Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 8.99 Kb.

бет9/21
Дата22.01.2017
өлшемі8.99 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

«Аласапыран»
«Аласапыран» – 1981 (1-кітап), 1983 (2-кітап) жылдары екі 
кітап болып жарық көрген тарихи роман-дилогия. Жазушының 
таңдаған тақырыбы қазақ жұртшылығын қатты қызықтырғаны 
даусыз. Өйткені мұнда халқымыздың бұдан аттай төрт ғасыр 
бұрынғы тарихы көркем тілде баяндалады.
Ал  бұл  тарихтың  өзіне  біз  күні  кеше  ғана  60-жылдардың 
басында  Шоқан  Уәлихановтың  бес  томдық  жинағын  баспаға 
дайындау  барысында  қатты  көңіл  аудара  бастаған  болатын-
быз. Дәлірек айтсақ, Шоқанның проф. И.Н.Березиннің сұрақ-
хатына жазған жауабын жариялау үстінде ол жауапты «тарақ 
таңбалы жалайыр» кісісі жазған тауарих жайында сөз болғаны 
айтыла бастады. Шоқан назар аударып, кей тұстарын орысшаға 
аударған  ескерткішті  академик  Әлкей  Марғұланнан  бастап, 
көптеген  ғалымдар,  негізінен  тарихшылар,  іле-шала  тіл  ма-
мандары сөз ете бастады. Ал орыс ғалымдары шартты түрде 
«Жами ат тауарих» деп ат қойған жазба дүниенің тексін бұдан 
140  жылдан  астам  бұрын  Қазан  университетінің  профессо-
ры  И.Н.Бе резин  араб  графикасымен  жазылған  түрінде  кітап 
бетінде жариялаған болатын.
Бұл  түркі  тілдік  ескерткіштің  табылуы,  жариялануы, 
зерттелуі, әсіресе тілінің айқындалуы жайында біз де жазған 
болатынбыз
19
.  Жалайыр  бабамыздың  еңбегінің  қай  тілде 
жазылғанын  зерттеушілер  танығандай,  ескі  татар  тілінде 
де  емес,  И.Березин,  Ш.Уәлиханов  т.б.  топшылағандай,  таза 
шағатай  тілінде  де  емес,  ортаазиялық  түркі  жазба  дәстүріне 
негізделген  қазақтың  ескі  жазба  тілінде  ұсынылған  деген 
пікір айтып, ол тұжырымды нақты талдаулар мен салыстыру-
лар арқылы дәлелдеп берген едік. Және оның тексін 140 жыл-
дан  кейін  қазіргі  жазуымызбен  екінші  рет  жариялаған  едік. 
Алғашқыда (1851 жылы) текст қолжазбаның бір ғана нұсқасы 
бойынша  жарияланса,  біз  кейін  өткен  ғасырдың  20-жылда-
рында  табылған  2-қолжазбамен  салыстырып,  артық-кемін 
көрсетіп, толық түрде ұсындық.
19 
Сыздықова Р.Г. Язык «Жами ат-тауарих» Жалаири. - Алматы: Наука, 1989.

112
Осы  ескерткіштен  біздің  білгеніміз:  XVI  ғасырдың  соңғы 
жылдарында  қазақ  ханы  Тәуекелдің  немере  інісі  –  Ораз-
Мұхамед
20
 сұлтан Сібірде орыстарға тұтқынға түсіп, Мәскеуге, 
патша  сарайына  жөнелтілгені,  сол  кездегі  Ресей  патшасы  – 
Федор  Иванович,  кейін  орнына  отырған  Борис  Годунов  оны 
іш  тартып  жақындатқаны,  шведтерге  қарсы  соғысқа  салып, 
ерлігін  танығаны,  1600  жылы  қазақ  сұлтанын  Қасымов  де-
ген  ішкі  хандықтың  билеушісі  етіп  қойғаны,  ал  бұлардың 
барлығы жөнінде сол жас сұлтанның кеңесшісі – Қадырғали би 
Қосымұлы деген жалайырдан шыққан сауатты қарашы бектің 
жазып қалдырғаны, шежіреші бабамыз тек қазақ хандары емес, 
әңгімені Шыңғыс хан тарихынан бастайтыны.
Міне,  осылардың  барлығы  қазақтың  рухани  дүниесі  мен 
әлеуметтік  тарихына  ертеден,  студент,  аспирант  кезінен 
үңіле  бастаған  эрудит  жазушы  Мұхтар  Мағауинді  бейжай 
қалдырмағаны  түсінікті.  Жазушы  бұл  тарихты  құр  өзі  біліп 
қоймапты, оны қалың жұртшылыққа, бүгінгі оқырман қауымға 
көркем  сөзбен,  шындығы  мен  қиялы  аралас  ғажап  сурет-
термен  баяндап,  дәлірек  айтсақ,  суреттеп  беріпті.  Таңдаған 
тақырыбының қызғылықты екендігі – осында.
Романның екі кітабы да шытырман оқиғаларға құрылыпты 
және ол оқиғалар фантазия не жазушының қиял әлемі түрінде 
емес, шыншыл, біріне-бірі табиғи заңды түрде жалғасқан та-
рих  күндері  мен  жылдары  болып  беріліпті,  оқырманды  бас 
көтертпей  оқытатын  қасиеті  осыдан  шығатын  болар.  Ал 
бұлардың  барлығының  үстіне  оқырманды  мейлінше  тәнті 
ететін, еріксіз сүйіндіретін тағы бір қасиеті бар, ол – тілі, ол – 
суреттеу стилі, яғни қаламының қайталанбас табы. Тіл маманы 
танымымен қарап, бұл байламымызды дәлелдеп көрелік.
Жоғарыда  айттық,  екі  жазушының  тарихи  шығармаларын 
бөліп алып сөз етуіміздің бір себебі – біреуінің тарихи стиль 
тезіне  түсіріліп  жазылғандығы  деген  болатынбыз.  Мұхтар 
Мағауиннің дилогиясы осы сипаттамаға дәл келеді.
Стиль  тезі  (стилизация  деген  терминді  біз  осылайша 
қазақшаладық, дәлірек айтсақ, «белгілі бір стиль тезіне түсіру» 
20
  Жалқы  есімдердің  жазылуында  романдағы  қалпын  сақтадық.  Ал,  дұрысында, 
қазақша  екі  түбірден  тұратын  адам  аттары  қосылып,  хан,  ханым,  би  деген  сияқты 
сөздер жалқы есімнен бөлек жазылуы керек.

113
деген дұрысырақ) дегеніміз – көркем шығарманың тілдік ма-
териалдарын белгілі бір әлеуметтік ортаға немесе белгілі бір 
тарихи кезеңге, әдебиеттің белгілі бір бағытына, жанрына т.б. 
қарай үйлестіріп, таңдап қолдану. Айталық, романды (әңгімені, 
повесті)  тарихи  стиль  тезіне  салып  (түсіріп)  жазғанда,  автор 
өзі суреттеп отырған тарихи кезеңге тән зат, бұйым, құбылыс, 
әреқет атауларын келтіруге тиіс, кейіпкерлерін мүмкіндігінше 
сол  кезеңдегі  тілдесу  үрдісімен  сөйлетуі  керек,  оның  өзінде 
де әр кейіпкерді өзінің әлеуметтік орнына, тәрбие-танымына, 
жасына, жынысына қарай «сол кезеңше» сөйлеткені тіпті аб-
зал. Әрине, ол үшін көп мехнаттану керек: іздену, барын табу, 
жоғын жасау қажет, бірақ ол жасағанын нанымды «табиғи» етіп 
ұсыну – тарихи дүние жазуға барған қаламгердің өз қолымен 
көтерген шоқпары. Ауыр шоқпар. Бірақ халқының бұдан 3-4 
жүз жыл бұрын өткен тарихын көркем сөзде көрсеткің келген 
екен, бұл ауыр, тым ауыр жүкті мойныңмен көтересің. Міне, 
жазушы Мағауин осыны жақсы білген. Білген де, тарихи стиль 
тезіне салынған шығарманың тамаша үлгісін берген. Ең алды-
мен, бұл шығармада XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың 
алғашқы  онжылдықтарындағы  Қазақ,  Жоңғар,  Ібір-Сібір, 
Қырым  хандықтары  мен  Ресей  патшалығының  тарихы  сөз 
болғандықтан, солардағы ел, ұлыс билеушілердің ресми лауа-
зым аттары, әскери атақтары мен әлеуметтік топтардың атаула-
ры өз тұсындағы қолданысымен берілген. Хан, сұлтан, оғлан, 
қарашыбек, қалға, би, бек, патша, царевич, посольский дьяк, 
думный  дьяк,  конюший  бо ярин  т.т.  осы  сияқты  билік  тізгінін 
ұстағандардың аты (лауазымдық терминдер) жиі қолданылған 
және  негізінен  өте  дұрыс,  өз  орындарында  келтірілген.  Мы-
салы,  би  мен  бек  сөздері  бір  түбірден  өрбіген  фонетикалық 
варианттар  болғанымен,  XVI-  XVII  ғасырларда  бек  сөзі  – 
ұлысты неме се ұлыстар одағын билейтін (басқаратын) ресми 
басшының  лауазымы,  сондықтан  романда  алашбегі,  ұлысбегі 
де ген  титулдар  да  кездеседі,  ал  би  –  рубасындағы  белгілі 
адамның  атауы,  оны  билеушіден  гөрі,  кеңесші,  ақылшы  деп 
тану басым және би атағы белгілі адамдардың тұрақты атағы: 
Томан би, Шөгел би, Сүтемген би, Қадырғали би, бұларды бек 
деуге болмайды, ал Қадырғали әрі ұлысбегі, сонымен қатар ол 
ақылшы, шешен ретінде келген тұста би деп те аталды.

114
Онда Қадырғали биді ұлыс бегі сайлап, жалайырға жаңадан 
жер кесіп... неге мұндағы жұртты қырқыстырып қойды (I, 68
21
). 
Ораз-Мұхамедтің ақылгөй әжесі Әз ханым оған, яғни ханның 
орнын басатын қалғаға (демек, хан сияқты бектерден жоғары 
лауазым иесіне):
– Сен би мен батырға сүйенсең, бек атаулы қара бұқарадан 
күш алады, – дейді (І, 67).
Бек термині Қадырғалидың «Жылнамасында» пір, аға деген 
сөздермен синонимдік қатар түзіп, жоғары әскери шен иесін де 
білдірген. Ал жазушы М.Мағауин бек сөзінің бұл мағынасын 
тек түменбегі, мыңбегі (9), шортабегі (по лиция бастығы) де-
ген күрделі әскери лауазым аттарында сақтаған.
Бахадүр  (баһадүр)  мен  батыр,  тіпті  орысша  богатырь 
тұлғасы  да  осылайша  жіктеліп,  алдыңғысы  ресми  титул 
(XVI  -XVII  ғасырлардағы  қазақ  қоғамында  бек  пен  баха дүр 
«дәрежелер  табеліне»  –  в  «табель  рангов»  енген  лауазымды 
атаулары  болған),  соңғысы  –  әрі  бахадүрдің  халық  тіліндегі 
эквиваленті, әрі сипаттама атау, яғни ұрыс даласында ерлігімен 
көзге  түскен  адамды  «батыр,  ер,  ержүрек»  деп  дәріптеген. 
Жазушы  бұл  бір  түбірден  өрбіген  екі  тұлғаның  әрқайсысын 
өз  орнында  жұмсаған.  Мысалы,  1588  жылы  Тәуекел  сауын 
айтып  шақырған  құрылтайға  келгендерді  санамалау  үстінде 
түменбегі,  мыңбегі,  қарашы  бек,  сұлтан,  оғлан  сияқты 
лауазымдық  титулдардың  қатарында  бахадүрлер  аталады  (І, 
91), сол сияқты Қоянақ, Көкбөрі деген әскери қолбасылардың 
есімдеріне  бахадүр  титулын  қосады  (І,  50).  Оғлан  да  –  рес-
ми атақ, ертеректегі түркі-монғол халықтарында хан титулы-
на  ие  болмаған  Шыңғысханның  ұрпағы  осылайша  аталған, 
ал  кейініректе,  Қырым,  Астрахань  хандықтарында,  Шағатай 
ұлысында, Ақордада жалпы билеуші әулеттің жоғары әкімшілік 
не әскери қызметін атқаратын ұрпақтары оғлан деген титулға 
ие болған. Сондықтан Мағауин Ораз-Мұхамедтің жеті жасар 
баласын Сүйінші оғлан деп атайды:
[Мұрат-Мұхамед]  ширақтығына  қарамастан..,  әуелде  ерке 
өскен...  тентек  Сүйініш  оғланнан  біраз  жәбір-жапа  көріп  еді  
(І, 338). 
21
  Осы  жерде  және  әрі  қарай  жақша  ішіне  кітаптың  I,  II  деген  реті  мен  беттері 
көрсетілді.

115
Сірә,  қазақ  қауымында  бұл  термин  XVI-XVII  ғасырларда-
ақ сұлтан, төре сөздерімен ауыстырылып, көбінесе, титулдық 
мәннен  гөрі  хан  әулетінің  жас  өркіндері  (жас  балалары  – 
ұлдары)  деген  сипаттамалық  қызметке  көшсе  керек,  өйткені 
жазушы тағы бір жерде «бала Сүйінішті сұлтан» деп те атайды.
Әкімшілік  лауазымдары  мен  әлеуметтік  топтардың  және 
қызмет  адамдарының  атаулары  ретінде  оқырман  осы  ро ман 
беттерінен  қалға,  күріген,  қума,  емелдес,  қазынадар,  дархан 
сияқты  сөздерді  де  кездестіреді.  Бұлар  –  қазақ  көркем  әде- 
биетінде  көп  жұмсалмайтын  қолданыстар.  Олардың  ішінде 
қалға,  күріген,  құма  –  түркі-монғол  тілдеріңде  ертеде  қолда- 
нылған сөздер: қалға – ханның ізбасары ретінде хан әулетінен 
ұлысбектері, би, батырлар қалаған (сайлаған) сұлтан, күріген 
– монғол сөзі, мағынасы «күйеу бала», көне монғолша гүрген, 
қазіргі монғол тілінде хургэн, қалмақ тілінде кургн, сондықтан 
Мағауиннің  мұны  қазақша  күріген  деп  тұлғалағаны  –  дұрыс, 
бұл  –  Қадырғали  Жалайыри  қалдырған  шежіреде  тек  жалқы 
есімдермен келетін титул (Буту гурген, Туралчы гурген деген 
сияқты). Түркі-монғолдардың әлеуметтік-саяси құрылысында 
ханның  күйеу  балаларының  сословиелік  орны  болған,  яғни 
ханның  батыр,  беделді  күйеу  балалары  өз  балаларының 
дәрежесіне теңестіріліп, олар ел басқару, қол басқару істеріне 
қатыстырылатын болған. Тарихи роман жазушы бұл шындықты 
да көрсете кетуді артық көрмейді және ең бір ұтымдысы қалға, 
күріген  сияқты  бүгінгі  қазақ  оқырманы  білмейтін  сөздердің 
мағынасын өзі ашып беріп отырады: Қалға сайлау – қазақтың 
көне дәстүрі, ізбасар керек (І, 13). [Тәуекел ханның қарындасы 
Асыл – ханымды алған] Сейтек, әрине, жүрегі жарыла қуанады. 
Іргелі елге кірме емес, туыс бола ды. Хан күйеуі – күріген ата-
нады (І, 144).
Ал құма сөзі қазіргі қолданыста (оңда да сирек) «құмадан 
туып  па?  (тудық  па?  туды  ма?)»  деген  сияқты  метафоралық 
тіркесте  сақталған,  көне  түркі-монғол  хандықтарындағы  би- 
леуші әулеттің некелі жұбайлары хатун (қатын) деп, ал жау- 
лап  алған  тайпаның  билеушілерінің  қатын-қыздарын,  қарын- 
дастарын  әйел  еткенде,  олар  құма  деп  аталған.  Мысалы, 
Шыңғысханның төрт хатуны, көптеген құмасы болған. Мұхтар 

116
Мағауин  хан  әулеті  жұбайларының  бұл  бөлінісін  де  қалт 
жібермейді:
Атаң...  хан  атамның  некелі  қосағының  өзі  –  үшеу  екен, 
некесіз алты құмасын айтпағанда... (І, 30). Құма – тоқал емес. 
Тоқалды хан әулетіне жатпайтын жай адамдар да (әрине, бай-
лар мен барлар, батырлар, билер) ала береді, ал құма – титул, 
ол тек хан мен сұлтандардың қосағы, жай тандап алған жұбайы 
емес, соғыста жеңіп, жаулап алған жақтың (ұлыстың) әмірші 
әулетінің қатын-қыздары. Олар да ақсүйек нәсілі болғандықтан, 
құмадан туған балалар хатундардың балаларымен тең құқықты 
болған, көбінесе некелі қатындардың тәрбиесінде өсірілген.
Емелдес те – хан ордасында орны бар адамның аты, емел-
дес  деп  хан  ұрпағымен  емшектес  (бір  ананың  сүтін  емген) 
болғандарды  атайды.  Науқас  болғандықтан,  анасының  сүтін 
еме  алмаған  Сүйініш  оғланды  (Ораз-Мұхамедтің  Айшешек-
тен  туған  баласы)  Милана  деген  орыс  қызметші  әйел  емізіп 
өсіргендіктен,  оның  өз  балалары  Петрөшке  (Пет рушка)  мен 
Көлке  (Көлька)  Сүйініштің  емелдестері  болып  суреттеледі 
(І,  342).  Ал  жоғарыда  көрсетілгендердің  ішінен  дархан  сөзін 
де жазушы өз мағынасында орынды келтірген: дарқан – ұста, 
бірақ мұны осы романда ұста сөзінің эквиваленті етіп емес, 
біреуін  –  дархан  сөзін  «сауыт  соғып,  садақ  иетін  шебер» 
мағынасында,  ұста  сөзін  «қылыш  қайрап,  сүңгі  суыратын» 
шебер мағынасында жұмсайды (І, 125). Дарқан сөзін Абай да 
«ұста» мағынасында қолданған, бұл сөзді диалектологтер Се-
мей өңірі мен Шығыс Қазақстан тұрғындарының тіліне «ұста» 
мағынасында келетін ерекшелік деп таниды. Ал Мағауин қару-
жарақ, сауыт-сайман жасайтын шеберлерді осылайша ажыра-
тып берген.
Біз  тілін  талдап  отырған  тарихи  шығармада  осындай 
өткен  заман  шындықтарынан  хабар  беріп  отыруды  жазу-
шы  дұрыс  көздеген.  Мехмандар,  қазынадар  сөздерін,  біздің 
байқауымызша,  жазушы  өзі  жасаған:  мехмандар  –  қонаққа, 
аудиенцияға  (әмірші  алдына)  шақырушы  «делегация  не месе 
оның бастығы» деген ресми қызмет атқарушының аты ретінде 
жасалған:
Бұл  жолғы  шақырыстың  жөні  бөлек  екенін  бірден  аңда- 
ған...  Мехмандар  жаушы  ретінде,  қасында  жүзбасы  мен 

117
алты стрелец бар, мәртебелі бектердің бірі келіпті. Жанасар 
аталады.  Орысша  –  өкілеш...  (І,  264).  Бұл  жерде  мехмандар 
сөзінің түбірі – мехман (мейман – қонақ), -дар – қарыздар де-
ген сөздегідей жұрнақ, көптік жалғауы емес. Ал жанасар сөзін 
оның  синонимі  етіп  көрсеткенге  ұқсайды,  орысша  «өкілеш» 
деп  көрсетуі  –  мехмандар  көне  Русьтің  патша  сарайындағы 
шені  жоғары  боярдың  («окольничийлердің»)  бірі  дегені  бо-
лар.  Қазынадар  да  –  осындай  авторлық  жасанды  термин,  ол 
қазынадар  бек  деп  тіркес  түрінде  келтірілгеніне  карағанда, 
қазынада (мүлік, тауар сақталатын казинада) қызмет атқаратын 
адамның ресми атын білдіретінге ұқсайды.
Осы  жерде  айта  кетелік,  бұл  тарихи  шығармада  жазу шы 
бірен-саран  сөзді  өзі  жасап  ұсынуға  мәжбүр  болған,  өйткені 
жоғарыдағыдай  қызмет,  кәсіп  иелерінің  аттарын  айырып 
көрсеткісі келген сәттері бар, сондықтан хабаргер («барлаушы, 
хабар  беруші,  разведчик»),  саясаткер  («әскери  емес,  саясат-
пен айналысушы адам») сияқты жасанды тұлғаларға барғанға 
ұқсайды.  Нақтылап,  айырып  атау  тенденциясы  XVI-XVII 
ғасырлардағы  орыс  қоғамының,  әсіресе  оның  патша  сарайы 
адамдарын, әскери-әкімшілік құрылысын танытатын сөздерді 
аудармай  көбінесе  орыс  тіліндегі  тұлғаларынша  алып,  кей-
кейде  оларды  бет  соңында  қазақша  түсіндіріп  отырады.  Бұл 
топта думный дьяк, посольский дьяк, конюший боярин, пикинер, 
мушкатер сияқты ондаған сөз бен тіркестер қолданылған:
Ораз-Мухамед  өзіне  түзу  ниет,  дос  пейілдегі  қарашы  бек 
– Әндрей Шалқан, шет елдермен арадағы барлық істің ағасы 
думный  дьяк  –  Андрей  Яковлевич  Шелкаловпен  жүздесті 
(І, 269).
Ең  бір  ұтымды  жері  –  жазушы  мұндай  орысша  атаулар-
ды  не  текст  ішінде,  не  беттің  төменгі  жағындағы  сілтемеде 
қазақшалап  түсіндіріп  отырады.  Сол  думный  дьяк  –  Андрей 
Шелкаловтың  тіпті  қазіргі  қай  лауазымға  ие  екенін  білдіріп 
түсіндіре түседі:
Дәл  сол  күні,  батыс  жұрттарының  тілімен  айтқанда, 
мемлекеттік  канцлер,  қазіргі  біздің  тілімізге  көшіргенде 
сыртқы  істер  министрі  –  думный  дьяк  –  Андрей  Шелкалов 
өзінің  ежелгі  досы...  царский  слуга  и  конюший  боярин  –  бас 
уәзір  –  Борис  Годуновтан  оңбай  ұтылған  (І,  366).  Мұнда 

118
сөйлем  соңына  таман  келген  Годуновтың  орысша  –  царский 
слуга  и  конюший  боярин  деген  ресми  лауазым  атауын  да  бас 
уәзір деп түсіндіре кетеді. Қазақ үшін бас уәзір – ханнан кейінгі 
екінші  билік  иесі,  Борис  Годуновтың  жоғарғы  ресми  атағы 
да – сол мағынада. Бұл жерде бізге (әрбір сөздің өз орнында 
жұмсалуын «тышқанша аңдып отыратын» тіл жоқтаушысына) 
қатты  ұнағаны  –  белгілі  бір  тарих  кезеңіндегі  әлеуметтік 
топтардың, билеушілердің «дәрежелік (рангілік) табеліне» ен-
ген титулдық атаулар мен жай сипаттама атауларды араластыр-
май, өз орындарында жұмсағаны. Мұның үлкен мәні бар: қай 
кезде де әр сөздің, әсіресе саяси-әлеуметтік, рухани-танымдық 
термин мәндес сөздердің жеке-жеке өз мағыналары болғанын, 
басымы  қараңғы,  сауатсыз  халқымыз  оларды  шатастырмай 
қолданып келгенде, бүгінгі 100 процент сауатты біздердің ана 
тіліміздің әрбір кірпішін оңды-солды лақтырып, сөзге мән бер-
мей, бірінің орнына екіншісін жұмсай бастаған кезімізде аз да 
болса тежеу болар ма еді дейміз.
Сондай-ақ  Ораз-Мұхамедке  патша  сыйға  берген  иелік 
қоныстарын  Мәскеу  түбіндегі  поместье,  Юрьевтегі  кең-бай- 
тақ  вотчина  деп  орысша  атайды  да  бет  етегінде  екеуін  де 
қазақшалап  түсіндіреді.  Әрине,  Қазақстандағы,  сондай-ақ 
Ресей,  Өзбекстан,  Қырғызстан  елдерін  мекендеген  қазіргі 
қазақ  оқырманы  бұл  сөздердің  мән-мағынасын  түсіндірусіз-
ақ білер еді, бірақ орысша келтірілген барлық сөздің беретін 
мағынасын  не  контекст  арқылы,  не  бет  етегіндегі  түсіндірме 
(сноска)  арқылы  қазақша  білдіріп  отыру  өте  қажет,  өйткені 
мұндай  аса  бағалы  туындылар  түгіл,  бізде  шығып  жатқан 
үлкенді-кішілі  әр  алуан  жанрдағы  шығармаларды  Қытай, 
Монғолия,  Түркия,  Иран,  Еуропа  мемлекеттері  сияқты  ше-
телдерде  тұратын  қандастарымыз  да  оқиды.  Олар  орыс  тілін 
білмейді. Сондықтан былайғы жерде тек көркем шығармалар 
ғана емес, өзге кітаптарымызды да, дүниенің түкпір-түкпіріне 
тарап  кеткен  қазақ  оқырмандарымызды  да  көздей  жазуымыз 
керек (әсіресе ғылыми еңбектерімізде құлаш-құлаш етіп орыс-
ша келтіретін цитаталарымызды аударып беру керек екендігіне 
көзіміз  жетті,  шетелдік  бір  бауырымыздың  «сіздердің 
жазғандарыңызды әп-әдемі түсініп оқып келе жатып, орысша 

119
цитатаға тап болғанда, орға түсіп кеткендей сезінеміз» дегені 
бар-ды. Жазушы Мұхтар Мағауин осы жайсыздықты күн ілгері 
сезгенге ұқсайды. Құптарлық іс).
Қоғам  өміріне  байланысты  алаш  мыңы  (қазақ  ұлыстары), 
сұйыргал, йәсір (йесір, жесір-тұтқын), қабила (қазақ қабиласы), 
байтақ  (астана),  базарман  (сауда  жасаушы),  аларман  (са-
тып алушы), тентектер (наразылар), анда (достасқан адам), 
бұлғақ,  қаума  (аңшылар  тобы),  ұлығ  ау  (үлкен  аңшылық), 
күрен деген сөздер де – көненің көздері, яғни шығарманы та-
рихи стиль тезіне түсірген элементтер. Бұлардың ішінде алаш 
мыңы,  сұйырғал,  қарашы,  күрең,  нойан,  анда  сөздері  –  ро-
манда берілген мағынада бүгінгі оқырман көп қолданбайтын 
тұлғалар.
Алаш мыңы – қазақ тайпаларының жиынтық атауы, Шоқан 
Уәлихановтың  түсіндіруі  бойынша,  XIII  ғасырда  қазақ  тай-
палары  алты  сан  алаш  (мұндағы  сан  сөзі  –  «он  мың»  де-
ген  мағынада),  ал  XIV-XVI  ғасырларда  алты  алаш,  алаш 
мыңы,  алаш  қауымы,  алаш  ұлысы  деп  аталған
22
.  Қадырғали 
Жалайыридың  «Тауарихында»  қазақ,  қазақ  қауымы,  қазақ 
хандығы деген атаулар жоқ, бұл ұғымды шежіреші алаш мыңы 
деп береді. Жазушы бұл терминді Құл-Мұхамед елшінің аузы-
на салады, ол ресми амандық-саулық сұрасу үстінде:
–  Аллаға  шүкір,  бүкіл  алаш  мыңының  ханы,  қалмақ 
жұртының  әмірі  –  Тәуекел  хазретлерінің  дұғасы  арқасында... 
аман-түгел жеттік, – деді Құл-Мұхамед (І, 357).
Сұйырғал  (автор  мұны  сұһұрғал  деп  таңбалапты)  –  бас 
әміршінің,  айталық  ханның,  патшаның  қол  астындағы  еңбегі 
сіңген адамның иелігіне сый ретінде бөліп беретін жер (әрине, 
тұрғындарымен). Бұл сөзді жазушы Ораз Мұхамедтің Тәуекел 
ханға жазған хатында келтіреді:
Имам  патша  хазретлері  бізні  йарылқаб,  сұһұрғаллар, 
анғамлар  бахишш  қылды...  (І,  331).  Осы  жерде  айта  кетелік, 
жазушы романның 1-кітабында орыс патшасының қарауында 
Мәскеуде  отырған  Ораз-Мұхамед  сұлтанның  «алаш  мыңы» 
ханы – Тәуекел ағасына жазған үш хатының тексін береді. Ораз-
Мұхамедтің хаттар жазғаны рас, бірақ, өкінішке орай, олардың 
22
 Валиханов Ч. Ч. Собр. соч. - Т. III. - С. 559.

120
түркіше  түпнұсқасы  жоғалған,  тек  орыс  тіліндегі  аудармасы 
сақталғанын  білеміз
23
.  Жазушы  осы  аудармалардың  негізінде 
сұлтан  хаттарының  түркіше  тексін  өзі  жазған  және  өте  сәтті 
шығарған:  алдымен,  Ораз-Мұхамед  хатты  таза  қазақ  тілінде 
емес,  сол  кездегі  жазба  дәстүрмен  «шағатайша»  жазғаны  да-
усыз,  екіншіден,  Мұхтар  Мағауин  орта  ғасырлардағы  орта- 
азиялық  жазба  әдеби  тіл  нормаларын  едәуір  жақсы  танып, 
игергені байқалады. Бұл жерде де роман авторы аз тер төкпеген, 
тілге деген адалдық танытқан.
Қарашы  сөзін  жазушы  екі  мағынада  алған,  негізінен 
қарашы бұл романда өзі суреттеп отырған кезеңдегі терминдік 
мәнінде жұмсалған. Жазушының бір-екі жерде қарашы сөзінің 
бүгінгі  мағынасынан  шыға  алмай  қалғаны  байқалады.  Мы-
салы,  [Ділшат  ханым]  Ай-Шешектің  алдын да  қандай  кішік 
болса,  қарашы  жұрт  алдында  сондай  тәкаппар  (ІІ,  75).  Бұл 
жердегі қарашы жұрт дегені – қызметші, қарапайым жалшы-
жақыбайлар.  Бұл  кезде  қарашы  сөзінің  мағынасы  қазіргі 
біз  білетін  «бағынышты,  қызметші  қара  халық»  дегеннен 
мүлде  басқаша  болған.  Орыс  зерттеушілерінің,  мысалы, 
В.Вельяминов-Зерновтың бұл терминді «вельможа» деп ауда-
руы немесе тіпті йурт (юрт), эль (ель), хан, кахан деп аудармай 
қолданылатыны сияқты, бұны да «карачий» деп беріп отыра-
тындары осыны дәлелдей түседі.
Қысқасы,  тарихи  кезеңде  актив  қолданылған,  бүгінде  біз 
үшін  мағынасы  беймәлімдеу  немесе  басқашалау  бірқатар 
сөздерді  (жоғарыда  көрсетілгендер  және  анда,  күрең,  нойан, 
ақтажы т.б.) жазушы жақсы пайдаланған. Бұлар да – шығарма 
тілін тарихи стиль тезіне салудың жақсы көрінісі.
Лексикалық қабаттың тарихи стиль тезі байқалатын келесі 
үлкен  тобы  –  сол  кезеңдегі  әскери  құрылысқа,  ұрыс-соғысқа 
қатысты сөздер. Мұнда да жазушы көп ізденіп, мұқияттылық 
танытқан. Аламан, шеру, лек деген сөздерден бастап, сыпай /
сыпағ,  жасауыл,  тұтқауыл,  ертауыл,  бақауыл,  шолғыншы, 
отаман, тосқауыл, жандар, мылтықшы, атарман, шабарман, 
қосын сияқты әскери адамдар атаулары мен әскери құрылым 
атауларын жиі кездестіреміз. Бұлардың барлығы дерлік – бұл 
23
 Казахско-русские отношения в ХУІ-ХУІІІ вв. Сборник докумен тов и материалов. 
- Алма-Ата, 1961.

121
күнде көп қолданылмайтын, тек тарихи әдебиетте кездесетін, 
мағаналары  көмескіленген  сөздер.  Бұл  қатарға  ескі  қару-
жарақ,  са уыт-сайман,  сырнай-керней,  киім-кешек,  жорық  ба-
спанасы атауларын да қосуға болады. Садақ, саржа, қандауыз, 
қорамсақ,  көбе,  дулыға,  шоқпар,  найза,  қылыш,  көбе,  берен, 
кіреуке,  шарайна,  ала  балта,  шыңдауыл,  даңғыра,  ереуіл 
ат  сияқты  бізге  батырлар  жырларынан  таныс,  мағыналары 
біршама белгілі сөздерден бастап, тізелік, бұтырлық, қоллық, 
джид,  қаптан,  құяқ,  тегілей,  бектер  (жеңсіз  бектер)  деген 
сөздерді оқимыз. Бұлардың қатарындағы оң жанақсол жанақ
маңдай немесе маңдай сүбе, арқұқ, жұңғар, барұңғар тәрізді 
сөздерді біз бүгінде көп біле бермейміз. Олардың романдағы 
қолданысы  өте  сәтті,  біріншіден,  тарихи  реалийлерді  (зат-
тарды,  нәрселерді)  дұрыс  көрсетіп,  тари хи  шындықтан 
ауытқымайды, екіншіден, бұндай сөздердің бүгінгі оқырманға 
түсінікті болуын мүмкіндігінше қамтамасыз етеді. Бір-екі ғана 
мысал келтірелік:
Тоқсан  мың  әскер  орыс  дәстүрімен  бес  қосынға  бөлінген 
еді. Негізгі күш – бел орта – большой полк аталатын... Соны-
мен қатар полк правой руки аталатын оң жанақта да, полк ле-
вой руки аталатын сол жанақта дапередовой полк аталатын 
маңдай,  сторежевой  аталатын  тұтқауыл  –  әрқайсысында 
жеке қолбасы бар еді... Мың қаралы атты стрелецтен құрылған 
шолғышы-ертауыл... қару-жарақ қоры артылған арқұқ – обоз 
өз алдына... (І, 301).
Міне, мұнда кейбір атаулардың орысша баламасын көрсетіп, 
кейбірінің  қазақша  түсінікті  вариантына  беріп  (шолғыншы  – 
ертауыл),  кейбірін  анықтап  түсіндіріп  (арқуқ),  қайткенде  де 
көрсетілген сөздердің бүгінгі оқырман, әсіресе, орыс тілін де 
жақсы  білетіндер  әбден  түсінетін  етіп  ұсынған.  Ал  жандар 
(телохранитель), вой (жауынгер, аламан), ертауыл (авангард), 
пешіл, самопал (білтелі мылтықтың жұпыны түрлері), пестіл 
(пистоль) сияқты атаулардың түсінігін бет етегіндегі сілтемеде 
(сноскада)  берген.  Бұл  да  –  дұрыс  тәсіл.  Көркем  шығармаға 
қойылатын  шарттардың  бірі  –  тілі  оқырманға  мейлінше 
түсінікті болуы болса, жазушы таланты бұл үдеден де жақсы 
шыққан.

122
Құяқ, қаптан, тегілей, бектер, қоллық, бұтырлық сияқты 
сауыт-сайман  атауларының  беретін  мағыналары,  түптөркіні 
жөнінде  автор  орыс  тіліндегі  түркі-монғол  сөздері  туралы 
жазған  Ш.Уәлиханов,  Д.О.Банзаров,  Н.К.Дмитриевтің  еңбек- 
терімен  жақсы  танысқаны  байқалып  тұр.  Роман  тілінде  кез- 
десетін  қалбағай,  шатыр  бүркеншік,  жаппа,  итарқа  сияқты 
сөздердің қазақ халқының айқай-сүренмен өткен ғасырларын- 
да  жорық  кезіндегі  баспана  атаулары  екендігін  де  контекске 
қарап оңай түсінуге болады.
Әскери  сөздерді  келтіруде  жазушы  ізденісі  аз  болмаған. 
Мысалы, садақ оғының көбебұзар, әндіген, қасалы, ысқырма, 
тіз  оқ,  кез  оқ,  доғал  оқ,  қозыжаурын,  аймаңдай  оқ  деген 
түрлері болатынын Ораз-Мұхамед пен оның інісі – Көшектің 
ауыздарына  салып,  санамалап  атап  береді.  Бұлардың  ішінде 
қозыжаурын оқ, тіз оқ, көбебұзар оқ деген түрлері – бізге ба-
тырлар жырынан таныс, құлағымыз біршама қаныққан сөздер 
болса,  қалғандарын  Мағауиннің  көрсетуімен  біліп  отырмыз. 
Әрине,  жазушы  бұл  сөздерді  ойдан  шығарған  жоқ,  ізденіп 
тапқан. Мұндай тұлғалар енді-енді көптеп жариялана бастай-
тын ауыз әдебиеті үлгілерінде, тарихи жазбаларда кездесетін 
болса, ұғымтал, зейінді, есте тұту қабілеті бар оқырман жақсы 
біліп  отыратын  болады.  Демек,  көркем  шығарманың  таным- 
дық  тәрбиесі  де  бар  екені,  ондай  қызметті  «Аласапыран», 
«Үркер»,  «Елең-алаң»  (және  де  басқа  тарихи  көркем  шығар- 
малар) сияқты романдар жақсы атқарып шыққанын айту қажет.
«Аласапыранда»  қару-жарақ,  сауыт-саймандардың  атау- 
ларының  танымдық  мәні  –  олардың  образ  үшін  емес,  нақты 
зат  атауын  (реалийлерді)  білдіру  үшін  қолданылғандығында. 
Қазақтың өлең-жырларында, әсіресе өткен дәуірлердегі ақын-
жыраулар тілінде бұл атаулар көбінесе образ үшін жұмсалады, 
сондықтан  тұрақты  эпитеттермен  келетіні  жайында  айты-
лып  келеді.  Бұларда  найза,  сүңгі  сөздері  жалаң  келмейді, 
толғамалы  ақ  найза,  алты  құлаш  ақ  найза,  толғамалы  ақ 
сүңгі, қылыш болса, ол – алдаспан ауыр қылыш, көбе – қанды 
көбе деген сияқты эпитеттермен айтылады да көбінесе әңгіме 
бұл  құралдармен  болған  ұрыс  әрекеттері  жайында  емес, 
батырлық, ерлік, ел қорғау, жауға аттану сияқты образдар ту-

123
ралы екенін байқаймыз. Ал тілін талдап отырған романда бұл 
қару-жарақтар өз мағыналарында жұмсалып, ұрыс-соғыс кар-
тинасын  суреттейді,  сондықтан  мұнда  енді  олардың  тұрақты 
эпитеттермен келуі орынсыз болар еді, сондықтан қару- жарақ 
атауларының анықтауыштары нақты болып келеді.
Оң  жақ  алдыңғы  қаста  ұялы  қынға  салынған  селебе  мен 
екі  шолақ  найза...  саптары  көрінеді.  Сол  жақ  жамбаста  қыс- 
қа садақ, оң жақта – қорамсақ толы жебе. Шығыршығы ши- 
ратылған  ақ  сұр  көбе...  шошақ  дулыға...  (І,  169).  Аламандар 
сауыт-саймансыз.  Қару  атаулыдан  садақтан  басқа  шашақты 
ұзын  найза,  қайқы  қылыш,  қысқа  қанжар  бар  (І,  115).  Бұл 
үзіктерде көрсетілген анықтауыштар – сол қарулардың нақты 
сын-сипатын білдіретін кәдімгі анықтауыштар, олар – тұрақты 
бейнелі эпитеттер емес.
Ұрыс-соғыс  көрінісін  суреттеуде  керней,  дабыл,  даңғыра, 
шыңдауыл сияқты дыбыс аспаптарының атаулары да – түсінікті, 
таныс болғанмен, көне, қолданыстан шығып қалған реалийлер 
екенін сеземіз. Осы зат, нәрсе, ұғым атауларының қайсысы бар 
және олар қалай келтірілген дегенді кейде жалпылай, кей тұста 
тәптіштеп атап отырған себебіміз – жазушының тарихи стиль 
талаптарын жақсы өтегенін көрсету.
Тарихи шығарманың стильдік сипатын сақтау мақсатымен 
кейбір  халық,  жер-су,  адам  аттарын  да  бүгінгіден  өзгешелеу, 
бәлкім,  сол  кезеңде  аталған  тұлғада  (не  соған  жуық)  беру 
әрекеті де бар. Мысалы: мұңғыл (монғол), ғирақ (ирақ), ғажам, 
естектер (қазақ тілінде – башқұрт, автор тілінде – ханттар), 
сібіт (швед), шынмашын сияқты халық аттары, Ібір-Сібір (Си-
бирь), Таскемер (Орал тауы), Зайсан-нор, Мәскеу-дария, Азаулы 
(Азов), Таң-дария (Лои), Ака-дария (Ока), Узе (Днепр), Орқапы 
(Перекоп) деген жер-су аттары шығарманың өн бойында осы 
тұлғаларда  келеді.  Олардың  біразының  бүгінгі  қай  жер  (тау, 
өзен  т.б.)  екенін  автордың  өзі  көрсетіп  беріп  отырады.  Бұл 
тәсілді де әбден құптау керек, өйткені ата-бабаларымыздың ат 
тұяғы көптеген жерге тиген, ал ол жерлерді өздерінше атамауы 
мүмкін емес. Бүгінде Мәскеу (оны да күні кеше әрең «қайтарып 
алдық»), Мысыр, Қытай, Шам, Қырым, Қоқан деген сияқты 
бес-он топоним болмаса, қалған жер-су, өзен-көл, тау-тас, қала-

124
қамал, шаһар-кент атауларын орысша тұлғасымен (Орал тауы, 
Днепр, Днестр, Дон, Кавказ, Астрахань, У фа т.т.) айтып, жа-
зып  кеткеніміз  белгілі.  Олардың,  әсіресе,  бабаларымыздың  
табаны тиген жерлердің бұрын қалай аталғанын да біле жүру 
– тарихымызды тануда үлкен мәні бар іс, Ұлы Дала картасын-
да ата-бабамыздың қолтаңбасы жатқанын көру – ұлттық сана-
мызды оята түсер, бұрыннан да ешкімнен кем емес, «тереземіз 
тең болып» келген халық екенімізді сездірер іс деп білеміз. Бұл  
істе көпшілік қауым оқитын әдебиеттің де орны ерекше екен- 
дігін  тари хи  романдар  көрсететіндігіне  куә  болып  отырмыз. 
Осы орайда тарихшы ғалымдармен қатар, жазушы ағайынға да 
қарыздармыз.
Мұхтар  Мағауин  бірен-саран  адам  аты  мен  қала  атта рын 
да өзгертіп жазуға барыпты, мысалы, Тәуекел ханды Тәуеккел 
деп,  Ташкентті  Башкент  деп  таңбалапты.  Біз  бірақ  бұл 
өзгерістердің  дұрыстығына  күмәнданамыз.  Тәуекел  жалқы 
есімінің морфемдік құрамы тәуек және кел емес болар, тіпті 
солай  болған  күннің  өзінде  де  құранды  жалқы  есімдердің 
компоненттері  дыбыстық  жағынан  әбден  жымдасып,  кірігіп 
кететіні  мәлім,  сондықтан  үйреншікті  Тәуекел  деген  тұлға 
дұрыс  сияқты,  оның  үстіне  тәуекел  деген  {тәуекел  ету, 
тәуекелі бар) абстракт мағыналы дербес сөз де бар ғой, қазақ 
мұндай жалпы есімдерден жалқы есім жасай салады емес пе? 
Ташкент атауын көне түрінде бергісі келсе Шашкент деуі ке-
рек еді, бұл шаһардың көне аты – Шаш қой, түркі тілдерінде 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал