Білім беру бағдарламасы мамандығы 1413000 «Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі



жүктеу 5.88 Kb.
Pdf просмотр
бет10/17
Дата23.04.2017
өлшемі5.88 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Оқыту нәтижелері
Осы модуль табысты аяқталғаннан 
кейін білім алушы:
Бағалау критерийлері
           Білім алушы:
ОН  5  Сыртқы  белгілері  және 
таңбалануы 
бойынша 
құрылыс 
материалдары  мен  бұйымдардың 
сапасын  анықтау  үшін  қажетті, 
теориялық білімдер мен практикалық 
дағдыларды меңгеру.
 
БІЛУГЕ ТИІСТІ:
-  конструкциялық  және  құрылыс 
материалдарының 
құрамының, 
құрылысының  және  қасиетінің 
өзара байланысын; 
 - максималды ресурс-және энергия 
сақтау  кезінде  материалдардың 
белгіленген құрылымы мен қасиетін 
қалыптастыру тәсілдері; 

құрылыс 
материалдарының 
қасиеттерін  зерттеу  әдістерін, 
сондай-ақ  олардың  сапасының 
көрсеткіштерін бағалау әдістерін.
ІСТЕУГЕ ТИІСТІ:
-  пайдалануға  берудің  белгіленген 
жағдайы  кезінде  құрылыстың 
сенімділігінің, 
қауіпсіздігінің, 
үнемділігінің  және  тиімділігінің 
талап  етілетін  көрсеткіштерін 
қамтамасыз ететін, конструкциялық 
материалдарды дұрыс таңдауды;

қоршаған 
ортаның 
конструкциядағы 
материалға 
тигізетін 
ықпалын 
талдауды, 
пайдалануға  берудің  белгіленген 
жағдайы  кезінде  құрылыс  және 
конструкциялық 
материалдарға 
қойылатын талаптарды анықтауды; 
- конструкциядағы материалдардың 
ф и з и к а л ы қ - м е х а н и к а л ы қ 
қасиеттерін  бақылау  әдістері  мен 
құралдарын пайдалануды.
КМ. 06 Темір бетон және металл бұйымдар мен құрылымдар өндірісі 
үдерісін  ұйымдастыру
Мақсаты: 
Білім алушыларда темір бетон және металл бұйымдар өндірісіндегі практи-
калық тапсырмаларды тиімді шешуге қабілетті, сондай-ақ жеке тұлғаның әрі 
қарай дамуына ықпал ететін, темір бетон және металл бұйымдар өндірісін ұй-
ымдастыру әдістері және оның технологиясы саласындағы  теориялық және 

86
практикалық білімдер жүйесін қалыптастыру. 
Міндеттері:
Технологиялық  сынақтар,  техникалық  күтім  көрсету,  оларды  сақтау  және 
жөндеу. Темір бетон және металл бұйымдар өндірісін ұйымдастыру әдістерін 
және оның технологиясын меңгеру.
Модульге кіріспе:
КМ. 06 модуль. «Темір бетонды және металл бұйымдар мен конструкциялар 
өндірісінің процесін ұйымдастыру» кәсіптік деңгей болып табылады және тех-
ник-технологқа арналған «Кәсіптік модульдер» цикліндегі 1413000 «Темір бе-
тон және металл бұйымдары өндірісі (түрлер бойынша) мамандығы бойынша 
негізгі кәсіптік білім бағдарламасының құрылымында берілген. Бұл модуль 
білім  алушыларға  темір  бетон  және  металл  бұйымдар  өндірісінің  техноло-
гиясы мен ұйымдастыруды; теориялық білімдерді өз бетімен, творчествалық 
пайдалану дағдыларын қалыптастыруды, нормативтік және анықтамалық әде-
биеттерді практикалық қызметте пайдалану біліктілігін; құрастырмалы темір 
бетон конструкциялар өндірісінің технологиялық және ұйымдастырушылық 
процестерін әзірлеу және бағалау дағдыларын меңгеруді және негізгі техно-
логиялық процестерді таңдау кезінде техникалық-экономикалық есептеулерді 
іске асыруды және құрастырмалы темір бетон мен металл конструкциялар өн-
дірісін ұтымды ұйымдастыруды жүзеге асыра білуге мүмкіндік береді. Мо-
дульді меңгеру базалық жалпы кәсіптік және кәсіптік модульдерді әрі қарай 
зерттеу үшін қажетті негіз болып табылады: 
БЖМ .01 Әр түрлі жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру 
БЖМ. 02  Материалдар мен бұйымдардың сапасын бақылау үшін зертхана-
лық сынақтар жүргізу
БЖМ .03  Арматуралық және металл бұйымдар мен конструкциялардың са-
пасын бақылау 
БЖМ. 04  Темір бетон бұйымдар мен конструкциялардың сапасын бақылау
КМ. 01    Арматуралық бұйымдар дайындау 
КМ. 02    Арматуралық және металл конструкциялар дайындау
Модульдің мазмұны:
1 бөлім. Сызба геометрия негіздері
Кескін әдісі, кескіндеу түрлері.
Инженерлік қызмет негізі ретіндегі жүйелік тәсіл. Сызба геометрияның не-
гізгі ұғымдары: жазық координаталар жүйесі, кеңістіктік координаталар жүй-
есі, геометриялық элемент, кескіндер. 
№1 практикалық жұмыс  Кескін әдісі, кескіндеу түрлері
Кескіннің екі және үш жазықтық жүйесіндегі нүктесі. Эпюр Монжа.
№2 практикалық жұмыс Нүктені оның сегіз октанттағы координаталары 
бойынша салу. Нүктелер проекциясын салу. Есептерді шығару.
Түзу және кескіннің екі және үш жазықтық жүйесіндегі жазықтығы
Түзу сызықтың кескіннің жазықтығына қатысты әр түрлі жағдайдағы, про-
екциясы. Нүкте мен түзудің өзара орналасуы. Жазықтықтың берілу тәсілдері. 
Деңгей сызықтары. Түзу бұрышты кескіндеу. 
№3  практикалық  жұмыс.    Түзу  және  кескіннің  екі  және  үш  жазықтық 
жүйесіндегі жазықтығы
№4  практикалық жұмыс.  Түзудің проекциясын салу, оның шынайы ұзын-
дығын анықтау. Берілген қатынастағы кесіндіні бөлу. Түзудің іздерін салу. Жа-

87
зықтық сызбасы, жазықтықта үш нүктемен берілген, іздермен берілген, жа-
зықтықты түрлендіру. Жазықтық деңгейінің сызығын салу. Есептерді шығару.
Түзудің  жазықтықпен  қиылысуы,  екі  жазықтықтың  қиылысуы.  Түзу  сы-
зық пен жазықтықтың қиылысу нүктелерін салу алгоритмі, екі жазықтықтың 
қиылысу сызықтары. 
№5  практикалық  жұмыс.    Түзудің  жазықтықпен  қиылысуы,  екі  жа-
зықтықтың қиылысуы.
№6  практикалық  жұмыс.    Түзу  мен  жазықтықтың  қиылысу  нүктелерін 
салу.Екі  жазықтықтың  қиылысуы.  Нүктенің  көрінуін  анықтау.  Есептерді 
шығару .
Кескіндерді түрлендіру тәсілдері. Кескіннің жазықтығын өзгерту тәсілі және 
онымен шешілетін негізгі есептер. Айналу тәсілі. Жазықтыққа  перпендику-
ляр және параллель кескіннің осьтің айналасында айналуы. Деңгей сызығы-
ның айналасында айналу. Қиыстыру тәсілі. Кескінді түрлендіру тәсілдерімен 
шешілетін, метрикалық есептердің негізгі типтері. 
№7 практикалық жұмыс.  Геометриялық объектілердің, арақашықтықтар 
мен бұрыштардың натурал шамасын анықтау.
Қисық сызықтар мен беттер. Қисық сызықтар мен беттердің жіктеуіші және 
тапсырмалары. Бұрандалы және циклді беттер. Айналу бетіне қатысты түзу-
лер мен жазықтықтар. Беттің жазықтықпен және түзумен қиылысуы. 
№8 практикалық жұмыс.  Қисық сызықтар мен беттер.
№9  практикалық  жұмыс.    Жазықтықтың  айналу  бетімен  қиылысу  сы-
зығын, түзудің бетпен қиылысу нүктесін салу. Беттердің қиылысу сызығын 
салу. Есептерді шығару. 
Беттің жаймасы. Беттің жаймасын салу тәсілдері. Көп қырлы және қисық 
беттердің жаймасы. 
№10 практикалық жұмыс.  Беттің жаймасы.
№11 практикалық жұмыс.  Қырлы және сызықтық беттердің жаймасын 
салу. Есептерді шығару.
Аксонометриялық проекциялар
Аксонометриялық кескіндердің қасиеті. Тікбұрышты және қиғаш бұрышты 
изометриялық және диметриялық кескіндер, оларды салу ережелері. 
№ 12 практикалық жұмыс.  Аксонометриялық проекциялар
№13 практикалық жұмыс.  Қырлы және сызықты пішіндердің аксономе-
триялық бейнелерін салу.
2 бөлім. Жылу техника негіздері
Негізгі ұғымдар. Булы генераторларды, реакторларды, атомдық электр стан-
цияларды және экономика негіздерін жобалау және пайдалануға беру. Жұмыс 
денесі, күй параметрлері, жұмыс денесі күйінің теңдеуі. 
Термодинамиканың бірінші заңы.
Жылу мөлшері. Ішкі энергияның өзгеруі, сыртқы жұмыс, энтальпия. Термо-
динамиканың бірінші заңы энергияның сақталу және түрлену жалпы заңының 
жеке жағдайы ретінде. Тепе-тең және тепе-тең емес процестер. Процестердің 
қайтымдылығы және қайтымсыздығы. Айналымдық процестер немесе цикл-
дер. Идеал және нақты газдар туралы ұғым. 
Идеал газды негізгі термодинамикалық. Идеал газдарға арналған Клапей-
рон – Менделеев күйінің теңдеуі және газ қоспалары. 
Газ тұрақтысы.

88
Идеал  газдарда  жүретін,  изохорлы,  изобарлы,  изотермиялы,  ади-
абатты  және  политропты  процестер.  Идеал  газдардың  ішкі  энер-
гиясының  жалпы  қасиеттері.  Процестердің  жылу  сыйымдылығы.  
Термодинамиканың екінші заңы.
Карноның  тура  қайтымды  циклі  және  оның  п.ә.к.  Еркін  қайтымды  цикл. 
Клаузиус интегралы. Энтропия. Жылулық диаграмма (ТS –диаграмма). ТS –
диаграммадағы термодинамикалық процестерді бейнелеу. ТS –диаграммадағы 
Карно  циклі.  Регенерацияланған  Карно  циклі.  Қайтымсыз  және  адиабатты 
процестердегі энтропияның өз бетімен жоғарылауы. Энтропия және ықтимал-
дық теориясы.  Жүйенің жұмыс қабілеттілігін бағалаудың энтропиялық әдісі 
және оның қолданылу саласы. 
Жүйенің жұмыс қабілеттілігін бағалаудың эксергетиялық әдісі және оның 
қолданылу саласы. Энтропия және Ғаламның «жылулық өлім теориясы». Иде-
ал газдармен жұмыс істейтін жылу қозғалтқыштардың жұмысына арналған 
термодинамиканың бірінші және екінші заңының қосымшалары. Жылудың әр 
түрлі  жеткізілу  жағдайлары  кезіндегі  ІЖҚ-ның  индикаторлық  диаграммасы 
және идеалды циклі. Жылу изобарлы түрде жеткізілетін ГТҚ сұлбасы және 
циклі. ГТҚ-ғы жұмыс денесінің регенеративті жылытқышын қолдану. ГТҚ-ғы 
жұмыс денесін аралық салқындату және аралық жылыту. Жылулық қозғал-
тқыштардың циклінің тиімділігін арттыру әдістері. 
Нақты  газдар.  РV-  және    ТS  –диаграммалардағы  бу  түзілу  процестері. 
Су  буының  термодинамикалық  сипаттамалары  (энтальпия,  ішкі  энергия, 
құрғақтылық дәрежесі, будың жылу сыйымдылығы) туралы негізгі ұғымдар. 
Құрғақ қаныққан және қатты қыздырылған будың және қайнап жатқан сұй-
ықтықтың  термодинамикалық  қасиеттерінің  кестесі,  су  буының  НS  –диа-
граммасы. Су буымен жүретін, изобаралық және адиабаттық процестер. Буды 
дросселдеу. 
Бу-турбиналы  қондырғылар  (БТҚ)  циклі.  Бу-турбиналы  қондырғылардың 
сұлбасы  және  Ренкин  циклі.  Будың  бастапқы  және  соңғы  параметрлерінің 
бу-турбиналы қондырғының ПӘК-не тигізетін әсері. Буды екіншілік қызды-
ратын  бу-турбиналы  қондырғы  циклі.    Қоректендіретін  суды  регенеративті 
қыздыратын  БТҚ  циклі.  Бу-турбиналы  қондырғының  жылуландыру  циклі. 
Бу-газды циклдер. Атом энергетикалық қондырғылар циклдері. 
Жылуды жұмысқа тікелей айналдыру қондырғысы. Магнитті-гидродинами-
калық генератор әрекетінің қағидалары. Ашық және тұйық сұлбалардың маг-
нитті-гидродинамикалық қондырғысы. Термоэлектрлі генераторлар. 
Ағын термодинамикасы. Ағынға арналған термодинамиканың бірінші заңы, 
тежелу  энтальпиясы.  Энтальпия  айырмасы  функциясындағы  өту  жылдам-
дығы. Қысымдар қатынасы функциясындағы өту жылдамдығы. Лаваль шүме-
гі.
Стационарлы және стационарлы емес жылу өткізгіштік. 
Жылу  өткізгіштіктің  дифференциалдық  теңдеуін  шығару.  Жылу  өткізу 
тапсырмаларындағы  шекаралық  жағдайлар  және  олардың  берілу  тәсілдері. 
Жазық және цилиндрлі бір- және көп қабатты қабырғадағы жылу өткізгіштік. 
Жылу өткізу коэффициенті. Стационарлы емес жылу өткізгіштік.
Конвективті жылу-  және масса алмасу.Жылу мен массаның конвективті ауы-
су механизмі. Конвективті жылу алмасудың дифференциалды теңдеуі. Энер-
гия теңдеуі. Тұтқыр сұйықтықтың қозғалыс теңдеуі. Ағынның үздіксіздік тең-

89
деуі. Тәжірибе деректерін жалпыландыру үшін ұқсастық теориясын қолдану. 
Жылулық ұқсастық критерийі, олардың физикалық мәні және олардың ара-
сындағы байланыс формалары. 
  Еркін конвекция кезіндегі берілетін жылу.Ішкі және сыртқы тапсырмалар 
жағдайында мәжбүрлі конвекция кезіндегі берілетін жылу. Агрегаттық күй өз-
герген кездегі жылу алмасу. 
  Радиациялық жылу алмасу. Радиациялық жылу алмасудың негізгі заңдары. 
Сәуле шығару арқылы жылу алмасудың жеке жағдайлары. Сәуле шығарудан 
қорғану кезіндегі экранның рөлі. Жылу камераларындағы сәуле шығарумен 
жылу алмасуды есептеу. 
Жылу алмасу аппараттары. Рекуперативті және  регенеративті жылу алма-
су аппараттары. Жылу тасымалдаушыларды іске қосудың негізгі сұлбалары 
және  рекуперативті  жылу  алмастырушылардың  жылулығын  есептеуге  ар-
налған теңдеу. Жылу алмасу аппараттарының жылулық және гидродинамика-
лық есептеулері. Жылу алмасу аппараттарын эксергетикалық талдау. 
3 бөлім. Құрастырмалы темір бетон және металл конструкциялар өн-
дірісі.
Құрастырмалы темір бетон конструкциялар өндірісі технологиясының не-
гізгі жағдайлары. Темір бетон, құрастырмалы темір бетон конструкциялары 
жайлы жалпы ұғым. Темір бетон конструкциялардың номенклатурасы және 
жіктеуіші.  Құрастырмалы  темір  бетонның  құрылыстағы  рөлі,  оны  қолдану 
мақсаттылығы және экономикалық тиімділігі. Құрастырмалы темір бетонның 
құрылысты  индустрияландыру  деңгейін  арттыруға  тигізетін  ықпалы.  Құра-
стырмалы темір бетон өндіретін кәсіпорындардың негізгі түрлері: үй құрылы-
сы  комбинаттары  (ҮҚК),  ірі  панельді  үй  құрылысы  зауыттары  (ІПҮҚЗ), 
көлемді - блокты үй құрылысы зауыттары (КБҮЗ), темір бетон бұйымдар за-
уыты (ТББЗ), ауылдық құрылыс комбинаттары (АҚК). Құрастырмалы темір 
бетон шығаратын кәсіпорындардың өнімдерінің көрсеткіштері – АҚ, ЖАҚ, 
ЖШҚ  және  құрылыс  индустриясындағы  басқа  да  ұйымдар.  Зауыттар  мен 
полигондардың  құрамына  кіретін,  негізгі  бөлімшелер:  толтырғыштар  мен 
тұтқырлаушылар қоймасы, бетон араластыру цехы, арматуралық цех, қалып-
тау және қатайту цехы, дайын өнімдер қоймасы, қосалқы цехтар.
Өндірістік және технологиялық процестер  мен технологиялық операциялар 
туралы ұғым. Құрастырмалы темір бетон конструкцияларды дайындау кезін-
дегі  негізгі  технологиялық  процестер.  Индустриалды  конструкциялар  өн-
дірісіндегі конвейерлік, агрегаттық-ағынды, стендтік тәсілдер туралы ұғым. 
Құрастырмалы темір бетон өндірісі технологиясы бойынша негізгі норма-
тивтік құжаттар: мемлекеттік стандарттар, құрылыс нормалары мен ережелері, 
технологиялық жобалау нормалары, темір бетон конструкциялары бойынша 
ұсыныстар,  нұсқаулықтар,  нұсқаулар.  Нормативтік  құжаттардың  құрылымы 
мен тағайындалуы. 
Тұтқырлаушылардың, толтырғыштар мен арматуралық болаттың механика-
ландырылған  қоймасы.  Қоймалардағы  технологиялық  процестер.  Зауыттың 
цементке, инертті материалдар мен арматураға жылдық қажеттілігін есептеу. 
Цемент қоймаларының негізгі типтері, олардың конструктивтік ерекшелік-
тері.  Цемент  қоймаларындағы  көлік  ағыны.  Цемент  түсіру  тәсілдері,  қол-
данылатын  жабдық.  Цементтерді  силостарда  сақтау,  цементті  түсіру  және 
сақтау кезіндегі технологиялық процестер. Цемент қоймасының техникалық 

90
сипаттамасын  есептеу.  Толтырғыштар  (инертті  материалдар)  қоймасы.  Тол-
тырғыштар қоймасын сақтау тәсілі, ыдыс түрі, тиеу және түсіру тәсілдері, ау-
мақтық бағдарлау, сыртқы көлік түрі бойынша жіктеу. Толтырғыштар қойма-
сының техникалық сипаттамасын есептеу. Толтырғыштарды қабылдау және 
түсіру.  Нүктелік  және  фронталды  түсіру  ерекшеліктері.  Қоймаішілік  көлік 
және толтырғыштар қоймасында қолданылатын, жабдықтар. Толтырғыштар-
ды сақтау. Қоймаларда іске асырылатын толтырғыштарды дайындау. Толты-
рғыштарды бетон араластыру цехына беру. Арматуралық болат қоймалары-
ның негізгі типтері. Қоймаішілік көлік және жабдық. 
Бетон араласпасын дайындау технологиясы. Бетон араласпасын дайындауға 
арналған технологиялық процестің  құрылымы мен мазмұны. Құрамдастар-
ды  араластырудың  негізгі  тәсілдері,  дайын  бетон  араласпасын  алу.  Бетон 
араластыру желісінің техникалық сипаттамасын есептеу. Негізгі араластыру 
жабдығы және оның жұмыс істеу қағидалары. Материалдар еркін құлайтын 
араластырғыштар, мәжбүрлі әрекеттегі араластыру қондырғылары. Олардың 
жұмыс істеу қағидалары, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бетон аралас-
паларын араластыру режимі және оның тағайындалуы. Бетон араласпаларын 
араластырудың жаңа тәсілдері. Көлемдік, салмақтық және көлем-салмақтық 
мөлшерлеу. Мөлшерлеуіштердің жұмыс істеу қағидалары және конструктивтік 
шешімдері. Салмақтық мөлшерлеуіштерді басқару жүйесі. Бетон араластыру 
цехтарындағы жабдықтарды вертикаль құрастыру сұлбасы. Мұнаралы және 
партерлік сұлбалардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Араластыру ма-
шиналарын құрастыру сұлбасы. Сызықтық және ұяшықты сұлбалардың ерек-
шеліктері. Бетон араласпасын дайындау сапасын бақылауға арналған негізгі 
тапсырмалар. Технологиялық процесті операциялар бойынша бақылау. Типтік 
бетон араластыру цехтарының техника-экономикалық көрсеткіштері. 
Арматуралық бұйымдарды дайындау технологиясы және темір бетон кон-
струкцияларды  армирлеу.  Темір  бетон  конструкцияларды  армирлеу  үшін 
қолданылатын, арматуралық болаттардың негізгі түрлері. Арматуралық эле-
менттер өндірісінің технологиясы: арматуралық болат және төсеме бөлшек-
терін, арматуралық тор және қаңқа  дайындау. Төсеме бөлшектерді коррозия-
дан қорғау. Керілмейтін арматуралы темір бетон конструкцияларды армирлеу 
процесі. Жобалық күйдегі арматураны бекіту.  Арматураны  керу тәсілі және 
арматуралық қаңқа жасау. Керу кезінде арматураны бекіту тәсілі. Арматураны 
керудің механикалық, электротермиялық, электр-термомеханикалық және хи-
миялық тәсілдерінің технологиясы. Арматураның керілісін жұмсарту. 
Арматуралық жұмыстар үшін қолданылатын, жабдықтар. Арматуралық цех-
тар жұмысының техника-экономикалық көреткіштері.
Темір  бетон  конструкцияларын  қалыптастыру  технологиясы.  Темір  бетон 
конструкцияларын қалыптауға арналған технологиялық процесс операцияла-
рының  құрамы,  олардың  өзара  байланысы  және  орындау  бірізділігі.  Қалып 
түрлері және олардың конструкциясы. Қалыптардың айналымдылығы және 
өндірістің қалып сыйымдылығы, қалып сыйымдылықты төмендету жолдары. 
Қалыптарды, қолданылатын жабдықтарды тазалау және майлау. Қолданыла-
тын май түрлері және оларға қойылатын, талаптар. Бетон араласпасын тасы-
малдау және оларды қалыптарға салу. Көлік жабдықтары. Қалыптау пстыла-
рындағы бетон таратушылар, бетон салушылар, салуға арналған құрылғылар. 
Қоспаларды дірілдету арқылы нығыздау процесінің физикалық мәні. Діріл-

91
дету параметрлері мен режимдері. Дірілдету алаңдарында көлемдік дірілдету 
арқылы бетон араласпасын нығыздау. Тереңдік дірілдеткіштердің және діріл-
деткіш ішпектің көмегімен іштей дірілдету арқылы бұйымдардағы қоспалар-
ды тығыздау. Беттік дірілдету. Қоспаны престеу, вибропрестеу, роликті илем-
деу, виброилемдеу әдістерімен нығыздау. Центрифугалау. Конструкцияларды 
құю және экструзия әдісімен қалыптау. 
Қалыптан алынған бұйымдардың қатаюы. Темір бетон конструкцияларды 
жылулық өңдеу. Бетонның қалыпты температура кезіндегі қатаюы. Бетонның 
қатаюын  жылдамдату  тәсілдері.  Бетонның  беру,    жұмсарту  және  жобалық 
төзімділігі. Бетонның жоғары температура кезінде қатаюы. Бетонның булау 
кезіндегі құрылымының қалыптасу ерекшелігі. Булау кезінде бетондағы де-
структивтік  процестердің  әсерін  төмендету  тәсілі.  Жылулық  өңдеу  режимі. 
Булаудың оңтайлы режимін таңдау. Темір бетонды жылулық өңдеуге арналған 
қондырғылар:  шұңқырлы  камералар,  кассеталар,  термоқалыптар,  автоклав-
тар, туннельді, саңылаулы және вертикаль камералар. Жылулық өңдеу проце-
стерінің техника-экономикалық көрсеткіштері. Энергиялық шығындар және 
оларды төмендетудің мүмкін болатын жолдары. 
Өндірісті  ұйымдастыру  және  өнімді  өткізу  бойынша  жалпы  қағидалар. 
Құрылыс  индустриясы  кәсіпорнының  материалдық-техникалық  базасының 
құрылымы.  Құрылыс  индустриясы  базасының  нарық  жағдайында  дамуына 
ықпал ететін, жағдайлар мен факторлар. Құрылыс индустриясы кәсіпорны-
ның  тиімді  экономикасын  қамтамасыз  етудегі  өндірісті  ұйымдастыру  ерек-
шелігі. Құрылыс индустриясы кәсіпорнының тіршілігін қамтамасыз етудегі 
ұйымдастыру  мен  басқару  процестерінің  өзара  шарттылығы.  Ұйымдастыру 
теориясының негізі. Тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылысқа арналған құра-
стырмалы темір бетон конструкциялары өндірісін ұйымдастыру және басқару 
саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе.  Құрылыс 
индустриясы кәсіпорнының ұйымдастырылу және бәсекеге қабілеттілік дең-
гейіне ықпал ететін, факторлар жіктеуіші. 
Өндірістік  процесті  тиімді  ұйымдастыру  негізі.  Өндірістік  процестердің 
құрылымы, қағидалары және ұйымдастыру формалары. Өндіріс типтері: же-
ке-дара, сериялық, жаппай. Технологиялық циклдің ұзақтығы және бұйымдар 
партиясын  дайындау.  Құрылыс  конструкциялары  мен  бұйымдар  өндірісін 
ағындық ұйымдастыру. Технологиялық желі жұмысының негізгі ерекшелік-
тері. Ағындық технологиялық желінің қарқыны мен ырғағының үйлесімділі-
гі. Ағынның қуаттылығы. Оның жетекші бөліктерінің өткізу қабілеттілігімен 
технологиялық желінің өткізу қабілеттілігінің үйлесімділігі. Өндіріс көрсет-
кішінің, өнім шығару мен өткізудің өзара байланысы. 
Қалыптау өндірісін ұйымдастыру және жоспарлау. Негізгі және көлік жаб-
дықтарын  таңдау.  Темір  бетон  конструкциясы  өндірісінің  технологиялық 
процесінің құрылымы. Негізгі процестердің технологиялық сұлбалары. Жаб-
дықтарды біріктіру. Ең озық технологиялық тәсілдерді, машиналар мен ме-
ханизмдерді  таңдау.  Темір  бетон  конструкциясы  өндірісінің  технологиялық 
картасын жасау. Технологиялық картаның құрамы және мазмұны. Конструк-
ция  дайындау  жөніндегі  жұмыстың  циклограммасы.  Негізгі  технологиялық 
процестерді операциялар бойынша бақылау. 
Технологиялық желінің техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу. Ма-
териалдық және энергетикалық ресурстарға қажеттілігін есептеу. Өнім бірлі-

92
гінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясын жасау. 
Кәсіпорында  ішкі  өндірістік  қатынастар  ұйымдастыру.  Кәсіпорынның  қа-
уіпсіз тіршілігін қамтамасыз ету процесін ұйымдастыру. Сенімділік, ұйымда-
стыру, қауіпсіздік және сапа процестерінің өзара байланысы. Жабдықты жүк-
теу  ырғағын  және  бөлімдер  мен  қызметтердің  бұйымның  толық  зауыттық 
еңбек сыйымдылығын ескере отырып өндірістің түпкілікті нәтижелеріне қо-
сатын үлесін объективті бағалауды қамтамасыз етудегі ішкі өндірістік қаты-
настарды ұйымдастыру. 
Ішкі өндірістік бағаларды есептеуді анықтау әдісі. Цехтан шығаруды ескере 
және ескермей отырып есептеу. Шығындарды құрылымдаудың және жауап-
кершілік орталығы үшін пайданы анықтаудың шетелдік тәжірибесі. 
Негізгі қорларды жаңғырту процесін басқаруды ұйымдастыру. Негізгі құрал-
дарды  жаңғырту  үдерісін  басқаруды  тиімді  ұйымдастыру  мәселелері  және 
оларды шешу тәсілдері. Негізгі құралдарды тиімді жаңарту және пайдалану 
процесін ұйымдастыру. Негізгі құралдарды тиімді пайдалануды талдау әдісі. 
Негізгі құралдарды жаңғырту процесін басқаруды ұйымдастыру. Амортиза-
цияны есептеудің басым тәсілін таңдауды негіздеу. Негізгі құралдарды қайта 
бағалау процесін ұйымдастыру жөніндегі шешімдерді негіздеу. Салыстырма-
лы талдау және кәсіпорын үшін басым амортизациялық саясат таңдау. 
Кәсіпорында материалдық-техникалық жабдықтау ұйымдастыру. 
Құрылыс индустриясы кәсіпорнын материалдық-техникалық жабдықтауды 
тиімді  ұйымдастыру  мәселесі.  Айналымдық  құралдарды  нормалау  әдістері. 
Заманауи шаруашылық жағдайында ҮҚК АҚ қызметінде материалдық-техни-
калық жабдықтауды жоспарлауды ұйымдастыру. 
Жеткізушілермен келісім-шарттық қатынастар ұйымдастыру. Жеткізу және 
жеткізуге төлем жүргізу кестесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. 
Жаңа бұйымдарды меңгеру процесін басқаруды ұйымдастыру.Өнім шыға-
ру номенклатурасын жаңарту міндеттері мен мәселелері. Шығару болжанған 
бұйымды меңгеру тиімділігін бағалау әдісі. Болжамды шығару көлемін, өткізу 
бағасын, жабдықтар мен керек-жарақтар құнын анықтау әдісі. Тиімділік шегі-
не жету жағдайлары. Өндірістің өзін-өзі ақтауын анықтау. Нарықтық жағдай-
ға бейімделген, бұйымдарды дайындау технологиясын таңдау. 
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет