Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 8.99 Kb.
Pdf просмотр
бет14/21
Дата22.01.2017
өлшемі8.99 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

толғануболып келеді. «Шырағың сөнбесін» – бас кейіпкердің 
басынан кешкендерін баяндай отырып, оның ішкі жан дүниесін 
ашу,  яғни  «адам  және  ғалам»  де ген  тақырыпқа  барған  туын-
ды. Баяндау қарапайым сөйлеу мәнерінде берілген. Лексикасы 
негізінен бейтарап, экспрессивтік бояуы жоққа тән, синтаксисі 
–  сөйлеу  тілінікі.  Роман  атының  өзі  –  шығарма  идеясының 
конденсаты (сығындысы), яғни алапат қырғында опат болған 
үш азаматтың шырағын сөндірмес үшін екі баланы жетектеп, 
үшіншісін  құрсағында  елге  аман  алып  келе  жатқан  Нәзира 
бейнесінің түйіні, жан тазалығы.
Сөйтіп, қорыта айтқанда, заманымыздың ірі жазушысы, аса 
ойшыл, білімдар, мықты суреткері – Тахауи Ахтановтың өзге 
көркем дүниелері сияқты, «Шырағың сөнбесін» романы – тілі 
мен  көркемдік  стилі  тұрғысынан  қазақ  прозасында  кейіпкер 
атынан баяндалатын туындылардың классикалық үлгісі болып 
табылады.
Дарын  иесінің  қалам  тартудағы  әр  қырынан  танылған 
мүмкіндіктерінің аясын танудағы бұл ізденіс-талдауларымызда 
жас жазушыларға Ахтанов қаламы үлгі болып көрінсе, қалың 
оқырман  жазушы  мұрасына  сүйсіне  түссе  деген  мақсатты 
көздедік.

194
ҚАБДЕШ ЖҰМАДIЛОВ
«Дарабоз»
1994 жылы жарық көрген екі томдық бұл туынды «Қараке- 
рей  Қабанбай  батыр  туралы  тарихи  роман»  деп  ұсынылған. 
Еңбек көлемді. Тарихи оқиғалар мен тарихта болған тұлғалар 
кеңінен  суреттелетін  бұл  үлкен  кітапты  дүниеге  келтіруде 
жазушы  ғаламат  зор  еңбек  еткен:  қаншама  адамдардың,  ру-
тайпалардың, жер-судың аттары, тарихта өткен оқиғалардың, 
ұрыс-шайқастардың,  барыс-келістердің,  табысу  мен  ажыра- 
сулардың мекенін, уақытын, сипатын дәл беру үшін де қаншама 
дерек жинау керек, қаншама ізденіс керек!
Бұл тарихи романның жоғарыда тілін зерттеу нысаны болған 
Әбіш Кекілбаев пен Мұхтар Мағауиннің шығармаларынан тілі 
мен стилі жағынан өзгешелігі бар. Мұны «роман-шежіре» де-
уге  болар.  Әрине,  бұл  –  көркем  романға  тән  қасиет-белгілер 
жоқ деген сөз емес, бірақ мұнда авторлық баяндаудың шежі- 
релік сипаты басымырақ түскен. Ашып айтсақ, тарихи оқиға- 
лар кеңістік пен мерзім аясында көп қоспасыз дәл баяндала-
ды.Тарихи  оқиғалардың  желісін  ұластырушы,  дәнекерлеуші, 
«қызықтатушы»  деталь  оқиғалар  мен  жазушы  өзі  жасаған 
кейіпкерлер  мұнда  жоқтың  қасы  (мүмкін,  бақауыл  Шағалақ 
сияқты  бір-екеуі  автор  ұсынған  кейіпкерлер  болуы,  бірақ 
мұндайлар  көп  емес).  Бұл  шығармадағы  жазушының 
көздегені – XVIII ғасырдың орта тұсындағы (кей сәттерде мұ- 
ның алдындағы) тарихи оқиғаларды, яғни халқымыздың сан- 
ғасырлық ауыр да күрделі тарихының ең бір шешуші кезеңін, 
яғни  бүгінгі  күніміздің  іргетасын  бекіткен  кезеңін  қоспасыз 
дәл  көрсету.  Сондықтан  да  болар,  кейіпкерлердің  сыртқы 
портреттері мен оқиғалар ситуациясы көбіне-көп әсірелеусіз, 
«лирикасыз»  беріледі.  Мұнда  автордың  «лирикалық  шегі- 
ністері»  де  көзге  ұрмайды.  Бірақ  роман-шежірені  қызыға 
оқисың, кейіпкерлердің тағдыры мен ұрыс-соғыс, жиын-кеңес- 
тердің  барысына  ынтыға  көз  тігесің,  бірге  қуанасың,  бірге 
толқисың, бірге қамығасың.
Демек,  тарихи  шындықты  ғылыми  еңбекте  емес,  көркем 
дүниеде қалай баяндаудың, баяндай отырып суреттеудің ама- 

195
лына жазушы Қабдеш Жұмаділов өзінше өзгеше барған. Әбіш 
Кекілбаевтың «Үркері» мен «Елең-алаң» романдарының тілін- 
де  поэтикалық  үн  (белгі,  сипат,  тәсіл)  көзге  түссе,  Мұхтар 
Мағауиннің «Аласапыран» дилогиясында көркем шығарманы 
тарихи  стиль  тезіне  түсіру  қарекеті  (амалы)  жақсы  сезіліп 
тұрады. Бұлардағы көріктеу құралдары мен синтаксистік амал-
тәсілдер,  лексикалық  сөз  толғамдар  суретін  жоғарыдағы  та-
рауларда  талдап-танытсақ,  енді  «Дарабоз»  романына  тарихи 
туындылардың тілін зерттеудің өзгеше қырынан келеміз.
Бұл шығармадан біз үшінші бір «дүниені» табамыз. Мұнда 
сөздің мағыналық реңкі – сема дегенді жақсы танып пайдалану, 
үн гармониясына көңіл аудару, экспрессоидтарға стильдік жүк 
арту сияқты амалдар «мен мұндалап» тұрмайды, ал көріктеудің 
грамматикалық  тәсілдері  –  парцелляция,  қайталама  дегендер 
тіпті  жоққа  тән.  Бұлардың  есесіне  Қ.Жұмаділовтің  тек  осы 
романы  ғана  емес,  жалпы  шығармашылығында  ұйқасты 
параллельдерді, ассонанстық, аллитерациялық құрылымдарды, 
әсіресе мақал-мәтелдерді орынды қолдануы көзге түседі. Бұл 
жөнінде мысалдармен кейінірек айтылады.
Бұл туындыдан ғылыми талдау үшін де, оқырманға, әсіресе 
келесі  буындарға  аса  қажеттігі  үшін  де  көңіл  аударатын  бір 
белгіні – шығарма тілінің ең бір құнды тұсын нысанаға аламыз. 
Ол – суреттеліп отырған заманға (тарих кезеңіне) сай реалий- 
лерді, яғни әр алуан зат, ұғым атауларын молынан ұсынуы. Бұл 
да – тарихи көркем дүниені тарихи стиль тезіне түсірудің бір 
амалы, ең қиын, ең қажет амалы.
Романның тақырыбы – «Ақтабан шұбырынды» кезінен ба-
стап жоңғарлар жаулап алған қазақ жерінің шығыс оңтүстіктегі 
өлкелерін босатып (қайтарып) алу жолындағы ұрыс-соғыстар, 
шабыс-айқастар,  жауласу  мен  жуысулар,  келісімдер  мен 
қарсыласулар  болғандықтан,  бұдан  екі  жарым  ғасырдан 
бұрынғы  халқымыздың  өмір  шындығын  берудегі  жазушы 
еңбегін ерекше атауға болады.
Алдымен, ұрыс-соғысты суреттеуге қажет сол кездегі қару- 
жарақ  атаулары  мен  ұрыс-шабысқа  қатысты  қимыл-әрекет 
атаулары – қысқасы, әскери лексика мен фразеологизмдерді 
жазушы мүмкіндігінше шындыққа сай беруге ұмтылған. XVIII 
ғасырда қазақтар қолданған қару-жарақтардың сірі құяқ, киіз 

196
тұтқыр сияқты киім атаулары мен тобыршығы алуан түрлі 
сауыт  бұзар,  көбе  бұзар,  қозы  жауырын,  қайық  оқ,  томар 
оқ,  тіз  оқтар,  құлдыр  мамай  (күлдір  мамай),  садақ,  қара 
тамақ  найза  сияқты  қару  атаулары,  жоңғарлар  (қалмақтар) 
пайдаланған жәсайыл (жазушы зеңбіректі қазақтар сол кезде 
осылай атаған деп көрсетеді) сияқты қару аты жиі келтіріледі 
(бұлар сияқты қару-жараққа қатысты атаулар Әбіш Кекілбаев 
романында да бар. Мұндағы күлдірмамай, жекеауыз, бірауыз, 
жездіауыз, шиті деген мылтық түрлері, көк найза, ақ алмас, 
шарболат, садақ сияқты сол кезеңдегі негізгі қару-жарақ атау-
лары екендігін осы кітапта көрсеткенбіз. XVI ғасырдағы қазақ 
қауымы  «тауарихын»  әңгіме  еткен  Мұхтар  Мағауин  өзінің 
«Аласапыранында» садақ оғының көбебұзар, әндіген, қасалы, 
ысқырма, тіз оқ, кез оқ, доғал оқ, қозы жауырын, аймаңдай оқ 
деген түрлерін атайды. Жазушының тұрақты эпитеті бар көне 
қару-жарақ  атауларын  бұл  тарихи  шығармасында  өз  стиліне 
сай орынды қолданғанын алдыңғы тарауларда мысалдарымен 
көрсеттік).
Сөз  жоқ,  нағыз  тарихи  көркем  шығарманың  (повесть,  ро-
ман, тіпті қысқа әңгіменің болса да) талабын дұрыс түсінген 
(сезінген) жазушы оны тарихи стиль тезіне түсірудің бірнеше 
амалын қолданады, табады, таңдайды. Соның бірі – тарих жо-
лында  «бір  өліп,  бір  тіріліп»  (Жұбан  ақынша  айтсақ,  «мың 
өліп, мың тіріліп») келген  қазақ қауымының қай ғасырда да, 
әсіресе  Шоқан  Уәлихановтың  сөзімен  айтсақ,  «қан  сасыған 
ұрыс-соғыстар  заманы»  болған  XVIII  ғасырға  қатысты 
жазылған  тарихи  шығарма  өзегі  (тақырыбы,  нысаны)  соғыс, 
аттаныс,  қырқысу,  өлтіру,өлу  сияқты  өмір  шындығы 
болғандығы  даусыз.  Сондықтан  әскери  лексика  деп  атала-
тын  сөздер  тобының  бұлардағы  көрінісінің  мәні  айрықша: 
екі-үш,  кейде  тіпті  үш-төрт  ғасыр  бұрын  қолданылған  қару-
жарақ, киім-кешек атауларының ұмыт болғандары еске салы-
нады, мағыналары түсіндіріледі. Сондай сөздердің бір тобы – 
қазақ, қалмақ әскерлерінің құрылымы: ұрысқа шығатын әскер 
құрамының  оң  канаты,  сол  канаты,  алдыңғы  шебі,  ортасы, 
соңы дегендей бөлімдерінің арнаулы атау лары болған. Әскери 
шендердің  де  түркіше-монғолша  атауларын  дұрыс  келтіру  – 
тарихи роман, тарихи көркем шежіре жазушылардың бірден-

197
бір  міндеті.  Айталық,  М.Ма ғауин  XVI-XVII  ғасырлардағы 
қазақ  армиясының  құрамы  оң  жанақ,  сол  жанақ,  маңдай 
немесе  маңдай  сүбе,  жұңғар,  барұңғар  деген  құрамдардан 
тұратындығын баяндайды. Бұл ретте уыл /-уіл жұрнағымен 
жасалған атаулар көзге түседі. Мысалы, Мұхтар Мағауин ро-
манында тұтқауыл – қорғаушы (сторожевой полк), ертауыл – 
шолғыншы (авангард) деп көрсетілсе, XVIII ғасырдағы Абылай 
хан – Қабанбайлардың әскерінде жасауыл – ауыз үйдің сыртқы 
босағасында тұратын топ; тосқауыл топ – ортадағы жасақ; ер-
тауыл – көп жылқы мен қалың көшті қорғап-қоршап жүретін 
жасақ,  кей  жерде  шолғыншы  ертауыл  жасақ  деп  аталады, 
тұтқауыл – әскердің артқы жағындағы топ; бақауыл – жорық 
кезінде  әскердің  азық-түлігін  дайындап,  көбінше  жорықтағы 
әскердің артқы тобын құрайтындар, оң қол, сол қол және маңдай 
топ деп бөлінетін жасақтар деп түсіндіріледі; қарауыл термині 
де  –  мұнда  осы  күнгідей  тек  «күзетші»  мағынасындағы  сөз 
емес,  сірә,  жау  қарасын  бірінші  болып  көріп,  ұрысқа  кіретін 
топ  (отряд,  полк)  та  осылай  аталған  сияқты.  Ал  әскердің 
(армияның) өзі сандық бөлінісі жағынан лек (бір мың), түмен 
(он мың) деп танылады.
Ұрыс-соғысқа  қатысты  «бірқатар  іс-қимыл  атаулары 
Қ.Жұмаділовтің  кітабында  жақсы  орын  алған.  Мыса лы:  ту 
түбінен  табылу  –  әскери  жасақ  болып  белгілі  бір  жорыққа 
(ұрыс-соғысқа)  аттануға  және  белгілі  бір  қолбасшының 
қол  астына  жиналу;  қаптама  соғыс  немесе  қаптама  ұрыс  – 
жасақтардың екі бүйірден бірден айқасқа шығуы, түзем құру 
– «сап түзеу» (түзем – өте әдемі және мағынасы жағынан дәл 
жасалған көне терминді Қабдеш өзі жасады ма, жоқ, бұрыннан 
бар ма, әйтеуір, жақсы қолданған). От қару – мылтық, зеңбірек 
сияқты атылатын қару; ұлығаусар қақтығыс – бетпе-бет келіп, 
кескілесу, толас кез – ұрыс-соғыс тоқтаған үзіліс кезі, үркін-
қорқын – жау шабуылын тосқан не одан қашқан қорқынышты 
кезең;  жаушы  шаптыру  –  хабаршы  жіберу,  тұрыстық  беру 
–  ұрысқа  дайын  екенін  білдіру,  осылар  сияқты  сөздер  мен 
тіркестер  де  –  жай  қолданыла  салған  бірліктер  емес,  әскери 
терминдер деуге болады.
Көне  (немесе  ертеректегі)  әскери  лексика  сияқты,  XVI-
XVIII  ғасырлардағы  қазақ  хандығы  мен  жоңғар  қауымының 

198
әлеуметтік-әкімшілік жүйесіне қатысты бүгінде не мүлде бей-
таныс,  не  мағынасы  өзгеріп  кеткен  сөздерді  де  жазушының 
орын-орындарында қолданғаны – үлкен табысы. Айталық, сан-
дал тақ терминінің орнына бұл күнде хан отыратын тақ, пат-
ша тағы дей саламыз. Хандық өмір сүріп тұрған кезеңдерде 
ол заттық (орындық) мағынада сандал (тақ) деп аталған, сол 
сияқты  бұл  күнде  мемлекеттің  әкімшілік  орталығын  астана 
дейтін болсақ, бұдан 200-300 жыл бұрын байтақ, байтақ қала, 
байтақын  деп  атағанын  «Дарабоз»  кітабынан  көріп  білеміз. 
Андыз әскер, аламан әскер, ту түбінде тұратын қарулы сар-
баз сөздері де әскери терминдік мәнде келеді, сол сияқты түркі 
(қазақ) қоғамы ғана емес, қарсы жақ – жоңғар (қалмақ) қоғамы 
шындығын көрсететін күре (будда үйі, дін ұясы, монастыры), 
келең (будда дінін таратушы), кешіл (монах), манжы (шәкірт), 
бұрқын (бұрхан) сияқты дін қызметшілерінің атауларын дұрыс 
қолдану – осы шығарманың ұтымды тұсы.
Әскери  лексиканы  тек  терминдер  мен  зат  атаулары  ғана 
құрамайды, ұрыс-соғысты суреттеуде қолданылатын етістіктер 
мен  үстеу,  сын  есімдер  де  болатындығы  белгілі.  Тарихи  ро-
ман  жазушы  осыларды  да  өз  орындарында  жаратып  отырса, 
бұл  да  –  үлкен  еңбек.  Мұнда  да  Жұмаділовтің  суреткерлік 
шеберлігі, сезімталдығы (тілдік интуициясы) айқын көрінеді. 
Мысалы, торуылдап жүру, қидаласу, жаусырау деген сөздер 
– бейтарап мағыналы жай етістіктер емес, сол кезендегі ұрыс-
соғысқа  қатысты  сәттерде  айтылатын  «әскери  паспортты» 
сөздер.  Әсіресе  бұл  романда  жиі  кездесетін  ту  түбінен  та-
былу,  тұрыстық  беру,  жау  қолына  жесір  боп  түсу,  мырза 
тұтқын  болу,  аламан  әскердің  андыздап  келуі,  аңды  ұтылай 
қуу, қоржынның (талас мәселенің) екінші басы аулық тарту, 
бұта  түбі,  көген  жат  тәйжілер  (жоңғар  қонтайшысының 
некесіз әйелден туған ұрпақтары) сияқты сөздер – өзге автор-
ларда көп кездеспеген тұлғалар, ал бұлар – жазушы ойдан өзі 
шығарған жасанды сөздер емес, өткен кезеңдерде (тіпті кейінгі 
күндерде  де)  ұрыс-соғысқа  қатысты  қолданылып  келген 
бірліктер  (сөздер,  тіркестер)  болса  керек,  әңгіме  –  осыларды 
жазушының орынды және белсенді қолдана білгендігінде.
«Дарабоз»  сияқты  тарихи  дүниеде  тек  қазақ  қоғамының 
емес,  қарсы  жақтардың:  жоңғарлардың,  шынмәшіндердің, 

199
шүршіттердің  әлеуметтік-әскери  құрылымы,  халқының  салт-
дәстүрлері,  діні  деген  сияқты  қырларына  қатысты  атаулар-
ды, әсіресе терминдік сөздерді дұрыс беру де жазушыға оңай 
түспеген болар. Жоғарыда аталған будда дініне қатысты кешіл, 
келең, күре, манжы дегендерден басқа да бірқатар атаулардың 
монғол-қытай  тілі  элементтері  екендігі  көрінеді.  Бұл  күнде 
көбінесе  бұрхан  деп  жүрген  дін  атауын  жазушы  бұрқын  деп 
береді,  қазақтар,  сірә,  осылай  атаған  болуы  керек.  Кітаптың 
екінші  томында  әсіресе  жоңғар,  қытай  жұртының  әскеріне, 
тұрмысына,  дініне,  әкімшілік  жүйесіне  қатысты  сөздер  мо-
лынан кездеседі. Қоңтайжы (бас әмірші, хан), тәйжі (князь) 
де ген титулдардан бастап, лама, зайсан, уаң, Еженхан (Қытай 
императорын  қазақтар  осылай  атаған),  кірме-сіңбелер  (әскер 
құрамындағы өзге жұрт адамдары) сияқты титулатура мен жай 
атаулардың  мағынасын  осы  романнан  біліп  отыруға  болады. 
Қазақ ханының  жиынын  хан  кеңесі деп  берсе,  қоңтайшының 
жиыны – құрылтай деп берілген. XVIII ғасырда дәл солай ажы-
ратылып  аталды  ма,  жоқ,  бұл  жазушының  әр  құбылысты,  әр 
нәрсені шатастырмай, жаңылыстырмай, оқырманға дәл баян-
дауды, шынайы суреттеуді көздеген амалы ма – қайткен күнде 
де бұл қарекет өте сәтті болған. Мұны жазушының ізденісі де-
сек те, таңдампаздығы десек те, шеберлігі десек те болар.
Жоғарыда  айтылған  қазақ  әскері  құрылымына  қатысты  
жасақ  атауларының  бұл  күнде  қалың  оқырманға,  әсіресе 
жастарға бейтаныс түрлерін роман авторы өзі түсіндіріп оты-
рады. Солардың бірі – қасқыр қамау тіркесі. Қасқыр қамау – 
жат жұрттың жауды сусыз, нусыз шөлге бастап барып, күндіз-
түні тыным бермей, алды-артынан бірдей соққылауы, осыны 
«қасқыр қамау» деп атайды. Бұл – автордың түсіндірмесі. Біз 
оқып жүрген «Батырлар жырларында» бабаларымыз зеңбіректі 
топ  (доп)  деп  атағанын  білеміз.  Ал  Қабдеш  Жұмаділов: 
«Қазақтар ол кезде (яғни XVIII ғасырларда) зеңбіректі жәзайіл 
(дұрыс  жазылуы  не  жазайыл  не  жезәйіл  болса  керек  –  Р.С.) 
деп атаған деп екі кітапта да бет соңындағы сілтемеде көрсетіп 
отырған.  Сол  сияқты  уаң  –  князь,  губернатор,  арат,  алба-
ты  –  (ойраттардың)  шаруалары; ғұң  –  князь  (қытайша),  зуза 
–  «ұлықтарды  көтеріп  жүретін  балахана»  деп  түсіндіреді. 
Зуза  дегенді  бабаларымыз  да  білген  болса  керек,  ол  Қытай, 

200
Ман чжурия  сияқты  елдерде  тірі  адамдарды  көтеріп  жүретін 
арбашық – зембіл болса, Оралхан Бөкейдің шығармаларында 
ұрыста  жараланған  немесе  шейіт  болған  сарбазды  (көбінесе, 
әрине, қадірлі, ұлық, қолбасы сияқты ірілерді) ұрыс даласын-
да тастап кетпей, салып алып жүретін ағаштан құрастырылған 
құрылғыны атағанын білеміз. Жер асты не үстіне қойылатын 
сағананы Орта Азия халықтары сандық деп атағанын тарихи 
еңбектерден көреміз. Шыңғыс хан өзінің өсиетінде: «Мен өлген 
соң,  денемді  сандыққа  салып,  белгілі  бір  жерге  апарып,  жер 
астына түсіріп, үстінен жылқы үйірлеріне таптатыңдар, жермен 
жексен етіп, белгісіз орын етіңдер», – дейді. Сол сияқты Таңжуң 
–  қытайша  генерал-губернатор  деп  түсіндіріп  отырғаны  да  – 
орынды, өйткені бұндай атауларды қалың оқырман білмейді, 
бұлардың көбі тек тарихи ғылыми әдебиет пен тарихи көркем 
шығармаларда, жазба шежірелерде қолданылады.
Тілі  мен  стилін  сөз  етіп  отырған  «Дарабоз»  туындысын-
да айрықша атап өтетін және бір құнды сәті (амалы) бар, ол 
– әңгіме орайына сай келген мақал-мәтелдердің молынан кел- 
тірілуі  және  тілдік  құрылымы  өзгертілмей,  өте  дұрыс  келті- 
рілуі.  Тек  «Дарабоз»  романында  емес,  Қ.Жұмаділовтің  бар- 
лық  көркем  шығармаларында  қазақтың  мақал-мәтелдері, 
ұтқыр  (қанатты)  сөздері,  бейнелі  тұрақты  тіркестері  аса 
ұқыптылықпен,  мағынасы  мен  сыртқы  тұрпаты  өзгертілмей 
қолданылғандығын баса айтуға бо лады.
Күнделікті тұрмыс-тіршілікке, әсіресе ұрыс-соғысқа қатыс- 
ты  мақал-мәтелдердің  бүгінде  біз  мағынасын  жақсы  білетін, 
өзіміз  де  қолданатын  топтарынан  басқа,  біз  көп  естімеген, 
бірақ  осындай  түрлерінің  барына  шәк  келтірмейтін,  яғни 
орынды, сәтті қолданылған үлгілерін (әрине, барлығын түгел 
емес)  көрсетсек,  тіл  қазынамыздың  байлығына  тәнті  бо-
ларымыз  хақ.  Мысалы:  қысасқа  –  қан,  оқысқа  –  құн  (әдейі 
қысастықпен  өлтірілген  адамның  қанына  қан  алу,  оқыс, 
жаңылыста  болса,  оған  құн  төлеу  деген  қазақтың  құқықтық 
ережесінің  бабы);  батырдан  –  барымташы,  барымташы-
дан – ұры, ұрыдан – қары, қарыдан – бәрі туады (нағыз сол 
заманның  шындық  түйіні),  сойылдың  бата  тигенінен  кейде 
қате тигені көп; сотқардың ажалы – сойылдан; судың алдын 
шым бөгейді, даудың алдын қыз бөгейді (жауласқан елдің хан-

201
дары, батырларының бір-бірлерінен қыз алып, қыз берісулері 
–  татулықтың,  келісімдердің  амалы  болған  ғой);  жұмылса 
ғана – жұдырық, жеке тұрса – қылдырық; бетеге кетеді, бел 
қалады деген сияқты мақал-мәтелдер мен қиюлы сөздер халық 
тілінде болған болу керек, бірақ қазір сирек кездеседі. Оларды 
жазушы контексте өте орынды келтірген. Бұлардың ішінде: өз 
күшіңді егіз десең, жаудың күші сегіз де; туған елің тұмарлы 
тұлпар болғанда, хан – ноқта, би – ауыздық, батыр – қамшы; 
боданнан  құл  туады,  құлдан  жетесіз  туады;  көктен  сауып, 
жерден тауып алған; жарып сөйлеген жақсы, бірақ байыбы-
на барып сөйлесейік; билік айту қиын емес-ау, біліп айту қиын; 
өмірі  басына  ноқта  кимеген,  көзіне  қамшы  тимеген  азат, 
асау ел едік тәрізді бейнелі экспрессивті түйдектер, авторлық 
афоризмдер  болулары  да  мүмкін.  Бұл  жерде  роман  тілінің 
көркемдік сипатын көреміз. Әсіресе ер жаңылып қолға түседі, 
құс жаңылып торға түседі деген мақалды Қалдан Цереннің 
(қалмақ ханының) қолына түскен Абылайға қатысты орынды 
келтірген.  Мұндай  ситуативтік  мақал-мәтелдер  ішінде  сирек 
қолданылатындары да баршылық: батпаққа батқан пілді піл 
ғана  сүйреп  шығарады  (Абылайды  тұтқыннан  босататын  ай-
бынды қазақ хандығының күші ғана болуға тиіс дегенге орай 
келтірілген).
Авторлық  баяндау  стилінде  қазақы  образдар  баршылық. 
Мысалы: қайта аттаныс алдында ер қайратын сынап, қолтық 
жазып қаламыз; қол солтүстікке қарай бұйда созып бара жат-
ты;  [бұл  өңірдің  тұрғындары]  –  қырық  темірдің  қылауынан 
құралған, ала-құла жұрт қой.
Тарихи шығарманы тарихи стиль тезіне салудың және бір 
амалы – кейіпкерлер тілін заманына, адамына, оқиға ситуаци-
ясына  қарай  сөйлете  білу  болса,  бұл  белгі  кейбір  жазушыда 
мейлінше  қатаң  сақталады,  ал  қайсыбір  авторлар  бұл  талап-
ты  шығарманың  бойында,  әрбір  сәтінде  берік  ұстап  отырма-
уы  да  мүмкін.  Мұндайда  кейіпкерлердің  қалай  сөйлегеніне 
аса зор мән бергеннен гөрі нені айтқанына, сөздің мазмұнына 
көбірек  назар  аударғаны  байқалады.  Әрине,  жоғарғы  талдау-
ларда айттық, бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы қазақтың ауызекі 
сөйлеу  тілін,  қарапайым  тұрмыстық  тілін  дәл  беру  мүмкін 
емес, өйткені хатқа түсіп қалған, бізге жеткен үлгілері жоқ. Де-

202
генмен жазушының тілдік интуициясы оны жақсы сезіп, биді 
бише – шешен, ханды ханша – уытты, батырды батырша – ба-
тыл, қараны қараша – қарапайым түрде сөйлетуге ұмтылады. 
Мұндайда  әсіресе  билерді  әдемі  сөйлетеді,  себебі  мұның 
шешендік сөздер деп бізге жеткен үлгілері бар.
ХVII-ХVIII ғасырлар – қазақ тарихында билер мен батыр- 
лардың  қоғам  өмірінде  ерекше  орын  алған,  жақсы  көрінген 
кезеңі.  Демек,  осы  дәуірлерді  көркем  дүние  нысаны  еткен 
қалам  иелері  әсіресе  осы  тұста,  яғни  би-хандарды  сөйлетуде 
өздерінің де шешендік қабілетін танытады. Қабдеш суреттеп 
отырған  кезең  –  ел  тағдырын  шешуде  атақты  үш  бидің  рөлі 
өрлеген кезең еді. Сондықтан бұл романда Төле би, Әйтеке би, 
Қазыбек билердің ғана емес, әр ірі тайпаның, әр рудың билері 
де ортаға «қамшы тастап» сөйлеп жатады.
Қазақтың  сөз  өнері  тарихында  тек  билер  ғана  емес, 
Ақтамберді сияқты ақындары да, Қабанбай сияқты батырлары 
да,  Абылай  сияқты  хандары  да  тауып-тамсандырып  сөз  айта 
білген. Роман авторы да осыны жақсы сезіп, бұлардың аузы-
на әншейін ұйқасты-ырғақты қызыл сөз емес, жүйелі, сындар-
лы,  ақылды  және  әсерлі  сөз  салуды  мейлінше  көздеген.  Бір-
екі  иллюстративтік  факті  келтірелік.  Кіші  жүз  Әбілқайырды 
Барақ сұлтаннын өлтіргеніне байланысты пікірлер мен билік 
айту үстіндегі Орта жүз биі – Қазыбектің монологінен алынған 
үзіндіге көңіл аударсақ:
–  Уа,  менің  қажырлы  халқым,  жауынгер  жұртым!..  Мына 
сексеннен  асқан  жасымда  ел  қонбаған  шөлге,  құс  қонбаған 
көлге  кезігіп  отырмын.  Осы  ғұмырымда  ер  өлтіріп,  Ертіс 
бұзған, Шуды шулатып, Таласты талқандаған небір телі мен 
тентекті  көрсем  де,  менің  тұсымда  ханның  басын  хан  алған 
жағдай ұшыраспаған екен... Қанша асып-тассаң да, аты жүйрік 
ажал құрығынан адам пендесі кашып құтылмайды екен. Енді, 
міне, кезек Әбілқайыр ханға келіп отыр... Мен білсем, біздің 
халқымыз тағы да тоғыз жолдың торабында тұр. Алаш ұлы 
ежелдің ең күнінен басына ноқта кимеген, жүген-құрық ти-
меген асау, арда ел едік... («Дарабоз», 1-кітап, 188-189-беттер).
Бұл  жердегі  Қазыбек  бидің  сөзі  кітаптың  екі  бетіндей 
көлемде  берілген.  Бұл  монолог  –  бастан-аяқ  біз  жоғарыда 
келтірген үзіндідегідей, тұнып тұрған (жоғарғы үзікте біз кур-

203
сивпен  көрсеткен  бейнелі  қолданыстар  сияқты)  экспрессивті 
сөздер  емес.  Бидің  негізгі  айтпағы  эмоциясыз-ақ  айтылған, 
жүйелі, дәлелді қарапайым тілмен берілген. Әрине, бұл жерде 
автордың міндеті – бидің шешендігін көрсету емес, әділ билік 
шешімін  дәлелдеген,  логикасы  күшті  сөзін  беру.  Бірақ  бидің 
сөзі болғандықтан, кезі келген тұстарында шешен сөздің аксес-
суарларын да көрсетіп қояды (жоғарғы микромәтінді қараңыз).
Романның  1-кітабында  Төбет  бидің  (143-бет),  Боранбай 
бидің (153-бет), Шекті биі – Сырлыбайдың (185-бет), Қазыбек 
бидің  (188-190  және  275-276-беттер),  Төле  бидің  (264-бет) 
сөздері және шешендігі мен бейнелілігі жағынан билер сөзінен 
кем  түспейтін  Қабанбай  батырдың  (150-бет),  Ақтамберді 
ақынның  (334-бет),  Абылай  ханның  (350-бет)  салмақты, 
әлеуметтік үні зор сөздерін жазушы мейлінше әсерлі етіп бер-
ген. Бұларда да: «сен бөлеңді бөтен санап, жақыныңды жарға 
итергенде, не мархадам табасың... Бетеге кетеді, бет қалады..., 
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 8.99 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет