Білім беру бағдарламасы мамандығы 1413000 «Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі



жүктеу 5.88 Kb.
Pdf просмотр
бет11/17
Дата23.04.2017
өлшемі5.88 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Оқыту нәтижелері
Осы модуль табысты аяқталғаннан 
кейін білім алушы:
Бағалау критерийлері
              Білім алушы:
ОН  6  Темір  бетон  және  металл 
бұйымдар  өндірісін  ұйымдастыру 
технологиясы мен әдістерін меңгеру. 
 
БІЛУГЕ ТИІСТІ:
-  цементтің,  болаттың,  темір  бетон 
және  металл  конструкциялардың 
физика-химиялық  және  физикалық 
қасиеттерін; 
-  толық  зауыттық  дайындалған 
бұйымдар алу тәсілдерін;
-бастапқы шикізаттық материалдарды 
тасымалдау және сақтау тәсілдерін;
ІСТЕУГЕ ТИІСТІ:
- темір бетон және металл бұйымдар 
мен  конструкциялар  өндірісінің 
түрлі  тәсілдерінің  технологиялық 
есептеулерін жүргізуді,
-дайын 
бұйымдар 
мен 
конструкциялардың 
сапасын 
бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі 
жұмыстарды орындауды; 
- темір бетон және металл бұйымдар 
өндіру  кезінде  ұтымды  және 
экономикалық  ақталатын  шешімді 
жетілдіруді;
- зертханалық жабдықтармен жұмыс 
істеуді;    
-  дайын  темір  бетон  және  металл 
бұйымдардың  сапасын  өз  бетімен 
анықтауды
КМ.07    Кәсіпорынды, құрылыс бұйымдары мен құрылымдарын ұй-
ымдастыру, жоспарлау және басқару
Мақсаты: 
Білім алушыларда құрылыс бұйымдары мен конструкциялары кәсіпорнын 
ұйымдастыру, жоспарлау және басқару үшін қажетті, теориялық білімдер мен 
практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. 
Модульге кіріспе: 
Бұл  модуль  білім  алушыларға  құрылыс  бұйымдары  мен  конструкцияла-
ры кәсіпорнын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару процестерін түсінуге, 
нақты басқарушылық міндеттерді шешуге, өз бетімен жұмыс істеу барысында 
теориялық білімдерді өз бетімен пайдалануға, өндірістегі барлық материал-
дық-техникалық және еңбек ресурстарын барынша тиімді пайдалану жолда-
рын анықтауға мүмкіндік береді. 
Модульдің мазмұны:
Сала  экономикасы.  Материалдық  өндірістің  экономикалық  тиімділік  те-
ориясының негізгі қағидалары.  Сала ресурстары. Капиталдық салымдарды 

94
жоспарлау негіздері. Баға түзу, өзіндік құн. Пайда, рентабельділік, қаржылан-
дыру, есеп, шаруашылық қызметінің есептілігі және талдамасы. 
Құрылыстағы басқару. Өндірісті ұйымдастыру. Өндірісті ұйымдастыру не-
гізі. Кәсіпорынды қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру кезіндегі 
ұйымдастыру ерекшеліктері. Өнім  сапасын басқаруды ұйымдастыру. 
Кәсіпорынды басқару. Басқару негізі. Еңбек ұжымын басқару. Басқару қағи-
далары мен әдістерінің жүйесі. Басқару технологиясы. Басшының еңбегінің 
психологиясы және ұйымдастыру. 
Оқыту нәтижелері
Осы модуль табысты 
аяқталғаннан кейін білім алушы:
Бағалау критерийлері
Білім алушы:
ОН  7  құрылыс  бұйымдары  мен 
конструкциялары 
кәсіпорнын 
ұйымдастыру,  жоспарлау  және 
басқарудың 
теориялық 
және 
қолданбалы негіздерін меңгереді
 
БІЛУГЕ ТИІСТІ:

құрылыс 
бұйымдары 
мен 
конструкциялары 
кәсіпорнын 
ұйымдастыру, жоспарлау және басқару 
саласындағы  отандық  және  шетелдік 
тәжірибені.
ІСТЕУГЕ ТИІСТІ:
-  нақты  басқарушылық  міндеттерді 
шешуді;
-  өз  бетімен  жұмыс  істеу  барысында 
теориялық  білімдерді  өз  бетімен 
пайдалануды; 
-  арнайы  нормативтік  әдебиеттермен 
жұмыс істеуді;
-  өндірістегі  барлық  материалдық-
техникалық  және  еңбек  ресурстарын 
барынша тиімді пайдалану жолдарын 
анықтауды.
КМ.08  Темір бетон және металл бұйымдар мен құрылымдарды өндіру 
үдерісін автоматтандыру
Мақсаты:
 
Білім алушылардың бақылау жүйесін әзірлеу және жұмыс істетудің теори-
ялық негіздерін білу,  темір бетон және металл бұйымдар мен конструкциялар 
өндірісі кезіндегі технологиялық процестерді автоматты басқару саласындағы 
білімдерді  меңгеру,  сондай-ақ  құрылыс  индустриясын  автоматтандырудың 
әлеуметтік-экономикалық және экологиялық маңыздылығын түсіну.
Модульге кіріспе: 
Бұл модуль білім алушыларға  темір бетон және металл бұйымдар мен кон-
струкциялар өндірісінің процестерін автоматтандырудың маңызын түсінуге, 
нақты басқарушылық міндеттерді шешуге, өз бетімен жұмыс істеу барысында 
теориялық білімдерді өз бетімен пайдалануға, өндірістегі өндірісті автомат-
тандыруда барлық материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын барын-
ша тиімді пайдалану жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. 
Модульдің мазмұны:
Автоматтандыру  жүйелерінің  жіктеуіші.  Автоматтандырылған  бақылау 

95
және дабыл беру жүйелері. Дистанциялық басқару және телебасқару жүйе-
лері. 
Автоматты реттеу, басқару және қорғау жүйелері. 
Автоматты жүйелер элементтері. 
Технологиялық  параметрлер  датчигі.  Датчиктер  параметрлері.Резистивті 
датчиктер. Индуктивті датчиктер. Трансформаторлы датчиктер. Сыйымдылық 
датчиктер. Пьеэзоэлектрлік датчиктер. Индукциялық датчиктер. 
 Жиілік датчиктер. Сандық датчиктер. 
Реле.
Тұрақты тоқтың бейтарап электромагнитті релесі. Полярлы электромагнитті 
реле. Айнымалы тоқтың электромагнитті релесі. Геркондық реле. Биметалды 
жылулық реле. Релені сұлбаларда белгілеу. Негізгі реле-түйіспелік сұлбалар. 
Уақыт релесі.
Күшейткіштер.  Электрлі  күшейткіштер.  Гидравликалық  күшейткіштер. 
Пневматикалық күшейткіштер. 
Орындау механиздері. 
Реттеуші органдар.
Автоматтандыру сұлбасын салу.
Құрылымдық сұлба. Автоматтандырудың функционалдық сұлбасы. Прин-
ципиалды электрлік сұлба.
Технологиялық параметрлерді автоматты бақылау.
Температураны өлшеу. Шығынды өлшеу. Деңгейді өлшеу. Заттардың пара-
метрлерін өлшеу.  
Автоматты реттеу мен басқарудың негізгі қағидалары. 
Автоматты реттеу жүйелерінің түрлері. Реттеу объектілерінің қасиеті. Рет-
теу заңдары. Бағдарланатын логикалық контроллерлер. Технологиялық про-
цестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі. 
Құрылыс  бұйымдары  мен  конструкциялары  өндірісінің  процестерін  авто-
маттандыру. 
Электр  қозғалтқыштарды  басқару  сұлбасы.  Бетон  толтырғыштар  қойма-
сын автоматтандыру. Көлік ағыны жүйесін басқару. Мөлшерлеу және өлшеу 
процестерін автоматтандыру. Араластыру процесін автоматтандыру. Армату-
ралы өзекшелерді қыздыруды автоматтандыру. Бетон араласпасын нығыздау 
процесін автоматтандыру. Темір бетон бұйымдарды ылғалды-жылулық өңдеу 
процесін автоматтандыру. 

96
Оқыту нәтижелері
Осы модуль табысты 
аяқталғаннан кейін білім 
алушы:
Бағалау критерийлері
Білім алушы:
ОН 8  Тиісті өндірістік 
процестерді автоматтандыру 
сұлбасын әзірлеу үшін негіз 
ретінде технологиялық 
сұлбаларды пайдалану 
дағдыларын меңгеру.
БІЛУГЕ ТИІСТІ:
-автоматтандырудың теориялық 
негіздерін;
- темір бетон және металл бұйымдар 
өндірісі кезіндегі автоматты бақылау 
және басқару саласындағы негізгі 
ұғымдарды;
-технологиялық процестерді 
басқарудың автоматты және 
автоматтандырылған жүйесінің мәнін.
ІСТЕУГЕ ТИІСТІ:
- қолда бар нормативтік-техникалық 
құжаттамалардың негізінде жеке 
машиналарды, аппараттарды және 
технологиялқ желілерді бақылау мен 
басқаруды автоматтандыруға тапсырма 
қалыптастыруды; 
- технологиялық процестерді басқару 
мен бақылаудың құрылымдық және 
функционалдық сұлбаларын әзірлеуді; 
-құрылыс индустриясы 
зауыттарындағы автоматтандырылған 
желінің бұйым өндірісінің сапасын, 
өнімділігін, тұрақтылығын 
арттырудағы рөлін анықтауды
-құрылыс индустриясындағы 
өндірістік процестерді 
автоматтандырудың мақсаттылығы мен 
әлеуметтік-экономикалық тиімділігін 
атап көрсетуді. 
КМ.09  Темір бетон және металл бұйымдары зауыттарында стан-
дарттау, сертификаттау және аккредитацияны ұйымдастыру
Мақсаты: 
Бұл модуль білім алушыларға құрылыстық материалтану мен технология-
дағы стандарттау әдістемесінің материалдардың жұмыс ерекшеліктерін еске-
ретіндігін  және  құрамдас  элементтер  ретінде  материал  мен  конструкцияға, 
құрылыс бұйымдарының өлшемдеріне және тағы басқаларға жүктемені стан-
дарттау енетіндігін түсіндіреді. Практикалық тапсырмаларды тиімді шешуге 
қабілетті, маманға метрология қағидаларын едәуір толық ұғынуға және қол-
дануға,  алынған  нәтижелерге  талдау  жүргізуге  мүмкіндік  береді,  сондай-ақ 
тұлғаның әрі қарай дамуына ықпал етеді. 
Модульге кіріспе: 

97
Білім алушы шығарылатын өнімге арналған нормативтік құжаттардың неме-
се өндіріске қойылатын талаптардың технологиялық процестердің дамуымен, 
талаптардың өзгеруімен байланысты ауысуы мүмкін екендігін және бұл про-
цестердің нормативтік құжаттамаларда, жобаларда және тағы басқаларда көр-
сетілетіндігін түсінуі тиіс.  
Модульдің мазмұны:
Стандарттау  тапсырмалары.  Негізгі  ұғымдар,  терминдер,  анықтамалар. 
Стандарттау бойынша  нормативтік құжаттар және стандарт түрлері. Халықа-
ралық және өңірлік стандарттау элементтері. «Техникалық реттеу туралы» ҚР 
Заңының негізгі талаптары. 
Стандарттау деңгейлері. Халықаралық және өңірлік стандарттау. Стандарт-
тау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Өлшемнің негізгі теориялары. 
Өлшенетін шамалардың сандық және сапалық сипаттамалары. Халықаралық 
бірліктер жүйесі (БЖ). Өлшеу қателігі. Қателікті айқындау әдісі. 
ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрылымы мен құрамы. 
Стандарт. Стандарт түрлері. Негіз қалаушы стандарттар. Стандарттар жік-
теуіші. 
Өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігі және сапасы. Өнім сапасының көр-
сеткіштері. 
Өнім сапасының көрсеткіштері мен қызметтердің жіктеуіші. 
ИСО  халықаралық  стандарттарының  құрылымы  мен  құрамы.  ИСО  9000, 
ИСО 9001, ИСО 9004 стандарттары.
Сапа менеджменті жүйесіне арналған ұлттық стандарттар. Өнім  сапасын 
өндірістік қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар мен ұсыныстар ( Р 
МемСТ ИСО 9001, Р МемСТ ИСО 9004).
Сапа жүйесіне арналған мемлекеттік стандарттар.
Өнімді  техникалық  бақылау  және  сынау  операцияларын  жіктеу.  Ұйымда 
техникалық  бақылау  жүйесін  ұйымдастыру  негізі.  Сапаны  статистикалық 
бақылау. 
Өндіріске және сапа жүйесіне сертификаттау жүргізудің жалпы тәртібі мен 
ережесі. 
Рөлі, маңызы және РФ сертификаттаудың заңнамалық негізі. Міндетті және 
ерікті сертификаттау. 
Сертификаттау органдарын және сертификаттау жүйесіндегі сынақ зертха-
наларын аккредитациялау тәртібі және ережесі. Өнімді сертификаттау сұлба-
сын таңдау және тағайындау. Өнімді сертификаттау сұлбасының негізгі эле-
менттері.  Сапа  жүйесіндегі  өндірісті  сертификаттау.  Өндірісті  немесе  сапа 
жүйесін сертификаттайтын ұйымдарға қойылатын, талаптар. Өндірісті серти-
фикаттауға дайындау тәртібі және әдісі. 

98
Оқыту нәтижелері
Осы  модуль  табысты  аяқталғаннан 
кейін білім алушы:
Бағалау критерийлері
                       Білім алушы:
ОН 9 Құрылыстық материалтанудағы 
стандарттау әдістемесін және темір 
бетон және металл бұйымдар өндірісі 
технологиясын меңгеру
 
БІЛУГЕ ТИІСТІ:
- стандарттау тапсырмаларын, оның 
экономикалық тиімділігін;
-жалпы техникалық және 
ұйымдастырушылық-әдістемелік 
стандарттар жүйесінің (кешендерінің) 
негізгі жағдайларын; 
-сапа жүйесін стандарттау, сертификаттау 
және құжаттауды анықтау және негізгі 
ұғымдарды; 
- халықаралық стандарттарға және 
халықаралық бірлік жүйесіне (БЖ) сәйкес 
шамалардың терминологиясын және өлшем 
бірліктерін; 
- сапаны растау нысанын;
- сапа жүйесінің құжаттамасын;
- оқу пәндеріндегі халықаралық стандарттар 
мен халықаралық бірлік жүйесі (БЖ) бар 
өлшем бірліктер, терминология бірлігі;
- өнім сапасын арттыру негізін;
- техникалық және зертханалық бақылауды 
талап ететін, негізгі технологиялық 
процестерді; 
-заңдардың, техникалық регламенттердің, 
МемСТ ИСО/ХСК 17025 және басқа да 
нормативтік құжаттамалардың талаптарын; 
- сапаны бақылау және сынау түрлерін.
ІСТЕУГЕ ТИІСТІ:
- кәсіптік қызметте сапа жүйесінің 
құжаттамасын пайдалануды; 
- өндірістік қызметтегі стандарттау мен 
сертификаттаудың негізгі қағидаларын 
пайдалану негізінде қолданыстағы 
нормативтік базаға сәйкес технологиялық 
және техникалық құжаттамаларды ресімдеу;
- халықаралық стандарттарға және 
халықаралық бірлік жүйесіне (БЖ) сәйкес 
өлшемдердің жүйелік емес шамаларын 
келтіруді;  
- сапа жүйесінің құжаттамасын қолдануды;
- өнімдер (қызмет) мен процестердің негізгі 
түрлеріне нормативтік құжат талаптарын 
қолдануды, 
- өнімге бақылау және сынау жүргізуді;
- статистикалық қабылдау кезіндегі бақылау.
Кіші инженер - технолог
КМ.10   Темір бетон құрылымдарды есептеу мен құрылымдауды  орын-
дау 
Мақсаты:
 
Бұл модуль ғимараттар мен құрылыстардың темір бетон конструкцияларын 

99
жобалау, дайындау, монтаждау, күшейту негіздерін оқыта отырып кіші инже-
нер-технологтар дайындауға ықпал етеді.  
Модульге кіріспе:  
Темір  бетон  конструкциялар  қолданылу  саласы  кең  негізгі  құрылыс  кон-
струкциялары болып табылады, сондықтанда мамандарды техникалық даяр-
лауға теориялық механика теориясының негіздерін, сондай-ақ ғимараттар мен 
құрылыстардың темір бетон конструкцияларын жобалауды тереңдете зерттеу 
кіруі тиіс. 
Модульдің мазмұны:
1 бөлім.  Теориялық механика негіздері
Статика.  Негізгі  анықтамалар  және  статика  аксиомалары.  Статиканың  екі 
міндеті. Байланыстар мен олардың реакциялары. Байланыстан босатылу ту-
ралы постулат. Күштің нүктеге қатысты моменті. Күштің оське қатысты мо-
менті. Күштер жұбы және оның скалярлы және векторлық моменті. Күштің 
еркін жүйесінің басты моменті және басты вектор. Күштің еркін жүйесінің 
теңдестігі туралы теорема. Күш жүйесінің әр түрлі жеке түрлерінің теңдестік 
жағдайлары.  Жазық  күш  жүйесіне  арналған  теңдестік  жағдайларының  үш 
формасы. Бір қатты дененің тепе-теңдігі және абсолютті қатты денелер жүй-
есінің тепе-теңдігі. Сыртқы және ішкі күштер. Статикалық анықталатын және 
статикалық анықталмайтын жүйелер. Статикалық анықталмау дәрежесі. Күш 
жұбы  және  олармен  жүргізілетін  операциялар  туралы  теорема.  Жинақтала-
тын күштер жүйесін тең әсерлі күштерге келтіру. Күштердің еркін жүйесін 
орталыққа  келтіру.  Күштің  екі  жүйесінің  эквиваленттілігі  туралы  теорема. 
Жеке жағдай – күштердің жазық жүйесі. Күштердің еркін жүйесін тең әсерлі 
күштерге  келтіру  жағдайлары.  Келтірудің  әр  түрлі  екі  орталығына  қатысты 
күштер жүйесінің басты моменттерінің арасындағы байланыс. Күштердің ер-
кін жүйесінің инварианттары. Вариньон теориясы. 
Күштердің  еркін  жүйесін  динамикалық  винтке  келтіру.  Орталық  винттік 
ось. Параллель күштер жүйесі және оларды қарапайым эквиваленттік жүйе-
лерге келтіру. Параллель күштер жүйесінің орталығы. Параллель күштердің 
таратылған  жүйелері.  Қарапайым  жеке  жағдайлар  және  оларды  тең  әсерлі 
күштерге келтіру. Кеңістіктік және жазықтықтық өңдеу типтерінің байланы-
сы. Үйкеліс. Үйкеліс түрлері. Үйкелістің әр түріне арналған экспериментал-
ды заңдар. Үйкеліс болған кезде тепе-теңдік тапсырмаларын шешу әдістері. 
Дененің ауырлық орталығы. Симметриялы дененің ауырлық орталығы тура-
лы теорема.Кейбір қарапайым геометриялық денелердің ауырлық орталығы.
Ауырлық  орталығын  табу  әдісі.  Идеалды  созылмайтын  жіптің  статикасы. 
Векторлық формадағы және координата осінің проекциясындағы  жіптің бос 
элементінің тепе-теңдік теңдеуі. Жіптің тегіс беттегі тепе-теңдігі. Жіптің тегіс 
емес цилиндрлі беттегі тепе-теңдігі. Эйлер формуласы. 
Кинематика.  Санақ  жүйесі.  Нүктенің  қозғалысын  беру  тәсілі.  Нүктенің, 
оның қозғалысының берілуінің әр түрлі тәсілдері кезіндегі жылдамдығы және 
үдеуі. Нүктенің координаталардың қисық сызықты жүйесіндегі жылдамдығы 
мен үдеуі. Қатты денелер кинематикасы. Қатты дененің екі нүктесінің жыл-
дамдық векторларының проекциялары туралы теорема. Қатты дененің қара-
пайым қозғалысы. Ілгерілемелі қозғалыс. Қатты дененің қозғалмайтын осьтің 
айналасында  айналуы.  Қозғалыс  теңдеуі,  бұрыштық  жылдамдық  және  де-
ненің бұрыштық үдеуі. Дене нүктесінің оның айналмалы қозғалысы кезінде-

100
гі жылдамдығы мен үдеуі. Қатты дененің жазықтықтағы паралелль қозғалы-
сы. Оның ілгерілемелі және айналмалы қозғалысқа ажырауы. Жазықтықтағы 
қозғалыстың кинематикалық теңдеуі. Дене нүктелерінің жазықтықтағы қозға-
лыс кезіндегі жылдамдығына арналған векторлық формула. Жылдамдықтың 
лездік центрі, оны табу әдісі. Жазықтықтағы қозғалыс кезінде дене нүктелерін 
жылдамдатуға арналған векторлық формула. Үдеулердің лездік центрі. Қатты 
дененің сфералық қозғалысы. Эйлер бұрыштары. Родриг-Гамильтон параме-
трлері. Қозғалыстың кинематикалық теңдеуі. Матрицалық әдістерді қолдану. 
Айналудың лездік осі. Лездік бұрыштық жылдамдық және лездік бұрыштық 
үдеу. Дене нүктесінің, оның сфералық қозғалыс кезіндегі жылдамдығы мен 
үдеуі. Эйлер және Ривальс формулалары. Еркін қатты дененің қозғалысының 
жалпы жағдайы. Оның ілгерілемелі және сфералық қозғалысқа ажырауы. Ай-
налудың лездік осі. Лездік бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу. Еркін 
қатты дененің жылдамдығы мен үдеуі (векторлық формулалар). 
Нүктенің  күрделі  қозғалысы.  Абсолютті,  ауыспалы  және  салыстырмалы 
қозғалыс. Нүктенің күрделі қозғалыс кезіндегі жылдамдығы мен үдеуі туралы 
теория. Кориолис үдеуі. Нүктенің абсолютті қозғалыстың белгілі траектория-
сы кезіндегі күрделі қозғалысы. Қатты дененің күрделі қозғалысы. Айналудың 
екі қиылысатын осьтердің айналасында қосылуы.  Айналудың екі параллель 
осьтердің айналасында қосылуы. Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстың 
қосылуы  (винттік  қозғалыс).  Айналудың  кез  келген  санының  қиылысатын 
осьтердің айналасында қосылуы. Айналудың кез келген санының параллель 
осьтердің айналасында қосылуы. Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстың 
кез келген санының қосылуы.
Динамика. Материалдық нүкте динамикасы. Санақтың инерциялық жүйесі. 
Векторлық және координаталық формалардағы еркін және еркін емес нүкте-
лердің қозғалысының дифференциалды теңдеуі. Динамиканың бірінші және 
екінші тапсырмасы. Еркін емес нүктеге арналған байланыстардың динамика-
лық реакциясы. Динамиканың бірінші және екінші тапсырмасын шешу үшін 
нүктелердің қозғалысының дифференциалды теңдеуін қолдану. Нүктенің түзу 
сызықты қозғалысының интегралды теңдеуі (ауыспалылармен бөлінген тең-
деу, тұрақты коэффициенттері бар сызықтық теңдеу). Нүктенің салыстырма-
лы қозғалысының динамикасы. Санақтың инерциялық емес жүйесі. Салысты-
рмалы қозғалыс теңдеуі. Инерцияның тасымал және кориолистік күші. Гали-
лейдің салыстырмалылық қағидасы. Координаталардың полярлы және цилин-
дрлі жүйесіндегі нүкте қозғалысының дифференциалды теңдеуі. Механика-
лық жүйе туралы ұғым. Сыртқы және ішкі күштер. Ішкі күштердің қасиеті. 
Санақтың инерциялық жүйесіндегі еркін және еркін емес механикалық жүйе-
лер қозғалысының дифференциалды теңдеуі. Механикалық жүйе массалары-
ның центрі. Массалар центрінің қозғалысы туралы теорема. Жеке жағдайлар 
(массалар центрінің немесе оның координаталарының жылдамдық проекция-
сын сақтау). Қатты денелердің ілгерілемелі қозғалысының дифференциалды 
теңдеуі.  Массалар  геометриясы.  Нүктеге,  оське,  жазықтыққа  қатысты  жүйе 
инерциясының сәттері. Центрден тепкіш инерция күшінің сәттері. Берілген 
бағыттағы оське қатысты инерция сәті. Инерция тензоры. Инерция эллипсои-
ды. Инерцияның басты осі, инерцияның басты центрлік осі.  Инерцияның ба-
сты осі туралы негізгі теоремалар. Инерцияның басты центрлік сәті. Штейнер 
теоремасы және оның центрден тепкіш инерция күшінің сәттеріне арналған 

101
аналогы. Центрден тепкіш инерция күшінің сәттерін есептеу. Инерция ради-
усы. Кейбір қарапайым денелердің инерциясының тензорына арналған фор-
мулалар. Материалдық симметриялар осі бар, денелерге арналған Штейнер 
теоремасы. 
Материалдық  нүкте  мен  механикалық  жүйелер  қозғалысының  мөлшері. 
Күштің  элементарлық  және  толық  импульсі.  Дифференциалды  және  инте-
гралды формалардағы жүйе қозғалысы мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. 
Жеке жағдай – қозғалыс мөлшерінің сақталуы. Айнымалы құрам нүктесінің 
қозғалысы. Реактивті күш. Мещерский теңдеуі. Циолковский формуласы. Ра-
кетаның  вертикаль  қозғалысы.  Нүкте  мен  механикалық  жүйенің  центр  мен 
салыстырмалы оське қатысты кинетикалық сәті. Дифференциалды және ин-
тегралды  формалардағы  кинетикалық  сәттің  өзгеруі  туралы  теорема.  Жеке 
жағдайлар  -  центр  мен  салыстырмалы  оське  қатысты  кинетикалық  сәттің 
сақталуы. Центрден тепкіш күштің әсерінен нүктенің қозғалуы. Секторлық 
жылдамдық.  Аудандар  теоремасы.  Бинэ  формуласы.  Салыстырмалы  оське 
қатысты қатты дененің кинетикалық сәті. Қатты дененің қозғалмайтын ось-
тің айналасындағы айналмалы қозғалысының дифференциалды теңдеуі және 
оның  интеграциялану  жағдайлары.  Механикалық  жүйенің,  оның  күрделі 
қозғалысы кезіндегі кинетикалық сәті. Салыстырмалы қозғалыстағы жүйенің 
кинетикалық сәтінің массалар центріне қатысты өзгеруі туралы теорема. Қат-
ты дененің жазықтықтағы қозғалысының дифференциалды теңдеуі. Күштің 
элементарлы және толық жұмысы. Қуат. Жүйенің ішкі күштерінің жұмысы. 
Қатты денеге, оның қозғалысының әр түрлі жағдайы кезінде салынған, күштің 
жұмысын есептеу. Материалдық нүкте мен механикалық жүйелердің кинети-
калық энергиясы. Жүйенің кинетикалық энергиясын, оның күрделі қозғалысы 
кезінде  есептеу.  Қатты  дененің,  оның  әр  түрлі  қозғалысы  кезіндегі  кинети-
калық  энергиясы.  Дифференциалды  және  интегралды  формалардағы  жүй-
елердің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема. Потенциалдық 
күштік өріс. Потенциалдық күштік өрістегі элементарлы және толық жұмыс 
күші. Күштік функция және өрістің потенциалды энергиясы. Потенциалдық 
энергияны есептеу мысалы: ауырлықтың біртекті өрісінің, серпімділіктің сы-
зықтық күшінің, Ньютон заңы бойынша тарту өрісінің. Толық механикалық 
энергияның сақталу заңы. Консервативті жүйелер. 
Байланыстардың аналитикалық көзқарасы және оларды осы белгісі бойынша 
жіктеу. Мүмкін болатын орын ауыстырулар. Мүмкін болатын орын ауыстыру-
лардағы күштің элементарлы жұмысы. Идеал байланыстар. Голономды және 
голономды емес байланыстар. Мүмкін болатын орын ауыстырулар принципі. 
Голономдық  жүйенің  еркіндік  дәрежесінің  саны.  Жалпыландырылған  коор-
динаталар. Жалпыландырылған күштер. Жалпыландырылған күштерді есеп-
теу тәсілдері. Потенциалды күштер тудыратын, жалпыландырылған күштер. 
Жалпыландырылған координаталардағы мүмкін болатын орын ауыстырулар 
принципі.
Консервативтік  жүйелердің  тепе-теңдік  жағдайы.  Материалдық  нүктенің 
инерциялық күші. Нүктелерге және материалдық жүйелер нүктесіне арналған 
Даламбер қағидасы. Қатты дененің қозғалысының жалпы және жеке жағдай-
ларындағы инерция күшінің басты векторы және басты сәті. Динамиканың 
жалпы теңдеуі. Қозғалмайтын осьтің айналасында айналатын, қатты дененің 
тірегіндегі реакцияны анықтау үшін Даламбер қағидасын қолдану. Реакция-

102
ның статикалық және динамикалық құрамдас бөліктері. Жеке жағдайлар. Ай-
налатын дененің статикалық және динамикалық теңдесуі туралы ұғым. Екін-
ші түрдегі Лагранж теңдеуі: қорытынды және қолдану әдістемесі. Механика-
лық жүйенің кинетикалық энергиясының құрылымы. Екінші түрдегі Лагранж 
теңдеуінің құрылымы. Жалпыландырылған күштер құрылымы: позициондық 
күштер (потенциалды және консервативті емес күштер), диссипативті және 
гироскопиялық күштерді үдететін, күштер. 
Механиканың  канондық  теңдеуі.  Механикалық  жүйенің  тепе-теңдік  күйі 
және  тепе-теңдік  жағдайы  туралы  ұғым.  Жалпыландырылған  күштерде 
көрсетілген,  тепе-теңдік  шартынан  тепе-теңдік  жағдайын  табу.  Мысалдар. 
Жүйе  тепе-теңдігінің  тұрақтылығы,  Консервативтік  жүйелердің  тепе-теңдік 
тұрақтылығының Лагранж критерийі. Жүйе нүктесі жылдамдығының бірінші 
дәрежесіне пропорционал, қарсылық күші. Рэлеяның диссипативті функция-
сы. Толық механикалық энергия жүйесі мен диссипативті функцияның ара-
сындағы  байланыс.  Диссипативті,  үдетуші  және  гироскопиялық  күштердің 
жүйелердің тепе-теңдік тұрақтылығына әсері. Тепе-теңдіктіктің тұрақты күй-
інің  маңайындағы  жүйенің  аз  қозғалысы  туралы  ұғым.  Бір  дәрежелі  еркін 
консервативтік жүйеге арналған кинетикалық және потенциалды энергияның 
жуықтатылған мәндері. Тепе-теңдік күйінен аздап ауытқыған жағдайдағы бір 
дәрежелі еркін консервативтік жүйенің еркін қозғалысының дифференциалды 
теңдеуі. Гармоникалық тербелістер. Мысалдар. Тұтқыр-сызықтық қарсылық 
болған кездегі бір дәрежелі еркін жүйенің аз еркін қозғалысы. Өшетін тербеліс 
қозғалысы. Тербеліс декременті, логарифмдік декремент. Бейкезеңдік қозға-
лыс. Бір дәрежелі еркін жүйенің мәжбүрлі тербелісі. Мәжбүрлі тербелісті қоз-
дыру тәсілі. Кедергінің мәжбүрлі тербеліске тигізетін әсері. Меншікті және 
Ммәжбүрлі  тербелістің  өзара  әрекеті.    Тұтқыр-сызықтық  қарсылық  болған 
және болмаған кездегі резонанс. Жүйенің амплитудалық жиілік және фазалық 
жиілік сипаттамасы. Екі дәрежелі еркін консервативтік жүйенің кинетикалық 
және потенциалды энергиясы. Екі дәрежелі еркін консервативтік жүйенің те-
пе-теңдік тұрақтылық жағдайы. Аз еркін тербелістер теңдеуі. Жиілік теңдеуі. 
Парциалды жиіліктер. Жүйенің меншікті жиілігінің қасиеті. Тербелістің ба-
сты формалары. Басты координаталар. Екі дәрежелі еркін жүйенің мәжбүрлі 
тербелісі. Қатты дененің қозғалмайтын нүктенің айналасындағы қозғалысы. 
Қатты дененің қозғалмайтын нүктеге қатысты кинетикалық сәті, оның коор-
динаталар осіндегі проекциясы. Эйлердің кинематикалық және динамикалық 
теңдеуі. Бір қозғалмайтын еркін нүктенің ауыр денесінің қозғалысы теңдеу-
лерінің интеграциялану жағдайларына шолу (Эйлер, Лагранж, Ковалевский 
жағдайлары). Эйлер жағдайына Пуансоның геометриялық интерпретациясы. 
Тұрақты прецессия туралы ұғым. Гироскоптың жуықтатылған теориясы. Ре-
заль теоремасы. Екі және үш дәрежелі еркін гироскоптар. Гироскопиялық сәт. 
Ауыр гироскоп прецессиясы. Гироскоптарды техникада қолдану мысалдары. 
Механиканың  вариациялық  принциптері  (Гаусс,  Лагранж,  Гамильтон  прин-
циптері).  Голономды  емес  жүйелер.  Техникада  қолдану  мысалдары.  Үдеу 
энергиясы. Голономды емес жүйелерге арналған Гаусс принципі. Аппель тең-
деуі. Соғылудың жуықтатылған теориясының негізгі қағидалары. Айналатын 
дене бойынша соғылу кезінде бұрыштық жылдамдықтың өзгеруі. Нүктенің 
жылжымайтын  бетке  соғылуы.  Қалпына  келтіру  коэффиценті.Соғылу  фаза-
сы. Соғылудың екі фазасына арналған соққы импульстары. Карно теоремасы. 
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет