Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі



жүктеу 8.07 Mb.

бет58/77
Дата09.01.2017
өлшемі8.07 Mb.
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77

ОТЫНШЫҰЛЫ ЖАНПЕЙІС - 1916 ЖЫЛҒЫ ҚАРҚАРА

КӨТЕРІЛІСІНІҢ САРБАЗЫ

 1868 жылы Кеген елдімекенінде туған. Ақпатшаның шұрайлы жерді 

алған   саясатына   қарсы,   әрі   солдатқа   адам   бермейміз   деген 

көтерілістің көсемі. Патша жандарымдарымен шайқаста 56 жасында 

дүниеден қайтты.

СОЛТАНҚҰЛҰЛЫ БЕКАЙДАР - 1916 ЖЫЛҒЫ ҚАРҚАРА


КӨТЕРЛІСІНІҢ САРБАЗЫ

1867 жылы Жаркент уезі Нарынқол болысы, Сарбастау елдімекенінде 

туған. Алғырда қайратты Бекайдаров елге би болған. Әділ билігімен 

әділ билік жүргізген. Шұрайлы жерді иемдене бастаған ақпатшаның 

саясатына   қарсы   шыққан.   1916   жылғы   Қазақтан   солдат   алмаймыз 

деген, өз жарлына өзі қарсы шығып, елдің жасөспірімдерін солдатқа 

алмақ болған соң елді ұйымдастырып, үлкен ерлікке көтерген. Соның 

нәтижесінде   Қытаймен   сауда-саттық   жүргізген   Қарқара 

жәрменкесінде   қарулы   көтеріліс   басталды.   Осы   қанды   шайқаста 

Бекайдар   қаза   болды.   Тарих   оқиғаның   ақ   -   қарасын   айыратын 

әділқазы. Ол болашақ ұрпақтың еншісіне қалар дүние. 

ТҰРЫСБЕКҰЛЫ ЖЕТЕН (Бұқа батырұлы) - ХАЛЫҚ БАТЫРЫ

(1837-1913)

Ұлт   -   азаттық   көтерілісінің   өз   заманындағы   даңқты   қолбасшысы. 

Елін,   жерін   жоңғар   басқыншылығынан   азат   етуде   ерлігімен   ел 

назарына ілігіп, құрметіне ие болған. Батыр бұрынғы Жаркент уезі 

(қазіргі Ұйғыр ауданы) Сарытоғай болысы, Айт руының ата-қонысы 

Сарытоғай елді мекенінде туған.

Жетен батыр ел ағасы 100-ге тарта қарулы сарбаз ұстаған. Тезек төре 

адалдығына, батырлығына бас иіп, есептесуге   мәжбүр болған. Сол 

кездегі қазақ, қырғыз халқын басқарған генерал - губернатор Герасим 

Алексеевич   Калпаковскийдің   өзі   Албан,   Суан   руының   атақты 

батырларының   әрбір   ізін   бағып,   хабардар   болып   отырған.   Оны 

Ш.Уәлихановтың   1861ж.   28   желтоқсанда   губернаторға   жазған 

қатынас хабарламасынан білуге тиіспіз. 

Ш.Уәлиханов  «таңдамалы   шығармалар   594-бет   1953ж.»   «қазақ 

көркем әдебиет баспасы». 

Онда   былай   жазылған:  «Соңғы   уақытта   дүнгендер   мен   сарттар 

елшілері   арқылы   Іле   бойындағы   Албан   руларына   кең   насихат 

жүргізуде  ».  Соның   нәтижесінде   Саурық,   (Құрман,   Ұзақ   батырдың 

әкесі) Джузендердің басшылығымен Жарты, Қоңырбөріктер   оларға 

ашық   түрде   ат   беріп,   жігіттері   көмектесіп   жүр.   Ал,   Жетен,   Дүр, 

Сұлтан, Кезеңқара қазірше толқу үстінде-дейді. Бұған қарағанда осы 

аты аталған батырлар патшалық Ресейге де белгілі болған.

Жетен   батыр   ұзақ   жасаған.   Жайлауда   пәни   дүниеге   аттанған.   Елі 

құрметтеген   батырға   Верный   қаласынан   Жалаулыға   қызыл   кірпіш 

әкеліп губернатордың қадағалауымен биік зират ескертікш тұрғызған. 


Оны мемлекеттік маңызы бар ескерткіш деп хаттаған. Мемлекеттік 

тарихи орындарды қорғау орталығында сақтаулы. Есігінен екі атты 

адам қатар кіретін, күмбезіне ерттеулі аттың үстіне тік тұрғанда қолы 

жетпейтін кесенені 1930 ж. Қызыл әскерлер бұздырып, кірпішінен қол 

өз   кеңсесіне   печ   салдырған.   Соның   басшысы,   кеңесшісі   болған 

Коммунистің   өзі   кейін   жынданып,   әкесін   ат   сүйреп   өлтірді.   Ұрпақ 

қалмады.

Сол   Жетен   батыр   зиратының   орнына   еліміз   егемендігін   алғаннан 

кейін 1996ж. Қараша айында ұрпақтары қайтадан ескерткіш орнатты. 

Жаңартуды ел ішінде ұйымдастырған ұрпақтары: Шарен Белғожаев 

қажы.   Досан   Жанбота,   Бексырға   Данышпанұлы,   құрлысшы  - 

архитектор   Болат   Әбішұлы   т.б.   болды.   Данқты   батыр   құрметіне 

жалаулы кеншарының орталығындағы кең көшеге Жетен батырдың 

атымен атады, ұлттық ойындар жарысын өткізді. 



ӘШІМБАЕВ САҒАТ-ЖАЗУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

1947  жылы   1мамырда   Алматы   облысы   Нарынқол   ауданы   Жамбыл 

ауылында туған. 1965ж. Нарынқол с-ндағы қазақ орта мектебін үздік 

бітірген.   1965ж.   С.М.   Киров   атындағы   Қазақ   Мемлекеттік 

Универстетінің   филология   факультетінде   оқып   1970ж. 

Республикалық    «Жастар»  газеті  «Лениншіл   жаста»,   қазіргі  «Жас 

алашта» әдеби қызметкер болып еңбек жолын бастады. 

1973-1976ж.   аралығында  «Жұлдыз»  журналында,  1976-1979ж. 

«Лениншіл жас»  газеті бас редакторының орынбасары,  1980-1985ж. 

Авторлық   құқық   жөніндегі   бүкодақтық   агентігінің   Қазақ 

бөлімшесінің   бастығы   болды.   Ал   1986ж.   бастап   С.Әшімбаев   Қазақ 

КСР Телевизия және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комбинат 

төрағсының   орынбасары,   содан   кейін   осы   комитеттің     төрағасы 

қызметін атқарды. 

С.  Әшімбаев   –  қазақ   әдебиетінің   белгілі  білгір  -  сыншысы.   Өз 

заманының   озық   ойлы   зиялысы   болатын.   Сыншы  -  ғалым,   1976ж. 

қазақ   жазушылар   одағының   мүшесі,   оның   шығармалары 

талғампаздық тереңдігімен, жан  -  жақты біліктілігімен ерекшелініп, 

публицистикалық  «Парыз   бен   қарыз»  телехабарлары   көрермендер 

тарапынан үлкен ықылысқа бөленді. Оны «сын мұраты» атты тұңғиық 

кітабы үшін 1976 ж. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 

С.Әшімбаев 1991жылы 26 тамызда кенеттен қайтыс болды. Мүрдесі 

Алматы   қаласының   Ортақ   зираты  «Кеңсайда».  Мрамырдан   бюсті 


жасалған.   Райымбек   ауданындағы   өзі   туған   жеріндегі   қазақ   орта 

мектебі С.Әшімбаев атымен аталады.



ЖАНБОТА ДОСАН - ЖАЗУШЫ

(1935ж. 10.05)

Кеген   ауданы,   Жалаулы   колхозында   туған.   Кеген   мектеп 

интернатында   (1950ж.)   (1958ж)   Жалаңаш   қазақ   орта   мектебін 

бітірген. 1960 жылы Қазақ Әл-Фараби Мемлекеттік Университетінде 

тарих   факультетіне   түсіп,   1965ж.   жоғары   білімді   тарихшы 

мамандығына түсіп 1965ж. жоғары білімді тарихшы мамандығына ие 

болған.   1965ж.   Қазақ   теле-радио   комитетіне   қызметке   алынып 

телестудияның   жасөсперімдерге

  арналған

 «Құрдастар» 

редакциясында   студенттер   экраны   атты   әдеби-өы   өнерпаз   жастар 

бөліміне жетекші редактор болды.

1968ж.   қазақ   радиосында   тұңғыш   рет   таза   қазақша   хабарлар 

жүргізетін  «Шалқар»  арнасы   ашылғанда   редактор   болып   ауысты. 

1950жылдан бастап (Коммунизм нұры) Жетісу, (Лениншіл жас) Жас 

алаш,   (Пионер)   Ұлан   газеттерінде   алғашқы   өлеңдері   жрық   көрген. 

1968ж  «Жұлдыз»  журналының   9-номерінде   алғаш   рет   прозалық 

шығармасы:  «Әкемді   көргендер»  атты  көлемді  повесі  жарық  көрді. 

Отан   соғысы   жылдары   тылдағы   ел   өмірі   суреттеледі.   Мерзімдік 

баспасөздерде   қазақ   радио,   теледидарында   әңгіме,   повестері, 

очерктері үзбей жарияланып тұрды. 

1976  ж.  «Қайнар»  баспасынан   8  баспа   табақтық   деректі   әңгімелер 

жинағы,   1977ж.   Қазақ   мемлекеттік   Халық   суретшісі,   мемлекеттік 

сыйлықтың   лауераты,   мүсінші   Хакімжан   Наурызбаевтың   балалық 

шағын   әңгімелейтін  «Тастағы   симфония»  атты   көркем   повесі 

«Жазушы» баспасынан шықты. 

1976ж. тұңғыш рет құрылған «Жалын» жастар баспасына редаторлық 

қызметке алынды.  «Жалын»  альманағының проза бөліміне  жетекші 

болды.

1986  ж.қаз.   Кеңес   Энциклопедиясы   баспасына   ауысып   1995ж. 



демалысқа шықты.

1978ж.  «Дала   оттары»   «Жалын»  баспасы,   1984ж.  «Жер   жылуы» 

(Жалын баспасы) повестері мен «Дүниедегі ең ұзақ жол», «Бартоғай», 

«Ғасыр жебесі» атты романдары бар. 

Композитор   Әсет   Бейсеуовтың,   Халық   артисі   З.Қойшыбаеваның 

орындауындағы қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған «Дос 

жүрегі»,   «Жан   досым»,  Е.   Серкебаевтың   орындауында  «Сағынып 


аңсап келемін»,  Н.Нүсіпжановтың орындауындағы   «Абайдың елі», 

М.Жүнісованың   орындауындағы  «Жамбыл   ақын   мәңгілік»  т.б. 

жасөспірімдер хорының орындауында  «Туған жер», Қ.Белғозиевтың 

«Кел жайлауға бауырым» әндеріне өлең жазған. 



ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ МҰҚАТАЙ-АҚЫН

1936 жылы  19декабрь айында Кеген, қазіргі Райымбек ауданы, Кеген 

елді мекенінде Мақатай Сарыжаз ауылында сарыжаз орта мектебінде 

оқу жолын бастап, Кеген қазақ орта мектебінің жанындағы жетімдер 

жатақханасында   тәрбиеленіп,   орталау   білім   алған   соң   Алматы 

қаласындағы №12 мектеп интернатта тәрбиеленіп, орта білімді игерді. 

Мұқатай   Кеген   мектебінде   оқып   жүрген   кезде   -   ақ  «Қазақстан 

пионері»  газетінде,   қазіргі  «Ұлан»,   «Коммунизм   нұры»   қазіргі 

«Коммунизм   нұры»   қазіргі  «Жетісу»,   «Мәдениет   және   тұрмыс» 

қазіргі  «Парасат»,   «Лениншіл   жас»,   қазіргі  «Жас   алаш»  т.б.   газет 

журналға   отты   өлеңдерін   жариялап   отырды.   Қазақстан   бойынша 

тұңғыш   рет   жарық   көрген   Қ.Аманжоловтың   редакторлық 

басшылығымен  «Жас   қанат»  жинағында   Қ.   Мырзалиевтің,   Т. 

Молдағалиевтің, Е.Ібітановтың, Б.Абдіразақовтың өлеңдерімен қатар 

бір топ өлеңдері жарық көрді. 

1956жылғы   Дүниежүзі   жастарының   фестивальінің   Алматыдағы 

республикалық   жарысында   Мұқатай   өлеңін   жазған,   Алматы   жайлы 

жазылған   ең   алғашқы   ән   композитор   Әсет   Бейсеуовтың  «Алмалы 

Алматым»  орталық   стодионда   бүкіл   мектеп   оқушыларының 

қосылуымен   хор   болып   орындалды.   Мұқатай   1967жылы   Абай 

атындағы   Алматы   педагогикалық   университетінің   тіл-әдебиет 

факультетіне   оқуға   түсті.   Мұқатай   денсаулығына   байланысты 

төртінші курстан сырттай оқуға ауысып, журналистік еңбек жолын 

бастады.   Алматы   облысының   Ақсу   аудандық   газетте   әуелде   әдеби 

кейін   редакторлық   қызмет   атқарды.   Бұл   жылдары   талантты   ақын 

көптеген   жақсы   жырларды,  «Қарқара,   Қарқара»  атты   көлемді 

поэмасын жазды. Өмірінің соңғы жылдары туған жері Кеген ауданың 

аудандық газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етті. Мұқатайдың 

артында қалған өлең мұра көп. Өз еңбегінің бақытын көруге тағдыр 

оған жазбаған шығар, өлеңдерінің жеке кітап болып жарық көргенін, 

қуанышына   қуана   алмай   дүниеден   өтті.   Екеумізді   Сталинге   хат 

жаздың деп оқудан шығарғанға биыл жарты ғасыр болады. Сол жылы 

ауданымыздың   Жетпіс   жылдық   мерей   тойының   үйлесуі   үлкен 

қуаныш.   Тағдырлас,   тамырлас   досым   мына   нарық   қысып,   өз 



кітабымды шығара алмай жүрмін. Екеуміз жақсылықтан үміт үзбеуші 

едік, мен одан әлі күдер үзген жоқпын. Сенің рухың менімен бірге. 

Сені ең соңғы сапарға аттандырғанда мен. Алматы қаласы 12декабрь 

селосында.



САҒАТБАЕВ ЖАМБЫЛ-ҒАЛЫМ 

  1941  жылы   Текес   селосында   туған.   Осы   ауылдағы   орта   мектепте 

дәріс   алғаннан   кейін   Алматыдағы   медицина   институтын   бітірді. 

Институттың   стоматология   факультетінде   деканның   орынбасары, 

декан қызметін атқара жүріп, ғылыммен үзбей айналысты. 1972жылы 

«Сынған   жақ   сүйектерінің   сорылып   кететін   темір   қосындысымен 

бекіту»  деп   аталатын   тақырыпта   кандидаттық   диссертация   қоғады. 

1988жылы   Москва   стоматологиялық   медициналық   институтындағы 

ғылыми советте  «Қайта салынған жақ сүйектерінде қан тамырларын 

жүргізу»  деген тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қоғады. 

Қазір   Дәрігерлер  білімін   жетілдіру   институтында  бет-жақ  хирургия 

кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.  Отбасымен түгел 

медицина ғылымына істейді. Отбасымен түгел медицина ғылымына 

үлесін қосып жүргендер.



ДАНЫШПАНОВ БЕКСЫРҒА - ЕЛАҒАСЫ.ҒАЛЫМ

(1941ж. 6.IX.)

Кеген   ауданы   Ұзынбұлақ   селосында   туған   1958ж.   Шелек 

селосындағы С.М.Киров атындағы мектепті бітірді.  1960ж. Алматы 

ауыл  -  шаруашылық   институтына   түсіп   1965ж.   жоғары   білімді 

инженер - механик мамандығын алды. 

1965  ж.Ұзынбұлақ Асыл тұқымды қой совхозында, Алғабас жылқы 

заводында Бас инженер-механик. 

1974  -  76  жж.   Кеген   ауданының   ауыл  -  шаруашылық   техникасы 

басқармасының 1976ж. ауыл  - шаруашылық басқармасының бастығы. 

1977 ж. ауданының партия комитетіне хатшы.

1983  ж.   ҚазССР   көк   өнім   Министрлігіне   қарасты   Кеген   ауданы 

Қарқара картоп өндіретін совхозға директор.

1986 ж. Кеген ауданының партия комитетіне 1 - хатшы.

1986 ж. ҚазССР Жоғарғы кеңесінде депутат. 

1990 ж. Алматы облысы ауыл - шаруашылық басқармасы бастығының 

орынбасары. 


1992 ж. Алматы қаласы жер комбинатының төрағасы.

«Құрмет белгісі», (1974ж)  «Еңбек Қызыл Ту» (1977ж) ордендерімен, 

«Еңбектегі ерлігі»   (1970ж),  «В.И.Лениннің 100 жылдығы» (1970ж) 

медальдарымен марапатталған. 

1998 ж - Алматы облысының орман-тоғай басқармасының бастығы.

1998 ж - география ғылымының кандидаты.



ТӨРЕХАНОВ ЭРНЕСТ – ЖАЗУШЫ

1943  жылы 12 қарашада Кеген ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге 

келген. 1960жылы Кеген орта мектебін бітірген соң  1962 жылы С.М. 

Киров   атындағы   Қазақ   мемлекеттік   университетінің   филология 

факультетіне оқуға түскен.  1967 - 1976жылдар арасында «Лениншіл 

жас»   /қазіргі  «Жас   Алаш»  газетінде   әдеби   қызметкер,   жауапты 

хатшының   орынбасары,   бөлім   меңгерушісі   міндеттерін   атқарады. 

1976 жылдан 1979 жылға дейін Мағышылақ облыстық «Коммунистік 

жол»  газетінде   тілші   болып   қызмет   етеді.   1979-1984  жылдары 

аралығында  «Жалын»,   «Жазушы»  баспаларында   редакторлық 

жұмыста  болды.    1982  жылы  «Таудан  түскен із»  атты повесі  үшін 

жүлде   алған.   1978  жылы  «Жалын»  баспасынан  «Хантәңірі», 

баспасынан  «Ер   кезегі»,   1984  жылы  «Таудан   түскен   із»  атты 

прозалары кітаптары жарық көрген. 1987жылы  «Алыстағы ақ қала» 

романы   1993  жылы  «Алматы   күн   ашық»,   «Патшалар   шеруі» 

романдарын   жазды.  «Алыстағы   ақ     қала»   үшін   республикалық 

М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.   1993-2002 халықаралық 

«Қазақ тілі» қоғамының вице-президентін атқарып келеді. 



ШӘРІПҰЛЫ ҚАЙТПАС-ҒАЛЫМ.

Медицина ғылымның докторы, профессор 

Қоғам қайраткері

1938 жыл туған. 1957 жылы Текес орта мектебін бітірген.

1967жылы   Алматы   мемлекеттік   медицина   институтының   емдеу 

факультетін бітіріп.  1967 - 1975 жылдарға дейін - аға зертханашы. 

А.С.   Сызағнов   атындағы   Гылыми  -  зерттеу   орталықтың 

анестезилогия-реаниматология бөлімнің кіші ғылыми қызметкері. Ол 

А.Н.Сызғанов   атындағы   орталықтың   жедел   терапия   бойынша 


анестезилогия  -  реаниматология бөліміндегі алғашқы жұмы күнінен 

бастап-ақ анестезиологияның жаңа тәсілдерін қолдау жөнінде үлкен 

тәжірибелік жұмыстар жүргізді. 1975жылы «Туа пайда болған жүрек 

бөгеті ауруларының қандағы қышқал көрсеткіші бойынша анестезия 

мен   тәсілдердің   гипортемиясы   деңгейін   бағалау»  тақырыбына 

ғылыми диссертия қорғады. 

Анестезиология   және   реанимация   қызметін   дамытуға   тәжірбиелік 

көрсету   мақсатында 1975 жылы Денсаулық сақтау министрлігімен 

ісіктерді сауықтыру, Қазақ онкологиялық және радиологиялық УЗИ 

анстезияология   және   жедел   терапия   бөлімі   меңгерушісі   қызметіне 

ауыстырылған

 

Қ.Ш.Шәріпов



 

клиникалық

 

медицинада 



алғашқылардың бірі болып медициналық қамтамасыз етудің сапасын 

арттыруға мүмкіндік беретін жұмыстың жаңа тәсілдерін енгізді. 1992 

жылы   Қ.Ш.Шәріпов  «Ісіктерді   оташылық   және   топтау   жолымен 

емдеу процессіндегі матаболизмнің өзгеруі»  тақырыбына докторлық 

диссертациясын   қорғады.   Оның   ғылыми   жетекшілігімен   5 

кандидаттық диссертация қорғалды. 100-ден астам ғылыми еңбегі, 2 

авторлық   күәлігі,   10   тәсілдік   нұсқамалары   жарық   көрді.   3   оқулық 

басылымның және қазақ  -  орыс тілдеріндегі тәсілдік нұсқамалардың 

редакциялық коллегиясы мүшесі  болып саналады. («Гипортермия в 

кардиохирургии»,  1973ж., М.Әлиев,  «Спровочник хирурга», 1997ж., 

М.Әлиев, «Хирургиялық нұсқау»1997ж)

Қ.Ш.   Шәріпов   А.Н.   Сызғанов   атындағы   ХҚО-тық   арнайы   ғылыми 

кеңесінің мүшесі. 1994-1995 жылдарға дейін А.Н.Сызғанов атындағы 

ХҚО   директорының   төтенше   медицина   жөніндегі   орынбасары 

қызметін атқарды. 1998 жылдан профессор Қ. Шәріпов 1994 жылдан 

бастап Қазақстан Республикасының Минстрлер Кабинетінің 27.09.94 

ж.   №1068  қаулысын  жүзеге   асыру   мақсатында   құрылған   Қазақстан 

Республикасының   Төтенше   жағдайлардағы   шұғыл   медициналық 

көмек қызметі яғни Республикалық Апат медицинасы орталығының 

директоры болып қызмет етіп келеді



БОЗЫМ

БОЗЫМНАН – САРЫ, ШОБАЛ (ТАЗ), ЖАНШЫҚ

АЛБАН АТАДАН – САРЫ ҰРПАҒЫ 

ҰРАНЫ - «ТАЙЛАҚ».

ТАҢБАСЫ – «АРҚАР  МҮЙІЗ»

Сарыдан - Дәуі, Өтеп 

Дәуіден - Балта.

Балтадан - Атан, Тайлақ, Түктібай, Сүттібай. 

Аттан - Ақберді, Құдайқұл, Серікбай, Берістембай, Торғай, Сантыр.

Тайлақтан - Итбас, Байтүгел, Түгел, Есімбек, Дулат, Қырым, Қодар, 

Досымбек, Ибалда. 

Итбастан - Төрежан, Сарт. 

Байтүгелден - Қожағұл, Үркімбай, Қожамсүгір. 

Түгелден - Қада, Қаныбет.

Есімбектен - Жанәлі, Жанкісі, Қобдалы, Биеке, Құсық, Бектұр, 

Жантұр, Қилыбай.

Дулаттан - Күзен.

Күзеннен - Айнеке, Қожеке батыр, Бәке.

Қырымнан – Әлібек, Жақаш, Жәнібек. 

Қодардан – Жаманқара, Қуандық. 

Досымбектен - Тінеке, Шома.

Ибалдадан - Қонысбай, Шылымбай, Әйтеке. 

Өтептен - Байсейіт, Әлсейіт, Шитемір, Шынан, Қартаң, Иек, 

Қазақбай. 

Байсейіттен - Маңырбай, Кемпір. 

Маңырбайдан - Алтынбай, Күңбас, Майкөт, Құлжан, Тайшапшаң, 

Құлшапшаң. 

Әлсейіттен - Есенаман.

Есенаманнан - Бек,Жарылғап.

Шитемірдер - Жұмабай,Азанбай, Қосай, Мәнжі, Сатыпалды. 

Жұмабайдан - Әлте, Дәлі, Қаумен, Дәулет, Төлеп. 

Азанбайдан - Көрпебай, Пұсырман, Жолдыбай, Дәулетбай, Сатай. 

Қосайдан - Отыншы, Қақсалбай. 

Мәнжіден - Уса, Аюке, Бұлдырық, Митан, Жанжігіт, Байжігіт, 

Молжігіт. 

Усадан - Айдар, Қожакелді, Түрікпе, Байдар, Сабдалы, Бапақ, 

Қасқарлау. 


Айдардан - Базақұл, Жаманқұл, Солтанқұл, Құндақбай, Тоқсаба. 

Қожакелдіден - Алтай, Рысқұл, Тайбағар, Қашаған, Оразай, 

Жұбаныш, Әділхан, Кентай. 

Түрікпен - Қазыбай, Жақа.

Байдардан - Сағынай,Қошан, Асан, Мойнақбай.

Сабдалыдан - Смайыл, Батырхан, Мамырхан, Ахмет.

Бапақтан - Ақбай, Байқара, Разақ. 

Қасқараудан - Рай, Қойкелді, Тоқмолда, Қыдыр.

Аюкеден - Ботай, Бақай, Елеусіз.

Бұдырықтан - Шабдар, Көшек, Дайрабай, Теңізбай.

Миттан - Тіаяқ.

Жанжігіт – Жасыбай, Шыңғыс, Кәрібоз, Тоқа. 

Байжігіт - Даулыбай, Тантыбай - батыр, Мәке, Диханбай. 

Молжігіт - Кәмек, Құлпенде, Серік, Байбосын.

Сатыпалдыдан - Боранғазы, Бәкел, Иманғазы. 

Шыннан – Таласбай, Келесбай, Күшік. 

Қартаңбай - Кедей.

Иектен - Тастүлек, Кеңтанау, Есеке. 

Қазақбайдан - Қаратүрік, Төсекбай. 

Балта атадан Атан ата ұрпағы

1. Сарыдан - Дәуі.

2. Дәуі - Балта

3. Балтадан - Атан

4. Атаннан - Ақберді, Құдайқұл, Серікбай, Берістембай, 

Торғай,Сантыр. 

5. Ақбердіден - Бәимен.

6. Бәйменнен - Майлыбай, Сайлыбай, Саяқ.

7. Майлыбайдан - Қасымбек, Бірімтай, Сымбай, Тұрдыақын.

8. Қасымбектен - Нұрақын, Әлақын, Құдайберген, Сламжан.

9. Нұрақыннан - Тайболат. 

10. Тайболаттан - Бекболат.

9. Құдайбергеннен - Есқат, Мақсат, Талғат, Дулат.

9. Сламжаннан - Марта, Мұрат.

8. Бірімтайдан - Ұзақ, Махамет.

9. Ұзақтан - Сыдық.



8. Сымбайдан - Далдабай.

9. Далдабайдан - Тоқтасын, Бахыт, Толқын.

8. Тұрдыақыннан - Әбдіқадыр.

9. Әбдіқадырдан - Тоқтыбек.

7. Сайлыбайдан - Дөненбай, Кененбай.

8. Дөненбайдан - Өмір.

9. Өмірден - Әбдуәли, Ерғали.

10. Әбдуалиден - Ерболат, Еркін.

10. Ерғалидан - Дәулет.

8. Кененбайдан - Асылхан.

9. Асылханнан - Мұхаметжан, Ақтамбай.

10. Мұхаметжаннан - Бақтыбек, Мейрамбек.

7. Саяқтан, Аққойлы, Сенбі.

8. Сенбіден - Әбіш.

9. Әбіштен - Ақжарқын.

10. Ақжарқыннан - Серік, Берік.

11. Серіктен - Әнуар,Ернұр.

11. Беріктен - Ерік,Елдар.

5. Құдайқұлдан - Мәмбет.

6. Мәмбеттен - Нәдірбек, Әлімбек

7. Нәдірбектен - Ібінбай, Ілгідай, Әбдірасыл, Көшербай.

8. Ілгідайдан - Нұрғайып, Нұрмет,Шапатай, Тұрсын, Серік.

9. Тұрсыннан - Берік.

9. Серіктен - Әділет.

8. Әбдірәсілден - Әшім,Есім, Сейітақын, Құрманжан.

9. Әшімнен - Сыдықжан, Әлімжан, Серікжан.

10. Сыдықжаннан - Мұрат, Асқар, Асхат.

9. Есімнен - Әріпжан, Әлижан, Әнуар, Сабыржан, Нұрсұлтан

Жарқын.

10. Әлижаннан - Айдын.



9. Сейітақыннан - Серіжан, Шалқар, Өркен, Сұңқар, Қайсар.

9. Құрманжаннан - Нұржан, Құралжан.

8. Көшербайдан - Қалқан, Мұқай. 

9. Қалқаннан - Төлеген, Құрмет, Нұртай, Алтай.

7. Әлімбектен - Абиыр.

8. Абиырдан - Бақтыбек, Айтбай. 



5. Серіктен - Мауқыбас.

6. Мауқыбастан - Әміт.

5. Берістембайдан - Бағай, Көбен, Досай.

6. Бағайдан - Алматай.

7. Алматайдан - Мұрат, Есқанат, Қайрат.

8. Қайраттан - Аян.

6. Көбеннен - Рақым, Рақымбек, Ақылбек, Данияр.

7. Рақымнан - Ербол, Бауыржан.

7. Рақымбектен - Байыш.

5. Торғайдан - Жылқыбай.

6. Жылқыбайдан - Ақмолда.

7. Ақмолдадан - Мұқаш, Қали.

8. Мұқаштан  - Стақан.

9. Стақаннан - Ербол, Нұрбол, Ербақыт, Ғазиз, Ғайни

10. Ерболдан - Қуаныш, Абзал.

10. Нұрболдан - Жомарт, Темірлан.

10. Ербақыттан - Дархан, Нұрсұлтан.

8. Қалидан - Дастан, Жеңіс, Сайлау, Тасқын.

9. Жеңістен - Сырым, Нұрым, Нұрлан.

9. Сайлаудан - Еркебұлан, Серік, Бауыржан.

9. Тасқыннан - Досым.

5. Сантырдан - Тілеуберді.

6. Тілеубердіден - Тұрсынбай, Мүсілімбай, Мышан.

7. Мүсілімбайдан - Сүімбай, Қожатай, Қожахмет.

8. Сүйімбайдан - Әлтай, Ұлан, Қожамберді, Әшірбек.

9. Әлтайдан – Асан,Айдос, Асхат, Тұрдыбек.

9. Ұланнан - Ринат, Айболат.

9. Әшірбектен - Айбек.

8. Қожахметтен - Бахыт, Бахытжан, Жеңіс, Жақсылық,  Болат, 

Болатжан, Қуаныш.

9. Бахыттан - Ерік, Дархан, Дәурен.

7. Мышаннан - Нұрсәлім, Темірхан.

8. Нұрсәлімнен - Алтай, Ертай, Нұртай, Ерлан, Нұрлан.

9. Алтайдан - Ернұр.

9. Ертайдан - Нартай.

9. Нұртайдан - Еркебұлан, Арнұр, Әлішер.



9. Ерланнан - Бекнұр, Нұрғайым

9. Нұрланнан - Нұрахмет

8. Темірханнан - Берік, Алмабек, Сейітқазы.

9. Беріктен - Мирас.

9. Алмабектен - Данияр, Бахтияр.



1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал