Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі



жүктеу 8.07 Mb.

бет57/77
Дата09.01.2017
өлшемі8.07 Mb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77

7.БЕКҚОЖА

Бекқожадан  -  Еркін,   Берік.   Беріктен   тұқым   қалмаған.   Еріктен  - 

Толымбек,   Әбдімұрат.   Толымбектен  -  Термешек.   Термешектен  - 

Тәлібай.  Тәлібайдан  -   Құрманәлі. Құрманәліден  -  Айдын, Толқын, 

Шалқар. Айдыннан - Самат.

Әбдімұраттан  -  Таубалды, Дүйсенбай. Таубалдыдан  -  Бақыт, Бейбіт, 

Айдын. Бақыттан - Руслан, Айбын. Дүйсенбайдан - Шалқар, Нұрлан, 

Нұржан, Абылай.



8.АЯБАТЫР

Аябатырдан  -  Қашқын, Теремешек. Қашқыннан  -  Қасым, Медеубай. 

Қасымнан ұл бала жоқ. 

Медеубайдан - Нүсіпәлі, Нүсіпбек. Нүсіпәліден  - Қабыл.

                                                    Дәулет Ахметбайұлы

ҚР журналистер одағының сыйлығының иегері



3.

   АМАН

 

 

I.

   БӘЙГЕЛ

 

 

Бәйгелден   -   Мәңтай,   Тойболды,   Мыңжасар   Мәңтиден   -   Қосабай. 

Қосабайдан   -   Кесіпбай,   Несіпбай,   Нүсіпбай.   Кесіпбайдан   - 

Шонжыбай,   Текесбай.   Несіпбайдан   -   Әлмеш.   Нүсіпбайдан   - 

Қайырбай,   Әлімжан,   Досымбай,   Жылқыбай.   Шонжыбайдан   - 

Құныпия, Сәрсей, Сәрсебек. Текесбайдан ұл жоқ. Әлмештің балалары 

Қытай   жерінде.   Сондай   ақ   Қайыңбайдан,   Досымбайдан, 

Жылқыбайдан ұл жоқ.

Ал   Әлімжаннан   -   Батырхан,   Әкімбек,   Әуелхан.   Батырханнан   - 

Беделхан, Оразай, Оралтай, Дәулетхан, Аллажар, Бауыржан, Есентай, 

Айып.   Беделханнан   -   Ербұлан.   Оразбайдан   -   Саян,   Сырым. 

Оралтайдан   -   Ерзат,   Бағдат,   Жандос.   Дәулетханнан   -   Саят. 

Аллажардан   -   Жасұлан.   Бауыржаннан,   Есентайдан   балалар   бар. 

Әкімбектен   -   Отаннұр,   Бақытнұр.   Сәбетнұр,   Нұрлан,   Талғат. 

Отаннұрдан - Нұрқан, Асқар, Еламан. Сәбетнұрдан - Әділет, Ақжол. 

Әуелханнан-Айдын.   Құнапиядан   -   Мұқан,   Ноғайбай,   Орынбай. 

Мұқаннан   -   Сенім.   Сенімнен   -   Азамат,   Азат.   Орынбайдан   -   Еркін, 

Дәулет,   Мұрат,   Жасұлан.   Сәрсейден   -   Ермек,   Ботай.   Ермектен   - 

Ерлан. Ботайдан - Руслан.

Тойболдыдан   -   Тәубек.   Тәубектен   -   Өмірбай,   Өмірәлі,   Мұхамәди. 

Өмірбайдан   -   Мұқаш.   Мұқаштан   -   Байжұма,   Төленді   бұлар   Қытай 

жерінде. 

Өмірәліден   -   Әбдірақым.   Әбдірақымнан   -   Сақан,   Сақаннан   - 

Мұратжан,   Болатжан,   Миятжан,   Бақытжан,   Қуаныш,   Қайрат. 

Мұратжаннан   -   Самат,   Саят,   Қасым,   Ғалым.   Болатжаннан     - 

Еркебұлан. Миятжаннан - Өркен. 

Мұқамәдиден - Құмар. Құмардан - Серік, Отарбек, Доғдырбек, Бейқұт 

балаларының балалары бар. 

Мыңжасардан - Тасболат. Тасболаттан - Құралбай, Тұяқбай, Қалпа. 

Қалпадан   бала   жоқ.   Құралбайдан   -   Сатымбай,   Рахым,   Әбдіхалық. 

Тұяқбайдан - Мәндеке. 

Сатымбайдан   -   Нұрәлі,   Нұрсовет.   Нұрәліден-Нұрман,   Сүмбебай, 

Әскербай, Ерлан, Санат. Нұрсоветтен - Әскербек, Арман. 

Рахымнан   -   Мәмбет,   Досжан.   Мәмбеттен   -   Дидар.   Әбдіқалықтан   - 

Жамаубай. Жамаубайдан - Серік, Берік, Нұртай, Нұрлан, Болат. 



2.ҚАРАБОТА

Қаработадан   -   Оңтағар,   Орыс.   Орыстан   ұрпақ   жоқ.   Оңтағардан   - 

Қаңтарбай, Шоқат. Қаңтарбайдан - Асылбай. Асылбайдан - Нұртәжі, 

Белғожа, Серғазы бұлардың ұрпақтары Қытай жерінде. 

Құдайназардың баласы Шала мен Аман жөніндегі шежіре деректер 

марқұм   Әбдісүлеймен   Хасеновтың   Рақия   баласы   Рақыманның, 



Жұманның баласы Жәлеледің, Сатымбай баласы Нұрсоветтің Сақан 

баласы   Миятжанның,   Батырқан   баласы   Оразйдың   жазбаларынан 

шежіреші   әкеміз   Бүйенбай   баласы   Нәбидің,   айтқандарынан   және 

өзімнің жеке архивімнен алынып жинақталды. 



ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒАЛАР

ӘШІМБАЕВ НҮСІПБЕК - ЕҢБЕК ЕРІ

Еңбек Ері Нүсікеңнің өмір жолына зер салып отырсаңыз көп жайға 

қанық   боласыз.   Ел   білетін   ақылман   қария   1910жылы   Нарынқол 

ауданындағы   Сүмбе   ауылында   кедей   шаруаның   отбасында   дүниеге 

келген. Әкесі ерте қайтыс болып шешесі Жақайдың  тәрбиесінде өсті. 

1930жылы колхоздар құрылып жатқан шақта Сарыбастау колхозына 

мүше   болған.   1931-33жылдары   Есекарткан   (кейін   Ленин)   ауылдық 

Советінде   хатшылық   қызметті   атқарады.   Жиырмадан   жаңа   асқан 

жалынды   жас   колхоздастыру   құрлысына,   сонымен   қатар   шекараны 

қорғауға ерік - жігерімен атсалысады. Комотрядтың мүшесі болады. 

Бұл тұста ер арғы бетке қашып жатқан болатын. Өсек сөздер де көп. 

Сондай   бір   көлденең   сөздің   кесірінен-Нүсіпбек   Сарыжаз 

комендатурасында үш ай қамауға  алынады. Жазықсыздан жазықсыз 

құғындалған   жігіт   Алматыда   бір   ай   қамауға   ұсталып   ақыры   ГПУ 

үштігінің сыртынан шығарған 1933жылғы  29 қазандағы қаулысымен 

үш жылға бас бостандығынан айырылып, Карлагтан бірақ шығады. 

Нүсіпбек Әшімбаев түрмеден босағаннан кейін елі мен жеріне қайта 

оралып,   қызметін   жалғастырады.   Түрлі   жұмыстарға   араласты. 

1944жылы   Ленин   атындағы   колхозда   қой   фермасын   басқарды.   Бұл 

жұмыста   1952жылға   дейін   болды.   Колхозда   адам   күші   жетпейтін. 

Қойды   қолмен   қырқатын.   Жайлауға   өгізбен   көшіріп,   ара-арасында 

қырман бастырып, астық қолмен сапырылатын. Қандай қиыншылық 

болса да Ленин атындағы колхозда 1965-68 жылдары қойдың саны 

қозысымен жүз мың басқа жеткізілді.  Оның бір  кездегі сотталғаны 

қайта-қайта шығып еңсесін түсіргені аз болған жоқ. Халық депутаты 

тағы   басқа   лауазымды   жұмыстарға   ұснылған   кездерінде  «халық 

жауы» деп жоғары жақтағылар кері қайтарып отырды. 

1958  жылы   жерлестері   Нүсіпбек   Әшімбаев   колхоз   төрағасы   етіп 

сайлады. Осымен қызметті 1985жылға дейін атқарды. Сөйтіп, 32жыл 

колхоз   басқарды.   Колхоз   республика   бойынша   алдыңғы   қатарға 



шықты.   Нүсіпбек   Әшімбаев   еткен   еңбегі,   маңдай   тері   ақталды. 

Социалистік Еңбек Ері атанды. Үш мәрте Ленин орденімен, Октябрь 

Революциясы,  «Құрмет   белгісі»  ордендерін   кеудесіне   тақты.   Адал 

еңбегінің  арқасында  облыс, республика, Одақ көлемінде  көтерілген 

биіктері, иеленген құрметтері жетерлік. 

Елінің елеулісі, халқының қалаулысы болған Нүсіпбек қазір құрметті 

демалыста. 

ДӘРКЕНБАЕВ ӨМІРӘЛІ – ЕҢБЕК ЕРІ (875-1963)

1875жылы   Нарынқол   ауданындағы   Сүмбе   қыстағынды   дүниеге 

келген.   Ата   -   анасы   көп   балалы   жанұя   болғандықтан   13-15жасына 

дейін   қой   бағып,   он   алты   жасқа   1315келген   соң   жылқы   бағуға 

шыққан.   Сол   кезңде   бір   атадан   тараған   туыстарының   жылқысын 

бағып, Бейнеті мол еңбекті арқалады. Бұғанасы қатпай жатып желдің 

өтінде,   күннің   суығына,   жаңбырдың   астында   жылқы   бағудың 

қиындығын қайыспай көтерді. 

Революция   орнағаннан   кейін   алғашқы   колхоздастыру   жұмысы 

жүргізіліп жатқан тұста мүше болып кірді. Өзі бала кезінен, боз бала 

шағынан  

  үйреніскен   жұмысына   қайта   оралды.   Колхоз 

ұйымдастырылған кезде Өмірәлі Дәркенбаев 55жаста еді. Жасының 

ұлғайғанына   қарамастан   жылқышы   болуды   қалап   алды.   Алғаш 

колхозда 16 жылқы болса, бірнеше жыл өткен соң киелі малдың саны 

көбейе берді. Ұлы Отан соғысы басталған шақта да қарт жылқышы 

ерінбек еңбектеніп, аянбай жұмыс жасады. Соғыс кезінде майданға 

аттанған   ұлы   ерлікпен   қаза   болды.   Бәрін   көтере   білгенқарт 

жанкештілікпен еңбектене берді. Колхоздың 500 жылқысын жалғыз 

бақты. Бұл да, нағыз ерлік еңбек еді. Өмірәлідей қарт еңбеккер есімі 

көпке мәлім болды. 1947 жылы оған 55 бие бекітіліп берілгенді.Жазда 

оның бәрі құлындады. Өмірәлі ақсақал оның бәрін аман - есен, өсіріп 

қатарға қосты. Мұның бәріне оның еңбек - сүйгіштігі, жылқы бағуда 

тәжірибесі көмектесті. Бұл Ө.Дәркенбаевтың артель шаруашылығын 

дамытуға   қосқан   үлкен   үлесі   еді.   Жылқы   өсірудегі   осындай   ерен 

еңбегі   үшін   1948   жылы   майталман   қартқа,   қажырлы   еңбеккерге 

Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазір Сүмбе ауылында Еңбек 

Ерінің атында көше бар. Елге сыйлы қарт 1963 жылы дүниеден өтті. 

Артында ұрпағы қалды. 

БАЙШЫҒАНҰЛЫ КӨДЕК – АҚЫН


(1988-1934 жж)

Өмірінің соңғы жылдары Шығыс Түркстан қазақтары арасында өткен, 

Совет өкіметінің ауыл шаруашылығын зорлап ұжымдастыруы мен ірі 

байларды тап ретінде жоюының зардабынан шет елге (Қытайға) ауған 

талантты, сыншыл ақындарының бірі - Көдек Байшығанұлы. 

Құйма құлақ қарттар ауызынан жинаған деректерді тиянақтай талдай 

келгенде, Көдек Байшығанұл 1988 жылы қазіргі Алматы облысының 

Райымбек   аудынында,   Шалкөде   жайлауында   кедей   шаруа 

Байшығанның   семьясында   дүниеге   келген.   Көдектің   азан   шақырып 

қойған   аты   -   Әбдірақын.   Көдек   деген   ат   оған   кейін   қойылыпты. 

Өйткені,   ол   жас   кезінде   шешесі   өліп   жетім   қалады   да,   көбіне   әке 

тәрбиесінде өседі. Қаршадайынан жетімек болып қалған ұлы әкесі бір 

жағынан мүсіркеп, бір жағынан еркелетіп  «Көдегім»  деп жүріп, елге 

осы лақап аты жайылған. 

Көдей ұлы жүз тайпасының Албан тармағының ішінде Айт руыннан 

шыққан, Айт руының ішіндегі елі - Сүйіндік. 

Көдек   шыққан   Сүйіндік   руында   ойға   тапқыр,   сөзге   шешен 

қалжыңшы, мысқылшы адамдар көп болған. 

Көдек   алғаш   ауылда   оқып,   арбша   хат   таниды.   Онан   соң   ақындық 

қабілеті   ерте   байқалған   ол   ауыл   арасындағы   айтыстарға   қатысады. 

Сол кездегі салт бойынша дүниеден қайтқан атақты адамдарға жоқтау 

(дауыс) өлең шығарады. 

Солардың бірі 1918жылы ақпатшаның Қытайға қашып бара жатқан 

әскерлері үш ұлымен өлтіріп кеткен Диханбай деген кісіге шығарған 

жоқтауын оқып отырғанда, Көдектің көз қарасындағы екі тенденция: 

бірінші,   дүние   жалған,   ол   аз   күндік   алданыш   сондықтан   тағдырға 

көну керек деген фанатиктік сарын;  екінші, патша саясатына оның 

жендеттерінің жауыздығына бейбіт елді қырғынға ұшыратуына қарсы 

ашу, ыза, наразылық сарын байқалады. 

Шалкөде мен Қарқара

Жайлаған Албан көп едің.

Патшадан бұйрық боп,

Бала сұрап кеп едің.

Жәмеңке, Ұзақ, Бегдайыр,

Қарақол барып қырылдың.

Әбдіқалық, Серікбай

Орыстың көрдің құрығын.

Аты шыққан Албанға,

Мергенбай екен мығымың...

Сексен бес орыс келіпті,

Қаладан шыққан шабуға.


Атса мылтық өтпеген,

Шапса қылыш батпаған.

Ақ сауыттың бауы екен.

Атасынан бері қарай,

Қарадан туған хан екен.

Бір құртады әуелі,

Қолыңнан алып пұлыңды.

Екі сөзге келтірмей,

Бітірген оқ па құныңды!

Сәрсенбі күні жайғады,

Батырдан туған ұлыңды,

-дейді. Бұл тарихи шындыққа толық сай келеді.

Көдек   1920   жылдары   Қызыл   Армия   қатарына   алынып,   Оңтүстікте 

басмашыларға қарсы күреске қатысады. 1920 жылдардың ортасында 

ауылда болады. Бұл кезде шығарған өлеңдері көп сақталмаған. Тек 

«Көдектің қайнына барғанда айтқаны» деген өлеңі бар. 

Ерке боп сай баласы тез өседі,

Толықсып әке–шеше ортасында.

Ересек байдың қызын әперем деп,

Біреуге бұрын құда болмасын да ...

Кейінгі жас өспірім азаматтар,

Сөзімнің түсер жерін болжасын да-дейді.

Көдек ақынның 1930 жылдарға дейін шығарған өлеңдерінен әзірше 

бізге белгілісі –осылар.

Көдек   Байшығанұлының   сыншылдық   талантының   шарықтап   кең 

қанат   қаққан   кезі   -   1932жылдан   кейінгі   кезең.   Өйткені,   Совет 

өкіметінің   мәнін   терең   түсіне   алмасан   да,   бір   сыпыра   жыл   совет 

тәрбиесін   көрген   Көдек   Шығыс   Түркстанға   өтіп   барғасын,   ондағы 

шындық ойлағанындай болмағанын көреді. Қытай қашып барған ел, 

кемсітіліп  «қашқын»  аталады.   Оларды   жол   бойы   Қалмақ 

феодалдарының   қолшоқпары   талап   алса,   қазақ   ішіне   барған   соң 

атқамінер-ақалақшы, зәңгілер бүтін киім, тәуір аты болса, алдымен 

қолқа салып, сұрап алады. Оған қимаса, қарақшылары ұрлап алады, 

тіпті   болмаса   сабап   тартып   алады.   Бұл   туралы     Көдек  «мұртқа 

өкпелеп жүргенде, сақал шықты», «ұрлап алған ізетке жатады екен, 

кеткендер көп емес пе сабап алып» деп дұрыс бейнелейді.

Көдектің   1932-1934   жылдары   жазған   өлең-толғаулары  «Қытайдағы 

Албанның игі жақсыларын аралағанда айтқаны», «Сасанның ауылына 



барғанда айтқаны», «Еліме хат», «Албан туралы толғау», «Таңжарық 

ақынға сәлем», «Әміреге», «Сыламқожаға» және «Мергенбай туралы 

толғау», «Албан көтерілісі  туралы толғау»  деген екі шағын дастан. 

Бұлардың   барлығы   қолжазба   түрінде,   кейбірі   жаттап   алғыш 

адамдардың ауызында сақталған.

Көдек   1932   жылдары   туысқандарымен   бірге   Қытайға   қашып   өтіп, 

Шығыс Түркстанның Іле аймағына қарасты Текес ауданының Атты 

тауы деген жеріне орналасады. Бұл кезде онда Албаннан 1905-1916 

жылдары және  одан да бұрын орналасқан үш болыс ел бар екен.

Райымбек батыр әулетінен екенін айтады.



БЕКБОСЫНҰЛЫ ТАЙЛАҚ - 1916 ЖЫЛҒЫ АЗАТТЫҚ

КӨТЕРЛІСІНІҢ САРБАЗЫ

1887  жылы Кеген елдімекенінде туған. Ақпатшаға солдат бермейміз 

деп көтеріліске шыққан жасақтың басшысы. Майдан алаңында патша 

жендетінің қолынан қаза болған. Тарихи тұлға.



ЖАНСЕРКЕҰЛЫ ТҰРЛЫҚОЖА - 1916 ЖЫЛҒЫ

АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ АРДАГЕРІ

1863жылы Нарынқол ауданы Сүмбе елді мекенінде туған. Ел ішіндегі 

ең әулетті адам. Әділ билігімен Албан руының кем кетігіне, жарлы-

жабықайына   көмектескен   азамат.   1916жылғы   Қарқара 

жәрмеңкесіндегі   көтерілісте   қол   бастап   ақпатшаның   жендеттерімен 

қолма-қол күреске шыққан. Патша солдаттары Ұзақ, Жәменке үшеуі 

қазіргі Қырғыз республикасының қаласы Қарақол түрмесіне апарып 

қамаған.   Түрмеден   Ұзақ   пен   Жәменкені   шығарып,   өзі   енді   шыға 

берген сәтте, қарауылдағы солдаттың қолынан қаза  болған. Зираты 

сол Қарақол қаласының қорымында. 



ҚАЛМАҚБАЕВ СУСЫНБАЙ - ЕҢБЕК ЕРІ

(1885-1977)

Алғашқы   мойынсерік,   артельдер,   шағын   ұжымшарларды 

ұйымдастыру мен нығайтудың қиындықтары болашақ еңбек ерін сын 


көзінен   әбден-ақ   өткізген   еді.   Еңбек   жолын   қарапайым   шаруадан 

бастаған   С.Қалмақбаев   кейін   келе   бригадир,   ферма   меңгерушісі 

қызметтерін   абыроймен   атқарды.   Осы   жұмыстардың   бәрінде   өзінің 

жеке   еңбек   үлгісімен   қарамағындағы   адамдарды   тың   табыстарға 

бастай білді. Өйткені ол қол жұмыстарына да, мал бағуға да белсене 

араласты. 

С.Қалмақбаев   Кеген   ауданы,   Қарқара   ауылында   дүниеге   келген. 

1931жылы ұжымшарға мүше болып кіріп, 1963жылы құрметті еңбек 

демалысына шыққанға дейін отыз жыл ұжымшар өндірісінде еңбек 

етті.


Сусынбай басқарған жылқы фермасы ұжымшардағы ең ірі ферма еді. 

Оның   үстіне   үнемі   өрісте   бағылатын   бұл   түлікті   өсірудің   өзіндік 

қиындықтары   тағы   бар.   Еңбекқор   жан   соны   жете   ескеріп,   үнемі 

жылқыщылар жанынан табылатын. Бұл оларға сенбегендіктен емес, 

ферма меңгерушісінің ерекше еңбек сүйгіштігінен еді. Бұл өз жемісін 

бермей   қойған   жоқ.   Ол   басқарған   ферма   әр   жылы   –  ақ   жоғары 

көрсеткішке ие болып жүрді. Ал, 1947 жылы фермадағы  124 биеден 

124 құлын алынып, мал басы түгелдей аман сақталды. 

Осындай толымды табыстары үшін  «Қызылту»  кеңшарының ферма 

меңгерушісі   С.Қалмақбаевқа   КСРО   Жоғары   Кеңесі   Төралқасының 

1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы 

берілді.  Қазіргі  аудан орталыры-Кеген селосындағы бір  көше оның 

есімімен аталады. 

ҚОРҒАСБАЕВ СЕЙДАХМЕТ-ЕҢБЕК ЕРІ

(1886-1974)

Кеген   ауданының   Ақтасты   ауылында   кедей   шаруаның   отбасында 

туған.   Ұлы   Қазан   төңкерісіне   дейін   байлардың   малын   бағып,   күн 

көреді. Күн көріс қамы оны мал бағудың қыр - сырын жете меңгеруге 

итермелеген еді. Соның пайдасы тиіп ол майталман малшы болды. 

1931жылы өзі туып өскен Ақтасты ауылында құрылған  «Қызылту» 

ұжымшарына   мүше   болып   кірді.   Мұнда   да   С.Қорғасбаев   атакәсіп 

шопандықтан табан аударған жоқ. Бір салада ұзақ жыл еңбек еткен 

әрбір адам жылдан - жылға тәжірибе жинақтап шеберлігін ұштастыра 

түсетіні дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Бұған оның малсақтығы 

қосылды.   Әйтпесе,   алғашқы   артельдер   мен   шағын   ұжымшаралар 

тұсында   мал   қораларының   қиын   жағдайында,   жемшөп   қорының 

тапшы   дайындалатын   тұсында   жылма-жыл   отардан   отар   бөлу   кез-

келген   шопанның   қолынан   келе   бермейтін   іс   еді.   Ол   С.Қорғасбаев 



сынды малмен көзін ашып, өз кәсібін жан - тәнімен сүйетін шопанның 

ғана жетер жетістігі болатын. 

1947 жылы майталман малшы өз бағымындағы әр жүз саулықтан 120-

дан қозы алуға міндеттенген. Ал іс жүзінде С.Қорғасбаев отарындағы 

әр жүз саулықтан 128-ден қозы бөлінді. Жүн қырқудан да белгіленген 

меже   артығымен   орындалды.   Осы   табыстары   үшін   С.Қорғасбаев 

КСРО   Жоғары   Кеңесі   Төралқасының   1948   жылғы   23шілдедегі 

Жарлығы   бойынша   Социалистік   Еңбек   Ері   атағы   берілді.   Бұдан 

қанаттанған аға шопан одан кейін табысын тұлғаландыра түсті. Ол 

қазақтың архар - меринос қойын өсіріп шығарушылардың бірі болды. 

Бүгінде оның есімі аудан орталығындағы көрікті көшелердің біріне 

берілген. 



ҚАБАНБАЙҰЛЫ БҰҚА БАТЫР (ТҰРЫСБЕК)

ХАЛЫҚ БАТЫРЫ (1740-1825жж.)

Ұлт азаттығы жолындағы күрестің қолбасшысы. Елін, жерін жоңғар 

басқыншылығынан қорғап ата - дәстүрін жалғаған. Бұрынғы Жаркент 

уезі,   Сарытоғай   облысы   (қазіргі   Ұйғыр   ауданы)   ата-қонысы 

Сарытоғай елді мекенінде туған. 

Бұқа батырға (Тұрысбекке) табиғат зор денеге сай алапат күш-қуат 

берген. 

Ақылды   да,   сабырлы   Тұрысбектің   даңқы   17жасында   Жоңғар 

қалмақтары   мен   Алатау   қазақ,   қырғызына   әйгілі   болған.   Осы 

халықтардың бас қосқан ұлан - асыр тойында қалмақ ханы 6жасар 

қызылқасқа   бұқаны   ортаға   шығарып:  «Осыны   көтерген   адамға   ат 

басындай   алтын   беремін»  деп   жар   салады.   Дәу   бұқаны   көтеремін 

деушілер аз болмаған. Ешкімнің шамасы жетпеген. Ел елең етіп, тына 

алады. Алып денелі жас батыр бұқаны тік көтеріп, басынан жоғары 

бір дем ұстап тұрып, лақтырып жіберген. Жануар орнынан тұра алмай 

жан тапсырған. Содан бастап азан шақырып қойған аты ұмытылып, 

«Бұқа  батыр»  болып кеткен  екен.  Бұқа  батыр өз  заманында  сарбаз 

құрап,   жоңғарларға   соққы   берген.   Ол   жайлы   жазылған   да   болар. 

Зертте, зерделеу ертеңгі ұрпақ парызы. Бізге жеткені халық зердесінде 

сақталған   ұлы   дүбірдің   жаңғырығы.   Өз   егемендігімізге   жаңадан   ие 

болған   аз   уақыттың   ішінде   жинаған   алтын   зердің   ақығын   ұстап 

отырмыз. 

Тұрысбек   (Бұқа)   батырға   жаратушы   иесі   күш-қуат   пен   құдіретті 

қасиет сыйлаған. Майданға шыққанда найза, қылыш дарымаған.



Тылсым   бір   құбылыс   қорғап,   рухтандырып   тұратынын   ел 

байқағанмен, өз байқамаған, әрі болашақты болжайтын сәуегей екен. 

Дүниеде   өтер   алдында   қазақ   жерінде   болатын   халық   басынан 

өткерген тарихты осыдан 200жыл бұрын айтып кеткен.

1825  жылы   қазіргі   Ұйғыр   ауданының   Қалжат   селосынан   20-25 

шақырым   жердегі   әлі   де   Қытай   мемлекетінің   шекарасында   қалған 

Жиренбұлақ   деген   қонысындағы   бұлақ   басында   дүниеден   өткен. 

Зираты   сол   жерде.   Мәңгілік   сапарға,   жарық   дүниеден   аттанарын 

алдын-ала   біліп,   туған-туыс,   балаларын   шақырып   өзімен   қалай 

қоштасу керектігін айтқан. Сонда зайыбы:

-Туған жерден жырақта күздікте отырмыз. Ата-қоныстан алыс қалып 

барамыз, ертеңіміз қалай болар екен?-деп қалыпты.

Сонда Тұрысбек батыр:

-Жататұғын орын сайла!-деп өтініпті.

Бәйбішісі   тілегін   орындамапты.   Батыр   орныңнан   тұрып   шешініп 

жайғасқан соң: 

-Туған   туысыңнан   жырақ   отырғаның   болмаса,   бұл   да   өз   жерің. 

Олардың   келер   күні   бұлыңғыр.   Маңдайына   таңба   басқан,   ұзын 

шекпенді,   қаба   сақал,   көк   көз   жат-жұрт   билейді.   Қалмақ   бетті 

патшасы ұзақ тұрмас. Ал анау кәпір дейін десем мұрты бар, мұсылман 

дейін десем діні қатты қарқасы қан шеңгелдеп тұр-ау.

-Он   екі   қанат   боз   үйдің   нң   керегесіндегі   төсегінде   жатқан   батыр 

түрүлі   тұрған   есіктен   боздалаға   ойлана   қарап   аз   дем   алып,   -одан 

кейінгілері кезек-кезек келер де кетер. Қалды патшадан кейін үйіріңе 

қосыларсың. Оны болашақ көрер деп, бөгеліп қалады. 

Әр сөзін қалт жібермей тыңдап, босағада отырған келіні: 

-Ата, мына біз...-дей бергенде көзін жұмып, шалқалап жатқан батыр 

оң қолын көтеріп: «Тыңда!»-деген емеуірін білдіреді. Кірпігін көтеріп 

үйдегілерге түгел қарап шығып, өзі жақсы көретін келініне тірелгенде 

-Балам-ай,   сәл   ертерек   сұрамадың   ау,-деп   ауырмай-сырқамай   ұзақ 

сапарға жүріп кетіпті деседі.

МАМАДАЙРҰЛЫ   ҚАЛЫБЕК-ХАЛЫҚ   БАТЫРЫ.   ЕЛ   ҰРАНЫ 

(1603-1671жж.)

Зираты   белгісіз.   Тұған   жерін   жоңғар   басқыншыларынан   қорғау 

жорығында ерлігімен танылған. Ақылды, әділетті шешімімен, соңына 

ерген   елін   тура   жолмен   басқарғанын   сыйлаған   халық   есімін   ел 

ұранына айналдырған. 

Халық жайдан-жай кез келгеннің есімін ұран етпеген. 



Қалыбек   батыр   Қожбанбеттің,   Биекеңнің,   Өтейдің,   Әжібайдың, 

Әлмеректің замандасы. Дуалы ауыз қариялардан естуімде ертеден-ақ 

Албан   әулетін   Әлмеректің,   Өтйдің,   Әжібайдың,   Қожбанбеттің, 

Қалыбектің есімі ел ұраны болған. Исі Сүймендінің, Айты Қалыбекті, 

Бозымы Әлмеректі ұран еткен. Уақыт озады. Ұрпақ өседі. Қилы-Қилы 

тарихи кезең өтеді. Көш керуені жаңарады. Оның үстіне Албан ата 

жолы   ұзақ.   Сырдың,   Қаратаудың,   Қазығұрттың   бауырында   туып 

Хантәңірі   шыңына   дейін     жорық   жолын   басынан   өткерген   Албан, 

Суан   ұрпақтары   ата-ана   қонысын,   бабасының   кіндік   қаны   тамған 

жерін   жоңғарлардан,   ат   үсті,   түйе   қомында   жүріп   найзаның   ұшы, 

қылыштың жүзімен азат еткен. 

Сол   дәстүрдің   туын   биік   ұстағандықтан   шекарасынан   бірде-бір 

жоңғарлықты   өткізбеген.   Оған   тарих   күә.   Сол   даңқты   ерлікті 

ұрпақтары жалғаған.

Ал,   Қалыбек,   Әжібай,   Қожбанбет,   Өтей.   Әлмерек-Райымбек 

батырдың ұлы атасы Алжанның тең тұсы. Змандасы. Бұл шамамен 

1500-1600 жылдары ғұмыр сүрген. Ұрпақтар тізбегін қуаласақ соны 

маңалайды.   Бүгінгі   тарихты   тамырлата   анықтайтын   кезде 

ұрпақтарымыздың   түсінік,   түйсігін   тереңдетуіміз   керек.   Қол   созым 

жердегі, яғни кеше ғана өткен батырларымызды дәріптеп, марапаттап 

қысқа түсінікте қалмауын ойлағанымыз әбзел. 

Қалыбек  секілді  ел ұраны болған батырлардың  рухы  тарихымызды 

байытпаса,   кедейлентпейді.   Біз   Қалыбек   батыр   ұрпақтары   әлі   де 

шаршы   топқа   шығып:   өнерімізді,   күшімізді   сынасақ   атамыздың 

рухынан демеу іздейміз.  Табамыз. 

Жігітімізге ұзақ жолға шығарып сәт-сапар тілесек Қалыбек батырдың 

аруағы серік болса екен деп армандаймыз. 

Жүйрігіміз бәйгеге қоссақ батырдан ақ бата сұраймыз. Бұл игі дәстүр 

болашақ өсер ұрпақтарда жалғасын табатынына сенеміз. 



1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал