Білім алушы мен эдвайзерге арналған жаднама



жүктеу 1.03 Mb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата15.03.2017
өлшемі1.03 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 

Қ.И. СӘТБАЕВ атындағы КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ  ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ 

 

5В072300 – ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Алматы 2015 



 

Элективті  пәндер  каталогы  Қ.И.  Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық 



университетінің  ғылыми-әдістемелік  кеңесінде  бекітілген  2015  жылғы  «    »      (№ 

хаттамасы). Алматы, ҚазҰТУ, 2015. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Каталог  элективті  пәндердің  (таңдау  бойынша  компоненттердің)  тізімін, 

пәндердің  пререквизиттері  мен  постреквизиттерін,  пәнді  оқыту  мақсатын,  олардың 

қысқаша мазмұнын, күтілетін нәтижелерін қамтиді. 


 



БІЛІМ АЛУШЫ МЕН ЭДВАЙЗЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА 

 

Мамандықтың  барлық  пәндері  модульдер  мен  циклдер  (бакалавриатта  ЖБП,  БП, 



ПП;  магистратура  мен  докторантурада  БП,  ПП)  бойынша  бөлінген.  Олардың  ішінде 

пәндер  міндетті  және  элективті  (таңдау)  пәндеріне  бөлінген.  Оқуға  міндетті  пәндердің 

тізімі мамандықтың үлгілік оқу жоспарында (ҮОЖ) келтірілген. Мамандықтың әр курсы 

үшін  элективті  пәндер  тізімі  элективті  пәндер  каталогында  (ЭПК)  келтірілген.  ЭПК 

мамандықтың  таңдау  пәндерінің  жүйеленген  аннотацияланған  тізімі  болып  табылады. 

ЭПК  білім  алушыларға  оқытудың  таңдалған  траекториясына  сәйкес  элективті  оқу 

пәндерінің альтернативті таңдау мүмкіндігін беруі керек.  

Мамандық  бойынша  ҮОЖ  бен  ЭПК  негізінде  білім  алушының  оқу  жылына  жеке 

оқу жоспары  (ЖОЖ) құрылады. ЖОЖ-ды шығарушы кафедра тағайындаған эдвайзердің 

көмегімен  бакалаврлар  мен  магистранттар  құрастырады.  Докторанттар  ЖОЖ-ды  өздері 

кұрастырады.  ЖОЖ  мамандық  шегінде  әрбір  білім  алушының  жеке  білім  алу 

траекториясын  анықтайды.  ЖОЖ-ға  ҮОЖ-дан  міндетті  компонент  пәндері  мен  оқу 

қызметінің  түрлері  (практикалар,  зерттеу  жұмысы,  мемлекеттік  (кешенді)  емтихан, 

дипломдық жұмысты (жобаны) жазу, диссертацияны ресімдеу және қорғау) және ЭПК-

дан таңдау компоненті пәндері кіреді.  

Еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарының есебімен нақты жұмыс 

саласына  бағытталған  білім  беру  траекториясының  бакалаврларына  көмек  ретінде  ЭПК 

шегінде  білім  алушыларға  көзделген  білім  беру  траекториясын  меңгеруді  кепілдейтін 

пәндер тізімі берілуі керек.  

Элективті оқу пәндерін таңдаған кезде мыналарды есепке алу керек:  

1  Бір  семестрде  міндетті  түрде  оқылатын  оқытудың  қосымша  түрлерін  (ОҚТ) 

есептемегенде,  күндізгі  оқыту  бөлімінің  студенті  18-22  кредитті  (міндетті  және 

элективті),  сырттай  оқыту  бөлімінің  студенті  9-12  кредитті  (міндетті  және  элективті) 

игеруі тиіс.  

2  Оқытудың  барлық  кезеңіндегі  жалпы  кредит  саны  мамандықтың  ҮОЖ-нда 

көрсетілген саннан аспауы керек. 

3 Элективті пәндер тиісті нөмірі бар таңдау топтарына біріктірілген. Пәндердің әр 

тобынан бір ғана элективті оқу пәнін таңдауға болады.  



  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



«Техникалық физика»- 5В072300 



Академиялық дәрежесі: техника және технология бакалаврі 

 

2 курс 

№ 

Модульдің атауы 



Пән 

циклі 


Пән коды 

Пән атаулары 

Кредит 

саны 


Семестр 

Химия модулі 



БП 

2.2.7 


Hi227 

Химия 




Химия модулі  

БП 


2.2.7.1 

OHI 227.1 

Жалпы химия 



Еңбекті қорғау 

модулі 

БД 


2.2.8  

OT228  


Еңбекті қорғау 



Еңбекті қорғау 

модулі  

БД 


2.2.8.1  

OTO228.1  

Экономика 

салалары бойынша 

еңбек қорғау 



Электродинамика 

модулі 

БП 


2.2.10 

ET2210 


Электротехника 



Электродинамика 

модулі  

БП 


2.2.10.1 

OET2210.1 

Электротехника 

негіздері 





Инженерлік 

графика модулі 

БП 

2.2.11 


NGKG2211 

Сызба геометриясы 

және компьютерлік 

графика  





Инженерлік 

графика модулі  

БП 

2.2.11.1 



NIG2211.1 

Сызба және 

инженерлікграфика 



Статистикалық 

физика және 

термодинамика 

модулі 

БП 


2.2.12 

PT 2212 


Қолданбалы 

жылуфизикасы 





Статистикалық 

физика және 

термодинамика 

модулі  


БП 

2.2.12.1 

TP2212.1 

Теориялық 

жылутехникасы 



10 

Электродинамика 

модулі 

БП 


2.2.13 

FO2213 


Физикалық оптика 



11 

Электродинамика 

модулі  

БП 


2.2.13.1 

OP2213.1 

Оптикалық 

аспаптар 



12 



Кәсіби-тіл модулі 

БП 


2.2.14 

AYaF2214 

Физиктер үшін 

ағылшын тілі I 



13 



Кәсіби-тіл модулі  

БП 


2.2.14 

PAYa2214.1 

Физиктер үшін 

ағылшын тілі 

практикасы I 



 

Hi227 Химия – 3 кредит 

       Пререквизиттер: математика, физика 

       Оқытудың  мақсаты:  Студенттерге  химия  ғылымының  негізгі  ұғымдары  мен 

заңдарының  көмегімен  химиялық  құбылыстар,  олардың,  жүру  заңдылықтары,  химиялық 

қосылыстар, олардың құрылысы, қасиеттері туралы білімді меңгерту. Теориялық білімнің 

негізінде студенттердің химиялық ғылыми ойлауын, химиялық көзқарасын қалыптастыру. 

Химия  ғылымының  теориялық  және  практикалық  даму  болашағын  көрсету.  Кең  өрісті, 

жан-жақты  интеллектуальды,  зиялы,  білімін  келешекте  тәжірибе  жүзінде  қолданатын 

іскер, білімді маман дайындауға  ат салысу. 


 



       Қысқаша  мазмұны:  Берілген  курс  химияның  жалпы  теориялық  және  тәжірибелік 

аспектілерін қамтиды. 

       Күтілетін  нәтижелер:  Студенттерге  химия  ғылымының  негізгі  ұғымдары  мен 

заңдарының  көмегімен  химиялық  құбылыстар,  олардың  жүру  заңдылықтары,  химиялық 

қосылыстар, олардың құрылысы, қасиеттері туралы білімді меңгерту. Теориялық білімнің 

негізінде студенттердің химиялық ғылыми ойлауын, химиялық көзқарасын қалыптастыру. 

Химия  ғылымының  теориялық  және  практикалық  даму  болашағын  көрсету.  Кең  өрісті, 

жан-жақты  интеллектуальды,  зиялы,  білімін  келешекте  тәжірибе  жүзінде  қолданатын 

іскер, білімді маман дайындауға  ат салысу. 

        Постреквизиттер: «Химия» пәні бойынша алынған білімдерді  студенттер мамандық 

бойынша  оқылатын  арнайы  пәндерде,  сонымен  қатар,  әр  түрлі  технологиялық 

проблемаларды шешуде, химиялық заңдар мен заңдылықтарды қоршаған ортаны қорғауға 

және пайдалы кендерді тиімді қолдануда пайдалана алады. 



  

OHI 227.1 Жалпы химия – 3 кредит 

       Пререквизиттер: математика, физика 

       Оқытудың мақсаты: Студенттерге жалпы химия ғылымының негізгі ұғымдары мен 

заңдарының  көмегімен  атомдардың  күрделі  құрылысы,  термодинамика  элементтері, 

электрохимия  негіздері,  электр  тоғының  химиялық  көзі,  химия-физикалық  құбылыстар, 

олардың,  жүру  заңдылықтары,  химиялық  қосылыстар,  олардың  құрылысы,  қасиеттері 

туралы  білімді  меңгерту.  Теориялық  білімнің негізінде  студенттердің  химиялық  ғылыми 

ойлауын,  химиялық  көзқарасын  қалыптастыру.  Химия  ғылымының  теориялық  және 

практикалық  даму  болашағын  көрсету.  Кең  өрісті,  жан-жақты  интеллектуальды,  зиялы, 

білімін  келешекте  тәжірибе  жүзінде  қолданатын  іскер,  білімді  маман  дайындауға    ат 

салысу. 

       Қысқаша  мазмұны:  Берілген  курс  химияның  жалпы  теориялық  және  тәжірибелік  

аспектілерін қамтиды. 



       Күтілетін  нәтижелер:  ғылыми  ойы  қалыптасқан,  түрлі  химиялық  ұғымның, 

заңдардың, қағидалардын дербес жағдайда дұрыс пайдаланатын, техногенді әсердің және 

апаттардың  қоршаған  ортаға  зияндығын  түсіне  білетін,  әр  түрлі  өндіріс  жағдайларда  өз 

бетіме дұрыс шешім қабылдай алатын мамандарды қалыптастыру. 



       Постреквизиттер:  «Жалпы  химия»  пәні  бойынша  алынған  білімдерді    студенттер 

мамандық бойынша оқылатын арнайы пәндерде, сонымен қатар, әр түрлі технологиялық 

проблемаларды шешуде, химиялық заңдар мен заңдылықтарды қоршаған ортаны қорғауға 

және пайдалы кендерді тиімді қолдануда пайдалана алады. 



  

ОТ228 Еңбек қорғау 

       Алдыңғы реквизиттер: ТӘН, кәсіптік тәжірибе 

       Оқу  мақсаттары:  Еңбек  жағдайын  дұрыс  бағалай  алатын,  шараларды  сіңіру  және 

өңдеу,  еңбек  қауіпсіздігін  және  жағдайын  жақсартатын,  өзінің  профессионалдық 

әрекетінде  заңнамалық  және  нормативтік  ЕҚ  негізінде  қолдана  алатын  мамандарды 

дайындау.  



       Қысқаша  мәлімет:  еңбек  заңнамасы,  еңбек  гигиенасы  және  өндірістік  санитарияны 

ұсыну,  өнеркәсіп  салаларына  сәйкес  әсер  ететін  факторлардың  еңбек  жағдайын  құру, 

еңбек  психологиясы  мен  физиология  негізі,  техникалық  регламенттермен  өнеркәсіптік 

қауіпсіздікті техникалық реттеу туарлы негізгі түсінік, өндірістегі электрқауіпсіздігі және 

өртжарылысқорғаныс  негізі  туралы  мәлімет,  өндірістегі  сәтсіз  жағдайларды  тексеру 

тәртібі.        



      Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқтыу барысында үйренушілер міндетті 

білу  қажет:  еңбек  заңдылықтардың  негізгі  ережелері,  еңбек  қорғаудың,  қауіпсіздіктің, 

еңбек  жағдайын  бағалаудың  негізгі  принциптері,  еңбек  қорғау  бойынша  техникалық 

регламенттер және нормативтік құжаттарға талаптар, жұмыскерлер мен жұмысшылардың 


 

міндеттері,  ұжымдық  келісімдермен  тұжырымдау  тәртібі  және  сәтсіз  жағдайларды 



зерттеу. 

орындай  алу қажет:      өнеркәсіптік  ортада  зиянды  және  қауіпті  факторларды  теңестіру, 

жұмысшыларға  қауіпсіз  және  залалсыз  жағдайлармен  қамтамасыз  ету,  өнеркәсіптік 

жарақаттарды төмендету шараларын жоспарлау. 

        Кейінгі реквизиттер: Профильді пәндер, диплом жобының бөлімі 



 

ET2210  Электротехника -3 кредит 

       Пререквизиттер: Математика, физика 

       Оқытудың  мақсаты:  Электротехникалық  заңдары,  электрлік  және  магниттік 

тізбектерде есептеудің негізгі заңдары мен әдістерін; электр құрылғылардың жұмысының 

жалпы  үрдістерін  білу  керек.  Қазіргі  заманның  қондырғының  электрондық  сұлбасын 

есептеу.  



       Қысқаша  мазмұны:  Тұрақты  токтың  электр  тізбектері.  Синусоидалы  токтың  бір 

салалы  электр  тізбектері.  Синусоидалы  емес  электр  тізбектері.  Өтпелі  процестер. 

Сызықты  емес  электр  тізбектері.  Магниттік  тербелістер.  Айнымалы  ток  тізбегіндегі 

магнит  өткізгіштері  бар  ораушы.  Электр  және  электр  емес  шамалар  өлшемдері. 

Трансформаторлар.  Бір  фазалы  және  үш  фазалы  трансформаторлар.  Тұрақты  токтың 

электр  машиналары.  Асинхронды  машиналар.  Синхронды  машиналар.  Басқару 

аппаратуралары  мен  электр  қондырғыларын  қорғау.Электр  жетектерінің  негіздері  және 

электрмен жабдықтау негіздері. 



       Күтілетін  нәтижелер:  бұл  сабақты  оқып  біткеннен  кейін  оқушы  өз  бетінше 

құрылғының  электрондық  сұлбасын  құрастырды.  Бұл  білім  оқушыға  заманауи 

мүмкіндіктерін  біліп,  оларды  өзінің  болашақта  құратын  құрылғылырында  қолдануға 

мүмкіндік береді. 



       Постреквизиттер:  микроэлектроника,  метрология,  микропроцессорлық  жүйелер  мен 

кешендер  



 

OET2210.1 Электротехника негіздері – 3 кредит 

       Пререквизиттер: Математика, физика 

       Оқытудың мақсаты: Электромагнитті процестердің жаңа модельдеу әдістерін игеру, 

электр және магниттік тізбектердің талдау әдістерін қолдана білу. 



       Қысқаша  мазмұны:  Тұрақты  токтың  электр  тізбектері.  Синусоидалы  токтың  бір 

салалы  электр  тізбектері.  Синусоидалы  емес  электр  тізбектері.  Өтпелі  процестер. 

Сызықты  емес  электр  тізбектері.  Магниттік  тербелістер.  Айнымалы  ток  тізбегіндегі 

магнит  өткізгіштері  бар  ораушы.  Электр  және  электр  емес  шамалар  өлшемдері. 

Трансформаторлар.  Бір  фазалы  және  үш  фазалы  трансформаторлар.  Тұрақты  токтың 

электр  машиналары.  Асинхронды  машиналар.  Синхронды  машиналар.  Басқару 

аппаратуралары  мен  электр  қондырғыларын  қорғау.Электр  жетектерінің  негіздері  және 

электрмен жабдықтау негіздері. 



Күтілетін  нәтижелер:  Электротехникада  қолданылатын  негізгі  ұғымдар  мен 

түсініктемелерін,  электротехниканың  негізгі  заңдары  мен  принциптерін,  қасиеттері  мен 

электр  тізбектерінің  сипаттамаларын,  электр  тізбектерінің  орныққан  және  ауыспалы 

режимдеріндегі талдау әдістерін білуі қажет. 



       Постреквизиттер:  микроэлектроника,  метрология,  микропроцессорлық  жүйелер  мен 

кешендер  



  

NGKG2211 Сызба геометрия  және компьютерлік графика - 3кредит 

       Пререквизитттер -  математика, геометрия және сызу пәндері; информатика. 

       Оқытудың  мақсаты:  студенттердің  кеңістіктік  пішіндерді  жазықтықта  бейнелеудің 

негізгі  әдістерін  меңгеруі;  кеңістік  пішіндерінің  графикалық  модельдері  негізінде 



 

контруктивті-геометриялық ойлауды дамыту; сызбаларды оқу және орындауға, эскиздерді 



және жұмыс сызбаларын  орындауға қажетті білім алып, дағдылану.   

       Қысқаша  мазмұны:  Сызба  геометрия  және  компьютерлік`пәнінің  негізгі  әдісі. 

Проекциялау  әдістері.  Аксонометрия.  Монж  эпюрі.  Нүктенің,  түзудің  және  жазықтықтың 

эпюрлері.  Позициялық  есептер.  Метрикалық  есептер.  Көпжақтар.   Сызбаны  түрлендіру  әдістері. 

Қисық сызықтар мен беттер. Беттердің қиылысуы. Беттердің жаймаларын салу. Конструкторлық 

құжаттаманың  бірыңғай  жүйесі  (ҚҚБЖ)  туралы  түсінік.  Мемлекеттік  және  халықаралық 

стандарттар.  Сызбаларды  рәсімдеудің  негізгі  ережелері.  Геометриялық  салулар.  Кескіндер: 

көріністер,  тіліктер  және  қималар.  Тетікбөлшектердің  аксонометриясын  салу.  Бұрандалар. 

Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер. Эскиздеу. Құрастырылған бұйымдардың сызбасын 

орындау.  Құрастырылған  бұйым  сызбасын  оқу  және  тетікбөлшектеу.  AutoCAD  графикалық 

жүйесін меңгеру. AutoCAD жүйесінде моделдеу (2D және 3D модель) және сызбаларды орындау.  



       Күтілетін  нәтижелер:  студенттер  кеңістік  пішімдерін  жазықтыққа  кескіндеу 

әдістерін меңгеруі қажет. Білуі керек: тетікбөлшектердің эскиздерін, жұмыс сызбаларын, 

құрастыру  сызбаларын  оқып  және  тетікбөлшектеудін  сызбаларын  сызудын  теориясын. 

Сызбаларды  және  суреттерді  орындау  үшін  AutoCAD  графикалық  жүйесін  білуі  керек. 

Компьютерлік  графиканың  басқада  графикалық  жүйелері  туралы  түсініктері  болуы  керек. 

Меңгеруі  қажет:  тетік  бөлшектердің  эскиздерін  және  жұмыс  сызбаларын,  құрастыру 

сызбаларын, құрастыру сызбаларын оқып және тетікбөлшектеуін орындауға дайын болуы 

керек. AutoCAD графикалық  жүйесінде сызбалар мен суреттерді орындауды меңгеруі керек. 

       Постреквизиттер -  «Сызба геометрия және компьютерлік графика» пәнін  оқығаннан 

кейін алатын білім мен дағдылары, техникалық физика мамандығының оқу жоспарындағы 

арнайы пәндерді меңгеруге қажет болып табылады.  

 

NIG2211.1 Сызба және инженерлік графика - 3кредит 

       Пререквизитттер -  математика, геометрия және сызу пәндері; информатика. 

       Оқытудың  мақсаты:  студенттердің  кеңістіктік  пішіндерді  жазықтықта  бейнелеудің 

негізгі  әдістерін  меңгеруі;  кеңістік  пішіндерінің  графикалық  модельдері  негізінде 

контруктивті-геометриялық ойлауды дамыту; сызбаларды оқу және орындауға, эскиздерді 

және жұмыс сызбаларын  орындауға қажетті білім алып, дағдылану.   



       Қысқаша мазмұны.  Проекциялау әдістері. Аксонометрия. Монж эпюрі. Нүктенің, түзудің 

және  жазықтықтың  эпюрлері.  Позициялық  есептер.  Метрикалық  есептер.  Көпжақтар.    Сызбаны 

түрлендіру әдістері. Қисық сызықтар мен беттер. Беттердің қиылысуы. Беттердің жаймаларын салу. 

Конструкторлық  құжаттаманың  бірыңғай  жүйесі  (ҚҚБЖ)  туралы  түсінік.  Мемлекеттік  және 

халықаралық  стандарттар.  Сызбаларды  рәсімдеудің  негізгі  ережелері.  Геометриялық  салулар. 

Кескіндер:  көріністер,  тіліктер  және  қималар.  Тетікбөлшектердің  аксонометриясын  салу. 

Бұрандалар.  Ажырайтын  және  ажырамайтын  біріктірулер.  Эскиздеу.  Құрастырылған 

бұйымдардың сызбасын орындау. Құрастырылған бұйым сызбасын оқу және тетікбөлшектеу.  



       Күтілетін  нәтижелер:  студенттер  кеңістік  пішімдерін  жазықтыққа  кескіндеу 

әдістерін  меңгеруі  қажет.  Білуі  керек:  Сызба  геометрия  есептерін  шығарудын, 

тетікбөлшектердің  эскиздерін,  жұмыс  сызбаларын,  құрастыру  сызбаларын  оқып  және 

тетікбөлшектеудін  сызбаларын  сызудын  теориясын  білу.  Меңгеруі  қажет:  сызба 

геометрия есептерін шығаруды, тетік бөлшектердің эскиздерін және жұмыс сызбаларын, 

құрастыру  сызбаларын,  құрастыру  сызбаларын  оқып  және  тетікбөлшектеу  сызбаларын 

орындауға дайын болуы керек.  

        Постреквизиттер - «Сызба және инженерлік графика» пәнін оқығаннан кейін алатын 

білім  мен  дағдылары,  техникалық  физика  мамандығының  оқу  жоспарындағы  арнайы 

пәндерді меңгеруге қажет болып табылады.  

 

PT 2212  Қолданбалы жылу физикасы – 3 кредит 

        Пререквизиттер:  Физика1  FIZ(1)1203.  Жоғары  математика  1  VM(1)1201.    Жоғары 

математика 11 VM(11)1202.  



 



       Оқытудың 



мақсаты:  жылумассатасымалдау  негіздерімен  жылу  техникасы 

есептеріне сәйкес таныстыру. 



       Қысқаша  мазмұны:    Кинетикалық  теория  негіздері,  зат  күйі  термодинамикалық 

параметрлерінің кең аумағында, оның ішінде төменгі және аса төменгі температураларда, 

жүзеге асырылатын процестер мен құбылыстарға байланысты баяндалады. Больцманның 

кинетикалық теориясы мен феноменологиялық сақталу заңдарының арасындағы байланыс 

анықталады.  Өндірісте  кездесетін  кейбір  реал  термодинамикалық  циклдар  сарапталады 

Суытудың  және  төменгі  температураларды  алудың  физикалық  негіздері,  төменгі 

температуралардағы  заттардың  қаситтері,  жылулық  энергияны  дәстүрлі  және  дәстүрлі 

емес  көздерден  алу  технологиялары  қарастырылады.  Атомдық  энергетика  мәселелеріне 

және Күн энергиясын қолдану болашағына көңіл бөлінген. 

       Күтілетін  нәтижелер:  студент  болашақ  қызметінде  қолданбалы  және  теориялық 

есептерді  қою,  тұжырымдау  және  шешу  үшін  жылу  физикасымен  байланысқан  негізгі 

ұстанымдарды,  принциптерді,  теорияларды  түсіне  және  қолдана  білуі  ;  жылу 

техникасының арнаулы аумақтарында белгілі өндірістік және технологиялық мәселелерді 

шешуге дағдылануы керек.  



       Постреквизиттер:  Теориялық  жылутехника,  жылумасса  алмасудың  теориялық 

негіздері   

  

TP2212.1  Теориялық жылу техникасы - 3 кредит 

       Пререквизиттер:  Физика1  FIZ(1)1203.  Жоғары  математика  1  VM(1)1201.    Жоғары 

математика 11 VM(11)1202.  



Оқытудың мақсаты: студенттерді өндірістік жылутехникалық құрылғыларда жүріп 

жатқан негізгі термодинамикалық процестер  және тасымалдау құбылыстарымен, оларды 

зерттеу және басқарудың жалпы теориялық әдістерімен таныстыру. 

        Қысқаша  мазмұны:    курс  жалпы  жылу  техникасының  теориялық  негіздеріне 

арналған.  Техникалық  термодинамиканың  сұрақтары,  су  буы  мен  ылғалды  ауаның 

термодинамикасы,  сұйықтықтар  мен  газдардың  механикасы,  жылумассаалмасудың 

негіздері  қарастырылады.  Идеал  циклдар  мен  өндірістік  қондырғылардағы,  олардың 

ішінде  тоңазыту,  сұйылту  циклдары  және  ядролық  энергетикалық  қондырғылардағы 

циклдар  сарапталады.  Жылуды  жылуөткізгіштік,  конвекция  және  сәулелену  арқылы 

тасымалдаудың  стационар  және  стационар  емес  процестері  талқыланған.  Мысал  ретінде 

фазалық  ауысу  кезіндегі,  жоғары  жылдамдықтардағы,  сиретілген  ортадағы  жылу 

алмасудың 

жеке 


есептері 

қарастырылған. 

Арнаулы 

курс 


әр 

типті 


жылуалмастырғыштардағы жылуберілісті қарастырумен аяқталады.  

        Күтілетін 




жүктеу 1.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет