Білім бакалаврында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік



жүктеу 97.17 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.05.2017
өлшемі97.17 Kb.

Серия «Педагогика». № 2(82)/2016 

29 


ƏОЖ 378.147:81’243 

Г.С.Тоқтыбаева, С.А.Қыпшақов  



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(E-mail: kipshakov@mail.ru) 

Білім бакалаврында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік  

құзыреттілігін қалыптастыру  

«Инженерлік графика» пəні мысалында 

Мақалада    білім  беру  бакалаврдың  ақпараттық  жəне  пəндік  дайындықтың  мазмұны  қарастырылып,  

болашақ білім беру бакалаврдың ақпаратттық-коммуникативтік құзыреттілігінің құрылымы ашылған. 

Авторлар  ақпараттық-коммуникативтік  технологияны  инженерлік  графика  сабағында  қолдану 

мүмкіндіктеріне  көңіл  бөлген.  Кеңістіктегі  пішіндермен  байланысты,  кеңістіктік  үлгілердің 

графикалық  анықтамасымен  бірге,  осы  үлгідегі  инженерлік  тапсырмаларды  шеше  білу  тəсілдері 

жазылған.  Компьютерлік  графика  құрылғыларын  қолдану  арқылы,  графикалық  үлгілерді  тұрғызу, 

сызбаларды орындау дағдыларын қалыптастыруда графикалық нысандармен жұмыс істеу əдістер мен 

тəсілдеріне талдау жасалған. 

Кілт сөздер: құзыреттілік, инженерлік графика,  графикалық  кескіндер, мультимедиалық  көрсетілім, 

ақпараттық технология, техникалық білім, графикалық білім, компьютерлік бағдарламалар, білім беру 

жүйесі, заманауи техника. 

 

Ақпараттандыру  заманында  компьютерлік  техниканы,  интернетті,  компьютерлік  желіні, 



электрондық  жəне  телекоммуникациялық  құралдарды,  интерактивті  құралдарды,  электрондық 

оқулықтарды  оқу  үрдісіне  тиімді  пайдалану  арқылы  білім  сапасын  көтеру,  ақпараттанған  қоғам 

қажеттілігін қанағаттандыруда білім беру саласындағы басты міндеттер болып табылады. Қазақстан 

Республикасының «Білім туралы» Заңында да еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап 

көрсетілген.  Онда  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру,  білім  беру  саласында  жаңа  технологияны 

енгізу,  бүкілəлемдік  коммуникация  желісіне  шығу, жаңаша  оқыту  үрдісін  ақпараттандыру  қазіргі 

қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Барлық арнайы ақпараттық-техникалық 

құралдарды  (ЭЕМ,  аудио,  бейнефильм,  кино)  қолданатын  технологияларды  тəжірибеде  ақпараттық 

технологиялар  деп  атайды.  Əрине,  алдымен  жаңа  ақпараттық  технологияларға  көшпей  тұрып,  оқу-

тəрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. 

Заманауи  технологияларды  білім  беру  жүйесінің  сапасын  арттыруда  қолдану,  бүгінгі  болашақ 

жастардың  оқу  орындарының  қабырғасынан  бастап  бəсекелестікке  белсенді,  өз  бетімен  шешім 

қабылдай  алатын,  өз  тағдырына  жəне  отбасымен  қоғамның  алдында  жауапкершілікті  сезінетіндей 

тұлғаны дайындап шығару болып табылады. 

Болашақ  жоғары  оқу  орнын  бітіруші  түлек — құзыреттілік  кілтіне  ие  тұлға.  Бітіруші  түлектің 

құзыреттілігін  қалыптастыру — кез  келген  жоғары  оқу  орнының  басты  тапсырмасы.  Сондықтан 

жоғары оқу орындарының оқытушылары тек қана дəстүрлі оқыту тəсілдерін қолданып қана қоймай, 

оның  шешімін  табуда,  оқыту  барысында  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  қолдану 

болып табылады [1]. 

Ақпараттық құзыреттілік — бір нəрсені меңгерген білімімен, жан-жақты ойлауымен таразылау. 

Бұл тұлғаның бірнеше сұрақтарға өмірлік ұстаныммен жетістікке жетуді меңгертеді.  

Ақпараттық  құзыреттілік  кілті — кəсіби  жəне  кəсіби  емес  саладағы  адамның  жан-жақты 

қажеттілігін шешудегі жаңаша заманауи көзқараста оның «жетістікке жету кілті». 

Жоғары  оқу  орындарында  инженерлік  графика  сабақтарында  студенттердің  ақпараттық 

құзыреттілігін  қалыптастыруда  мынаған  көңіл  бөлу  керек:  студенттердің  білім  деңгейлерін 

шығармашылық  деңгейге  дейін  жеткізу  мақсатындағы  іс-əрекеттердің  бірі,  графикалық 

тапсырмаларды  бірізділікпен  орындауды    ойластыру;  графикалық  тапсырмаларды    студенттердің 

қабілетіне, пəнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала 

отырып  орындау;  графикалық  тапсырмаларды  түрлендіре  отырып,  жеңілден  күрделіге  қарай, 

орындауға  тиімді  тəсілдерін  үйрету;  бір  сабақтың  өзінде  бірнеше  графикалық  тапсырмаларды 

ұсынып,  таңдап  орындауды  студенттің  өз  қалауына  қалдыру;  ең  тиімді  тəсілдердің  бірі — 

тапсырмаларды  жүйеге  бөліп,  студенттердің  біліміне,  қабілетіне  байланысты  ұсыну;  дəстүрлі 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Г.С.Тоқтыбаева, С.А.Қыпшақов 

30 


Вестник Карагандинского университета 

техникада  орындалған  графикалық  сызбаларды  компьютерлік  бағдарламалардың  көмегімен 

(AutoCAD, Компас) графикалық сызба жұмыстарын байланыстыра орындауға баулу. 

Инженерлік  графика  сабағында  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін 

қалыптастыруда ақпараттар  арасынан керектісін іздеуге жəне сонымен өз саласында жұмыс істеуге 

бағытталған  ақпараттық-білім  беру  ортасында  тиімді  пайдалана  білуі  қажет.  Инженерлік 

графикадағы  кəсіби  ақпараттық  бағдарламалар — кез  келген  маманның  кəсіби  талаптарын  жүзеге 

асыра  алатын,  оның  өз  мəселелерін  басқа  бағдарламалармен (ArchiCAD, 3Dmax, CorelDrеw) 

байланыстыра  жəне  талқылауына  мүмкіндік  беретін  қазіргі  компьютерлік  техника  жəне 

коммуникациялық  байланыс  құралдарына  негіздей,  графикалық  жұмыстарды  орындауға  бейімдей 

отырып, студенттердің білімін, дағдысын жəне іскерлігін дамытады.   

Инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігі — бұл 

ақпараттық технологиялардың көмегімен өз бетімен графикалық сызбалардың сауатты орындалуын 

іздену, сараптау, таңдау, өңдеу жəне қажетті ақпаратты беру. 

Студенттің  өзін-өзі  дамыту  құзыреттілігі  бұл  тұлғаның  өзін-өзі  басқару,  дайындау 

қабілеттілігімен тікелей байланысты.  

Студенттің  білімін  арттыру  үшін  сабақта  жаңа  технологияларды  қолдана  білу  керек.  Оқыту 

технологиясы  мен  əдістеме  ғылымы бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Əдістеме  ғылымы  «Нені  оқыту 

керек?», «Не  үшін  оқыту  керек?», «Қалай  оқыту  керек?»  деген  сұрақтарға  жауап  іздесе,  оқыту 

технологиясы  «Қалай  нəтижелі  оқытуға  болады?»  деген  мəселенің  шешімін  іздейді. «Технология» 

гректің «teche» — өнер,  шеберлік  жəне «logos» — ғылым  деген  сөзінен  шыққан,  яғни, «шеберлік 

туралы  ғылым» деген мағынаны білдіреді  [2]. 

Бүгінгі таңда болашақ мамандарға кез келген пəнді студенттердің ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін қалыптастыруда пайдалана отырып оқыту — тиімді ұғындырудың бірі. Сонымен бірге 

студенттердің  ақпарат  құралдарымен  сауатты  түрде  жұмыс  істей  білуіне  назар  аударған  жөн. 

Студенттердің 

ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін 

қалыптастырудағы 

оқыту 


технологиясының  мақсаты:  əрбір  студенттің  өзінің  білім  деңгейін  теориялық  жəне  практикалық, 

студенттің  оқытушымен  өздік  жұмыстарында,  студенттің  өздік  жұмыстарында  оқу  материалдарын 

дəстүрлі  техникаларды,  компьютерлік  бағдарламалар  көмегімен  ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін қалыптастыра отырып, бірізділікпен  терең меңгергенін қамтамасыз етеді.  

Заман  ағымына  қарай  студенттердің  техникалық  білімдерін  жетілдіруде  оқу  процесінде 

оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мəселесі. Сондықтан да оқытушылар 

үнемі  ізденіс  үстінде  болуы  тиіс.  Бүгінгі  таңда  оқу  процесінде  оқытудың  қалыптасқан  негізгі 

əдістерімен қатар, оқытудың жаңа əдістері, яғни инновациялық əдістері де, жиі қолданылады. Олар 

заман  талабына  сай  студенттердің  техникалық  білімін  тереңдету  үшін,  инженерлік  графика  пəніне 

қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек ету керек.  

Техника  тілін  түсіну — қазіргі  заман  талабы.  Əрбір  оқытушы  заман  талабына  сай  білімнің 

сапасын  арттыру  үшін  алға  қадам  жасауға,  толыққанды  білім  алуға  қол  жеткізуге  үлесімізді 

қосуымыз  керек.  Қазіргі  нарықтық  экономикадағы  табыстар  мамандардың  біліміне,  біліктілігіне 

байланысты.  Сондықтан  біздің  негізгі  мақсатымыз  тек  Қазақстанның  ішінде  ғана  емес,  əлем 

деңгейінде  бəсекеге  қабілетті  жаңа  мамандарды  дайындай  білуіміз  қажет.  Осы  тұрғыда  біліктілікті 

заман  ағымының  жаңа  технологияларын  белсенді  түрде  жете  меңгерсек,  жаңа  егемен  еліміздің 

ұрпағын жаңа білім нəрімен сусындатып, саналы тəрбие, сапалы білім алуына айқара жол ашамыз [3]. 

Инженерлік графика пəнінің басты талабы — сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері 

мен  əдістерін  танымдылық,  білімділік  деңгейге  жеткізу.  Осы  мақсатта  инженерлік  графика  пəні 

оқытушылары сабақ өту əдістерін толықтырып, əр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына 

сай  оқытушылар    инновациялық  технологияларды  қолданып,  аудиториялық  сабақтарды  жаңаша 

ұйымдастырып,  өзіндік  тың  ізденістерге  талпынып  отыру  керек.  Сабақ  өткізу  барысында 

студенттерге  дəстүрлі  техникаларды  заманауи  техникамен  алмастырып,  студенттердің  сабаққа 

қызығуын арттырып, сабақ беру əдісінің тиімді түрлерін пайдалану тиіс. 

Инженерлік графика  пəнін  оқытуда  компьютерлік  бағдарламалар   көмегімен  көрнекті  суретші, 

инженерлердің  өмір  жолдарын  баяндауда  мультимедиалық  презентацияны  қолдану  баға  жетпес 

дүние. Сабақта бейнефильмдер, көркем фильмдердің үзінділері боялған кестелерді қолдану арқылы 

студенттердің қызығушылықтарын арттыруға болады. Сонымен қоса сызба жұмыстарын орындауға 

арналған  компьютерлік  бағдарламалардың  интерфейстерін,  қажетті  геометриялық  құралдарын 

түсіндіруде өте қолайлы.  

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Білім бакалаврында студенттердің… 

Серия «Педагогика». № 2(82)/2016 

31 

Əрине,  инженерлік  графикада  графикалық  кескіндердің  бірнеше  түрі  бар.  Графикалық 



кескіндерге  суреттер,  сұлбалар,  карталар,  диаграммалар  жəне  шартты  белгілер  де  жатады.  Қазіргі 

кезде өзінің кəсіби  іс-əрекеті  барысыңда  графикалық  кескіңдерді пайдаланбайтын маманды атау 

қиын.  Мəселен,  дəрігердің  өзі  атласта  келтірілген  немесе  əр  түрлі  медициналық  аппаратураның 

экранында пайда болатын адамның ішкі органдарының кескіндерін түсінуі, рентген сəулесі  арқылы  

алынған суреттерді талдай білуі керек. 

Егер  инженерлік  графика  пəнін  оқытуда  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін  қалыптастыру  бұған  дейін  дəстүрлі  қолмен  сызуда  тек  плакаттар,  əдебиеттермен 

негізделіп  келсе,  курсты  қазіргі  заман  технологиялары  тұрғысында  дамыту  үшін  студенттерге 

инновациялық  технологияларды  қолдану  бойынша  оқытуды  ұсынамыз.  Инновациялық 

технологияларды  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда 

қолдану    əдістері  пəн  салалары  бойынша  нақты  жəне  жалпы  мəліметтерді  ұсыну  конструкциялық 

құралы ретінде қарастырылады.  

Жоғары  оқу  орындарында  инженерлік  графиканы  оқыту  үрдісінде  студенттердің  ақпараттық-

коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  инновациялық  технологияларды  қолдану  негізінде 

кəсіби оқыту іс-əрекетінің мазмұны студенттің графикалық танымдық жəне кеңістіктік  іс-əрекетінің 

бөлінбейтін компоненті ретінде, ол мынадай іс-əрекеттің жинағы болып табылады:  

 заттардың жазықтықта орналасуын анықтау; 

 заттарды оқу жəне құрастыру; 

 графикалық  жұмысты  орындауда  қойылған  мақсатқа  жетудің  көрсеткіштері  мен  деңгейлерін 

анықтау; 

 тапсырманың əрбір кезеңінде сызбаны орындау түрлерін тиімді жəне жүйелі қолдану.  

Инженерлік  графика  пəнін  оқытуда  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін 

қалыптастыру,  инновациялық  технологияларды  қолдану  негізінде  студенттердің  кəсіби  техникалық  

білімге бейімдей оқыту əдістемесінің негізгі мақсаты — олардың ақпараттық  мəдениетін дамыту,  болашақ 

мамандардың техникалық даярлығының кəсіби деңгейге жетуін қамтамасыз ету.  

Қазіргі  таңда  инженерлік  графика  пəнін  оқытуда  оқытушының  оқушыларға  түсіндіретін 

тақырыбының  толық  меңгерілуінде  инновациялық  технологиялардың  нақты  деңгейін  анықтау 

мақсатында инженерлік графика пəні оқулықтарына, оқу-əдістемелік құралдарға, инженерлік графика 

пəнін    оқыту  жүйесіндегі  пəндердің  бағдарламалары  мен  оқу,  оқу-əдістемелік  құралдарына  талдау 

жасай  отырып,  компьютерлік  бағдарламалардың  қолданылуын  сабақтың  бірізділікпен  көрсетілуіне 

негіздеп орындау. 

Сонымен,  инженерлік  графика  сабағында  инновациялық  технологиялардың  қолданылуын 



анықтау кезеңінде мына міндеттердің шешімі іздестіріледі: 

 графикалық тапсырманың мақсатын анықтау; 

 графикалық тапсырманың тақырыбын таңдау жəне оны жүргізуді теориялық тұрғыда негіздеу; 

 теорияда  алынған  мəселені  графикалық  сызба  жұмыстарын  орындауда  практикамен 

ұштастыру; 

 ақпараттық технология арқылы студенттердің тақырыпты түсінуін қадағалау; 

 студенттердің  білім  деңгейін  анықтауға  қажетті  əдістемелерді  таңдау  жəне  оның  тиімділігін 

тексеру; 

 студенттердің  графикалық  білім  деңгейлерін  жетілдіруге  байланысты  дидактикалық  кешенді 

мультимедиалық көрсетілім арқылы дайындау; 

 сызбаның толық жетістігін беру нəтижесінде студенттердің кезең бойынша графикалық сызба-

ларды  меңгеруде  болған  өзгерістерді,  дəстүрлі  оқыту  түрімен  салыстыра  айырмашылығын 

анықтау. 

Презентацияны  ұйымдастыру  қызметі  келесідей  болады.  Оқытушы  сабақ  тақырыбын 

презентацияны  қолданып  түсіндіреді.  Көбінесе  презентация  сабақтың  тақырыбынан  басталады, 

мысалы, «Сызбаларды  безендіру», «Аксонометриялық  проекциялар»  жəне  т.б.  Көбінесе  басты 

əріптер  қолданылады.  Сонымен  қоса  слайдтың  фонын  бір  немесе  екі  түсті,  фотографияларды, 

суреттерді,  схемаларды,  компьютерлік  бағдарламалар  көмегімен,  кезең  бойынша  орындалған 

сызбалармен анықталған қатармен орналастырып құрастырады [4]. 

Презентацияны құрастыруда оқытушы сабақтың материалының сапасының өте жоғары талғамда 

болуын  қадағалау  керек. Сонымен  қоса  əр  түрлі  анимациялық  эффектілерді  қолдануға  болады.  Бұл 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Г.С.Тоқтыбаева, С.А.Қыпшақов 

32 


Вестник Карагандинского университета 

студенттердің  көздеріне  қуаныш  сыйлап,  олардың  зеректілігін  жоғарылатады.  Сонымен  қоса 

презентация  студенттерге  өткенді  қайталау  фрагменттерін  еске  түсіру,  мысалы,  тоқсан  бойынша 

сабақ  тақырыптарын  қорытындылауда,  слайд  бөліктері  сурет  түрінде  сақталады,  оларға  əр  түрлі 

тапсырмалар  беріледі,  мысалы, «Проекциялау», «Перспектива»  тақырыптарын  меңгеруде 

қолданылады. 

Инженерлік  графика  пəнін  оқытуда  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін 

қалыптастыруда, компьютерлік техникамен сызуды оқыту үдерісіне пайдалануда, оқытудың мынадай 

жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді: 

 өзара тығыз байланыстағы материалдарды кезеңдерге бөлу (қадамдарға). Ал оқытушының оқу 

материалдарын  тиянақты  талдауды,  кезең  бөліктері  арасындағы  өзара  байланыстың 

ерекшеліктері мен мазмұнын анықтауды талап етеді; 

 заттардың сызбасын тұрғызу  кезінде студенттердің белсенділігін арттыру, яғни студенттердің 

терең де, жан-жақты талдаулар машығын қалыптастыруға бағытталады; 

 студенттің əрбір жауабына мұқият баға беру жəне ол  жауаптың бағасын тез хабарлап, дұрыс 

жауап берген болса, келесі қадамға көшу; 

 оқудың  қарқыны  мен  мазмұнын  арттыру,  яғни  оқу  қарқынын  дараландырып  отыруды 

қамтамасыз ету; 

 студенттердің кезең бойынша кеңістіктік графикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сенімділігін 

тексеру, яғни əрбір студенттің мүмкіндігіне қарай тапсырманың қиындық дəрежесін реттеуді 

қарастыру. 

Сызба  жұмыстарын  орындауда  слайд-презентацияны  қолдану  студенттердің  білім  сапасын 

арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, оқытушының жетегімен, студенттер өздігінен оңай 

қорытындылар жасай алады.  

Оқылатын  материалды  слайд-презентацияны  қолдану  арқылы  иллюстрациялау,  студенттің  

санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталғандай, студенттердің көз алдынан заттардың 

сызбасын  бірізділікпен  орындай  отырып,  логикалық  ойлауларын  дамытумен  қатар,  графикалық 

білімдерін, дағдыларын, іс-əрекеттерін қалаптастырады. 

Инженерлік  графикада  графикалық  кескіндерді  рəсімдеу,  орындау  жəне  айырып  тану 

теориясының негізгі қағидалары жəне практикалық амалдары оқылатын оқу пəні. Сондықтан сызуды 

техника  тілі  ретінде  ғана  анықтау  жеткіліксіз.  Сыза  білу,  жаза  жəне  оқи  білуден  кейінгі  екінші 

сауаттылыққа  айналды.  Олай  дейтініміз,  сызуды  меңгерудің  нəтижесінде  ғана  адам  қағазда  немесе 

дисплей  экранында  өз  ойын  (ойлап  тапқанын)  дұрыс  кескіндей  алады  жəне  басқалар  орыңдаған 

немесе əр түрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған  кескіндерді  түсіне алады. 

Студенттің  ақпараттық  құзыреттілік  қабілеті  дегеніміз — оның  педагогикалық  ықпал  аясында 

білім  алу  əрекеті,  жеке  тұлғаны  дамыта  оқыту  əдістері,  оның  шығармашылық  қабілетінің  дамуына 

əсерін  тигізеді. «Қазақстан – 2030» атты  еліміздің  стратегиялық  бағдарламасында  ең  негізділерінің 

бірі — жоғары  интеллектуалды  жастарды  жан-жақтылыққа  тəрбиелеу,  олардың  потенциалдық 

деңгейінің  көтерілуіне  үлес  қосу [3]. Сондықтан  осы  ұстаным  жоғары  оқу  орнының 

оқытушыларының қауымының алдына өте үлкен міндеті ретінде жүктелді. Инженерлік графика пəнін 

оқытуда  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруды  дамыту  үшін 

оқытушылардың біліктілігін көтеру, ақпараттық кеңістікті құру, оқу үрдісіне жаңа ақпараттық  оқыту 

технологияларын интеграциялау, мультимедиалық оқыту курстарын жасау мəселелері шешілуі тиіс. 

Сонымен,  инженерлік  графика  пəнін  оқытуда  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін қалыптастыру пəннің тақырыптарының материалдарын игеру үшін ыңғайлы, уақытты 

ұтымды  пайдалану  үшін  қажет.  Инженерлік  графика  пəнін  оқытуда  студенттердің  ақпараттық-

коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда,  оқытудың  шетелдік  жəне  отандық  тəжірибесі 

көрсеткендей, бүгінде оқыту сапа жағынан дəстүрлі оқытудан кем түспейтіні белгілі болып отыр. 

Инженерлік  графика  сабағында  инновациялық  технологияларды  қолдана  оқытуда,  білім  беру 

тиімділігі  АКТ-ның  ішінде  ақпаратпен  ашық  жұмыс  жасау  үшін,  мультимедиалық  оқыту  жүйесіне 

оңтайлы қол жеткізу үшін интерактивті технологияны дəріптеу қажет.  

Инженерлік  графика  сабағында  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін 

қалыптастыру  болашақ  ұрпақтың  əлемдік  ақпараттық  бəсекелестік  мəселелеріне  жəне  ақпараттық-

телекоммуникациялық  технологиялардың  үнемі  дамуына  байланысты  білім  беруде  студенттердің 

ақпараттық құзыреттілігін техникалық тұрғыда енгізу өте тиімді. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Білім бакалаврында студенттердің… 

Серия «Педагогика». № 2(82)/2016 

33 

Жоғары  оқу  орындарында  техникалық  білім  деңгейін  көтеру  жəне  онда  ақпараттық 



технологияларды  пайдалану  арқылы  оқу-тəрбие  процесін  тиісті  деңгейге  көтеру  жоғары  оқу 

орындарының  оқытушыларының,  басшыларының,  педагогикалық  ұжымның  жүйелі  басшылыққа 

алған  бағыты  деп  есептейміз.  Ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде  инженерлік  графика 

сабағында  сызба-графикалық  бағытының  заманауи  үлгіде  оқыту  сапасын  арттырып,  білім  беруді 

ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады [5]. 

Жаңа  технологиялар  оқытушының  жүйелі  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  заман — 

ақпараттық технологияның өте жан-жақты тараған кезеңі. Техникананы оқытудың мазмұнын жүзеге 

асыру  үшін  жаңа  технологиялар  ауадай  қажет.  Бүгінгі  күні  ақпараттық   технологияның  озық 

жетістіктерін  инженерлік  графика  сабағында  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін қалыптастыруда тиімді. Жаңа технологиялар студенттің шығармашылық белсенділігі 

мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы бола алады. 

Инженерлік  графика  сабағында  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін 

қалыптастырудың  мақсаты — студенттің  өзінше  ойлау  қабілетін  арттыру  жəне  ақпараттық 

компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуге үйрету.  

Инженерлік  графика  сабағында  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін 

қалыптастырудағы  негізгі  талап — студенттердің  сызба    есептерін  шығара  білу  жолдары  мен 

тəсілдерін  үйрету.  Инженерлік  графика  сабағында  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін  қалыптастыруда,  сабақ  барысында  оқытушы  мен  студент  арасында  компьютерлік 

бағдарламаларды  меңгеруге  деген  қызығушылықпен  қоса,  қарым-қатынас  жүргізіледі.  Мұнда 

компьютерлік  бағдарламалар  арқылы  техника  тілін  меңгеруге  ми  қозғалысына  қозғау  салып, 

студенттердің құзыреттілігін дамытуға əсер етеді. Ең алдымен, студенттің кеңістіктік ойлау қабілеті 

мен  білімін  арттыруға  үйретіледі.  Сонан  соң  студент  дəстүрлі  техника  мен  заманауи  техниканы 

бірізділікпен қолдана отырып, салыстырмалы түрде тани білуге тырысады. 

Инженерлік  графика  сабағында  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін 

қалыптастыру арқылы орындалатын  графикалық жұмыстар өзінің кез келген формасында тиімдірек 

орындалады,  студенттің  логикалық,  графикалық,  кеңістіктік,  ақпараттық,  визуалды  ойлауларының 

дамуына əсерін тигізеді. Ақпараттық технологияның артықшылығы ойлау қабілетін дамытады, пəнге 

қызығушылығын  арттырады,  өз  бетінше  оқып-үйренуі  жүзеге  асады,  нəтижесін  бірден  көруі, 

жіберген  немесе  дұрыс  меңгермеген  тақырыптарды  қайтадан  оқу  мүмкіндігі,  оқу  үрдісін  басқару 

мүмкіндігі, бұрын алған білімдерін кеңейтеді. 

Қорыта  айтқанда,  инженерлік  графика  сабағында  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін  қалыптастыру,  өз  бетімен  іс-əрекет  етуге  бағытталған  тапсырмалар  саны  көбейгенде 

ғана, өз пікірін айта алатын, оны дəлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі 

ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін 

дайындай аламыз. Демек, инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік 

құзыреттілігін  қалыптастыруда  жаңа  технологиялық  əдіс-тəсілдерді  пайдалану  білім  сапасын 

арттырудың  бірден-бір  жолы.  Оқыту  үрдісінде  студенттердің  білім  қорын  молайтуға,  белсенділігін 

арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. 

Көбіне бізге практика жүзінде қолмен сызу, сурет салу көрме  ұйымдастыру керек болады. Сол 

себепті  студенттердің  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастырумен  бірге  жүріп 

отырған дұрыс деп ойлаймыз. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1  Педагогика. Дəріс курсы. — Алматы: Нұрлы Əлем, 2003. — 512 б. 

2  Потемкин А.Е. Твердотельное моделирование в системе КОМПАС – 3D. — СПб.: БХВ-Петербург, 2004. — 512 с.  

3  Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. — М.: Педагогика, 1987. — 264 с. 

4  Роберт И.В. Новые информационные технологии в обучении: дидактические проблемы, перспективы использования 

// Информатика и образование. — 1991. — № 4. — С. 18–25. 

5  Токтыбаева Г.С. Оқытудың ақпараттық технологияларының білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылуы. Wschodnie 

partnerstwo-2012: materialy VIII mezinarodni naukowi-prakticzneji konferencji. (07.05 wrzesnia 2012 roku). — Vol. 6: 

Pedagogiczne nauki. — Przemysl: Nauka I studia, 2014. — S. 41–44. 

 

 



Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Г.С.Тоқтыбаева, С.А.Қыпшақов 

34 


Вестник Карагандинского университета 

Г.С.Токтыбаева, С.А.Кыпшаков  



Формирование информационно-коммуникативной компетентности  

бакалавра образования 

На примере дисциплины «Инженерная графика» 

В  статье  рассмотрено  содержание  информационной  и  предметной  подготовки  бакалавров  образова-

ния, раскрыта структура информационно-коммуникативной компетентности будущих бакалавров об-

разования.  Авторами  выделены  возможности  применения  информационно-коммуникативных 

технологий на занятиях по дисциплине «Инженерная  графика». Описаны способы получения опреде-

ленных  графических  моделей  пространства  и  умение  решать  на  этих  моделях  инженерные  задачи, 

связанные с пространственными формами и отношениями. Проанализированы приемы и методы ра-

боты с графическими объектами, которые шлифуют навыки выполнения чертежей и создания графи-

ческих моделей с применением средств компьютерной графики. 

 

G.S.Toktybaeva, S.A.Kipshakov  



Forming of informatively-communicative competence of bachelor of education  

There are the «Engineering graphic arts» on the example of discipline 

In article the content of information and subject training of bachelors of education is considered, it is opened 

contents and structure of information and communicative competence of future bachelors of education. 

Authors is distinguished to possibility of application informatively-communicative to technology on 

employments on discipline the «Engineering  graphic arts». The methods of receipt of certain graphic models 

of space are described, and to ability to decide on these models the engineering tasks related to the spatial 

forms and relations. Receptions and methods of work are analysed with graphic objects that is acquired skills 

of implementation of drafts and creation of graphic models with the use of facilities of computer graphics. 

 

 

References 



1  Pedagogics. Lecture course, Almaty: Nurly Alem, 2003, 512 p. 

2  Potemkin А.Ye. The hard bodies design in the system Compass – 3D, Saint-Petersburg: BHV-Peterburg, 2004, 512 p. 

3  Gershunskiy B.S. Computerization in the field of education: Problems to bend prospects, Мoscow: Pedagogics, 1987, 264 p. 

4  Robert I.V. Informatics to bend education, 1991, 4, p. 18–25. 

5  Toktybaeva G.S. Use informative to technology in the system of education. Wschodnie partnerstwo – 2012: materialy VIII 

mezinarodni naukowi - prakticzneji konferencji. (07.05 wrzesnia 2012 roku), 6: Pedagogiczne nauki, Przemysl: Nauka I studia, 2014, 

s. 41–44. 

 

 



 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У

Каталог: bitstream -> data
data -> Сборник статей "Мир Сатпаева"/ Составители: Каменев Е. А. и др
data -> Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары
data -> Евней арыстанұлы бөкетов
data -> Анықтамалық том справочный том к собранию сочинений е. А. Букетова
data -> Е.Қ. Көбеев, Н. С. Ахметова, К. Т. Байжанова
data -> Есім хан жəне Жиембет пен Марғасқа жыраулар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
data -> Жұмыстарының жүргізу мүмкіндігінің жасалуы қаланың экономикасы, қала тұрғындарының
data -> Серия «Химия». №2(82)/2016

жүктеу 97.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет