Бердібек СоқпақБаевтың туғанына- 90 жыл №38 (7840). 2014 Жылқы жылы, сенбі, 11 қазан



жүктеу 419.84 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі419.84 Kb.
1   2   3   4

Қастек БаянБаев.

 

...Мен  Бердібек  Соқпақбаевтың  шығармаларын 



Сэллинджер  мен  Белге  қарсы  қоюдан  аулақпын 

Менің айтпағым, Бердібек өз шығармаларына әдеби 

үлгілерден емес, өмірдің өзінен келгендігі.

...Бердібек  Соқпақбаев—  бірінші  жақпен  жазу-

ды  мықтап  меңгерген  жазушы,  Мұның  өзі    оқиғаға, 

өмірде болған қилы- қилы құбылыстарға  сенімділікті, 

жазушының нақтылы оқиғаға тікелей қатысын таныта-

ды. Бердібектің «мені» маған сөлі тамып тұрған өмір, 

бәріміз  тіршілік  етіп  жүрген  жер  бетіндегі  үлкенді-

кішілі адамдардың әрекеті, болмаса қуаныш- күйініші  

боп көрінеді.

Тахауи ахТанов.

...Бердібек Соқпақбаев— адал  да қырағы, оқиға 

өрнектерін  жазбай  танып,  тап  басатын  шыншыл, 

Бердібек СоқпақБаевтың туғанына— 90 жыл

Мен  білетін  жазушылардың  ішіндегі  қарапайым, 

шаруақоры. Ол – қаламды ғана емес, орақ пен күректі 

қалай  ұстауды  білетін  жазушы.  Өзіне  де,  өзгеге  де 

қатал, тура, әділ. Творчество адамы, әдетте, салдыр-

салақтау болады. Бірақ Бердібек олай емес, әскери 

адам сияқты, әбден жинақы.

Ол  жұмыс  істеп  отырған  кезде  еденде,  не  стол 

үстінде  көлденең  жатқан  дүние  көрмейсің.  Тіл 

өнерінде де солай, әр сөздің, әр сөйлемнің өз  орын-

дарында  тұрғанын  қалайды.  Қашан  көңілі  толғанша 

түзетуден талмайды.

Қадыр Мырзалиев.

...Бердібек  Соқпақбаев  кітаптарының  соңғы 

беттерін 

жапқанда, 

көркем 

шығарма 


оқып 

шыққандай  болмайсың,  өзіңнің  ең  тату-  тәтті  дос, 

жолдастарыңды  ұзақ  сапарға  шығарып  салғандай 

боласың.  Қимайсың.  Көңілің    бұзылады.  Бердібек 

Соқпақбаев  шығармалары  осындай.  Жазушы  үшін 

бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес.



Мұзафар ӘліМБаев.

...Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жаза-

тын, қағазды бекерден бекерге шимайламайтын еді 

ғой.    Жазады,  түбін  түсіріп  барып  бір-ақ  тоқтайды. 

Бұл-  Бердібектің  шырайы,  Бердібекке  ғана  тән 

қасиет.


Сайын МұраТБеков.

реалист  жазушы.  Оның 

шығармаларындағы  ге-

ройлар  өмірі—  кәдімгі 

тіршілік  әлеміндегідей  қарапайым,  жер  бетінде 

жүргендей  соншалықты  шынайы,  соншалықты  ілти-

пат сезімін тудырып отыратын жандар.   

Төлен ҚаупенБайұлы.

                                                                                                

     ... Шынайы да шыншыл суреткер көркемдік әлемнің 

азаптарын  бастан  кешкен  кезде  ғана,  бір  белестен 

екінші бір белеске сәтті көтеріле біледі. Демек, екінші 

сөзбен айтқанда болашақ шығарманың да жұлдызы 

жарық болады. Бердібектің «Балалық  шаққа саяхат», 

«Менің атым Қожа», «Қайдасың, Гауһар?», «Өлгендер 

қайтып  келмейді»  романы  осындай  биік  талғамның, 

көркемдік  әлемнің  сәтті  туындысы  болды.  Бұл 

шығармаларда  тек  Бердібекке  ғана  тән  тапқырлық 

пен  тиянақтылық,  суреттеу  құралдарының  дәлдігі, 

кейіпкер әрекетінің табиғилығы, сезім арпалысының 

сенімді суреттері «менмұндалап» тұр.



Тахауи ахТанов.

   


...Біз білетін Бердібек Соқпақбаев – ірі тұлға, үлкен 

талант иесі. Бүгінде оның ерекше дарын қасиеттерін 

туған  халқы  айдай  танып,  осындай  бағалап  отыр. 

Оны айтасыз, көптеген шет жұрттар ұшқыр ой, өткір 

тіл  қуатымен  көмкерілген  шынайы  шеберлігіне  там-

сана таңырқап, күдік- күмәнсіз мойындаған.



Әлнұр МейірБеков.

Әкемді  толық  танып—

білдім  дей  алмаймын...

Әкем әзілқой 

кісі еді...

Әкем    үлкен  опти-

мист  болатын.  Өте  көңілді, 

әзілқой  адам  еді.  Менің 

есімде  қалғаны  –  күндіз 

әке-шешем  жұмысқа  ке-

теді.    Мен  күнұзақ  далада 

жүріп,    ойнап  кетемін.  Со-

сын  «көшеде  жүрмесін»  

дегендері  шығар,  мені  үйге 

қамап, сыртымнан құлыптап 

кететін. 

Әбден 

зәрезап 


болғандықтан, бір күні кеш-

ке  құлыпты  алып,  пештің 

ішіндегі  күлге  көміп  таста-

дым.  Одан  құлыптың  қалай 

табылғаны 

есімде 


жоқ. 

Бірақ бұл оқиға  қатты әсер 

етіп,  кейін  «Құлып»  деген 

әңгіме жазды. 

Кезінде  біздің  елімізде  «Антон  и  Кнопка»  деген 

авотриялық  кинофильм  жүрді.  Антон  кедей  отбасының 

баласы  да,  ал  Кнопка  деген  лақап  аты  бар  қыз  –  байдың 

қызы.  Үсті-басы,  шұлығы  жыртық  Антонға  еліктеп,  ол  да 

киімдерін жыртып, тесіп тастайды. Әрі: «Екеуіміз тең бола-

мыз», - дейді. Бұл фильм маған қатты әсер етті. Дереу мен 

үстімдегі киімдерімді жыртып,  терезеге ілінген перделерді 

жұлып алып, оны қайшымен қиқалап, сандалымды тесіп киіп 

жүрдім, бұл оқиға да әкемнің әңгіме жазуына түрткі болды. 

«Сандал» деген әңгіме жазып, ол шығармасы «Балдырған» 

журналында басылды.

Әкемнің  Тұрдыбек  деген  туған  інісі  бар.  Оны  оқырман 

қауым  «Балалық  шаққа  саяхат»  повесінен  біледі.  Бір  күні 

әкем  ол  кісіге  «Бердібек  қайтыс  болды»,  -  деп  жеделхат 

салып  жібереді.  Туған-туыс,  көрші-қолаңдарының  бәрі  ол 

кісіге көңіл айтып, жолға қаражат жинап беріп, Алматыға ат-

тандырады. «Бауырымдап» үйге енсе, әкем алдынан қарсы 

шығады.  Сөйтсе,  әкем  туған  бауырын  сағынғандықтан 

осындай әзілге барған екен ғой. 

Біздің  үйдің байлығы кітап 

болды

Мен үшінші сыныпта оқып жүрген кезде біз Алматыдағы 

«СМУ-15»  жақта  тұрдық.  Күнде  мектепке  бара  жатқанда 

әкем  қолыма  10-15  тиын  ұстататын.  Мен  оған  бәліш  алып 

жейтінмін. Бір күні мектебімізге жылжымалы кітапхана келіп, 

түрлі  кітаптар  әкеліп    сатты.  Онда  орыс  жазушыларының 

тандамалы  шығармалары  топтастырылған.  Әрі  кітап  әсем 

безендірілген.  Ол  күні  кітап  алуға  ақшам  болмады.  Кешке 

әкем  келіп,  әлгі  кітаптың  түр-түсін,  атын  айтып,  соны  алып 

беруін өтіндім. Бірақ «алып бермейтін шығар» деп ойладым. 

Өйткені,  кітап  сол  кездегі  ақшамен  бір  сом  жиырма  тиын 

түратын.  Әкем  сөзге  келмей,  кітапты  сатып  әперді.  Менің 

қуанышым  қойныма  сыймай,  кітапты  күндіз-түні  жастанып 

оқыдым.  Бір  күні  мен  жұқпалы  аурумен  ауырып,  емханаға 

жатып  қалдым.  Сонда  да  жаңағы  кітапты  өзіме  алдыртып 

алдым. Емделіп шыққан соң 

кітабымды  дәрігерлер  бер-

мей қойды. Себебі, жұқпалы 

емханадан  ешнәрсе  алып 

шығуға  болмайды  екен. 

Сондағы жылағаным-ай!

Біздің 


үйдің 

негіз-


гі  байлығы—  кітап  болды. 

Әкем  кітаптарын  көзінің 

қарашығындай  сақтайтын. 

Ешкімге  бермейтін.  Және 

шешеме  де  «ешкімге  кітап 

берме»  деп  ескертіп  оты-

ратын.  Соның  өзінде  мен 

біраз  кітапты  біреулерге 

оқуға жіберіп, қайтарып ала 

алмадым.  Негізі,  мен  кітап 

оқуға  құмармын.  Жатсам 

да,  тұрсам  да,  тіпті,    тамақ 

ішіп  отырып  та  қолымнан 

кітап  тастамайтынмын.  Сол 

кездегі  тәрбие  солай  еді 

ғой.  «Кітап  оқымаған  адам  қоғамға,  мәдениетке  ілесе  ал-

май қалып қояды», - деп есептейтінбіз. 

Өмірден ерте өтерін

 сезген жоқ

Жоғарыда айтқанымдай, біз қаланың шетінде, шағын екі 

бөлмелі пәтерде тұрдық. Ауызғы бөлмеде пеш жағатынбыз 

да,  төргі  бөлмеде  бәріміз  бірге  тұратынбыз.  Жеке  ка-

бинет  болмағандықтан,  әкем  жазу  үстелін  шкафтармен 

қоршап  алып,  «Балалық  шаққа  саяхат»  повесін  жазды. 

Жазу  үстелінде  ол  шуды  жақтырмайтын.  Егер  ойы  бөліне 

берсе, қатты ашуланады, кейде қолы да тиіп кететін. «Менің 

үстелімдегі қағаздарға тиіспе», - деп миыма құйып қойғаны 

сонша,  кейде  әкем  үйде  болмаса  да,  оның  қағазына  қол 

ұшын тигізуге қорқатынмын. 

Мен  әкемнің  мінез-құлқын  толық  танып,  білдім  деп 

айта  алмаймын.  Сондықтан  ол  туралы  кей  естеліктер 

үзік-үзік  болып  еске  түседі.  Барлық  оқиғалардың  басын 

қосып, біріктіре алмаймын. Кейде әкем маған көңілді адам 

сияқты  болып  көрінеді  де,  кейде  ашуланшақ  болып  елес-

тейді.  Көңілді  жүреген  кездері  әрбір  сөзіне  әзіл  қосып, 

айналасындағыларды күлдіріп отыратын. Ал ашулы кездері 

оның маңына жолау қиын. Ол кез- келген оқиғаны жүрекпен 

қабылдап,  ой  елегінен  өткізетін.  Былай  қарасаңыз,  ол 

жүрекке алатындай маңызды нәрсе емес. Бірақ ол бәрібір 

оны солай ауыр қабылдайды. Сондықтан болар, оның өмірі 

қайшылыққа  толы  болды.  Қазір  қарап  отырсам,  ол  бала 

секілді алданғыш, сенгіш, қорғансыз болғанға көп ұқсайды. 

Бәрінен  алданып  қалып  жүретін.  Ал  өзі  адал,  әділ  еді. 

Ешқашан  өтірік  айтпайтын,  өтірік  жазбайтын.  Сосын  әкем 

өзінің туған халқын, туған жерін өте жақсы көретін. Ол өзінің 

бұл өмірден ерте өтерін сезген жоқ. Әйтпесе, туған жері – 

Нарынқолға барып, аунап-қунап жатып, туған-туыстарымен 

арқа-жарқа болып әңгімелесер еді... 



Самал 

СоҚпаҚБаева,

жазушының қызы.

қаламгер  аға, 

Әрі досым 

Мен Бердібекті өткен 

ғасырдың  60  жылдары-

нан  білдім,  сол  кездің 

өзінде оның талантты ба-

лалар  жазушысы  екені-

нен  хабардар  едім.  Ол 

жазушылар одағында ба-

лалар әдебиеті бөлімінің 

кеңесшісі болды.  Көрікті, 

қалың  қою  қара  шашты, 

қыздар  қызығатын  жігіт 

еді.  Бөлімге  қыз-  келін-

шектер 


көп 

келетін. 

Ал  Бердібек  жазбаны 

оқиды,  қарайды.  Сөйтіп 

жүріп,  сол  келген  қыз- 

келіншектерді 

міндетті 

түрде  бір  сүймей  каби-

неттен 

шығармайтын. 



Сол 

сұлулар 


оған 

қарсылық  та  білдірмей-

тін. Қысқасы, сұлулардың 

«сүйкімді» 

серісі 

еді. 


Кейін  Б.  Соқпақбаевтың 

шығармаларын  оқыдым. 

Бердібектің 

өтінішімен 

«Өлгендер  қайтып  кел-

мейді» 


романының 

біраз 


тарауын 

орыс 


тіліне  аудардым.  Бірақ 

Әбдіжәмил  Нұрпейісов 

қайта-қайта  ақыл  беріп, 

«Бердібек  шығармаңды 

қайта қарап шық» деген-

нен  кейін    аяқталмаған 

романын  менен  қайтып 

алып, қайта қарады. Еке-

уміз көрші едік, мен Кали-

нин (қазіргі Қабанбай ба-

тыр)  көшесінің  бойында 

тұрам, ал ол сол көшеде 

тұратын. 

 

Көбінесе 



Шоқан 

Уәлиханов 

ескерткішінің 

алдында 


қыдыратынбыз.  Ол  кез-

де көзі тірі жазушылары-

мыз көп еді. Тахауи Ахта-

нов,  Әнуар  Әлімжанов, 

Әди  Шәріпов,  бәрі сол 

маңайда  жүретін.  Берді-

бек    екеуміз  көп  сырла-

сатынбыз, күн сайын сол 

жерде  бір  сағат  серуен-

деп  қайтатынбыз.  Неше 

түрлі қызық әзілдер айты-

латын. Бекеңнің өзге жа-

зушылардан  өзгешелігі 

шатаққа, 

өсек-аяңға 

жуымайтын.    Саясаттан 

да  аулақ  жүреді.  Тіпті,  

соңғы  жылдарында  га-

зет  журналдарды  да  аз 

оқитын болды. Кейде Та-

хауи  Ахтанов  «Сен  неге 

газет  оқымайсың?»  деп 

оған  бас  салатын.  Сон-

да  Бекең  “Тәке,  бәрінен 

түңілдім!”- дейтін. 

Бекең 


тым 

ерте, 


бар  –жоғы  67  жасында 

қайтыс  болды.  Қалай 

қайтқанынан  өз  басым 

хабарсызбын.    Әр  түрлі 

өсек-аяң  айтылды.  Мен 

оның  байыбына  жеткен 

жоқпын.  Білуімше,  оның 

құжаттарын  «Халық  жа-

зушысы» атағына дайын-

дап  жатқан  екен,  ол 

атағына  тірісінде  жете 

алмады.


Герольд

БельГер,

жазушы, 

аудармашы,

Б. Соқпақбаевтың 

досы.

Хантәңірі

4

g. hantaniri@mail.ru.



2014 — Жылқы  жылы,  сенбі, 11   қазан

Бердібек СоқпақБаевтың туғанына— 90 жыл



Аспантаудан ақ бұлақтар атқылап,

Экранда— туған өлке, бақ, қырат...

Қостөбедегі  білім ошағы

Қостөбе 


ауылындағы 

бастауыш  мектеп  1987  жылы 

салынған.  Білім  ошағы  1994 

жылы  орталау  мектеп  болып, 

1997 

жылдан 


бастауыш 

білім  беру  жүйесіне  көшті. 

Қазір  мектептегі  3  сынып 

комплектісінде    26  бала  білім 

алуда. Шәкірттерге 4 жоғарғы 

білімді    мұғалім  сабақ  береді. 

Мұнымен  қатар  1  медбике, 

7  техникалық  қызметкерлер 

жұмыс істейді.

Ауылға 


2014 

жылдың 


1  қаңтарынан    Газ-  3132 

автокөлігі  бөлініп,  25  бала 

Нарынқолға  тасымалданып, 

оқытылады.  Қазақ  балалар 

әдебиетінің  классигі  Берді- 

бек  Соқпақбаевтың  туған 

ауылының  білім  ошағында 

ұстаз 


болу 

бізге 


зор 

жауапкершіліктер 

жүк-

тейді.  Сондықтан  да  бар 



күш-жігерімізді 

Бердібек 

ағамыздың 

ізбасарларына  

сапалы  білім,  саналы  тәрбие 

беруге жұмылдырамыз.



Эльзира Үшкемпірова, 

Қостөбе бастауыш мектебінің 

меңгерушісі.

Жадымызда Қалатын Қымбат сәт

Қайда  жүрсең  де,  туған 

Отанның  қай    қиырында  өмір 

сүрсең  де,  кіндігіңнің  қаны 

тамған қасиетті туған жерің, өскен 

ортаң,  қанатыңды  жазып  түлеген  

ұяң,  ұшқан  мектебің  мөлдіреп 

жанарыңда,  жүрегіңде  тұратыны 

шындық.  Оған    жетер  мынау 

жарық    дүниеде  ештеңе  жоқ. 

Бойыңдағы    барыңды,  ойыңдағы 

нәріңді,  қолыңнан    келген 

жақсылығыңды 

қарлығаштың 

қанатымен су  сепкендей соған арнасаң артық  етпейді. 

Жер    жаннаты  Жетісудың  төрі,  жауһар  мекені  саналатын 

ауданымыздағы  мемлекеттік  шекараның  дәл  шетіндегі  Нарынқол  мен 

Қостөбе ауылы үшін осы  жылдың орны бөлек болып тұр. Ұлтымыздың  

біртуары,  қазақ  балалар    әдебиетінің  классигі,  биік  бәйтерегі,  тамаша 

талант, шоқтығы биік  қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың  90 жылдығы 

өлкемізге  аяқ  басты.  Бұл    Нарынқол  өңіріндегі    Бердібектің  атымен 

аталатын біздің мектеп үшін  барша  ұстаздары мен түлектері үшін ерекше 

қуаныш, жадымызда  мәңгі қалатындай қымбат сәт болып тұр.

Мектебіміз  1959-  1960  оқу  жылында  бастауыш  мектеп  болып 

ашылды.  1960-  61  оқу  жылында  жеті  жылдық  мектеп  болып,  1962- 

1963  оқы  жылдары    сегіз  жылдық  мектеп  дәрежесін  алды.  1982-  1983 

оқу  жылынан  бастап  орта  мектеп,  1993  жылы  аудандық  әкімшіліктің 

шешімен    Б.Соқпақбаев    атындағы  мектеп-  гимназия  болып  құрылды. 

1994  жылы  тамыз  айында  Соқпақбаевтың  70  жылдық  мерейтойына 

орай мектеп алдына Б.Соқпақбаевтың ескертіші орнатылды. 2002 жылы 

облыстық әкімдіктің шешімімен орта мектеп болып бекітілді. 2004 жылы 

Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай мектебімізде мұражай 

ашылды. Бірінші қабатта орналасқан 1 бөлмелі мұражай биылғы жылы 

үшінші қабаттан орын тепті. І бөлменің ортасы бөлініп, 2 бөлмелі болып 

жасалды.  Стилаждар жаңартылып, Б.Соқпақбаетың туыстары мен дос- 

жарандарының үйлерінен  суреттері, жазушының өзі ұстаған дүниелері, 

радиосы, телефоны, күл салғышы, теледидары жинақталып, мұражайға 

қойылды.


Ауыл 

тұрғындарынан, 

Бердібекті  танитын    адамдардан 

сұхбат алынып, газетке естеліктер 

жарияланды.  Мектепте  90  жыл-

дыққа    байланысты    іс-  шаралар 

жасалды. Тақырыптық конкурстар 

жарияланып, 

нәжижесінде 

үлкен  көрме  ұйымдастырылды. 

Көрмеде озып шыққан оқушылар 

марапатталып,  үздік  шығармалар, 

қолөнер    бұйымдары  мұражайға 

қойылды. Оқушылардың Бердібек 

Соқпақбаевқа 

арнап 


жазған 

өлеңдері  газетке  шығып,  ел- 

жұртын қуантты.

Бердібекті  ел-  жұрты  құрметтеуде.  Бала  кезінде,  көзінің  тірісінде 

көрмеген құрметті еңбегінің арқасында бүкіл республика жұртшылығы 

көрсетіп жатыр. Қазан айында республикалық «Айқын» газетінің тілшісі 

Жексен Алпартегі алыстан ат терлетіп ауданымызыға келіп, 90 жылдыққа 

байланысты  қандай  жұмыстар  жүріп  жатқанын  анықтап,  сұхбаттасып 

кетті.  Республикалық  «Егемен  Қазақстан»,  облыстық  «Жетісу» 

газеттерінің тілшілері де Нарынқолға ат басын  жиі бұруда. Жақында ғана 

«Астана жастары»  театры  Бердібектің «Көзіме бір көрінсең бала ғашық» 

спектаклімен  жұртты    бір  дүр  сілкіндіріп,  балалық  шаққа  саяхаттатып 

кетті.

Қазақстан  телеарнасы  да ат басын бұрып, ауыл жұртшылығының  



біразымен    кездесті.  Сұхбаттасып,  мектеп    мұражайын    «Айтуға 

оңай»  бағдарламасына    түсірді.  Оқушыларымыз  Алматыда    ән  салып, 

журналистермен    Бердібек  ағамыздың    бәйбішесі  Бәшен  апаймен 

кездесіп,    танысып  қайтты.  Қарт  ұстаз,  зейнеткер,  бұрынғы  физика 

пәнінің  мұғалімі  Байділдаева  Тұрсынқан  апайымыз    90  жылдық 

мерейтойға арнап өлең шығарып, мектеп мұражайына өз үлесін қосты.

Мектебізде  «Бердібектану»  үйірмесі  тұрақты  жұмыс  істейді. 

Жетекшісі— Мұқашева Гауһар. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Құлбаева  Роза  «Бердібектану» 

үйірмесінің авторлық бағдарлама-

сын  жасап,  жұмыс  дәптерінде 

шығаруға дайындап қойды.

Ақпан 

айында 


өткен 

«Бердібек 

шығарамаларының 

бала  тәрбиесіндегі  рөлі»  атты 

педагогикалық  оқуда  Құлбаева 

Роза  бас  жүлдені  жеңіп  алған 

болатын.

Иә,бұл  педагогикалық  оқуға 

атсалықан  М.Мақатаев  атындағы 

орта  мектептің  ұстазы  Кемелбай 

Сағымбеков    пен  Н.Өмірзақов 

атындағы  орта  мектептің  ұстазы 

Дария 

Байсынова 



Бердібек 

шығармаларын  әдебиетке    пайдаланумен  бірге  сөз  зергері,  үлкен  ақын 

екенін  дәлелдеп,  педагогикалық  зерттеу  жұмысын  өлеңмен    қорғап  

шықты. 


  Бұл  оқуға  жазушы    еңбектеріне  зерттеу  жұмысын  жүргізіп,  бала 

тәрбиесіне үлкен үлес қосып келе  жатқан О. Жандосов атындағы орта 

мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ноғайбаев Құдайберген ағамыздың да 

қосқан еңбегі  зор.

Сәуір айында  Алматы қаласындағы  кітап мұражайында  Бердібек 

Соқпақбаевтың  90  жылдығына  арналған    көрме  бұрышы  ашылды.

Біздің  мектеп    жазушының  жеке  ұстаған  заттарын    алып  барып,  үлес 

қосып  келді.  Мұражайды  жабдықтау  жұмыстары  әлі  де  жалғасын 

табуда.  Алдымызда  келе  жатқан  дүбірлі  тойға    дайындық  қызу  жүріп 

жатыр. Сөзімнің соңында талантты жазушы ағамыздың мерейтойымен 

аудандағы  мыңдаған  оқырмандарын  мектеп  ұжымы  атынан  шын 

жүректен құттықтаймын!



Г.Талипова,

 Б.Соқпақбаев атындағы орта

 мектептің директоры.

бірбеткей, 

шыншыл еді

Бердібекті  мен  бала  кезімнен  жақсы  білемін.  Оның  өмірі 

заманның  қиын  кезеңіне  келген  адам  ғой.  Анасы  ерте  қайтыс 

болып,  жетімдіктің  қиындығын  бастан  кешті.  Кейін  әкесі 

Ыдырыс Бәймен руынан Тұрлыбақ деген кісінің қызына үйленді. 

Мен осы рудан болғандықтан әкесіне жезде дейтінмін.

Бердібектің  менен  5  жас  үлкендігі  бар  еді.  Қостөбеден  15-

20  шақырымнан  бірде  өгізбен,  бірде  жаяулатып  Нарынқол 

орта  мектебіне    келіп  оқыды.  Мен  бірінші  класқа  барғанда  ол 

5-6  класта  менің  әпкем  Мүсәпірова  Әлімханмен  1  класта,  1 

партада  бірге  отыратын.  Бердібек  ҚазПИ-ді  бітіргеннен  кейін 

1949  жылы  Нарынқол 

орта  мектебіне  мұғалім 

болып келді. Сол кезеңде 

Кенесары  ханды  жазған 

тарихшы  Қ.  Бекмаханов 

қуғындалып,  1952  жылы 

Нарынқолға 

келіп 

мектепте  сабақ  берді. 



Ол  Бердібектің  үйінде 

жүрді.  Қ.  Бекмаханов 

тарихи 

шындықты 



қуаласа, 

Бекең 


де 

бірбеткей, 

шыншыл 

адам еді. Екеуінің мінезі 



табысып  кетті.  Бекең  ауылда  жазып  жүрді.    Екі  кісінің  басы 

қосылса, күлдіріп сөйлейтін. Үлкен кісіге төмен қарап айтатын. 

Бұл үлкенді сыйлағанынан болар. Әдемі, қара бұйра шашты еді. 

Киімді де әдемі, талғаммен киетін.

Менің  ойымша  «Менің  атым  Қожа»,  «Өлгендер  қайтіп 

келмейді»  шығармаларының  кейіпкерінің  бастан  кешкендері 

Бекеңнің өз өмірінен алынған.  Әлем таныған атақты жазушының 

80  жылдық  мерейтойы  солғындау  өтті.  Себебі,  оған  бөлінген 

қаржы орта жолдан жетпей қалды деп естиміз. Жазушының 85 

жылдығы таяғанда ақын Еркін Ібітанов екеуміз сол кездегі облыс 

әкімі Серік Үмбетовке Қостөбеге Бердібек Соқпақбаевтың атын 

беру  жөнінде  ұсыныс  айтқан  болатынбыз.  Серік  Әбікенұлы 

ұсынысты қабыл алды. Кейін өзі ауысып кетуіне байланысты бұл 

ұсыныс аяғына жетпей қалды. Қазір Қостөбеге Бердібектің атын 

беру  туралы  ұсыныс  облыста  қаралып  жатқанына  қуанамын 

және ел өтініші шешімін табар деп сенемін. Жас ұрпақтарымыз 

Бердібек, Мұқағали шыққан биіктерді бағытқа алып өсіп келеді. 

Олардың да өз Отанының патриоттары боларына сеніміміз мол.



Таутай еСТеуСізов, 

еңбек ардагері,  Нарынқол ауылы.

нарынқолын құрмет тұтатын

Қостөбе 


Бердібек 

ағамыздың 

кіндік 

қаны 


тамса,  Нарынқол  болашақ 

жазушының  мектеп  бітіріп, 

үлкен өмірге қанатын ұштаған 

ауыл. 


Нарынқол 

туралы 


жазушының  шығармаларында 

асқан 


сүйіспеншілікпен 

жазылған.  Бүгінде  Нарынқол 

ауылы  аудандағы  ең  ірі  елді  

мекендердің  бірі.  Халық  саны  

8643 адам. Округтің жер көлемі 

13870  гектар.  10702  гектар 

ауылшаруашылық 

жерінің 


3168 

гектары 


суғармалы. 

560 


шаруа 

қожалықтары 

шаруа 

шаруашылығымен 



айналысады.

Ауылдық 


округте 

орта  мектеп,  1  бастауыш 



мектеп,  1  спорт  мектебі,  1 

оқу-өндірістік  комбинат,  1 

аудандық  аурухана,  ЦОН, 

орман  шаруашылығы,  ПОП, 

почта,  телеком,  мәдениет  үйі, 

СЭС,  өрт  сөндіру  мекемелері 

бар.    Ауылда    738  зейнеткер, 

283 


алтын, 

күміс 


алқа 

иегерлері, 230 мүгедектер,  135 

жәрдемақы  алатын  адамдар, 

148 көп балалы аналар тұрады.

Округте жұмыссыз жастар 

саны  азайып  келеді.  Биылғы 

жылы  «Дипломмен  ауылға» 

бағдарламасы 

бойынша 

14  мамандар  мекемелерге 

орналасты.  Аураханаға  4  жас 

дәрігерлер, мектептерге 14 жас 

мамандар келді.

Халқымызға 

белгілі 

жазушы 


ағамыз 

Бердібек 

Соқпақбаевтың  туған  ауылы 

Қостөбенің орталық көшесіне 

2014  жылы  жарық  шамдары 

орнатылды. 

Ауылдағы 

мектептің  жылу  жүйесі  қайта 

жасалды.  Нарынқол-Қостөбе 

автокөлік  жолы  жөндеуден 

өткізілді. 

Дараты 


каналы 

жасалуының 

нәтижесінде 

Қостөбе  ауылының  шаруа 

қожалықтары    егіске  суды 

мезгілінде  беріп,  бидайдың 

әр гектарынан 25 центнерден, 

арпадан 


23 

центнерден, 

картоптан    200  центнерден 

өнім  алды.  Бірлігі  жарасып, 

берекесі  тасыған  ауылдың 

келешегі 

жарқын, 

алар 


асулары алда.

 Бақберген 



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 419.84 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет