Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі



жүктеу 8.07 Mb.

бет22/77
Дата09.01.2017
өлшемі8.07 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77

/Досан Жанбота/ 

Бағаев  Ұзақ – журналист, қоғам қайраткері

Мемлекет   қайраткері.   1930-1973   жылдары   Алматы   облысы,   Кеген 

ауданы, Саты селосында туған. Жалаңаш қазақ орта мектебін 1946 ж. 

бітірген.   1947   жылы   С.М.Киров   атындағы   Қазақ   мемлекеттік 

университетінің журналистика факультетіне түсіп, 1952 жылы үздік 

аяқтаған.   1952   жылы     "Социалистік   Қазақстан"   газетіне   қызметке 

алынған,   ауыл   шаруашылығы   бөлімінің   меңгерушісі   болып   жұмыс 

істеді. 

1960   ж.   Қазақстан   Компартиясының   Орталық   Комитеті   Ұ.Бағаевты 

Қызылорда   облыстық   "Ленин   жолы"   газетінің   редакторы   етіп 

тағайындады.   Байсалды   басшы,   іскер   азамат   1968   ж.   Талдықорған 

облыстық "Октябрь туы " газетінде редактор қызметін атқарды. 1969 

жылы   республикалық   "Социалистік   Қазақстан"   газетінің   бас 

редакторлығы   қызметіне   шақырылды.   Республика   журналистері 

арасында үлкен құрметке ие болды. Қазақстан Компартиясының 1979 

ж.   қаңтарда   өткен   XIII   съезінде   Ұ.Бағаев   Орталық   Комитетінің 

мүшелігіне сайланды. Содан кейін ол сегізінші сайланған Қазақ КСР 

Жоғарғы   Кеңесінің   депутаты   болды.   Ұ.   Бағаев   өмірінің   соңғы 

жылдарында   үлкен   қоғамдық   жұмыстар   атқарып,   Қазақстан 

Журналистер   одағының   төрағасы   ретінде   Журналист   кадрларын 

даярлауда көп күш жұмасады. "Дала жұлдыздары", "Жан сұлулығы" 

секілді тартымды, танымдық сипаты мол кітаптар жазды. Үкімет Ұ. 

Бағаевты Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапаттады. 

"Қазақ КСР – нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" атағын берді. 

1973   жылы   28   шілдеде   қайтыс   боды.   Мүрдесі   Алматы   қаласының 

орталық зираты  "Көктөбе" кеңшарында. 

Бижанов Құсайын – елағасы

Ұлы Отан соғысының ардагері

1920   жылы   4   қазанда   Алматы   облысы,   Шелек   ауданы   Асы-Сағы 

ауылында туған. Асы-Сағы ауылындағы орталық мектепте оқып кейін 

Түрген педучилищесіне түсіп 1942 жылы бітірді. 1940 жылы Алматы 

облысы   Кеген   ауылындағы   Ұзынбұлақ   орталау   мектебіне   жіберіп, 

мұнда   1942   жылдың   наурызына   дейін   мұғалім   және   оқу   ісінің 

меңгерушісі болып істеді. 

1942   жылы   қазан   айында   әскер   қатарына   шақырылып,   сол   жылы 

қарашада   майданға   аттанды.   Сталинград   түбіндегі   шайқастарға 

қатысты. 

1956-1960 жылдары Алматы Жоғарғы партия мектебінде оқыды. 


1960-1962 жылдары Нарынқол аудандық партия комитетінің хатшысы 

1965-1969   жылдары   Балқаш   аудандық   партия   комитетінің   бірінші 

хатшысы болып жұмыс істеді. 

1969 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті Құсайын 

Бижановты   Шелек   аудандық   партия   комитетінің   бірінші   хатшысы 

қызметіне   жіберді.   Бұл   жұмыста   1983   жылғы   мамыр   айына   дейін, 

яғни еңбек демалысына шыққанға дейін атқарады. 

1971   жылы   Құсайын   Бижанов   Қазақ   ССр   Жоғарғы   Кеңесінің   VII 

шақырылуына депутат болып сайланды. 

Екі   рет   Қазақстан   Компартиясы   Орталық   Комитеті   мүшелініне 

кандидат болып, облыстық, аудандық пария, кеңес органдарына отыз 

жылға тарта уақыт үзбей сайланды. 

Отан алдында халық үшін сіңірген еңбегі жоғары бағаланып Құсайын 

Бижанов Ленин, Октябрь ревалюциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, I – 

дәрежелі   Отан   соғысы,   Қызыл   Жұлдыз   және   Халықтар   достығы 

ордендерімен, оннан астам медальдармен, үш рет Қазақ ССР Жоғарғы 

Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Құсайын   Бижанов   дүниеден   өткеннен   кейін   оның   сіңірген   еңбегі 

ескеріліп,   Қазақстан   Республикасы   Үкіметінің   шешімімен   туған 

Еңбекшіқазақ   ауданы   "Октябрьдың   50   жылдығы"   совхозды 

Қ.Бижанов атымен атады. 

Шелек селосындағы бұрынғы Ленин атындағы мектепке Қ. Бижанов 

аты берілді. Шелек кең – шарында, Бақанас селосында көшеге аты 

берілді.


Бұтақбаев Өтеген – генерал - майор  

1939 жылы 12 шілдеде Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш елді 

мекенінде туған 1959 жылы Калинин атындағы калхоздағы N 70 қазақ 

орта мектебін бітірісімен Свердлов қаласындағы Бүкіл Одақтық Ішкі 

Істер   Министірлігіне   қарасты   техникалық   училищеге   оқуға 

қабылданып, 1962 жылы лейтенанттық атақпен аяқталды. Сол 1962 

жылдан   бастап   20   жыл   бойы   Қазақ   Республикасының   Ішкі   Істер 

басқармасында инспекторлық баспалдақтан бастап, бас басқарманың 

орынбасарына дейінгі сатыны жүріп өтті. 


1970 жылы Москвадағы Бүкілодақтық Ішкі Істер министірлігінің ең 

жоғарғы мектебінде оқып жоғарғы білімді қорғайтын тәртіпті азамат 

деген дәрежеге жетті. 

1981 жылы Қазақ мемлекетінің Ішкі Істер министрлігінде Қоғамдық 

тәртіпті қорғайтын Бас басқармаға басшылық етті. Осы мемлекеттік 

тәртіпті   сақтайтын   Бас   басқармадағы   еңбегін   жоғары   бағалап 

милиция генерал-майоры деген құрметті атаққа ие болды. Генерал-

майор   Өтеген   Бұтақбаев   бірнеше   рет   Бүкіл   Одақтық   Ішкі   Істер 

министрлігінің,   Қазақ   Республикасының   Ішкі   Істер   министрлігінің 

құрметіне бөленді.  9 рет ордендермен медальдармен  марапатталды. 

Қазақ Республикасының Ішкі Істер министрлігінің ардақты азаматы, 

Бүкіл Одақтық Ішкі Істер министрлігінің құрметті қызметкері. 

1955 жылы Қоғамдық тәртіпті қорғау саласында көп жылғы қызметін 

жоғары   бағалап   зейнеткерлік   демалысқа   шықты.   Қазір 

республикадағы   ең   үлкен   банкі   –ОАО   Қазкоммерцбанкіде   тәртіпті 

қорғау Бас басқармасына жетекшілік етеді. 



Жүнісов Әубәкір – қоғам қайраткері

1886   жылы   Жаркент   уезі   Қызылбөрік   облысы,   Суықтоғай   (Қазіргі 

Алғабас)   елді   мекенінде   туған.   Туған   ауылындағы   молдадан   дәріс 

алған.   1904   жылы   Жаркент   қаласындағы   жеті   жылдық 

ауылшаруашылық мектебіне оқуға берген. 1908 жылы бұл мектепті 

үздік бағамен бітірген 1912-1915 жылдары Қырғызсай (Ұйғыр ауд.) 

судияға аудармашы болды. 1916 жылы атақты Қарқара жәрмеңкесінде 

ұлтазаттық   көтеріліске   белсене   араласты.   Ақпатша   сол   жылы 

көтерілісті тұншықтырып Ә.Жүнісовты тұтқындап оны өлім жазасына 

кесті. Артынан жазаны ауыстырып түрмеден өтеуге шешім шығарды. 

Түрмеде жүріп Октябрь революциясының ілегіне қосылды. Октябрь 

революциясы   жеңгеннен   кейін,   еркіндікке   жіберіліп   Жаркент 

қаласындағы   босқындарға   жәрдем   көрсету   туралы   комиссияға 

қосылды.   1920   жылы   Жаркент   уезі   Жаркент   қалалық   милиция 

басқармасының   орынбасары   ретінде   атақты   атаман   Дутовты   жою 

әрекетіне белсене араласты. Бұл еңбегің (Қазақ фильмнің таңдаулы 

туындысы)       "Атаманның   ақыры"   атты   көркем   суретте   фильмде 

сомдалған. Осы еңбегі жоғары бағаланып ВЧК – ның басшысы Петрес 

қол қойған арнайы куәлік 1921 жылы 6 февральда Әубәкір Жүнісовке 

тапсырылған. Ол жайлы деректеме республика мұрақат мекемесінде 

сақтаулы.   Қазірде   Ә.   Жүнісов   атында   Жаркент   қаласы,   Кеген, 


Жалаңаш кеңшарларында көшелерге ат берілген. Туған жері Алғабас 

селосында ескерткіш қойылды. 



Құланаян Құлмамбет – халық ақыны

/шамамен 1829-30 жж. – 1907ж./

Ақын   Алматы   облысы,   қазіргі   Райымбек   /Кеген   /   ауданы   Саты 

елдімекеніндегі   атақты   Алатаудың   төсіндегі   Көлсай   көлінің 

жағасында   туған.   XIX-   ғасырда   өмір   сүрген   қазақтың   шоқ 

жұлдызындай   атақты   ақындары   Сарыарқаның   саңлағы   Түбекпен, 

Жетісудың аға сұлтаны Тезек төремен, Майкөт, Бақтыбай, Сүйінбай, 

Жамбыл   секілді   өлең-жырдың   дарабоздарымен   айтысқа   түскен. 

Кеңестік   дәуірдің   сыңар   I   жақ   саясатының   нәтижесінде   кімнің 

жеңіліп,   кімнің   жеңгенін   анық   білмей   біз   қалдық.   Елін,   жерін   ел 

билеген   білімдар   азаматын   жырлаған   ақын   байлықты   мадақтаған 

болып   табылды.   Ал   заманы   жайлы   ой   толғандары   "Зарзаманды" 

жырлаған, ескілікті көксегендер атанып атқа теріс мінді. Өлең сөздің 

өлмес өрнегін өрген Құлмамбет ақын да соның бірі. 

Ақын   атамыз   қырғыз   халқының   жезтаңдай   ақын   қызы   Қаламқас, 

Тұрсынаймен, Арқаның тұйғын ақын қызы Өзипамен айтысқан. 

Құлмамбеттің   қырғыздың   батыр   ханы   /Бұғы   руының/   Шабданға 

айтқан   мына   төмендегі   өлеңімен   –   ақ   оның   өртке   тиген   дауылдай 

өрлігін, ұрда – жық емес, өрелі ұлы сөздің иесі екенін көруге болады. 

"Болғанда ел ағадан, тон жағадан,

Көкжал бөрі соғады тау сағадан.

Сыртыңнан көрмесемде, ұғушы едім

Жүрмісің батыр Шабдан есен - аман".

Мен өзім Құлмамбетпін Құланаян,

Екенім Құланаян құдайға аян. 

Бұл жақта мұсылманға тақ боп тұрсың, 

Кеп тұрмын аруағыңа Қарқарадан. 

Албанда өткен екен Қашаған хан

Серғазы сексен екі жасаған хан. 

Алты ауыз арыз айтпай қаламын ба?


Атыңды аттаған босағаңнан. 

Албанда өткен екен Абақ, Жайнақ, 

Сайымбөлек  өтіпті сан жылқы айдап. 

Бір сағаттай кідіріп келмей қалсам

Атқа міне жаздапсыз сорым қайнап

-деп ханнан да қаймықпайтын Құлмамбетей ақын ғана айта алады.  

Ақын өмірінің соңғы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле 

би  ауданында,   Алатаудың  Қазықұрт   тауымен  түйісетін   "Бел"   деген 

жерінде тұратын туыстарына қоныс аударған. 

1906  жылдың  шамасымен  туған жері  Жетісуға  қайта  оралған.  Жол 

бойы   сырқаттанып   келген   Құлмамбет   Алматы   қаласының 

шығысындағы   60   шақырым   жердегі   атақонысы   Түрген   қыстағында 

дүние салады. 

Ақырғы   демі   үзілер   сәттегі   тебіренісінде   бірде   бір   адам   атынан 

жаңылмай,   оның   шыққан   тегіне   дейін   дәріптеп   қоштасу   жырына 

қосқан. 


Атақты   Құланаян   Құлмамбет   өлер   алдында   ағайын   –   туыстарымен 

қоштасу өлеңіндегі: 

"Руымды сұрасаң,

Қызылбөрік деген ел еді.

Абықаға сәлем де – 

Асқар таудай бел еді

Есімбекұлы Қожабек.

Гүлдеген қызыл жел еді, 

Қожамқұлұлы Мақсұттың

Бұлтпенен басы тең еді

Тірлігінде Құлмамбет, 

Бұлбұлдай болып сайрады.

Аса теріп айтуға 

Тілімді құдай байлады. 

Туған жерге өзімді


Алла – тағала айдады. 

Бұйыртты алла топырақ, 

Түрген деген қаладан.

Жетпіс жеті жасымда, 

Көштім пәни жалғаннан"

-деген жыр жолдарына қарап, біз ақынды 1829 ж. Туған деп алдық. 

1998 ж. Республика ақпарат және қоғамдық келісім министрілігінің 

бағдарламасы   бойынша,   ғалым   Тоқтар   Әлібектің   құрастыруымен: 

"Сөзімнің   қыл   сыймайды   арасына..."   атты   өлеңдер   жинағы   жарық 

көрді. Редакция алқасы: академик С.С. Қирабаев, З.А. Ахметов, Р.Б. 

Бердібаев, С.А. Қасқабасов /жауапты редактор/. 

Шығарушылар: Х.Смағұлов ақынның мұрагер туысы, С.Медеубекұлы 

филология ғылымының кандидаты. 

Х.   Смағұловтың   басшылығымен   халқы   Түрген   елдімекенінде 

ескерткіш орнатты. 

Нүсіпбекұлы Ақай – ғалым

/1909 – 1983ж/ 

Алматы   облысы,   қазіргі   Райымбек   /Кеген/   ауданы   Жалаңаш 

селосында   ашылған   мектептен   сауатын   ашқан.   1926   ж.   Талғар 

қаласындағы   ауыл   шаруашылық   техникумына   түсіп,   үздік   бітірген 

соң сол техникумда ұстаздық қызметке қалды. 1933 ж. Талғар ауыл 

шаруашылық техникумына директор болды. Содан облыстық партия 

комитетіне   қызметке   ауыстырылды.   1934   ж.   Москва   қаласындағы 

Шығыс халықтарына арналған университетке оқуға жіберілді. 

1937   ж.   Қазан   айында   Қазақстан   Коммунистік   партиясы   Орталық 

комитетіне мәдени – ағарту бөліміне меңгеруші болып тағайындалды. 

1939 ж. Семей обл., Семей қаласында институтқа ұстаздық етті. Неміс 

–   фашистері   Кеңес   Өкіметіне   соғыс   ашқанда   Панфилов 

дивизиясының құрамында 1946 ж. дейін ел намысын қорғады. 

1947 ж. Алматы қаласы Абай атындағы университетте /институтта/ 

ұстаздық ете жүріп, тарих факультетін сырттай оқып бітірді. 1948 ж. 

тарих   ғылымының   кандидаты,   1950   ж.   тарих   ғылымының   докторы 



болды.   1960   жылдан   Республика   Ғылым   Академиясындағы   тарих, 

археология   және   этнография   ғылыми   зерттеу   институтының 

директоры   қызметін   атқарды.   Осы   жауапты   жұмысты   25   жыл 

басқарды. 200 өте құнды ғылыми еңбегі жарық көрді. 2 кейіннен 5 

том болып жарық көрген қазақ тарихына басшылық жасады. Белсенді 

авторы   болды.   Ақайдың   тікелей   мектебінен   Республика   Ғылым 

Академиясының толық мүшелері: Ғ. Ф. Дахшелейгер /марқұм/, Р.Б. 

Сүлейменов /марқұм/, М.Қ. Қозыбаев /марқұм/, М.Х. Асылбеков, Т.Б. 

Балақаев,   К.Нұрпейісов,   Л.Л.   Пеназина,   П.С.   Белак   ғылым 

кандидаттары: Н. Е. Едігенов, Н.Г. Пан, Қ. Оразов т.б. дәріс алып, 

халқымызды әлемге танытатындай ғылыми еңбектер жазды. 

А.Нүсіпбеков   Кеңес   Одағының   барлық   жоғарғы   оқу   орындарында, 

1968   ж.   Токионың   Басада   университетінде,   1969   ж.   Венгрияның 

Ғылым  академиясында   қазақ  халқының  тарихынан  дәрістер  оқыды. 

Ол   қазақтың   ғұламалары:   Қ.   Сәтбаев,   М.Әуезов,   Ә.Х.Марғұлан, 

Ғ.Мүсірепов,   С.   Байшов,   С.   Бейсенбаев,   Б.   Момышұлының   сыйлас 

досы болды. 

Өмірінің   соңғы   сәтіне   дейін   халқының   болашағы   үшін   еңбек   етті. 

Академик А. Нүсіпбековтың зираты Кеңсай мұсылмандар зиратында. 

Мемлекеттік медаль, ордендермен марапатталған. 



Досан Жанбота

Нұрпейісұлы Кеңес – ғалым

   1935   жылы   15   наурызда   Кеген   ауданы,   Саты   ауылында   дүниеге 

келген.   1942-1945   жылдары   осы   аудандағы   Қарабұлақ   ауылының 

балалар үйінде тәрбиеленіп, 1952 жылы Алматы қаласындағы N 18 

орта мектепті бітірген. 1952 -1953 жылдары Әл – Фараби атындағы 

Мемлекеттік Ұлттық университетінің студенті болды. 1958 жылдан 

қазіргі дейін Ұлттық ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы 

тарих   және   этнология   институтында   еңбек   етіп   келеді.   1963   жылы 

кандидаттық,   1973   жылы   докторлық   диссертациялар   қорғады.   1980 

жылдан   профессор.   Отыз   жылдан   бері   Алматы   жоғары   оқу 

орындарының   тарих   факультеттерінде   отандық   тарих   мәселелері 

бойынша   дәрістер   беріп   келеді.   Бұдан   қоса   ғалым   Қазақстанның 

тәуелсіз   тарихын   жасауға   тікелей   араласып   жүр.   Тарихшы 

ғылымының  300-ден    аса  ғылыми  еңбектері   жарық  көрген.   Мұның 

ішінде   20-ға   жуығы   іргелі   монографиялар   мен   ұжымдық   кітаптар, 



оқулықтар. 1982 ж. оған Қазақ ССР тарихының бес томдық ұжымдық 

жинағы   үшін   Мемлекеттік   сыйлық   берілген.   К.   Нұрпейістің 

"Қазақстан   Республикасы   білім   беру   ісінің   үздігі",   Қазақстанның 

еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері құрметті атақтары бар. 

Ол   1987   жылдан   Ұлттық   Ғылым   Академиясының   корреспондент 

мүшесі, 1997 жылы әлеуметтің ғылымдар академиясының академигі 

болып сайланған. Оның басшылығымен 30-дан аса докторлық және 

кандидаттық диссертациялар қорғалды. 



Серікбаев Дәулет Мырқасымұлы – ғалым

(1924-1972)

1924   жылы   дүниеге   келген.   Средигор   және   Жалаңаш   қазақ   орта 

мектептерінің   түлегі.   1942   жылы   майданға   аттанып,   әскердің   танк 

бөлімінде неміс фашистеріне қарсы соғысты. 1945 жылы 9 мамырда 

соғыс   жеңіспен   аяқталған   соң   шығыстағы   Жапония   соғысына 

қатысты.   Жапония   тізе   бүккен   соң   аман   –   есен   үйіне   лейтенант 

шенінде оралды. 1946 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтына 

түсіп, оны 1951 жылы үздік бағамен бітірген жас маман институтта 

оқытушы болып қалдырылды. Дәулет Мырқасымұлы жұмыс бабында 

өзінің   іскерлігімен,   ұйымдастырушылық   қабілетімен   көзге   түсіп, 

институт ұжымы арасында жоғарғы беделге, сый-құрметке бөленді. 

Осынау іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетін бағалаған Қазақстан 

Орталық   партия   комитеті   сол   кезде   жаңадан   ашылып,   әлі   оқу   үйі 

салынып   үлгермеген   Өскемен   автомобиль   жол   қатынастары 

институтына   ректорлық   қызметке   жіберді.   Ол   мұнда   да   өзінің 

бойындағы   іскерлігі   мен   ұйымдастырушылық   қабілетін   танытып, 

жаңа институтты аяғынан тік тұрғызып, оқу үрдісін жақсартып, оқу 

базасын нығайтты. 

Бұдан   кейін   Дәулет   Серікбаевты   Орталық,   партия   комитеті 

Республиканың   арнайы   орта   және   жоғарғы   оқу   министрінің 

орынбасары   етіп   жоғарылатты.   Бұл   жұмыста   да   Дәулет   өзінің   бар 

күш-жігірін,   білімін,   тәжірибесін   аямай   жұмсап,   жоғары   оқу 

орындарында   студенттерге   білім   берудің   сапасын   жақсартуға, 

жоғары,   арнайы   орта   оқу   орындарының   материалдық,   базасын 

нығайтуға   көп   күш   салып,   үлкен   үлес   қосты.   Туылғанына   75   жыл 

толуына   байланысты   Өскемен   автомобиль   жол   қатынастары 

институтына Дәулеттің есімі берілді. 


Серкебаев Сәдуақас - елағасы 

1921   жылы   15-ші   қыркүйекте   Кеген   ауданы   Жалаңаш   ауылында 

туған.   Мамандығы   ұстаз.   Абай   атындағы   ҚазПИ-ді   /1957 

ж./тәмамдаған.   Қомсомол   /1937   ж./,   Коммунистік   партия   мүшесі   /

1942-1991 жж./ Панфилов атындағы 8 гвардия дивизия құраиында /

1941 – 1945 жж./ әскери міндетін атқарған. Партия, Кеңес жұмысында 

/1945-87 жж./ Кеген ауданы Партия комитетінің I – хатшысы. "Ерлігі 

үшін" /1942 ж/ 2- медальмен, "Қызыл Жұлдыз" /1943 ж/, "Ұлы Отан 

соғысының I – дәрежелі " /1944 ж./ 2 рет "Құрмет белгісі" /1977-78/ 

орденімен марапатталған. 3-рет Қазақстан Республикасының Жоғарғы 

кеңесінің   /1967   -72,   84   жж./   Құрмет   грамотасының   иегері.   С. 

Серкебаев өмір жолы, газет, журналда жарық көрген. Мақала, естелігі 

1985 ж. 4. II – обл., мемлекеттік архивтің 586 қорында. 

Түркебайұлы Айтжан – қоғам қайраткері

1900 жылы Жаркент уезі Қызылбөрік болысы. Құрметі қыстағында 

дүниеге   келген   Айтжанның   туған  ағасы   Абиыр   Табан   деген   жерде 

мектеп   ашты.   Айтжан   осы   мектептен   сауаттанып   Құрметі 

қыстағындағы мектептен білімін толықтырды. Осы мектепті бітірген 

соң   Қырғыз   республикасының   Қарақол   қаласындағы   /Прожевальк/ 

орман   шаруашылық   техникумына   оқуға   түсті.   Техникумды   үздік 

бағамен   бітіріп,   өз   туған   ауылындағы   "КазЛес"     құрлыс 

басқармасының   бастығы   болды.   Тамаша   ұйымдастырушы   Айтжан 

Алматы қаласындағы жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберілді. 19 

жасынан   туған   халқының   жарқын   болашағы,   сәнді   тұрмысы   үшін 

қызмет   етті.   1919   жылы   Жаркент   уездік   жұмыскерлер   одағының 

төрағасы,   Қазақ   милиция   басқармасының   бастығы   болды.   1922 

жылдары   ВКП   \б\   уездік   комитетінің   АГЮ   меңгерушісі   болды. 

Шекарадағы   Қызыл   Армияның   полкінде   саяси   жетекшілдік   жұмыс 

атқарды. 1923-25 жылдары ВКП – ның уездік комитетінің хатшысы 

1927-28   жылдары   Жетісу   губерниясының   бастығы   қызметін   істеді. 

1931 жылы Мәскеу қаласындағы Свердлов атындағы университетке 

оқуға   түсті.   1934   жылы   ВКП   –   ның   орталық   комитетінің 

жолдамасымен   Қазақстанға   қайта   оралды.   1937   ж.   Қазақ   ССР   жер 

шаруашылығы   Халық   комиссариятының   төрағасы   болды.   Жаркент 

қаласында ашылған орта мектептің салтанатына қатысып, Алматыға 

келе жатқан кезінде, поезд үстінде атаман Аненковтың жансыздары 

атып   кетті.   1977   жылы   21   қараша   айында   Қазақ   ССР   министрлер 



кеңесінің   N   525   қаулысына   сәйкес   Айтжан   Түркебаевқа   құрмет 

көрсетіп, Құрметі аул-ғы орта мектепке оның есімі берілді. Алматы, 

Жаркент   қалаларында,   Кеген,   Жалаңаш   кеңшарларында   Түркебаев 

атымен аталатын көшелер бар. 



Үшпаев Кеңесбай – қоғам қайраткері

1940 жылдың шілде айының 2 жұлдызында Еңбекшіқазақ ауданының 

(бұрынғы   Шелек   ауданы)   Асысаға   ауылында   өмірге   келген.   1960 

жылы Шелек қазақ орта мектебін үздік бітіріп Алматы медициналық 

институтың   фармацептикалық   факультетіне   оқуға   түседі.   Ол   оқу 

озаты   болып   және   қоғамдық   жұмыспенде   араласады   оны   екінші 

курста институттың комсомол комитетінің секретары етіп сайланды. 

Алматы   медициналық   институты   бітірген   соң   Украина 

Республикасының   Львов   қаласына   барып   аспирантура   түсіп   1968 

жылы   кандидаттық   диссертация   қорғады.   Сол   жылдан   бастап   1970 

жылға   дейін   сол   институтта   аға   оқытушы   болып   қызмет   атқарды. 

1970 жылы Алматыға келіп Алматы мединститутқа оқытушы, доцент 

соңынан кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1980 жылы осы 

институтта   докторлық   диссертация   жұмысын   бастап   1983   жылы 

Харьков   қаласында   докторлық   диссертациясын   абыроймен   қорғап 

шықты. Сол жылы профессор деген атақ берілді.  Осы алғы жылда 

Шымкенттегі   Алматы   мединститутының   бөлімшесінде   директор. 

Кейіннен   Шымкент дәрі-дәрмек орталығы кейінде институт болып 

сол институтың директоры болып тағайындалды. 

Кеңесбай Үшпаевтың басшылығымен 16 кандидаттық, 3 докторлық 

диссертация қорғалып, одан басқа 150 баспа табақ алты монография 

жарық көрді. Кеңесбай Үшпаевтың бастамасымен Шымкентте дәрі – 

дәрмек заводы іске қосылып жұмыс істеді. Кеңесбай өзінің жұмысқа 

деген   адал   ықыласының   арқасында   көп   жылдар   бойы   Алматы 

мединститутының   проректоры,   оның   денсаулық   сақтау   жолында 

еңбегін   жоғары   бағалап.   1990жылы   Қазақ   ССР   Жоғарғы   Кеңесінің 

грамотасымен, Әл – Фараби атындағы силықтың иегері, кәзіргі кезде 

Денсаулық   сақтау,   аурудың   алдын   алу   академиясының   академигі. 

1990   жылы   Қазақ   ССР   Жоғарғы   депутатығына   кандидат   болып 

ұсынылды. 



Кеңесбай Үшпаев 1983 жылы докторлық диссертацияны абыорймен 

қорғап   шығып,   Қазақстанда   фармацевтика   ғылымдарына   бірінші 

докторы болып шықты. 

Қолы   ашық,   аңқылдаған   жомарт   жігіт   адамның   көңілін   қалдырмау 

үшін   ол   байлығында,   басқасында   айамайды.   Өзі   туған   ауылға   өз 

қаражатымен үлкен мешіт салып берді. Өзі оқыған мектепке қолынан 

келген көмегін аяған емес. Жетім – жесірлерге көмектесіп жүру оның 

бойына біткен қасиет. 

    Бүгінгі   кезеңде   профессор   К.   Үшпаев   "Компания   Фармация"   АҚ 

президенті   ретінде   халқын   медицина   мекемелерін   қажетті   дәрі   – 

дәрмектермен,   жабдықтармен   қамтамасыз   ету   жолында   аянбай 

қызмет етіп жүр. 




1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал