Бейсенбі №3 (9762) 15 қаңтар 2015 жыл – Абат Абайұлы, Елбасының Жолдауын ел-жұртқа насихаттау бағытында қандай мәселелерге ерекше мән бересіз?



жүктеу 448.76 Kb.

бет5/5
Дата09.01.2017
өлшемі448.76 Kb.
1   2   3   4   5

Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс телефондары:

Орал қаласының әкімдігі 8 (7112) 500789

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті 8 (7112) 242954, 

505361, 504158

Ақжайық ауданы 8 (71136) 91244

Бөрлі ауданы 8 (71133) 20191

Бөкейордасы ауданы 8 (71140) 21105, 21601

Жәнібек ауданы 8 (71135) 21459

Жаңақала ауданы 8 (71141) 22398, 21100

Зеленов ауданы 8 (71130) 22547

Қаратөбе ауданы 8 (71145) 31108

Казталов ауданы 8 (71144) 31168

Сырым ауданы 8 (71134) 22210

Тасқала ауданы 8 (71139) 21439

Теректі ауданы 8 (71132) 21385, 21374

Шыңғырлау ауданы 8 (71137) 33764



(1-2)

Туған  жерінің,  Сырым  елінің 

атын  танытып  жүрген  Құрманбай 

Серікұлының  өнермен  өрнектелген 

өмір жолы туралы аз­кем баяндайық.  

1981  жылы  Алматы  қаласындағы 

А.Жұбанов  атындағы  дарынды 

балаларға  арналған  арнайы  саз 

мектеп­интернатында  оқып,        дом­

быра 


сыныбын 

тәмамдайды. 

Құрманғазы  атындағы  мемлекеттік 

консерваторияға  түседі.  Батыстың 

төкпе күй өнерін жадына сіңірген ол 

өнерлілердің оқу ордасына келгенде 

шертпе  күйді  де  шебер  меңгеріп 

шығады.  Шертпе  күйге  деген 

құмарлығы  мен  қызығушылығы 

артқаны  сондай,  шертпе  күйдің 

атасы  Тәттімбеттің  еліне  жол 

тартады.  Арқа  жеріне  өрісі  кеңей­

ген  білімі  мен  өнерін  арқалап 

аттанады.  Міне,  қазір  Құрманбай 

өзі  іргетасын  қаласқан  Тәттімбет 

атындағы  академиялық  халық 

аспаптар  оркестрімен  бірге  жасап 

келеді.  Құрманбайдың  өнерде  бірге 

жүрген  жора­жолдастары  да  –  ҚР 

Мәдениет  қайраткерлері.  Олардың 

қатарында Б.Смағұлов,  С.Ізтілеуов, 

М.Ыбыраева,  Е.Құспанов, М.Жақы­

пова,  ерлі­зайыпты  Құлғалиевтер 

есімін  Құрманбай  аға  құрметпен 

атайды. 

Құрманбайдың  жары,  қасиет­

ті  Сырым  топырағының  келіні 

Бейбітгүл  Абжаппарова  да  дом­

бырашы,  оркестрде  қызмет  етеді. 

Қазақтың  қара  домбырасын  серік 

еткен қос жұбайдың өмірі де, өнері 

де оркестрмен біте қайнасып кетті. 

Құрманбай  Ғабделов  1997  жылы 

жеке концертін берді. Бұл концертте  

күйші  белгілі  күйшілермен  қатар 

сирек  насихатталып  жүрген  Бай­

жігіт,  Қыздарбек,  Еспайдың  күй­

лерін  шебер  орындап,  зор  қоше­

метке  бөленгені  бар.  Оркестрдің 

сүйемелдеуімен 

Қарағандыдағы 

«Шалқыма»  концерт  залында  ердің 

жасы  елуге  келген  Құрманбайдың 

шығармашылық  кеші  өтіп,  оған 

Халықаралық  конкурстардың  лау­

реаты Ерлан Бақтыгерей дирижерлік 

етті.  

Құрманбай 



мен 

Бейбітгүл 

шаңырағында  Индира,  Еркін  есімді 

ұл­қыз өсіруде. Әкесі мен анасының 

жолын қуған Индира Астана қаласы 

филармониясындағы  «Сарыарқа» 

оркестрінде қобызшы, халықаралық 

конкурстардың лауреаты.  Ұлы  Еркін 

инженерлік мамандықты таңдапты. 

Шынар мОлдАниЯЗОвА

Күй – құдіреттің иесі



Былтыр ширек  ғасыр 

толған Қарағандыдағы 

Қ.Байжанов 

атындағы концерттік 

бірлестік жанындағы 

Тәттімбет атындағы  

академиялық халық 

аспаптар оркестрі 

республикамен 

қатар алыс-жақын 

шетелдерге барып, 

өнерлерімен алдына 

қара салмай келеді. 

Оркестрдің іргетасын 

қалаушылардың 

бірі жерлесіміз Қр 

мәдениет қайраткері

Құрманғазы атындағы 

республикалық 

конкурстың  лауреаты 

Құрманбай Серікұлы 

Ғабделов. 

Жалпы білім беретін Қособа орта 

мектеп­балабақша кешенінде еңбек, 

ҰОС  ардагері  Құбашев  Темірхан 

Құбашұлы атындағы шәкіртақының 

тағайындалғанына      10  жыл 

толуына орай «Әке рухына тағзым» 

атты  салтанатты  жиын  өткізілді. 

Салтанатты жиынға Темірхан атаның 

ұрпақтары,  көршілері,  замандас­

жолдастары,  жұмыстастары  және 

алғашқы  шәкіртақы  иегерлері 

қатынасты.  Мектеп  директоры 

Нұргүл  Юнусқызы  сөз  алып, 

шәкіртақының  оқушыларымыздың 

жетістікке  жетуіне  өз  септігін 

тигізгендігін  және  түлектеріміздің 

еліміздің  әр  саласында  адал  еңбек 

етіп  жатқандығын  мақтанышпен 

айтты.  Аудандық  білім  беру 

бөлімінің  әдістемелік  кабинетінің 

меңгерушісі 

Ж.Сейітова 

және 


Г.Қаналиева 

қатынасып, 

бұл 

шараның кейінгі жас ұрпаққа берер 



тәлім­тәрбиесі мол екенін айта келіп, 

Әлия Темірханқызын аудандық білім 

беру  бөлімінің  «Алғыс  хатымен» 

марапаттады.  Шарада  ұлы  Исатай, 

үлкен немересі Венера Нұртайқызы 

және  Әлия  Темірханқызы  жылы 

лебіздерін  жолдай  отырып,  10 

жылдың  қарсаңында  шәкіртақы 

иеленген  озат  оқушыларды  ортаға 

шақырып, шәкіртақыны табыстады. 



Б.дәУлЕТАлиЕвА,

Қособа орта мектеп-

балабақшасының тәлімгері

Әке рухына тағзым



ХАБАрлАндырУ

«Сырым аудандық тұрғын үй­коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль 

жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1.  «БҚО  Сырым  ауданы  Жымпиты  ауылы  Асадуллин  көшесінің  автомобиль  жолынын 

құрылысын салу»;

2.  «БҚО  Сырым  ауданы  Жымпиты  ауылы  Қолғанатов  көшесінің  автомобиль  жолының 

құрылысын салу» жобалық­сметалық құжатын дайындығын хабарлайды.

Жобалық­сметалық құжат “Авангард – Инжиниринг” ЖШС мекемесімен дайындалды және 

аталмыш жобалық­сметалық құжаты «БҚО табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу 

басқармасы» мемлекеттік мекемесіне экологиялық зерттеуге жолданды. Қызығушылығы болған 

азаматтар мына мекен жайға БҚО, Орал қ., Дамбовый тупик, 5/1 үй, тел: 8 (7112) 509270, факс 

8(7112) 503575  хабарласуы сұралады. 

Государственное  Учреждение  “Отдел  жилищно­коммунального  хозяйства,  пассажирского 

транспорта  и  автомобильных  дорог  Сырымского  района”  объявляет  о  подготовке  проектно­

сметной документации (ПСД):

1. «Строительство автодороги по ул. Асадуллина, с. Жымпиты, Сырымского района, ЗКО»;  

2. «Строительство автодороги по ул.Колганатова, с.Жымпиты, Сырымского района, ЗКО».  

Проектно­сметная  документация  подготовлена  ТОО  «Авангард­Инжиниринг»  и  будет 

направлена  для  прохождение  государственной  экологической  экспертизы  в  ГУ  «Управление 

природных ресурсов и регулирования природопользования ЗКО», просим всех заинтересованных 

лиц обращаться по адресу: ЗКО, г.Уральск, ул.Дамбовый тупик, д. 5/1, тел: 8 (7112) 50 92 70, факс: 



8 (7112) 50 35 75.

Жарамсыз деп танылсын

Бұлдырты  негізгі  орта  білім  беретін  мектебін  1994  жылы  бітіргендігі 

туралы  Жазира  Хамзинаның  атына  берілген  №0010663  санды  куәлігі 

жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

*          *           *

Бұлан ауылының тұрғыны болған, қазірде Орал қаласында тұратын Байбек 



нұрғалиевтің атындағы пәтерді (үйді) жекешелендіру туралы 24.04.1992 ж 

№97  шарт  (тіркелген  күні  13.04.2006ж)  жоғалуына  байланысты  жарамсыз 

деп танылсын.

Отбасымыздың  алтын  діңгегі,  қамқоршымыз,  адал 

да  қимас  жар,  асқар  таудай  сүйікті  әке,  балдай  тәтті 

немерелердің  баға  жетпес  атасы,  келіндерін  әкесіндей 

боп аялаған қорғаны, аяулы азамат Баяндыков Толқын 

арамызда  тірі  жүрсе,  2015  жылдың,  қаңтар  айының  14 

жұлдызында 63 жасқа толып, зейнеткерлікке жетер еді. 

Амал не? Кенеттен келген сұм ажал оны ортамыздан ерте 

алып кетті.

Алланың  ісіне  не  шара?!  Әкемізді  сағыныштан  жүрегіміз  сыздап,  өкініштен  өзек 

өртене, қабырғамыз қайыса, қайғырып еске аламыз.

Әкеміздің топырағы торқа, иманы жолдас, жаны жәннатта, жұмақтың төрінде болсын 

дей отырып, оның жарқын бейнесін, өнегелі өмірін, мейірбан жүрегін, аялы алақанын, 

игілікті істерін мәңгі есте сақтаймыз.



Сағына-сағына еске алушылар: жұбайы Аягөз, бала-келіндері Арман-Жазира, 

Арсен-Ақерке, немерелері – милена, Томирис, Анзор, мират, Чингис, Азат.

Талдыбұлақ  ауылына  қарасты  Қазақстан 

ауылының тұрғыны болған сүйікті жар, аялы әке, 

ардақты да абзал азамат  Бүршиев Жұмаханды 

сағына еске аламыз. Арамыздан кеткен бір жыл 

өткен уақыттың қаншалықты қиындығын сөзбен  

айтып  жеткізу  мүмкін  емес.    Әкемізді  еске  ала 

отырып, жаны жәннатта, топырағы торқа, иманы 

жолдас болсын демекпіз.

Сағына еске алушылар: Бүршиевтер әулеті.

Сүйіншісі бар

2014  жылдың    желтоқсан  

айында  Жымпиты  ауылының 

ішінде  жеке  бас  куәлігі, 

жүргізушілік  куәлігі,  банкомат 

картасы  бар  қара  түсті  әмиян 

жоғалды.  Тауып  алған  азаматтар 

болса, 


87718493160 

ұялы 


телефонына  немесе  Бақтығалиев 

Фархадқа  хабарласуын  өтінемін, 

сүйіншісі бар.

ХАБАрлАндырУ

Қазақстан 

Республикасы 

Ауыл  шаруашылығы  министрі­

нің  19.11.2014  жылғы  №3­

1/600  санды  бұйрығына  сәйкес 

“Асыл  тұқымды  мал  шаруашы­

лығын  дамытуды,  мал  шаруа­

шылығының  өнімділігін  және 

сапасын  арттыруды    субсидия­

лау”  бойынша  ауыл  шаруашы­

лығы  құрылымдарынан  құжат­

тарды 

қабылдайтындығын 



хабарлайды.  Толық  мәліметті 

аудандық  ауыл  шаруашылығы 

және ветеринария бөлім арқылы 

немесе  аудандық  интернет 

ресурстарынан алуға болады.

Аудандық  ауыл  шаруашы-

лығы және ветеринария   бөлі-

мінің  байланыс  тел:  31-1-51, 

31-2-97.

Оқырмандардың 

назарына!

2015 жылдың 17­ші ақпан күні аудандық 

кітапхананың  оқу  залында  “Қадыр 

оқулары” байқауы өтеді. Байқауға 18­55 жас 

аралығындағы үміткерлер қатыса алады.

Байқаудың шарттары:

­ Ақын шығармаларын жатқа, мәнерлеп 

оқу;


­ Ақын сөзіне жазылған ән орындау.

Қатысамын  деушілер  2015.31.01 

дейін  аудандық  кітапханаға    тіркелуіңіз 

сұралады. 



Байланыс телефоны: 31-1-48.

Жалпы білім беретін Жамбыл негізгі мектебінің ұжымы мектеп мұғалімі 

М.Әділгереевке анасы және Ж.Уксукбаева мен Р.Нұрымжановаға енесі

әділгереева Айман Жанеділқызының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Сырым  ауданы  әкімі  аппараты  және  аудандық  мәслихат  Сырым 

ауданының  төтенше  жағдайлар  бөлімінің  бастығы  Жакупов  Талғат 

Саменұлына анасы

марпуха Самиғалиқызының

қайтыс болуына байланысты отбасы мен тума­туыстарына қайғыларына 



ортақтасып, көңіл айтады.


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал