Бұған болмашы бір көрініс ретінде ғана қарап, жылы жауып қоя салуға да болар еді. Алайда өзге елдің туы



жүктеу 0.74 Mb.

бет1/6
Дата07.03.2017
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Бұған болмашы бір көрініс ретінде ғана қарап, жылы 

жауып қоя салуға да болар еді. Алайда өзге елдің туы 

тек  сол  елдің  елшілігі  аумағында  ғана  тұруын  міндет­

тейтін  заң  әлемнің  кез  келген  елінде,  соның  ішінде 

Қазақстанда  да  бар.  Айналып  келгенде,  бұл  еліміздің 

рәміздерін  сыйламаудың  бір  көрінісі.  Бүгінгі  таңда 

Шым   кентте бар­жоғы екі мыңға жетер­жетпес грек ұл­

ты ның өкілдері өмір сүріп жатыр екен. Қанша дегенмен, 

мемлекеттің негізін құрап отырған қазақ ұлты екені рас 

болса, сол ұлттың жерінде өсіп­өніп отырып, ту ішінен ту 

тіккен грек ағайындарға айтар ренішіміз осы.

Жалғасы 2-бетте

иә

– Бүгінгі заманға сай балалар әдебиеті 

жоқ деп, ауызды қу шөппен сүртуге бол­

май ды.  Біле­білсеңіз,  балалар  әдебиеті 

атам заманғы  ауыз  әдебиетінен  бастау 

алған. Қай кезеңде де бұл салада тоқтау 

болған емес. Әлі де жаңа дүниелер туып, 

жақсы  шығар ма лар  жазылуда.  Қазіргі 

уақытта,  әсіресе,  ба ла лар  әдебиетін  да­

мы туға елімізде ұйым дастырылып жатқан 

түрлі шығарма шылық шаралар кәдімгідей 

үлес  қосуда.  Астана  мен  Алматы  қаласы 

әкімдіктері,  Мәдениет  ми нистр лігі  мен 

кейбір  баспалар,  жекелеген  кәсіпкер лер 

де  балаларға  арналған  әдеби  туын ды

­

ларға  ара­тұра  болса  да  байқаулар  жа­



риялап келеді. 

Мысалы,  біраз  жылдан  бері  дәстүрлі 

түрде өткізіліп келе жатқан бір ғана «Да­

рабоз» бәйгесі арқылы бірқатар балалар 

жазушы ларының кітаптары шықты. Бұл – 

бір жағынан авторларға да тиімді. 



Жоқ 

– Әдебиет – тоқтамайтын процесс. Ен де­

ше, балалар әдебиеті де әр кезеңде, өз дең­

гейінде көрініс тауып, қажетінше дамып оты­

рады.  Десек  те,  дәл  қазіргі  кезеңде  балалар 

әдебиетін жасап, соның ыстық­суығына көніп 

жүрген  кімдер  деген  сұрақ  туады.  Олар  – 

Тұманбай Молда ғалиев, Қадыр Мырзалиев, 

Арасанбай Ес тенов, Сәкен Иманасов, Сұлтан 

Қали ұлы, Шәкен Күмісбайұлы сынды есімде­

рі үлкенге де, кішіге де етене таныс қабырға­

лы қаламгерлер. Бұлар – балалар әдебиетінің 

майдангерлері әрі осы саланың әбден «жілі­

гін  шағып,  майын  ішкен»  сөз  зергер лері. 

Бүгінгі  балалар  әдебиетін  осы  кісілер  ғана 

ұстап тұр. Ал оларға тыңнан келіп қо сылатын 

шығар ма шылық  күш­жігері  бар  жас  қалам 

иелері әзір ге жоқтың қасы. Мы салы, жазушы 

Шәкен  Күмісбаев  аға мыз  өзі  бас  болып  жү­

ріп, «Жер­Су» корпо рациясы басшылығы ның 

тілін  та уып,  балалар  әдебиетіне  арналған 

«Дара боз» деген бәйге жариялады. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Марат Шибутов, Ресей-

Қазақ стан Шекаралық серіктестік 

қауымдастығының сарапшысы:

(Қазақстан Қытаймен арада 

қандай саясат ұстану қажеттігі 

жайында)

– Мынадай бір жақсы анекдот 

бар  еді:  бір  жігіт  бір  топ  адамның 

арасына келеді де, «араларыңдағы 

ең  мықтыларың  қайсың?»  –  деп 

сұрайды. Топ арасынан еңгезер  дей 

біреу «мен едім» деп шыға келеді. 

Жігіт оған:

– Атың кім болады?

– Вася.


Жігіт әлгінің қасына тұрып:

– Вася екеуімізге қарсы тұры са­

тын дарың бар ма? – депті.

(Саяси шешімдер институтының 

отырысында айтқан сөзінен)

№188 (188) 

24 қазан

сенбі


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

Есей ЖЕңісұлы, 

ақын, республикалық «Ұлан» 

газетінің бас редакторы:

сұлтан қалиұлы, 

балалар ақыны, Б.Бұлқышев 

атындағы сыйлықтың иегері:

Кү

Д



іК

 п

Ен 



К

ү

МӘ



н

2-бет

5-бет

7-бет

Ой­КөКпАр 

Вино жайлы кино 

Жабыққандар жан 

жылуына бөленді

өмірдің рахатын енді 

көріп жатырмын

150,64

225,42

5,17



22,06

240,51

10081,31

1462,63

1738,69

79,61

1057,80

Көк тулы қазақстан көп тулы 

қазақстанға айналып кетпесін

бүгінгі заманға сай балалар әдебиеті бар ма?

соңғы кездері біз білімі мен білігі ұштасқан 

«интеллектуалдық ұлт» болуға, жаңа үлгідегі 

заманауи технологияларды игеруге талпыныс 

жасай бастадық. бұл жағдайда мемлекет басты 

назарды жастарға аударып отыр. Десек те, дәл 

осы тұста біз өмірді енді тани бастаған 

балдырған ұрпақтың ұлттық санасын 

қалыптастыру жағын ескере бермейтін 

сияқтымыз. ал ертеңгі болашағымыз болатын 

ұрпағымыздың тамырына рухани нәр бермей, 

біз ешқандай да «интеллект» иесі бола 

алмайтынымыз анық. 

Кез келген саланы игеру үшін, ең алдымен, 

таным-білім керек. ал әдебиет – ұшан-теңіз 

білімнің қайнар көзі емес пе?! қазіргі қазақ 

баласы өз ана тіліндегі әдебиетке сусап отыр. 

осы орайда «бүгінгі заманға сай балалар 

әдебиеті бар ма» деген сауал туындайды.

ТОС


ын 

Ж

А



й

ағахан исмаилидтері алдан 

смайылды неге шошытты?

армения үкімет басшысы тигран саркисиян 

көрмеге қойылған тракторды айдап көрмек 

болып темір қоршауға соғылды. 

Кеше Ереван қаласында бүкілармяндық Panar me­

nian  Expo  –  2009  көрмесі  қойылған  болатын.  Соны 

тамашалауға келген Тигран Саркисиян армян­белорус 

көлік  жасаушыларының  қолынан  шыққан  тракторды 

өзі сынап көрмек болып, рульге отырды. Алайда тар 

жол үстінде көлігін игере алмай, темір қоршауға соқ­

тығысып қалды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Қазанның  14­інде  Мәжілісте  ҰҚК  төрағасының  бірінші  орын­

басары  Әділ  Шаяхметовтен  депутат  Алдан  Смайыл  «Исмаилидтер 

Текелідегі таудың ішінде университет ашып алып, соған 580 қазақтың 

баласын  оқытып  жатыр.  Таудың  ішінде,  ешкім  білмейді,  шатқалға 

тығылып алған. Ал осы 580 баланы іздеп барып жатқан біреу бар ма? 

Ол адамдар дұшпан дайындап жатыр ма, ешкім білмейді. Мүмкін, сіз 

білетін  шығарсыз?»  –  деп  сұрағанда  орынбасардың  «мынаны  мен 

бірінші рет естіп тұрмын», – деп уәж айтқаны бар. Ал ҰҚК­нің штаб 

бастығы  Сәлімгерей  Қарманов  «Исмаилидтер  университетіне  саяси 

шешім бар. Оны біз қолдаған жоқпыз. Оған президент Әкімшілігінің 

саяси шешімі бар», – деп атап көрсеткен болатын.

Жалғасы 2-бетте 

армения премьер-министрі 

тракторын соғып алды

Глубокое ауданының тумасы, тумысынан мүгедек 

игорь Коркин – стол теннисінің жаттықтырушысы. Екі 

қолы икемге келмейтін  42 жастағы жаттықтырушы 

«негізгі мамандығым тарихшы болғанмен, ауаным 

стол теннисіне ауады да тұрады», – дейді.

Көпұлтты елміз деп жаһанға 

жар салып жүргенімізде 

шымкенттік гректер қаладағы 

олимпиадашылар көшесінің 

бойындағы 7-үйдің төбесіне 

Грекияның жалауын 

желбірете іліп, жергілікті 

қазақтардың наразылығын 

тудырып отыр. 

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

Баспасөз – 2010

«алаш айнасына» 

жазылу басталды

ДАТ!

6-б

етте

батық МәЖитұлы:

«МҰҚАғАлИДың МИынА 

ҰлТТың КОДы ЖАзылғАн»

Кезінде Хулагу әскерін 

қалжыратқан «таудағы 

секта» исмаилидтер 

енді депутат алдан 

смайылды да алаңдатып 

отыр. Депутаттың 

дегенінен ұққанымыз 

исмаилидтер Жетісу 

жоталарына да жетіпті. 

бір депутатты, болмаса 

қалың Мәжілісті 

ғана емес, тұтас елді 

алаңдатарлық жай. 

қуанышбек қаРи

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

қанат ЕлШібаЕв,

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық 

прокурорының орынбасары:

– Бұл мәселеге қатысты шараларды 

жүзеге асыруды қолға алдық. 

арнайы топ жасақтап, даудың неден 

шыққанын тексеріп жатырмыз. Жақын 

арада тиісті шешім қабылдаймыз 

деп ойлаймын. Бұл істі аяқсыз 

қалдырмауға уәде беремін. Қанша 

дегенмен, бұл жерде заңсыздық орын 

алып отырғандығы айқын.

Жіг


Ер

Игорь теннисті ая ғы­

мен  ойнайды.  Тен нистің 

ракет касын  баш пай ла­

рына  қысып,  ұшып  келе 

жатқан кіп­кішкене доп­

ты  соны мен  ұрып,  қар­

сыласына  әп­сәтте  қай­

тарады. «Бұл спорт түрін 

осы дан  16  жыл  бұрын 

үй рендім», 

– 

деген 



Игорь  қазір  тек  сол  шы­

дам дылығының  жемісін 

кө ріп отыр. 

Сабаққа  барар  ал­

дын да  Игорь  аяғымен 

жазып  үйреніпті,  сосын  ақы рындап  аузымен  жазып 

дағ дыланған. «Дәл сол кездердегі қиындықты айтып 

жеткізу  қиын»,  –  дейді  теннисші.  Тіпті  оның  жазып­

сызып,  қатарға  қосылып  кететініне  сенген  жан  бол­

мапты. Тек анасы ғана ұлына үлкен үміт артқан. Ақыры 

Игорь қатарынан қалмай, оқуын бітірді. 

Игорь жарымжан болса да көздеген мақсаттарына 

жетіп келеді. Бір емес, екі мамандығы бар. Тарихшы 

әрі  валеолог.  өз  алдына  стол  теннисіне  баулыған 

оқушылары қаншама. Биыл да жаңа топпен айналы­

сып әлек. Енді Игорь Коркиннің ертеден ойлап жүрген 

жалғыз  ғана  арманы  бар.  Ол  –  мүмкіндігі  шектеулі 

жандар арасында өтетін спорттық олимпиадаға қаты­

сып, дәл осы стол теннисі сайысынан бақ сынау.

 Елмейір аХМЕД,

 Шығыс Қазақстан облысы

аяғымен теннис ойнайды


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№188 (188) 



24.10.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Украинада 126 саяси партия бар

БҰҰ-ға балама ұйым бар екен

Украинада саяси партиялардың саны 100-ден асады деп естіп едім, 

осы рас па және сол партиялардың барлығы да сайлауларға қатыса ма?

Қайыржан ЖҰМАНҰЛЫ, Алматы

БҰҰ құрамына тәуелсіздігі танылған мемлекеттер мү-

ше  бола  алады.  Ал  тәуелсіздігі  танылмаған,  мемле кет-

тіктен мақұрым халықтар қайтеді? Мемлекеттігі жоқ бұл 

халықтардың өз алдына ұйымы бар ма өзі?

Марғұлан ОЛЖАЙ, Талдықорған

СаяСи  бюро



Басы 1-бетте

Осы мәселе қозғау салса керек, арада 

бір  апта  өтер-өтпесте  депутаттар  Текеліге 

ат  шалдырып,  мәселені  өзі  көзімен  көріп 

қайтты.  Алдан  Смайыл,  Шалатай  Мыр-

захметов,  Аманкелді  Момышев  сынды 

депутаттардан тұратын топты облыс әкім-

дігі  мен  Текелідегі  Орталық  Азия  уни-

верситетінің  бас  директоры,  қияндағы 

Канададан  ат  терлетіп  келген  Богдан 

Кравченко қарсы алды. 

«ИМАМ» КрАвчеНКО 

ИЛАНдЫрЫп тАстАдЫ 

Депутаттық топ оқу корпусында болып, 

салынбақ  университет  қалашығының  құ-

ры лысымен танысты. Университет өкілде-

рі  өздерінің  академиялық  жоспарлары 

мен  атқарылмақ  басқа  да  шаралар 

жайында жоспар-жобаларынан құлағдар 

етті. Өзін әзілдеп «имам» деп таныстырған 

Б.Крав ченконың  кейіптеулеріне  қара ған-

да, қала шықтың өз стадионы, ипподромы, 

тіпті  жылыжай,  бау-бақшасы  да  болмақ. 

Жапондық Арата Исозаки әзірлеген жоба 

225  га  жерді  қамтиды.  Осынау  ат  шап-

тырым аумақта тіпті тікұшақ қонатын алаң 

да бар. Биыл осы алаң тікұшақ күтуге әзір 

болып шықты. Сонымен қатар бес шақы-

рымға  созылған  қоршау  жұмыстары  да 

аяқталыпты.  Қазір  құрылысқа  қажетті 

алаң ды тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. 

«Демеу»  ЖШС  жүргізіп  жатқан  осы  жұ-

мыстардың өзі 2 млн долларды шама лап 

қалады. 


Кәсіби және үзбей оқыту мектебі (ар-

найы курстан өтіп, жаңа мамандық бойын-

ша сертификат алатындар үшін), гумани-

тарлық  және  нақты  ғылымдар  мектебі 

(бакалавриатура) және даму мектебі (ма-

гистратура)  тәрізді  сатылы  оқу  жүйесінен 

тұратын университет алдағы уақытта жыл 

сайын  6  мыңнан  12  мыңға  дейін  маман 

даярлауды  көздейді.  Бүгінге  дейін  кәсіби 

және үзбей оқыту мектебін (2006 жылдан 

бері  жұмыс  істейді)  2295  шәкірт  бітіріп 

Ағахан исмаилидтері Алдан 

смайылды неге шошытты?

шыққан екен. Олар бірнеше айлық қысқа 

мерзімде жаңа мамандық алып, серти фи-

кат иесі болып шыға келген. Университеттің 

әзірге  жұмысы  жүріп  жатқан  сатысы  да 

осы  мектеп  болып  шықты.  Осы  тәсілмен 

оқыту қазір Талдықорғанда, Көксуда және 

Шұбар ауылдарында да қолға алыныпты. 

Онда  60  қаралы  тәлімгер  бухгалтерлік 

есеп, таулы аймақ үшін туристік оператор 

мамандықтары және IT технология маман-

дықтары  және  ағылшын  тілі  бойынша 

оқытуда.  Исмаилидтік  университет  өкіл-

деріне сенсек, олар тіпті дағдарысқа қарсы 

шараларға да атсалысып жатса керек... 

депУтАттАр НедеН 

сесКеНеді? 

Таяу  арада  Мәжілісте  Қазақстан  Рес-

публикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжік-

стан  Республикасы  мен  Исмаилидтер 

Има маты арасында Орталық Азия универ-

си тетін  құру  жөнінде  келісім  хаттамасы 

қуаттаудан  өтпек.  Соған  орай  құрылған 

депутаттардың жұмыс тобын «Исмаилид-

тер Имаматы» деген тіркестің өзі сескентіп 

отырса  керек.  Оған  себеп  те  жоқ  емес. 

Біріншіден, исмаилидтер шиит мәзхабын 

тұтынады. Екіншіден, шииттер түсінігіндегі 

имамат  халифаттықтың  бір  баламасы 

болып табылады. 

Алайда  «православиені  ұстанамын» 

деген  Б.Кравченко  Орталық  Азия  уни-

верситетінің  «абсолютті  зайырлы»  оқу 

орны  екендігін  қайталап  айтумен  болды. 

Кү

ДіК


 пЕ

н К


үМ

ән

Шынымен де, посткеңестік елдер-



дің  ішінде  Украина  қызықты  саяси 

оқи ғалардың  көп  болуымен  ерекше-

ленеді.  Ең  жоғарғы  заң  шығарушы 

орган  Жоғарғы  Радада  жайма-шуақ 

отырыстар өте сирек орын алады. Иә, 

Украинада соңғы мәліметтер бойынша 

126  саяси  партия  ресми  тіркеуден 

өткен екен. Бұл партиялардың барлығы 

белсенді әрекет ете бермейді. Мысалы, 

2006  жылғы  парламентке  өткен  сай-

лауға сол 126 партияның 28-і және 17 

блок  қатысты.  Ал  2007  жылғы  сай-

лауда 11 партия мен 10 сайлау блогы 

сынға  түсті.  Бұлайша  көп  партия  бо-

луы ның  басты  себебі  оларда  бағдар-

ламалары өте ұқсас құрылымдар көп. 

Төрт  бірдей  коммунистік,  экология 

мәселесімен айналысатын үш партия-

сы бар елде саяси партиялардың саны 

көп болуы сондықтан. Сонымен қатар 

Украина  конституциясы  этносына,  ді-

ни  сенімдеріне  байланысты  партия 

құру ға рұқсат береді. 

әлбетте,  тәуелсіздігі  та-

ныл маған, мемлекеттікке жете 

алмай  отырған  халықтардың 

өз  алдына  ұйымы  бар.  Ол  – 

Өкілдігі жоқ ұлттар мен халық-

тардың ұйымы, яғни Unrepre-

sented Nations and Peoples Or-

ganization  (UNPO)  деп  атала-

ды. Бұл халықаралық үкіметтік 

емес  ұйымның  мақсаты  өз 

мем лекеті  жоқ,  басып  алын-

ған  немесе  талас  тудырған 

тер  рито риялардағы жергілік ті 

ха лықтың  мүддесін  қорғау 

болып  саналады.  Бұған  мүше 

елдер  өздерінің  ұлттық  мүд-

делері  үшін  күресте  күш  қол-

данбау  қағидасын  ұстануға 

мін деттенеді.  Алайда  іс  жү-

зінде  бұл  қағида  орындала 

бер мейді.  Ұйымның  Бас  хат-

шысы  –  Марино  Бусдашин. 

Сонымен,  бұған  мүше  ұлттар 

мен  ұлыстар:  африканерлер, 

Ка бинда, Масаи, Оромо, Вен-

да, Занзибар, Мапуче, Белуд-

жи стан, Бурятия, Шығыс Түр-

кі стан, 

Гилгит 


Балтистан, 

Хмонг,  Санджак,  Скания,  Ко-

ми, Ингрия, Шеркестан, Тибет, 

Тайвань, нага, Каренни, Кхмер 

Кром, Синдх, Оңтүстік Молуку, 

Косово,  Абхазия,  Қырым  та-

тар лары, Ичкерия Шешен Рес-

публикасы,  Австралия  або-

риген дері  және  тағы  бас қа-

лар. 


БүКпЕСіЗ әҢГіМЕ

Өмірдің рахатын енді көріп жатырмын

–  Асқар  Ақайұлы,  әдетте  Орта 

Азия да  көп  адамның  ғылымнан  сая-

сатқа  келу  үрдісі  басым.  Ал  сіз  кері-

сінше саясаттан ғылымға келген тМд-

дағы  бірден-бір  президентсіз.  саясат 

пен  ғылымның  қандай  айырмасын 

сезініп  жатырсыз?  Құдайшылығы-

ңыз ды  айтыңызшы,  қалай  болғанда 

да, билікті аңсайтын шығарсыз? Билік 

ыстық қой.

–  Жоқ.  Аңсамаймын.  Егер  таққұмар 

болсам, қандай жолмен болса да орнымда 

қалар  едім  ғой.  Оған  мүмкіндік  бар  еді. 

Ал  мен  ешкімнің  бір  тал  шашын  да 

шығындамай-ақ кеттім. Кейде ойлаймын, 

билікте  болған  15  жылым  текке  кеткен 

сияқ ты. Сол жылдарымды аяймын. Өзім-

нің  математикама  оралғалы  өмірдің  ра-

хатын  көріп  жатырмын.  Рахат  өмір  ғы-

лымда  екен.  Міне,  көрдіңіз  бе,  Ресейдің 

қаншама  ғалымдары  жаңағы  семинарға 

келіп  қатысты.  Лекциям  үшін  келіп,  қо-

лымды да алып жатыр. Ыстық лебіздерін 

арнауда. Мінеки, тек Ресейдің ғана емес, 

өзге  кеңістіктегі  көптеген  елдердің  аза-

маттарына  арман  болған  Ломоносов 

атын дағы  Мәскеу  мемлекеттік  универси-

тетіне  жиі  келіп  лекция  оқып  тұрамын. 

Тыңдаушыларымның,  осындағы  ғалым-

дардың  маған  деген  құрметіне,  ниетіне 

дән  ризамын.  Ғалымдармен  араласу, 

әңгімелесу – бір ғанибет. 

– саясаттан біржолата кеттіңіз бе? 

саяси  дауыл  басылған  соң  Қырғыз-

станға қайтып барғыңыз келмей ме?

–  Мен  саясаттан  біржолата  кеткен 

адам мын.  Мені  саясат  мүлде  қызықтыр-

майды.  Ендігі  өмірімді  ғылымға  арнай-

мын. 

–  Қырғызстанның  бүгінгі  саяси 

ахуа лы сізді алаңдата ма? 

– Мені тіпті ол жақтың да саясаты қы-

зықтырмайды. Абсолютно! Тек теледидар 

арқылы  не  болып  жатқанын  ғана  көріп 

отырамын.  Жақсы  болып  жатқан  іске 

сүйсінемін. Сондықтан ол жақтағы саяси іс 

жайында,  саяси  ахуал  туралы  сөз  шы-

ғындағым да келмейді. 



–  Қалай  болғанда  да,  Қырғызстан 

өз еліңіз, өз Отаныңыз ғой...

- ?..


–  Азаматтығыңыз  ауысқан  жоқ 

па?

–  Жоқ.  Қырғызстан  азаматы  болып 

қала беремін. 

–  Орталық  Азиядағы  президент 

дос тарыңызбен  хабарласып  тұрасыз 

ба?

–  Жоқ.  Мен  саясаткерлермен  арала-

суды қойғанмын. Олардың мақсат-мұрат-

тары да өте биік әрі жауапты ғой. Ал мені-

кі қарапайым ғана: ғылыми жұмыс. Сон-

дықтан  ғалымдармен  ғана  байла ны сып 

тұрамын.  президенттің  ісі  аса  жауапты. 

Халықты әр тұрғыдан қамтамасыз ету, елді 

гүлдендіру оңай шаруа емес. 

–  Жалпы,  президенттер  арасында 

достық бола ма? 

– Достық болмайды, мүдде болады. 



– Қандай мүдде?

– әртүрлі ғой. негізінен, елдің мүддесі 

тұрады... 

–  Мүдде  бойынша  бұрынғы  «дос-

тарыңызға»  мінездеме  бере  аласыз 

ба?  Мәселен,  кімде  қандай  мүдде 

басым? 

–  Оны  менен  гөрі  өздерінен  сұраған 

немесе халықтың айтқаны дұрыс қой. 

– Назарбаевпен де хабарласпай сыз 

ба? 

–  Жоқ.  Мен  саясатшылармен  хабар 

үзгенмін. 

–  Қазір  Қазақстанда  «ұлт  лидері» 

идеясы  талқыланып  жатыр.  Бұл  жө-

нінде сіз қандай пікір айтар едіңіз? 

– Оны халық шешеді ғой. Мүмкін, ха-

лыққа ұнайтын шығар. Сондықтан талқы-

лап жатқан болар. Ең бастысы, халық ты-

ныш, жақсы өмір сүрсе екен деймін. Солар 

жақсы болсыншы. 



– егер билік басында тұрған шағы-

ңызда  сіз  туралы  да  осындай  мәселе 

көтерілсе не істер едіңіз?

– Мен жаңа айттым ғой, билікте бол-

ған  15  жылым  босқа  кеткен  сияқты  деп. 

Мұндай жағдайда бұл сауалыңызға қалай 

жауап беретінім сізге де белгілі шығар. 

Әңгімелескен 

Жолжақсы тӨЛеК,

Мәскеу

ТүйТКіЛ


Көк тулы Қазақстан көп тулы 

Қазақстанға айналып кетпесін

Басы 1-бетте

Бір кездері тарихи себептермен атақо-

нысынан ауа көшіп келген әрбір ұлтты құ-

шағын айқара ашып қарсы алған әлемде 

бір ел болса, ол қазақ халқы болатын. Ке-

зін де  Қостанайдың  шағын  бір  ауылында 

ті  гілген неміс туы уақыт өте келе 1979 жы-

лы  «неміс  автономиясын»  құрамыз  деп 

үде ре  көтерілген  топтың  қолындағы  бай-

раққа  айналғанын  бүкіл  ел  біледі.  Шым-

кент  қазақтарының  қауіптеніп  отыр ғаны 

да осындай себептерге байланысты екенін 

айтпай-ақ түсінуге болады. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал