон-
струкциялау және есептеу. 
Арқалықтар.  Арқалық  конструкциялар.  Арқалықтарды  қолдану  саласы, 
жіктеу.  Арқалық  жабындарды  құрастыру:  негізгі  сұлбалары,  олардың  ар-
тықшылықтары мен кемшіліктері, құрастыруды оңтайландыру. 
Төсемдер мен прокатты арқалықтарды жобалау: есептеу сұлбалары, жүкте-
ме мен күшті анықтау, қиманы таңдау, беріктік пен қатаңдықты тексеру. Құра-
ма арқалықтарды жобалау: есептеу сұлбалары, жүктеме мен күшті анықтау, 
арқалықтың биіктігін белгілеу және ұтымды қима құрастыру, қиманың берік-
тігін тексеру, қатаңдықты, жалпы және жергілікті тұрақтылықты қамтамасыз 
ету.  Арқалықтың  бөлшектерін,  жапсарлары  мен  түйіндерін  конструкциялау 
және есептеу. 
Жұқа  қабырғалы,  ойықталған  арқалықтың,  гофр  қабырғалы  арқалықтың, 

110
алдын-ала кернелген арқалықтың ерекшеліктері. 
№3  практикалық  жұмыс.  Құрама  арқалықтардың  қима  элементтерінің 
жергілікті тұрақтылығын тексеру.
№4 практикалық жұмыс. Серпімді және серпімді прокаттық және пісірім-
делген арқалықтың қимасын таңдау және тексеру.
Ортасынан қысылған колонналар. Колонналардың қолданылу саласы, жік-
телуі.   Өтпелі колонналардың жұмыс ерекшелігі, келтірілген иілімділік.  Ко-
лонна қимасының типін таңдау. Тұтас колонналарды жобалау: есептеу сұлба-
сы, шамаланған ұзындық, жүктемелер мен күштерді анықтау, ұтымды қима 
құрастыру,  беріктігін  тексеру.  Жалпы  және  жергілікті  тұрақтылық.  Өтпелі 
колонналарды жобалау ерекшеліктері: колонна тармақтарын және тармақтар-
дың арасындағы арақашықтықты анықтау. Тармақтардың және тұтас колонна-
ның орнықтылығын тексеру, торларды есептеу.  
Колонна баулығы мен базасын конструкциялау, есептеу және жұмыс ерек-
шеліктері. Практикалық жұмыс. Ортасынан қысылған тұтас және өтпелі ко-
лонналардың қимасын таңдау және тексеру. 
Фермалар.  Қолданылу  саласы,  жіктеу,  басты  өлшемдерін  анықтау,  геоме-
триялық сұлбаларды бірыңғайландыру. Өзектердегі жүктемелер мен күштерді 
анықтау. Жабындардың жеңіл фермаларын жобалау: жабын жүйесіндегі фер-
малардың  жалпы  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету,  өзектердің  шамаланған 
ұзындығы,  қима  типін  таңдау,  өзектер  қимасын  таңдау  және  тексеру,  өзек-
тердің  шекті  иілімділігі.  Фермалардың  зауыттық  және  монтаждау  кезіндегі 
жіктерінің түйіндерін конструкциялау және есептеу. Ауыр фермаларды кон-
струкциялау және есептеу ерекшеліктері.
Ғимарат  қаңқасын  жобалау  негіздері.  Қаңқалардың  жалпы  сипаттамасы, 
конструктивтік сұлбасы. Жобалау кезінде конструкциялардың эксплуатация-
лау, сенімділік және ұзақ қызмет көрсету, дайындау және монтаждау талапта-
рын ескеру. 
Қаңқаның құрамы, бойлық және көлденең конструкциялар, элементтердің 
функциялары мен өзара әрекеті. Конструктивтік шешімдерді оңтайландыру. 
Колонна торларын таңдау. Көлденең раманы құрастыру. Конструктивтік сұл-
баны  таңдау,  негізгі  өлшемдерді  анықтау.  Жабынды  құрастыру.  Жабынның 
құрамы және сұлбасы. Монтаждау және эксплуатациялау кезіндегі жабынның 
байланыс функциялары және сұлбасы. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 5.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет