«Былай барсаң, Қоқан бар »



жүктеу 344.09 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.09.2017
өлшемі344.09 Kb.
#15214

«Былай барсаң, Қоқан бар...»  

 

 



1801  жылы  таққа  отырған  Әлімхан  таулық  тәжіктердің  қолдауына 

сүйеніп, Әнгрен, Шымкент, Сайрам, Ташкентті түгелімен басып алды да 1805 

жылы өзін хан деп жариялайды, оның құрған мемлекеті Қоқан хандығы атын 

иеленеді.  Халықаралық  қатынаста  жаңа  мемлекеттік  құрылым  Бұқар 

хандығымен  саяси  бақталасқа  айналды.  1806  жылы  Бұхар  иелігіндегі 

Ұратөбе  үшін  Әмір  Хайдар  (1800-1826)  мен  Қоқан  билеушісі  Әлім  хан 

арасында  шайқас  болып,  Бұқара  әскері  өз  одақтастары  ташкенттіктер  мен 

Түркістандағы  қазақ  сұлтандарының  көмегімен  қоқандықтардың  әскерін 

талқандайды.  

 

1810  жылы  ағасы  Әлім  ханның  орнын  басқан  Омар  хан  Ұратөбені, 



Түркістанды  алып,  1818  жылы  өзін  Әмір  ул-мүсілімін  (мұсылмандардың 

билеушісі)  деп  жариялайды.  Сыр  бойына  жасалған  қоқандық  басқыншылық 

тарихы осы Омар ханның есімімен тығыз байланыста өрбіді. 

 

Ал Омар ханның билігі тұсында (1809-1822) Қоқан хандығының иелігі 



Ташкент  қаласынан  солтүстікке  қарай  кеңейтілді.  Шымкент,  Сайрам, 

Әулиеата  қалаларына  жасалған  жойқын  жорықтардың  барысында  ол  аймақ 

та Қоқан хандығының құрамына өтті. 

 

ХІХ  ғасырдың  басында  Бұқар  әмірлігіне  тәуелді  болған  Түркістан 



қаласы Тоқай төре ханның билігінде болатын. Орта жүз хандарының ордасы 

болып  келген  Түркістанды  1816  жылы  Омар  хан  жаулап  алды, 

басқыншыларға  тойтарыс  бере  алмаған  қала  билеушісі  Тоқай  Темір  қашып 

құтылды. 

 

Қоқан  хандығынның  тарихына  қатысты  В.  Наливкиннің,  П.П. 



Ивановтың  еңбектерінде  «1814  жылы  Омар  хан  Ташкент  билеушісі  Раджаб 

диванбегін  Бұхар  әмірлігінің  ықпалындағы  Түркістанды  басып  алуға 

аттандырды. Қоқан әскері қалаға түнде жақындап, тосыннан оның қақпасын 

ашып,  жергілікті  тұрғындарды  аяусыз  жазалай  бастады.  Өз  әскерінің 

жеңісіне  масаттанған  Омар  хан  қалаға  еніп,  далалық  аймақтың  қосылуын 

аяқтады.  Әрине,  бұл  деректерде  Түркістан  бекінісін  қоқандықтардың  басып 

алуындағы  уақытына  және  оқиғалардың  барысына  қатысты  өзгешеліктер 

болғанымен, осы кездегі қаланы басқарған төреге қатысты мәлімет бір, бірақ 

аймаққа  Бұхар  хандығының  ықпалы  жөнінде  әрқилы  баяндалады.  Бір 

деректерде  Түркістан  Бұхар  хандығына  бағынды  деп  берілсе,  келесі 

біреулерінде  ықпалында  болды  немесе  қолдау  көрсетті  деген  анықтамалар 

беріледі.  

 

Қоқандықтар Түркістан қаласын басып алғаннан кейін, Cыр бойындағы  



қоңырат,  бестамғалы  руларына  ықпалын  жүргізу  үшін,  бекіністер  сала 

бастады.  Алғашқы  қоқандық  бекіністер  Омархан  (1809-1821)  кезінде 

салынған.  Олардың  салынған  уақытын  көрсетуде  Т.А.  Бейсембиевтің 

мәліметтерінде  қоқандықтар  1814  жыл  Шолаққорған,  1815-1820  жылдары 

Күмісқорған, Жаңақорған, Жөлек бекіністерін салған.  

 

Қоқандықтар  Жаңақорған  бекінісін  Сырдарияның  оң  жағалауы  мен 



Өгізмүйіс  тауының  оңтүстік  батыс  жағына  қарай  салды.  Бекініс  құрылысы 

төртбұрышты, қорған ішінде балшықтан салынған үйлермен бірге киіз үйлер 

де  болатын.  Бекіністе  зеңбірек  болмағанымен,  бірақ  үлкен  фитильді 

мылтықтар  кездескен.  Қорған  маңында  қазақ  ауылы  қоныстанған  [86]. 

Бекініс бектері Мәдәлі хан тұсында (1822-1842 жж.) сунақ руынан Сасықбай 



(уақыты  белгісіз),  Қожабек  (1858),  Қожаназар  (1860)  болса,  1860  жылы 

Түркістан бегі Бабаджан Қожабекке бекіністің қорғанысын күшейту жөнінде 

берілген  тапсырмасының  орындалмауына  байланысты,  бекіністі  басқаруды 

қарақалпақ  Қожаназарға  жүктегенімен  оның  да  бекіністі  қоқандықтардың 

ықпалында ұстап тұруға күші жетпейді. 1861 жылы қыркүйекте Жаңақорған 

бекінісі орыс әскерінің ықпалына өтті. 

 

Қоқандықтар шекаралық аймақтарды нығайту мақсатында Қаратаудың 



теріскейіндегі  Балықшы  өзенінің  жағасына  Созақ  бекінісін  салды.  Бекініс 

Жаңақорғаннан  сегіз  есе  үлкен,  оның  гарнизоны  100  адамнан  тұрды,  400 

жуық  тұрғын  үй  болды.  1854  ж.  бекініс  бегі  Тайшық  сұлтан  болды. 

Жаңақорғаннан үш жылдан соң Созақ бекінісі орыстардың ықпалына өтті.  

 

Жаңақорған,  Шолаққорған,  Созақ,  Шардара  бекіністері  әр  жылдары 



Қоқан, Бұхар хандықтарының салған немесе нығайтқан бекіністері болса, ал 

Түркістан  ежелден  келе  жатқан  қала  төңірегіндегі  тайпаларға  ықпал 

жасайтын негізгі орталық болды. Сол кезеңнің деректерінде қоқандықтардың 

билігі  тұсында  қаланы  төрт  ақсақал  басқарған,  қалада 20  мешіт болған,  нақ 

ортада Әзірет сұлтан мазары орналасқан. Қаланы Тоқай төре (1814), Шейх-и-

Бадал  (1815),  Қанағат  шах  (1846),  Жүсіпбек  (1852),  Батыр  басы  (1854), 

Мырза  Нияз  (1858),  Рүстембек  (1859),  Құрманбек  (1859),  Бабажан  (1860) 

Мырзадәулет  (1863-1864  жж)  басқарды.  Түркістан  қаласының  ахуалы  Орта 

Азиядағы  саяси  жағдаймен  байланысты  өзгеріп  отырды.  1818  жылға  дейін 

Бұхар  әмірлігінің,  кейін  Қоқан  хандығының,  ал  1840-1842  жылдары  Бұхар 

әмірілігі,  кейін  қайта  Қоқан  хандығының  ықпалына  қалыптасқан  жүйе 

бойынша  жергілікті  ру-тайпалар  алты  қойдың  бірін,  алынған  егіс  өнімінің 

тең жартысын салыққа берді [88]. Қоқан хандығының өз қарауындағы елден 

жинайтын салығының ең бастысы хараж болды. Оның көлемі әрқилы болып 

келеді. Күріш, бидай, жүгері басқадай дәнді дақылдардан өнімнің бестен бірі, 

ал  бау-бақша,  жүзімдік,  мақта  сияқты  дақылдардан  жер  көлеміне,  дақыл 

түріне қарай алынды. 

 

Осы  кезеңде  Оңтүстік  Қазақстанды  мекендеген  қазақ  тайпалары  екі 



жақты  қысымға  түсті.  Олар  қоқандықтарға  қарсы  бас  көтеруімен  бірге  жыл 

сайын қысымы күшейе түскен орыс әскери шептеріне де өз наразылықтарын 

білдіріп  отырған.  Айталық,  1862  жылы  қоқандықтардың  иелігінен  Өтеген 

мен  Баубек  бастаған  қыпшақтар  және  Жантөре  мен  Құдас  бастаған 

қоңыраттар Сыр бойындағы орыс әскери шебіне шабуыл жасап тұрған. Орыс 

отаршылығына  қарсы  бұндай  әрекеттер  жалғыз-жарым  факт  емес,  өзге 

тайпалар тарапынан да осындай қарсылық әрекеттері орын алды. 

 

Қоқан  хандығының  тарихына  жасалған  қысқаша  шолудың  өзінен 



хандықтың пайда болуы мен нығаюы көрші елдерді, тіпті дербес иеліктерді 

өзіне  қосып  алуы  арқылы  іске  асқандығына  көзіміз  жетеді.  Осы  саяси 

басқыншылықтың негізгі күші Сыр бойына бағытталды. 


 

Қоқандық  авторлардың  мынадай  дерегі  де  назар  аудартады:  Ұратөбе 

билеушісі  Әли  Шүкір  қалаға  шабуыл  жасағанда  қолға  түскен  200  қоқандық 

тұтқындарды  зынданға  салып  өлтіреді.  Қоқандықтар  өз  кезегінде  кек 

қайтарып, 900 ұратөбеліктерді (негізінен жүз тайпасының өкілдері) өлтіріп, 

бастарынан  әйгілі  баталист-суретші  В.  Верещагиннің  картинасына  негіз 

болған  мұнара  (калла–минар)  тұрғызады.  Авторлар  жазықсыз  адамдарды 

өлтіріп  «калла–мұнара»  тұрғызуды  айыптаудың  орнына  осы  әрекетті 

«өзгелерге сабақ болуы үшін» «әділетті кек қайтару» деп бағалаған.  

 

Қоқан хандығының саяси тарихы оның мемлекеттік құрылымы біртекті 



емес, полиэтникалық конфедерация екендігін танытады. Қоқан хандығының 

өзегін  құраған  аймақтағы  ішкі  тартыстар  оған  күштеп  қосылған 

Қазақстанның  оңтүстік  аймағындағы  қазақ  тайпаларымен  үнемі  қақтығыс 

жағдайда болуы арқылы күшейе түсті.  

 

Қоқан  хандығының  үлкен  әскерді  Түркістан  мен  Шымкентте  сақтауға 



мүмкіндігі  жетпегендіктен  қазақ  тайпаларына  өз  өктемдігін  сақтау  үшін 

ықпалды  билерге  қолдан  келер  барлық  жақсылықтарды  үйіп-төгу  арқылы 

басқарған. Ондай билеушілерге датқа дәрежесі мен үлкен артықшылар және 

руластарының  үстінен  қарайтын  толық  билік  берілді.  Осылайша,  жергілікті 

тайпалардың ішінде кейбір халықтардың ақсүйектік ата-тегі іспеттес, алайда, 

қазақ  тайпаларының  ешқайсысында  кездеспейтін,  ерекше  мұрагерлік 

құқықтарды  пайдаланатын  айырықша  ататек  пайда  болды  [92].  Әйтсе  де, 

қоқандықтардың  биік  мәртебесіне  ие  болғандардың  бәрі  бірдей  отарлық 

билікке  қызмет  жасаған  жоқ.  Жаңақорғанның  жергілікті  руларының  ішінде 

осындай  датқалық  атаққа  ие  болғандардың  бірі  Жантөре  датқа  Көкенұлы 

тұрғындардың Қоқан және орыс билігіне қарсылығын басқарды.   

 

Омар  ханның  (1809-1821)  тұсында-ақ  Қоқан  билігіне  қарсы 



қазақтардың  алғашқы  көтерілісі  болды.  Омар  хан  Наманган  хакімі 

Сейдқұлбекті  Қоқан  билігіне  бағынбаған  оңтүстіктің  қазақтарын  жазалауға 

аттандырады.  Оған  ашынған  Түркістан,  Шымкент,  Сайрам,  Әулиеаата 

қазақтары  көтеріліске  шықты.  Олар  Қоқан  хандығының  ықпалынан  шығу 

үшін,  көтеріліске  басшылыққа  Тоқтамыс  ханның  ұрпағы  Тентектөрені 

шақырды.  Түркістан  қаласының  түбіне  12  мың  қазақ  жиналып,  кейін 

Сайрамды  негізгі  тірек  жасады.  Қоқан  хандығы  әскерінің  келе  жатқандығы 

жөнінде  хабар  алған  қазақтар,  екіге  бөлінді;  Сайрам  түбіне  Тентек  төре, 

екінші тобы Шымкентке жиналды. Қоқандық әскерден жеңілген Тентек төре, 

ханның  билігін  мойындап,  кепілдікке  өз  баласын  берді»  [93].  Қоқан 

хандығын зерттеген ғалымдардың еңбектерінде 1821 жылы көтеріліс жөнінде 

осындай  қысқаша  ғана  мәлімет  беріледі.  Көтерілістің  алғаш  Түркістан 

қаласының түбінде басталып, кейін Шымкентке дейінгі аралықты қамтығаны 

және  оған  12  мың  қазақ  қатысты  деген  мәліметтер  қоңырат,  бестамғалы, 

қараған. Ескеретін бір жағдай – қаланы басқарған тәжік Қанағатшах алғашқы 

кезде  Бұхара  атынан  билік  жүргізсе,  кейін  Қоқан  хандығының  жағына  өтіп 

кеткен. 

 

1844  жылы  желтоқсанда  Бұхарадан  қайтқан  керуен  басшысы  көпес 



Сейітқазы  Мерсейтов  Ташкентке  бағынышты  Түркістан,  Ақмешіт 

бекіністерінің  Бұхар  әмірлігінің  билігіне  өтіп,  әмірдің  бекіністерге  өз 

адамдарын  билікке  қойғанын  хабарлаған  [94].  Дерек  мәліметі  Шералы 

ханның  тұсындағы  Қоқандағы  саяси  жағдайдың  қайта  шиеленісуіне 

байланысты  Сыр  бойында  тұратын  қазақтардың  қайта  Бұхар  әмірлігіне 

қарағандығын дәлелдейді. Шералы ханның билігі тұсында ішкі саяси тартыс 

барысында  Сыр  бойындағы  қазақ  тайпалары  қайтадан  Бұхар  әмірлігінің 

ықпалына қарады. 

 

Қоқан  хандығының  өз  ішінде  басталған  билік  үшін  саяси  текетірес 



кезінде  қоқандықтар  басып  алған  Сыр  бойындағы  бекіністерді  Кенесары 

ханның  кері  қайтару  жоспарлары  болды.  Бекіністерге  шабуыл  жасауға 

қазақтардың  өзі  ұсыныс  жасады.  1845  жылы  орыс  әскеріне  қолға  түскен 

Кішкенбай  Бекбасаров  Сыр  бойындағы  қазақтарға  қатысты  «Қоқан 

ықпалынан  қысым  көрген  қазақтар  Кенесарыдан  көмек  сұраған.  Олардың 

өтініштеріне орай, Кенесары 4000 адам жинап, Қоқан хандығына аттанды. Ол 

төрт  бекініске  шабуыл  жасады:  Жөлек,  Жаңақорған,  Бабайқорған, 

Тұрсынбайқорған.  Сонымен  бірге  Ақмешітті  төрт  күн  қоршап  тұрды»  деп 

хабарлады. Бекіністе тараған ауруға байланысты, қоршауды тастап, Сарысуға 

оралуға мәжбүр болды. Шабуыл кезінде Кенесарының бірнеше адамы ауруға 

шалдығып,  қайтыс  болды»  [95].  1845  жылы  желтоқсанда  Түркістаннан 

Ақмешітке  дейінгі  аймақта  және  Кенесары  ауылдарында  тырысқақ  індеті 

тарап,  Ақмешітті  қоршау  кезінде  Кенесарының  баласы  Жапар  сұлтан  да 

ауруға шалдыққан. Ақмешіт бекінісіне жасалған шабуылдан кейін Кенесары 

қосынында  басталған  тырысқақ  індетіне  байланысты  күнде  бір  жылқы 

құрбандыққа  шалынған.  1847  жылы  Кенесары  хан  қаза  тапқаннан  кейін 

Түркістан төңірегіне қоқандық ықпал бұрынғыдан да күшейе түскен. 

 

Қоқан  хандығындағы  саяси  жағдай  шиеленіскен  сәтте,  орыстардың 



Ақмешітке  қарсы  жорығы  басталды.  1852  жылы  шілдедегі  Бларамбергтің 

Ақмешітті  алу  әрекеті  сәтсіз  аяқталғаннан  кейін,  В.А.  Перовский  бекіністі 

алуға күшті дайындық жүргізе бастады. Алғаш рет қоқандықтарға қарсы сол 

кезеңдегі  Ресей  әскерінің  жаяу  әскер,  атты  әскер,  артиллерия,  инженерлік 

топ,  саперлік  бөлім,  Арал  әскери  флотилиясы  сияқты  барлық  түрі  соғысқа 

қатысты.  Қоқандықтар  мен  орыс  әскерінің  арасындағы  күш  тең  болмады, 

нәтижесінде  бекініс  орыстардың  қолына  өтті.  Ақмешіт  қоқандықтар  үшін 

шекарада  тұрған  саяси-стратегиялық  және  экономикалық  жағынан  маңызы 

бар бекініс болатын, сондықтан да олар бекіністі кері қайтармақшы болады. 

 

Қоқан  иелігіндегі  қазақ  жерлеріне  жүргізілген  барлау  мәліметтері 



бойынша генерал-майор Ладыженский 1852 жылдың 21 тамызында Орынбор 

шекаралық 

комиссиясына,  Орынбор 

генерал-губернаторына 

берген 

хатындағы  деректерге  сүйеніп,  Сыр  бойында  Қоқандық  бекіністердің 



салынған  мерзімін  анықтай  аламыз.  Ондағы  деректерге  сүйенсек, 

қоқандықтар Түркістан қаласынан бір күншілік жерде Жаңақорған, одан бір 

жарық  күндік  жерде  Жөлек,  одан  екі  күншілік  жерде  Ақмешіт,  оған  жақын 

жерлерге  Күмісқорған,  Қосқорған  және  Шымқорған  бекіністерін  салған. 

Жаңақорған, Жөлек, Ақмешіт бекіністері 30 жылдан сәл ғана астам уақытта, 

Шымқорған  25,  ал  Күмісқорған  мен  Қосқорған  15  жыл  бұрын  салынған. 



Жақындап  қалған  орыс  әскеріне  қарсы  қорғанысты  күшейту  мақсатында 

қоқандықтар  1861  ж.  Жөлек  бекінісін  нығайтумен  бірге  одан  100  верст 

қашықтықтағы  Жаңақорған  бекінісін  нығайтты.  Бұл  бекініс  «қоқандық 

баскесерлердің  ұясы»  болғандықтан  талқандалды.  Оның  орнына  салына 

бастаған  Дінқорған  бекінісі  де  орыс  әскерлері  тарапынан  қиратылды. 

Осылайша,  1864  жылдың  сәуірінде  орыс  әскерінің  алдыңғы  шебі  болған 

Жөлек  пен  Түркістан  қаласының  арасындағы  190  верст  аумақта 

қоқандықтардың бір де бір бекінісі қалмаған.  

 

1858  жылғы  наурызда  Ташкент  бегі  мен  оны  қолдаушы  Құдиярханға 



қарсы  бағытталған  қазақ,  өзбек,  қырғыздардың  соңғы  көтерілісі  басталды. 

Көтерілістің  негізгі  себебі  –  алым-салықтың  күшеюі  еді.  Мысалы,  мал 

иелеріне әрбір жүз қойдан, тіпті қозы болса да – 7 сом, әр бас қара малдан – 2 

сом, бұзаудан – 1 сом, түйеден – 3 сом, ботадан – 2 сом, өлген кісінің жерлеуі 

үшін қалдырған малдың 40 басынан 1 сом, әрбір тұрмысқа шықпаған қыздан, 

яки  жесір  келіншектен  –  20  сомнан  зекет  жиналды.  Қазақ  тайпаларының 

бірнеше  биін  жазықсыз  жазалап,  дарға  асқан  Мырза-Ахметтің  зорлық-

зомбылығы  мен  өктемдігінде  шек  болмады.  Салықтың  орнына  балалар  мен 

қыздарды сатып алуға дейін барды. 

 

Ташкент әміршісі бұл зекетті жинастыру үшін  інісі Мырзаби бастаған 



300  адамды  дулат  пен  бестамғалы  руларына  жұмсайды,  басқа  елу  адамын 

шанышқылы  руына  жібереді.  Қыздарды  санап  жүрген  Мырзабай  Қанай 

байдың  ер  кісінің  бас  киімімен  жылқы  қуып  жүрген  қызын  байқап  қалады. 

Ол  дереу  Қанай  байға  дауыс  көтеріп,  қызын  жасырғаны  үшін  айып  талап 

етеді. Осындай жағдайда Қанай датқаның інісі Мұсабек батыр Қалдарбекұлы 

бастаған  көтерілісшілер  Мырзабиді  өлтіреді  және  оған  еріп  жүрген  150 

адамды  жайратып  салады.  Осылайша,  Арыс  өзені  бойынан  басталған 

көтеріліс  Түркістан  –  Жаңақорған  төңірегіне  дейін  тарады.  «Мұсабек 

көтерілісі»  аңызға  айналып,  оның  дақпырты  Арқа  жеріне  де  кең  таралған. 

Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде осы айтулы оқиға былайша суреттеледі: «Ақ 

жалау  барда  малым  бар  деме,  Ғазірейіл  барда  жаным  бар  деме»  деп,  мақал 

болған осы айтылған Бұхара, Қоқан хандарының заманы еді. Сона бұлардың 

өзіне  қараған  көшпелі  жұртқа  қылатұғын  ісі  зекетші  шығарып,  зекет 

алдырушы еді. Сонда қазақтың қызынан да зекет алды. Бұлар «Мал есебінде 

күйеуге  беріп,  қанша  мал  алады»  деп,  жолын  тосып  тұрып,  малын  құрттай 

санап,  қалың  малы  «қырық  жеті  мал»  деп,  сол  есеппен  қыздан  зекет  ала 

бастаған  соң,  қазақ  бойжеткен  қызға  қатын  киімін  кигізіп,  мұны  сарттың 

зекетшілері  біліп:  «Қатын  екенін,  қыз  екенін  емшегінен  танимыз!»  –  деп, 

жаулықты әйел көрінсе, емшегін ұстап, байқап өткізетұғын болды. 

 

Кеше  Қоңырат  деген  елде  «Көктіңұлы  Сапақ»  атанған  кісі  болды. 



Соның  інісі  Мұсабек  датқаның  ат  арқасына  мінген  күнінде  Қоңырат  деген 

елдің көшін шұбыртып санап, әлгі айтылған істі зекетшілер қылып тұрғанда, 

түйе жетектеген бір бәйбіше қатын Мұсабекке ұрысты: 

 

– Ай, сен, жаман Мұсабек би, сен бері кел! – дейді. 



 

–  Бастапқы  ханның  тұсында  арғымақ  міндік  ноқталап,  соңғы  ханның 

тұсында  шәрке  бір  кидік  соқталап!  –  деген  осы  екен-ау!  Кеше  сенің  ағаң 


Сапақ  үйінде  отырып,  Бұхара  мен  Қоқанның  хандарына  айтқанын 

қылдырушы еді. Соның шыққан жерінен сен де шықтың ғой! Сенің тұсыңда 

көрген  күніміз  мынау  болса,  қартайған  күнімізде  қыз-келіншек  орнында 

болып, құрып, суалып қалған емшегімізді әр сартқа бір уқалатып қойғаның! 

Сені  тапқан  қатын  ит  те:  «Ұл  таптым!»  деп  қуанды-ау!  Бүйтіп  ауыртып 

тапқан артымның садағасы кетсін!» деп бәйбіше атын санға бір ұрып, жөнеле 

бергенде, Мұсабекте ес қалмады, ажар, түр қалмады. 

 

Есі  шығып  кетті,  үстіндегі  киімін  дал-дал  қылып,  жұлып-жұлып 



тастады да: 

 

–  Ал,  бозбала,  бір  күн  туыппыз,  бір  күн  өліппіз!  Өлген  өлген  жерде, 



қалған қалған жерде! – деп сартқа қол қоя бастады. 

 

Сол-ақ  екен,  қазақ  басына  бір  сарт  қайдан  табылсын?!  Көбі  жерді 



сабады.  Түркістан,  Ташкент,  Шымкент,  Сайрам  –  бір  күннің  ішінде  тас-

талқанын  шығарып,  сонда  қашқан  сарттар:  «Алаш,  Алаш  деймін-ау!»    деп 

қашады  дейді.  Сонан  соң  қайтіп  қазақ  ішіне  зекетші  шығуын  қойды.  Пәлі, 

бәйбішеге де рахмет, Мұсабекке де рахмет! Бәйбішеге қалай рахмет айтса да, 

айтуға тұрарлық, Мұсабектің қолынан ашуланса, осындай іс келерлігін біліп 

ұрысқандығына. 

 

Сол  сартқа  Қоңырат  қол  қойған  күні  дүйсенбі  күн  екен.  Уағдаласып 



қойғандай,  дәл  сол  күні  исі  қазақ  сартқа  бірден  жұмылып,  қол  қоя  бастады 

дейді.  Сонда  қолға  түскендеріне  қазақ  екенін,  сарт  екенін  айыруға:  «Бидай 

деп айтшы!» десе, сарттың «бидай» деуге тілі келмей: «бұғыдай» дей беріпті. 

Сарт  екенін  сонан  біліпті».  Қоқанның  «қоқан-лоқысынан»  шаршаған  қазақ 

осылайша бір бетін қайтарған екен дейді.  

 

Көтерілісшілер  қоқандықтардың  қудалауынан  қауіптеніп,  орыс 



үкіметіің иелігіне өтуге рұқсат сұрайды. Ташкенттіктердің шабуылын күткен 

қаратаулықтар Кенесары Қасымұлының ұлдарынан хан сайламақшы болады. 

Нәтижесінде  бестамғалыны  Саржан  сұлтанның  ұлы  Иса,  қоңыраттарды 

Әликен сұлтан Тағайұлы басқарады. 

 

Қаратаулық  көтерілісшілер  Түркістан  мен  Созақ  бекіністерін  қоршап 



алып, барлық егісті өртеп, қырық бес мың қой мен бес жүз түйені қуып алып 

кетеді.  Түркістаннан  көтерілісшілерге  қарсы  шыққан  қоқандық  екі  мың 

жасақ 500 адамынан айырылған соң, бекінісіне қайтып тығылады.  

 

Н.  Северцевтің  мәліметінше,  Түркістан,  Жаңақорған  маңайында 



көтерілісшілердің жалпы саны 20 мың адамға жеткен. 

 

Алатау  қазақтарының  айтуларына  қарағанда,  қоңыраттар,  қыпшақтар, 



наймандар  және  арғын  рулары  Қаратау  маңына  жиналып,  Жөлек  маңында 

екіге  бөлініп,  Түркістанды  және  Жаңақорған  бекіністерін  басып  алып, 

қалаларды бұзып, елді суға ағызуды жоспарлады. 

 

Қаратаулықтар  бассыздықтың  ханның  келісімімен  болып  жатқанын 



жетік  білгендіктен,  орыс  отрядының  көмегімен  Қаратаудағы  бұрынғы 

жерлеріне  қайта  оралуды,  Созақ  бекінісін  қайтарып  алуды  сұранады.  Осы 

кезде  Қоқан  билігінен  орыс  қоластына  өткен  болыстардың  саны  15-ке 

жеткен. Ал олардың әрбірінде 160 және одан да астам ауыл бар еді. Сыртқы 

істер  министрінің  1858  жылдың  30  тамызындағы  жауабына  қарасақ, 


Түркістан  –  Жаңақорған  төңірегіндегі  тайпалардың  Қоқан  территориясына 

орыс әскерлерінің басып кіруінен басқа талап-тілектері орындалған.  

 

Көтерілісшілер Түркістан бегі Мырза Ниязға ашық қарсы шыға алмай 



тосылды,  өйткені  қоңырат  датқалары  Қоныс,  Ақсақ,  қыпшақ  Тобақабыл 

олардың  қолында  кепілдікте  болды.  Мырза  Нияз  кепілдіктегі  датқалармен 

бірге,  Ахмет  Иасауи  мазар  мешітінің  басшылары  қожа  Шеих-ислам,  Накиб 

ишанның  көмегімен  де  көтерілісті  тоқтатпақшы  болды.  Қазақтар  Мырза 

Нияздың  айлакерлік  әрекетіне  қарамастан,  15  мамырда  қайта  көтеріліске 

шығып, Түркістанды қоршады.  

 

Осы  кезде  Түркістандағы  көтерілістің  күшеюінен  қорыққан 



қоқандықтар  Жаңақорған  бекінісінің  гарнизонын  күшейте  бастады.  Жалпы 

Мырза  Нияздың  сақтануынан  екі  мақсатты  көреміз.  Біріншіден, 

Түркістандағы  көтерілісшілердің  патша  әскерімен  бірігіп,  Жаңақорғанның 

орыстар ықпалына өтуінен, екіншіден, Бұхар әмірлігінің де қазақтарға қолдау  

көрсетуінен сақтану әрекеті. 

 

Көтеріліске  шыққан  қоңырат,  қыпшақ,  найман,  арғын  руларының  игі-



жақсылары  Жөлектен  100  шақырым  жердегі  Қаратауда  кеңес  өткізеді. 

Түркістан,  Жаңақорған  бекінісіне  екі  жақтан  әскери  құраммен  шабуыл 

жасауды  және  28  мамырда  Түркістан  маңындағы  барлық  бөгеттерді  бұзып, 

қаланы  судың  астында  қалдыру  туралы  да  жоспар  құрды.  Кеңестен  кейін, 

қазақтар  өз  жоспарларын  жүзеге  асыра  бастайды,  мысалы  маусымның 

басында бестамғалылар Созақ пен Шілікті алса, Орта жүздің қазақтары, яғни 

қоңыраттар  Түркістанды  екінші  рет  қайта  қоршады.  Түркістан  қамалының 

қоршауынан  шығу  үшін,  Мырза  Нияз  қазақтардың  төрт  жағынан  соққы 

бергенімен,  олар  қоқандықтарға  күшті  қарсылық  көрсетті.  Қоршаудағы 

Тайшық  Кенесарыұлы  мен  Мырза  Нияз  қолға  түсіп  қала  жаздады.  Осы 

ұрыста  500  адам өлген. 

 

Көтерілістің  басылмауынан  қорыққан  Мырза  Нияз,  олармен  ымыраға 



келу  үшін,  қоңырат,  қыпшақ,  бестамғалы  руларына  шариғат  заңына  сәйкес 

қысым  көрсетілмейтінін  және  рақымшылық  жасайтынын  хабарлайды. 

Көтерілісшілер  бұған  жауап  ретінде  Түркістанның  билігін  сұлтан  Әликен 

Қарабасовқа  беруді  және  Мырза  Нияздың  биліктен  кетуін  талап  етті.  

Алайда, олардың талабын Түркістан бегі қабылдамады.  

 

Көтерілісшілер  Түркістанды  қоқандықтардың  басып  алуына  дейінгі 



саяси  билік  жүйесін  Әликенді  билікке  қою  арқылы,  қайта  қалпына  келтіру 

мақсатын ұстанды.  

 

Ал Әликен хан генерал-губернатормен кездесу үшін Перовскі фортына, 



одан  кейін  5  мың  әскерімен  Ұратөбедегі  Бұхар  әміріне  барады.  Әмір  оған 

қоқандықтарды ығыстырып, Түркістанды беретіні жөнінде уәде берген.  

 

Әлікен  хан  мен  ықпалды  билері  жоқ  кезде  Түркістан  маңайындағы 



көтерілісшілерді  Түркістан  бегі  Рүстембек  қуғынға  ұшыратады.  Осының 

салдарынан қоңыраттар Жаңақорғанның Қаратау беткейіндегі Жиделі сайына 

көшіп кетеді. Оларды қайтаруға Рүстембектің шамасы келе қоймайды.  

 

1859  жылы  Түркістан  бегі  Рүстембек  Перовскіге  бағынышты 



қазақтардың  Көкенұлы  Жантөре  датқа  басқарған  қоңыраттың  көтенші 

бөлімінің ауылдарына шабуыл жасап, жылқы, түйелерін барымталаған және 

бірнеше  адам  қаза  тауып,  жарақат  алған.  Негізінен  шабуыл  жасаған  Қасым 

төре ұрпақтары болатын, олардың бір бөлігі Сарықұдықта қалса, келесі бөлігі 

Сауран  түбіндегі  қоңырат  руының  ауылдарына  шабуыл  жасап,  мың  түйе 

барымталаған  еді.  Олардың  шабуылына  қарсылық  көрсеткен  Жантөре 

Көкенұлы  бастаған  қоңыраттар  қуғынға  түсіп,  нәтижесінде  20  жуық  адам 

қаза табады.  

 

1853 жылы Ақмешіт түбіндегі шайқастан кейін Ресейдің Сыр бойында 



соғыс  қимылдары  тоқтап,  Жетісу  жеріндегі  әрекеті  белсендірек  болған  еді. 

1861  жылы  орыс  әскері  Жөлекті  алса,  қоқандықтар  Жөлек  пен  Түркістан 

аралығындағы  қазақтарға  ықпалын  жоғалтпау  үшін  Жаңақорған  бекінісін 

күшейтеді.  Сонымен  бірге,  Жаңақорғанға  келген  Қанағат  шах  қазақ 

ауылдарын  аяусыз  тонауға  кірісті.  Қоқандықтардың  әрекетіне  қоңырат, 

қыпшақ, найман және тағы да басқа рулар наразылық танытты.  

 

Аймақта 


Қоқан 

хандығы 


әскерінің 

орыстарға 

тойтарысын 

ұйымдастыруда  Қанағат  шах  әлсіздік  танытты.  Оның  әрекеті  жөнінде 

орыстар былай деп жазды; «1861 жылы қазанда Қоқан ханы Мәлібек Қанағат 

шахқа  және  Түркістан  бегінің  орыстарға  қарсы  тұра  алмауына  байланысты 

разы  емес.  Қанағат  шах  өз  әрекетін  жуып-шаю  мақсатында  орыстардың 

жылжығаны  жөнінде  мәлімет  бермегені  үшін,  қазақ  ауылдарына  шабуыл 

жасап, 2 мың адамды тұтқынға алды». Өйткені, бұл кезде генерал лейтенант 

Дебу  басқарған  орыс  әскері  Жаңақорған  бекінісін  түбінде  тұрған  еді.  Орыс 

әскерінің  құрамында  7  штаб  офицері,  32  обер  офицер,  719  төменгі  шендегі 

әскер,  250  волонтер  қазақ  болса,  олар  9  зеңбірек,  3  ракеталық  станокпен 

қаруланған.  Қоңырат,  найман,  сунақ,  қожалар  қоныстанған  Жаңақорған 

бекінісін  алуда  орыс  әскері  мынадай  тактикаларды  қолданды;  біріншіден, 

штабс-капитан  Мейер  әскери  барлау  жүргізді,  екіншіден,  бекініске  қарай 

келе  жатқан  қоқандық  атты  әскер  жойылды,  үшіншіден,  бекіністің  судан 

қашығырақ  жатуына  байланысты,  оның  сол  жағына  170  сажын  жерге 

жасырын  мортирлі  батарея  құрылды,  төртіншіден,  бекініс  қабырғасын 

гальваникалық  қарумен  қопарды.  Қоқандықтар  орыс  әскеріне  қарсы  тұра 

алмады. Мортирден атылған оқ салдарынан өрт басталып, екі күндік атыстан 

кейін, бекініс орыстардың қолына өтті.  

 

Жаңақорған  бекінісі  жергілікті  тұрғындардың  сауда  жасайтын  және 



қоқандықтардың  әкімшілік  билік  жүргізетін  орталықтарының  бірі  болатын. 

Бекініс орыстардың қолына өткеннен кейін, қоқандықтар қазақтарға ықпалын 

жоғалтпау үшін және аймақтағы негізгі тірек орнын сақтап қалу мақсатында, 

Дінқорған бекінісін салғанымен, бірақ оны да ұстап тұра алмады.  

 

Жалпы, Түркістан – Жаңақорған аймағында Қоқан-Ресей теке тіресінде 



Кенесарының  ұрпақтары  саяси  басшылық  жасады.  Оның  балалары  Тайшық 

пен  Ахмет  сұлтан  басқарған  қазақ  ру-тайпалары  1861  жылғы  18  сәуірде 

Қоқан иелігін тастап, Бұхара шекарасындағы Қызылқұмға жеткен.  

Тұрғындардың Бұхараға көше бастауына Жаңақорған бекінісінің орыстардың 

ықпалына өтуі және Түркістан, Жаңақорған бекіністерін басқарған бектердің 

қатігездігі негіз болды. 



 

Жаңақорған  маңының  тұрғындары  аймақтың  Ресей  ықпалына  өтуінен 

кейін  Бұқараға  көшу,  көшпеу  мәселесін  талқылау  үшін  шешім  қабылдауға 

билер кеңесін өткізді. Олар қоңыраттың бірнеше ықпалды билерін орыстарға 

аттандыру  арқылы  кедергісіз  көшу  құқын  алу  үшін  түтін  салығын  төлеуге 

міндет алады.  

 

Генерал  Безак  Жаңақорған  маңындағы  тарақты  руымен  бірге  80  түтін 



қоңырат  руының  Сырдария  шебіне  қараған  жерлерге  көшуге  өтініш 

білдіруіне  байланысты  оларды  қорғау  үшін  сұлтан  Ахмет  Кенесарыұлы 

басқарған 30 адам аттандырылғаны жөнінде хабарлайды.  

 

Сырдың  орта  ағысы  бойын  мекендеген  қазақ  ру-тайпалары  ХІХ 



ғасырдың 20 жылдарына дейін төре тұқымдарынан шыққан хандар басқарған 

жеке    аймақ  ретінде  өмір  сүрді.  Сонымен  бірге  Түркістан  билігіндегі 

сұлтандар  Бұхар  әмірлігімен  тығыз  байланыста  болып,  Қоқан  –  Бұхара 

арасындағы соғыстарда әмірлікті қолдап отырды. Әлімхан, Омархан тұсында 

аймақ  бірте-бірте  қоқандықтардың  ықпалына  өткенімен  Қоқан  хандары 

аймақты өз  ықпалында ұстап  тұра  алмады,  Түркістан  – Жаңақорған  аймағы 

кей жылдары Бұхар әмірлігінің ықпалында болды.  

 

Материал  «Менің  Отаным  –  Қазақстан»  сериясы  аясында  жарық 



көрген «Жаңақорған» ғылыми-көпшілік кітабының негізінде дайындалды. 

 

 



Каталог: media -> upload -> 4624 -> 2015
2015 -> Қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба
2015 -> Жылдың 29 қарашасы күні Лондонда өткен баспасөз мәжілісінде
2015 -> Шежіре – ұлттың ой-толғамы
2015 -> Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н
2015 -> Інжу-маржан
2015 -> Ұлттың оянуы, жетілуі, өркениетті жұрт санатынан орын алуы қай
2015 -> Ахмет тоқтабай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қазақ – Жоңғар шайқасы
2015 -> Бауыржан Момышұлы – елі үшін туған ер
2015 -> Мәңгілік ел идеясы және патриотизм мәселесі
2015 -> Міржақып Дулатұлы және қазақ жәдитшілдігі

жүктеу 344.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет