БӘйтерек қайраткер ақын Жаппар Өмірбек 85-те



жүктеу 51.22 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.09.2017
өлшемі51.22 Kb.
#11682

БӘЙТЕРЕК 

Қайраткер ақын Жаппар Өмірбек - 85-те 

Өткен  ж ы л д ы ң соңына 

қарай  қ а з а қ т ы ң белгілі 

а қ ы н ы ,  Қ а з а қ теледидары-

н ы ң негізін  с а л у ш ы л а р д ы ң 

б і р і , Қарқаралы  қ а л а с ы н ы ң 

Құрметті  а з а м а т ы Жаппар 

Өмірбек 85  ж а с қ а толды. 

Ақын 1920 жылы 20 қараша-

да Қарағанды облысының 

Қарқаралы ауданы Бесоба 

ауылдық аумағының Қамқор 

аулының Ақжал қыстауында 

дүниеге келген. 1932 жылы елді 

ашаршылық жайлағанда 

қыстың қақаған аязында әке-

шешесімен бірге жол азабын 

тартып Қарағандыға келеді. 

Әкесі шахтаға түсіп, жан 

сақтайды. Жәкең мектепке оқуға 

барады. 1939 жылға дейін 

Жамбыл атындағы орта мектеп-

те оқиды, 1942 жылы Қараған-

дының мұғалімдер институтын 

бітірген соң Тельман аулында 

мұғалім, мектеп директоры, 

республикалық «Социалистік 

Қазақстан» газетінің меншікті 

тілшісі болады. Сәкен 

Сейфуллиннің, Ахмет Бай-

тұрсыновтың шығармаларын 

оқығаны үшін 1944 жылы 

репрессияға ұшырағанын айта 

кету лазым. 1947 жылы Қазақ 

мемлекеттік университетін 

тәмамдағаннан кейін, «Жұлдыз» 

(«Ә ж И») журналында бөлім 

меңгерушісі, Мемлекеттік қазақ 

теледидары және радио 

комитетінің бас редакторы, 

«Жазушы» баспасының редак-

ция меңгерушісі болып істейді. 

1982 жылдан бері шығармашы-

лық жұмыста, әрі еңбек 

зейнеткері. 

Жаппар Өмірбектің алғашқы 

өлеңдері «Қарағанды комсомо-

лы» газетінде жарияланған, 

тұңғыш кітабы «Алғашқы сөз» 

деп аталады. 1958 жылы 

« Батырдың қалыңдығы» 

дастаны жарияланды, кейін ол 

«Невеста героя» деген атпен 

Мәскеуде орыс тілінде шықты. 

«Мың терезе», «Жер ұшқында-

ры», «Шуақты күндер», «Заман-

дасым сырласым» -

кеншілердің Қазақстан магнит-

касы құрылысшыларының ерлік 

еңбектері мен өмірлерін мұқият 

зерттеудің игі жемісі, «Ерлік пен 

махаббат» роман-дастаны 

(1966) Кеңес Одағының Батыры 

Нүркен Әбдіровтің және сол 

тұстағы жастардың асқан 

ерліктерін суреттейді. 

Ж.Өмірбектің еңбек адамы, 

әсіресе, жастардың ерлік 

тұлғаларын суреттейтін 

кітаптарынан - «Ер туралы жеті 

жыр», «Замандасым сырласым», 

«24 сағат», «Оқ астында туған 

қыз», Батырдың қалыңдығы» 

поэмаларын, «Қызыл су», 

«Тастүйін», «Сөнбейтін шоқ» 

хикаяттарын атап айтуға 

болады. Соңғы үш хикаяттан 

тұратын романында Отан 

соғысы жылдарындағы елдің, 

ауыл адамдарының әрі 

кеншілердің ауыр тұрмысын, 

қажырлы қайрат, нысаналы, 

өнегелі өмірлерін шынайы 

сипаттайды. 1960 жылы ақын-

ның «Оқ астында туған қыз» 

телепьесасына Бүкілодақтық 

конкурста телерадио 

мемлекеттік Комитетінің бірінші 

сыйлығы, әрі дипломы берілді. 

Сол жылдары Сәкен 

Сейфуллиннің революциялық 

күресін суреттейтін «Азаттық 

жолында» және «Махаббат 

үзілмейді» телепьесаларының 

қойылымдары да көрермендер-

ге ұнаған болатын. 

Үш хикаяттан тұратын 

«Сөнбейтін шоқ» романы 

оқырмандар жүрегіне жол 

тапқан, ел басына түскен 

сұмдық ауыртпалықтан шығу 

үшін жанталасқан уақыттың 

куәсі болған адамның ой 

елегінен өткізетін деректі 

уақиғаларға толы, қызықты, 

күрделі шығарма. Ал соңғы 

жарық көрген «Қызыл қырғын» 

романы 1932 жылы Қарағанды-

да қыр қазақтарының қалай 

қырылғанын ақын аяныш сезім, 

күйініш көзімен суреттейді. 

Голощекин әдейі душар қылған 

қырғынды куәлі бейнелеген. 

1980 жылы Жаппар 

Өмірбектің «Перзенттерім» деп 

аталған екінші тандамалысы 

жарық көрді. Бұл кітап автордың 

жарты ғасырлық поэзиясының 

жинақтық көрінісі. Осында жастық 

шақ лирикасы, желілі жыр, 

эпостық сарындағы поэмалардың 

әр түрлісін жариялап, ақын 

оқырмандарын өз шеберлігімен 

таныстырған. Жаппар Өмірбектің 

шығармаларының негізгі тақыры-

бы - қарапайым адамдардың 

тыңғылықты еңбегі, Отан қорғау-

дағы ерлігі, табиғат сыры, жан 

сұлулығы, адамгершіліктің сұрқия 

сұмдықпен тынымсыз күресі. 

Шығармашылығының тағы бір 

саласы - балалар поэзиясы. Оның 

«Елеусіз» атты әңгімелер жинағы 

жас оқырмандардың жүрегіне 

жол тапқан болатын. Балалар 

поэзиясы қашанда нақтыльгқты, 

заттылықты, қызық ойды, 

еліктіргіш сюжетті талап ететіні 

белгілі. Ол балаларға арнап не бір 

сүйкімді, қызықты шағын поэма-

лар мен өлеңдер жазды. Олардың 

көбі сурет кітапшалары болып 

жарық көрді. Сондай-ақ «Анна 

Никифоровнаның жүз жетпіс 

баласы», «Кешкі ән» және басқа 

кітапшаларын жасөспірімдер 

жылы қабылдаған. Ж.Өмірбектің 

көптеген өлеңдері «Әліппеге» және 

төменгі сыныптардың «Ана тілі» 

оқулықтарына кірген. 

Мысалы, ақынның «Төлдерге» 

атты өлеңінен үзінді келтірсек 

болады. 

Қозыға: 


Қошақаны қойдың, 

Қайда қалып қойдың? 

Бұлтиып тұр бүйірің, 

Қай өрістен тойдың? 

Лаққа: 

Секең-секең ей, лақ, 



Жүрмін саған кейіп-ақ. 

Тыным тапсаң болмай ма, 

Секірмей-ақ кей уақ! 

Ботаға: 


Ботақаны нардың, 

Жарға неге бардың? 

Тілерсегің дірілдеп, 

Секіре алмай қалдың! 

Жаппар Өмірбектің шығарма-

шылық өмірбаяны баспагерлікпен 

тығыз байланысты. Жетпісінші 

жылдары «Жазушы» баспасынан 

редакция басқарғанда, «Достық» 

сериясынан 60 том, «Бауырлас 

жырлар» сериясынан 15, тағы 

басқа сериялардан 20 том 

ұйымдастырылып, сапасын 

қадағалап шығарған болатын. 

Ақынның өзі өңдеп, құрасты-

рып шығарған кітаптардың 

біразын атасақ «Сәлем саған, 

Украина!», «Бейбітшілік жасасын!», 

«Алатау аясында» (қырғыз 

ақындарының жинағы), Адам 

Мицкевич, Сәбит Мұқанов, Ғафұр 

Ғұламның таңдамалылары, 

А.Куприннің «Жекпе-жек», 

А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтовтың 

бірінші томдары, А.Н.Некрасов-

тың «Русьта кім жақсы тұрады?», 

«Қазақ поэзиясының антология-

сы», тың жердің 25 жылдығына 

орай «Береке», Кенен 

Әзірбаевтың «Алпыс алты ән», 

тағы басқалары басылып шықты. 

Ақынның өзі де көркем 

аудармамен айналысқан. Байрон-

ның, Генрих Лонгфеллоның 

«Гаявата туралы жыр» поэмасын, 

Пушкин, Лермонтов, Франко, Блок, 

Маяковский, Исаковский, Сергей 

Михалков, Самауил Маршак, 

А.Туманян, Николас Баратишиви-

ли, Марат Раунд, Хамза 

Хакімзаде, «Манас» эпосының 

«Семетейдің еліне қайтуы» деген 

бөлімін, қытай, моңғол, корей, 

саха және басқа республикалар 

ақындарының өлеңдерін, солар-

мен бірге В.Кавериннің «Екі 

капитан» (екінші кітабы), В.Бого-

моловтың «Қырық төрттің тамы-

зы», В.Розовтың «Төрт тамшы көз 

жасы» пьесасын, «Тынық Дон», 

«Эльбадағы кездесу», т.б. он 

шақты кинофильм және әр елдің 

прозалық шағын шығармаларын 

аударған, небары 43 елдің 86 

ақын-жазушыларының шығарма-

ларын қазақ тіліне аударып, 

оқырмандарға жеткізген. Жаппар 

Өмірбектің ұстаздық еңбегін де 

атау ләзім. ҚазМУ-да 11 жыл 

журналист шеберлігі туралы, Абай 

атындағы мемлекеттік универси-

тетте бес жылдай «көркем шығар-

маны аудару тәсілдері мен 

машығы» жөнінде дәріс жүргізген 

ұстаз. Қазақ радиосында 

балаларға арналған «Жазира» 

журналын он жыл бойы жүргізіп 

келді, негізінен табиғат сырлары-

на байланысты әңгімелер ұйым-

дастыратын. 

Жаппар Өмірбек аспирантура-

да жүргенде, әдеби ғылыми-

зерттеулермен де айналысқан. 

«Айқап» журналын, Мұхамеджан 

Сералиннің журналистік қызметін 

алғаш зерттеуші, Абайдың 

сыншылдығы хақында және 

С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Орма-

нов, Ғ.Мұстафин, Т.Жароков, 

Б.Момышұлы, Д.Әбілов, С.Ома-

ров, Ж.Молдағалиев, Ғ.Ахмедов, 

Қ.Сатыбалдин, М.Хакімжанова 

туралы сыни әрі танымдық-

зерттеу мақалалардың, көркем 

очерктердің, көптеген энциклопе-

диялық, публицистикалық 

мақалалар мен очерктердің 

авторы, кейбір шығармалары 

орыс, украин, белорус, армян, 

грузин, латыш, өзбек, т.б. тілдерге 

аударылған. 

Ж.Өмірбектің бірнеше 

жинақтары орыс тілінде 

Мәскеу, Алматы баспалары-

нан шықты: «Невеста героя», 

«Глубинный свет», «Неспрос-

та сады цйетут», «Про тетю 

Аню». 


Ж.Өмірбек «Тың және 

тыңайған жерлерді игергені 

үшін», «Ерен еңбегі үшін», 

«Қазақстан Республикасының 

тәуелсіздігіне 10 жыл» 

медальдары мен Қазақ КСР 

Жоғары Кеңесінің Құрмет 

Грамотасымен екі рет 

марапатталған. 

ҚР Мәдениет 

министрлігінің еңбек сіңірген 

қайраткері, ақын, прозаик,ау-

дармашы, ұстаз. Қазақ 

көркем әдебиетінің тұңғыш 

профессионал редакторы, 

Қазақ теледидарының негізін 

салушысы. 

«Дария толқып, 

Тасып болып тынады. 

Ақын толқып, 

Айтып болып тынады!» 

Осы бір жолдар ақынның 

ғұмырлық мұратына, мақсат-

ты ұстанымына нақты мысал 

тәрізді. Ұзақ жасау мұрат 

емес, мән-мағыналы жасау 

қажет деп біледі. 

«Алжып өлсең дәрменсіз, 

Болдым деме армансыз!» 

Адам тіршілігінің мақсаты 

- ұзақ жасарлық еңбек 

жемісі -дегенді барлық 

шығармасына арқау еткен, 

жасампаздық жан азығы, 

өлмес, өшпес рух деп біледі 

ақын. 


Ақсақал ақын, қаламгер 

Жәкең бәйбішесі Зәуреш 

апай екеуі үш ұл, бір қыз 

тәрбиелеп, оқытып өсірген. 

Ұлы Әмір - тележурналист, 

екі олимпиадаға қатысып, 

тікелей репортаж жүргізген 

(Сидней, Сеул). Ақаны -

энергетик, ғылым кандидаты, 

қызы Наргүл - биология 

ғылымдарының кандидаты, 

доцент, ҚазМУ-да оқытушы. 

Еңбекқор ақын ағамыз 

ұлғайған жасына қарамай, 

ара-тұра нақыл сөздер, төрт 

таған шумақтар жазып 

отырады. 

Жаппар Өмірбекұлының 

әкесі, ағасы Шәріп, Мұхтар, 

інісі Қаппар - бәрі Қарағанды 

шахталарында жұмыс істеп, 

абырой-атақ алған шахтер-

лер. Өзі де осы қалада 1944 

жылы істі болғанда, бір 

жылдай шахтада жұмыс 

істеген. Қысқаша айтқанда, 

кеншілер ортасынан шыққан 

ақын. Сол себепті - белгілі 

ақын-жазушы. Жаппар 

Өмірбек Қарағанды қаласы-

ның «Құрметті азаматы» 

болуға әбден лайық. Қарт 

ақын, құрметті қаламгер 

Жаппар Өмірбекұлына зор 

денсаулық пен ғасырлық 

ғұмыр тілейміз! 

Ерғазы ЖАЗЫҚБАЕВ, 

Қ а з а қ с т а н Журналис-

тер  о д а ғ ы н ы ң  м ү ш е с і . 

Орталық Қазақстан.- 2006.- 9 ақпан.- 12 б. 



Document Outline

  • Untitled

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Adebi omir
Adebi omir -> Саттар туралы сыр
Adebi omir -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Adebi omir -> Қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат шаниннің туғанына 100 жыл толуына
Adebi omir -> Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Adebi omir -> Амантай сатаев абай мен Мәди
Adebi omir -> Жастық жыршысы 1 Аялайық асылды
Adebi omir -> Атадан балаға жалғасып ж е т к е н ауыз әңгімеде де
Adebi omir -> Түрсынбек КӨкішев ғалым, ж а з у ш ы
Adebi omir -> Кең-байтақ қазақ жерінің інжу-маржаны Қарқаралыға, оның көл-көсір тарихына түсінік беріп жатудың қажеті жоқ. Бір ғана
Adebi omir -> Әлібек Әбдіраш, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

жүктеу 51.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет