Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі



жүктеу 8.07 Mb.

бет1/77
Дата09.01.2017
өлшемі8.07 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77

Бәйдібек Баба- 

Алып Бәйтерек 

Ұрпақтар 

шежіресі

 2003 жыл

ББК 63.3(2 Қаз)

Б 32


Б 32 Бәйдібек баба- Алып бәйтерек.

Албан ата энциклопедиялық шежіре. Алматы, 2003 - 1352 бет.

ISBN 9965-00-838-8

Албан атамыздың шежіресін бізден бұрынғы өткен ата-бабаларымыз жазып 

қалдырмаған.   Біздің   заманға   келіп   жеткен   шежіре   атадан   атаға,   баладан-

балаға   ауызша   беріліп   отырған.   Албан   атаның   шежіресін   жазбаша   түрде 

кейінгі   ұрпаққа қалдыру кәзіргі кездегі ұрпақтарына тиіп отыр. Шежірені 

жазу   ол   ру   -   руға   бөлу   емес,   қайта   түбіміз   бір   Алаш   атаның   баласы 

екенімізді,   бірге   туғанымызды,   бірлігімізді   арттыра   түсуі   керек. 

Қолдарыңызға   ұсынып   отырған   Албан   атаның   шежіресін   осындай   ізгі 

ниеттің куәсі ретінде қабылдауларыңызды сұраймын.

Бұл   кітап   Бәйдібек   атаның   баласы   Жарғышақ   атадан   тарайтын   Албан 

атаның   алғашқы   кітабы.   Бәйдібек   атаның   бір   бұтағы.   Қaзaқ   шежіресінде 

Aлбaн   —   Yйсiннің   Бәйдібек   тaрмaғынaн   тaрaйтын   Дулaт,   Суaн, 

Шaпырaшты,   Ошaқты,   Ысты   тaйпaлaрының   aғaсы   болып   есептеледі. 

Шежіре   деректері   бойыншa   Домaлaқ   енеден   (Nurila)   жaлғыз   ұл   болғaн. 

Оның aтын Тілеуберді қойып, Жaрықшaқ aтaндырғaн себебі, бaлa туғaндa 

жaрық   шеке   болып   дүниеге   келген.   Содaн   оны   aлғaшындa   Жaрықшеке, 

кейінірек Жaрықшaқ деп aтaп кеткен. Сол Жaрықшaқтaн үш ұл — Aлбaн, 

Суaн, Дулaт тaрaйды.



Б0503020905  ББК 63.3(2 Қаз)

00(05) - 03

ISBN 9965-00-838-8

Алмабеков Т., 2003

Албан ата

Энциклопедиялық шежіресі

Ұрпақтар жалғасы - ұлы жолда XXI ғасыр қақпасын ашады. Бұл қазақтың 

Ұлы   Жүз   құрамындағы   Бәйдібек   бидің   (Кей   жерде   хан   деп   те   атайды) 


кіндігінен   тарайтын   Албан   әулетінің   тарихи   шежіресі.   Ендеше   біздің 

шежірені   қадірлейтініміз   ұлттық   бірлігімізбен,   ұлттық   рухымызда   ұлт 

тарихымызды   қастерлейтініміз   болып   табылады.   Бәйдібек   бидің   ұрпағы 

Шапырашты мен Сарыүйсіннің шежіресі жарық көрген. Бұл сол шежіренің 

жалғасы.   Тарих   тамыры   тамыры   таза   болу   керек.   Мүмкіндігінше   сол 

жауапкершілік басшылыққа алынды.



Құрастырушылар алқасы:

Алмабеков Тынышбек

Арипов Рауан

Жанботаев Досан

Махамбетов Еңбекбай 

Есбергенов Сағыныш

Құрметті оқырмандар!

Шежіре бір адамның немесе атаның, рудың ғана тарихи мұрасы емес. Албан 

әулетіндегі   240 000-ға   жуық   отбасына,   қазақ   халқының   тарихына   барып 

қосылар ортақ қазына.   

Осы   Албан   ата   энциклопедиялық   шежіресін   шығарушы   бас   демеуші 

“Жарылғап батыр”  қоғамдық қорының  президенті Ермегияев Амангелді 



Дінұлы   мырзаға,  басқада   демеушілер   көрсеткендер:   Алмабеков 

Тынышбек,   Белғожаев   Стақан,  Смағулов   Хасен,  Баймолдаев   Тоқтар, 

Омаров Мұрат, Төлендиев Турарбек, Исабеков Бөкей, Бижанов Нұрахмет, 

Қойшыбаев   Несіпбай,   Шәріпов   Қайтпес,   Құлшыманов   Досжан   сияқты 

азаматтарға шын жүректен алғысымызды айтамыз!

Құрастырушылар алқасы.



Шежірені шығарушылар алқасы:

Алыбаев Әріпбай, Алмабеков Тынышбек, Алпысбаев Айтахын, Ауыпбаев 

Жанболат, Ахметов Әділ, Ахметов Ерғали, Аширов Кеңес, Әріпов Рауан, 

Әлдербаев Молдан, Әшімбаев Нүсіпбек, Баймұханов Шайхсам, Байбарақов 

Ешімбек,   Байпақов   Карл,   Батталханов   Заманбек,   Белқожаев   Стахан, 

Бұғыбаев   Мелс,   Данышпанов   Бексырға,   Ерсалиев   Әзтай,   Есбергенов 

Сағыныш, Жанұзақов Телқожа, Жанбота Досан, Зыкаев Әділхан, Қожашов 

Жартыбай,   Қожахметов   Құрман,   Қаупынбаев   Төлен,   Қалиев   Байынқол, 



Қойшыбаев Несіпбай, Мамыров Нұрғали, Махамбетов Еңбекбай, Манжуиев 

Аман,   Маметов   Сүлеймен,   Нүрпейісов   Кеңес,   Нұрғожаев   Жақыпжан, 

Оразалин   Нұрлан,   Оразаев   Сәбит,   Обаев   Сакен,   Оразали   Көшімбай, 

Серкебаев   Сәдібақас,   Сыбанбаев   Әріп,   Танекеев   Сейдәлім,   Тұңғатаров 

Рысбек,   Ұзақов   Төкен,   Ұлтарақов   Қазтай,   Ұлдарбеков   Босатхан,   Ушбаев 

Кеңес.


Тарихи қазынаны жинақтаған шежірешілен: 

Ақшалұлы   Инабат,   /Албан   шежіресін   құрастырған/,   Алпысбаев   Құныпия 

/Сағым/,   Айдарханұлы   Жалел   /Қожбанбет/,   Алмабеков   Тынышбек   /Сары 

әулетін   жинаған/,   Ақшалов   Ғани   /Тама/,   Пошатұлы   Қадір,   Артықбаев 

Рысбай, Дүйсенұлы Халмет, Әбкенова Шәмшия (Құртқа Мамай.) Ыдырысов 

Нұрәсіл,   Өскенбаев   Мүтәліп,   Жанғазиев   Шәден,   Тінебаев   Асанбай, 

Құнанбаев   Рысмухамет   /Қарақұл/,   Қозыбаев   Түкен/Досалы-Шүйке/, 

Оразалиев Марат, 

Нұрқайдарұлы,   Исақожаев   Нүсіп/Баймен/   Әділхалықұлы   Мақан, 

Ділдабайұлы   Нұрмұхамбет,   Бердіқұлұлы   Көкен,   Ыбырайымұлы   Ражан, 

Әкімханов Оқас, Кәдірқожаұлы Тұрсынәлі /Құсық/, Сыдықов Орал, Жұман 

Темірханұлы   Жазылбеков,   Сабырбекұлы   Шонжыбай,   Қартбайұлы 

Толымбек/Қалыбек/,   Бөлтірікова   Бақытгүл   Қасенбайқызы   /Қызылбөрік 

Аталық-Шоқай/,   Оспанұлы   Әлей   Сақау   -   /Қонакелді/,   Әлдібаев 

Әділхан/Керейқұл/,   Нұрмұхамбетұлы   Әбілқасым,   Шәріпов   Төлебай, 

Зікриянов   Балахан   /Жәнібек/,   Абдіғұлов   Ыдырыс,   Құрманбаев   Ермек, 

Жылқыбаев   Таңқы   /Баба/,   Байпақбаев   Нүсіпбек,   Ыдырысов   Отарбай, 

Бағашаров   Қуандық,   Әміров   Иманбек,   Рысқұлов   Нұрахмет,   Солтанбеков 

Бексұлтан   /Қаракісі/,   Жұмық,   Жайық,   Еділ,/Әбікенов   Жұмәділ/Тоқан/, 

Қожалымов   Зияден,   Өтемісов     Ораз,   Сатымбаев   Бейсенбек,   Тәлімұлы 

Қабнұр   /Құрман   әулетінің   шежіресін   құрастырды/,   Желдікбаев   Дәулет, 

Нүсіпәлиев   Әділжан,   Оразхан   Қасенов,   Жанарбек   Нұрлыбеков   /Айт   /, 

Сүйіндік әулетінің шежіресіне жауапкерлер: Сағыныш Есбергенов. Қыстық 

шежіресіне жауапкер: Сағатбай Қосаумасов.



Алғы сөз

Қазақ   шежіресін   өз   халықмыздың   ортасынан   шыққан   зиялыларды   сол 

сияқты басқа жұрттың саналы өкілдерін ертеден-ақ қызықтырған.

Қазақтар   арасында   ата-баба   шежірелерін   жинау,   жүйелеу,   оларды   бір 

ұрпақтан   екінші   ұрпаққа   ауызша   немесе   жазбаша   түрде   жеткізу   дәстүрі 


бұрыннан   қалыптасқан.   Бұл   дәстүрді   қалыптастырып,   дамытуға   даланың 

ауызша   тарихнамасының   (ДАТ)   ондаған-жүздеген   сала   өкілдері 

қатысқан.Олардың көпшілігінің есімдері ұмыт болып, тарих қойнауындағы 

сағымға айналған.

Ал   солар   арқылы   кейінгіге   жеткен   шежіре   нұсқаларының   кейбірі   қағаз 

бетінде хатталап, ғылыми айналымға түскен. Олар арғыбергі тарихымыздың 

көмескі беттерін ашуға, қазақ халқының шығу тегін (этногенезін) зерттеуге, 

оның құрамына енген ру- тайпаларды анықтауға көмектесті.

Бұл   іске   өз   жұртымыздан   шыққан   ғүламалар:   қазақ   тарихының     атасы 

Мұхаммед Хайдар Дулати , өз заманының озық ойлы тұлғаларының бірегейі 

Захир   ад-дин   Мұхаммед   Бабыр,   осыдан   бес   ғасыр   бұрын   өмір   шеккен 

ғажайып   шипагер   бабамыз,   энциклопедиялық   білім   иесі   Өтейбойдақ 

Тілеуқабылұлы,   ортағасырлық   қазақтың   шежіресі   ғалымы   Қыдырғали 

Қосынұлы   Жалаири,   өмірден   ерте   озған   әмбебап   зерттеуші   Шоқан 

Шыңғысұлы   Уәлиханов,   дана   да   дара   Абай,   философ   ақын   Шәкәрім 

Құдайбердіұлы,   жан-жақы   білім   иесі   Мұхаметжан   Тынышбаев   қомақты 

үлес қосты.

Тарихымыздың   кеңестік   кезеңінде   білім   алып,   еңбек   еткен   әкелі-балалы 

Сәбит және Марат Мұқановтар, Ә.Х.Марғұлан, С.Аманжолов,   В.Востров, 

С.Ибрагимов,   В.   Юдин,   Т.Сұлтанов,   К.Пищулина   сынды   ғалымдар   кеңес 

заманында   ұлт   тарихын   жазуға   шек   қойылғандығына   қарамастан,   оның 

құрамдас бөлігі шежіретануға ат салысты.

Отандық   зерттеушілермен   қатар   қазақ   шежіресін   жинауға,   халқымыздың 

рулық-тайпалық   құрылымын   зерттеуге   көптеген   қытай,   орыс,   монғол 

ғалымдары мен саяхатшылары, жекелеген европалық зиялылар өкілдері өз 

үлестерін қосты.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыз бел мемлекетіміздің арғы-бергі 

тарихын   өмір   шындығына   сай   қайта   қарауға,   олардың  қатарында   қазақ 

халқын   қалыптастыруға   тікелей   қатысты   ру-тайпалар   тарихын   зерттеуге 

мүмкіндіктер пайда болды. Осының нәтижесінде қазақ халқы құрамындағы 

жекелеген рулар мен тайпаларға, олпрдан шыққан ірі тұлғаларға арналған 

мақалалар   мен   кітаптар,   шежірелер   мен   әртүрлі   жинақтар   жарияланды. 

Бұлардың   қатарында   Е.Кәрібайұлы   құрастырған   ''Қоңырат   шежіресі'', 

Ф.Оразаевтің   жетекшілігімен   жарық   көрген  ''Найман     шежіресі'', 

Т.Қаупынбаев     құрасытырған   қысқаша   ''Албан     шежіресі'',   А.Байғазыұлы 

құрастырған   ''Бәйдібек-Баба-Алып   бәйтерек.   Ұрпақтар   шежіресі'',  т.б. 

үлкенді –кішілі жарияланымдар бар.

Осы кезге дейін жарық көрген шежірелердің ғылыми-танымдық маңызды 

мен   оқырмандарға   берер   мағлүматтары   бірдей   деңгейде   емес,   оларда 

әртүрлі   себептерге   орай   артық   кеткен   де,   кемшіл   түскен   тұстары   да 



баршылық. Осыған қарамастан шежірелер шығаруға күмәнмен немесе үрке 

қарауға болмайды, өйткені оларда өткеніміз туралы сандаған ғасырлар бойы 

халқымыздың   жадында   сақталған   тарихи   деректер   мен   мағлүматтар 

молынан   кездеседі.   Шежірелерді   басқа   дерек   көздерімен,   атап   айтқанда 

жазбаша   және   материалдық,   археологиялық   және   этнографиялық 

мәліметтермен,   салыстыра   отырып,   ғылыми   айналымға   енгізсек, 

ұтылғанымыздан ұтқанымыз көп болмақ.

Кеше ғана тарих сахынасынан кеткен кеңестік кезеңде қоғамдық – саяси 

өмірдің барлық салаларында коммунистік идеология үстем болғаны белгілі. 

Оның   ұстанымдары   бойынша   қазақ   тарихында   орын   алған   ''жүз'',   ''ру   '', 

''тайпа '', деген ұғымдар және оларға арналған шежірелер ескіліктің, дәлірек 

айтқанда   ''феодалдық-патриархалдық   кертартпалықтың''   көрністері   деп 

бағаланды.

Ал шындығына келгенде қазақтардың ру-тайпаларға, жүздерге бөлінуі ұлан-

ғайыр   кеңістікте   көшпелі   тіршілік   еткен   олардың   қоныс-жайына,   мекен-

аймағына   қарай   топталу   қажеттілігінен,   яғни   өмір   сүру,   тіршілік   ету 

сұраныстарымен туындаған болатын. Сондықтан да жүзге, руға бөлінгеніне 

қарамастан, халқымыз өзара соғысқан емес, керісінше сыртқа жаумен тізе 

қоса, ұйымдаса күресіп атақоныс тұтастығы мен ел бірлігін қорғанан. Ру 

румен,   тайпа   тайпамен,   жүз   жүзбен   бір-біріне   қыз   беріп,   құда-құдалы, 

нағашылы –жиенді болып, ''қарға тамырлы қазаққа'' айналған. Осы тұрғыдан 

келгенде де әртүрлі деңгейдегі және көлемдегі шежірелерді жинау, оларды 

жүйелеу және зерттеу ғылыми тұрғыдан да тәрбиелік жөнінен де қажет деп 

білеміз.


Қазақ   ''жеті   атасын   білменген   жетесіз''   дегенде   тек   қана   өзінің   ата- 

бабаларыңды білумен шектел демеген. Оның ''жеті атаңды біл '' дегені ел 

тарихын біл, өтенде өмір сүрген халқымыздың мақтан тұтар ұл-қыздарынан 

үлгі   ал,  тарихтың   сабағынан   үйрен   дегенге   саяды.   Демек,   шежіре   білу 

тарихты білуге қызмет етер жолдардың бірі екен...

Оқырмандарға ұсынылып отырылған шежіре Ұлы жүз құрамына жататын 

Албан тайпасына арналған.

Албан-қазақтың   көне   тайпаларының   бірі,   ерте   дәуірлерден   Жетісу   өңірін 

мекендеген   ежелгі   сақ   пен   үйсін   мемлекеттерінің   мирасқорларының   бірі 

болған жұрт. 

Қытай   деректері   бойынша   албандар   5-7   ғасырларда   Жетісу   аймағындағы 

Дулу(Дулат) тайпасы билеген ''Юебянь'' одағына кірген.

Албандар   туралы   мәліметтер   Ш.Уәлиханов   зерттеулерінде,   Дулат 

тайпасының   Ботбай   руынан   шыққан   Диқанбай   батырдың,   Арғын 

тайпасының қаржас руынан болатын Мұса Шорманұлының жазбаларында, 


сол   сияқты   орыстың   этнограф   ғалымдары   Н.Аристовтың,   Г.Потаниннің, 

Н.Гродековтың   XIX   -   ғасырдың   соңғы   ширегінде   Санкт-Петербург   және 

Ташкент қалаларында жарық көрген еңбектерінде, О.Сүлейменовтың соңғы 

жылдары жарияланған жекелеген мақалаларында молынан кездеседі.  Орыс 

ғалымдарының   шығармаларының   кейбірінде   Албан   атауы   Атбан,   Адбан, 

Адман түрлерінде берілген. Қазақстанның кей жерлерінде оны Абдан деп те 

атайды.

Қазақ шежірелері бойынша



 

Бәйдібек Бабаның

1

 Домалақ Ене аталып кеткен 



кіші әйелі Нүриладан Жарықшық атты жалғыз ұл 

 

1



Бәйдібек   Қарашұлы   түралы   толығырақ   мәліметтерді   2000   жылы 

Алматыдағы   ''Өнер''   баспасынан   жарық   көрген   ''Бәйдібек   Баба-Алтын 

Бәйтерек. Ұрпақтар шежіресі'' атты көлемді кітаптың 10-15 беттерінде 

жарияланған   мақаладан   білуге   болады.   Мақала   авторлары   Ә.Қайдари, 

К.Нүрпейіс,   К.Байпақов,   Ш.Мұртаза,   М.Жолдасбеков,   Байзақ   Албани, 

М.Қойгелдиев,   Байбатша,   Ә.Көшіп,   Б.Әбділдаұлы,   Т.Омарбеков   сынды 

ғалымдар мен жазушылар. 

туған. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат деген ұлдар дүниеге келген. Албан 

Сары   және   Шабыл   деген   екі   тармаққа   бөлінеді.   Сарыдан-Сүйерқұл, 

Сүйменді;   Сүйерқұлдан-Сегізсары,   Сүймендіден-Айт,   Бозым,   Қыстық; 

Шыбылдан-Қызылбөрік,   Қоңырбөрік,   Құртқа,   Мамай;   Қызылбөріктен-

Молболды, Жолболды, Қоңырбөрік- Өтей, Бойдақ.

Ұлы   жүздің   басқа   тайпаларымен   бірге   Албан   да   14   ғасырда   қалыптасуы 

аяқталған  қазақ  халқының   құрамына,  ал   15  ғасырдың   50-60  жылдарында 

құрылған қазақ хандығының құрамына енді.

XIX  -   ғасырдың   соңы   мен   XX   -   ғасырдың   басында   Албан   тайпасының 

рулары Түркістан өлкесіне қараған Жетісу облысының Жаркент пен Верный 

(Алматы)   уездерін   мекендеді.   1889   жылғы   дерек   бойынша   олар   15.426 

түтіннен (отбасынан) тұрды. Мұхаметжан Тынышбаев келтірген толық емес 

мәліметтерге сүйенсек, 1917 жылы Жаркент пен Верный (Алматы) уезіндегі 

албандар саны 69 мың жарымға (69440) тең болған сыңайлы. 

1

Ал   белгілі   демограф   ғалым   Мақаш   Тәтімов   1917   жылғы   салыстырмалы 



санақ   бойынша   Қазақстанда   80   мың,   ал   Қытайда   онымен   шекаралас 

аудандарында 30 мың албандар деген пікір айтты.

2

Қазіргі   кезде   өздерін   Албан   тайпасының   руларына   жатамыз   дегендердің 



санын   ешкім   анықтаған   жоқ.   Тарихшы   этнограф   марқұм   Байзақ 

Қожабекұлы   Албани   1991   жылы   жарияланған   бір   мақаласында   олардың 

саны жарты миллионға жуық болар деген болжам жасады.

3

Бұл   күндері   албандардың   көпшілігі   Алматы   облысының   Райымбек 



(бұрынғы   Кеген   және   Нарынқол),   Ұйғыр   аудандарында,   сол   сияқты 

Еңбекшіқазақ   (құрамында   бұрынғы   Шелек   ауданы   бар,)   Талғар,   Қарасай 

(бұрынғы Қаскелең), Жамбыл аудандарында тұрады және Алматы қаласын 

мекендейді.   Албандардың   біраз   шоғыры   Қытай   Халық   Республикасының 

Қазақстанмен   шекаралас   аймақтары   мен   Қырғызстандағы   Ыстықкөлдің 

солтүстік жағалауында тұрады.

1

Тынышбаев М.Босқын қырғыз-қазақ жайлы//''Қазақ'' газеті. 1917.№ 254

2

Төтімов М. Қазақ. А.,1993. 42-44 беттер

3

''Ана тілі'' газеті. 1991. 18 шілде.

Сонымен,   ізгі   ниеттен   туған   іс   сәтімен   аяқталып,   көлемді   шежіре   кітап 

түрінде жарық көріп отыр.

Бұл еңбектің де осыған дейін жарық көрген шежірелер сияқты кем-кетігі, 

''әттеген-ай''   дегізер   тұстары   болуы   әбден   мүмкін.   Олар   шежіренің   жеке 

жанр өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты.

Қалай   болғанда   да,   ''Албан   шежіресі''   халықтану   ісіне   өз   үлесін   қосатын 

және сол арқылы өз оқырманын табатын еңбек боларына үміттіміз.



Кеңес Нұрпейіс, тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық 

Ғылыми Академиясының корреспондент мүшесі, мемлекеттік 

силықтың иегері 

16.06.2003

Алматы

Сақ (Скиф)



Көк түрк

Мыңқол (Мың)

ҰЛЫ ЖҮЗ

Ақарыс (Байшора)

Ұзынсақал Ибрайым (Жұмабай)

Күрті

Кейкі

Төбей 

Құйылдыр             Қоғам                     Мекрейіл                    Майқы



                 

                              Бәйтерек                                               Бақтияр

                                  ↓

Қаңлы                                            Шаңышқылы

                       

                            Ойсыл                                        Үйсіл (Үйсін)

              ↓                 

                                                        Жансақал                         Ақсақал     

                            Сіргелі                    (Тарақ)                             (Абақ)

                                                        Жалайыр



                                     Айдарлы                                            Сақалды   

                                         

                   Асан                           Қараш

                                                      

                                  Бәйдібек                         Байдолла (Келдібек)     

Албанның баласы

Албанның бел баласы екеу екен.

Туылып Шыбыл менен Сары да өткен.

Ар жағы Алтаты мен Шелек, Түрген.

Баласы Қызыл, Қоңыр ары кеткен.

Сарының бел баласы екеу екен,

Сүйерқұл мен Таубұзар нәнің өткен.

Сүйерқұл қазыр шалған төрт баласы,

Екеуі қоныс алған арғы беттен.

Досалы, Шоған деген екі ұлына

Байынқол, Үш Қақпақтың тауы жеткен.

Шалкөде, Шәкірәмбал енді айтылсын,



Қалжат пен тұра тұрсын бағы Кеткен.

Айттағы Сайынбөлек, Құрманда Алпар,

Бұларды туа қызыр шалып өткен.

Таңатар бәйбішеден деп айтады.

Мол жағы тоқалына ауып кеткен.

Атасы бабасы мен сәуегей боп,

Өтіпті Жетен батыр Қалыбектен.

Қалмақты қолмен талап, қойдан қырған,

Өтіпті Пусырман би Жәнібектен.

Тілеуі бұл заманда дұрыс болып, 

Кешегі Ниязбек бай әжі кеткен.

Нөке мен ер Жәменке, батыр Ұзақ

Бұларың Қарақолға барып өткен.

Сыбанқұл, Бала Құрман, Әбдіхалық,

Өтіпті Құдиярбек, Қазыбектен.

Анда-санда жақсыдан біреу қалды,

Арық жылқы секілді жалы кеткен.

Бәрінен Жәменкеніңжасы кәрі,

Албанға қара тастай сөзі дәрі.

Халық үшін жан қиған жақсыларға.

Өтті ғой бұл ақтардың қылған зары.

Кейінгі заманаға жете алмастан,

Арманда өтіп кеткен мұның бәрі.

Көдек Байшығанұлы

1934 жыл


АЛБАН (Мың - Мыңқол)

                           

Шыбыл                                                    Сары

   


Боти                 Бордақ             Өтей

(Қызылбөрік)      (Қоңырбөрік)           

       

                     Қалқаман     Жарман   



Жолболды       Молболды

                       

                  Құртқа         Мамай

                                               

                                           Сүйерқұл           Сүйменді 

                                                              (Таубұзар)

Досалы   Шоған    Қожбанбет           Жарты

                                      Айт         Бозым        Қыстық



Қоңырбөрік

Татан /Қарақұл /

Қалқаманнан - Татан, Кешкіл, Сарықұл, Тас, Шақа. 

(Сарысүйіндік)

Татаннан-Майлыбас, Қарақұл, Өмірқұл.

Қарақұл тоғыз әйел алған. Олардың алтауынан ұрпақ бар.

1-әйелі Таңсұлудан: Қаратоқа, Тоқырауын.

2-әйелі Ниязбикеден: Байдәулет, Тиас, Жантілес, Досан.

3-әйелі Ұйғыр қызы Барангүлден- Жиен.

4-әйелі Қалибикеден: Бөгенбай, Есен, Көбек, Барқын.

5-әйелі Қаупеннен: Мөңке.

6-әйелі Зәуреден: Мұсақұл.

1.Қаратоқадан  - Шоңай, Қыдырыс.         Шоңайдан - Бәшек, Жадыра. 

Бозайғыдан- Әжібай, Бәйгел. Әжібайдан- Бопа, Торықбай, Сәрпекбай.

Бопадан-   Нұрқасым,   бұдан   Тұрсын,   бұдан               Әлі, 

Серікбай.Торықбайдан- Әлиса. Әлисадан- Әуелхан, Қоңырқұлжан.

2.   Бәшектен-  Шыңғысбай,   Тәжі,   Жақытай.   Шығысбайдан-Рақыш, 

одан   Мұсабай,   Мұсабек.   Мұсабайдан-   Нүсіп,   Бекболат.   Тәжіден- 

Асылбек, Ілияс, Нақысбек. /бұлар КНР-да/

3.Жадырадан- Шәжабай, Қасаңбай. Шәжабайдан- Мұқан, Смағұл.

II Тоқырауын - Елімбек, Жолымбек.

Жолымбеттен-   Сарманбек,   Өкшебай,   Әсембай.   Сарманбеттен- 

Дербісәлі, Қатбай, Дербіс, Қарабала, Меңесбай.

Дербісәліден-   Тұрған,   одан   Нұрмұхамет.   Дербістен-   Жексей,   одан 

Нұран.

Қарабаладан- Бейсенбай, одан Сапар.



Меңесбайдан-   Қамысбай,   Нұрпейіс,   Оңайбай,   Нұрғали,   Шәрақын, 

Асан.


Жолымбеттің  екінші баласы Өңшебай мен үшінші баласы Әсембай 

Қытайда тұрады.

II. Ниязбегілі /Ниязбике/ ұрпақтары.

1. Байдәулеттің екі әйелі болған. Олар-Аққыз, Маман.

Аққыздан-   Өтеуіл.   Өтеуілден-Мойнақ,   Тайлақ,   Ықылас,   Тұрпан, 

Сүтбай, Жайнақ.



Мойнақтан- Серғазы, Сүрті. Серғазыдан- Түбекбай, Мәмек. 

Түбекбайдан- Аққали, Қалтай. Аққалидан - Орынбасар, Әбітай. 

Мәмектен - Әли. Одан- Төкен, Серік, Жеңіс.

Сүртіден- Сүлеймен, Мыса, Иса. Сүлейменнен - Айса одан төрт бала. 

Олар Талдықорғанда тұрады.

Мысадан- Мұста, одан Құрманжан.

2.   Тайлақтан   -   Жамансарт,   одан   Құлмамбет,   Нұрмамбет. 

Құрмамбеттен - Құнанбай, одан Сағымбай, одан Дәулет, одан Мұрат.

Нұрмамбеттен - Баймұрат, Тынышбай, Жымбай.

Баймұраттан-   Қырғызбай,   Шағыр.   Қырғызбайдан-   Асқар,   одан 

Саудан.

Шығырдан - Ақын, Батырхан, Сроташ, Айтақын /КНР-де/



Тынышбайдан -Мүшіреп, Мүшір. Мүшірептен- Алқожа.

Мүшірден - Мұқа.

Жымбайдан   -   Мүсілім,   Сұлтанбай.   Мүсілімнен   -   Қали,   Мұқаш, 

Сейсенбай, Дәкен, Солтанбайдан - Үшбал. /Сарыөзекте тұрады. /

III. Ықыластан- Үкі, Кәрбоз.

Үкіден- Бығыбай, одан Тоқтасын, одан екі бала -?

Кәрбоздан - Әубәкір, Сапақ.

Әубәкірден - Рабат, Мәжін, Оқас, Мұқамет, Айдар.

Рабаттан   -   Дәлелхан,   Мәулен,   Бақыт,   Әлімбек,   Мәжіннен   -   Еркін, 

Дәулетқан, Әуелхан, Ержан, Ербол.

Оқастан- Алмас, Асылбек, Ақылбек. Мұқаметтен - Мұрат. Айдардан - 

Айдос, Сәкен - одан Ербол, Сәдібақас.

Сапақтан - Мазақ, Манап.

Мазақтан - Жармұқамет, Әуезхан, Кеңес, Ақымжан.

Манаптан - Бекмұқамет, Нұрмұқамет, Олжас, Амангелді.

Өтеуіл баласы Тұрпаннан - Күшік.

Күшіктен - Жолдыбай, Мондыбай, Қондыбай, Балтабай.

Жолдыбайдан-Қыдық, Ыдырыс, Жазымбай.

Қыдықтан - Ахметқали, Нұржақып, Нұрақымет, Біләл. Ахметқалидан 


- Төлепберген, одан- Айбол. Сағатжаннан-Ахат.

Нұржақыптан - 1.Әбілжан, одан- Нұрғанат, Ерғанат, Әлішер.

2. Әбілбек, одан Ербол, Ербосын.

3. Советбек, одан Азамат, Шыңғыс.

4. Сәкен, одан Сағыныш.

Ыдырыстан-Нүрәсіл, одан 1. Нұрболат, одан Ақжол.

2. Ерболат.

Күшіктің екінші баласы Мондыбайдан- Дуанбек, Қуанбек, Ақымбай.

1. Дуанбектен - Намазбек, одан Болысбек, Ербол.

2. Қуанбектен- Арын, одан Айнабек, одан Медет, Бағдат.

3. Ақымбайдан - Бейсенбек, Дәулеткелді, Әбілқасым, Иасын.

II. Аюдан- Тайшы, Құлшы, Жамеке, Бәйеке.

1.Тайшыдан - Өсербай, одан - Құрманқожа,

Жүніс.


2. Құлшыдан - Мәнке, одан - Диқанбай, одан Бәймәди, Есепбай. 

3.Жанекеден  -  Рамазан,  Артықбай, одан  -  Мергенбай. Рамазаннан  - 

Қожан.

4. Бәйекеден - Сүлеймен.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал