Бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға



жүктеу 312.92 Kb.

бет1/3
Дата02.05.2017
өлшемі312.92 Kb.
  1   2   3

Қазақстан Республикасы 

Президентінің 

2005 жылғы 23 желтоқсандағы 

№ 1686 Жарлығымен 

БЕКІТІЛГЕН 

  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға 



 арналған мемлекеттік бағдарламасы 

  

Мазмұны 

  

1.   Бағдарламаның паспорты 

2.   Кіріспе 

3.   Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 

4.   Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 

5.   Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 

5.1. Азаматтар  мен  қоғамның  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  сыбайлас  жемқорлықтан 

қорғауды қамтамасыз ету 

5.2. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру 

5.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандарын, əдістерін жəне құралдарын оңтайландыру 

5.4. Азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау 

5.5. Қазақстанның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастығын 

кеңейту жəне жандандыру 

5.6. Бағдарламаны іске асыру тетігі 

6.   Қажетті ресурстар жəне оларды қаржыландыру көздері 

7.   Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нəтижелер 

  

Бағдарламаның паспорты 



  

Бағдарламаның атауы 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 

2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік 

Бағдарламасы 

  

Əзірлеу үшін негіздеме 



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті 

 күшейту, мемлекеттік органдар мен 

 лауазымды адамдар қызметіндегі тəртіп пен 

 реттілікті нығайту жөніндегі шаралар 

 туралы» Қазақстан Республикасы 

 Президентінің 2005 жылғы 14 сəуірдегі 

 № 1550 Жарлығы, Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 

қаулысымен бекітілген Қазақстан 

 Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға 

 арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 

 Іс-шаралар жоспары 

  

Негізгі əзірлеушілер 



Қазақстан Республикасының Үкіметі, 

Қазақстан Республикасы Экономикалық 

қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрес агенттігі (қаржы полициясы) 

  

  

Мақсаты 



Мемлекеттік органдардың жəне азаматтық 

 қоғам институттарының қызметін 

 үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен 

 қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас 

 жемқорлық деңгейін төмендету 

  


Міндеттері 

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

Іске асыру мерзімі 



  

  

  



  

Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері 

Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, 

 бостандықтары мен заңды мүдделерін 

 сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз 

 ету; 


 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының 

 алдын алу, анықтау жəне жолын кесу 

 жөніндегі нормативтік құқықтық базаны 

 жетілдіру; 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 

 нысандарын, əдістерін жəне құралдарын 

 оңтайландыру; 

 азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара 

 іс-қимыл жасау; 

 Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа 

 қарсы күрес саласындағы халықаралық 

 ынтымақтастығын кеңейту жəне жандандыру 

  

2006-2010 жылдар 



1-кезең: 2006-2008 жылдар, 

2-кезең: 2009-2010 жылдар 

  

  

Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің 



қаражаты қаржыландыру көздері болып 

табылады. Республикалық бюджет қаражаты 

есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар 

бойынша шығыстардың көлемі тиісті қаржы 

жылына арналған республикалық бюджет 

туралы Қазақстан Республикасының заңына 

сəйкес айқындалатын болады 

  

  



Күтілетін нəтижелер 

Бағдарламаның кезең-кезеңмен іске асырылуы 

мыналарды: 

бірінші кезеңде (2006-2008 жылдар): 

елімізде əлеуметтік жəне саяси 

тұрақтылықты одан əрі нығайтуды; 

мемлекеттік басқару органдарының рұқсат 

беру жəне əкімшілік өкілеттіктерін 

оңтайландыруды; 

азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке 

сенімінің артуын; 

азаматтардың сыбайлас жемқорлықтан 

қорғанушылық деңгейін арттыруды; 

қоғам мен билік, бизнес пен билік 

арасындағы диалогты кеңейтуді жəне 

тереңдетуді; 

сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 

ақпаратқа билік органдарының жəне 

лауазымды тұлғалардың міндетті түрде жедел 

ден қоюын; 

 қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

көзқарасты жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

қызметті танымал етуді одан əрі дамытуды; 

көлеңкелі экономиканың ауқымын қысқартуды; 

екінші кезеңде (2009-2010 жылдар): 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат 

жүргізуде үкіметтік емес ұйымдар, саяси 

партиялар жəне қоғамдық бірлестіктер 



белсенділігінің өсуін; 

экономиканың одан əрі өсуі жəне 

инвестициялық ахуалды жақсарту үшін жағдай 

жасауды; 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 

саласындағы халықаралық ынтымақтастықты 

кеңейтуді; 

мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін 

нығайтуды қамтамасыз етеді 

  

  



2. Кіріспе 

  

Қазақстан  сыбайлас  жемқорлықтың  əлеуметтік-экономикалық  даму,  нарықтық  экономиканы  құру,  инвестициялар 

тарту  процесін  баяулататынын  жəне  демократиялық  мемлекеттің  саяси  жəне  қоғамдық  институттарына  кері  əсер 

ететіндігін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін сезінеді. 

Қазақстан  Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  елдері  арасында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың 

заңнамалық  базасын  жəне  жүйесін  əзірлеуде  алдыңғы  қатарлы  орын  алады. 1998 жылғы 2 шілдеде  "Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің 2006-2010 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  (бұдан  əрі - 

Бағдарлама)  Қазақстанның 2030 жылға  дейінгі  Даму стратегиясын, "Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы" 

Қазақстан  Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңын, "Қазақстан  экономикалық,  əлеуметтік  жəне  саяси  жедел 

жаңару  жолында"  атты  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын,  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 10.25-тармағын іске асыруға 

бағытталған.  Еңбек  пен  қаржы  ресурстарының  теңгерімділігі  жəне  іс-шаралардың  қосарлас  жүргізілуін  болдырмау 

мақсатында  осы  Бағдарлама "Қазақстан  Республикасында  көлеңкелі  экономиканың  ауқымын  қысқарту  жөніндегі 

экономикалық 

саясат 

пен 


ұйымдастыру 

шараларының 



2005-2010 

жылдарға 

арналған 

негізгі 

бағыттары" жəне "Қазақстан  Республикасында  2005-2007  жылдарға  арналған  экономика  саласындағы  құқық 

бұзушылықтарға қарсы күрес" бағдарламаларымен үйлестірілген. 

Бағдарлама  мынадай  функционалдық  қағидаттардың:  кешенділіктің,  жүйеліліктің,  сабақтастықтың,  іске 

асырылушылық пен атаулылықтың, пəрменділік пен нəтижеліліктің орындалуына негізделеді. 

  

3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 



  

Сыбайлас жемқорлық əлеуметтік құбылыс ретінде саяси дамуына қарамастан қазіргі кезде əлемнің барлық елдерінде 

əлі де бар жəне олардың тек ауқымымен ғана ерекшеленеді. 

Қазақстанда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  басымдықтарының  бірі  ретінде 

айқындалған. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан 

Республикасы  Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы  № 534 Жарлығына сəйкес  сыбайлас  жемқорлық  көріністеріне 

қарсы күрес жүйелі жəне кешенді сипат алды. Мəселен, орталық мемлекеттік органдардың функцияларының бір бөлігін 

өңірлерге жəне жекеше секторға кезең-кезеңмен бере отырып, олардың функцияларын біртіндеп орталықтан алу жүзеге 

асырылуда, монополия саласы қысқартылуда жəне мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бəсекелестікті дамыту үшін 

жағдайлар  жасалуда,  халыққа  қызмет  көрсету  кезінде  "жалғыз  терезе"  қағидаты  енгізіліп  отыр.  Мемлекеттік 

қызметшілерді  конкурстық  іріктеу  рəсімдерінің  айқындылығы  мен  объективтілігі,  олардың  мəртебесіне  байланысты 

шектеулерді  сақтау  қамтамасыз  етілген,  іскерлік  қабілеті  мен  кəсібилігіне  негізделген  қабылдау  жəне  ілгерілету 

қағидаттары 

енгізілуде. 

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы 

№ 

1567 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі бекітілді. 



2005  жылғы 8 шілдеде  "Мемлекеттік  қызмет  туралы"  Қазақстан  Республикасының Заңына өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізілді, онда сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаған тұлғаларды мемлекеттік қызметке алуға тыйым 

салатын  нормалар  көзделген,  саяси  мемлекеттік  қызметшілерді  ротациялау  институты  енгізілген,  ол  халыққа  жəне 

ұйымдарға  тікелей  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  деңгейінде  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алудың  тиімді  құралы 

ретінде қызмет етеді. Сыбайлас жемқорлықтың көзі - "көлеңкелі экономикаға" қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жүзеге 

асырылуда.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  Қазақстан  Республикасы  Экономика  жəне  бюджеттік  жоспарлау 

министрлігі əзірлеген "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың ауқымын қысқарту жөніндегі экономикалық 

саясат  пен  ұйымдастыру  шараларының 2005-2010 жылдарға  арналған  негізгі  бағыттары" бағдарламасын қабылдады. 

Қазақстан  Республикасында  "электрондық  үкімет"  қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға  арналған мемлекеттік 

бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдар мен халықтың мемлекеттік қызметшілермен байланысын қысқартатын, 

сыбайлас жемқорлықтың көлемін азайтатын бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қызметі  мемлекет  пен  Қазақстанның  қоғамдық  бірлестіктері  арасындағы 

серіктестік  байланыстарды  "мемлекеттік сектордан  қоғамдыққа,  жекеге"  деген  қағидат  бойынша  сындарлы  дамыту  мен 

нығайтуға бағытталған. Кəсіпкерлердің бірыңғай пікірін білдіретін жəне олардың мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын 

үкіметтік  емес  қоғамдық  бірлестіктердің  заңды  құқығын  күшейтуге  жəне  арттыруға  ерекше  көңіл  бөлінген.  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы  № 1401 

қаулысымен сыбайлас  жемқорлық  құқық 


бұзушылықтарына  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  тиісті  іс-шаралар  көзделген  Қазақстан  Республикасында  экономика 

саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. 

Өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəслихаттар бекіткен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері облыстардың, Астана жəне Алматы қалалары əкімдіктерінің, сондай-ақ 

облыстық  жəне  оларға  теңестірілген  прокурорлар  жанындағы  құқық  қорғау  органдары  үйлестіру  кеңестерінің 

отырыстарында  ұдайы  қаралады.  Тəртіптік  кеңестер  қабылдайтын  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  жасаған 

тұлғаларды  жазалау  туралы  шешімдердің  пəрменділігін  арттыру  жəне  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

мəселелерінде  тəртіптік  кеңестердің  қызметін  үйлестіруді  күшейту  мақсатында  олар  Қазақстан  Республикасы 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қарауына берілді. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тəртіп 

пен  реттілікті  нығайту  жөніндегі  шаралар  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2005 жылғы 14 сəуірдегі  № 

1550 Жарлығына сəйкес  қолданыстағы  заңға  тəуелді  нормативтік  құқықтық  актілерге  оларда  сыбайлас  жемқорлық 

қылмыстарға жағдай жасайтын нормалардың болуы мəніне тексеріс жүргізілді. Тексеріс 1991-2004 жылдар аралығында 

қабылданған жəне əділет органдарында тіркелген 5126 заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді қамтыды. Тексеріс 

барысында  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтарға  жағдай  жасайтын  нормалары  бар  немесе  Қазақстан 

Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес келмейтін 230 нормативтік құқықтық акт, оның ішінде Үкіметтің 35 

қаулысы, 41 ведомстволық бұйрық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың 154 қаулысы мен шешімі анықталды. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласында  халықаралық  ынтымақтастық  дамуда.  Шет  мемлекеттердің  құқық 

қорғау  органдарымен  жəне  арнайы  қызметтерімен,  халықаралық  үкіметтік  емес  ұйымдармен  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  мəселелері  бойынша  ынтымақтастықты  жəне  өзара  іс-қимылды  жолға  қою  мен  нығайту  жөнінде  жұмыс 

жүргізілуде. 

2004  жылғы 14 желтоқсанда  Экономикалық  жəрдемдесу  жəне  даму  ұйымы  (ЭЖДҰ)  кеңесші  тобының  бірауызды 

шешімімен  Қазақстан  Республикасы  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жөніндегі  іс-қимылдың  Стамбул  жоспарына 

енді. Халықаралық ұйымдар өкілдері мен жұртшылық мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы 

саясатын оң бағалады, сондай-ақ республиканың халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуын атап өтті. 

2005 жылғы 20-21 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың Стамбул жоспарына сəйкес 

Париж қаласында (Франция) кеңесші топтың кездесуі өткізілді, онда Қазақстанда жəне Ресей Федерациясында сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнамалық-құқықтық жəне институционалдық база туралы ақпарат ұсынылды. 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасының  "Сыбайлас  жемқорлық  үшін  қылмыстық  жауапкершілік  туралы" 

(Страсбург, 1999 жылғы 27 қаңтар), "Қылмыстық  жолмен  алынған  табыстарды  жылыстату,  анықтау,  алу  туралы" 

(Страсбург, 1990 жылғы 8 қараша)  халықаралық  конвенцияларға,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы конвенциясына (2003 жылғы 31 қазан) қосылуы жөніндегі жұмыс жалғасуда. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің 2001-2005 жылдарға  арналған мемлекеттік  бағдарламасын іске  асыру 

барысында қол жеткізілген оң нəтижелермен қатар мынадай шешілмеген проблемалар да бар. 

Біріншіден,  заңнамалық  актілердегі  құқықтық  олқылықтар  мен  сілтеме  нормаларының  едəуір  санының  болуы 

мемлекеттік органдардың жекелеген лауазымды адамдарға негізделмеген кең өкілеттіктер беретін ведомстволық актілерді 

қабылдауына мүмкіндік береді. Бірінші кезекте толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қажет ететін заңнамалық актілерге 

Қазақстан  Республикасының Жер  кодексін, "Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы", "Мемлекеттік  сатып 



алу туралы""Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының заңдары мен рұқсаттар беруді регламенттейтін басқа 

да нормативтік құқықтық актілерді жатқызуға болады. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласын  реттейтін  нормативтік  құқықтық  актілерді  халықаралық  шарттармен 

жəне келісімдермен одан əрі біріздендіру талап етіледі. 

Екіншіден,  əкімшілік  рəсімдерді,  ең  алдымен,  салық  жəне  кеден  ережелерін  одан  əрі  жеңілдету  қажет.  Сыбайлас 

жемқорлықты  азайту  үшін  олар  қарапайым,  анық  жəне  жалпыға  белгілі  болуы  қажет.  Ақпарат  пен  құжаттамаға 

қойылатын талаптарды ең төменгі деңгейге жеткізу қажет. 

Əкімшілік  рəсімдерді  жетілдіру  лауазымды  тұлғалар  мен  клиенттердің  жеке  байланысын  шектеуге,  сондай-ақ 

белгіленген есептілік нысандары мен санкциялардың қысқаруына əкелуге тиіс. 

Үшіншіден,  адам  ресурстарын  басқару  тиімділігінің  жетіспеуі  орын  алуда.  Əкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық 

бұзушылықтарының  сот  практикасын  талдау  кінəлілердің  көпшілігі  төменгі  буындағы  мемлекеттік  қызметшілер  екенін 

көрсетіп  отыр.  Олардың  жалақысының  деңгейі  мен  əлеуметтік  қорғалмауы  сыбайлас  жемқорлықтың  экономикалық 

алғышарттарын жасайды. 

Бұл  мемлекеттік  секторда  жұмыс  істейтіндерге  жоғары  кəсіби  талаптарды  белгілеуге,  сондай-ақ  мемлекеттік 

қызметшінің іскерлік қабілеті мен кəсібилігін объективті əрі алаламай бағалауға негізделген еңбекақы төлеу мен қызметте 

жоғарылату жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін енгізуді көздейді. 

Төртіншіден,  мемлекеттік  органдарда  сыбайлас  жемқорлықтың  пайда  болу  себептері  мониторингі  жоқ.  Сыбайлас 

жемқорлық факторлары мен тетіктерін қадағалау, оның деңгейі мен құрылымын бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс-шаралардың тиімділігін талдау қажеттігі оны енгізуді талап етеді. 

Мұндай  бағалау  сыбайлас  жемқорлық  көріністерін  алдын  алу  мақсатында  орталық  мемлекеттік  жəне  жергілікті 

атқарушы органдарда ішкі бақылаудың енгізілетін жүйелері үшін негіз болады. 

Бесіншіден, соңғы жылдар тəжірибесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мəселелерінде азаматтық 

қоғамның  белсенділігі  мен  хабардарлығының  қажетті  деңгейінің  болмауын  көрсетуде.  Осыған  байланысты  осы 

Бағдарламаны  іске  асыруда  азаматтық  қоғам  институттары  қатысуының  тетіктерін  жасау  талап  етіледі.  Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  барысы  туралы  жұртшылықты  хабардар  етудің  жалпы  қолжетімді  жəне  тиімді  рəсімдерін 

енгізудің маңызы да кем емес. 

Алтыншыдан,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастықтың  деңгейі 

жеткіліксіз.  Осыған  байланысты  құқық  қорғау  органдарының  халықаралық  ынтымақтастық  нысандарын  кеңейту  жəне 



Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жəне заңға қайшы жолмен алынған ақшалай қаражатты 

заңдастыруға  қарсы  іс-қимыл  саласындағы  негізгі  халықаралық  конвенцияларға  қосылуы  жөніндегі  жұмысты 

жандандыру қажет. 

  

  



4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 

  

Мемлекеттік  органдардың  жəне  азаматтық  қоғам  институттарының  қызметін  үйлестірудің  тиімділігін  жетілдіру 

арқылы  қоғам  өмірінің  барлық  салаларында  сыбайлас  жемқорлық  деңгейін  азайту  Бағдарламаның  мақсаты  болып 

табылады. 

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет: 

азаматтар  мен  қоғамның  құқықтарын,  бостандықтарын  жəне  заңды  мүдделерін  сыбайлас  жемқорлықтан  қорғауды 

қамтамасыз ету; 

сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтарының  алдын  алу,  анықтау  жəне  жолын  кесу  жөніндегі  нормативтік 

құқықтық базаны жетілдіру; 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандарын, əдістерін жəне құралдарын оңтайландыру; 

азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасасу; 

Қазақстанның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастығын  кеңейту  жəне 

жандандыру. 

  

  



5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 

  

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  саясат  өмірдің  түрлі  салаларында  сыбайлас  жемқорлықты  тудыратын  жəне 

мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық əрекет жасауға итермелеп, мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды 

барынша  азайту  жөніндегі  мемлекеттің  жəне  қоғамның  жан-жақты  жəне  дəйекті  шараларын  əзірлеуді  жəне  жүзеге 

асыруды көздейді. Дегенмен, ұсынылып отырған негізгі бағыттар толымды болып саналмайтынын ескеру керек. Олар тек 

жекелеген  іс-шараларды  жүзеге  асыру  бойынша  ғана  емес,  сонымен  қатар  сыбайлас  жемқорлық  құбылысын,  оның 

себептерін,  сыбайлас  жемқорлық  іс-əрекетінің  салдарын  терең  талдау,  тура  жəне  жанама  экономикалық  жəне  басқа 

шығындарды салиқалы жəне объективті бағалаудың нəтижелері ескеріле отырып түзетілуі қажет. 

1-кезеңде (2006-2008 жылдар)  мемлекеттік  органдардың  шешімдер  қабылдауының  ақпараттық  ашықтығын 

қамтамасыз  ету  жөніндегі  шаралары  іске  асырылатын,  мемлекеттік  басқару  органдарының  рұқсат  беру  жəне  əкімшілік 

өкілеттіктерін  оңтайландыру,  сондай-ақ  мемлекеттік  сатып  алудың  электрондық  нысандары  жүйесіне  өту  негізінде 

мемлекеттік  сатып  алу  жүйесін  реформалау  процестері  аяқталатын,  мүдделерге  қолдау  көрсету  жəне  лауазымды 

тұлғалардың  функционалдық  міндеттерін  орындауы  кезінде  олардың  мүдделері  қақтығысының  алдын  алу  процестерін 

құқықтық  реттеу  енгізілетін  болады.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  қызметке  азаматтық  қоғам  ұйымдарын  тарту 

процестеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы саласында құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің 

қалыптасуына ерекше көңіл бөлінетін болады. 

2-кезеңде (2009-2010 жылдар) нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізудің 

тиімді  тетігін  енгізуді,  бюджет  қаражатының  жұмсалуына  қоғамдық  бақылау  жүйесін  құруды,  азаматтық  қоғам 

институттарына  жекелеген  рұқсат  беру  функцияларын  беруді,  ақшалай  қаражаттың  қолма-қол  айналымын  барынша 

қысқарту  жəне  заңсыз  жолмен  алынған  ақшалай  қаражатты  заңдастыруға  қарсы  іс-қимыл  жөнінде  шаралар  енгізуді 

аяқтау  көзделген.  Мемлекеттік  органдар  мен  кəсіпкерлік  субъектілері  өзара  іс-қимылының  нысандары  мен  тетіктерін, 

сондай-ақ  сот  шешімдерін  қабылдаудың  ашықтығына  жəне  олардың  уақтылы  орындалуына  жəрдемдесетін  рəсімдерді 

нақты құқықтық регламенттеу жүзеге асырылатын болады. 

  

  



5.1. Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен 

заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету 

  

Алға қойған міндетті іске асыру үшін: 

электрондық  мемлекеттік  қызметтерді  енгізу  жолымен  азаматтарға  жəне  ұйымдарға  қызметтер  көрсетудің  сапасын 

жақсарту мен мерзімін қысқарту жəне мемлекеттік электрондық деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету; 

сот шешімдерін қабылдаудың ашықтығына жəне олардың уақтылы орындалуына жəрдемдесетін рəсімдерді енгізу; 

бюджетті  əзірлеу  мен  оның  атқарылуының  ашықтығын,  сондай-ақ  азаматтар  мен  ұйымдардың  мемлекеттік 

қаражатты бөлу жəне пайдалану туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін құқықтық жəне əкімшілік тетіктерді 

дамыту; 


азаматтық қоғам институттарына бірқатар арнайы рұқсат беру функцияларын дəйекті түрде беруді қамтамасыз ету; 

жеке кəсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуді нақты құқықтық регламенттеуді қамтамасыз ету; 

мемлекеттік органдардың қызметтер ұсыну ережелерін əзірлеу; 

сыбайлас жемқорлық көріністері мен мемлекеттік қызметшілер мүдделерінің қақтығысының алдын алу үшін орталық 

мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдарда ішкі бақылау жүйесін құру; 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманың  сақталуы  саласында  құқықтық  сана  мен  құқықтық  мəдениеттің 

қалыптасуы жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің нəтижелері туралы 

жұртшылықты хабардар ету қажет. 


  



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал