Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы


ТАРИХИ РОМАНДАРДЫҢ ТІЛ КЕСТЕСІ



жүктеу 8.99 Kb.
Pdf просмотр
бет7/21
Дата22.01.2017
өлшемі8.99 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

ТАРИХИ РОМАНДАРДЫҢ ТІЛ КЕСТЕСІ
Қазақ  көркем  прозасының  тілдік-стильдік  сипатын  тану 
мақсатымен біз бұл еңбекте үш жазушының «сөз құдіретіне» 
назар  аудармақпыз:  бірі  –  Әбіш  Кекілбаевтың  «Үркер»  және 
«Елең-алаң»  атты  тарихи  дилогиясы,  екіншісі  –  Мұхтар 
Мағауиннің  «Аласапыран»  атты  тарихи  романы,  үшіншісі  – 
Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» романы.
Тарихи көркем шығармалар қазіргі қазақ әдебиеті әлемінде 
едәуір бар екендігін білеміз. Мұхтар Әуезовтің 40-жылдардың 
басында оқырманға ұсынған «Абай жолы» романынан бастап 
Қабдеш  Жұмаділовтің  кейінгі  жылдарда  жарық  көрген  «Да-
рабозына»  дейінгі  екі  ортада  ондаған  роман,  драма,  поэма-
лар қолымызға тиді. Әсіресе тарихи романдардың тақырыбы, 
композицялық  құрылымы,  баяндау-суреттеу  стилі  жағынан 
түрленіп  келгені  қазақ  көркем  сөзінің  биікке  көтерілгенін 
көрсетеді. Солардың ішінде жа зушы мәнерін талдауға жоғары- 
да  аталған  үш  романды  алуымызға  бірінде  өткен  тарихты  
суреттеу  үшін  тілдік  құралдарды  қолдану  тәсілдерінің,  екін- 
шісінде шығарма тілінің тарихи стиль тезіне түсуі (историче-
ская  стилиза ция)  құбылысының  айқын  көрінуі,  үшіншісінде 
тарихи реалийлердің көрінісі себеп болды. Әрине, бұл амал-
тәсілдер  басқа  туындыларда  көрінбейді  деген  сөз  емес,  мұ- 
қият  зер  сала  іздестірсек,  тарихи  көркем  дүниелердің  қай- 
қайсынан  да  автор  қаламына  тән  шеберлік  үлгілерін,  ғылым 
тілімен  айтқанда,  авторлық  ерекшеліктерін  таба  аламыз. 
Өйткені тарихи роман, эпопеяларға жазушы өзінің шығарма- 
шылық тәжірибесі әбден жетілген, «қаламы төселген» кезінде 
барады,  сондықтан  тарихты  көркем  түрде  сөз  етудің  тілдік-
стильдік амал-тәсілдерін де көп іздейді, табады...

84
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ 
«Үркер». «Елең-алаң»
Әбіш  Кекілбаев  аталған  романдарына  осылайша  барған. 
Бұлардың  тақырыбын  (әңгіме  еткен  тарихи  кезеңді,  кейіп- 
керлерін т.б.), шығарманың фабуласын (сюжеттік негізін), иде-
ясын (айтпақ ойын, көздеген мұратын), оның шешімін айтпа- 
ған  күннің  өзінде  бұл  дилогияның  тілі  суреткердің  даралық 
мәнері жағынан өзіне назар аудартады.
Жазушы бұдан екі жарым ғасыр бұрын өткен тарихымыз-
ды,  «қазақ  халқы  тағдырының  алды  үмітсіздеу,  белгісіз  бір 
кезеңінде» Кіші жүз ханы – Әбілқайырдың Ресей патшалығына 
бодан  болуға  әрекет  жасаған  кезеңін  суреттейді.  Қазір  бұл 
әрекеттің дұрыс-бұрыстығына қайыра көз жіберіп, «бекер бол-
ды,  қателік  болды»  деп  те  жүрміз,  тіпті  «сатқындық  болды» 
деген солақай пікірлер де шаң беріп қалды. Қазақстанның Ре-
сей империясының қол астына өзі сұранып («еркімен») кіргені 
дұрыс болды ма, жоқ, халық тағдырына қатысты қателік болды 
ма, қайткен күнде де «болар іс болды», бірақ өз-өзінен тек бола 
салған жоқ, неге болды, қалайболды, кімдер болдырды деген 
тарихты  білуіміз  керек  қой.  Сол  міндетті  тек  тарих  ғылымы 
емес, көркем әдебиет те мойнына артыпты. Бұл жүкті оның аса 
ауырлығына, жауаптылығына қарамай «жүрек жұтқан» жазу-
шы Ә.Кекілбаев арқалапты.
Тарихи  шығарма  болғандықтан,  көркемдік  үшін  өзі  «ой-
лап тапқан» оқиғалар, жеке кейіпкерлермен қатар, тарихта бо-
лып өткен іс-қарекеттер, адамдар сияқты шындықты көрсетер 
фактілерді іздеуге, қыруар әдебиетпен танысуға, олардың сы-
рын  түсінуге  кеткен  қиямет-қайым  еңбекті  былай  қойғанда, 
сол тарихты көркем сөзде қалай баяндасам екен, жай баяндап 
қана қоймай, қалай әсерлі суреттесем екен деген ізденіс те аз 
болмағанын көреміз. Мұны біздің тіл маманы ретіндегі талдау-
ларымыздан көруге бо лар дейміз.
Шығарманың  фабуласы,  яғни  оқиғалар  мен  кейіпкерлерді 
«орналастыру» тәртібі, сюжеттік құрылымы ерекше: 583 бет- 
тік «Үркердің» сюжеті, бір қарағанда, тым қысқа оқиғаға құ- 

85
рылған  сияқты.  Мұнда  Әбілқайырдың  орыс  патшасына  бо-
дан  болуға  елші  жібергені,  соның  нәтижесіңде  хан  ордасы-
на  патша  елшілігінің  келіп,  бір  жылдан  астам  уақыт  ішінде 
көрген-білгені,  істеген  әрекет-қарекеті,  сол  мерзім  ішінде 
қазақ  қауымының  «ел  ұстағандары»  (ел  билеген  хан,  би,  ба- 
тырлардың) мен қара халқының тіршілік-тынысы, ой-санасы, 
талап-мүддесі  суреттеледі.  Негізгі  оқиға  біреу,  оқиға  уақыты 
шағын...  бірақ  «Үркерде»  жазушы  қазақ  халқының  бұл 
оқиғадан  бұрын  өткен  ұзақ  тарихына,  елдігін  сақтау  жолын- 
дағы  жойқын  ұрыс-шайқастар  көрінісіне  барады,  баяндай-
ды,  суреттейді.  Оларды  хронологиялық  тәртіппен  бермейді. 
Әбілқайырдың немесе өзге кейіпкерлердің еске түсіруі сияқты 
ой  елегінен  өткізген  стильде  баяндайды.  Тіл  –  автордікі,  ба-
яндау, суреттеудегі үн (тон) – кейіпкердікі. Тіпті автордың өзі 
айтып тұрған күнде де көзінің бір киығын кешегілердің таным-
түйсігі  мен  бүгінгілердің  талғам-талабына  тастап  отырған. 
Ол  үшін  тілдің  көркемдік-стильдік  амалдарына  иек  артқан. 
Бұл  амал-тәсілдердің  бірқатарын  өзіндік  қолтаңба  мәнеріне 
айналдырған,  бірсыпырасын  активтендірген,  бірсыпырасын 
шебер  жұмсаудың  үлгісі  ретінде  берген.  Енді  солардың  әр- 
қайсысын фактілермен көрсетелік.
Ең алдымен, Ә.Кекілбаевтың бұл шығармасының тіліндегі 
поэтикалық үн (белгі, сипат) көзге түседі. «Поэтикалық» деген 
анықтауыш  тек  поэзияға  (өлеңге)  қатысты  ғана  емес,  жалпы 
бейнелілікке  (образдылыққа),  көркемдікке  қатысты  деген  де 
мағына  береді.  Сондықтан  поэтикалық  сипат  тек  өлең  сөзде 
ғана емес, прозалық шығармаларда да көрінеді.
Ә.Кекілбаевтың  аталған  тарихи  романдарының  тілдік-
стильдік  мәнері  поэтикалық  сипатымен  ерекшеленеді  деп 
түйсек, оны дәлелдеу үшін төмендегідей фактілерді келтіруге 
болады.
Жазушы бір нәрсенің, кейде адамдардың сыны мен сырын, 
белгісі мен қасиетін, сапасы мен салмағын бейнелеп (образдап) 
сипаттайды. Мысалы, хан болу сияқты билік тізгіні қолдарына 
тимей  жүрген  Өсеке  ұрпағын  «шаршы  төр  бұйырмай,  асық 
жіліктің табағында күндері өтіп жатқан Өсеке балалары» 
(«Үркер», 46) деп атайды. Көрсетілген анықтауыш аса образ-

86
ды, ол образ халықтық, ұлттық таныммен берілген: әңгімеленіп 
отырған кезеңде, тіпті күні кешеге дейін қазақ қауымындағы 
әлеуметтік  топтардың  беделі,  салмағы,  яғни  иерархиялық 
тәртібі  отыратын  орнына  (төрде  немесе  одан  төменірек,  я 
болмаса  босағада  отыру  деген  сияқты),  алдына  тартылатын 
табақтың ішіндегі сыбағаға (бас ұстау, жамбас тиюден бастап 
қалған жіліктердің «дәрежесіне») қарай танылатынын білеміз, 
демек, «асық жіліктің табағында күні өту» лауазымдық орын 
(хандық,  билік)  тимей  келген  бұтақты  (Шыңғыс-Жошыдан 
тартылған хан әулетінің бұтағы) сол кезеңнің көзімен әдемілеп 
дәл атаған, оның алдыңдағы шаршы төр бұйырмай деген тіркес 
те, қазірше айтсақ, «номенклатураға ілінбей» жүргендерді бей-
нелеп сипаттауды күшейте түскен.
Екінші бір мысал: орыс патшасына бағынып, сыртқы жау-
ларынан енді соққы жемейтін, жағасы босап, жаны жайланған 
башқұрт жұрты сондай бодандықты өзі қалап жүрген Әбілқайыр 
мен  оны  қостаушылардың  көзіне  нулы  жердің  балдырғанын 
татып, сулы жердің тұнығын кешіп тұрған башқұрт болып 
көрінеді
15
.  Мұнда  да  аса  бейнелі  сипаттама  сол  кездегі  қазақ 
қауымының  бейбіт  өмірді,  малға  жайлы  балдырғанды,  сулы 
мекенді аңсаған көзімен, ойымен берілген.
Қазақ  еліне  тыныштық  бермей,  соқтығып  отырған  көрші 
жұрт іргеңнің бел арқанын қиып отырған дұшпан (121) деп ата-
лады. Әрине, іздесе, жауласып отырған көрші елдің бейнесін 
әр  алуан  түрде  атап  көрсетуге  болады.  Күні  кешеге  дейін 
«империалистік  елдерді»,  оның  ішінде  Американы  кеңестік 
саясат көзімен қарап, не деп сипаттамай келдік, бірақ оларды 
киіз үйдің бел арқанын қиып отыр деп айтқан емеспіз, өйткені 
қазіргі жұртшылықтың басым көпшілігіне бұл бейнелі сипат-
тама  аса  таныс  та,  әсерлі  де  емес,  «бел  арқан»  дегеннің  қай 
жерде екендігін, ол қиылғанда не болатындығын бүгінде екінің 
бірі  біле  бермейді,  ал  Ә.Кекілбаев  суреттеп  отырған  кезең 
үшін, сол кездегі қазақ қауымының көзімен қарағанда, бұл – 
дәл табылған мінездеме.
Егер мұндай мысалдар бірді-екілі жерде, тіпті бес-он жерде 
кездескен болса, біз оны бөліп сөз етпеген болар едік (ондай 
15  Әрі  қарай  мысалдардың  дені  «Үркер»  (Алматы:  Жазушы,  1981)  кітабынан 
алынады да жақша ішіне тек беті көрсетіледі.

87
бірен-саран  фактілерді  кез  келген  көркем  шығармадан  таба 
аламыз). Бұл жерде әңгіме – осы тәсілдің жазушы Ә.Кекілбаев 
тілінде  жүйелі  түрде  келіп,  жиі  қолданылғандығында  және 
олардың көбінің авторлық дүниелер екендігінде.
Образды  сипаттамалар  халықтың  ауызекі  сөйлеу  тілінде 
де,  ақын-жыраулар  поэзиясында  да,  фольклорлық,  өлең-
жырларда да аз емес, көбі – ұзақ уақыт, жиі-жиі айтыла келе, 
жалпыхалықтық  лексика-фразеологиялық  қазынаға  еніп, 
нормаға айналған дүниелер («единицалар») болып келеді. Жа-
зушылар оларды да еркін жұмсай алады. Олар да әсерлі, орынды 
болып шығады. Ал көркем сөз шеберлерінің бірқатары әсерлі, 
әдемі  қолданыстарды  өзі  жасайды.  Жасалу  моделі  (қалыбы) 
бұрынғы, бірақ іші – тілдік бұйымы өзге, жаңа болып шығады. 
«Үркер»  мен  «Елең-алаң»  авторы  соңғы  әрекетке  барған: 
өзі  ізденіп,  бейнелі  өрнектерді  өзі  түсірген  және  бұлардың 
барлығы дерлік бұдан екі-үш ғасыр бұрынғы қазақ жұртының 
тұрмыс-тіршілігінен,  қазақтардың  таным-түсінігінен  алынған 
образдар  болып  келеді.  Мысалы,  нағыз  бостандық  басында 
ноқта, тірсегінде тұсау жоқ бостандық деп бейнеленсе, бұл 
– мал баққан қазақтың көз алдында тұрған таныс образ.
Әбілқайыр хан тұсындағы және оған дейінгі қазақ қауымын 
автор бағы найзасының ұшында, ырысы құрығының ұшындағы 
саяқ халық деп бейнелесе, мұндағы әрбір сөз астарлы мәнде: 
«бағы – «еркін, тәуелсіз жұрт болып өмір сүру» деген, ырысы 
– «күн көрісі», «экономикасы» деген мағыналарда жұмсалған 
болса, саяқ – «өз алдына жеке, әлі ешкімге бодан болмаған не-
месе одақтаспаған» деген семантиканы (ғылым тілімен айтсақ, 
семаны)  білдіреді,  ұшында  сөзі  де  тура  мағынасында  емес, 
әңгіме  нақ  найзаның  және  құрықтың  ұшы  туралы  емес,  бірі 
– «жауды жолатпау», екіншісі – «еңбек етіп өмір сүру» деген 
ұғымды білдіруге жұмсалып тұр.
Өзге де жазушылар сияқты, Ә.Кекілбаев әсерлі эпитеттерді 
табуға  шебер.  Ол  әсерлілік  мағыналары  жағынан  бір-біріне 
жуыспайтын  сөздерді  тіркестіру  амалымен  де  жүзеге  аса-
ды. Мысалы, жазушының ұрғашы ниет (32), сумаңдап желе 
жортып келе жатқан көшелі ой (103), айғыр топ нөкер (112), 
майлақы түн (14) жер ойдық қол (231) дегендеріндегі ниет, ой 
деген абстракт есімдер мен алдындағы эпитет сөздер – мағына 

88
жағынан  бір-біріне  жуыспай тын  дүниелер  болса,  соңғы  қол, 
нөкер  дегендердің  анықтауыштары  да  –  кәнігі  емес.  Әрине, 
мұндай  мысалдарды  көркем  шығармада  кез  келген  автордан 
табуға болады. Бұлар – жа зушы Кекілбаевтың даралық мәнерін 
емес, шеберлік мөнерін танытатын фактілер.
Бейнелі сипаттамаларды (олар көбінесе анықтауыш, пысық- 
тауыш  болып  келеді)  жазушы  көбінесе  параллель  түзілімдер 
етіп береді:
Орталарынан ойып қоныс беріп, қораларынан жырып сау-
ын беріп... (117).
Мұнда орталарынан – қораларынанойып – жырып, қоныс 
– сауын, беріп – беріп деген қатарлар тұлғалық, синтаксистік, 
позициялық абсолют параллельдерді түзіп тұр.
Жалпы  параллель  түзілістер  тілде,  оның  ішінде  көркем 
сөзде – аса әсерлі, үнді құралдың бірі. Образ жағынан әсерлі- 
лігі олардың халықтың өзіне таныс айналасынан, тыным-тір- 
шілігінен,  іс-қарекетінен  алынғандығына  байланысты  болса, 
үнділігі  ауызға  жеңіл,  құлаққа  жағымды  әуезбен  келетіндігі- 
нен  пайда  болады.  Құлаққа  жағымды  үн  дегеніміз  –  дыбы-
стар гармониясы. Қатар тұрған сөздердің көбінесе басы (кей-
де  іші  де),  тізіліп  келген  өлең  жолдарының  басқы  сөздері 
біркелкі дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталуы – тіл-тілдің 
қай-қайсысында  да,  оның  ішінде  түркі-монғол  тілдерінде, 
солардың бірі қазақ тілінде ежелден келе жатқан көркемдеуіш 
амалдардың  бірі.  Ғылымда  бұл  құбылыс  аллитерация,  ассо-
нанс деп аталады.
Әдебиет  теориясын,  көркем  сөз  заңдарын  жақсы  білетін, 
дұрысын  айтсақ,  жазушылық  таланты  табиғатынан  күшті 
қалам  шебері  –  Ә.Кекілбаев  бұл  ұтымды  тәсілді  қалт  жібер- 
меген.  Мысалы,  оның  қияда  тосып,  қырындай  жолыққан, 
қырғи  қабақ  жау  (47),  кеңірдегін  күнге,  кіндігін  айға  ілген 
(140),  жарық  өкше,  жалаңаш  балтыр  егінші  (28),  қырық 
құйқылжыған қырқылжың дау (81), шонданайын шортандай 
шоршытқан-ды  (81)  деген  бейнелі  тіркестері  аллитерацияға 
құрылған болса, алқымынан ала кетер, арқасына сала кетер 
(68), айтқаны болып, атқаны тиіп... тұрған абыройлы шағы 
(70)...  ал  өз  қолыңнан  өрге  сүйреп,  өркенін  өсірген  тұқымың 
өле-өлгеніңше...  сияқты  образдары  ассо нанс  түзей  жасалған. 

89
Бұлардың  барлығы  да  –  жазушы  қаламынан  туған  авторлық 
дүниелер.
Индивидуалдық  образды  параллельдердің  енді  бір  тобы 
ұйқасқа құрылған болып келеді, әрине, ол – өлеңдегі сияқты 
аяққы ұйқас емес, параллель құрылымның компонентінің ішін- 
де өзара ұйқасқан сөздер болады. Іштеріндегі бір сөзі ұйқасып 
келген  параллель  құрылымдар  Ә.Кекілбаевтың  екі  кітабында 
да едәуір мол кездеседі. Молдығы сондай, олар кейде тұтас аб-
зацты алып жатады:
Қолына  тізгін  тимесе  де,  еліне  елеулі,  халқына  қалаулы 
азаматтың басы алтын, құйрығы күміс ботаға буаз боз інгендей 
жапырып отап, сапырып суламай, тыраңдап аунапбұртаңдап 
туламай, өз қадірін өзі біліп... анық баспағы шарт (169). 
Әрі қарай да осылайша ұйқасты құрылымдар кетеді. Келесі 
мысалдар да ұйқасты сөздермен келген параллельдерді таны-
тады:
Жау сұғына түсем де, қазақтың жүні жығыла түседі (122). 
Ай астының зоры болам деп жүргенде, өз ұяластарының қоры 
бола жаздапты ғой (275). Жайса – белге, жапса – көлге сыймай-
тын мал (278). 
Ал  мына  мысалдар  ұйқастың  басқа  үлгісіне  жатады.  Бұл 
жердегі «ұйқас» дегеніміз – шартты, яғни ұйқасқан сөздер ды-
быс үйлесіне қарай емес, сөз құрамына қарай, яғни морфемдік 
сөйкестіктерге  қарай  қатарласады:  көзінің  сұғы  мен  бетінің 
сұсы мол Абдолла (53). Қазақтың желкөз керегесінің аржағында 
желбуаз әңгіме жетпей қалушы ма еді? (141). 
Бұндағы  ұйқас  –  дыбыстық  емес,  морфемдік  екі  сөздің 
құрамында  бір  сөз  келіп  тұр  (жел–жел).  Бұл  –  өте  сирек 
кездесетін  тәсіл.  Мұндайда  морфемдес  (сөз  құрамына  енген 
бөліктердің біркелкілігі) сөздер айтпақ ойға сай болуы керек: 
желбуаз әңгіменің қазақ ортасында тез жайылатынын бейне-
леп  айту  үшін  сол  ортаның  айналасын  «желкөз  қабырғаның 
аржағы»  деп  беру  дәл  түсіп  тұр.  Жазушы  осындай  сирек 
«ұйқастарды» табуға келгенде ізденімпаздық танытқан. Мыса-
лы, «Елең-алаңдағы» мына сөйлемде морфемдес қатар парал-
лель құрылымдар емес, бір сөйлемнің ішінде келтірілген:
Бірақ  қашан  көрсең  де  асығыңды  алдап  ұтып  алғысы 
келіп жүретін жылмың төс балалардай, сыр бермей жымпи-

90
ып  жүретін  жылмақай  неменің  бүгін  езуіне  ие  бола  алмай, 
жымыңдай  амандасып,  жымыңдай  қоштасуында  бір  гәп  бар 
шығар («Елең-алаң», 1984,11).
Бұл  –  Абайда  түбірлес  сөздердің  өлеңнің  бір  тармағында 
немесе қатар келген жолдарында, кейде бір шумағында келіп, 
үн гармониясын жасайтын тәсілдің
16
 көркем прозада да сирек 
болса да орын алатынын көрсетеді.
Тегі, шығарма тілін образдап (поэтикалап) жіберуге Ә.Ке- 
кілбаев өте шебер, оның аузынан бейнелі, әсерлі, әуезді сөздерді 
«Құдай тағала», яғни қалам таланты лақ еткізіп төге салады.
Малы  мен  жаны  өскен,  бірақ  әлеуметтік  орны  төмен  ру-
ластарды жай атай салмай, «тоқалдан туса да, топылдатып 
баланы көп өрбіткен, ұрыдан жиса да, шұбатып малды көп 
өрбіткен кіші аталар» (454), «қоқым төсеніп, қоға жастаған 
төменшік әулеттер» (97) деген сияқты етіп «түсін түстеп, атын 
атап»  беру  тек  тілі  поэтикаға  толы,  ой  мен  сөздің  үйлесімін 
тапқан қас шебердің қолынан келмек. Қас шебер демекші, осы 
жерде бір кішкене «лирикалық шегініс» жасасақ дейміз.
Айтпақ  ойды  әсерлі,  бейнелі  етіп  білдіру  үшін  шешендік 
керек,  шешен  болу  керек,  ал  сөз  шешен  болып  шығуы  үшін 
әсерлілік,  образдылық  керек.  Тегі,  алдыңғысы  –  бас ты, 
біріншілік те соңғысы – сол тудыратын екіншілік сияқты. Және 
шешендік – өзіміз білетін ақындық, суретшілік, композиторлық 
сияқты туа бітетін табиғи талант болса керек.
Сірә,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Мұхтар  Әуезов  сынды  ілгері 
буын алыптарын былай қойғанда, кейінгі буын өкілдері – Әбіш 
Кекілбаев,  Мұхтар  Мағауин,  Софы  Сматаев,  Оралхан  Бөкеев 
сияқты  жазушылар,  Манаш  Қозыбаев,  Зейнолла  Қабдолов 
сияқты ғалымдар – тумысынан шешен жандар-ау деймін.
Шешеңдік те, жазушылық та – Құдай берген, табиғи өнерлер 
болса,  ол  екеуі  бір  кісінің  бойынан  табылса,  яғни  көркем 
әдебиетке  шешендік  қосылса,  екі  шақпақтың  соғылысынан 
пайда болатын ұшқындай, оқырманның жан дүниесін шарпып 
өтетін от жалынды, жарық шығармалар дүниеге келері хақ. Мен 
бұл ойымды айтқанда, ешкімге көпшік қойып отырмағанымды 
оқырман түсінер. Бұл – қазақ тілін қастерлей білген, оны табиғи 
таланты  көтере  түскен  жандарға  деген  ризалық  көңіліміз 
16 Қараңыз: Р. Сыздықова. Абайдың сөз өрнегі. - Алматы, 1995. - 144-149-беттер.

91
екенін білер, ана тіліміздің өткен замандар мен қазіргі кездегі 
күй-қалпын  танысақ,  танытсақ  деп  еңбектеніп  жүрген  тіл 
маманының қысқа қайырған бағасы деп білер деймін.
Енді  «шегіністен»  шығып,  зерделеп  отырған  материалы-
мызды әрі қарай талдасақ, тағы мына жайттарға назар аударар 
едік. Біреуді не бір нәрсені, я болмаса іс-қарекетті танытуда жа-
зушы Ә.Кекілбаев халық қазынасына да иек артады. Олардың 
ішінде,  сырт  қарағанда,  ауызекі  сөйлеу  тіліне  не  жергілікті 
сөзге жақын тұрғандарын таңдап ала ды. Мысалы, бұтқа то-
лып  жүру  деген  тіркесті  жазушы  бірнеше  рет  қолданған. 
Мамандардың айтуына қарағанда, бұл – «өзін өзі зорға санау», 
«менменсу»  деген  мәнде  жұмсалатын  жергілікті  ерекшелік 
тәрізді, бірақ осы шығармада оның мағынасы контекске қарай 
әбден түсінікті және әсерлі болып ұсынылған. 
Мысалы: Жас сұлтан, неге екені белгісіз, осындай қараптан 
қарап  бұтқа  толып  жүретін  кердең  мінезді  жек  көруші  еді 
(48). 
Мұндағы  бәрімізге  таныс  кердең  сөзі  алдындағы  бұтқа 
толып  жүретін  деген  бейтаныстау  тіркесті  жетекке  алып, 
мағынасын  ашып  тұр.  Бұл  сияқты  жергілікгі,  көне,  сирек 
сөздердің алдын не артын таныс сөздермен «тіреп», біртұтас 
мағына шығару амалы ұлы Мұхтарлардан келе жатқанын осы 
кітаптың II тарауында айттық.
Жазушы  тілінде  жиірек  көрінетін  образды  үстеулердің 
бірі  –  екі  етек  боп  [елпек  қағу,  жүгіру,  ұмтылу]  тіркесі  де 
сіре,  халық  тілінде  бар  сөз  болар,  ол  да  –  өте  образды,  әсем 
сипаттама. Бұл ретте жазушы анау-мынау дөрекі сөздерден де 
қашпайды. Мысалы, көтен өкпе (74) айғыр топ (442) сияқты 
тіркестер – мағына жағынан бір-бірімен тіркеспейтін атаулар 
болғандықтан, өзінің күтпеген оқыс қолданысы мен көңіл ау-
дарса,  екінші  жағынан,  тұрпайы  сөзбен  келгендіктен,  «үлкен 
өкпе, зор өкпе», «күш көрсете келген өкпе» және «үлкен топ» 
деген сияқты стиль жағынан бейтарап (қалыпты) тіркестермен 
салыстырғанда,  әсері  өзгеше  болып  шыққандығымен 
елеңдетеді.  «Көтен  зорлық»  дегенді  айтатын  қазақ  «көтен 
өкпе» деп те айтқан болар. Қайткен күнде де сөздің экспрес-
сиясын  пайдаланып,  оның  дөрекілігіне,  қарапайымдығына, 
жергіліктілігіне қарамай кәдеге асырып жіберу – Ә.Кекілбаев 

92
қаламына  жат  емес.  Бұл  жерде  шешуші  факторы  –  бұларды 
экспрессоид (эмоциялық бояуы күшті, әсерлі сөз) ретінде тану 
болса керек.
Образды  тіркестердің  ішінде  мұрты  жылтырап  қоя  беру 
(разы  болу,  көңілденіп  қалу)  сияқты  өзге  авторлардан  көп 
кездестірмеген күрделі етістіктер де бар. Сірә, ол да – халықтікі 
болар  болмаса  мұртынан  күлу,  мұрты  жыбырлау,  мұрты 
майлану деген сияқты таныс тіркестердің үлгісімен жасалған 
авторлық дүние болар. Қайткен күнде де бұндайлар да – өте 
образды қолданыстар.
Шығарма  тілінің  поэтикасын  танытатын  тұстардың  бірі  – 
теңеулердің көрінісі. Әрине, қалыпты жай теңеу емес, бейнелі 
теңеулерді жазушы қайдан алды, нені немен салғастырды де-
гендер көңіл аудартады.
«Үркерде»  келетін  эпитеттік  теңеулердің  дені  суреттеліп 
отырған  кезеңдегі  қазақ  болмысынан  алынған.  Жазушы: 
тозған кебістің жұлығындай жайын ауыз (9), өлген түйенің 
тулағындай дала (213), тозған киіздей қырқа қыраттар түлеген 
бөрінің жон арқасындай боп (471) деген теңеулерді келтірсе, 
бәрінің де астарында қазақ қауымына таныс, көбі тұрмыстық 
заттар жатыр: ауыз, дала, қыраттарды теңеген тозған кебістің 
жұлығы,  өлген  түйенің  тулағы,  тозған  киіздерді  неміс, 
ағылшын, голланд, тіпті орыс адамы мүлде түсінбес еді, оларға 
бұл салыстырулардың ешқандай әсері де болмас еді, ал қазақ 
үшін, әсіресе өткен ғасырларда өмір кешкен қауым үшін бұлар 
– жай теңей салу емес, бірінде ұнатпаушылық (ауыздың тозған 
кебістің жұлығындай болып көрінуі), екіншілерде нені үлкен, 
нені  жұпыны  санайтындары  сияқты  таным  бар  екені  даусыз. 
Сірә,  теңеу  дегеніміз  –  адамның  дүниетанымы,  әр  нәрсеге 
беретін  бағасы,  қысқасы,  сыртқы  дүниемен  көру,  есту,  дәмін 
сезу, исін сезу арқылы пайда болатын қарым-қатынасы болса
17

жа зушы  бұл  орайда  да  шығарманың  жалпы  үнін  суреттеліп 
отырған кезеңмен үйлестіруді берік сақтаған.
Теңеулерді бейнелі, әсерлі, бояулы ету үшін, суреткер көп 
сөзділіктен де қашпайды. Мысалы, түннің қараңғылығын ыры-
сты  үйдің  ертелі-кеш  оттан  түспейтін  күйелеш  қазанның 
түбіндей  қап-қара  (13)  деп  суреттейді.  Бұл  жерде  жазушы 
17
 Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. - Алматы, 1975. - 41-бет.

93
қазанның түбіндей қап-қара түн дей салса да бо лар еді, бірақ 
бұл тұрақты (кәнігі) көп теңеудің бірі болып шықпақ, ал бұл 
қаралықтың  қаңдай  қазанның  (күні-түні  оттан  түспейтін, 
күйелеш, оттан түспейтін себебі – ол ырысты үйдің қазаны
түбіне  теңелуі  осы  жерде  көркемдік  үдесінен  шығып  тұр. 
Бұл  –  дәстүрлі  теңеудің  кеңейтілген  (күрделенген)  түрі  бол-
са, Ә.Кекілбаевтың көптеген теңеулері – тосын, бұрын-соңды 
кездеспеген  образдар  бо лып  келеді.  Мысалы,  Тевкелевтің 
ұзақ  етіп,  шиырып  жазатын  қолын  (почеркісін)  «аңшының 
тазысының  құйрығындай  шиыршық  атып  тұратын  шимай 
жазу»  деп  суреттейді.  Сірә,  бұл  –  орыс  кеңсесіне  кызмет 
етуші Тевкелевтің орыс ша жазуы туралы болуы керек, өйткені 
шиыршықтап  жазу  сол  кездегі  сәндеп  жазудың  бір  шарты 
болғаны мәлім, ал ондай шиыршық атқан нәрсе қазақтың көз 
алдында тазының құйрығы болып елестейді.
Абстракт  ұғымдарды  нақты  затқа,  оның  ішінде  де  қара- 
пайым  тұрмыстық  заттарға  теңеу  өте  әсерлі  шығады.  Мы-
салы, Әбілқайырдың орыс елшілігін күтіп алаң болған көңілін 
«күні  кеше  қымыранның  бетіндей,  көпіршіп  шыға  кел ген 
желбірек  көңіл»  (23)  деуі  –  қазақ  құлағы  үшін  түсінікті  об-
раз.  Бұл  қатардан  жазушының  теңеуге  алған:  «ішіне  құйрық-
бауыр  салып  құдаларға  ұсынған  қара  тегештей  дөңгелек 
алқап...  кемпірдің  қолынан  жел  алып  қашқан  шүйкедей  боп 
тұман кілкиді..., арлан бөрінің азу тістеріндей андыздаған ақ 
тұмсықтардың арасынан жалғыз сабақ ине жіптей ширатыла 
құлаған жіңішке жол... көк теңізге барып бір-ақ тіреледі» (446) 
деген тосын образдарын да көруге бола ды. Бұл мысалдар бір 
абзацта  шоғырланып  келген.  Егер  жай  информативтік  баян-
дау болса, жазушы көрсетілген теңеулерсіз: «дөңгелек алқапта 
тұман кілкиді, ақ тұмсықтардың арасынан жіңішке жол теңізге 
барып бір-ақ тіреледі» деп жаза салар еді, мұндайда оқырман 
тек  алқапта  тұман  болғаны,  жолдың  теңізге  барып  тірелгені 
жайында  жай  ғана  хабар  алған  болар  еді,  бірақ  алқапты  да, 
жолды да, тіпті тұманды да дәл осы жерде баса суреттеу ке-
рек  болып  отыр,  олардың  бұл  жердегі  сюжет  үшін  маңызы 
бар, сондықтан жазушы оларды бейнелеп көрсетеді, бейнелеу 
қызметін теңеулерге артады.
Әрине, «Үркердің» беттеріндегі теңеулердің барлығы – осы-
лар емес, мұнда тұрақты теңеулер де, жоғарыдағыдай авторлық 

94
теңеулер де едәуір. Әңгіме – олардың бар екендігін көрсетуде, 
айтуда емес (бұлар қай шығармада жоқ?), теңеуге алынған об- 
раздардың сипатында (олардың «қазақтығында», ескі тұрмысқа 
қатысты  негізінде)  және  бұл  сипатты  жазушы  не  себептен 
қалап алғандығында, яғни айтпағымыз – Ә.Кекілбаевтың тілі 
талданып отырған тарихи романында кездесетін теңеулерінің 
басымы  әсерлі  образдарға  құрылатындығы,  ол  образдардың 
қазақ  қауымының  өткен  кезеңдердегі  өмірінен,  танымынан 
алынатындығы,  мұндай  теңеулердің  көбі  –  авторлық  болып 
келетіндігі  және  тосындығымен,  сонылығымен  аса  әсерлі, 
ұтымды шыққандығы. Бұл да – шығарма тілінің көркемдік си-
патын көрсететін елеулі белгінің бірі демекпіз.
Көркем  шығарма  тілінің  поэтикалық  бояуы  тек  образ ды 
эпитеттері  не  теңеулерімен  ғана  танылмайтыны  мәлім.  Бұл 
сипатты  шығарма  тілінің  әр  тұсынан  іздеуге  болады.  Шағын 
бір контексте жеке сөздерді қайталап отырып, «ойнату» бар ма, 
аллитерациялатып, ассонанстатып, үнін «тамылжыту» бар ма, 
қайталама тәсілін қолдану бар ма – осылардың барлығы белгілі 
бір  стильдік  мақсат  көздей,  шебер  (орынды)  қолданылса, 
шығарма тілін әсерлі, көркем етіп шығарады, демек, көркемдік 
пен әсерлілік поэтиканың желісін тартады. Бұл реттен келген-
де,  «Үркердің»  беттерінен  осындай  үнді  (сипатты)  үркердей 
шоғырланған  текст  үзіктерінен  көреміз.  Және  бірер  жерінде 
емес, әлденеше жерінен қалай оқып, қалай тәнті болғанымызды 
сезбей де қалатын сияқтымыз. Бір-екі ғана мысал келтірелік. 
Тевкелевтің ойымен баяндалған бір тұста автор көк, көз, көлку, 
көлгір сөздерін «іске қосады»:
Бәрін қойып анау көлкіген көкжиекке қарашы! Көк найза-
сын  самсатып,  жер  қайысқан  қалың  қол  жатқандай  емес  пе! 
Иә,  иә...  Бірақ  ол  қазір  көзден  бір-бір  ұшып  жоғалатын  ал-
дамшы  сағым  ғана.  Алайда  дәл  осы  көлгірдің  көз  алдындай 
көлкіп  тұрған  көкжиекті  мәңгі-бақи  бүйтіп  сағым  шалып 
қана жатпаған. Оны талай-талай көк найзалар да көлкештеген. 
Бірақ олар да артынан көзден көк сағымдай бір-бір ұшып ғайып 
болған! Иә, бұл көл-көсір көкжиектен кімдер келмеген, кімдер 
кетпеген?  Анау  көк  мұнардың  ортасынан  күндей  күркіреп 
һундер де өтіпті, сақтар да, түріктер де, маңғұлдар да өтіпті. 

95
Бәрі де осындай көз ал дында көлкіп тұрған көркем көріністен 
көңіліндегі  әншейін  буалдыр  елеске  айналып...  өткінші  көк 
сағымның кебін киіпті (213-214).
Бұл – сәл қысқартылған бір абзац, бір микротекст. Мұнда 
неге бәрі «көгеріп, көлкіп» кеткен? Автор бұл жер де көз бен 
көк сөздеріне неге қызыққан? Көркем шығарманың сыры – сон-
да, бұл жерде әрбір сөз жүк арқалап тұр, бұл сөздерді алғанда, 
жазушы өзі келе жатқан кең даланың тарихына үңілген дипло-
мат Тевкелевтің ойы мен көзін есте ұстаған: оқыған-тоқығаны 
мол Тевкелевке өткен тарихтың өзі көк мұнар сияқты алыстан, 
көмескі  көрінеді,  келе  жатқан  жолы  да  әзірге  немен  бітері 
белгісіз мұнартып тұр – осыны баса білдіру үшін сол мұнарға 
тігілетін көз де, көлкіген көкжиек те көк найзаға сапқа тұрған, 
стильдік  жүк  арқалаған  сөздер  санын  құраған.  Бұл  құбылыс 
текст  түзімі  (текстообразование)  дегенді  танытады.  Бір  ми-
кротексте  сөзге  стильдік  қызмет  үстеп,  бірнеше  қайталап 
қолдану – текст түзімінің бір амалы. Жазушы бұл құбылысты 
едәуір  жүйелі  түрде  көрсеткен.  Көк,  көз  сөздерінің  стильдік 
магнитінің  күштілігі  сондай,  текст  ішінде  бұлардан  басқа  да 
көлкештеген, көл-көсір, күндей күркіреп, көркем көрініс, кебін 
киіпті сияқты сөздер дыбыстық жағынан олармен аллитерация 
қатарын түзіп, үн гармониясын жасаған. Бір қарағанда, мұндай 
микротекстер  көп  сөзділеу,  қызыл  сөзділеу  болып  көрінуі  де 
мүмкін,  бірақ  олар  баяндау  желісіне  зиян  келтірмейді  және 
шығармада көзделген негізгі идеяны аша түсуге көмектесетін 
қосымша жағдай туғызады.
Кейіпкер  бейнесін  жасау  немесе  белгілі  бір  оқиғаны, 
құбылысты, іс-әрекетті баса көрсету мақсатымен жеке сөздер 
мен тіркестерді стильдік объект ету де – жазушы шеберлігінің 
айнасы. Бұл тұрғыдан «Үркердің» бас кейіпкері – Әбілқайыр 
ханның ішкі-сыртқы портретін жасауда автор сұр, ақ сұрсұп-
сұр сөздерін іске қосады. Ә деп басталғанда, Әбілқайыр «сыз 
қабақ, ақ сұр кісі» деп суреттеледі, бара-бара бұл есімге жа-
наса сұп-сұр жүз, сұп- сұр қалпы деген сияқты сөздер жүреді, 
бұл мінездеме әсіресе Әбілқайырдың ұрыс үстіндегі не Тевке-
лев келгеннен кейінгі арпалыс үстіндегі күй-қалпын білдіруде 
жиі кездеседі. Бұл сөз тек Әбілқайырдың бет-жүзінің келбетін 

96
көрсетпейді  (қазақ  хандықтарының  тізгінін  ұстаған  немесе 
қазақ ортасында өмір кешіп келген хан-төре әулетінің көбінесе 
беттері сопақ ашаң болып келгені белгілі), сұп-сұрлық – ханның 
ішкі  портретінің  көрсеткіші.  Сұп-сұр  болу,  бір  жағынан, 
үлкен тартыста, арпалыста, тебіренген ойда жүрген адамның 
сыртқа тепкен келбетін танытса, екінші жағынан, сұп-сұрлық – 
Әбілқайырдың үміті мен қаупін, қуанышы мен ренішін, қайраты 
мен осалдығын арпалысқан, аңдыған ұяластары мен би, батыр 
сияқты  ел  тізгінін  ұстағандарға  білдірмеудің,  сыр  бермеудің 
қалқаны.  Оны  жазушының  өзі  айтады.  Тевкелев  елшілігінің 
тізгіні  өз  қолына  біржола  өткеніне  қуанған  Әбілқайырды  су-
реттеген жерде автор:
Бірақ жылт-жылт сығалап отырған сыншы көздерге сыр 
алдырғысы  келмей,  үйреншікті  сұп-сұр  қалпына  түсіп  алды 
(386).
Елшінің көз алдына қашан көрсең де, бір қалпында тұратын 
сұп-сұр  жүзі,  тұнжыр  жанары  мен  салыңқы  қабағы  келді. 
Бұның  бәрі  бұрын  оған  қайдағы  жоқ  сұмдықтарды  ойлап 
отыратын ішмерездік қана сияқты көрінуші еді, енді байқаса, 
ішіндегі  қара  қазандай  бұрқ-сарқ  қайнап  жатқан  әлем-
тапырық  көңілін  байқатқысы  келмеген  ерекше  бір  ұстам, 
сабыр  екен  ғой  (416).  Демек,  сұп-сұр  сөзінің  қызметі  тіпті 
де  кейіпкердің  келбетін  білдіру  емес,  керісінше,  Әбілқайыр 
ханның  ішкі  келбетін,  саясатын,  күрес  амалын  білдіруде  бо-
лып тұр. Жазу шы бір сөзге бірнеше беттік суреттеменің жүгін 
арқалатқан.
Шығармада  авторлық  баяндау  көп  ретте  кейіпкерлердің 
көзімен, ойымен беріледі. Сондықтан бұл баяндауда тосын си-
паттамалар, астарлы атаулар аз кездеспейді. Мыса лы, романның 
II  тарауының  басын  автор  баяндап  отырғанмен,  табиғатты 
суреттеуі бар ма, адамдар бар ма – барлығы да Уфадан шыққан 
Ресей елшілігіндегі адамдардың танымымен, көзімен берілген:
Қашан  қарасаң  да,  қанша  қарасаң  да,  бетпақ  әйелдің 
бетіндей  бедірейеді  де  тұрады  (бұл  –  елшілік  адамдарының 
өздері  келе  жатқан  қазақ  даласын  суреттеуі).  [Бұл  даланың 
аспанына]  аспан  деп  дабырайтып  ат  қойып  жүрген  де  бұлт 
көріп, аспан көріп жарымай, ала жаздай ақ шаңыттың ішінде 
далақтап  шапқылайтын  да  жүретін  күс  табан,  жарық  ерін, 

97
жалба  тымақ  көшпенділер  шығар  (186).  Суайттар  күрек 
тістері көстеңдеп сөйлей жөнелгенде (187); қайдағы бір бар-
жоғы  белгісіз  қаңғырма  халықтың  қайдағы  бір  бар-жоғы 
белгісіз  қаймана  ханына  жер  түбінен  елші  шаптырып... 
(188);  ен  далада  өз  көлеңкесімен  өзі  жарысып  жүрген  әуейі 
көшпенділерді (188).
Бұлардың бәрі – авторлық баяндау, бірақ сөз – онікі емес, 
автор өз халқын бұлайша қорлап атамас болар. Шығарманың 
біраз тұстарындағы авторлық баяндаулар Тевкелевтің ойы етіп 
берілген (226, 327, 377-беттерді оқыңыз).
Ал кейіпкер тіліне келсек, әрине, жазушы ханды хан ша, биді 
бише, Итжемес қаңғыбасты Итжемесше дегендей, әрқайсысын 
өзінше  сөйлетеді,  бірақ  қазіргі  ешбір  қаламгер  бұдан  екі-
үш  ғасыр  бұрынғы  қазақтардың  күнделікті  тұрмыстағы 
сөйлеу  тілін  бұлжытпай  дәлме-дәл  бере  алмасы  хақ  (өйткені 
оның  үлгісі  сақталған  емес),  бірақ  ауызша  сақталып  жеткен 
шешендік  сөздер  мен  өлең-жырлардың  тіліне  қарап,  би,  хан 
сияқты  адамдардың  сөздерін  шамалап  беруге  болады.  Мұны 
Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Софы Сматаевтар өте жақсы 
игерген.  Олардың  әсіресе  би  кейіпкерлері,  хан-ханымдары 
сөйлеп кеткенде, қазақтың шешен сөзіне тәнті боласың.
«Үркердегі»  Мәті  бидің  сөздері,  Төле  бидің  монологтері 
осыған  куә.  Мәті  –  Төле  би,  Әйтеке  би,  Қазыбек  бидей  ел 
тағдырын  ұстаған  атақты  тұлға  болмағанмен,  ақыл-ой  мен 
қызыл  тілге  келгенде,  нағыз  шешен,  қарапайым  халықтан 
шыққан жезтандай.
Жазушы  билерді  шешен  тілде  сөйлеткенде,  шешендіктің 
тілдік-көркемдік  белгілерін  (механизмін)  жақсы  келтіреді:  ең 
алдымен, олардың сөзінде үлкен логика, қисын, дәлел болуы 
керек,  екіншіден,  мұнда  экспрессиялы  сөздер,  әсерлі  эпитет-
тер,  қонымды  теңеулер,  ұйқасты-ырғақты  құрылымдар  орын 
алуы  керек.  Мәті  қарт  жас  жігіт  Әбілқайырға  түсін  жорып, 
кеңес бергенде:
–  Шырағым,  алыстан  орағытып  сөйлегеніңе  қараған да, 
ақылды  жас  боларсың.  Ақыл  сүйкімді  көрінгенмен,  оның 
дегенін  істеп,  мүйізі  қарағайдай  болып  жатқан  ешкімді 
әзір  көре  қоймадық.  Өйткені  ақылға  айтқызсаң,  қапысыз  іс, 
қатесіз  сөз  болмайды  дейді,  ең  дұрысы  –  ештеңе  айтпаған, 

98
ештеңе істемеген дейді... Мен білсем, мына заманың тап ақыл 
сұрамайды, абырой сұрайды. Бұл заманда абыройдың да аты 
өзгеріп  кетіпті.  Оны  бүгінде  бедел  дейтін  болыпты.  Бедел 
дегенің  –  есігіңнің  алдында  көлденең  түсіп  жатып  алатын 
күдіре желке көк төбет сияқты.Ол да үйінің сорпа-суаны мол 
дәулетті кісіге бітетін көрінеді. Сонсоң да, балам, біз секілді 
сөз деп аталатын қотыр шыбыштың шандырын тартқылай-
тартқылай, оны да әбден ақта қып суалтып жіберген, күні 
өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап 
дәулет қуып, дәурен іздеген, жалыны қайтпаған жастарға үйір 
болғаны дұрыс. Тәйірі, жөн білетін текті жігітке ел ұстау де-
ген  сөз  бе  екен!  Ол  үшін  үлкенге  ізет,  қатарға  құрмет,  ініге 
жүктеу 8.99 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет