Бет. АймАқтың Айшықты тАрихы бАр



жүктеу 1.22 Mb.

бет1/13
Дата07.06.2017
өлшемі1.22 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 №20 (1308)  18 мамыр 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні. Яғни, бұл күн – адамзаттық  мәдениет 

пен ұлттық құндылықтарды сақтаушылар мен насихаттаушылардың кәсіби мерекесі. 

Өңірімізде өзіндік орны бар Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына биыл 

табаны күректей 85 жыл толып отыр.



 10-11-бет.

АймАқтың Айшықты 

тАрихы бАр

ҰБТ өткізудегі жаңалық

 

„

Биылғы жылы ҰБТ 



кезінде шекті деңгейден 

өтпей қалған мектеп 

бітірушілерге 2-ші рет тест 

тапсыруға рұқсат беріледі. 

Ол ақылы түрде жүзеге 

асады.


 

12-бет.

Мамандық таңдау: 

сұраныс және сараптама

 

„



Мектеп бітіруші 

жастардың 12-15  пайызы 

ғана қай мамандық иесі 

болатынын айта алады. 

Неліктен? 

 

6-бет.

Өзіміздің «Эволюшнге» 

не жетсін!

 

„

Тарих толқынынан 



сыр шертер жәдігерлер, 

археологиялық 

коллекциялар, 

этнографиялық дүниелер, 

құжаттар мен фотосуреттер 

өткен күндердің белгісіндей.

 

5-бет.

ҚАЛА 

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 

НАЗАРЫНА!

ОБЛЫС 


ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЕР 

КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУ 

ЖӨНІНДЕГІ 

Сall-оРТАЛЫҚ 

ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. 



облыстық 

Сall-орталықтың

байланыс телефоны: 

8 (726-2) 43-07-69 

орналасқан мекен-

жайы: Тараз қаласы

Қазыбек би көшесінің

2-бұрылысы, № 26. 

,

!

қала-қарбалас

2

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАз»  //  №20 (1308), 18 МАМЫР   2016 ЖЫЛ  //



мектеп формАсы 

өзімізде тігіледі

 

„

кәсіпкерлер палатасында мектеп формасын тігумен 



айналысатын жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері ата-

аналарға таныстырылды.

 

„

қазақстан өзінің ядролық қарудан алшақ



бейбітшілікке адал ұстанымын бүкіл әлемге 

паш ете отырып, өзін ядролық ғылымның 

артықшылығын ілгерілетудегі алғашқы әлемдік 

көшбасшы ретінде көрсете білді. 

Әлемдік қауіпсіздіктегі 

елбасының  бастамасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың соғыс проблемасы туралы манифесі бүкіл адамзат 

үшін үлгі болып табылады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті байсалды, 

батыл және объективті түрде қазіргі заманғы проблемалар мәнін түсіндіріп 

берді. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта өркениетті даму үшін шексіз 

мүмкіндіктердің бар екенін және сонымен бірге, озық технологиялардың да-

муына байланысты қатерлер мен тәуекелдердің де ұлғайып отырғанын атап 

көрсетті. Президент қазіргі заманғы ахуалға сипаттама берді және алдағы бес 

қадамды айқындады. Бірінші қадам дәл қазіргі кезде аса маңызды болып табы-

лады, ол – жаппай қырып-жоятын қаруларды қысқарту. Н.Назарбаев ұсынған 

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемде кең ауқымды қызығушылық туғызды. 

Онда елдер арасындағы сенім тапшылығы артуының көкейкесті проблемалары 

көтерілген. Ал ол қауіпсіздіктің жаһандық мәселелері бойынша бәтуаға келуде, 

соғыстар мен дау-жанжалдардың алдын алу жөнінен ұлттардың келісілген 

іс-қимылдар қабылдауында өзінің теріс ықпалын тигізеді. Адамзат тарихында 

болған соншалық ауыр қайғы-қасіреттерден кейін халықаралық қауымдастық 

жаңа қателікке деген өз құқығын тауысқан, өйткені оның «бағасы» ХХ ғасырда 

орасан зор шығындармен – ондаған миллион адамдардың өмірімен өтелген бо-

латын. Әрбір жаңа соғыс барған сайын анағұрлым технологиялық, ажал сепкіш 

және қиратқыш сипатқа ие бола түсуде. Тіпті, сан мыңдаған құрбандықтарға 

соқтырған екінші дүниежүзілік соғыс зардаптарының өзі де өз ауқымы жағынан 

ядролық державалар тартылатын жаһандық жаңа ессіздікпен теңесе алмайды. 

ХХІ ғасырдағы соғыс біздің планетамыздағы ең соңғы соғыс болып, адамзат-

ты түр ретінде жойып жіберуі мүмкін.  Әлемге тағы да қатер төніп тұр және 

оның ауқымын бағаламау қателік болар еді. Ол – жаһандық соғыс қатері. Жер 

бетіндегі өркениет, ғалымдардың санауынша, 15 мыңнан астам соғысты бастан 

өткерген. Бұл дегеніңіз, бір жылға үш соғыстан келеді деген сөз. Оларда жүздеген 

миллион адамдар қаза тапты, қалалар мен елдер жер бетінен жойылып кетті, 

мәдениеттер мен өркениеттерге орны толмас нұқсан келтірілді. Бүгінде әлемде 

құрамына көптеген мемлекеттер кіретін әскери блоктарға қарсы бірлескен 

іс-қимыл көрсете отырып, бейбітшілікті нығайту ісіне өздерінің орасан зор 

үлестерін қоса алатын түрлі халықаралық ұйымдар бар. Нұрсұлтан Назарбаев 

Жер шарының түрлі түкпірлерінде құрылған ядролық қарусыз аймақтарды оған 

мысал ретінде келтіреді. Дәл осындай күштерге арқа сүйей отырып, қандай 

да бір жаппай қырып-жоятын қаруды пайдалану мүмкін болмау үшін ортақ 

тіл табысу жолында қолдан келгеннің бәрін де жасау қажет. Ол үшін оқ-дәрі 

салынған бөшке жанында тұтатылған сіріңкедей рөл атқаруы мүмкін деген 

қарулы қақтығыстар мен дау-жанжалдардың алдын алу аса маңызды. Нұрсұлтан 

Назарбаевтың осынау қағидаттарға деген адалдығы жоғары дәрежелі сенімге 

ие, өйткені Президент Семей ядролық полигонын жабу туралы тағдыршешті 

шешім қабылдап, ядролық қарудың аса ірі арсеналынан ерікті түрде бас тарт-

ты. Ал оның өзі Қазақстанның өңірде қуатты және құрметті мемлекет ретінде 

қалыптасуына жағдай жасады. Мемлекет басшысының әлемдік қоғамдастыққа 

жаңа бастамамен шығуы - бүгінде жаһан алдында тұрған адамзат өркениетіне 

төнген қауіпке уақытылы жауап. Президент проблемаларды өзара түсіністік пен 

ашық үн қатысуға негізделген бағытта реттеу ісін жақтайтынын тағы бір мәрте 

көрсетіп берді. Бүкіл адамзат үшін тағдыршешті осы бағдарламалық құжат 

аса жоғары деңгейде лайықты бағаланып отыр және БҰҰ Бас Ассамблеясы 

мен Қауіпсіздік Кеңесінің, шын мәнінд

е, ресми құжаты ретінде мойындалды. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі 

– бұл саяси жағынан салмақталған бағдарламалық құжат және халықаралық 

қоғамдастықтағы қарама-қайшылықтарды еңсеру мен бүкіл адамзаттың 

тіршілігіне қатердің алдын алу бойынша нақты іс-қимыл бағдарламасы. 

Мемлекет  басшысы  БҰҰ-ға  мүше  барлық  елдер  көшбасшылары  үшін 

халықаралық құқық негізінде шешу қажет болып табылатын маңызды про-

блемаларды белгілеп берді. Бейбіт үн қатысу мен өзара тиімді ынтымақтастық 

халықаралық қатынастардағы негізгі бағдарлар болуы тиіс. Нұрсұлтан 

Әбішұлы атап өткендей, әлемдік державалардың қазіргі кездегі ядролық 

әлеуеті мен саяси санкциялары және бірқатар елдерді оқшаулау, халықаралық 

терроризм мен әділетсіз жаһандық бәсекелестік – міне, осының бәрі бүкіл 

әлемдегі тұрақсыздық пен әскери қауіп-қатердің басты факторлары.  Оның 

үстіне, ол әлемдік өркениеттің болашақ табысты дамуының негіз қалаушы 

қағидаттарын айқындады. Ядролық қарусыздану, әлемдік ареалдар құру, ірі 

державалардың әскери және экономикалық қарсы тұрушылықтарын бол-

дырмау, халықаралық қарусыздану, әділетті жаһандық бәсекелестік – бүкіл 

адамзаттың алдында тұрған басты мәселелер, міне, осылар. Ядролық держава-

лар жинақтаған жаппай қырып-жоятын қару әлеуеті, халықаралық терроризм 

мен ірі державалардың бір-біріне қарсы тұруы адамзат өміріне нақты қауіп 

төндіруде.Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік деңгейдегі дана да көреген саясаткер 

ретінде, әлеуеті планетамыздағы бүкіл тіршілік атаулыға қатер төндіретін 

жаппай қырып-жоятын қару түрлерін жою бойынша стратегиялық маңызды 

шаралар ұсынды. Егер әлем елдері ұжымдасып, осы мақсатқа жету үшін 

бірлесе жұмыс істесе, онда біз бен біздің ұрпақтарымыз қауіпсіз өмір сүретін 

жаһандық орта қалыптасатынына еш күмән жоқ.

А.К. ШопАновА,

 Жамбыл политехникалық 

колледжінің оқытушысы.

Отандық өнімді таңдайық.  

 Суретті түсірген О.Макарова

Шынболат СЕЙДУАЛИЕв

Қоғамда  қызу  талқыға  түсіп  жатқан  мек-

теп  формасын  біріздендіру  мәселесі  бойын-

ша  өткен  жиынға  қаламыздағы  барлық  орта 

мектептердің  директорлары  мен  ата-аналары 

және жергілікті тауар өндіруші мекемелердің 

өкілдері қатысты. 

Шарада  алғаш  болып  сөз  тізгінін  алған 

Жамбыл  облысы  Кәсіпкерлер  палатасының 

директоры Қарлығаш Аралбекова ата-аналар-

ды  мектеп  формасын  алуда  отандық  өнімді 

тұтынуға шақырды.

- Біз егер балаларымызға мектеп формасын 

сатып алғанда отандық өнімді алатын болсақ, 

бір  оқпен  екі  қоянды  атамыз.  Біріншіден, 

отандық өнімді алу арқылы өзіміздің сапалы, 

таза матадан тігілген киімді аламыз. Екіншіден, 

сол  отандық  өнімнің  нарықта  кең  қанат  жа-

юына  себепкер  болып,  жұмыс  орындарының 

көптеп ашылуына ықпал жасаймыз. Сондықтан 

барлығымыз  бірауыздан  жергілікті  тауар 

өндірушілердің өнімдерін сатып алайық. Мен 

де ата-анамын, балаларымның жергілікті тауар 

өндірушілердің  сапалы  мектеп  формаларын 

кигенін  қалаймын.  Президентіміздің  өзі  ба-

стап отандық костюм-шалбарды киіп, бүгінде 

барлық  мемлекеттік  қызметкерлер  өзімізден 

шыққан  киімдерді  кие  бастады.  Біз  де  соған 

көшуіміз  керек.  Біздегі  өнім  өндірушілердің 

тауарлары аса керемет болмаса да, «көш жүре 

түзеледі»  деген  бар.  Енді-енді  аяққа  тұрып 

келе жатқан өндіріс ошақтарында кемшіліктер 

болуы  заңды  да.  Бірақ  біз  оған  түсіністікпен 

қарап,  оларға  қолдау  көрсетейік.  Солардың 

тіккен  мектеп  формаларын  балаларымызға 

алып  берейік,-дейді  Қарлығаш  Әмірқызы. 

Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін Кәсіпкерлер 

палатасына  мектеп  формасын  тігумен  ай-

налысатын  өндіріс  ошақтарынан  біршама 

ұсыныстар түсіп, оларға көмек көрсетілгенін 

де  тілге  тиек  етті.  Өз  кезегінде  қалалық 

білім  бөлімінің  әдіскері  Марина  Алиева  ҚР 

Білім және ғылым министрлігінің ағымдағы 

жылдың  14  қаңтардағы  №26  бұйрығына 

сәйкес,  орта  білім  беру  ұйымдары  үшін 

міндетті  мектеп  формасына  қойылатын 

талаптарды  жергілікті  өнім  өндірушілерге 

жіті түсіндіріп өтті. Сонымен қоса, қалалық 

білім бөлімінің әдіскері кәсіпкерлерге мектеп 

формасын дайындауда ата-аналардың үмітін 

ақтауға тиіс екендіктерін қадап айтты.       

Шара барысында кәсіпкерлер өздері тігіп 

жатқан  мектеп  формасын  мектеп  басшыла-

ры  мен  ата-аналардың  назарына  ұсынып, 

өз  өнімдерін  таныстырды.  Мәселен,  киім 

тігуде  тәжірибесі  20  жылды  құрайтын  «Ай-

венго»  ЖШС-і  мектеп  формасын  3  түрлі 

үлгіде  тігеді  екен.  Тиісінше,  бағалары  1-4 

сынып  аралығындағы  оқушылар  үшін  3500 

теңгеден басталса, 6-сыныптан жоғарыларға 

5000  теңгеден  сатылады  екен.  Сондай-

ақ  олар  спорттық  киімдерді  де  өндіреді. 

Оның  бағасы  үлкен-кішілігіне  қарай  са-

тылатын  көрінеді.  Дегенмен,  ата-аналарға 

етене  таныс  бұл  өндірістің  мектеп  форма-

лары  жиналған  көпшіліктің  көңілінен  шыға 

қоймады.  Олардың  айтуынша,  қазіргі  таңда 

сатылымда  тұрған  аталмыш  өндіріс  ошағы 

киімдерінің  рәзіңкелерінде  ақаулар  бар 

көрінеді.  Мұнымен  қоса  «Ауыл-Береке»  ба-

зарында 1-4 сынып аралығындағы оқушылар 

үшін мектеп формаларының бағасы 3500 теңге 

емес, 7000 теңге болса, ал 6-сыныптан жоғары 

сыныптағыларға  12000  теңгеден  сатылып 

жатыр  екен.  Дегенмен,  серіктестік  өкілдері 

жіберілген  бұл  олқылықтардың  алдағы 

уақытта қайта қалпына келетіндігін жеткізді. 

«Каримова  А.А.»  жеке  кәсіпкерлігінің  тігіп 

жатқан  мектеп  формалары  ата-аналардың 

көңілінен шығып, қызығушылықтарын тудыр-

ды.  Олар  өндірген  мектеп  формасының  бір 

топтамасы бастауыш сыныптарға 9500 теңге 

болса,  жоғары  сыныптарға  12000  теңгеден 

сатылады. Сондай-ақ сапасы да айтарлықтай 

жақсы. Өз кезегінде кәсіпкерлік өкілдері түрлі 

жеңілдіктердің болатынын алға тартып,  ата-

аналарды бірге жұмыс жасауға шақырды. 


 

„

елбасы ұсынған Ұлт жоспарының 



мемлекеттік қызметке бағытталған 

15 қадамы бүгінгі заман талабына сай 

мемлекеттік қызмет жүйесінің негізгі 

бағыттарын айқындап, қызметшілерге 

қойылатын нақты талаптарды белгілеп 

бергені белгілі. 

мемлекеттік қызметте 

лауазым иесі болуға кім 

лайықты?

Бүгінгі мемлекеттік қызметкерлер моральдық, саяси, іскерлік 

қасиеттері  бар,  қарапайым  әрі  кішіпейіл,  әдепті,  білімді, 

мәдениетті, рухы мықты, жігерлі, отансүйгіш, жауапкершілігі 

және құқықтық сауаты жоғары, өз қызметінің білгірі болуы тиіс.

Шынын айту керек, бұған дейін мемлекеттік қызметке орналасу 

талаптарына тұрғындар арасында келіспеушіліктер туындап жа-

татын еді. Көпшілігі тамыр-таныстың арқасында аяқ астынан лау-

азымды қызметкер атанып шыға келетіндерге қарап, мемлекеттік 

органдарға өтінішпен жүгінуге тайсақтайтын.

 Осындай жағдайлар мемлекеттік қызмет жүйесіне өзгеріс 

қажеттігін  жыл сайын айқындай түскен. Ал қазіргі жағдай 

қандай? Келешекте қалай болмақ?

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған  бес институционалдық рефор-

ма осы сеңді бұзады десек, артық айтқандық емес. «100 нақты 

қадам» Ұлт жоспарының бірінші тармағы кәсіби мемлекеттік ап-

парат құруға негізделіп, оны жүзеге асыру жолдары нақтыланған. 

15 қадам көкейдегі сұраққа жауап тауып берді. Ендігі жерде біз 

лауазымды қызметке кім лайық екенін нақты білетін болдық.

Алдымен, лауазымды қызметке кім лайық, соған тоқталайық. 

Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспарында мемлекеттік 

қызметкерлерді мансаптық жоғарылату конкурстық негізде 

жүргізілетіні нақты анықталған. Конкурс арқылы «Б» корпусының 

жоғары  лауазымдарына  жылжыту  төменгі  лауазымдағы 

мемлекеттік қызметкерлер қатарынан жылжыту есебінен мери-

кократия қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа 

жүйенің нәтижесінде кәсіби біліктілігін көрсете  алған жағдайда 

өңірлік үйлестіру коэффиценті қосылады. Бұл өз кезегінде 

мемлекеттік қызметшілерді ынталандырып, өз ісін адал атқаруға 

мүдделі етпек.

 Жалпы, бүгінде мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру 

мәселесі өзекті болып тұр. Еліміздің күнтізбесіндегі атаулы 

мерекелердің қатарына мемлекеттік қызметкерлер күнінің 

қосылуы да бекер емес. Ондағы мақсат - мемлекеттік органдар 

қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, тұрғындарға көрсетілетін 

қызметтің сапасын жоғарылату. Кәсіби білікті қызметкер ғана 

жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару 

құрылымын құру ісін мінсіз атқара алады.  Бұл маңызды 

функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызмет 

имиджі жұртшылықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімінің 

көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін 

бағалаудың өлшемі болып табылады.



Жандос ӨМІРЗАҚов, 

Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы.

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАз»  //  №20 (1308), 18 МАМЫР  2016 ЖЫЛ  //

қала-қарбалас

3

мектептер күрделі 



жөндеуден өтеді

бюджет мәселесі қаралды.  

 Суретті түсірген Н.Тұрғынбек

 

„

Алтыншы шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс үшінші 



сессиясында көптен күткен түйіткілді мәселелер шешімін тапты.

бабалар ерлігі өміршең

Құралай СЕЙСЕнБЕКҚЫЗЫ

Отырысты қалалық мәслихаттың хатшысы 

Балабек Нарбаев жүргізді.  Күн тәртібінде 2016-

2018 жылдарға арналған қалалық бюджет жайлы 

сөз болды. 

- Ағымдағы жылдың 17 наурызында 2016-

2018 жылдарға арналған облыстық бюджеттің 

түзетілуіне байланысты тиісінше осы нақтылауға 

дейін қалалық бюджетке түзетулер енгізілген 

болатын. Бұл түзетулер негізінен республикалық 

бюджеттен жергілікті бюджеттердің шығыстарын 

өтеуге  және  өңірлердің  экономикалық 

тұрақтылығын қамтамасыз етуге трансферт-

тер бөлінуіне байланысты жүзеге асырылып 

отыр. Республикалық бюджеттен және Ұлттық 

қордан төмендегі мақсаттарға барлығы 6 млрд. 

848 млн. 72 мың теңге бөлінді. Жағдайы төмен 

отбасылардың  балаларын  ыстық  тамақпен 

қамтамасыз етуге қосымша – 103 млн. 555 мың, 

ал №32 орта мектебінің ғимаратын күрделі 

жөндеуге -  211 млн. 155 мың, №37 орта мектебінің 

ғимаратын күрделі жөндеуге – 131 млн. 479 мың, 

№21 балабақша ғимаратын ішінара күрделі 

жөндеуге - 99 млн. 36 мың теңге, № 24 гимназия 

ғимаратын  сейсмикалық күшейтумен күрделі 

жөндеуге  257 млн. 862 мың теңге қаралған.  

«Салтанат»  мөлтек  ауданындағы  бұрыннан 

тұрған балабақша ғимаратын бұзып, 280 орындық 

балабақша құрылысын қайта салу 918 млн.                                                                                                          

694 мың теңгені құрап отыр. Жамбыл даңғылы, 

Рахимов, Жұбанышев көшелерінің бойымен М-5 

жылу магистралын қайта жаңғыртуға – 2 млрд. 191 

млн. 260 мың және Бауыржан Момышұлы, Сейфул-

лин көшелерінің бойындағы М-8 жылу магистра-

лын қайта жаңғыртуға 1 млрд. 238 млн. 238 мың 

теңге көлемінде қаралған. Бұдан басқа, мемлекеттік 

сатып алу конкурстарының нәтижесі бойынша 

және басқа да объективті себептерден үнем 

қалыптасуына байланысты бұрын жоспарланған 

облыстық бюджет трансферттерін 815 млн. 315 

мың теңгеге азайту көзделіп отыр. Бюджеттің 

шығыс бөлігі бойынша негізгі өзгерістер осындай. 

Берілген параметрлерді ескере отырып, қалалық 

бюджет тапшылығы өткен облыстық бюджеттен 

кредиттер бөлінуі есебінен 85,7 млн. теңгеге 

ұлғайтылып, 142,1 млн. теңгені құрайды,- деді 

хабарлама жасаған экономика және бюджеттік 

жоспарлау бөлімінің басшысы Қайсар Сарытай.

 Отырыс барысында  «Арай» алқабындағы 

№10 жаңа көшеге Шұмбал Достанбаевтың есімін 

беру туралы ұсыныс айтылып, республикалық 

ономастикалық комиссияға жіберілді.  Сонымен 

қатар, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету 

жөніндегі комиссия құрамы бекітілді. Сондай-

ақ Тараз қаласы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен 

өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес құрамы, 

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрамы, 

қалалық эвакуациялық  комиссия құрамын бекіту 

туралы шешіміне өзгерістер енгізілсе, отбасы ісі 

және гендерлік саясат жөніндегі кеңесінің құрамы 

мен ақсақалдар кеңесінің  құрамын бекіту туралы 

шешімін жою мәселелері қаралды. 



тағайындау

2016 жылдың  11 мамырындағы 

қала  әкімінің  №107-ө  өкімімен  

А б д ы к е р и м о в   С е р і к ж а н 

Тлеумұратұлы  Тараз  қаласы 

әкімдігінің  кәсіпкерлік  және 

өнеркәсіп бөлімі басшысы болып 

тағайындалды.

Абд ы ке р и м о в   С е р і к ж а н 

Тлеумұратұлы  1983  жылы                              

18  маусымда  Жамбыл  облысы, 

Тараз қаласында дүниеге келген.

2 0 0 4   ж ы л ы   М . Х . Д ул ат и 

атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетін мемлекеттік және жергілікті басқару «экономист- 

менеджер» бойынша бітірген. 

Еңбек жолы:

2004 жылы - «ДМСУ 12» ЖШС, 3-разряд жұмысшысы, Тараз 

қаласы;

2005 жылы - Жамбыл облыстық ауруханасы;



2005-2006 жылдары - Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі, 

учаскелік салық агенті;

2006-2007 жылдары - Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі бір 

күндік талондар негізінде эпизодтық сипаттағы қызметті жүзеге 

асыратын жеке тұлғалардан жеке табыс салығының алымын 

ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы;

2007 жылы -Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің жетекші 

маманы, хатшы референт;

2007-2008 жылдары - Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің 

коммуналдық меншік бөлімінің жетекші маманы;

2008  жылы  -  Тараз  қаласы  әкімдігінің  қаржы  бөлімінің 

коммуналдық меншік секторының жетекші маманы;

2008  жылы  -  Тараз  қаласы  әкімдігінің  қаржы  бөлімінің 

коммуналдық меншік секторының бас маманы;

2008-2009 жылдары - Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің 

бюджеттің орындалуы секторының меңгерушісі;

2009-2010 жылдары  - Жамбыл облысы әкімдігінің экономи-

ка және бюджетті жоспарлау, жинақтау-талдау бөлімінің бас 

маманы;

2010-2011 жылдары  -Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің 



есеп және есеп беру бөлімінің бас маманы;

2011-2016 жылдары - «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары. 

 

„

«нұр отан» партиясы 



тараз қалалық филиалының 

бастамасымен Ұлы отан 

соғысындағы жеңістің 71 

жылдығына орай шаһар  

мектептерінде «герои-

труженики села», «они 

ковали победу», «бауыржан 

момышұлы», «рахымжан 

қошқарбаев» атты деректі 

фильмдер көрсетілді.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕв

Соғыс жылдарындағы оқиғаларды картиналаған бұл фильмдерге 

қала бойынша 28 мың оқушы қамтылған. Өскелең ұрпаққа патриоттық 

тәрбие беруді мақсат тұтқан шара аясында қалалық мәдениет үйінде 

«Легендарные десантники», «Инженерные войска», «Восемнадца-

тилетние Герои»,  «Герои-пулеметчики», «Победители самураев» 

атты фильмдер көпшіліктің назарына ұсынылды. Бұл фильмдерді 

қаламыздағы  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындарының 

студенттері,  үкіметтік  емес  ұйым  өкілдері,  денсаулық  сақтау 

қызметкерлері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зейнеткерлер 

тамашалады. 

Сондай-ақ Д.Карбышев атындағы №16 мектептің оқушылары 

да «Серебряные крыля Победы» және «Герои Казахской степи» 

атты соғыс жылдарындағы оқиғалар желісіне негізделіп түсірілген 

фильмдерді көрді. Олар осы фильмдерді көру арқылы қиян-кескі 

ұрыстарды көріп, батыр бабалардың ерлік істеріне бас иді. Мектеп 

мұғалімдері оқушыларды тәрбиелеуде мұндай фильмдерді көрсету 

патриоттық сезімдерін арттыратындығын алға тартып отыр. 

- Біздің мектеп Кеңес Одағының Батыры, генерал Д.Карбышев 

атындағы мектеп болған соң, мұндай шаралардан еш уақытта қалыс 

қалмаймыз. Соғыс жылдарындағы фильмдерді оқушыларға көрсетіп 

отыру мектебімізде дәстүрге айналған десем де болады. Оған себеп, 

18 ақпан Д.Карбышевтің туған күніне және Ұлы Жеңіс күндеріне 

орай фильмдерді оқушыларымыздың назарына ұсынып отырамыз. 

Оқушыларға соғыс жылдары жайында оқып, айтқан бір бөлек, ал оны 

бейнефильм арқылы көрген бір бөлек,-дейді директордың тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары Сандуғаш Орысбекқызы.  

Фильмдерді тамашалауда.  

 Суретті түсірген автор


көкейкесті

4

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАз»  //  №20 (1308), 18 МАМЫР   2016 ЖЫЛ  //




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал