Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі



жүктеу 8.07 Mb.

бет64/77
Дата09.01.2017
өлшемі8.07 Mb.
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77

Балтаұлы Тайлақ – халық батыры. Елұраны 

(шамамен 1705 - 1793 ж.)

Жаркент   уезі,   Бозым   болысы   Тоғызбұлақ   ауылында,   Меркі   елді 

мекенінде туған. Зираты белгісіз. 

Тайлақ   он   бес   жасында   билік   айтыпты.   Көрші   –   қазақ   қырғыздың 

қойы қоралас, жаны аралас отырған. Қыз беріп, қыз аласып төстесіп 

жататын   ел   арасындағы   жер,   жесір,   мал   дауы   екі   халыққа   да   тән 

қасиет. 

Бірде қырғыз жігіттері қазақ қызылбөрік  руының жылқысын ұрлауға 

келіпті. "Малым, жаным" деген заман. Жақсылық та, жамадықта та 

сол арқылы пайда болып, малдың күшімен шешімін табатын уақыт. 

Сондықтан да, бәрінің кермесінде ерттеулі ат, егеулі найза тұратын 

заман. Бірде қырғыз барымташыларының біреуі мерт болады. 

Қарқара   жайлауындағы   Көктөбенің   басында   күнде     жиын.   Кейде 

баласы Тайлақ мал бағып жүріп дау жайын әбден түсінеді. Байқап 

қараса арадағы елші елдестірудің орныан, шағыстыру, жауластырып 

дау өрши түседі. 

Әрі – сәрі отырған алқа топтың алдына Тайлақ шығып: 


- Даудың түбі жан екен, жанның құны мал екен. Төбе биден төрелік 

айтуды маған сұраймын, - деп, тілек білдіреді. Екі ұдай топ елең ете 

қалады.   Ортада   отырған   қырғыздың   ақсақалы:   "Мынау   бала   екен. 

Амал – айла жасамас әділдік айтса осы айтар" деген байламға келген 

болу керек: 

-  Еме, қағылайын, о-о-о, сені  де  құдай  айдап келген  шығар, тетігі. 

Елің тоқтаса, мен тоқтадым! – деп, қамшысын алдына тастайды. Бұл 

бір Албан әулетінің ата – қонысына оралып, ел ынтымағы айрандай 

ұйып тұрған кезі болу керек, бәрі келісіпті. Ол заманда елдің құны екі 

елу, яғни жүз жылқы. 

Тайлақ:

- Онда үш күннен кейін дәл осы уақытта Көктөбеде кездеселік! 



- Деп тайына мініп малына кетіпті. 

Айтылған   сөз,   атылған   оқ.   Әр   түрлі   оймен   ел   тарайды.   Жүйесін 

тауып, жетесіне жеткізе түсіндірген ешімге тоқтайтын заман. Уәделі 

уақытта   жиналады.   Үш   күн   арасында   екі   жақпен   әңгіме   жүргізген 

Тайлақ   төбе   биден   білінбей   мейірленіп   кететін   сәт   болады.   Сол 

қасиетті   ақылдылар   ғана   бойында   ұстап   қалады.   Тайлақ   жалшыға 

табиғат сол мейірімін сыйлады – ау, сірә, Көктөбенің үстінде рухы 

көкке көтерілгендей биіктеп, көпшілік көлдей тынып құлақ салды. 

- Қазақ қырғыз төскейде малың, төсекте басың қосылған халықсың. 

Сендерге ағайындық керек пе, араздық керек пе, - деп сұрау тастайды. 

Екі жақ та: 

- Ағайынбыз, ағайындық керек! – деп шу ете қалады. 

- Ендеше елдігімізді екі тентектің кесірінен бұзбалық, көршінің малын 

ұрлау ең үлкен күнә. 

- Дұрыс па, 

- Дұрыс!


- Бүгін қырғыз ұрласа, ертең қазақ ұрлайды. 

- Жымсымаға жылға көп, жымысқыға әңгіме көп...

Қырғыз, қазақ түгел қолдап Тайлақ баланың ойы толыға түседі. 

Қолын жоғары көтеріп, дүбірлеп кеткен елді тыныштандырған соң: 



- Шешім мынау. Ұрыны ұрып өлтірген адамды көрген ешкім жоқ. 

Аттан   жығылып   мерт   болуы   мұмкін.   Ажалға   араша   жоқ. 

Көршінің көнектегі ырызғысына ұры қол сұққаны үшін қырғыз 

бауырлар елу жылқы төлейсің. Ал қазақ ағайын ауылыңа келген 

азаматтың   ат   көлігінің   амандығына   қарамағының   үшін   елу 

жылқы төлейсің. 

- Әділ билік!

- Құн даулағанша құрығыңа ие болуың керек еді, құм санағанша 

құдығыңа ие болуың керек еді. Екі жақ та кінәлі. Әділ билікдеп, 

бүкіл ел қолдапты. Тайлақ содан бастап би атанған. 

/Тынышбек Алмабекұлы/.

Босқынбаев Сейдахмет – қоғам қайраткері

1904   ж.   Кеген   аудны,   Шет   Меркі   ауылында   туған.   Халқына   адал 

қызмет еткен, білімді білікті Сейдахметті Талдықорған облысындағы 

Андреев   аудандық   партия   комитетінің   екінші   хатшысы   болып 

жүргенде 1937 ж. 13 қараша айында Кеңестің қара машинасы "Халық 

жауы" деп жазықсыз жазалаған. 

КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы, қылмыстық кодекстің 58-7, 

17-58-8, 58-11 бабымен жауаптаған. 

1938 ж. Жоғарғы Сот Босқынбаев өлгеннен соң ақтаған. 

/Тынышбек Алмабекұлы/.



Жұмағұлов Іңкәрбек – еңбек ері

(1922-1998)

Кеген ауданы, Тоғызбұлақ ауылында 1922 жылы 5 мамырда дүниеге 

келген.   Еңбек   жолын   1939   жылы   "Кеген"   кеңшарында   зоотехник, 

есепші   болудан   бастап,   1942   жылы   әскер   қатарына   шақырылғанға 

дейін   осы   жұмысты   істеді.   1942-1948   жылдар   аралығында   Қиыр 

шырыста жүріп әскери борышын шекарашы қызметінде өтеді. 1949-

1954   жылдары   "Кеген"   кеңшарында   зоотехник,   ферма   меңгерушісі 


қызметтерін   атқарды.   1954-1956   жылдары   ауыл   шаруашылығы 

министрлігінің   Қапланбектегі   кеңшар   директорларын   даярлайтын 

арнайы курсында оқыды. Оны бітіріп келген соң жоғарыда аталған 

кеңшарда 1957 жылға дейін ферма меңгерушісі болды. 

Ауыл шаруашылығын жетік білетін  жас маман 1957 жылы Балқаш 

аудынының   "Жиделі"   кеңшарына   директорлыққа   жоғарылатылды. 

Онды 1967 жылға дейін істеді. 

1961-1974 жылдары өзі еңбек жолын бастаған "Кеген" кеңшарында, 

1974   жылдан   1985   жылы   зейнеткерлік   демалысқа   шыққанға   дейін 

"Ұзынбұлақ" асыл тұқымды қой кеңшарында директор болды. 

Жұмағұловтың   ұзақ   жылдарғы   ерен   еңбегі,   жоғары 

ұйымдастырушылық   қабілеті   орынды   бағаланып,   оған   КСРО 

Жоғарғы   Кеңесі   Төралқасының   1971   жылғы   2   наурыздығы 

Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері аттары берілген. 



Қожашев Жартыбай – елағасы

(1922 ж) 

Республикаға Еңбегі сіңірген ауыл – шаруашылық ардагері. Дербес 

зейнеткер.   Кеген   ауданы   Тоғызбұлақ   ауылында   туған.   1934   ж. 

Жалаңаш орта мектебіне оқуға алынған. 1941 ж. 7- класты бітірген 

соң   армияға   барған.   1942   ж.   Өзбекстан   Республикасы   Наманған 

қаласындағы   жаяу   әскер   командирлерін   даярлайтын   училищені 

бітіріп,   1943   ж.   299   атқыштар   дивизиясының   960-полкінде   взвод 

командирлерінің   көмекшісі   болып   майданға   қатысқан.   1943   ж. 

Белгород   қаласында   ауыр   жарақаттанып   елге   оралған.   1954   ж. 

Алматы ауыл – шаруашылық институтына оқуға түсіп 1959 ж. жоғары 

білімді агроном мамандығын алған. 1960 ж. Көлбастау колхозына бас 

агроном болған. 1962 ж. өзі туған ауылы Тоғызбұлақ колхозылары 

шаруашылығына   төраға   етіп   сайланған.   1972   ж.   Қазақстан 

Республикасының   мал   –   дәрігерлік   ғылыми   зерттеу   институтының 

"Жалғамыс"   тәжірибе   шаруашылығына,   1978   ж.   Кеген   ауданы, 

Жалаңаш сауда бірлестігіне директорлық қызмет атқарған. 1982 – 84 

ж.   Жалаңаш   ауылдық   кеңеске   төрағаға   сайланған.   1984   жылдан 

дербес зейнеткер. 



Ж.   Қожашұлы   1966   ж.   "Құрмет   белгісі",   1971   ж.   "Ленин",   Отан 

соғысының   1-дәрежелі   (1955   ж),   Екінші   дәрежелі   (1975   ж) 

ордендерімен марапатталған. 

"Ерлік" (1945 ж), "Отанды азат етуге 25 жыл" (1975 ж), "В.И.Лениннің 

туғанына 100 жыл толу" т.б. медальдарының иегері. 

Молдасанұлы Жолсейіт – еңбек ері    

1930 жылы Кеген ауданы, Қарқара ауылында туған. Ұлы Отан соғысы 

басталғанға дейін мектеп қабырғасында оқып жүрген оның арманы 

көп,  әрі   асқар  еді.  Амал  арман  жолын  қууды сұрапыл  соғыс  бөліп 

кетті. 1941 жылы бәрін тастап еңбекке араласуға тура келді. Сөйтіп, 

Ж.Молдасановтың одан кейін жарты ғасырға жуық уақытқа созылған 

шопандық жолы басталып кеткен еді. Ал, бұл жарты ғасырдың әр күні 

мен түні ерен еңбекке толы болды. Сол қарапайым еңбек оны бақытқа 

жеткізді,   ел   ықыласына,   халық   құрметіне   бөледі.   Өйткені,   ол   осы 

жылдар ішінде іргелі екі шаруашылықтың малындай қой өсірген еді. 

Бұған аға шопанның жыл сайын бағымындағы әр жүз саулықтан 120-

дан бастап 175 – ке дейін төл алып, аман өсіре білгендігі дәлел бола 

алады. 

Сондай   ерен   еңбегінің   нәтижесінде   Ж.Молдасанов   1973   жылы 



Социалистік Еңбек Ері атанды, мемлекеттік сыйлықтың иегері болды. 

СОКП   –   ның   XXIV,   XXV,   XXVI   сьездеріне   делегет,   Қазақ   ҚСР 

Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, СОКП Ораталық 

Тексеру   комиссияының   мүшесі   болды.   Осылайша   ол   қарапайым 

еңбегімен қатар үлкен – үлкен қоғамдық жұмыстар атқарды. 

Қазірде   Ж.Молдасанов   егемен   еліміздің   ерікті   фермері.   Ол   жаңа 

жағдайда, жаңа жігермен еңбек етіп өзінің фермерлік шаруашылығын 

жылдан – жылға нығайтып келеді. 



Көшкінұлы Сүлеймен – елағасы

1936   жылы,   17   қазанда   Алматы   облысы,   Кеген   ауданы,   Меркі 

ауылында   дүниеге   келді.   Қазақстанның   еңбек   сіңірген   ауыл 

шаруашылығы   қызметкері   (1990).   Талдықорған   зооветтехникумын 

(1957),   Алматы   зоотехникалық   –   малдәрігерлік   институтын   (1971) 

бітірген. 



1957-1970 ж. Кеген ауданы "Тоғызбұлақ" колхозында кіші зоотехник, 

фермамамеңгерушісі,   бас   зоотехник,   1970-1973   ж.   "Жылысай" 

совхозының бас зоотехнигі, 1973-1975 ж. Панфилов ауданы "Көктал" 

совхозының   бас   зоотехнигі,   1975-1979   ж.   Гвардия   ауданы   Ленин 

атындағы   асылтұқымды   мал   зауытының   директоры.   1979-1980 

жылдары Кербұлақ аудандық атқару комитетінің бірінші орынбасары, 

аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің  төрағасы, 1980-1985 жылдары 

Талдықорған аудандық кеңес атқару комитетінің бірінші орынбасары, 

аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1985-1992 ж, 

Панфилов ауданы "Октябрь" қой совхозының директоры болды. 1992-

1997   ж.   Панфилов   ауданы   әкімнің   орынбасары,   аудандық   ауыл 

шаруашылығы   басқармасының   бастығы   қызметтерін   атқарды.   1997 

жылдан   "Керімағаш"   санаториясы   жауапкершілігі   шектеулі 

серіктестігінің президенті. 

С.   Көшкінұлы   Кеген,   Гвардия,   Кербұлақ,   Талдықорған,   Панфилов 

аудандарының экономикасының нығаюына, ауыл шаруашылығының 

дамуына елеулі үлес қосты. 

Отан   алдында   еткен   еңбектері   үшін   С.Көшкінұлы   Қазақ   КСР 

Жоғарығы   Кеңесінің   Құрмет   грамотасымен,   Кеңес   Одағының   және 

Қазақстан   Республикасының   бірнеше   медалімен   марапатталып, 

"Қазақстанның   еңбек   сіңірген   ауыл   шаруашылығы   қызметкері" 

атағына ие болды. Панфилов ауданының құрметті азаматы. 



ТҰНҒАТАРҰЛЫ   РЫСБЕК   –   РАЙЫМБЕК   АУДАНЫНЫҢ 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

1948 жылы Нарынқол ауданында өмірге келген. Жалаңаш қазақ орта 

мектебін   1966   жылы   бітірді.   1966   жылы   шаңғыдан   мастерлікке 

кандидат   нормасын   орындады.   1967-1969   жылдарда   Челябі 

қаласының   ауыл   шаруа-шылығын   механикаландыру   және 

электрлендіру   институтының   механика   факультетінде   оқыды,   1972 

жылы   институттың   толық   қурсын   бітірді.   1972-1975   жылдарда   су 

шаруашылығы минсстрлігінде механик, бөлімше бастығы, басқарма 

бастығы   болып   жұмыс   істеді,   1976-1984   жылдарда   Ет-сүт 

министрлігінде   инженер,   бөлім   бастығы,   басқарма   бастығының 

орынбасары (транспорт жағынан), басқарма бастығы – автобазаның 


бастығы   болып   қызмет   атқарды.   1984-1991   жылдарда   құрылыс 

мекемелерінде   инженер,   бас   инженер,   басқарма   бастығы   болып 

жұмыс істеді. 1991 жылдан осы уақытқа дейін "Сары - Құлан" АҚ 

төрағасы қызметінде. 



Стамғазиев Рамазан – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген 

әртісі

1967 жылы 03.05. Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылы, 

Көкпияз   елдімекенінде   туған.   1974-84   жылы   Шырғанақ   орта 

мектебінде   білім   алған.   1984-1985   жылы   Кеген   ауданының 

орталығындағы музыка мектебінде, ән сабағынан дәріс берген.  1985-

1987   ж.   КарССР.   Карелия   орталығы   Петрозаводскде   әскерлік 

борышын   өтеген.   1987-89   жылдары   Алматыдағы   Эстрада   –   цирк 

студиясында, халық әртісі Қайрат Байбосыновтан сабақ алды. 1986 

жылдан   Қазақ   концерт   "Жазира"   бірлестігінде   әншілік   қызмет 

атқарды. 

1990   –   95   жылдары   Қазақтың   Абай   атындағы   мемлекеттік 

университетінде   оқып,   жоғары   білімді,   музыка   пәні   мұғалімі 

мамандығын алды. 

1992  жылы  Семей  қаласында  өткен  Әміре   Қашаубаев  атындағы  III 

Республикалық Қазақтың   әндерін орындаушылар байқауының, 1995 

жылы   Алматыда   өткен,   "Үкілі   үміт"   байқауының,   1997   жылы 

Самархант   қаласында   өткен   халақаралық   "Шығыс   әуендері" 

фестивалінің лауреаты. 

1998   жылы   22   қазанда   Қазақстан   Республикасының   Еңбегі   сіңген 

әртіс   атағын   алды.   Рамазан   Стамғазиев   халық   әндері,   халық 

композиторларының   әндерін   шебер   орындаушы.   Атақты   Біржан, 

Сегіз сері Ақан, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Мәди, Шашубай, Естай, 

Байғабылұлы Қапез, Нартай, Абай, Кенен, Қапиз, Шалтабай, Балуан 

Шолақ   секілді   халқымыздың   мақтан   ететін   өнерпаздарының 

мұраларын   шебер   орындаушы.   Ол   Қазақ   концерт   бірлестігінде 

Ж.Елебеков   атындағы   эстрада   –   цирк   колледжінде   ұстаздық   етеді. 

Президенттік "Ұлан" гвардиясында жеке әнші. 


Алыбаев Жақсылық Әліпбайұлы – ғалым

(1946 - 5.3.)

Кеген  ауданы  Кеген  ауылында  туған.  1965  ж.  Жалаңаш  қазақ  орта 

мектебін   бітірген.   1965   –   70   ж.   Ленинград   қаласындағы   Ленсовет 

атындағы   Ленинград   технологиялық   институтына   жоғары   білімді 

мамандығын   технолог   мамандығын   алған.   1970   ж.   Қазақстан 

Республикасы   ҒА   жанындағы   металды   байыту   институтында   аға 

лаборант,   одан   кейін   инженерлік   қызмет   атқарған.   1981   жылы 

"Исследование

 

процессов



 

совместной

 

переработки 



высококремнистных молибдесховых руд фосфоритов" атты Ғылыми 

зерттеу   жұмысынан   кандидаттық   диссертация   қорғады.   1996   жылы 

ғылым докторы атағын абыроймен қорғады. 

Алыбаев Серік Әріпбайұлы – ғалым. Қоғам қайраткері

1956 жылы 7 қарашада Талдықорған облысы, Қоғалы ауданы, Қоғалы 

селосында   туған.   1962   жылы   Павлодар   облысы,   Панлодар 

қаласындағы Ленин атындағы орыс мектебінде орта білім алған. 1973 

жылы   Москвадағы   мемлекеттік   университетке   оқуға   түсіп,   үздік 

бітірген   соң   аспирантурасында   оқуға   қалған.   1982   жылы   оыс 

университетте   "Өндірістік   экономика"   тақырыбынан   диссертация 

қорғап, экономика ғылымының кандидаты деген ғылыми атақ алған. 

1983   жылы   Алматы   қаласындағы   Хадықшаруашылық 

университетінде   ұстаздық   етті.   1984   жылдан   Сыртқы   Істер 

министірлігінде   қызмет   атқарды.   Белгияда,   қазір   Жапания 

мемлекетінде елші. 



Шобал

Бозымның екінші баласы Шобал /Таз/ - Ұраны "Сәрменбет"

Шобал   бабамыздан   –  Құттығай,   Дүйсенбі   болып   екі   тармаққа 

бөлінеді. Шежіреміздің шарты бойынша әр баласын үлкеннен бастап, 

дәл жежіре жиналған уақытқа дейінгі ұрпағына жеткенше таратамыз. 

Құттығай    бабамыз үш әйел алған екен. Бірінші әйелі – Есенбике, 

екінші әйелі – Жанбике, үшінші әйел Тоқбике атты. Осы үш анадан 

Құттығай бабамыз он ұл көрген. 


Шобал   –   Құттығай   (Құттығайдың   бірінші   әйелі   Есенбике 

анамыздан) – Қанай, Жолдыбай, Есенқұл, Есенбай, Жолай. 

Қанайдан – Айтуар, Жарты аталырынан. 

Қанай – Айтуар атасынан

Айтуардан  –   Абиыр,   одан   Құнанбай,   Бұнанбай,   Жайлаубай, 

Құнанбайдан   –   Есікбай,   одан   Бесбай,   Болат,   Асқар,   Қанат,   Талғат, 

Дәулет,   Дулат,   Мұхит,   Айдар.   Бесбайдан   –   Данияр,   Болаттан   – 

Қайсар,   Асқардан   –   Айдын,   Еділ,   Ернияз.   Дәулеттен   –   Марат. 

Дулаттан – Данияр. Бұланбайдан – Елубай, Алпысбай. Елубайдан – 

Бақытжан,   Дәулетхан,   Алпысбайдан   –   Мұрат,   Бауыржан.   Қанай   – 

Жарты атасынан.

Жартыдан  –   Шалғынбай,   Иса.   Шалғынбайдан   –   Қазықбай,   одан 

Орынбасар, одан Кеңес, одан Асқар. 

Исадан   –   Нүсіпәлі,   Нүсіпбек.   Нүсіпәліден   –   Есен,   Асан,   Асқар, 

Тоқабай,   Бекетай,   Ержан.   Есеннен   –   Серік.   Тоқабайдан   –   Қуаныш, 

Қуандық. 

Жолдыбайдан – Сәйке, Темір аталарынан

Сәйкеден ұрпақ жоқ.



Темір атасынан – Картек, Қосқарау, Күренке, Көккөз, Тоққожа. 

Қасқараудан  –   Бала,   Құсбала.   Баладан   –   Ерденбек,   Нұртай, 

Тұрлыбек.   Ерденбектен   –   Алпысбай,   Кенжебай.   Алпысбайдан   – 

Бейбіт,   Бекет,   Болат,   Абай.   Бейбіттен   –   Дархан.   Кенжебайдан   – 

Ермек,   Қайрат.   Нұртайдан   –   Жұматай,   одан   Жақангер,   Жұмәділ, 

Рүстем. Тұрлыбектен – Ниязбек, одан Нұрлыхан, Бақытбек, Әділжан, 

Қаныш, Марат. Нұрлыханнан – Темір, Қуаныш, Қайрат, Бақытбектен 

– Асқар, Қаныштан – Мұрат. 

Күренкеден  – Тоқсейіт, Жексенбі, Жанбай, Әрүйсін. Тоқсейіттен – 

Тілеулес, одан Сүлеймен, Иса. Сүлейменнен – Нағашбек, Қайдарбек, 

Жайдарбек.   Нағашбектен   –   Марат,   Қанат.   Қайдарбектен   –   Данияр. 

Жайдарбектен   –   Әлібек,   Мұратбек,   Рысбек.   Исадан   –   Жұмабек. 

Жексенбіден   –   Мұхаметжан,   Керейбай.   Мұхаметжаннан   –   Әбділда, 

Мәсей. Әбділдадан – Мәсімхан. Мәсейден – Жеңіс, Қанат. Жанбайдан 

– Оңғар, одан Ысқақ, Бейсенбай, одан Жеңіс, Бақыт. Әрдүйсіннен – 

Бекқожа, Тоққожа. Бекқожадан – Талғарбай, одан Ілияс. Тоққожадан 

– Жұмабек, одан Болат, Сағат. Болаттан – Әділ. 


Көккөзден  –   Жұмабай,   одан   Тұрлы,   одан   Нұрғали,   Серік,   Мұрат, 

Болат,   Қанат,   Қайрат.   Нұрғалиден   –   Айдос.   Серіктен   –   Саят. 

Мұраттан – Ержан. Болаттан – Ерхан. Қанаттан – Қазбек. 

Есенқұлдан     атасынан  –   Бектемір,   Тастемір,   Итаяқ,   Ұлтарақ, 

Байсымақ. 

Есенқұл атамыз ел аузында үлкен емші, балгер, тәуіп болған деседі. 

Есенқұлдан   тараған   ұрпақтардан   жөн   сұрағанда,   біз   "тәуіп"   –   деп 

атайды. Енді осы атадан тараған ұрпақтарды тізсек:

Бектемірден  –   Кербет,   Бейсеу,   Байбақты.   Бейсеуден   –   Тастан, 

Ақымбек,   Әбділда,   Молдабек,   Арықбай.   Ақымбектен  –   Жапсарбай, 

одан Жұман, Құрман, Мұқтар, Ғалым. Әбділдадан – Серікбол, Қапен. 

Молдабектен   –   Несіпбек,   одан   Ержан,   Бауыржан,   Сержан. 

Арықбайдан   –   Сақыш.   Сақыштан   –   Кәрбін,   Кәрім,   Мэлс,   Болат. 

Кәрбіннен – Мирас. Кәрімнен – Данияр. Мэлстен – Дәулет. Болаттан – 

Бақтияр, Аспандияр немерелерін өсірді. Байбақтыдан – Жетібай, одан 

Бақберген, Бақыт, Бақытбек, Болат. Бақбергеннен – Арман, Бақыттан 

– Әлік. Болаттан – Бағдат. 

Тастемірден – Сәйбек, Бидай, Деңгелбай, Аташ. Сәйбектен – Кәрібай, 

Рақым, Мерген. Бидайдан – Байбол, одан Ауған, одан Оразбек, Ораз, 

Оразалы. Деңгелбайдан – Суанбек, Қабылқожа, Жәпек. Суанбектен – 

Төке,   Тұрсын,   Тұрысбек,   одан   –   Темірбек,   Нұржан,   Орынтай, 

Тұрымтай.   Қабылқожадан   –   Нүсіпжан,   Әсімжан.   Нүсіпжаннан   – 

Құрманғали, Нұрлан, Тәлік, Ерлан, Қуаныш. Құрманғалидан – Талғат. 

Нұрланнан – Айдар, Алтай. Айдардан  – Азамат.  Тәліктен – Ертай, 

Мәди. Ерланнан – Нұртай. Қуаныштан – Дінмұхаммед. Есімжаннан – 

Отарғали, Бақытжан, Марат, Саят, Бақтығали, Ешен. Отарғалидан – 

Мақсат.   Бақытжаннан   –   Данияр.   Ешеннен   –   Ермек.   Жәпектен   – 

Әкімжан,   Әліпбай,   Әлтай,   Қамза,   Әлихан,   Әлімжан,   Бақыт. 

Әліпбайдан – Бақыт. Әлиханнан – Фараби. Әлімжаннан – Ғалымжан. 

Бақыттан   –   бір   ұл.   Аташтан   –   Оршыбек,   одан   –   Қоңқабай,   одан   – 

Сауыт,   одан   –   Нұрғанат.   Ғайниден   –   Әскер,   Қуат,   Виталий. 

Нұрғанаттан – Ерғанат, Ғайниденнен – Нұржан. Виталиден – Ержан, 

Досжан, Есжан. 



Итаяқтан – Шойынбай, Ыбырайым молда. 

Ұлтарақтан  –   Қорғанбай,   Қоңырбай,   Тұғылбай,   Бақтыбай. 

Қорғанбайдан   –   Өскенбай,   одан   Әлібек.   Қоңырбайдан   –   Қалибек. 



Тұғылбайдан – Бекбол,  одан Ұзақ, Солтанбек,  Тілеуімбек, Билібай. 

Солтанбектен   –   Қырғызбай,   одан   Ермек,   Ерболат.   Билібайдан   – 

Талғарбай,   Бақтыбай.   Талғарбайдан   –   Наурызбай.   Бақтыбайдан   – 

Жақыпбек, одан Құдайберген, Ілияс. Құдайбергеннен – Шәміл, одан 

Асхат. Ілиястан – Самат. 

Жақыпбекұлы Ілияс –  Талғар ауданы "

ызыл Ту


Қ

" ауылында 1948 

жылы дүниеге келген. 1977 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің 

заң   факультетін   бітірген.   Алматы   қаласындағы   Әуезов   ауданы 

прокуратурасының   көмекшісі,   аға   тергеушісі,   осы   ауданның   халық 

соты,   Алматы   қаласындағы   Москва   ауданының   прокурорының 

орынбасары, Фрунзе ауданның прокуроры қызметтерін атқарды. 1991 

жылы   Алматы   қаласы   прокурорының   орынбасары,   1991-1994 

жылдары Алматы облысының прокуроры болып істеді. 1994 – 1997 

жылдары   Қазақстан   Республикасының   Бас   прокурорының   бірінші 

орынбасары   қызметін   атқарды.   1997   жылдан   Қостанай   облысының 

прокуроры, ал 1999 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының 

прокуроры болып қызмет етуде. 

1998   жылы   Мәскеуде   кандидаттық   диссертациясын   қорғап,   1999 

жылы   Заң   ғылымдарының   кандидаты   деген   дипломын   алды.   Оның 

қаламынан екі монография және 20 – тарта ғылыми еңбектері баспада 

жарық көрді. Юстиция саласының генерал майоры. 

Байсымақтан – Тоғызбай, Торан, Түнғатар, Пұсырман. Тоғызбайдан 

Құдайменде,   одан   Қожай,   Келбай.   Қожайдан   –   Смағұл,   одан 

Нығымет. Келбайдан – Әлімқожа, одан Жұмағұл, Теміржан. Теміржан 

/ҚХР   да/.   Тораннан   –   5   бала   бар.   Торан   дүниеден   қайтқанда 

шешесінде қалған. Кім екендері белгісіз. Тұнғатардан – Игілік, одан 

Толыбай,   Нүсіпбек,   Дәулетбай.   Дәулетбайдан   –   Оспан,   Оспанбек. 

Оспаннан – Сәдуақас, Қасен. Сәдуақастан – Жақсылық – Шілдеқан. 

Жақсылықтан – Ғалымжан, Бауыржан, Ержан. Шілдеханнан – Дәурен, 

Руслан.   Оспанбектен   –   Сәкен,   Есбол,   Ерғали.   Есболдан   –   Темір, 

Еркебай, Берікжан, Жарқын. Ерғалидан – Сырым. 




1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал