Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі



жүктеу 8.07 Mb.

бет23/77
Дата09.01.2017
өлшемі8.07 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77

Қанайұлы Серікбай – елағасы

1872   жылы   Жаркент   уезі,   Шелек   облысы   Жалаңаш   елді   мекенінде 

туған. 44 жасында Қызылбөрік руына болыс болған. Еліне басшылық 

жасап   Ағанас   жазығына   егін   егіп,   ағайын   –   туыстарын 

отырықшылыққа   айналдырған.   1916   жылы   ақпатшаға   солдат 

бермейміз деп Қарқара жәрмеңкесінде Ұлтазаттық көтеріліс болады. 

Осы көтерілісті ұйымдастырушының бірі Қанайұлы Серікбай. Ұлттық 

көтерілістің батыры. Осы Қарқара жәрмеңкесіндегі көтеріліс жайлы 

ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Қилы заман" атты көркем туындысын 

жазды.   Кітап   1928   жылы   Қызылорда   қаласынан   жеке   кітап   болып 

шыққан.   Тарихи   шындықты   көркем   тілмен   суреттеген   бұл 

шығарманы кеңес өкіметі халыққа кең таратпады. Содан 1972 жылы 

кейін Шығыс Айтматовтың алғыс сөзімен "Новый мир" журналында 

жарық   көрді.   Мұхтар   Әуезов   бұл   шығармасын   Кеген   ауданындағы 

Көкбиік деген жайлауда Серікбай Қанайұлының үйінде жатып жазған. 

Өйткені көтерілістің жетекшісі Серікбай көркем туындының негізгі 

кейіпкері. Бұндай көтеріліс қазақтың әржерінде – ақ болды. Олардың 

көбі, идеялогиялық пікірмен ұласқан еді. Ал нағыз қазақтың қанына 

тән   көтеріліс   Қарқара   көтерілісі   болғандықтан   жазушы   көп   көңіл 

бөлді.   Осы   көтеріліске   Албан   руларындағы   69440   жанның   35100 

адамы   қырылғандығы   1917   жылы   6   желтоқсанда   шыққан   "Қазақ" 

газетінің  554  санында жарияланды. Бұл жайлы  белгілі   қаламгерлер 

Т.Жұртбаев, С. Тәнекеев, С. Байжанов, Т. Ілиясұлы, Ж. Қарабайұлы 

т.б.   архивте   отырып   деректі   шығармалар   жазды.   Патша   өкіметінің 



зияндық   саясатын   әшкереледі.   Сол   саясаттың   құрбаны   болған 

Қанайұлы Серікбай халық зердесінде мәңгі сақталады. 



Әдетов Бекболат – жазушы, журналистер одағының мүшесі

1938 жылы 16 тамызда Алматы облысы Талғар қаласында туған. Осы 

жердегі С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің 

филология   факультетіндегі   журналистика   бөліміне   1957   жылы 

Алматы облысы "Коммунизм таңы" газетінде бастаған. Кейін арнайы 

жолдамамен   Қостанай   облысына   жіберілді.   Мұндағы   Жангелдин 

атындағы  "Жаңа өмір" газетінде 1962-1964 жылдары жауапты хатшы 

болып қызмет атқарды. 1964 жылы қайтып келіп, Шелек ауданындағы 

"Еңбек туы" газетінде 1964-1966 ж. редактордың орынбасары болды. 

1966   ж.   республикалық   "Қазақстан   коммунисі"   журналында   1966-

1968 жж. Аға әдеби қызметкер. 

Алматы   облыстық   "Жетісу"   газетінде   1968-1972   жж.   Бөлім 

меңгерушісі, Торғай облыстық "Торғай таңы" газетінде 1972-1973 жж. 

Бас   редактордың   орынбасары,   республикалық   "Социалистік 

Қазақстан" газетінде 1973-1986 жж. Бөлім меңгерушісі, редакциялық 

алқа мүшесі жұмыстарын атқарды. Осыдан  кейін білікті журналист, 

шебер   аудармашы   ол   "Қайнар"   баспасында   1986-1990   жж.   Аға 

редактор,   республикалық   "Ауыл"   газетінде   1990-1995   жж.   бас 

редактор болды. Қазір ҚХБП Орталық Комитетінің органы   "Дәуір - 

Время" газетінің бас редакторы. 

Жазушы, танымал   тәржімеші. Кезінде оның қаламынан туып баспа 

бетінен жарық көрген "Алтынай" 1977, "Бәйшешек" 1979 ж. "Жердегі 

жұлдыздар" 1989 ж. атты әңгімелер мен повестер жинағы оқырмандар 

тарабынан   ыстық   ықыласқа   ие   болса,   В.Коротичтің   "Өшпенділік 

ұсқыны"   Д.Янчардың   "Қашқын"   романдары   Б.   Әдетовтың 

аудармасында қазақша жатық тәжілмалануымен бағалы. 

Әдетов   –   республика   баспасөзі   саласындағы   табанды   еңбегі   үшін 

кезінде   "Құрмет   белгісі"   орденімен   1989   ж   марапатталған.   Ол   – 

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.  

Смағұлов Қасен – өнер қайраткері


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Тау-Түрген ауылында туған. 

1960 ж. Алматы қаласы №12 қазақ орта мектебін бітірген. 1962 ж. К. 

Байсейітов   атындағы   музыка   мектебін   тәмамдаған.   1968   ж.   Қазақ 

Мемлекеттік   Политехникалық   институтынан   Жоғарғы   білімді 

инженер- энергетик мамандығын игерді. 1971 ж. Республика Құрмет 

грамотасымен марапатталды. 1992 ж. Қазақ Мемлекеттік Республика 

Мәдениет   Сарайының   Бас   директоры.   1998   ж.   Астана   естелік 

медальмен   құрметтелді.   1998   ж.   11   жұлдызында   Президенттің 

жарлығымен   Қазақстан   мемлекеттік   еңбек   сіңірген   қызметкерлер 

деген атақпен марапатталды.  



Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы

1944 жылы 2 тамызда Алматы облысы, Шелек ауданының Асы-Сағы 

селосында туды. Жоғ

Қазақ   политехникалық   институтын   бітірді,   инженер-құрылысшы, 

техника   ғылымдарының   кандидаты,   Қазақстан   Республикасы 

Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі. 

Институт бітіргеннен кейін ҚазПТИ оқытушы болып істеді /1967 – 

1969 жж./ Москва инженер-құрылыс факультетінің оқытушысы, аға 

оқытушысы, деканның орынбасары, деканы /1972 – 1979 жж./ Алматы 

сәулет-құрылыс институты құрылыс факультетінің деканы /1980 ж/. 

Жоғары   білім   жүйесіндегі   қызмет   істеген   кезеңде   оның   тікелей 

қатысуымен 1,5 мыңнан аса инженер –құрылысшы дайындалды, олар 

қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде табысты еңбек етіп жүр. 

1980-1988   жж.   Қазақстан   Компартиясы   Орталық   Комитетінің 

нұсқаушысы. 

Қазагроөнеркәсіпқұрылыс   қызметінде   төрағасының   орынбасары   /

1988-1991 жж./. Қазақстан Республикасының атынан Арменияның үш 

ауданындағы   49   елді   мекенді   қалпына   келтіру   жұмыстарына 

басшылық жасады. 

1990 жылдың маусым айында Н.Қ.Бижанов Зайсандағы жер сілкінісі 

зардаптарын   жоюға   жіберілді,   ал   1991   жылдың   ақпан   айында 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік 

комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

Ол   екі   монография,   ондаған   ғылыми   мақалалар   жариялады,   АҚШ, 

Жапония,   Ангиля,   Германия,   Қытай,   Ресей,   Тайланд,   Түркия, 

Швейцария, Армения, Молдавия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, 



Беларусь   Республикасы,   Украинада   баяндамалар   жасады.   Ғылыми 

жұмыстарының   нәтижелері   КСРО   ХШЖК   –   не   қойылды   және   екі 

мәрте көрменің қола медальіне ие болды. 

Н.Қ.Бижанов   "Құрмет"   орденімен,   халықаралық   гуманитарлық 

операцияларға   қатысқаны   үшін   Халықаралық   Азаматтық   Қорғаныс 

Ұйымынын   медалімен,   Қазақстан   Республикасының   "Астана" 

медалімен марапаттанды. 

Бижанов Ақан Құсайынұлы – ғалым, қоғам қайраткері

1949   жылы   23   тамызында   Алматы   облысы,   Нарынқол   ауданы, 

Жамбыл ауылында дүниеге келді.  1971 жылы В.И.Ленин атындағы 

Қазақ политехникалық институтын, Алматы Жоғарғы партия мектебін 

оқып бітірді, саяси ғылымдарының докторы. 

Еңбек   жолын   №3   темірбетон   бұйымдары   және   С.Киров   атындағы 

зауыттарында бастады. 1973-1974 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин 

аудандық   комсомол   комитеті   ұйымдастыру   бөлімінің   меңгерушісі, 

1974-1976 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің 

хатшысы болды. 

1982-1983 жылдары Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық партия 

комитеті   ұйымдастыру   бөлімінің   меңгерушісі,   содан   соң   1984-1989 

жылдары халық депутаттары Ленин аудандық Кеңес атқару комитеті 

төрағасының орынбасары болып қызмет істеді. 

1989-1991   жылдары   халық   депутаттары   Алатау   аудандық   Кеңесі 

атқару   комитетінің   төрағасы,   Қазақстан   Компартиясы   аудандық 

партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. 

1992-1993   жылдары   халық   депутаттары   Алматы   қалалық   Кеңесінің 

төрағасы болды. 

1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 

XIII шақырылуына депутат болып сайланды. 

1995-1996   жылдары   Қазақстан   Республикасы   Президентінің 

көмекшісі,   ал   1996-1999   жылдары   Қазақстан   Республикасы 

Президенті   Әкімшілігінің   Ішкі   саясат   және   Қоғамдық   –   саяси 

бөлімдерінің меңгерушісі болып істеді. 

1995-1998 жылдары Қазақстан Халық Бірлігі Партиясының орталық 

комитетінің төрағасы болды. 


2000   жылдың   қаңтарынан   бастап   Алматы   қаласы   Әкімінің 

орынбасары. 



Қалиұлы Байынқол – ғалым

Қалиұлы   Байынқол   филология   ғылымдарының   докторы   /1991/, 

профессор /1996/, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының 

лауреаты /1988/, Қазақ мемлекеттік Әлем тілдері университеті қазақ 

филологиясы кафедрасының меңгерушісі /1995/. 

  1939 ж. 23 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында 

туған. 1954 ж. Құрметі жеті жылдық, ал 1958 ж. Жалаңаш қазақ орта 

мектебін бітірді. Сол жылы Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ 

мемлекеттік университетінің филолония факультетіне түсті. Оны 1963 

ж.   тәмамдап,   қазақ   тілі   мен   қазақ   әдебиеті   пәнінің   мұғалімі   деген 

мамандық   алып   шықты.   Факультет   кеңесінің   шешімімен   Б.Қалиев 

осы   университеттің   жалпы   тіл   білімі   кафедрасына   аспирантураға 

қалдырылды. Аспирантураны 1966 ж. бітіріп, "Қазақ және қарақалпақ 

тілдеріндегі   қысаң   дауысты   дыбыстарының   редукциясы"   деген 

тақырыпта   1967   ж.   кандидаттық   диссертиция   қорғады.   Ғылыми 

жетекшісі – академик І.Кеңесбаев. 

Б. Қалиев 1967 жылдан бастап, Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл 

білімі институтының Түсіндірме сөздік бөлімінде алғаш кіші ғылыми 

қызметкер /1967 ж./, кейіннен аға ғылыми қызметкер 1970 ж./ болып 

істеді. Ол он томдық "Қазақ  тілінің түсіндірме  сөздігін" /1974-1986 

жж./ жасаушылардың бірі /оның бір өзі 74 баспа табақ сөздік жасады/ 

және   сол   томдардың   /жалпы   көлемі750   баспа   табақ/   жауапты 

редакторы   болды.   Осы   еңбегі   үшін   оған   1988   ж.   Қазақ   ССР 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты берілді. 

1986 жылдан бастап ол тосы институтта алдымен жетекші ғылыми 

қызметкер   /1986   ж/,   содан   кейін   Терминология   бөлімінің 

меңгерушісі   /1991   ж./   болып,   1995   жылға   дейін   қызметін 

жалғастырды.  1995 жылдан  бастап, Алматыдағы Қазақ  мемлекеттік 

Әлем   тілдері   университетінің   қазақ   филологиясы   кафедрасының 

меңгерушісі болып ауысты. Қазір де осы қызметте істейді. 



Машкеев Әукен Қиясұлы – ғалым

1933   жылдың   19   –шы   қазанында   Кеген   ауданының   Қарабұлақ 

ауданында   дүниеге   келген.   Дәрігер-педиатр,   медицина 

ғылымдарының докторы, профессор. 

Әукен   Қиясұлы   1964   жылдан   бері   Қазақтың   ғылыми   –   зерттеу 

педиатрия   институтында   қызмет   етіп   келеді.   1966-1981   жылдары 

институт директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары, 

1985-1992 жылдары директор, 1992 жылдың желтоқсан айынан 1994 

жылдың   қазан   айына   дейін   денсаулық   сақтау   министрлігінің 

орынбасары болды. Одан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық 

сақтау министрлігінің педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми 

орталығына ауысты. 

Ә. Қ. Мәшкеевтің 150-ден аса ғылыми – зерттеу мақалаларымен екі 

монографиясы   бар.   Ашқан   үш   жаңалығы,   екі   патенті   медицина 

ғылымына   қосылған   айтулы   үлес   болып   саналуда.   Оның 

басшылығымен 8 кандидаттық, 4 докторлық диссертация қорғалды. 

"Денсаулық   сақтау   үздігі"   белгісімен,     "Құрмет   белгісі"   орденімен 

"Еңбек   ардагері"   медалімен   марапатталған.   1998   жылы 

"Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" атағы берілді. 



Ниязбеков   Әужан   Әнәпияұлы   –   Қазақстан   Республикасының 

еңбек сіңірген ұстаз   

   Әужан Әнәпияұлы Ниязбеков 1903 жылы Алматы облысы, Кеген 

ауданы,   Суықтоғай   ауылында,   кедей   шаруа   отбасында   дүниеге 

келген.   Он   жасына   дейін   ауыл   молдасынан   арабша   оқып,   сауатын 

ашты. 1913-16 жылдары Подгорное станциясындағы 2 кластық орыс 

бастауыш мектебінің 3 сыныбын бітірді.  1916 жылы ұлт – азаттық 

қозғалысы   басталған тұста байларға жалданып, мал баққан. Әужан 

Әнәпияұлы   1921   жылы   оқуын   қайта   жалғастырып,   алдымен 

дайындық   курсқа,   содан   соң   Қазақстан   топырағындағы   тұңғыш 

жоғарғы оқу орыны – Қазақ ағарту институтын /Казинпрос/ бітірген 

алғашқы 12 түлектің бірі болып бітіреді.  Ол өзінің ұстаздық еңбек 

жолын   1924   жылдан   бастайды.   1927-1932   жылдары   Жаркент, 

Еңбекшіқазақ   аудандарында   оқу   бөлімінің   меңгерушісі,   мектеп 

директоры   болып   істеген.   1932-34   жылдары   Қазақ   Оқу 

Комиссариатында   инспекторлық   қызмет   атқарып,   1934   жылы 

Қарақарлы округтік оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне жіберіледі. 

Ал,   1936   жылы   Оқу   Комиссариатына   қайта   шақырып,   басқарма 

бастығы,   ағарту   халық   комиссарының   орынбасары   болып 



тағайындалады. 1939 жылдан 1940 жылға дейін Алматыдағы Жамбыл 

атындағы №18 мектеп директоры болып істеді, ал 1940 жылдан 1944 

жылға   дейін   Нарынқол   ауданы,   Қаратоған   ауылындағы   орталау 

мектептің  директоры  болып  істеді.  1944  жылдан  1962  жылға  дейін 

Кеген   ауданындағы   Құрметі   –   Саты   орта   мектебінің   директоры 

болды. 1970 жылдан алдымен республикалық мәні бар дербес пенсия, 

1987 жылдан Одақтық мәні бар дербес  пенсия тағайындалды. 1921 

жылдан комсомол, 1925 жылдан партия мүшесі. Көптеген аудандық, 

облыстық,   республикалық   конференцияларға   делегат   болып 

сайланған /23 рет/. Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумының 1959 

жылғы 30 сәуіріндегі Жарлығымен құрметті атағы берілді. Сонымен 

қатар   Ә.Ә.   Ниязбеков   Қазақ   ССР-і   Жоғары   Советінің   Құрмет 

грамоталарымен,   Үкімет   наградаларымен   марапатталған. 

Ә.Ә.Ниязбеков   1989   жылы   сәуірдің   28   күні   Алматы   қаласында 

дүниеден өтті. Қазіргі Кеңсай зиратында. 

Ә.Ә.Ниязбековтің   ұзақ   жылдары   бойы   халқына   сіңірген   ұзтаздық 

еңбегі ескеріліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 

шілдедегі   №897   қаулысымен   Кеген   ауданындағы   Құрметі   орта 

мектебіне   Ә.Ә.Ниязбековтің   аты   берілді.   Сонымен   қатар,   Саты 

ауылында Ә. Ниязбеков атындағы көше бар. 



Нүсіпұлы Ерғали - ғалым

1941   жылы   Алғабас   ауылында   дүниеге   келді.   1958   жылы   мектепті 

күміс   медальмен   бітіріп,   Қазақ   политехникалық   институтының 

геология-барлау факультетіне оқуға түседі. Ол институтты 1965 жылы 

"Пайдалы   қазбаларды   іздеу   мен   барлаудың   геофизикалық   әдістері" 

мамандығы бойынша бітіреді. 

1964-1997   жылдары   Қазақ   политехникалық   институтында   /1994 

жылдан   Қазақстан   ұлттық   техникалық   университеті   /ассисент, 

аспирант /1969-1973/, доцент /1983-1992/, кафедра меңгерушісі /1990-

1994/, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор /1992-1997/ қызметін 

атқарды. 

1969-1973   жылдары   Ленинград   тау-кен  

  институтының 

аспирантурасында   оқып,   1973   жылы   диссертация   қорғап,   геология-

минерология   ғалымдарының   кандидаты   атағына   ие   болды.   Ол 

геология-минералогия   ғалымдарының   докторы   /1998/,   профессор   /



1995/,   Қазақстан   Шығармашылық   академиясының   мүше-

корреспонденті   /1994/,   Халықаралық   Минерал   ресурстары 

академиясының   академигі   /1997/,   Ресей   табиғи   академияының 

академигі /1998/ атанды.

200-ден   аса   ғылыми   мақаланың,   6   кітаптың   /монографияның/, 

көптеген геологиялық, геофизикалық және экологиялық карталардың 

авторы. 

Қазіргі   Қ.Сәтбаев   атындағы   Қазақтың   ұлттық   техникалық 

университетінің   ректоры   Е.Нүсіпұлы   "Құрмет"   орденімен 

марапатталған. 



Нұрғожаев Жақыпжан - журналист

1946   жылы   Кеген   ауданындағы   Тасбұлақ   ауылында   туған.   Осы 

ауылда   мектеп   бітіргеннен   кейін   бірнеше   жыл   бастауыш   мектепте 

мұғалім   болып   еңбек   етті.   Армия   қатарынан   келгеннен   кейін 

Қазақтың Әл-Фараби атындағы Ұлттық мемлекеттік университетінің 

журналистика   факультетіне   түсті.   Оқи   жүрп   Алматы   облыстық 

"Жетісу"   газетінде   жұмыс   істеді.   1974   жылдан   республикалық 

"Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 

1982 жылы Шелек аудандық "Еңбек туы" газетінде редактор қызметін 

атқарды.   1987   жылдары   "Журналист"   фотостудиясында   директор, 

1997   жылы   Қазақстан   Журналистер   одағының   ұсынысымен 

Баспасөзге   көмек   көрсету   қорының   президенті   болды.   Жақыпжан 

Нұрғожаев   1998   жылдың   қаңтар   айынан   бері   облыстық   "Жетісу" 

газетінің   редакторы   қызметінде.   Ол   Қазақстан   Журналистер   одағы 

сыйлығының иесі. Журналист-публицист. 

Нұрғожаев Байқожа – қоғам қайраткері

1947   жылы   10   ақпан   күні,   Шелек   ауданы,   Тескенсу   селосында 

туылды. 

1955 жылы Қорам орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданды. Кейін 

Кеген  ауданы,  Алғабас  ауылында  көшіп  келгендіктен  Алғабас  жеті 


жылдық   мектебін   1962   жылы   бітірді.   1962-65   жылдары   Жалаңаш 

қазақ   орта   мектебінде   орта   білім   алады.   1965   жылы   Алматы 

қаласындағы   қазақтың   мемлекеттік   ауыл   шаруашылығы 

институтында экономика факультетіне оқуға түсті. 1970 жылы ауыл 

шаруашылығының жоғары білімді экономист мамандығын алды. 1970 

жылы Алғабас жылқы заводында есепші, бас экономист қызметтерін 

атқарды.   1973   жылы   наурыз   айында   Кеген   ауданы   ауыл 

шаруашылығы басқармасының экономикалық – жоспарлау бөлімінің 

бастығы,   бастықтың   орынбасары   болып   істеді.   1973   жылы   қараша 

айында   Кеген   аудандық   комсомол   комитетінің   бірінші   хатшысы 

болып сайланды. 

1978-80   жылдары   Еңбекшіқазақ   ауданы   Ильич   атындағы   колхоз 

басқармасының   председатель,   1980-86   жылдары   Кеген   ауданы 

Жылыса   қой   совхозының   директоры,   Кеген   ауданы 

ауылшаруашылығы  

  басқармасының   бастығының   бірінші 

орынбасары,   Іле   ауданы   ауылшаруашылығы   басқармасының 

экономикалық-жоспарлау   бөлімінде,   Талғар   аудандық   статистика 

басқармасының   бастығы,     "Агро"   ассоциацияның   бас   маманы 

қызметтерін атқарды. 

1991   жылы   сәуір   айнан   Кеген   ауданы,   Ә.Жүнісов   атындағы 

совхозының директоры, 1995 жылы Кеген ауданының әкімі болды. 

1997 жылы Кеген, Райымбек аудандары қосылғаннан   соң Райымбек 

ауданы   әкімінің   бірінші   орынбасары,   1998   жылы   маусым   айынан 

Ұйғыр   ауданы   әкімінің   бірінші   орынбасары,   2002   жылдың   шілде 

айынан Райымбек ауданының әкімі. 



Сары

Сүйерқұл                                        Сүйменді



  

(Таубұзар)

Досалы Шоған Қожбанбет Жарты

                           Айт       Бозым    Қыстық 



Сарыдан – Сүйерқұл, Сүйменді (Таубұзар).

Сүйерқұлдан – Досалы, Шоған, Қожбанбет, Жарты.

Досалы

Досалыдан: Бірімбет

1. Бірімбеттен; Арық - Шегір, Құлсадық, Жансадық.

2. Құлсадықтан: Шақа, Төлес, Сәлбен, Мәлбен. 

Шақаның әйелі Шапырашты, Қарасай батырдың Айтолым деген әрлі 

қызы екен. Үйленгеніне аз уақыт өткен соң Шақа дүниеден қайтады. 

Батырдың   қызы   Айтолымды   тете   немересі   Төлеске   қосады.   Оны 

төркіндері   де   қош   көреді.   Айтолым   анамыз   Төлестен   Байсейіт 

батырды   туады.   Ақылды   ана   төркіндеп   туған   сіңілісі   Бөкекке   құда 

түседі. Қарасай батыр бұл қадамының жөнін сұрағанда Айтолым. 

"Әке   тілегімді   қабыл   алыңыз.   Төркіндеген   жолым   болсын.Төлестің 

қарызынан құтылайын. Ол әлі жас. Есік көрген белін жылытқанымен, 

көңілін жылытпайды" – деген екен. Тілеген қабыл алады. Бөкекті той 

жасап, ата жолымен ұзатады. Құдай қош көрген шығар Бөкек анамыз 

Бәймен,   Биеке,   Құсық   (Байсейіт)   Есенаман   деген   төрт   ұл   туады. 

Сонымен Төлестен бес ұл. Бес рулы ел. 



Досалы

Бірімбет


Арық-Шегір                   Құлсадық           Жансадық (Шүйке)

         Төлес                   Сәлбен           Қотырбай Сәлбен

Байсейіт  Құсық  Бәймен   Биеке  Есенаман

Арық - Шегір  


Сүйерқұлдан   –   Досалы,   Шоған,   Қожбамбет,   Жарты.   Сүйерқұлдың 

жанама аты "төртжан сегіз сары". Кейде "Алжан сегіз сары" дер те 

атайды. Ол туралы әр түрлі болжам бар. 

Сүймендіден – Айт, Бозым, Қыстық. Досалыдан – Жалғыз ұл Бірімбет 

болады. 

Шоғанның   Үмбет   деген   кішісі   жігіт   болып   үйленіп,   бір   балалы 

болғанда,   қайтыс   болып,   әйелі   Солтанбике   Шажа   деген   баласымен 

жесір   қалады.   Сонда   Шоған   Досалыға:   "Үмбет   өмірден   өтті,   әйелі 

жесір   қалды.   Сенің   жалғыз   балаң   Бірімбетке   қосалық."   –   дейді. 

Досалы   келісіп   Бірімбетке   қосады.     Бірімбеттің   бәйбішесінен 

Арықшегір,   екінші   әйелі   Шажаның   шешесінен   екі   бала   Жансадық 

(Шүйке)   Құлсадық   туады.   Жансадық   кішкене   қолтоқпақтай, 

домаланып жүреді екен.  Әйелдер ұршық үйіргенде жүнді домалақтап 

шынашағына іліп алады. Оны шүйке дейді. Жансадық шүйке атанып 

кетеді.   Шүйкені   әйелдер   Түйдек   деп   тергеген.       Арық   –   Шегірдің 

Бәйтелі деген баласы болған. Одан Бәубек, одан Артық, Диқамбай. 

Артықтан   –   Дәумен,   одан   Естемес.   Естеместен   –   Мыңжасар, 

Құттымбет. Мыңжасардан: Жетпісбай, Алпысбай, Тастпанды, жеңге 

алған әйелінен Бәйтімбет.  Жетпісбайдан – Кеншімбай, Құдайберген. 

Кеншімбайдан – Смағұл, одан – Жұмаш, Жақан, Серік. Жұмаштан – 

Мақсат,   Мұрат,   Марат,   Жақаннан   –   Алмас,   Айдос.   Алпысбайдың 

бәйбішесі   Тәттібаладан   –   Ахмет,   Жақсымбет,   Молдаш,   Айтақын. 

Ахметтен   –   Сейтахын   Отан   соғысында   мерт   болды.   Жанғазы, 

Дәулетжан,   Сейітқазы.   Жанғазыдан   –   Мұхтар,   Мұқит,   Жандос, 

Дәулетжан   –   Данияр.   Жақсымбеттен   –   Бақыт,   одан   Берік,   Ерік. 

Беріктен   –   Мағжан.   Молдаштан   –   Жұмағұл,   Асанғұл,   Дүйсен, 

Жұманәлі,   Ерболат,   Тұрлыбек,   Болат,   Асқат,   Мақсұт,   және   Ермек. 

Жұмағұлдан   –   Дүйсенәлі,   Жеңіс,   Мэлс,   Есболат.   Асанғұлдан   – 

Мақсат, Қайрат, Қуанышбек, Марғұлан. Дүйсеннен – Ерлан, Есбол, 

Еркебұлан. Жұманәліден – Тілек, Ғайни, Абай. Тұрлыбектен – Әділет. 

Ерболаттан   –   Дидар.   Айтақыннан   –   Серік,   Мәлік,   Талғат,   Қайрат, 

Санжар. Серіктен – Қайсар. Алпысбайдың екінші әйелі Қымқаптан 

Саутақын.   (Ол   соғыста   мерт   болған),   Әлиасқар,   Елтай,   Әлімақын. 

Әлиасқардан – Тұрсымбай. Елтайдан – Елемес. Әлімақыннан – Алмас, 

Айдос,   Айбол,   Айбын,  Айбек.  Елеместен  –   Қайрат.  Тастандыдан   – 

Байжұма   (өлген),   Әбдіқалық,   Жақып   (өлген   37   жылы   атылған, 

ақталған) Құрманәлі, Әбдіқалықтан – Бегәлі. Құрманәліден – Нұрлан, 

Ғалымжан,   Қалибек,   Айдос,   Жандос.   Бегәліден   –   Ербол,   Ержан. 



Нұрланнан екі ұл бар – Дастан, Дарқан. Ғалымнан – Елдос, Елдар, 

Шыңғыс.   Ғалымжаннан   –   Олжас,   Ақжол.   Бейімбеттен   –   Маырхан, 

одан Айдар, одан Айдын, Бекзат. Құттымбеттен – Есқожа, Досқожа, 

Жанғожа, Қанғожа. Есқожадан – Жексембі, Мұқаман. Жексенбіден – 

Берікбай – одан Титай, Алтай, Ертай. Титайдан – ЛАмантай, Асқар, 

Асқат. Асқардан – Данияр. Амантайдан – Мақсат. Асқаттан – Азамат, 

Таңжарық. Амантайдан – Ермек, Ертайдан – Алмас. Мұқаманнан - 

Тараншы – одан – Жеңіс, Бейбіт. Жеңістен – Бақытжан, Серікжан. 

Бейбіттен   –   Серікбол.   Досқожадан   –   Төленді,   Жұмабай   (өлген) 

Төлендіден – Нүсіпжан, Нүсіпақын. Жанғожадан – Дүйсембай – одан 

– Құмар (өлді), Тұралы, Едіге, Қожыкен, Еркін. Тұрлыдан – Қанат, 

Марат,   Болат.   Мараттан   –   Медет,   Әрсен.   Едігеден   –   Ғабиден, 

Ғалымжан.   Қажыкеннен   –   Ғабит,   Еркебұлан,   Ердос,   Жандос, 

Еркіннен – Арман. Қанғожадан – Көкей, Әділ, Әлдибек, Нәке, Көкей, 

Әділ   өлген   ұл   жоқ.   Әлдибектен   –   Қайрат   одан   Дәулет.   Нәкеден   – 

Рахымберді, Шаймерден, Ерболат, Елтай. Рахымбердіден – Амантай, 

Болат,   Ерлан,   Нұрлан.   Шәймерденнен   –   Ұлан,   Руслан,   Нұрлан, 

Жасұлан,   Еркебұлан.   Диқамбайдан   –   Ілебай,   Кірпі.   Ілебайдан   – 

Кенебай, Рахыш. Кенебайдан – Ыбырайым (соғыста өледі) Смағұл – 

одан Әділбай, Әбілбай. Әділбайдан – Дастан, Дәулет. Әбілбайдан – 

Рустем,   Дәурен,   Дәулен.   Кірпіден   –   Өтеген.   Одан   –   Ермекбай, 

Далабай,   Қозыбақ.   Қозыбақтан   –   Мұқаметжан,   Тұңғыш   (екеуі   де 

соғыста   өледі)   Қайыңбай,   Ақымбай,   Дайырбай.   Мұқаметжаннан   – 

Тұрлықожа   одан   Ақылбек,   Бекболат,   Нұрболат,   Айбын,   Айбол. 

Ақылбектен – Самат. Қайыңбайдан – Сейсенәлі, Иемберген, Еркін, 

Айдос. Сейсенәліден – Ердос, Ербол, Ержан, Жеңіс. Иембергеннен – 

Ерік, Елдар. Ақымбайдан – Бейбіт, Бекен, Берік. Бейбіттен – Медет, 

Қайсар,   Қуаныш,   Ақылбек.   Бекеттен   –   Асқат,   Жеңіс.   Беріктен   – 

Береке. Дайырбайдан – Бақытжан, Бақберген, Сағдат, Бағидан Серік. 

Бақытжаннан  –  Дамир.   Бағаденнен  –  Сәкен,  Ермекбай,   Далабайдан 

қыз балалар ғана бар, қалада. 



1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал