4. Пререквизиттер:
Қаржы
Бағалы қағаздар нарығы
Банк ісі
Ақша. Несие. Банктер
Постреквизиттер:
Мемлекеттік емтихан
Дипломдық жұмыс
5. Пән саясаты:
сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;
сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;
пәнді жақсы игеру үшін студенттер банк қызметтеріне талдау жасай білуі керек;
студенттер университет ішілік академиялық адалдық ережелерін сақтауға міндетті.
6. Пән бойынша күтілетін нәтижелер:
ПН 1 – валюта нарығының және валюталық операцияларды жүзеге асырудың теориялық аспектілерін түсіндіру;
ПН 2 – бюджеттік, салықтық, валюталық қатынастарды реттейтін нормаларды қолдану;
ПН 3 – валюталық нарықтың даму үрдісін талдау;
ПН 4 – кейіннен қозғалыс бағыттарын айқындау және Мемлекеттік валюта саясатының тиімділігін бағалау үшін валюталық бағаммен байланысты нарық индикаторларын салыстыру;
ПН 5 – қадағалау органдарының талаптарын ескере отырып, қазіргі заманғы коммерциялық банктің басқару құрылымын бағалау.
Поделитесь с Вашими друзьями: |