Берілген дипломдық жобада Төрткүл каласында базалық станция мен



жүктеу 12.47 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата10.09.2017
өлшемі12.47 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8







10 

11 
Аңдатпа 
 
 
Берілген  дипломдық  жобада  Төрткүл  каласында  базалық  станция  мен 
РРЛ  аппаратураларын  қолданып,  GSM  900  стандартындағы  ұялы  байланыс 
желісін  тұрғызу  қарастырылған.  Құрылып  жатқан  жүйе  келесі  критерийлерді 
қанағаттандыруы  тиіс:  әңгімелік  ақпаратты  таратудың  жоғары  сапалылығы; 
жабдықтар  мен  көрсетілетін  қызметтің  құнының  төмендігі;  портативті 
қолданушы  жабдығын  қолдауы;  жаңа  қызметтер  мен  жабдықтарды  қолдауы, 
ISDN-мен  сәйкестігі;  халықаралық  роумингті  қолдауы.  Тақырып  жоғары 
сұранысқа  ие,  себебі  GSM  негізгі  элементтері  жылжымалы  байланыстың 
үшінші буыны UMTS ауқымды жүйесінің халықаралық стандартына кіреді 
Бұл  жобада  базалық  станцияның  параметрлері,  ұяшықтардың  оңтайлы 
және  шектік  өлшемдері,  РЭҚ  жиіліктік-аумақтық  жылжыту  нормалары, 
жүйенің  тиімділігі,  бір  ұяшыққа  түсірілген  телефон  жүктемесі,  радиорелейлік 
жабдықтың  сипаттамалары,  сапалық  көрсеткіштері  мен  резервтік  электр 
қоректендіру есептеледі. Одан басқа, еңбек қорғау шаралары бойынша бірнеше 
мәселелер  көтеріліп,  сәйкес  есептеулер  жүргізілген.  Экономикалық  бөлімде 
жобаның экономикалық тиімділігін көрсетіп, оны жүзеге асырудың мүмкіндігін 
дәлелдейтін бизнес-жоспар құрастырылған. 
 
 
Аннотация 
 
 
В  данном  дипломном  проекте  рассмотрено  построение  сотовой  сети 
стандарта  GSM  900  в  городе  Төрткүл  с  использованием  аппаратуры  РРЛ  и 
базовой  станции.  Строящееся  система  должна  удовлетворить  следующим 
критериям:  высокое  качество  передаваемой  речевой  информации;  низкая 
стоимость  оборудования  и  оказываемых  услуг;  поддержка  портативного 
пользовательского  оборудования;  поддержка  новых  услуг  и  оборудований; 
совместимость  с  ISDN;  поддержка  международного  роуминга.  Тема  актуальна, 
потому  что  основные  элементы  GSM  входят  в  международный  стандарт 
глобальной системы третьего поколения подвижной связи UMTS. 
В данной работе рассчитываются параметры базовой станции, критические 
и  оптимальные  размеры  сот,  нормы  частотно-территориального  разноса  РЭС, 
эффективность  системы,  нагрузка  телефона  на  одну  соту,  характеристики 
радиорелейного  оборудования,  качественные  показатели  и  резервное 
электропитание.  Кроме  того,  освещены  задачи  по  охране  труда,  произведены 
соответствующие  расчеты.  В  экономической  части  составлен  бизнес-план, 
доказывающий  экономическую  рентабельность  проекта  и  возможность  его 
реализации. 

12 
 Мазмұны 
 
 
Кіріспе  

1 Ұялы байланыс жүйелерін құру мәселелерін аналитикалық зерттеу  

       1.1 Ұялы байланыс желісін құру принциптері  

       1.2 Ұялы байланыс стандарттарының салыстырмалы анализі  
13 
       1.3 GSM стандартының даму тарихы мен жетістіктері  
17 
       1.4  Мәселе қойылымы мен жоба негіздемесі  
22 
2 GSM желісін жобалау технологиясы  
26 
       2.1 GSM стандарттарының жалпы сипаттамалары  
26 
       2.2 GSM стандартындағы ұялы байланыс желілерінің құрылымдық 
сұлбасы 
34 
       2.3 TDMA кадрларының құрылымы  
38 
       2.4 GSM стандартының жиілік жоспары 
40 
       2.5 Ұялы байланыс желісіндегі сигнализация 
46 
       2.6 Базалық станция мен радиорелейлі жабдықтарды таңдау 
51 
3 GSM стандартының Ұялы Желісін Есептеу 
53 
       3.1 Базалық станцияның ұялы байланысының қамту зонасын есептеу 
54 
        3.2 Торапта жиіліктік жоспарлауды жүргізу 
63 
       3.3 Базалық станцияның электромагниттік бірігуін бағалау 
66 
4 Жобаның экономикалық бөлімі 
72 
       4.1 Жүйені ендірудің экономикалық негіздемесі 
72 
       4.2 Маркетинг 
73 
       4.3 Ұйымдастыру және финанстық жобалау 
73 
       4.4 Өтімділік мерзімін есептеу 
79 
5 Еңбек қорғау бөлімі 
82 
       5.1 Анализ жасау 
82 
       5.2 Орынды еңбек жағдайын жасау 
84 
       5.3 Микроклиматқа қойылатын талаптар 
86 
       5.4 Табиғи жарықтандыруды есептеу 
87 
       5.5 Жасанды жарықтануды есептеу 
91 
       5.6 Өрт қауіпсіздігі 
94 
       5.7 Жерлеуді есептеу 
96 
Қорытынды 
 
Қабылданған қысқартулар тізімі 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
Қосымша А 
Қосымша Ә 
Қосымша Б 
 
 

13 
Кіріспе 
 
 
Қазіргі 
кезде 
экономикалық 
қатынастарды 
глобализациялау 
жағдайларында  глобальді  роумингті  және  мәліметтерді  таратудың  жоғары 
жылдамдықты  қызметті  ұсынуды  қамтамасыз  ететін  жаңа  технологиялық 
негізге байланыс қызметін аударуды қажет ететін әлемдік ақпараттық ағындар 
интенсивті қызмет атқаруда.  
Қазіргі  уақытта  GSM  Қазақстан/Kcell  GSM-900/1800  стандартындағы 
ұялы  байланыс  қызметтерін  ұсынатын  ұялы  байланыс  операторы.  Компания 
міндеті  –  ұялы  байланысты  Қазақстан  тұрғындарына  қолжетімді  ету,  өзінің 
абоненттеріне  барынша  көп  пайда  әкеліп,  әрі  ең  жоғары  сапалы  байланыс 
қызметтерімен қамтамасыз ету.  
GSM  Қазақстан  компаниясы  1998  жылы  құрылып,  1999  жылдың 
ақпанында Kcell сауда белгісімен ұялы байланыс қызметтерін көрсете бастады, 
сол  жылдың  қыркүйегінде  нарыққа  Activ  ұялы  бренді  шығарылды.  Жақсы 
жоспарланған  маркетингтік  стратегияның  арқасында  2000  жылдың  басында 
компанияның  абоненттік  базасы  100  000  адамнан  асып,  сол  жылдың  аяғына 
қарай екі есе көбейді. Бүгінгі таңда компанияның абоненттік базасы 7 миллион 
адамнан асады.  
Алғашқы  сәттен  бастап  GSM  Қазақстан/Kcell  Қазақстанның  ұялы 
байланыс  нарығы  дамуының  бағыттары  мен  үрдістерін  анықтаушы  ролін 
атқарып  келеді.  Компанияның  ұялы  байланыс  нарығындағы  белсенді 
әрекеттерінің  арқасында  алғаш  рет  GPRS/EDGE  технологиясы  пайда  болды, 
тұтастай  ел  аумағындағы  миллиондаған  абоненттер  Ұтқыр  Интернет,  WAP, 
MMS  сияқты  қызметтерді  пайдалануға  мүмкіндік  алды.  Қазіргі  уақытта 
компания  үшінші  буынды  байланыс  –  3G  енгізуге  белсенді  дайындық 
жүргізуде, ол компания абоненттеріне Бейнеқоңыраулар мен Ұтқыр телевизия 
сияқты революциялық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.  
Нарықтағы 11 жыл бойына GSM Қазақстан/Kcell желімен қамту аймағын 
тұрақты түрде кеңейтуде. 2009 жылдың желтоқсан айындағы мәлімет бойынша 
компания  ұсынатын  байланысты  2499  қала  мен  елді  мекен  тұрғындары 
пайдалана алады. Компания тұрғындар саны 5000 адамнан асатын барлық елді 
мекендерді.  2012  жылға  дейін  асырылуы  қажет  алғышарттар  қатарында  1000-
нан  астам  тұрғыны  бар  елді  мекендерді  байланыспен  қамту  мақсаты 
тұр.Берілген дипломдық жобада ОҚО, Төрткүл ауданы, Төрткүл  қаласындағы 
GSM  стандартының  мобильді  байланыс  желісінің  жобалануы  жүзеге 
асырылады.  Бірақ  GSM  технологиясы  екінші  ұрпақтың  (2G)  байланыс  жүйесі 
болғанымен, берілген стандарт әлемде кең қолданысқа ие болды. Қазіргі кезде 
GSM  желілері  әлемдегі  210  мемлекетті  қамтиды  (шамамен  82%).  GSM 
операторларының жалпы саны 653 болған, жақын арада  GSM желілерінің 
100-ге  жуық  операторлар  қосылмақ.    GSM  абоненттерінің  саны  2004  жылдың  
IV  ширегінің  аяғына  қарай  1122,3  млн.  болды,  бұл  әлемдегі  ұялы  байланыс 
абоненттерінің  жалпы  санының  72.9%-ін  және  цифрлық  стандарттардың 

14 
ұялы  байланыс  абоненттерінің  73,6%-ін  құрайды.  Қазақстанда  мобильді 
байланыс абоненттерінің 90%-ы GSM-900 стандартында жұмыс істейді.  
Жобада  GSM  стандартының  сипаттамалары,  тұрғызу  сұлбасы  және 
қондырғының құрамы қарастырылады. 
GSM  технологиясының  пайдаланылуын  есепке  алғанда  базалық 
станцияның жабу зонасы, абоненттік жүктеме, базалық станцияны күшейткіші 
есептелінеді. 
Одан басқа, қондырғыны пайдалану кезінде өмірлік қызметтің қауіпсіздік 
шаралары  сипатталады,  берілген  жобаны  енгізудің  техникалық-экономикалық 
негіздеуі және бизнес-жоспары өңделіп шығарылады. 
 

15 
1 Ұялы байланыс желілерін құру мәселелерін аналитикалық зерттеу 
 
 
1.1 Ұялы байланыс жүйесін құру принциптері 
 
 
Әрбір ұяшықта  жоғары емес қуат  пен байланыстың белгіленген  арналар 
мөлшерімен  байланыс  құралы  арқылы  қызмет  көрсетіледі.  Бұлай  қызмет 
көрсету  байланыс  құралының  арналар  жиілігін  басқа  алыс  арақашықтықтағы 
ұяшықта  қайталап  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Теориялық  жағынан  бұндай 
байланыс құралдарын көршілес ұяшықтарда қолдануға болады. Іс жүзінде ұялы 
қызмет 
көрсету 
аймақтары 
әртүрлі 
факторлар 
әсерінен, 
мысалы 
радиотолқындарды  таратудың  шарттарын  өзгеруі  салдарынан  жабылып  қалуы 
мүмкін. Сондықтан көршілес ұяшықтарда әртүрлі жиіліктер қолданылады.  
F1,  F2  және  F3  сияқты  үш  жиілікті  пайдалану    арқылы  ұяларды    құру 
үлгісі 1.1- суретінде берілген 
 
 
 
1.1-сурет. Үш жиілікте ұяларды құру 
 
Әртүрлі  жиынтықтағы  жиіліктегі  ұялар  тобы  кластер  деп  аталады.  Оны 
анықтайтын  өлшем  көршілес  ұялардағы  қолданылатын  жиіліктердің  саны 
болып табылады. 1.1. суретінде, мысалы, кластердің өлшемі үшке тең. Бірақ іс 
жүзінде бұл өлшем 15–ке  дейін  жетуі мүмкін. 
Ұялы  байланыстағы  ұстанымның  негізгі  мазмұны  аралас  ұялардағы 
жиіліктерді қайталап қолдану болып таблады. Алғашқы уақытта ұялы байланыс 
жүйесінде  қолданылған  алғашқы  әдіс–жиіліктерді  қайталап  қолдануды 
ұйымдастыру  әдісі  болды  және  айналма  диаграмалары  бар  базалық 
станцияларды антенналарын қолдану әдісі болды,  
1.2-суретінде аралас ұялардағы жиіліктерді қайталап қолдану берілген 

16 
 
 
1.2-сурет. Аралас ұялардағы жиіліктерді қайталап қолдану 
 
Бұл  әдіс  бірдей  қуаттағы  дыбыс  сигналын  барлық  бағытта  беруді 
қамтамасыз  етеді,  яғни  барлық  бағыттардан,  барлық  базалық  станциялардан 
дыбыс сигналдарын қабылдаумен тең. 
Жиіліктерді  белгілі  мөлшерде  қайталап  қолдануға  болатын  базалық 
станцияларда бір–бірінен D қашықтығында орналасқан, ол “қорғау интервалы” 
деп  аталады  (1.2-сурет).  Бірдей  жиіліктерді  қайталап  қолдану  мүмкіндігі 
байланыстың ұялы жүйесіндегі жиілік спектрін қолданудың жоғары тиімділігін 
анықтайды. 
Ұяларды  кіші  ұяшықтарға  бөлген  кезде  базалық  станциялардың  саны 
артады,  ал  сәуле  түсу  қуаты  базалық  және  жылжымалы  станциялар  үшін 
төмендейді.  Бұндай  әсер  базалық  станциялардағы  секторлық  антенналарды 
пайдалануға болады. Радиусы 300–500 м. аз ұяшықтар ыңғайсыз, себебі қызмет 
көрсетудегі  қабылдау  ағыны    өседі.  Бұнда  ұялы  байланыс  жүйесін  құрудағы 
көпдеңгейлі (иерархиялық) сызбаларды ірі ұяшықтарда (макроұяшықтарда), ал 
кіші (микроұяшықтар, пикоұяшықтар) ұяшықтарда пайдалануға болады. 
Кей  жағдайларда  ұяшықты  бөлу  қажет  емес,  оларды  ірілендіру  қажет, 
егер трафик кіші болса, ол базалық станцияның қажетті жүктемесін қамтамасыз 
ете  алмайы.  Егер  осында  ұяшықтың  радиусы  базалық  станцияның 
қабылдағышының  ең  алыс  қашықтықта  әрекетінен  жоғары  болса,  онда 
байланыспен  алыс  қашықтықта  қамтамасыз  ету  үшін  ретранслятор  рөлін 
атқаратын қайталағыштарды қолдануға болады. 
Ұялы  радиожүйе  стационарлық  жүйесі  бар  аймағында  жылжымалы 
абоненттерді  байланыспен  қамтамасыз  ету  керек.  Радиожүйенің  элементтері 
базалық  станциялар  болып  саналады.  Бір–бірінен  алыс  қашықтықта  тұрған 
базалық  станциялар  бірдей  жиілікті  қайталап  қолдана  алады.  Радиожүйенің 
сапалы  жобалары  трафиктің  мүмкін  тығыздығын  қанағаттандыруы  қажет,  бұл 
жерде    радиоқұралдардың  ең  аз  мөлшері  жиілік  аумағын  есепке  ала  отырып 

17 
абоненттерге    қызмет  көрсетуге  жұмсалуы  қажет.  Бұндай  жағдайды    базалық  
станциялардың орналасқан жерлерін ыңғайландыру, қабылдағыштардың қуаты, 
антенналардың  биіктігі  мен  түрлері,  базалық  станциялардың  арасында 
жиіліктерді  тарату  есебінен  шешуге  болады.  Жағдайдың  қиындығы  сонда  – 
тура  шешім  табуға  мүмкіндіктің  жоқтығында  және  біртіндеп  жақындасу 
әдістерін  қолдануға  болатындығында.  Синтез  процедурасын  сипаттағанда 
жүйенің  түрін  есепке  алу  талап  етіледі.  Әрі  қарай  NMT  және  GSM 
стандарттарының өлшем жүйелерін бағытталаймыз. 
Базалық 
станцияның 
құрал–жабдықтары 
базалық 
станцияның 
контроллерінен  (BSC)  тұрады.  Базалық  станцияның  контроллері  бірнеше 
қабылдау–жіберу  блоктарынан  басқара  алады.  BSC  радиоарналарды  бөлуді 
басқарады,  қосылуларды  бақылайды,  олардың  кезектігін  реттейді,  секірмелі 
жиіліктердің  жұмыс  кестесін  қамтамасыз  етеді,  дыбыс  сигналдарының 
модуляция мен демодуляциясын, хабарламалардың кодталуы мен декодталуын, 
сөздің кодталуын, сөзді жіберуге арналған қабылдау жылдамдығын қамтамасыз 
ете отырып, жеке шақырудың хабарламалар беру кезектестігін анықтайды. BSC 
жылжымалы    байланыстың  коммутация  орталығымен  (MSC)  бірлесе  отырып, 
HLR  және  VLR  регистрімен    қосылып,  арналарды  босату  қызметімен 
айналысады,  әрине  MSC–тің  бақылауымен.  MSC  базалық  станциядан 
арналарды  босатуды  қамтамасыз  етуді  сұрауы  мүмкін.  BSC  пен  MSC  бірлесе 
отырып 
жылжымалы 
станциялардың 
кейбір 
категориялары 
үшін 
хабарламаларды ерекше жеткізуді қамтамасыз етеді. 
Алты  бұрышты  ұяшыктарды  колдану  кажетті  жиілік  диапазонының 
ұзындығын реттеуге мүмкіндік береді.Бұдан басқа, алты бұрышты форма (түрі) 
базалық 
станциялардың 
антеннасының 
бағыттылығының 
айналма 
диаграммасына сай келеді және ол ұяшық ортасын да орналасқан. 
R ұяшық радиусы арқылы өтетін базалық станциялардың қызмет көрсету 
аймақтарының  көлемі  N  абоненттерінің  мөлшерімен  анықталады,  олар  бір 
мезгілде қызмет көрсету аймақтарында әңгіме жүргізе алады. 
Қосымша  қағазда  көрсетілген  ұялы  байланыс  жүйесінің  ыңғайлы  түрін 
құруда біз абоненттердің белсенді аймақтаррында ұяшықтың радиусы азайып, 
белгіленген  жиілікті  қолданудың  тиімділігін  арттыруға  мүмкін  екекнін, 
қабылдағыштардың 
қуатын 
азайтуға 
және  базалық 
станциялардағы 
қабылдағыштардың сузімталдығын азайтуға болатынын, жүйедегі құралдардың 
құрамын қысқартуға, болатынын негізге алдық. 
R  радиусындағы  ұяшықтың  мөлшерін  таңдауға  тоқталайық.  Бұл 
мөлшерлер  D  қорғау  интервалын  анықтайды  (1.2-сурет),  ұяшықтар  арасында 
белгілі  жиіліктер  қайталап  қолдануы  мүмкін.  D  қорғау  интервалының  көлемі, 
жоғарыда  аталған  факторлардан  басқа,  радиотолқындарды  таратудың  мүмкін 
деңгейі мен шарттарына байланысты. 
Барлық  аймақтағы  шақырулардың  жиілігі  бірдей  болған  жағдайда 
ұяшықтардың  бір  өлшемі  таңдалады.  Базалық  станцияның  қызмет  көрсету 
аймағының  өлшемі  R  радиусы  арқылы  көрсетіліп,  N  абоненттері  арқылы 
анықталып,  қызмет  көрсету  аймақтарында  бір  уақытта  әңгіме  жүргізуге 

18 
байланысты  болады.  Ұяшықтардың  радиусын  азайту  жиіліктерді  қолданудың 
тиімділігін  арттыруға  және  абоненттің  ұлғайтуға  ғана  емес,сонымен  бірге 
қабылдағыштардың 
қуатын 
азайтуға 
және  базалық 
станциялардағы 
қабылдағыштардың  сезімталдығын  азайтуға  ықпал  етеді.  Бұл  өз  кезегіндегі 
ұялы  байланыс  құралдарының  электромагниттін  сәйкестік  жағдайын 
жақсартады. 
Шудың  деңгейін  төмен  түсірудегі  тиімді  әдісте  бағыттылығы  тар 
диаграммадағы  секторлық  антенналарды  қолдануға  болады.  Бұндай 
бағытталған  антенна  секторында  сигнал  (дыбыс)  бір  жағына  көбірек  беріледі, 
ал  қарама–қарсы  бағыттағы  берілу  деңгейі  ең  төменгі  мөлшерге  дейін 
қысқарады.  Ұяларды  секторларға  бөлу  ұялардағы  жиіліктерді  жиі  қолдануға 
мүмкіндік  береді.Бұлай  ұйымдастырылған  ұяларды  жиіліктердіқайталап 
қолданудағы  жалпыға  мәлім  әдіс  әрбір  базалық  станцияға  3–секторлы 
антенналарды  қолдануға  және  жиілігі  тоғыз  топты  құрайтын  3  көршілес 
базалық  станцияларды  қолдануға  негізделген  (1.3  сурет).  Бұл  жағдайда 
бағыттылығы 120 диаграммасы бар антенналар қолданылады. 
Жиіліктерді  қолданудағы  ең  жоғары  тиімділік  және  жүйедегі  ең  көп 
абонентердің  болуы  жиіліктерді  қайталап  қолданудағы  жасалған  әдісті 
қамтамасыз  етеді,мұнда  екі  базалық  станция  жұмыс  істейді.Бұл  әдісті  іске 
асыруда  1.4  суретіндегі  әрбір  жиілік  кластер  деңгейінде  екі  рет  қолданылады, 
ол  төрт  ұяшықтан  тұрады,мұндағы  базалық  станция  12  жиілікте  жұмыс  істей 
алады,онда бағыттылығы 60 диаграммасы бар антенна қолданылады.  
Үш секторлы ұядағы қайталап қолдану моделі 1.3-суретте көрсетілген 
 
 
 
1.3-сурет. 3–секторлы ұядағы қайталап қолдану моделі (үлгісі) 
 
Екі  көршілес  ұядағы  жиіліктерді  қайталап  қолдану  моделі  1.4-суретте 
бейнеленген 
 

19 
 
 
1.4-сурет. Екі көршілес ұядағы жиіліктерді қайталап қолдану моделі 
 
Ұялы  байланыс  жүйесінің  сыйымдылығын  жоғарылату  әдістері  болады. 
Ол  әдістің  бірі  ұяшықтарды  бөлу,  яғни  жиіліктерді  қайталап  қолдану 
коэффициентінде аз ұяшықтарға өту әдісі болып табылады. 
 
1.2 Ұялы байланыс стандарттарының салыстырмалы анализі 
 
 
Стандарттар телекоммуникацияда маңызды рөл атқарады, себебі олар әр 
түрлі  өндірушілердің  өнімдерінің  өзара  байланысын  қамтамасыз  етіп,  жалпы 
өнім үшін үлкен нарық құру арқылы жаңа технологиялардың енуін жеңілдетеді. 
Ұялы  байланыстың  әр  стандарты  стандарт  спецификациясына  кірген 
зерттеу  топтары  жиналған  елдердің  нақты  талаптарын  қанағаттандыру 
мақсатында  құрастырылған.  Осы  себептен,  стандарт  бір  елге  жарағанымен 
екінші  елге  жарамауы  мүмкін.  Негізгі  стандарттар  мен  олар  қолданылатын 
стандарттар 1.1-кестеде келтірілген. 
Стандарттар өзіне мынадай спецификацияларды біріктіреді: жылжымалы 
байланыстың  телефон  аппараттарымен  сигналдарды  тарату  және  қабылдау 
процедурасы,  бұл  сигналдардың  форматы,  желі  түйіндерінің  өзара 
әрекеттестігі,  жылжымалы  байланыс  абоненттеріне  жететін  негізгі  желілік 
қызметтер, желінің базалық құрылымы.  
 
 
 
 
 
 
 

20 
1.1-кестеде ұялы байланыстың негізгі стандарттары келтірілген 
 
1.1-к е с т е  Ұялы байланыстың негізгі стандарттары 
Жыл 
Стандарт 
Ұялы байланыс жүйесі 
Технология  Алғашқы нарық 
1981 
NMT 450 
Скандинавиялық 
мобильді телефондық 
байланыс 
Аналог. 
Еуропа, Орта 
Шығыс 
1983 
AMPS 
Мобильді байланыстың 
жетілдірілген жүйесі 
Аналог. 
Солтүстік және 
Оңтүстік 
Америка 
1985 
TACS 
Бәріне ортақ қатынасты 
байланыс жүйесі 
Аналог. 
Еуропа және 
Қытай 
1986 
NMT 900 
Скандинавиялық 
мобильді телефондық 
байланыс 
Аналог. 
Еуропа, Орта 
Шығыс 
1991 
GSM 
Мобильді байланыстың 
ауқымды жүйесі 
Цифр. 
Бүкіл әлем 
1991 
TDMA 
(D-AMPS) 
(IS136) 
Уақытпен бөлінген көптік 
қатынас (цифрлық 
AMPS) 
Цифр. 
Солтүстік және 
Оңтүстік 
Америка 
1992 
GSM 1800 
Мобильді байланыстың 
ауқымды жүйесі 
Цифр. 
Еуропа 
1993 
CDMA One 
(IS 95) 
Кодалаумен бөлінген 
көптік қатынас 
Цифр. 
Солтүстік 
Америка Корея, 
Қытай 
1994 
PDC 
Дербес цифрлық ұялы 
(байланыс) 
Цифр. 
Жапония 
1995 
PCS 1900 
Дербес байланыс қызметі 
Цифр. 
Солтүстік 
Америка 
2000 
UMTS 
Мобильді байланыстың 
әмбебап жүйесі 
Цифр. 
Еуропа 
2001 
GSM 800 
Мобильді байланыстың 
ауқымды жүйесі 
Цифр. 
Солтүстік 
Америка 
 
Енді осы стандарттардың кейбіреулеріне толықтыра кетсек: 
GSM1800  стандарты.    Цифрлық  стандарт,  жиілік  диапазоны  1710-1880 
МГц. GSM 900 стандартының модификациясы. 
Таратылатын  дыбыстың  жоғары  сапасы,  әңгімелесудің  құпиялылығы, 
абоненттік  нөмірге  қарақшылықтың  мүмкін  еместігі  сияқты  техникалық 
мүмкіндіктерінің  арқасында  әлемде  70  млн  адам  GSM  стандартын  таңдады. 
GSM1800  стандарты  үшін  GSM900  қарағанда  телефондардың  максималды 
сәулелену қуатының аздығы тән. GSM1800 стандартында ол 1 Вт, ал GSM900 
де 2 Вт. Тыңдалу мен рұқсатсыз қолданудан жоғары қорғаныс. Желінің жоғары 

21 
сыйымдылығы, ірі қалалар үшін бұның маңызы зор. Кемшілігі жабу аймағының 
аздығы. Абоненттің базалық станциядан максимал қашықтығы 5-6 километр. 
CDMA  стандарты.  Сымсыз  WLL  (Wireless  Local  Loop)  абоненттік 
қатынасы  жаңа  CDMA  арналарды  кодалық  бөлетін  цифрлық  технология 
негізінде жасалған. 
Бұл  стандарт  үшін  дыбыстың  жақсы  сапасы  мен  фондық  шуылдардың 
төмен деңгейі тән. Жүйенің сыйымдылығы 10 есе AMPSке қарағанда, және 3-5 
есе GSMге қарағанда көп. CDMA халық көп орналасқан аудандар мен жоталы 
жерлерде  байланыс  сапасын  жақсартады.  CDMA  бос  емес,  қиылысқан,  тұрып 
қалған  қоңырауларды  «виртуалды»  шашып,  жүйенің  сыйымдылығын 
арттырады. Бұл бір жиіліктік арнаны барлық ұяшықтарда көп рет қолданудың 
арқасында мүмкін болады.  
CDMA  абоненттік  аппараттарының  маңызды  айырмашылығы  аз 
сәулелену  қуаты,  ол  10  мВт  құрайды,  бұл  DAMPS  пен  GSM  желілерінен 
біршама  кем.  Қуатқа  мұндай  төмен  талаптар  жұмыс  уақыты  ұзақ  аппараттар 
қолдануға  мүмкіндік  береді.  CDMA  рұқсатсыз  қолданудың  алдын  алып,  жеке 
қоңырауларды бөлу үшін 4,4 триллион код қолданады. CDMA жеке ақпаратты 
сенімді қорғау үшін әр қоңырауға бір код қолданады.  
NMT-450i  стандарты.  Жиілік  диапазоны  453-468  МГц.  NMT-450 
артықшылығы  -  басқа  стандарттармен  салыстырғанда  қызмет  ету  аймағының 
үлкендігі;  бос  кеңістікте  сигналдың  аз  өшуі.  NMT-450  желілеріне  үлкен 
қашықтық тән  - базалық станциядан бірнеше ондаған километр  (100*10

м-ге 
дейін)  қашықтықта  байланысу  мүмкіндігі.  Цифрлық  стандарттарға  қарағанда 
адам даусының табиғилығы.  
Бұл  стандарттың  кемшілігі  бөгеуілге  тұрақтылығының  әлсіздігі  (бұл 
диапазонда  бөгеуіл  деңгейі  800, 900  және  1800  МГц  диапазондармен 
салыстырғанда  жоғары);  сервистік  қызметтердің  спектрінің  тарлығы; 
тыңдалудан  қорғалмағандығы.  Телефон  аппараттарының  өлшемі,  салмағы 
аккумуляторының  энергия  жұмсауы  үлкен.  Осы  себептерге  байланысты  ірі 
қалаларда  NMT-450  стандартының  бір  ұяшығында  бірден  қолданылатын 
нөмірлер саны шектеулі. «Егіздердің» қосылу мүмкіндігі. 
Желі  қолданушыларын  «егіздерден»  қорғау  үшін  SIS  (SIS  –  Subscriber 
Identification  Security)  қорғаныс  жүйесі  құрылды.  Фродтан  қорғау 
функциясынан  басқа,  оператор  бір  ұямен  щектелген  телефон  үшін 
төмендетілген тариф, нақты бір абонент үшін қызмет ету аймағын шектеу, SMS 
сияқты қосымша мүмкіндіктерге ие болады. Негізгі артықшылығы - автоматты 
роумингті ұйымдастыру мүмкіндігі.  
NMT-450 
стандартты  желілердің  сыйымдылығын  арттыру  үшін 
стандартты  25 кГц-тік  қадам  орнына  12,5  кГц  жиілік  тор  қадамын  қолдану 
жоспарлануда, бұл жұмыс арналарының санын 180-нен 359-ге дейін арттырады. 
DAMPS  стандарты.  AMPS  стандартының  цифрлық  модификациясы. 
Солтүстік  Америка  үшін  жасалған,  жиілік  диапазоны  825-890  МГц.  Бұл 
стандарттың  ерекшелігі  жоғары  желі  сыйымдылығы  болып  табылады. 
DAMPS/AMPS  стандартында  қолданушы  телефон  аппаратын  аналогты  да, 

22 
цифрлы  да  режимде  қолдана  алады.  Егер  роуминг  кезінде  AMPS  аналогты 
желісінің  абоненті  цифрлық  DAMPS  желісіне  түссе,  жұмысы  үшін  оған 
аналогты  арна  бөлінеді.  Дегенмен,  бұл  жағдайда  цифрлық  желінің 
артықшылықтары оған жетпейді. 
Келешекте  AMPS  желісі  бұл  стандарттың  цифрлық  нұсқасында  істейтін 
желілермен  біртіндеп  алмастырылады.  DAMPS  стандартының  соңғы  жетілімі 
IS-136 техникалық мүмкіндіктері бойынша оны GSM-ге жақындатады.   
Салыстыру  сипаттамалары.  Аналогты  стандарттармен  салыстырғанда 
GSM көп артықшылықтарға ие. Олардың негізгісі - абоненттік аппараттар мен 
базалық  станцияларда  аз  қуатты  таратқыштарды  қолдануы.  Бұл  құрылғыны 
арзандатады,  бірақ  байланыс  сапасына  әсер  етпейді.  Одан  басқа,  ақпаратты 
цифрлық  түрде  тарату  сөйлесулердің  жоғары  дәрежелі  құпиялылығын 
қамтамасыз етеді.  
GSM мен CDMA стандарттарының салыстыру сипаттамалары 1.2-кестеде 
келтірілген 
 
1.2-к е с т е GSM мен CDMA стандарттары 
 
Сипаттамалары 
GSM 
CDMA 
Телефон  таратқышының 
қуаты, Вт 
1-1,5  
0,2-0,25  
Дерек  тарату  жылдам-
дығы, кбит/с 
Стандартты - 4-5, 
EDGE – 15-20   
Стандартты -5-15,  
EDGE –25-80  
Телефон таңдау кеңдігі 
үлкен     
аз  
Телефон құны 
сай  
2-3 есе артық 
Телефон сапасы 
жақсы  
өте нашар  
Дауыс сапасы 
орташа  
жақсы  
Ұзақтықты шектеу,с 
1800-2400 
жоқ  
Автоқоңырау 
бар  
жоқ  
Келешегі   
жоқ 
зор  
Желіні  ұстауға  кететін 
шығындар 
көп  
аз  
Стандарттың ашықтығы  жоғары  
жоғары  
Жабу мен таралуы  
жоғары  
төмен  
Артық 
жүктемеге 
тұрақтылығы  
төмен  
жоғары  
 
GSM  1800-дің  GSM  900-ден  айырмашылығы.  Негізінен  тек  жұмыс 
жиіліктерінде. Дегенмен, кейбір қызық сәттер бар: 

 
жоғары  жиіліктен  ұяшықтың  максимал  мүмкін  радиусы  кішірейеді. 
GSM 900 үшін бұл қашықтық 35*10

м, ал GSM 1800 үшін 10*10

м; 

 
1800-2000 МГц жиілікте радиотолқындар басқалай өткізу қасиеттеріне 
ие; 

23 
1.3-кестеде  GSM  900  бен  GSM  1800  стандарттарының  негізгі 
сипаттамалары берілген 
 
1.3-к е с т е GSM 900 бен GSM 1800 стандарттарының негізгі сипаттамалар 
GSM 900 бен GSM 1800 стандарттарының сипаты 
GSM 900 
GSM 1800 
Жылжымалы  станцияның  тарату  және  базалық 
станцияның қабылдау жиілігі, МГц 
890–915 
1710–1785 
Жылжымалы  станцияның  қабылдау  және  базалық 
станцияның тарату жиілігі, МГц 
935–960 
1805–1880 
Қабылдау  және  тарату  жиіліктерінің  дуплекстік 
жылжытуы, МГц 
45 
95 
Радиоарнадағы хабар тарату жылдамдығы, кбит/с 
270.833 
270.833 
Әңгіме кодегінің түрлендіру жылдамдығы, кбит/с 
13 
13 
Байланыс арнасының жолақ ені, кГц 
200 
200 
Байланыс арналарының максимал саны 
124 
375 
Базалық  станцияда  ұйымдастырылатын  арналардың 
максимал саны 
16–20 
16–20 
Модуляция түрі 
GMSK 
0.3 GMSK 
Модуляция индексі 
ВТ 0.3 
ВТ 0.3  
Модуляция  алдындағы  гаусс  сүзгішінің  жолақ  ені, 
кГц 
81.2 
81.2 
ТDМА кадрының аралығындағы уақыттық көшіру 


Бір секундтағы жиілік бойынша секірулер саны 
217 
217 
Әңгіме кодегінің түрі 
RPE/LTP 
RPE/LTP  
Ұяшықтың максимал радиусы, м 
35*10
3
 
10*10
3
 
 

Каталог: student -> diplom -> 2014 -> frts -> aes -> aes kz
2014 -> Дипломдық жобаның мақсаты avr микроконтроллерінің қызмет мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады
2014 -> Бұл дипломдық жобада жел энергетика қондырғысының моделі және
2014 -> Дипломдық жобада сатып алушылардың талаптарын
2014 -> Бұл дипломдық жобаның (немесе жұмыстың) мақсаты экг-5А шөмішті
2014 -> Дипломный проект посвящена актуальной теме разработка стенда пид
2014 -> Дипломдық жобада
aes kz -> В экономической части выпускной работы рассмотрены вопросы расчета

жүктеу 12.47 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет