Билет№1 Гигиеналық гимнастиканың мазмұны



жүктеу 61.49 Kb.
бет1/28
Дата04.06.2022
өлшемі61.49 Kb.
#20429
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
ДЕНЕ ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ
=F5 F8O 07 01112021

Билет№1

  1. Гигиеналық гимнастиканың мазмұны

Гигиеналық гимнастиканың міндеті адам денсаулығын нығайту және сақтау, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, организмнің негізгі жүйелерінің қызметін жетілдіру (тыныс, қан айналыс, зат алмасу процестерін жеделдету). Гигиеналық гимнастиканың құралдары ретінде жалпы денені дамытатын, қолданбалы жаттығулар су процедурасымен, сылау және организмді шынықтырумен ұштастырыла пайдаланылады. Гигиеналық гимнастика барлық жастағы балаларға ұсынылады.
Ертеңгілік гигиеналық гимнастика — таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары. Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке жүйесі мен әр түрлі органдардың қызмет белсенділігі арта бастайды. Алайда белсенділікке көшу процесі ұзаққа созылып кеткен жағдайда оның жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде де) елеулі әсер ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде жүреді, ашушаң болады. Ал дене жаттығуларын орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар орталық жүйке жүйесін белсенді жұмыс істеуге ыңғайлайды. Сонымен қатар ішкі органдардың жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертең дене тынықтыру үшін радио мен телевизиядан берілетін жаттығулар жүйесін пайдаланған ыңғайлы. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса, өз бетінше қарапайым жаттығулар жүйесін ойластырған тиімді. Мұны мынадай принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең бастысы — жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек қозғалысқа түскені дұрыс.



  1. Ырғақты гимнастиканың мазмұны

Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы. Яғни, музыкалық ырғақты сабақтар әсемдік пен қатар балалың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол. Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни, баланың өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды.
Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-
нациясының дамуына көмектеседі. Оқушылар қолдың, бастың, дененің
және аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуін және оларды
синхронды орындауға тырысуына сабағымда басты назарға аламын. Музыка ырғағымен істелінетін жаттығулар физикалық дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.
Би ағзадағы зиянды қалдық заттардың сырқа шығуына және артық салмақты жоюда май жасушаларының еруіне септігін тигізетіні белгілі. Бойымызды тазалап, қан айналымымызды жақсарту, біздің ойлау қабілетімізбен санамызға оң әсер береді. Сонымен қатар саулықты, салауатты өмір сүруді іске асыратын тәсілдің бірі.




  1. жүктеу 61.49 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет