Бейсенбі №3 (9762) 15 қаңтар 2015 жыл – Абат Абайұлы, Елбасының Жолдауын ел-жұртқа насихаттау бағытында қандай мәселелерге ерекше мән бересіз?



жүктеу 448.76 Kb.

бет2/5
Дата09.01.2017
өлшемі448.76 Kb.
1   2   3   4   5

Тура жолға түстім деп ойлады

Осыдан кейін кейіпкермен болған сұхбат өрінен негізгі өзекті 

аршып алдық. Жалпы, құлағы түрік, көкірегі ояу оқырман қой 

терісін жамыла отырып, қоңыңнан ет кесіп алатын ағымдардың 

бірі – сәләфизм тармағы  турасында хабардар болуы  тиіс. Оны 

біз суыртпақтап отырып, әңгіме ауанынан таныдық.

– Басқа бағытқа ноқталанғанымды қайдан білейін? Жалпы, 

ғибадатқа  бет  бұруым  екі  мыңыншы  жылдардың  орта 

тұсында  басталды.  Сол  кезде  түрмеде  болғанмын.  Сонда 

орысша­қазақша діни әдебиеттерді оқып, таным­түсінікті сол 

күйінде қабылдадым. Кейін бір­екі жылдан соң, сол кітаптар 

сараптаудан өте бастады­ау деймін. Қасымда болған жігіттер 

де  өз  түсініктеріне  бұрмалап  отырды.    Дінтанушылар  келіп, 

насихат  жұмысын  жүргізетін.  Әр  аят,  хадисті  түсіну  үшін 

терең білім керектігін тәптіштеп айтатын. Осыдан соң ойланып 

қалатынмын. Бірақ, олар кеткен соң, имам болған жігіт оларды 

терістеп  шығатын,  көзқарасымызды  өзгертетін.  Оның  басқа 

ағым өкілі екенін қайдан таниын? Бостандыққа шыққан соң да, 

қай бағытта ұстанғанымды білген сол орта мені тез қабылдады. 

Солармен жақын болып, араласа бастадым, – дейді ол.



– Қазір түзу жолды, Әбу Ханифа мәзһәбын танығаныңды 

тілге  тиек  еттің.  Өзіңнің  ортаңда  болған  намазхандар 

діни  танымынан  қандай  ерекшеліктерін  барын  аңғардың. 

Олар өздеріне кімді ұстаз тұтынады? Ақида (сенім), фиқһ 

жағынан ерекшеліктерін атасаң.

– Ол ортаның өзіндік ұстанымы қатаң келеді. Амалды иманнан 

ажырағысыз етіп көрсетеді. Мәселен, намазын өтемегендерді 

бірден кәпірге шығарады. Мәзһәб ұстанатындарды тура жолдан 

ауытқыған деп санайды. Тіпті, қоғамға суық қарайтынындай, 

дәстүрлі  дін  жолына  түсіп,  намазын  оқып  жүргендерді  жат 

көретінін  жасырмаймын.  Бұл  қабағынан  байқалып  тұрады. 

Аят, хадистерді тікелей мағынасымен қабылдайды. Астарына 

тоқталып  жатпайды.  Жалаң  шұлыққа  мәсіх  тартып,  сапқа 

тұратын едік. Тарауих намазын сегіз рәкат етіп оқимыз. Тәспі 

тартып, бет сипамаймыз. Қырағатта «әминді» жария айтамыз. 

Жалпы, құлшылыққа қойылатын талаптарды «Сауд Арабияда 

осылай  оқылады»  деп  түсіндіріп,  үлгіледі.  Сәләфшілдер 

«біздікі ғана дұрыс» деген сыңайынан еш айныған емес. Кейін 

Әбу Ханифа мәзһәбы бойынша шариғи ережелердің жөні басқа 

екенін білдім ғой.



– Сәләфшілдер ұстаз тұтқан ғалымдарды атасаң? Білімді 

қалай алады?

– Шейх Альбани, ибн Тәймияның пәтуаларына көбірек ден 

қояды.  Атап  өткенімдей,  терең  зерделемей­ақ  настарға  (аят, 

хадис) жалаң ой жүгірте салады. Олардың өз діни әдебиеттері 

болады. Солардың бір авторы – Эльмир Кулеев екені есімде. 

Қазақстаннан  Халил  есімді  «шейхтің»  барын  еститінбіз. 

Сонымен  қатар,  жымпитылық  Самат  деген  жігіт  болды. 

Білмегендерімізді ол шетелдік әрі отандас шейхтардан сұрап, 

біліп, байланыстырып отыратын. Кейін ұсталып кетті. Тұзаққа 

түсірді  деп  түсіндірді  бізге.  Жалпы,  айтарым,  жастардың 

қолжетімді интернет желісінен бейне, аудио жазбалардан уағыз 

тыңдап жататынын айтқым келеді. 



–  Қазіргі  уақытқа  дейін    экстремистік  топтардың 

лаңкестік әрекеті көбейді. Жиһад ұғымын қалай түсіндіреді? 

Шетелге  шығуға,  қолға  қару  алуға  үгіттей  ме?  Сондай 

әрекеттердің  кейбір  көрінісі  елімізде  де  қылаң  берді?  Оны 

қалай қабылдады?

–  Сауд  Арабиясына,  Египетке  оқуға  баруға  үгіттейтін. 

Біздерге  лаңкестік  жасап  жатқан  тараптың  әрекетін  «жиһад» 

деп  сипаттайтын,  ғазауатқа  қосылуды  құптайтын.  Шейіт 

болғандарды сөзсіз «жәннаттық» деп ақтайтын. Қазақстандағы 

кейбір  қақтығыстарға  оң  көзқарас  қалыптастыратын.  Түбі 

біртұтас халифат құрылатынына сенеді. Олармен бірге жүрсең, 

егер, сырттай біреу тиісе қалғанда, тез ұйымдаса қалатынын, 

тіпті,  түрлі  содырлыққа  барудан  тайынбайтынын  аңғардым. 

Есіме түскенін айтайын, темір торда бір жігіт ірі қару­жарақпен 

ұсталып, бір камерада болды. Бірақ, ол есін тез жинады. Әбу 

Ханифа мәзһәбын ұстанды. Өзі ісіне өкінетінін, менің сенімім 

қате  екенін  айтып,  тағдырын  қайталамауға  үгіттеді.  Оның 

айтқаны ақиқат екеніне кейін ғана көзім жетті. 



– Жалған мүдделі топтан жырақтадың. Кейін бопсалау 

болған жоқ па? Жалпы, отбасындағы ахуал қалай өрібіді?

–  Қауіп  төндіретіндей  сәт  болмады.  Әрине,  жылы  қабақ 

та  таныта  қойған  жоқ.  Сол  топтың  ықпалында  болғанымда 

отбасымда  түсініспеушілік  болды.  Тума­туысқандарым,  анам 

сыңайымды байқап, менің кейбір әрекетімді құптамайтындарын 

жеткізетін.  Үйленгенмін.  Әйелім  мәзһәбпен  оқитын.  Оның 

жолын  терістеп,  өзім  үйірсектеген  бағытыма  түсірдім.  Бірақ, 

кейін қайтып, арнайы мамандардан, дінтанушылардан егжей­

тегжейлі түсіндіруімен жаңылыс басқан қадамымнан қайттым. 

Жарым да мәзһабқа оралды. Анама да уағыз тыңдаттыратынмын. 

Ол да  оң бағыт алғанымды көріп, шүкіршілік етті. Қазір Әбу 

Ханифа  мәзһәбы  –  еліміздегі  төте  жол  деп  түсінемін.  Қазір 

қолымызда  бала  тәрбиелеудеміз,  жұмысым  бар,  дұрысты 

танып, айрандай ұйып отырған жайымыз бар, – дейді Ерден.



Бұл ағым қайдан бастау алды?

Егемендіктің  елең­алаң  тұсында  заңның  солқылдақтығын 

пайдаланып,  көптеген  ағым  мықтап  тамыр  жайып  үлгерді. 

Іргемізді  түре  ашып,  түндіктен  төніп,    еркінсіген  кездері  де 

болды.  Қазіргі  уақытта  «Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер 

туралы»  заң  талабы  күшейіп,  етек­жеңімізді  қымтап 

жатқанымыз бәрімізге мәлім.

Ал,  біз  сөз  еткен  сәләфизм  –  уаһабшылдықтың  өңін 

айналдырған  түрі.  Бұл  ағымның  теріс  пиғылын  әшкерелеп, 

негізгі сенім жүйесіндегі теріс көзқарасын жан­жақты талдап, 

терең білімімен соққы беріп жүрген дінтанушы ғалымдардың 

арасында Ерсін Әміре, Қайрат Жолдыбайұлы, Алау Әділбаевтың 

еңбектерінен көбірек деректі танып, білуге болады. 

Философия  ғылымдарының  кандидаты  Смаил  Сейтбектің 

«Мәзһәбтар тарихы» деген кітабына көз жүгіртсек, уаһабилік 

немесе  сәләфилік  –  қазіргі  таңда  Сауд  Арабиясының  ресми 

мәзһәбы  екенін  танимыз.  Негізін  Мұхаммед  ибн  Абдулуаһаб 

(1703­1792  ж.ж.)  қалаған.  Ол  ХІІІ  ғасырда  өмір  сүрген  Ибн 

Тәймияның  қасаң  қағидаға  сүйеген  бұрыс  сенімін  басты 

идеологиялық  қару  етіп  алған.  Мұхаммед  ибн  Абдулуаһаб 

әһлі­сүннет  сеніміне  қайшы  еңбектер  жазып,  өзіндік  саяси 

белсенділігін пайдаланып, тарих сахнасында Араб түбегіндегі  

Нәжд аймағынан бастау алған бүліктердің пайда болуына себеп 

болды.  Ақидада  біз  сүйенетін  Әл­Матуриди,  Әл­Әшғаридің 

шархын, фиқһ саласында мәшһүр төрт мәзһаб ғалымдарының 

салған сара жолын мойындамайды. 

Негізінде  «сәләф»  сөзі  Мұхаммед  (с.а.с.)  пайғамбардың, 

сахабалардың  және  сахабаларды  көрген  толқынға  арналған. 

Олардың ұстанған бағыты ақиқаттың шамшырағы еді, бүгінгі 

таңда осы салиқалы буындардың атын бүркеніш қылған қазіргі 

«сәләфтықтар» дінді Құран мен сүннеттен тікелей алып, түсіну 

керек  деген  ұстанымды  қатаң  догмаға  айналдырған.  Олар 

бүгінгі таңда Ерсін Әміренің көзқарасы бойынша, сурурилер, 

мадхалиттер,  тақияшылдар  (сырттай  келісімпаздық  сипат 

танытып,  ішкі  пиғылын  жасыратын,  елге  жанашыр  боп, 

зиялы  топ  ішіне  сіңген)  болып  бөлінеді.  түптеп  келгенде, 

бұлардың  бірде  жұмсақ,  бірде  қатаң,  енді  бірден  жасырын 

жүзеге  асыратын  радикалдық  көзқарастары  ел  болашағына 

қауіпті.  Сәләфиліктер  өткен  ғасырдағы  Ибн  Баз,  Ибн  әл­

Усеймин, Әлбани еңбектерін негізге алып, пәтуа береді. Олар 

Орта  Азиядағы  ата­бабаларымыз  ұстанған  сенім  мектебін, 

дәстүрімізді,  тарихымызды  жоққа  шығарады.  Әруаққа  Құран 

бағыштауды, беташарды, дұғада бет сипауды бидғатқа санайды. 

Домбыраны, музыкалық аспаптарды харамға жатқызады. Аят, 

хадистерді өз түсінігіне негіздеп, ғалымдар ғана пәтуә беретін 

мәселелерден  тартыс  ұйымдастырады,  «бүйректен  сирақ 

шығаруға»  дайын  тұрады.  Олар  дәлелді  уәждерге  де  құлақ 

аспайды. Кезінде, Абылай хан «Өзің білме, өзгенің тілін алма» 

деген  теріс  батаның  да  болатынын  естіп,  жағасын  ұстаған 

көреді.  Теріс  ағымдардың  ықпалы  осындай  кепке  шырмап 

әкеп отыр. Кейіпкеріміз тілге тиек еткен белгілердің бәрі сол 

топтағылардың бойынан табылады.



Қалай сақтанамыз?

Хақ  Ислам  жолын  таңдаған  бір  тағдыр  тура  жолды  енді 

танығанын  айтуда.  Расы  керек,  діни  сауатсыздықпен  күрес 

ыңғайы соңғы уақытта ширағандай. Еліміздегі бұған мүдделі 

құзырлы  органдар,  ҚМБД  сүзгіден  өткізген  пайдалы  діни 

әдебиеттер  көптеп  жарыққа  шығуда.  Ақпараттық­насихаттық 

топтары  жасақталып,  арнайы  мамандардың  қолға  алуымен 

жалған  ағымға  шырмауында  жүрген  жерлестерімізге  түсінік 

жұмыстары  жүріп  жатыр.  БАҚ  бетінде  сәт  сайын  көрінген 

ақпарат легінің ақ­қарасын ажыратып алған жөн. 

  «Аудандық  прокуратура  жершілікті    атқарушы  билік, 

облыстық дін істері басқармасы,  құқық қорғау органдарымен 

тығыз  қарым­қатынаста,  –  дейді  аудандық  прокурордың  аға 

көмекшісі Асыланбек Кабдрахимов. Аудандағы тұрғындармен 

бұл  бағытта  кездесу  және  түсіндірме  жұмыстарын 

ұйымдастырып  отырамыз.  Кейбір  дін  ұстанатын  жастардың 

ішінде  түбінде  жол  осылардікі  деген  ыңғайда  жүргенін 

байқаймыз. Сондықтан, қоғамның діни ағымдардан сауықтыру 

шараларын  жүйелі    жүргізіп  отыру  маңызды.  Бұл  турасында 

қандай  құқықтық  кеңес  керек  болса,  кез  келген  уақытта  қол 

ұшын беруге дайынбыз».

Өмірінде сан күрмеулі тұстан өткен кейіпкеріміз «сәләфизм» 

жолына  түскендер  санасына  ұялаған  алғашқы  түсінік  сол 

күйінде қорғасындай құйылып, «қатып» қалуы мүмкін екенін 

айтады.  Әуелден  мығымдалып  қалған  саяз  сана  дені  дұрыс 

насихат мәнін түбегейлі қабылдамауы мүмкін.

Мұндай  жүгенсіз  топтарға  есік  қайдан  ашылды?  Талдап 

көрейік.  Біздің  тарихымызда  кеңестік  жүйе  тәрбиесі 

оңайға  соқпады.  Тарихта  бабалар  жадында  жаңғырған  діни 

платформаны жатсынды. Тәуелсіздік келді. Азат сезіндік. Бірақ, 

рухани жұтаңдық бар еді. Жас өркендеріміздің қай «ағымның» 

етегін ұстағанын аңғармай қалдық. Расы керек, аға буынның 

кеңестік санасында қалыптасқан керенаулық әлі мығым. Көзі 

ашық,  көкірегі  ояу  дегендердің  өзі  иман  әліппесін  тануға 

құлықсыз.  Оның  қасында  қарапайым  жұртшылық  түсінігі 

қандай деңгейде екені түсінікті. Баласының мұсылманшылық 

жолына  түскеніне  тілеулес  болғанмен,  ақ­қараның  аражігін 

айырмайды. Әрбір бала тағдырына алаңдаулы ата­ана, ағайын, 

БАҚ құралдары, интернет ресурстарындағы барлық ақпаратқа 

түбегейлі  сене  бермеуі  тиіс.  Қазір  облыстық  дін  істері 

басқармасы  бар,  «Жайық»  деструктивтік  діни  ағымдардан 

жапа  шеккендерге  көмек  орталығы»  бар,  қажетті  кеңеспен 

шұғыл  қамтамасыз  ете  алады.  Қазіргі  «Қауырт  желі  ­  114» 

жүйесіне тәулік бойы шалынған телефон қоңырауларын тегін 

қабылдайды. Сонымен қатар, еліміздегі екі мыңнан астам мешіт 

(оның  ішінде  ауданымыздағы  мешіттер  мен  намазханалар) 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының иелігінде. Бұл 

құлшылық орындарында дәстүрлі Ислам жолы – Әбу Ханифа 

мәзһабы бойынша барлық діни рәсім атқарылады. Халықтың 

біліктілік  санаты  жетілдірілген,  арнайы  тағайындалған  

имамдарға  да    жолығып,  қажетті  ақпаратты  алуына  болады. 

Абзалы, мемлекеттік БАҚ құралдарындағы (баспасөз саласы, 

телевидение, радио) дінтанушы мамандардың материалдарын 

оқып, танысып отыру маңызды. 

Елдік  мұратымыз  іргелі,  иман  тұғыры  берік  болуы  үшін 

ұрпағымызды  жалған  ағымның  жетегіне  кетпеуін  қадағалап 

отыру  –  өз  қолымызда,  біз  мысал  келтірдік,  ойланыңдар, 

ағайын.  Бұл  ретте  «ештен  кеш  жақсының»  рөлі  әманда  сәтті 

жүре бермейтінін ескере білуіміз керек.

нұртай ТЕКЕБАЕв,

Жәнібек ауданы

Санаңды шырмап, саныңды соқтыратын 

«сәләфизмнің» сүрлеуі секемді


сұхбат

 

4

15 қаңтар 2015 жыл

 Сіз жылдағы дәстүрдей халық алдында есеп бергенде 

жерлестеріңіз негізінен қандай мәселелерді алға тартады?

–  Ауданда  он  екі  ауылдық  округ,  20  мыңнан  астам  халық 

бар.  Негізінен  тұрғындармен  кездесулер  өткізіп  жүргенімде 

бұрынғыдай  айтылар  жеке  мәселелер  мүлдем  жоқтың  қасы. 

Есеп  беру  жиындарында  сөз  болатын  жәйттердің  басымы 

қоғамдық  мәселе,  ауылды  дамыту,  жол,  ауыз  су,  мәдени 

ошақтар мен ауыл шаруашылық мәселелері төңірегінде болуда. 

Әсіресе,  тұрғындар  тарапынан  жер,  мал  алып  өсірсем  деген 

сыңайлы  әңгімелер  көбірек  айтылады.  Өткен  жылғы  халық 

алдында есеп беру жиынында айтылған 41 өзекті мәселенің 26­

сы, яғни 63,4 пайызы орындалды. Мұның арасында Көздіғара 

негізгі мектебі мен Бұлдырты орта мектебіндегі спорт алаңы 

жөндеуден өткізілсе, Қосарал ауылындағы таза су қондырғысы 

жаңартылды. Сондай­ақ Тоғанас, Қособа, Көгеріс ауылдарына 

қосымша  су  жүйелері  тартылып,  Бұлан  ауылындағы  спорт 

кешені жылу жүйесімен қамтылып, Жамбыл ауылындағы клуб 

жөндеуден  өткізілді.  Сондай­ақ  жолдар,  бөгеттерді  жөндеу, 

электр желілерін ауыстыру жағы бақылауда тұр. 

  Басшы  ретінде  қарағанда  сіздің  назарыңызға  аудан 

өңірінің қандай мұң-мұқтажы көзге ілігеді?

–  Ең  алдымен  аудан  көлеміндегі  электр  желілерінің  әбден 

тозығы жетуі қатты алаңдатады. Өйткені, аудандағы тіршілік 

атаулы осы электр қуатына әбден байланысты. Сондай­ақ өзінің 

шағын ісін бастауға, шаруашылығын дамытуға  ниеттенушілер 

көбінесе    кепілдік  жәйі  туралы  ұсыныстармен  келсе, 

жұмыссыздықты жоюдың бірден­бір жолы жергілікті жердегі 

жастардың  шопан,  механизатор,  аспазшы  сияқты  салаларға 

баруға «шабандық» танытулары да мазалайтындығы рас. 

–  Абат  Абайұлы,  ауылдық  округтердегі  есеп  беру 

жиындарында жергілікті өңірдегі атқарылған жұмыстарда 

қандай басымдықтарға мән беру қажет деп есептейсіз? 

– Жергілікті жердегі әкімдер қоғамдық кеңес, қауымдастық 

мүшелерімен бірлесе қызмет атқарып, оның нәтижелі жақтарын 

да көре білуде. Мысалы, осындай бірлестіктің арқасында Қоңыр 

ауылында Ұлы Отан соғысынан оралмағандарға ескерткіш тақта 

орнатылса, Қосарал ауылында боздақтар ескерткіші жөнделіп, 

ауыл орталығында әмбебап спорт алаңы іске қосылды, Тоғанас 

ауылында  «Достық»  клубы  ашылды,  Аралтөбе  ауылында 

«Ауыл  күні»  жоғары  деңгейде  ұйымдастырылды.  Десекте, 

ауылдарда  әлеуметтік  инфрақұрылымдардың  толық  қанды 

жұмыс  істеуінде,  көшелерді  абаттандыру,  безендіру  жағында 

жаңа бастамалар көбірек қолға алынуы керек деп ойлаймын. 

Тұрғындар арасында кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік» 

төзбеушілік  жағдайын  туғызуда  қоғаммен  бірлесіп,  үлкен 

жұмыстар  үнемі  жүргізілуі  тиіс.  Ауыл  тұрғындарын  жермен 

жұмыстануға ұйымдастыру  шараларына көбірек көңіл бөлуіміз 

қажет. 

Бұлдырты,  Өлеңті,  Аңқаты,  Шідерті  өзендері  бойына 



тұрғындардың  бау­бақша  отырғызуларына  ұйтқы  болуда 

әкімдердің жергілікті қауымдастықпен бірлесіп, іскерлігі мен 

белсенділіктерін  арттыру  күнделікті  жұмысымыздың  бірі 

болуы тиіс. 

Ауыл – қазақтың түп қазығы. Сондықтан да қоғамдық кеңес, 

қауымдастық мүшелері, ақсақалдармен кеңесіп, жұмыс атқара 

білу жергілікті басшылықты оңды жұмыстарға бастамақ. 

– Өткен жылдың қорытындысы жөнінде не айтар едіңіз?

– Өткен жылдың еншісінде аудан халқы үшін көптеген елеулі 

оқиғалар болды. «Агробизнес­ 2020», «Жұмыспен қамту ­ 2020 

жол картасы», «Бизнестің жол картасы ­2020» бағдарламалары, 

«Ақбұлақ»  бағдарламасы  аясында  үлкен  істер  тындырылды. 

Бұрындары тек арманға айналған, бүгінде халықтың игілігіне 

жаратылып отырған  мейрамхана, қонақ үйлер, коммуналдық 

үйлердің  пайдалануға  берілуі  жылдың  жетістіктері.  Соңғы 

үш­төрт  жыл  ішінде  84  мал  қыстағы  салынып,  56  су  жаңа 

ауыл  шаруашылық  техникалары  сатып  алынды.  Егіс  көлемі 

азайғанмен, мал азықтық дақылдар алқабын  кеңейтуге көңіл 

бөлінуде. Ал, өткен жылы ауданда 442 бас асыл тұқымды мал 

сатып  алынса,  бұл  жұмыс  биылғы  жылы  да  жалғасын  таба 

бермек.  Міне,  алдағы  күндері  халықпен  кездесіп,  есеп  беру 

жиналысын  өткізер  алды  негізгі  айтар  ой­толғамдарымның 

бағыты осы. 



–  Абат  Абайұлы,  әсерлі  де  маңызды  сұхбатыңыз  үшін 

шынайы  алғысымызды  білдіреміз.  Ел-жұрт  алдында 

өткізгелі  отырған  есептік  кездесулеріңізге  сәттілік 

тілейміз. 

Сұхбаттасқан: мүсірбек АйТАШЕв

Сырым ауданы әкімдігі 

қарияларға арнап 

салтанатты ас берді. 

Ауылдық округтердегі 

ардагерлер ұйымының 

төрағалары мен азаматтық 

белсенді аға буын өкілдері 

жиылған үстелдің 

басында ауданның алдағы 

аяқалысы туралы әңгіме 

қозғалды. 

Өмір  жолымен  өнеге  болған 

қарттар  қауымына  деген  құрмет 

пікірін аудан әкімі Абат Шыныбеков 

білдірді.  Ауыл  үлкендерінің  негізгі 

маңызы  жергілікті  жердегі  рухани 

тұтастық  пен  бұқаралық  бірлік 

жолында  болуы  керектігі  айтпаса 

да  белгілі.    Осыны  айғақтағандай, 

ақсақалдар  да  ел  ішіндегі  татулық 

туралы көп айтты. 

Ас басында жергілікті маңызы бар 

мәселелер де арагідік айтылды.

Бауыржан ШирмЕдинұлы

Жуырда облыс 

орталығындағы 

«ҚазииТУ» ғылым-білім 

кешенінде  9-11 сынып 

оқушыларының жалпы 

білім беретін пәндер  

бойынша   республикалық 

олимпиадасының 

облыстық кезеңі өтті.

Биылғы  жылы  облыстық  кезеңге 

13  пән  бойынша  аудандар  мен 

қаланың  жалпы  білім  беретін 

және 

мамандандырылған 



мектептерінен  329  оқушы  қатысты. 

Олимпиада 

тапсырмалары 

«Дарын»  республикалық  ғылыми­

практикалық  орталығының  оқу­

әдістемелік кеңесімен дайындалған.  

Бұл білім сайысына Сырым ауданы 

атынан  10  бірдей  мектеп  оқушысы 

қатысты. 

Сырым  аудандық  білім  беру 

бөлімінің  жанындағы  әдістемелік 

кабинеттің 

әдіскері 

Гүлнұр 


Қаналиеваның  айтуынша,  Бұлан 

орта мектебінің 10 сынып оқушысы 

Назерке  Мақсотова  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  пәнінен  2  орын  алыпты. 

Назерке ендігі жерде ұстазы Ағырыс 

Сәрсеновамен  бірге  республикалық 

кезеңге дайындалады. 

Сонымен бірге, география пәнінен 

А.Жұмағалиев  атындағы  мектептің 

10 сынып оқушысы Арман Ғабдықұл, 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерінен 

Ж.Досмұхамедов  атындағы  орта 

мектептің  11  сынып  оқушысы 

Оразова  Гүлім  және  Қ.Мырзалиев 

атындағы  орта  мектептен  Меңсұлу 

Максимова,  В.И.Шубин  атындағы 

орта  мектептің  10  сынып  оқушысы 

Жанат  Дайынова  құқықтану  пәні 

бойынша  арнайы  «Алғыс  хаттар» 

алды. 


Бауыржан ШЕрІм

«Жеті тапсырманың бәрі де маңызды»



Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков:

Жуырда Қр БҚО 

филиалының «Ерекше 

тәуекелді солдаттар» 

қоғамдық бірлестігінің 

төрағасы Есім Бектілеуов 

ауданымызға келіп, Ауған 

соғысының ардагерлері

Чернобыль АЭС-нан 

зардап шеккендер, Семей 

сынақ полигонында болған 

ауылдастарымызбен және 

арайы шақырылған бөлім 

басшылары  мен үкіметтік 

емес ұйым мүшелерімен 

«нұр Отан» партиясының 

Сырым аудандық 

филиалының мәжіліс 

залында бас қосты. 

Бұл бас қосудың басты ерекшелігі 

«Сырым  сарбаздары»  қоғамдық 

бірлестігінің  аудандар  арасында 

жалғыз  біздің  Сырым  ауданында 

құрылуы  мақтаныш.    Сол  себепті 

құрылған жаңа бастаманың алғашқы 

отырысында  бірлестіктің  кеңес 

мүшелері  болып  Серік  Сарғозиев,  

Мәлік  Тәжіғалиев,  Қожаберген 

Сисенов, 

Нұрлан 


Аманбаев 

көпшіліктің  келісімімен  бекітілді. 

Жаңадан  құрылған  бірлестіктің 

Батыс Қазақстан облысының Әділет 

департаментінен  алынған  Заңды 

тұлғаны  мемлекеттік  тіркеу  туралы 

анықтамасы  мен  мөрін  «Сырым 

сарбаздары»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрағасы  С.Сарғозиевтің  қолына 

тапсырған  ҚР  БҚО  филиалының 

«Ерекше  тәуекелді  солдаттар» 

қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

Есім 

Бектілеуов 



Астана 

қаласының  «Чернобыль  Одағы» 

қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

Қ.Омарбаевтың  атынан  келген 

медалдарды  бірнеше  азаматтарға 

табыстады.    Қадыр  Қошаев 

(Бұлдырты),  Камель  Темірханов 

(Аралтөбе),  Жұмабек  Нұрмұханов 

(Жымпиты)  «Семей  полигонының 

ардагері»  медалін  алса,    Аралбек 

Өтеповтің  (Жымпиты)  өңіріне 

«Чернобыль  1986­2014ж.ж»  ес­

телік  медалі  тағылды.  Бірлестік 

мүшелеріне,  яғни,  Ұлы  Отан 

соғысының  қатысушылары  мен 

мүгедектеріне 

және 

соларға 


теңестірілген  тұлғаларға    Заң 

бойынша тиесілі көмектер берілетіні, 

соның 

ішінде 


коммуналдық 

төлемдерге көрсетілетін  жеңілдіктер 

жағы толық түсіндірілді. 

ҚР  БҚО  филиалының  «Ерекше 

тәуекелді  солдаттар»  қоғамдық 

бірлестігінің 

төрағасы 

Есім 


Бектілеуовтің  айтуынша,    Ауған 

соғысына 

қатысқандар 

мен 


Чернобыль 

АЭС 


апатынан 

зардап  шеккендерге  және  Семей 

полигонында  әскери  қызметтерін 

өтегендер  қалалық  автобустарда, 

аудандарға 

қатынайтын 

автобустарда  тегін  жүруге  құқылы. 

Бүгінгі  таңда    қарастырылып 

отырған    бұл  жеңілдіктер  отбасы 

мүшелерінің  барлығына  келекшекте 

қарастырылуы  мүмкін.  Сол  себепті 

дәйекті  құжаттар  болуы  шарт.  Тіпті 

«Тұрғын  үй  жинақ»  банкі  арқылы 

5  пайыздық  мөлшермен,  30  жылғы 

мерзімге  үй  салуға  несие  берілу 

жағы да қарастырылған. Несие алуға 

ниеттенген  осы  санаттағылардың 

атында баспана болмаса болғаны.

 Осы жиынның барысында ҚР БҚО 

филиалының  «Ерекше  тәуекелді 

солдаттар»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрағасы  Есім  Бектілеуов  бірлестік 

мүшелерін  мазалаған  сауалдарының 

тиегін  ағытып,  келешекте  құрылған 

бірлестіктің 

беделі 


түспей, 

жұмысының  алға  жылжуына  сәтті 

қадам тіледі. Мұнан кейін аудандық 

ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы 

Т.Дарғожиев  сөз  алды.  Жаңадан 

жұмысын 


бастаған 

ұйымның 


қолға  алған  бастамалары  жемісін 

беруін  тілеп,  жергілікті  атқарушы 

органдармен  бірлесе  Елбасының 

жүргізіп  отырған  саясатын  жүзеге 

асыруға  шақырды.  Бөлім  басшысы 

тек  біріккен  істе  ғана  береке 

болатындығын баса айтты. 

Осыдан 


кейін 

Есенгелді 

Ділмұқашев, 

Сұлтанғали 

Мұханбетқалиев, Жұмабай Зайнуллин 

сынды есімдері аталған азаматтар  ҚР 

БҚО филиалының «Ерекше тәуекелді 

солдаттар»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрағасы  Есім  Бектілеуовтің  алғыс 

хатына қол жеткізді. 

Аталмыш  бірлестік  мүшелеріне 

қатысты  медицина  тұрғысынан 

көрсетілетін  көмек  пен  қатар  қолға 

алынар  ұсынбалар  да  айтылмай 

қалмады. 

Ал    «Сырым  сарбаздары» 

қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

Серік Сарғозиев сан түрлі  санаттағы 

сарбаздардың  басын  біріктіріп, 

бірлесе жұмыс атқаруға белді бекем 

буған.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал