Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі



жүктеу 8.07 Mb.

бет36/77
Дата09.01.2017
өлшемі8.07 Mb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77

СЫРЫМБЕТҰЛЫ ХАНКЕЛДІ – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ

Тарихи   тұлға.   Жоңғар   басқыншылығына   қарсы   күрескен   қазақ 

батыры. Албан тайпа, Алжан руының Сырымбет тармағынан. 1723 ж. 


Жоңғар   қалмақтарының   қазақ   жеріне   жасаған   жойқын   шабулына 

қарсы   Үйсін   тайпаларының   басын   қосып,   ұзақ   жыл   бойы   азаттық 

күрес   жүргізген   батырлардың   бірі.   Ханкелді   Ұлы   жүздің   Россияға 

қосылуына   ат   салысты.   Ол   Қобар   би,   Төле   би,   Сатай,   Бөлек 

батырларыменен бірге орыс мемлектінің қол астына қосылуға тілек 

білдіріп,   орыс   патшасы   Анна   Ивановнаға   1741   ж.   хат   жолдаған. 

Ханкелдінің   жауынгерлік   жорығын   немересі   Райымбек   Батыр 

жалғастырды. /1977. Қазақ Совет энциклопедиясы. 11 том 610 бет/.



ТҮКЕҰЛЫ РАЙЫМБЕК – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ

Шамамен 1705-1785 ж.

Райымбек Түкеұлы Хангелді батыр немересі. ҚР мемлекеттік Ғылым 

Академиясы, Орталық мұрағат мекемесіндегі 1925 жылдан Қабылбек 

Сауранбаев пен Рахымжан Қалыбайевтың жинаған деректемелермен 

ел аузындағы аңыз әңгімелері сақтаулы. Шамамен 1730 – 1830 жылы 

туған деген тоқтам жасаған. Бұл тоқтамға келулеріне 1930 жылы 115-

ке келген Құмай Нұрқаұлы 1953 жылы дүниеден 93 жасында өткен 

Қосай   Жанботаұлы   т.б   осы   секілді   Талдықорған   обылысының   көп 

жасаған   тұрғындарынан   алған   мәліметпен   нақтыламалар   себеп 

болған. Архивке қараңыз. Туған жері – Алматы қаласының басындағы 

Медеу   мұз   айдынының   күншығыс   қаптығындағы   Албан   сайы 

/Юбилейная   елдімекені   ертедегі   Албансай,   қатарындағы   аңғарды 

Суансай   деп   атаған.   /   Көктеуі,   күздеуі   төменгі   Алматы   қаласы 

ауданындағы   ыстық,   суық   су   ағатын   жер   болған.   Алматы 

қаласындағы Абай даңғылының атындағы бұрын /1950 жылға дейін/ 

Басарық   аталған   –   тоған   Райымбек   тоғаны   делінгенің   білетіндер 

дүниеден өтіп, естігендер ұмытқанымен, тарих ұмытпайды. Жайлауы 

Асы болған. 

Райымбек Жоңғарлардан туған жерін азат еткен қазақ батырларының 

жасы. Және бүгінгі Қытай мемлекеті арасындағы шегараға ең соңғы 

рет найзасын қадағанда Райымбек. 

Халқымыздың   мақтан   ететін   батырлары:   Қабанбай,   Бөгенбай, 

Наурызбай   секілді   дарабоздары   Райымбектің   үлкен   атасы 



Ханкелдімен бірге соғысқан сарбаздар. Оған дәлел Наурызбай батыр. 

Қазбек – Бек Тауасар ұлының “Түр-тұқиянынан өзіме шейін” деген 

кіпабында / “Жалын” баспасы 1998 ж/: “Ханкелді мекен екі жас кіші 

еді” дейді. Барлық деректерде Шапырашты Қазбек-Бек 1692 ж туған. 

Ендеше   Ханкелді   1994   ж.   туған   екеніне   дау   болмаса   керек   екен. 

Райымбек   Ханкелдінің   баласы   Түкенің   ұлы.   Демек,   Ханкелдінің 

немересі. 

Қазақ совет энциклопедиясы Райымбек 1705 жылы туған деп жазған 

автор   зерттеп   зерделемеген.   Райымбек   нағашы   ағасы   Биеке   би, 

батырдың  қолында  тәрбиеленген.  Албан  елінде  ең  алғашқы мектеп 

ашқандардың бірі. Бозым Құрманбай алғашқы мектеп ашқандардың 

бірі.   Бозым Құрманбай алғашқы Байсейіт әуелдіде Әндижанда, кейін 

Қашқарияда   оқыған   ғалымнан   хабары   бар   молда.   Ол   Қашқариядан 

келе   жатып   Құрманбайдың   ауылында   тоқтайды.   Сол   кезде 

Құрманбайдың кенжесі дүниеден қайтқан екен. Байдың көңілін қимай 

аялдаған  Байсейітке  “Мекпет  аш?”  деп   қолқа  салады.   Бұл   бір   діни 

оқудың ел ішінде етек жайған кезі болса керек. Оны айналасындағы 

ағайын-туыс Албандар түгел қолдайды. Солардың бірі Биеке би алты 

жасар жиені Райымбекті осы мектепке тек дарабоз батыр ғана емес 

ілім, ғалымнан хабары бар-батыр.

Содан   бір   жылдан   кейін   Байсейіт   әлде   неге   көңілі   толмай   Құрман 

ауылынан кетіп Шілікті /Шелек емес, Шілікті болған/ өзенінің бірі 

басында қазіргі Малдыбай елді мекені, екіншісі малы қойы көп болған 

соң   ақ   Ілені   жағалай   отырған   Бабаға   екі   туысқанына   келеді. 

Майлыбай   мен   Баба   орталарынан   қоныс   тебеді   ол   бүгінгі   кеңшар 

Байсейіт   елді   мекені.   Байсейіт   осы   жерде   үйленіп,   қоныс   тебеді. 

Мектебін   ашады.   Биеке   батыр   сүйікті   жиені   Райымбекті   осында 

әкеліп оқытады. 

Байсейіт   химиядан,   биологиядан,   медицинадан   мол   хабардар   адам 

болған.   Аяққалқан   суының  емдік   қасиетін   алғаш   рет   елге   /онда   да 

жараланған   сарбаздардың   жарасын,   сырқатын   жазуға   пайдаланған/ 

танытқан. Кеме жасау мен соғыс техникасын жақсы білген. Біздер: 

“Әулие, көрген, найзасын шаншыған, жерден су шыққан, Іленің суы 


жарылып жол берген” т.б ертігі секілді аңыздарға оқушысының көбі 

сенбейді, негізсіз, ертегіге ұқсатып жамай береміз.  

Шындығында оқымаған не біледі. Қандай жерге су көзі жақын екенін 

зерделемеген адам пәлен батпан салмақты үнгігішпен бұрғылағанда 

су шықпайды. Райымбек ауданындағы Қарасаз Жоңғарлардан туған 

жерімізді азат еткен соң әр атаға қонысқа жер бөлінген. Сонда Алжан 

әулетінің еншісіне Қарасаз типті.

Райымбек   1785   жылы   дүниеден   қайтқан.   Сол   жылы   батыр   ата 

жайлауы   Асыға   елдің   ең   соңынан   көшеді.   Себебі   Райымбекұлы 

Қожағұл би қазақтардың Ресейге қосылғына 100 жыл толуына Санг-

Петреградта өтетін салтанатты басқосуға кетіп, батыр соның келуін 

күтеді.   /Ш.Уәлиханов   толық   жинақ   1961ж   1-том.   539   бет 

Робоподразделение   племен   большой   юсуновской   орды/   таблица-1 

/Род Абдан /Албан/ Влиятельный Би Кожагул Райымбеков /умер 1855/

Сөйтіп   Асыға   кеш   шығады.   Сол   кезде   Кожағұлдың   баласы 

Тілеуқабыл 14 жаста екен. 

Жаулаудан   ерте   түседі.   Өйткені   дүйсенбі   күні   ертеңгі   шайын   ішіп 

алған соң Райымбек Қожағұлға; 

“Күздеуге   көшелік,   жұмаға   Түркістаннан   Қожа   Ахмет   Яссауиден 

менің елшім келді. Күтіп алуым керек,” дейді. 

“Қайсы жерге қонамыз? - депті Қожағұл.”

“Ақ түйе қайсы жерге шөгеді. Сол жерге жүгінді түсір” -дейді. 

Әлде неден секем ала ма, ең кіші анамыз;

“Батыр еншімізде бөлінген жоқ-ау,” -деп қалады сөз арасында. Батыр 

ойланып отырып;

“Саған сол қонған жерімізден де бір қазан, ошақ табылар” – деген 

екен. Ақ түйені желқомдап батырды отырғызып көш жолға шығады. /

негізінде батыр қазірге зираты жатыр жерге келіп, қонғаннан кейін 

дүниеден   өткен   екен/   Сонда   Тау   жолымен   келе   жатқан   тізбектің 

соңындағы Тілеуқабыл; 



“Ақ түйені атамның өзі жетелеп барады!” -деп айғайлапты. 

/Мен бұл әңімені Қабылбек Сауранбаев пен Есенаман Қасымбаевқа 

Қосай шешенің айтып отырған кезінде естігенмін/.

Әлдекімдер:   “Батыр   Қарасазда   дүниеден   қайтып,   ақ   түйеге   артып, 

Алматыға осы жерге әкеліп жерлеген” -деп ертегі айтады. Қарасаздан 

Алматыға   ақтүйемен   қанша   уақытта   жететінін,   оған   адам   тәнінің 

шыдамайтынын есептеген жөн. Қанша батыр болмаған өлген соң ет 

пен   терінің   қандай   күйге   түсетінін   өлшеп,   өрелеу   керек,   ағайын. 

Осындай   көңілге   қанбайтын   әңгіме   болғандықтан   біздің 

жазғандарымызға зерделі, зерек оқырман сенбейді. 

Батыр тарихы әлі толық зерттелген жоқ. Кім не жазса да / романы да, 

поэмасы да/ сол баяғы аңыз әңгіменің ауқымында жүр.



ШОҚАЕВ ЕРБОЛАТ ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ – ГЕНЕРАЛ МАЙОР

1945 жылы 19 желтоқсанда Норынқол селосында туылған. 1963 -1965 

жылдары Алматы кооператив техникумын бітіріп, Нарынқол тұтыну 

қоғамында есепші болды. 1965 жылы КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік 

Комитетінің   Ф.Э.Дзержинский   атындағы   жоғарғы   командалық 

шекарашылар   училищесіне   түсіп,   1966   жылы   КГБ-ның   “Моссовет” 

атындағы   Қызыл   туы   Мәскеу   жоғары   командалық   училищесіне 

ауыстырылды.  1969 жылы аталған әскери оқу орнын жоғары білімді 

жалпы   командалық   құрылымның   офицері   дәрежесінде   лейтенант 

әскери атағымен аяқталды. 1977 жылы Қытай, Ауғанстан шекаралық 

аймақтарының тыныштығын күзететін Мұрғаб шекаралық отрядының 

(Мұрғаб,   Төжікстанның,   Таулы   Бадахшан   автономды   обылысы) 

бастығының   орынбасары.   1980   жылы   Қызыл   Тулы   Шығыс   шекара 

округінің Мүргаб шекара отряды десантын басқараып, Ауғанстанның 

Памир   аймағының   Базайын   Гумбаз   бөлігінде   Пакистаннан   өтетін 

бандылар жолдарын жапты. 

1981  жылы  қараша   айында   Қызыл   Тулы  Шығыс   Шекара  округінің 

жедел   әскери   бөлімінің   бастығының   орынбасарлығына   (Фрунзе 

қаласы,   Қырғыз   ССР-і)   тағайындалып,   1989   жылға   дейін 


Ауғанстанның   оңтүстік-шығыс   провинциясы   бөліктеріндегі 

әскерлердің   іс-қимылдарын   үйлестіруге   ат   салысты.     1992   жылы 

қыркүйекте   әскери   міндетін   одан   әрі   жалғастыру   үшін   Алматы 

қаласына   ауысты.   Алдымен   Шығыс   Шекара   округі   оперативті 

басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін осы жылдың қараша 

айынан шекара әскерлері қолбасшысының оперативті істері жөніндегі 

орынбасары, ал  1993 жылы желтоқсанда  Республика  Президентінің 

Өкімімен Республика Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының орынбасары 

болып тағайындалды. 1997 жылы мамыр айында аталған мемлекеттік 

комитеттің   басқару   құрылымының   өзгеруіне   байланысты   әскери 

қарсы барлау басқармасының бастығы, ал 1998 жылдың шілде айында 

Республика   Қауіпсіздік   Комитетінің   оперативті-техникалық 

Департаментінің бастығы болып тағайындалды. 

ЫСТЫБАЙҰЛЫ НӨКЕ – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ

Райымбек   ауданы,   Сарыжаз   ауылында   туып   –   1916   жылы   Қарқара 

жәрмеңкесінде   Ақпатшаға   қарсы   көтеріліске   Ұзақ,   Жәрменкемен 

бірге қатысып Қарақол қаласындағы түрмеден қашқан сәтінде орыс 

солдатының оғынан /1916 ж./ қаза болған. М.Әуезовтың 

“Қилы заман” романның бас кейіпкері. Ел сыйлаған ер азамат. 



Әлембетұлы Жаңғабыл – шешен

1853  жылы   Райымбек   ауданы,   Қарасаз   елді   мекенінде   туып,   1924 

жылы   дүниеден   қайтқан.  Зираты   Сарыжазда.   Әйгілі   халық   ақыны 

Көдек:  


“Жаңғабыл бір тұқымы даңғыл шешен,

Жүйріктің біреуі еді көріп өткен

Алдында жан салмаған ақ тұйғыным

Жүрседе жалғыз атпен жалы кеткен.” -деп толғаған. 



Жаңғабыл   шешендігімен,   ел   ішіне   ұйытқы   болған   көсемдігімен 

танылған   ардақты   тұлға.   Атамыз   өткір   мақал   мәтелсіз   сөйлемеген. 

Сол асыл мұра халық аузында әлі сақтаулы. Қалай қайтыс болғаны 

жайлы   1907   жылы   туылған   Нүсіпәлі   Қисықов   қария   былай 

әңгімелейді:

Бәрі көз алдымда өтті. Мен сол жылы 17-жаста едім. Жайлауымыз 

Лабасының   етегі.   Інілері   Мса,   Мұса,   Майемерлермен   төбеде 

отырғанбыз.   Жәкең   Жапалық   атасының   старшыны   Мырзақасымды 

қайта   -     қайта   сұрады.   Бәріміз   сол   кісінің   ауызын   бағамыз.   Реті 

келгенде неге сұрағаның анықтадық. Ол кісі тамағын кенеп алып: 

-  Отырған   қонысымыз   сары   жұрт   болып   кетті.   Жылжып   төменрек 

қоныңдар,   мен   кешікпей   жол   жүремін,   -   деді.   Келесі   күні   ақ   ауыл 

қамдана бастады. Келесі жұмаға Жәкем дүниеден қайтты. Қария бір 

сәт  үндемей   отырды   да,  -   Ой,   шіркін   жарық  дүние  ай,   -  деп   ауыр 

күрсінді.   Бастысы   Түрген   төменгі   Шапырашты,   Ысты   көршілес 

Найман   аталарына   Жалайыр,   Қаңлы,   Суаңға,   бауырлас   Бұғы 

(Қырғыздың бір атасы) Қарақолға хабар салды. Жәкеңнің қазасына 

жиналған ел қара құрым болды. Қарқараның жазығына мыңға тарта ақ 

боз   үй   тігілді.   Аттандырып   салғанына   жыл   өткенді,   Жоғарыдағы 

ағайындарға   хабар   айтылды.   Асы   Қарқараның   жазығында   өтті. 

Қырғыз   Бұғы   атасының   биі   Қыдырәлі   ерекше   сыйсияпатпен   келді. 

Асқа ат шаптырылды. Алдына түйе бастаған үш тоғыз байлап, тоғыз 

атқа бәйге берілді. Сәйгүлік ат баптап атағы Жетісуға жайылған Айт, 

Қалыбектегі, Көтбай-Көкбесті, Соқыржирен, Көкжал деген үш атыда 

олжа алды. Екінші орынды Қырғыз Қыдырәлінің қосқан аты алды. 

Бүкіл   елдің   осыншама   зор   құрмет   көрсетуі   оның   абыройының 

асқандығы деп бағаланады. 

ӘЛДИБЕКҰЛЫ ШӘЙМЕРГЕН – АҚЫН

1939  ж. 11.10. – Нарынқол ауданы, /қазіргі Райымбек/ ауданындағы 

Қайнар ауылында туған. Қайнар қазақ орта мектебін бітірген. 1961 

жылы   Талғар   ауыл   шаруашылығы   техникумында   оқып,   зоотехник 

мамандығын   алған.   Осы   кезден   бастап   оның   алғашқы   жырлары 


баспасөз   беттеріне   жариялана   бастады.   1963   жылы   /бұрынғы 

С.М.Киров   атындағы/   Аль-Фараби   атындағы   Қазақ   Ұлттық 

Униветситтетінің   филология   факультетінің   журналистика   бөліміне 

түсіп, 1968 жылы жоғары бөлімді журналист маманын алған.   1968 

жылы     “Қайнар”   баспасында   редактор,   аға   редактор,   1979   жылы 

“Жазушы”   баспасында,     1982-84   ж.   Баспа   полиграфия   және   кітап 

саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1984-

96   ж   Алматы   қаласы   мен   облысына   радиохабарларын   тарату   Бас 

редакциясында аға редактор болып  қызмет істеді. 

Қазақстан Журналистер одағы және Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі. 

“Жаскеруен” 1989 ж. (Жас ақындар жырлары.) “Жазушы” баспасы, 

“Шопан апа” 1970 ж. (очерк кітабы), “Қайнар” баспасы, “Нөсерден 

соң” 1974ж. (балаларға арналған өлеңдер кітабы.), “Жазушы” баспасы 

“Қайнар”   1982   ж.     “Жазушы”   баспасы   “Бақыт   жұлдызы”   1984   ж. 

(Өлеңдер мен поэма), “Жазушы” баспасы   “Көгілдір таулары” 1990 

ж,   /өлеңдер   мен   поэмалар/   “Жазушы”   баспасы,     “Болашақ 

чемпиондар”   1994   ж   /балаларға   арналған/   “Балауса”   баспасы, 

“Хаңтәңірі”   1997   ж,   /өлеңдермен   поэмалар   жинағы/   “Жазушы” 

баспасынан шыққан.



ОРАЗАЛИН НҰРЛАН МЫРҚАСЫМҰЛЫ – 

АҚЫН, ДРАМАТУРГ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

1947-жылы    13-маусымда  Алматы  обылысы,  Ұйғыр  ауданы,  Үлкен 

дихан /қазіргі Көкбастау/ ауылында дүниеге келді. Ол мектепті 1965-

жылы   күміс   медальмен   бітіріп,   сол   жылы   Қазақтың   С.М.Киров 

атындағы Мемлекеттік Университетінің /қазіргі Әл-Фараби атындағы 

Қазақ Ұлттық Университетінің/ филология факультетіне оқуға түсті.

Нұрлан Оразалиннің алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдардың орта 

тұсында   обылыстық   республикалық   газет-журнал   беттерінде 

жариялана   бастады.   Студент   ақынның   жырлары     1969-жылы   “Жас 

керуен” топтама жинағына енді.



Ол   еңбек   жолын   1970-жылы     “Қазақстан   пионері”   /қазіргі   “Ұлан”/ 

газетінде   әдеби   қызметкер   болып   бастады.  1972-1984-жылдар 

аралығында   Қазақстан   Республикасы   Мәдениет   министрлігінің 

репертуарлық-редакциялық   коллегиясында   редактор,   аға   редактор. 

Бас   редактор   қызметтерін   атқарды.  

  1984-1986-жылдарда 

Республикалық   қуыршақ   театрының   директоры   болды.   1986-жылы 

Қазақстан   театр   қайраткерлері   одағының   Бірінші   съезінде   Одақ 

басқармасының   бірінші   секретары   болып   сайланды.     1986   жылы 

Москва   қаласында   өткен   КСРО   театр   қайраткерлері   Одағының 

съезінде   Басқарма   құрамына   енді.   1990   жылы   баламалы   негізінде 

өткен Республика Жоғарғы Кеңесі сайлауында ел сеніміне ие болып, 

1990-1994   жылдар   аралығында   Қазақ   ССР   Жоғарғы   Кеңесі   ХІІ-

шақырылуының   депутаты   болды.   Ұлт   саясаты,   мәдениет   пен   тілді 

дамыту   жөніндегі   Комитет   Төрағасының   орынбасары   қызметін 

атқарды.   1991-1992   жылдарды   КСРО   Жоғарғы   Кеңесінің   Жоғарғы 

Палатасында   ғылым,   білім   және   мәдениет   комитеті   Төрағасының 

орынбасары,   1993-1996   жылдар   аралығында   “Егемен   Қазақстан” 

газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 1996 жылы Қазақстан 

Жазушылырының   ХІ-съезінде   Одақ   Басқармасының   Төрағасы 

/бірінші секретары/ болып сайланды. 

Отыз   жылдан   астам   уақыт   ішінде   Нұрлан   Оразалин   қаламынан 

ондаған   көркем   дүниелер   туды.   Әр   жылдарда   “Беймаза   көңіл”, 

“Көктем   көші”,   “Жетінші   құрлық”,   “Адамзатқа   аманат”, 

“Құралайдың салқыны”,  “Ғасырмен қоштасу”,  “Сырнайлы шақ” атты 

жыр жинақтары мен   “Азаттық айдыны” көркем публицистикалық-

эссе   толғаулар   кітабы   жарық   көрді.     “Шырақ   жанған   түн”, 

“Таскиіктер”,   “Аққұс   туралы   аңыз”,   /“Бойтұмар”/,     “Қарымта”, 

“Қилызаман”, /М.Әуезовтың аттас шығармасының ізімен жазылған/, 

“Бастықтың бір күні”, “Қарақазан ғасыр”,   “Көктемнің соңғы” кеші 

тәрізді   драмалық   шығармалары   көп   жылдар   бойы   Қазақстан 

театрларында табыспен жүріп, теле-радио спектакльдерінің арқауына 

айналды.   “Аққұс   туралы   аңыз”,   -   спектаклі   Россия,   Корей,   Үнді 

жерлерінде   өткен   Халықаралық   театр   байқауларының   жүлдегері 

атанды.   “Қилы   заман”   пьесасы   М.Әуезовтың   100   жылдығына   орай 

өткен театр фестиваліне “Ең үздік инсценировка” жүлдесіне ие болды. 



Нұрлан  Оразалин   көркем   сын   мен  көркем  аударма   салаларында   да 

жемісті   еңбек   етіп   келеді.   Ол   әр   жылдарда   әдебиет   пен   өнер 

мәселелеріне   арнап,   талдау   мен   танымдық   сиппатағы   көлемді 

мақалалар,   порттреттер,   эссо-толғаулар   жазды.   Орыс   жазушысы 

Г.Свиридовтың “Жанкешті сапар” романын, үнді классигі Р.Тагордың 

“Пошта” қалмақ драматургы А.Балақаевтың “Ана жүрегі” әзірбайжан 

драматургы Р.Гейдардың   “Бір ендіктің тынысы” неміс драматургы 

Х.Каллаудың   “Зәйтүн   толы   құмыра”   беларус   драматургы 

А.Петрашкевичтің  “Дабыл” пъесаларын қазақшаға аударды.

Ақынның “Шырақ жанған түн”, “Аққу туралы аңыз” пъесалары орыс, 

украин, қырғыз, тілдеріне аударылып, өлеңдері орыс, украин, болгар, 

түрік, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды. 

Нұрлан   Оразалин-еліміздің   саяси,   мәдени,   өміріне   қоян-қолтық 

араласып,   рухани   кеңістігіміз   бен   ұлттық   ойнау   жүйеміздің 

тұтастығын сақтауда көп қайраткерлік қарым танытып жүрген тұлға. 

Ол   Москва,   Вашингтон,   Париж,   Пекин,   Стамбул,   Баку,   Ташкент, 

Бишкек, т.б қалаларда өткен көптеген халық аралық форумдарда сөз 

сөйлеп,   баяндамалар   жасады.   Стамбул   қаласындағы   Еуразия 

Қорының   тұрақты   мүшесі,   Қор   қасынан   шығатын   “ДА”   (“Диалог 

Еуразия”)   журналының   алқа   мүшесі.   Ол   сондай-ақ,   Москва 

қаласындағы Жазушылар Ұйымдарының Халақаралық Қауымдастығы 

Төрағасының   орынбасары,   Халақаралық   Әдеби   Қор   Төрасғасының 

Орталық Азия аймағы бойынша орынбасары, Орта Азия халықтары 

Мәәдени Ассамблеясының Вице-Президенті. 

Нұрлан Оразалин – Қазақстан Президенті қасындағы Ұлттық Кеңестің 

мүшесі, Алматы қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек 

сіңірген қайраткері.

Қазір Республика Жазушылар Ұйымын басқарады. 



ОМАРОВ ТАРИХ ОМАҰЛЫ – ҒАЛЫМ

Алматы медецина институтын бітіргеннен кейін Нарынқол сеосында 

дәрігер-фтизиатор болып жұмыс істеді. 1966-71 жылдары клиниклық 


ординатураны,   одан   кейін   КСРО   денаулық   сақтау   саласының 

Москвадағы   Ғылыми-зерттеу   институтының   аспирантурасын 

фтизиатор   мамандығы   бойынша   бітірді.   1972-1980   жылдары 

Атыраудағы   туберкулезге   қарсы   диспансердің   бас   дәрігері   және 

сондағы туберкулез аурулары жөніндегі бөлімінің директоры, 1981-

1997   жылдары   терапевт,   одан   кейін   Туберкулез   ғылыми-зерттеу 

институтының диспансерия бөлімін басқарды.   1993 жылдан қазірге 

дейін   Жетісу   ауданының   туберкулезге   қарсы   диспансериясын 

басқарады   және   Алматы   қаласының   бас   фтизиаторы.   Медицина 

ғылымының докторы, 180-нан астам ғылыми еңбектердің авторы.



ӘБДІҚАЛОВ АЙТАҚЫН – ЖУРНАЛИСТ, АҚЫН

1947  жылы   Алматы   обылысының   Нарынқол   ауданындағы   Қарасаз 

елдімекен   туған.   Орта   мектепті   бітірген.   Еңбек   жолын   аудандық 

мәдениет бөлімінде нұсқаушы болып бастаған. 1969 жылы “Советтік 

шекара”   газетінде   қызмет   атқарған.     1969-1975   жж.   С.М.Киров 

атындағы   Қазақ   мемлекеттік   университетінің   журналистика 

факультетін   бітірген.     1984   жылы   “Советтік   шекара”   газетінде 

меңгеруші,   редактордың   орынбасары   қызметін   атқарды.   1984-1996 

жж   Алматы   обылыстық   “Жетісу”   газетінде   бөлім   меңгерушісі, 

обылыстық   кәсіподақтар   одағының   органы   “Алатау”   газетінің   бас 

редакторы болып жұмыс істеді. Обылыстық “Қазақ тілі” қоғамының 

төрағасының   орынбасары,   “АТВ”  телеканалының   редакторы   болып 

жұмыс   істеді.   Қазір   “Қазақстан”   Мемлекеттік   телекомпаниясының 

Алматы обылысындағы меншікті тілшісі. 

А.Әбдіқалов – ақын. Өлеңдері аудандық, обылыстық, республикалық 

басылымдарда жиі жарияланып тұрады. Алматы обылысы көлемінде 

ол айтыс ақыны ретінде де белгілі. “Жалын” баспасынан екі өлендер 

жинағы жеке кітап болып шығып, оқырмандар тарапынан жақсы баға 

алған.

А.Әбдіқалов 1989 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі. 



ӘКІМХАНОВ МІНУАР – ЖУРНАЛИСТ, АҚЫН

1943 жылы Алматы обылысы Райымбек ауданы Нарынқол селосында 

туған.  1953-1960 ж. “Сарыжаз” орта мектебін бітірген. 

Әл–Фараби   /бұрынғы   С.М   Киров/   атындағы   Қазақ   Мемлекттік 

Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 

Еңбек   жолын   1970-1995   жылдар   аралығында   Алматы   обылысы 

Райымбек   аудандық   “Хаңтәңірі”   газетінде   бастаған.   Алматыдағы 

“Санат” баспасында редактор. Республикалық “Жалын” баспасынан 

“Тұңғыш”   /1977/,   “Шалқия”   /1981ж./,   “Жырға   сапар”   /1984   ж/, 

“Санат” баспасынан “Жалғыз арша” /1997 ж/ атты жыр жинақтары 

жарық жарық көрді.

Мінуар Әкімханов – Журналистер одағының /1970 ж/ мүшесі. 



БАЙЖҰМАЕВ БАҚЫТЖАН – ҒАЛЫМ, ЭКОНОМИКА

ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

1949  жылы   28   қаңтарда   Райымбек   ауданындағы   Қарасаз   ауылында 

туған.     1956-1964   жылдары   Қарасаз   орталау   мектебін   бітіріп,   осы 

аудандағы Сарыжан елдімекеніндегі Гагарин атындағы орта мектепті 

1966 жылы тәмамданды.

1966-68 жылдары Қарасаздағы Энгельс атындағы Ұжымшарда шопан 

болды. Жасынан математика мен экономика саласына бейім өскен ол 

1970   жылы   әскери   борышын   өтеп   келісімен   Абай   атындағы   Қазақ 

Педагогикалық   институтының   /қазіргі   университет/   философия-

экономика   факультетіне   түсіп,   студент   кезінде   К.Маркс   атындығы 

стипендиат бола жүріп, 1975 жылы үздік дипломмен бітірді.

1975-1991  ж.   КазПИ-де   оқытушы   әрі   кәсіподақ   ұйымын   басқарды. 

1991   жылы   саяси   экономия   саласында   кандидаттық.   1999   жылы 

докторлық дисертация қорғады. 

Талантты   да   білгір   ғалым   ҚАЗМҰУ-д34   экономика-безнес 

факультетіне экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі бола 



жүріп, 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы атанды. Қарасаздан 

түлеп ұшқан арманы асқақ түлектерінің бірі – экономика ғылымының 

докторы,   профессор   Бақытжан   Байжұмаев   2002   жылда   ғылымның 

шырқау шыңырауына шыққан шағында өмірден ерте кетеді. 




1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал