Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 8.99 Kb.
Pdf просмотр
бет3/21
Дата22.01.2017
өлшемі8.99 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

синонимдердің көрінісі.
Синоним  дегендер  –  тек  мағыналас  (мәндес)  келген  сөз 
қатарлары ретінде лексикалық категория ғана емес, қолданыста, 
әсіресе көркем сөзде ең қуатты, икемді, актив стильдік құрал. 
Синонимдерді  көріктеуіш  қызметте  жұмсау,  әсіресе  поэзия-
да кең орын алады. Жұмсалу тәсілдері, орындары сан алуан: 
синонимдік қатардан сол орында (сөйлемде, абзацта, шумақта 
т.т.) айтылмақ ойға (идеяға) ұтымды келетін варианты алына- 

31
ды, ол ұтымдылық сөздің модальдық реңкіне, тіркесу қабілеті- 
не, айналасындағы сөздермен дыбыстық үндесуіне (аллитера-
ция, ассонанс құбылыстарын жасауға) қарай жұмсалуына бай-
ланысты. Мысалы, қорлық, мазақ көрген Ғазизаның енді үйге 
кіріп қайтемін деген ақырғы ойын жазушы «көңілінде қалған 
таусыншық  сезімнің  ойлатқаны»  деп  береді.  Бұл  сөйлемдегі 
таусыншық сөзі «әрі қарай қайраны жоқ, таусыла ойлап келген 
байламы, шешімі» дегенді бір сөзбен дәл беріп тұр, бұл сөздің 
таусылған, таусыла ойлаған, ең соңғы, ақырғы деген сияқты 
басқа синонимдері дәл осы сөйлемде таусыншық деген сирек 
тұлғадай әсерлі, нанымды болмас еді.
Синонимдік  қатардың  біреуін  таңдауда  олардың  белгілі 
экспрессивтік  бояуы  барларына  көбірек  көз  тігіледі.  Мыса-
лы,  мына  сөйлемдегі  көсемше  тұлғалы  екі  етістікке  назар 
аударалық.
Кеңсе  қызметкерін  жаңылдырып,  тез  миландыру  үшін 
Жұмағұл бір жайды көптіріп,екінші жайды шөмейте сөйлеп 
есебін тауып жүр.
Бөлініп  көрсетілген  сөздердің  асырып,  кішірейтіп  деген 
синонимдік  қатарлары  осы  сөйлемде  айтылған  ойдың  мо- 
дальдық  үніне  сай  келмес  еді,  өйткені  мұндағы  кейіпкердің 
өзгелерді  жаңылдыру,  миландыру  сияқты  жағымсыз  қылық- 
тарын  баса  көрсетуге  лексикалық  мағынасының  өзінде 
жағымсыз  реңкі  бар  көптіріп,  шөмейте  етістіктерінің  орны 
айрықша болып тұр.
Синонимдердің  ең  кемінде  екеуін,  кейде  үш-төртеуін  бір 
сөйлемде  қатарынан  келтірудің  де  стильдік  мәні  бар.  Жазу-
шы бір нәрсеге, әсіресе сын, қимыл тұстарына екпін түсіргісі 
келсе,  бір  мағыналас  немесе  мағыналары  осы  контексте 
жақындасатын  сөздерді  қатарластыра  жұмсайды.  Бұл  тәсіл, 
әсіресе  поэзияда  көзге  түседі.  Мысалы,  Абайдың  «түзу  кел, 
қисық, қыңыр, қырын келмей» деген өлең жолын еске түсірейік. 
Мұнда түзу сынына бас назар аудару үшін, оның қарама-қарсы 
мағынадағы үш синонимін келтіруі қандай әсерлі! Прозада да 
бұл амалға жазушы қалай барып қалғанын өзі де сезе бермейді, 
өйткені  амал  әсерлі,  М.Әуезов  синонимдік  қатарлардың 
осындай  қызметін  көбінесе  табиғат  суретін  берген  немесе 

32
адамның ішкі сезім күйін, әрекет-қимылын көрсеткен тұстарда 
қолданады. Мысалы:
[Ғазизаның] ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғи 
шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың уайымның салған ізі 
бар («Қорғансыздың күні»).
Мұнда  жетім,  қорғансыз  Ғазиза  баланың  ұяң  да  жұмсақ 
қарағанмен,  қабағының  шытынап,  кірбіңдеп  тұрған  күйде 
көрінетіндігі ішкі жан күйзелісін әсерлі баяндап тұр. Сондықтан 
оның  пішіні  мұңды,  жүдеу.  Соңғы  мысалдағы  қатар  келген 
сөздер – лексикалық синонимдер емес, контекстік, стильдік си-
нонимдер.
Бір ерекшелік – М.Әуезов мұндай сәттерде синоним сөздерді 
қосарлап келтіріп, қос сөзге айналдырып жібереді. Мысалы:
Мұңлы кемпірдің шер-уайыммен сарғайған жүзі («Оқыған 
азамат»). [Өзен] кейде тура ағып, кейде иіріліп, бұраң-шимай 
жасайды («Қыр суреттері»).
Мұндағы бұраң-шимай деген қосар тұлға әуре-сарсаң, мал-
шы-жалшы,  көрші-қолаң  (шы)деп  осы  әңгімеде  кездесетін 
өзге  қос  сөздерден  бөлек.  Соңғылар  –  осылайша  қолданыла-
қолданыла келіп, лексикалық қос сөздер болып кеткендер, ал 
«бұраң-шимай» – тек авторлық, контекстік, яғни стильдік си-
ноним қос сөздер, бұл жерде өзеннің кейде тура, кейде иірілген 
ағысының әсерлі сыны бұраң-шимай болып тұр.
Жазушының 20-жылдардағы шығармалары тіліндегі қорлық-
мазақ, ауыл-аудан, әбігер-машақат, тыным-тыныштық, жал- 
қау-лодыр  («көзге  шұқиын  міне  жалқау-лодырды»  –  «Білек- 
ке білек»), айқай-дабыр сияқты қос сөз етіп жазылған қолда- 
ныстары – тегінде, қосарланған синонимдер. Лексикалық (яғни 
қосарланып  жұмсалуы  дағдыға  айналған,  көпшілік  қолдана 
беретін,  тұрақталған)  қос  сөздер  мен  көрсетілген  орфограм- 
малық (сірә, осылайша атағанымыз тура болар) қос сөздердің 
жасалу механизмі біртиптес болғанмен, қолданыс мақсаттары 
екі түрлі: дағдылы қос сөздер, экспрессивтік бояусыз, көбінесе 
жай  хабарлама  (информативтік)  сәттерде  қолданылады,  ал 
авторлық  қос  сөздер  сол  сөздер  білдіріп  тұрған  ұғымды 
күшейте  түсу  үшін,  көбінесе  бір  қолданар  тұлғалар  болып 
келеді,  Байқалатын  жайт  –  М.Әуезовтің  беташар  прозасында 

33
(20-жылдардағы  әңгіме-повестерінде)  бұл  амал  шет  жағалап 
көрінеді  де,  жазушының  әрі  қарайғы  шығармашылығында 
жүйелі түрде кеңірек орын алады. Мысалы, «Абай жолы» эпо- 
пеясы  тексінен  мейір-шапқат  («Ызылдаған  суық  лектің  қар- 
сысына  ана  жыры,  мейір-шапқат  жыры  үн  қосады»),  дау- 
дүдәмал,  құбылу-қыбылжу,  мәз-мереке  етісу,  бақас-тақас 
сияқты қолданыстарды табамыз. Оларды авторлық орфограм- 
малық  немесе  графикалық  қос  сөздер  деп  тану  қажет.  Сино- 
нимдік  қатарларды  қос  сөз  етіп  бір-біріне  қосарлай  қолдану 
М.Әуезовтің әсіресе публицистикасында жиі орын алады.
Көркем  шығарманың  белгілі  бір  жанрында  немесе  бір 
жазушының тілінде, я болмаса белгілі бір туындысында сино- 
нимдердің  стильдік  мақсаттағы  қолданысын  тауып,  ажыра-
ту, олардың контекстегі мағынасын ашу, түр-тұлғасына қарай 
іріктеу  сияқты  лингвостилистикалық  «шаруалар»  қажет  те, 
қызғылықты  да  болар  еді.  Біз  бұл  ізденісте  қазақ  көркем 
прозасының алғашқы кезеңінде бой көрсет кен тілдік-стильдік 
тәсілдерді атап өтуді ғана мақсат тұтқандықтан, синонимдер- 
дің қолданысы жайында осындай шағын шолумен тынамыз.
Сөз  әрлеу  деп  отырғанымыз  да  –  айналып  келгенде  сөз 
таңдау, сөз қолданысы дегендеріміз сияқты, көркем шығарма 
тіліндегі  жеке  сөздердің  (және  тіркестердің)  «қылығы»:  қыз- 
меті, стильдік жүгі (орысша айтқанда, «поведение слова в ху-
дожественном тексте») деген тұтас құбылысқа кіреді. Әсіресе 
«сөз  әрлеу»  дегенде  сөздің  көріктеу  құралы  ретінде  келген, 
сөзбейне болып көрінген сәттері талданады.
Шығарманың  «көркем»  деген  анықтауышының  өзі  айтып 
тұрғандай, ол әсем, әсерлі болған күнде ғана көркем әдебиет 
әлеміне кіреді. Бұл жердегі көркем сөзі тек «сұлулық, әдемілік» 
деген ұғымды ғана емес, біздіңше, ең ал дымен «әсерлілік» де-
ген ұғымды беруге тиіс. Өйткені адам (оқырман) сезіміне тек 
жағымды (әдемі, әсем) нәрселер емес, жағымсыз нәрселер де 
әсер етеді, ғылым тілімен айтсақ, жазушы сөздердің жағымды-
жағымсыз  экспрессиясын  пайдаланып,  олардың  эмоциялық 
күшін танытады. Осы реттен келгенде, көркем проза тілінде де 
қалам иесі теңеу, эпитет, метафора, әсірелеу сияқты көріктеуіш 
құралдарды жұмсайды, мақал-мәтел, бейнелі фразеологизмдер 
де шығарма тілін әрлендіретін материалдар қатарына кіреді.

34
М.Әуезовтің жазушылық талантын бірден танытқан белгі- 
лердің  бірі  –  20-жылдардағы  шағын  әңгімелері  повестерінің 
өзінде олардың тілінің көрікті, көркем, әсерлі болып келуінде. 
Бұл  көркемдікті  беруде  жазушы  ана  тілінің  ғасырлар  бойы 
қалыптасып,  белгілі  бір  бояумен  айтылатын  теңеулерін  де 
пайдаланады.  Солардың  қалыбымен  (моделімен)  өзі  де  жаңа 
теңеулер  ұсынады.  Қалыбы  деген де  теңеулердің  жасалу 
тәртібі  сияқты  сыртқы  моделін  ғана  емес,  теңеуге  алынатын 
материалдың (зат, құбылыс, ұғымдардың) көзін атаймыз. Мы-
салы,  Әуезовтің  алғашқы  әңгімелеріндегі  теңеулердің  дені 
қазақтың  айналасын  қоршаған  табиғат  көріністерінен,  күн- 
делікті зат-бұйымдарынан, тұрмыс-салтынан, мал бағу, көшіп-
қону сияқты тіршілік әрекеттерінен алынады:
Жолдың  аузында  көлденең  созылып  жатқан  тұрқы  он 
шақырымдай болғанымен, енсіз кереге сықылды, жалғыз тау... 
Қыстың  басынан  екі  жағын  қар  алып,  жұмыртқадай  қылып 
тегістеп тастайды (І, 29).
Қазақ  табиғат  көріністерін  сөз  еткенде,  теңеулерге  жиі 
жүгінеді, бұл тәсіл, біріншіден, айтпақ ойына әсерлі үн берсе, 
екіншіден, табиғаттың әр тұсын мәпелей, сүйіне сөз ету, сірә, 
сол  табиғатпен  етене  болған  дала  перзенттері  –  қазақтардың 
жанына  жылы  тиетін  болу  керек.  Сондықтан  М.Әуезов 
әңгімелерінен: «Жұқалаң, ұзыншақ көп бұлт қызыл сеңдей бо-
лып, батар күнді ентелеп қамап тұр... Қара көк тұңғиық аспан 
күнбатысқа тақаған жерінде қызыл торғындай толқынданып, 
кейбір жерінде қызулы өрттің жалынындай жайнайды. Күннің 
ақырғы  сәулесі  түсіп  тұрған  тау  бастары  көлеңке  басқан 
қоңыр жердің алтын шатырындай нұрланып қызғылттанады»  
(I, 70) деген жолдағы табиғатты суреттеген шағын бір абзац- 
тың өзінде қаншама теңеу бар және бәрі – халық құлағына жат 
емес, таныс суреттер.
Ал  түнерген  тауды  бетіне  көлеңкедей  әжімі  жиылып  
теңеуі (I, 70). Саршегір деген құс алатын қыранды машинаның 
айналысындай бір айналыс жасады (І, 72) деуі, кінәмшіл бой-
жеткен  Ғайшаның  қылығын  саяз  судың  жайдақтап  аққан 
ағысы  сияқтанып  (І,191)  деуі  –  бұлардың  барлығы,  әрине, 
автордың өзі ұсынған теңеулері.

35
Контекстік,  яғни  автор  ұсынған  теңеулердің  ішінде  жаз-
ба әдебиетке тән оқыс үлгілер де бар. Мысалы, Қаралы сұлу 
– Қарагөздің жесірлік күй кешіп өтіп жатқан жылдарын қара 
жел  үзілмей  соққан  күздің  суық  күніне,  Қарагөздің  төсегін 
қаралы тор, өзін сол қаралы тордың бұлбұлына теңеуі (І,214) 
кәнігі емес, соны, авторлық салыстырулар.
Көркем  шығармада  көріктеу  құралдарының  қай-қайсысы- 
ның да авторлық түрлері басым болып келеді. Бұл – жазушы- 
ның  дүниетанымына,  содан  өзі  алатын  ой  түйініне  (вообра- 
жениесіне) тікелей байланысты құбылыс. Осы реттен келген- 
де,  М.Әуезов  өзінің  әр  нәрсені  салыстырып  сезінуі  –  ассо-
циациялау  қабілеті  күшті  жазушы  екенін  шығармашылық 
жолының алғашқы қадамынан-ақ танытады.
Көркем проза негізінен, поэзиядай емес, эпитет, мета фора, 
метонимия, әсірелеу, литота дегендерге жиі бармайды. Олар 
көбінесе  көркем  прозаның  біреуді  немесе  табиғатты,  адам 
сезімін суреттеген тұстарында, я болмаса кейіпкерлер тілінде 
жұмсалады. Ал автордың баяндау тілінде бұлардың жиі көрінісі 
орынсыз қызыл тілділікке апарғаны болар еді. Жас жазушы – 
М.Әуезов осыны өте жақсы сезген. Сондықтан оның алғашқы 
туындыларының тілінде кездесетін әсерлі эпитеттер, орынды 
метафоралар  авторлық  баяндауда  аса  көп  емес,  барларының  
өзі көбінесе әдеби тіл қорынан ауысқан болып келеді. Мысалы:
[Арқалық  тауының  бауырындағы  ел  таудың  малға  панасы 
жоқ болғандықтан] шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын.., 
самсаған сары қол...
Ал кейбір кейіпкердің тілінде көріктеу құралдары еркінірек 
жұмсалған.  Әрине,  кез  келген  адам  (кейіпкер)  кез  келген 
сәтте  бейнелеп,  астарлап,  әсірелеп  сөйлей  бермейтіні  мәлім. 
М.Әуезовтің  «Қорғансыздың  күніндегі»  қарт  әже  кештетіп 
қоналқаға келген екі жолаушыға ұзақ әңгіме айтады, жай айт-
пайды, шерін  шертеді, жетім-жесір қалған  ауыр халдерін ба-
яндайды.  Бірақ  ол  әңгімесі  адамдардың  күнделікті  ошақ  ба-
сында бір-бірімен тіл қатысатын тым қарапайым түрде емес, 
«әрі-бері өтіп жүргенде, сондайлық бишаралар еді-ау деп есіне 
ала  жүрсін  деп»  тыңдаушыға  әсер  ете  айтылады.  Сондықтан 
мұнда  «барлық  дүниенің  тауқыметін  арқалап  қалған  жас 
бала», «сарнаған тілінен басқа түгі қалмаған қуарған кемпір... 

36
«Жар дегенде жалғыз сенген Ысмағүл қуарған қу өмір.., тілеуі 
құрыған  сорлы  сияқты  анықтауыштар  –  жай  емес,  бейнелі 
(образды),  бірақ  оларды  жазушы  өзі  жасап,  қарияның  аузы-
на  салмаған,  қазақтың  әдеби  тілінде  бұрыннан  келе  жатқан, 
дағдылы  қолданыстарды  пайдаланған.  Мұнда  қарияның 
монологінен  үйін  базар,  түзін  той  қылу;  табанынан  тау-
сылу;  аткөпір  қылып  алу,  беру;  аштан  өліп,  көштен  қалу; 
жалтаңкөз  қылу;  тұмсығы  тасқа  тию;  ақылымыз  алтыға, 
ойымыз онға бөлінді; төрінен көрі жуық болу сияқты бейнелі 
фразеологизмдерді де естиміз. Қарт әйелдің ұзақ әңгімесінде 
жазушы  оның  аузына  «өтпес  жарлық  –  бойға  қорлық», 
«тышқанның  өлгені  –  мысықтың  ойнағаны»,  «қас  жаман 
қасындағысын  қарақтайды»  тәрізді  мәтелдерді  салып,  бұл 
кейіпкердің сөз жүйесін білетін, ақыл иесі, көпті түйген ауыл 
анасы екенін танытады. Кейіпкер – сынбаған ажар, қажымаған 
қайрат,  кең  салқын  ерлік  иесі  болып  келген  бұрынғы-соңғы 
қазақ әйелінің жиынтық образы. Сондықтан оның сөзі жүйелі, 
әсерлі, бейнелі етіп берілген. Бұл – жазушының қас шеберлігі.
Сірә, «Қорғансыздың күнін» Мұхаңның көркем сөз сарайы-
на еркін енуге ұсынған бұлтартпас «пропускісі», «суреткерлік 
паспорты»  десек  болар.  Бұл  шағын  әңгімені  өмірге  келген 
қазақ  прозасын  әлемдік  деңгейге  көтеретін  шеберлік  үлгісін 
ұсынған  аса  құнды  туынды  деп  танимыз.  «М.Әуезов  болса, 
бүкіл  әлемдік,  оның  ішінде  орыс  және  батыс  әдебиеттерінің 
көркемдік  деңгейіне  көтеріліп  барып,  творчествоға  ден 
қойып еді. Бұған оның тұңғыш жарық көрген көркем шығар- 
маларының  бірі  –  «Қорғансыздың  күні»  атты  әңгімесі  анық 
айғақ бола алар», – дейді. Әуезовтің 12 томдығының 1-томын 
баспаға  әзірлеп,  ғылыми  түсініктерді  жазушылар  (1-том, 
«Жазушы»  баспасы,  1967,  411-бет).  Мұны  «1921  жазылған 
«Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын 
мағынасындағы еуропалық прозаның дәрежесіне көтерілді», – 
деп Сәбит Мұқанов та айтқан болатын
9
.
Көркем  әдебиеттің  бүкіләлемдік,  батыс  еуропалық,  орыс- 
тық деңгейін көрсететін белгілердің бірі – оның тілдік-стиль- 
дік түр-тұрпаты болса, 1921 жылғы «Қорғансыздың күнінен» 
9
  Мұқанов  С.  Көрнекті  жазушы  –  М.О.  Әуезов  //  М.О.  Әуезов  (60  жылдығы).  - 
Алматы: Ғылым, 1959. - 13-бет.

37
бастап,  1920-1930-жылдардағы  барлық  әңгіме-повестері  осы 
сападан төмен түспеген.
Көркемдіктің бір қыры – суреттеу амалдарынан байқалады. 
Жазушы  табиғатты,  жыл  мезгілдерін,  оларға  жан  бітіріп  су-
реттеп,  поэтикалық  этюдтер  жасайды.  Ерек ше  көзге  түсетін 
нәрсе – М.Әуезовтің алғашқы әңгіме-повестері, тіпті олардың 
жеке  бөліктері  табиғат  көрінісін  суреттеуден  басталады 
(бұның еуропалық, орыстық, мы салы, түргеневтік тәсілге ба-
рып  ұласатыны  байқалады).  Осы  суреттердің  синтаксистік 
құрылымы да, суреттеу мәнері де жазушының өзі әдейі қалап 
алған  үлгіде  келеді.  Мыса лы,  «Оқыған  азамат»  әңгімесінің 
1-бөлігінің  1-беті  «Суық  қыстың  орта  кезі.  Күн  түске  тақап 
қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық... Жер қарлы...» деп бастала-
тын абзацпен ашылады (151).
І  бөлігі  «Жаз  келіп,  көк  шыққан  тұстағы  суреті,  мұнда 
табиғатқа жан бітеді»:
Жапырақтары жетіліп, жазғы жасыл киімін киген ағаштар 
бір-бірімен  мың  түрлі  тілмен  сөйлесіп,  сырласа  теңселіседі»  
(I, 56).
ІІ бөлігі май айының суретін беруден басталады. Мұнда да 
жазушы жай баяндау емес, бейнелеп, жан бітіріп, әр нәрсеге 
теңеп, қысқасы, көркем, әсерлі тілмен суреттеу стиліне барған.
...Көк жетіліп, гүл-жапырақ молайған... Жапырағы жетілген 
жас  қайың,  өзекті  қуалап  өскен  ұзын  тоғай,  тасқыны  басыл- 
май,  сарқырап  аққан  ойнамалы  жүйрік  өзен,  бойы  өсіп  бұр- 
аңдап  толқынданған  жасыл  шалғын,  өзектің  екі  жағындағы 
қатарланған биік жартас, өзек бойында ойнап ұшқан жыршы 
құстар – бәрі жиналғанда, сайды жаңа түскен жас келіншектің 
отауындай жайнатып, жасартып тұр... (І,59).
Соңғы  IV  бөлігі  де  табиғат  көрінісінен  басталады.  Бұл 
бөлім «Жаз ортасы ауып, дала сарғайып, жүдеу тартқан» кезді 
көз алдымызға келтіреді. Әңгіменің төрт бөлігі жазды енді кел-
ген тұсынан өтіп бара жатқан кезіне дейін төрт кезеңге бөліп, 
сол бір жаздың ішіндегі «оқыған азаматтың» көк шыққаннан 
(достықтан) басталып, дала сарғайғандыққа (арсыздық, дүние- 
қорлық, опасыздыққа) дейінгі іс-қылығын көркем параллель-
мен берген.
Алғашқы  қалам сілтеудің бірі 1922-1923-жылдары жазыл- 
ған  «Қыр  суреттері»  де  осындай  адамдар  тіршілігі,  жаздың  

38
жайлы кешіндегі, қыстың ұзақ түніндегі, қар жамылған дала- 
дағы  суреттермен  көмкеріліп  суреттелген.  Бұл  –  тек  тілдік-
стильдік қана емес, жалпы авторлық көркем мәнер ерекшелігін 
танытатын шығарма.
М.Әуезовтің  «Қорғансыздың  күнінен»  бастап  «Қаралы 
сұлуға»  дейінгі  1922-1925  жылдары  жазылған  13  әңгімесі  – 
шығармашылық  тұрғысынан  ғана  емес,  тілі,  стилі,  авторлық 
мәнері жағынан да көп ізденген, арнайы еңбек еткен үлгілер. 
Бұлар  кейін  «Абай  жолы»  сияқты  ұзақ,  қиын  мәреге  жететін 
тұлпардың тұяқ алысын танытатын туындылар болып шыққан.
Мұхтар  Әуезовтің  оқырманды  өзіне  еріксіз  тартатын,  бас 
алмай оқып шығуға бой алдыратын, қазақтың көркем сөзінің 
құдіретін көрсететін әсем де әсерлі тілі бірден көрінді дей ала-
мыз.  Әрине,  шығармашылық  жағынан  ілгері-кейінгі  сатыла-
ры, ізденістері болған шығар, ал көркем тілі жағынан жазушы 
шеберлік стартын бірден дұрыс алған.
Кейіпкер тілі және автор тілі дегеніміз – шығарма компо-
зициясын құрайтын бірліктер – кейіпкер сөзі және автор сөзі 
дегендерден бөлек дүниелер. Алғашқысы – стильдік категори-
ялар болса, соңғылар – композициялық-синтаксистік, яғни тіл- 
дік қатегориялар. Соңғыларды бір-бірімен синтаксистік қарым- 
қатысқа  түсу  тұрғысынан  қарастыру  қажет  болса,  алдың- 
ғыларын стильдік тұрғыдан талдау қажет.
Кейіпкерді  жазушы  әдетте  өз  заманының  немесе  өмір 
сүрген кезеңінің тілімен сөйлетеді, сондай-ақ кейіпкер өзінің 
мінезіне, алған төрбиесіне, өскен ортасына, жасына, әлеумет- 
тік  орнына  сай  сөйлеуі  қажет.  Егер  XV-XVII  ғасырлардың 
билері  мен  ақсақалдары  бас  қосқан  жерде  «мынадай  мәселе 
қараймыз», «күн тәртібінде тұрған мәселелер» деп жатса не-
месе бүгінгі жай кеңсе қызметкері, есепші-бухгалтер, студент 
бала  күнделікті  тұрмыста  бұрынғы  билерше  мақалдатып-
мәтелдетіп,  ұйқастырып,  ырғаққа  салып  сөйлеп  жатса,  ол 
шындық  болмас  еді,  шындыққа  жанаспайтын  шығарманың 
көркемдік-идеялық  құны  да  болмас  еді.  Сондықтан  мұндай 
теорияны  оқып  білсін-білмесін,  нағыз  жазушы  кейіпкерлерін 
өздері беріп тұрған образға сай сөйлетеді. Кейіпкер сөзі оның 
бейнесін жасауға тікелей қызмет ететін көркемдік тәсілдердің 
бірі болып саналады.

39
М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгімелерінің кейіпкерлерінің 
дені  –  сол  кезеңдегі,  не  содан  сәл  ертерек  тұстардағы  ауыл 
адамдары мен қала тұрғындары, интел лигент өкілдері, «оқыған 
азаматтар»,  «сауатты  бойжеткендер».  30-жылдарда  жазылған 
әңгіме-повестеріндегі  кейіпкерлер  сол  кезендегі  колхозшы-
лар, шаруа адамдары болып келеді. Демек, жазушы бұлардың 
әрқайсысын «өз орындарынша» сөйлетеді. Жоғарыда айтылды, 
«Қорғансыздың күніндегі» сексеннен асқанда жалғыз баласы-
нан  айырылып  еңіреп  отырған  кемпір  «ауыл  ақсақалы  басты 
еркектерше қонақтармен жақсы сөйлесіп» отырады, демек, ав-
тор оны күнделікті күйбең тіршілікте от басы, ошақ қасындағы 
ауызекі сөйлеу машығымен емес, «басты ақсақалдар» тілімен 
сөйлетеді, «кемпірдің әңгімесі шешен, үғымды тілмен ұзақ ай-
тылды» дейді жазушының өзі.
«Сыбанның моласындағы» кезінде өз ортасының «айдынды 
қолбасы, батыры болған (Жортар) ақсақалдың әңгімесі моно-
лог  түрінде  жазылған,  мұнда  басынан  өткізген  оқиғаларды 
өткен шақ етістіктермен, қысқа-қысқа сөйлемдермен келтіріп, 
тындаушыны қызықтырып әңгімелейтін стиль жақсы берілген. 
Кейіпкер  атынан  берілетін  шығарманың  тілдік-стильдік  бір 
белгісі – әңгімеші тыңдаушыларын әңгімесіне қатыстыра сөй- 
леуден бастайды. Мыса лы: «Өздеріңдей жас шағым еді – құлағы 
көрініп, аты естілген пәле болса, іздеп барып соқтығатұғын». 
Әрі қарай Жортар ақсақал нағыз әңгімешінің мәнерімен, яғни 
бірде  өзін  сипаттап,  бірде  өзі  кешкен  оқиғамен  қызықтыра 
әңгімесін айта жөнеледі. Мұнда ауызша әңгімеге тән элемент-
тер  орын  алған,  яғни  қыстырма  сөздер  де  бар:  «Сол  жаққа 
көзім түсіп кетіп еді, Құдай көрсетпесін, көзіме өзінің бұрын 
түсіп көрмеген, атын естімеген бір пәле көрінді» (I, 81); «сөздің 
шыны керек, тұрайын десем, буынымды баса алатын емеспін» 
(І,  81);  қарапайым  сөздер  де  (бірен-саран)  бар:  «Өзіме  өзім 
сүйсінуім әлей болды» (I, 82). «Мен туғанда да шешем еркек 
бала  таптым  деп  қалжа  жеген,  Құдай-ақ  та!  –  деп  жағаласа 
кеттім» (I, 82).
Заттың  сынын,  қимылдың  амалын  білдіруде  де  ауызша 
сөйлегенде әсерлей түсетін сөздер таңдалып алынған: «Астым-
да есік пен төрдей ақ боз атым бар. Өзі алысшыл, екпеттеп ша-
батын мықты жылқы еді. Шүу деп салғанда, кібіртіктеп шаба 

40
алмайтын...  Көзімді  ашып  алғанда,  ұйқым  шайдай  ашылып 
кетті... Бойы еңгезердей үлкен, биіктігі кісі бойы –
:
қол созым-
дай» (I, 80, 81). Мұндағы көрсетілген сөздер – тым қарапайым 
емес, бірақ көбінесе ауызша әңгімелеп отырғанда әсерлі, эмо-
ционалды болып келетін варианттар екені байқалады.
Біздің  байқауымызша,  әсіресе  әдеби  тілдің  ауызша  түрін 
зерттеу  үстінде  талданған  материалдарға  қарап  түйгеніміз  – 
қазақ  қауымында  бұрын  (тіпті  қазірдің  өзінде  де)  бір  нәрсе, 
әсіресе  өткен  оқиғалар  жайында  ауызша  әңгімелеп  беру 
жанры болған
10
. Бұл жанрдың негізі, төркіні ауызша айтыла-
тын  аңыздар  мен  ертегілер  болғанымен,  тілі,  стилі  жағынан 
бұлармен  тепе-тең  бірдей  емес.  Ауызша  әңгімелеу  ауызша 
әдеби тіл үлгісіне жатады, оның өз белгі-ерекшеліктері бола-
ды. Солардың бірі – негізінен сөйлемдері қысқа қайырылып, 
сөздердің орын тәртібінің дұрыс сақталуы. Мысалы, М.Әуезов 
Жортар қартты осылай сөйлетеді:
Ойлап  отырғаным  ат  емес.  Қарудан  найза  мен  шоқпарым 
бар еді. Оның екеуін де бейітке кірерімде сыртқа сүйеп қойып 
кеткем...
Әңгіме  бастан-аяқ  дерлік  осындай  қысқа  сөйлемдермен 
келеді. Ауызша сөйлеу үстінде жай сөйлемдерді байланысты-
ратын  жалғаулықтардың  немесе  кейбір  сөйлем  мүшелерінің 
түсірілуі жиі кездеседі. Жортар қарт та сөйтіп түсіріп сөйлейді:
Кеш батқан соң күн ашыла ма деп едім, – ашылмады... Біраз 
жүріп қасына келдім, қарасам – төрт құлақты бейіт... Жалғыз 
ғана  семсерім  бар  еді,  –  ол  ішімде,  қында  болатын...  Қыбыр 
етіп қозғалсам, – бас салатын сияқты қорқып отырмын (I, 80, 
81).
Міне, үш беттік шағын әңгімеде осындай он шақты «қай- 
талаған»  синтаксистік  құрылымдардың  орын  алуы  –  жазу- 
шының  ауызша  әңгіме  стилінің  кілтін  дұрыс  тапқанын 
көрсетеді.  «Қыр  әңгімелері»  деп  ұсынған  екі  шығарманың 
екеуі де – «Сыбанның моласында», «Текшенің бауырында» – 
кейіпкерлер атынан әңгімеленген оқиға түрінде берілген. Бұл 
екі  туынды  да  ауызша  әңгіме  жанрын  өте  жақсы  танытады. 
Күндердің күнінде осы жанрды жеке бөліп қарап, оның тілдік-
стильдік болмысы зерттелетін болса, Б.Майлиннің «Шұғасы» 
10
 Әдеби тілдің ауызша түрі. - Алматы: Ғылым, 1987.

41
мен М.Әуезовтің «Қыр әңгімелері» лингвистикалық стилисти-
ка объектілерінің бастауы болатынын айтар едік.
Кейіпкер тілін зерделеу барысында ондағы ауызекі сөйлеу 
элементтерінің,  жергілікті  тіл  ерекшеліктерінің  (диалектиз- 
мдердің)  орын  алуы,  кірме  сөздердің,  оның  ішінде  макаро-
жүктеу 8.99 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет