Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



жүктеу 9.59 Kb.

бет6/24
Дата09.01.2017
өлшемі9.59 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ҚОРЫТУ
Сүйтіп,  сөздер  тұлғасына  қарай  беске  бөлінеді:  Түбір 
сөз; 2) Туынды сөз (туғын сөз; 3) Қос сөз; ) Қосалқы сөз; 5) 
Қосымшалар. Сөздер мағынасына қарай тоғыз тапқа бөлінеді: 
1) Зат есім; 2) Сын есім; 3) Сан есім; 4) Есімдік; 5) Етістік; 6) 
Үстеу; 7) Де меу, 8) Жалғаулық; 9) Одағай.
ТАСЫМАЛ
Жазып келе жатқанда, жол аяғында орын аз қалып, сөз сый-
майтын болса, ол сөзге тасымал керек яғни екі бөліп, бір бөлегін 
сол жолда қалдырып, екінші бөлегін келесі жолға асыру керек.
Тасымал үшін әуелі, сөзді буынға бөлу, сыймаған буында-
рын келесі жолға асыру. Бұл туралы қағида мынадай. 
1). Тасымалдағанда әр буын бөлінбей я тұтас қалады, я тұтас 
асырылады.  Мәселен,  жол  аяғында  «шақырғанға»  деген  сөз 
тұтас сыймайды. Не істемек ке рек? – Сөзді дұрыстап буынға 
бөлу керек болады: «Ша-қыр-ған-ға», «ша» буынды қалдырып, 
басқаларын келесі жолға асыруға болады; я «шақыр» деген екі 
буынын  қалдырып,  басқаларын  асыруға  болады,  я  «ша-қыр- 
ған» деген буындарын қалдырып, жалғыз «ға» бу ынды асыруға 
да  болады.  Егерде  «шақ»  деп  бөліп,  қалғанын  асырсақ  яки 
«шақырға» деп бөліп, «нға»-ны асырсақ, дұрыс болмайды. Неге 
десек қағида бойынша буын бөлінбеске тиіс. Мұнда буындар 
бөлініп тұр яғни «шақ» деп бөлгенде, «қыр» буын екі бөлініп 
тұр: «шақырғанға» деп бөлгенде «ған» буын екі бөлініп тұр.
1). Жалғыз харіф буын бола тұрса да, қалынбайды да, асы-
рылмайды да, мәселен, а-ға-лар деген сөзде бас буын жалғыз 
харіф «а». Қағида бойынша «а» өз алды на буын бола тұрса да 
қалынбайды  яғни  «а»-ны  ғана  қалдырып,  басқа  буындарын 
келесі жолға асырмаймыз.
Сүйтіп, жолға сыймаған сөзді тасымалдау үшін не істеу ке-
рек?
Әуелі, сөзді буынға дұрыс бөлу; екінші, бір буын ды бөлмей, 
тұтас күйінде асыру; үшінші, жалғыз харіфті, буын бола тұрса 
да, қалдырмай келесі жолға асыру.
Дағдыландыру.  һәр  түрлі  сөздерді  алып  тасымалдатып 
үйрету.

60
МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН БАЯНДАМА
Қазақтың  нағыз  өз  тіліндегі  дыбысы  –  24.  Бұлар  3  түрлі 
болғандықтан 3-ке бөлінеді.
5 дыбыс ашық айтылатын болғандықтан, дауыстап айтуға 
көнетін болғандықтан, ашық дыбыс яки дауыс ты дыбыс деп 
аталады.
Он жеті дыбыс тұйық айтылатын болғандықтан яғни дауы-
стап айтуға көнбейтін болғандықтан, тұйық дыбыс яки дауыс-
сыз дыбыс деп аталады.
Екі дыбыс дауысты дыбыстардай нағыз ашық айтылмайтын 
болғандықтан һәм дауыссыз дыбыстардай тым тұйық айтыл-
майтын болғандықтан, орта дыбыс яки жарты дауысты ды-
быс деп аталады.
  24  дыбысқа  араб  харіфтерінен  үйлескендерін  өзгертпей, 
үйлеспегендерін өзгертіп харіфтер арналды. 
Әуелі  араб  харіфтері  үйлесетін  дыбыстарды  айтып  көрсе- 
телік (Дыбыс үні қате ұғылмас үшін арабша һәм орысша екі 
әліппемен қатар көрсетеміз).
Дауысты дыбыстар: жоқ.
Дауыссыз дыбыстар: ب (б), ت (т), ـج (ж), د (д), ر (р), ز (з), س (с), 
ع (жоқ), ق (жоқ), ك (к), ل (л), م (м), ن (н) бәрі он үш, жетпейтіні 
төртеу.
Жарты дауысты дыбыстар: (жоқ) ي (й)-екеу (түгел).
Дауысты  дыбыс  қазақ  тілінде  бесеу:  оларға  тура  келетін 
араб әліппесінде бір де харіф жоқ.
Дауыссыз  дыбыстар  қазақ  тілінде  он  жеті.  Оларға  тура 
келетін  араб  әліппесіндегі  харіфтер  он  үш,  демек,  төртеу: 
жетпейді.  Бұл  харіф  жетпейтін  дауыссыз  төрт  дыбыс  үшін 
харіфтер  бұрын  арналған.  Арналған  харіфтер  бәрібір  араб 
харіфтері, бірақ олай-бұлай шет пұшпақтары ғана өзгертілген; 
мәселен,  ب  (б)  харфінің  нүктесін  өзгертіп,  پ  (п)  жасаған.  ج 
харфінің нүктесін өзгертіп, ج (ш) жасаған; ـك (к) харфінің үстін 
қосарлап َـك (г) жасаған; ـك (к) харфінің үстіне үш нүкте қойып ڭ 
(ң) жасаған. Осы даяр харіфтерді біз де қабыл етеміз.
Дауысты  дыбыстардың  харіф  жетпейтіндері  үшін  мұндай 
арналған даяр харіфтер жоқ. Олай болған соң, жоғарғы үлгі бой-

61
ынша араб әріптерінің негіз тұлғасын бұзбай, шет пұшпағын 
ғана өзгертіп дауысты дыбыстарға да харіф арнау тиіс.
1) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: ат, жат, бо-
ран деген сөздерде: 1-сөзде ең әуелі естілетін, 2-сөзде «ж»-дан 
соң естілетін, 3-сөзде «р»-дан тең естілетін дыбыс; бұл дыбыс 
орысша  «а»  харфімен  жазылады.  Араб  харфінен  бұл  дыбыс 
үшін ا (а) харфін арнадық.
2) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: боқай, тоғай, 
қомағай  деген  сөздерде:  1-сөзде  «б»-ның  соңында,  2-сөзде 
«т»-ның соңында, 3-сөзде «қ»-ның соңында естілетін дыбыс. 
Бұл дыбыс орысша «о» харфімен жазылады. Араб харфінен бұл 
дыбыс үшін жарты дауысты و харфін арнадық. Басқаны алмай 
мұны  алудағы  мәніс:  жарты  дауыстыو  дыбысы  қазақ  сөзінде 
дауысты  дыбыстардың  соңында  ғана  айтылады;  «о»  дыбысы 
қазақ сөзінде һеш орнында дауысты дыбыстан соң айтылмай-
ды. Олай болған соң дауысты харіфтің соңындағы و харфін «о» 
шығар деп күдіктенуге орын жоқ, дауыссыз харіфтің соңындағы 
و харфін жарты дауысты و шығар деп күдіктенуге орын жоқ.
3)  Араб  харфі  тура  келмейтін  дауысты  дыбыс:  тұмсық, 
сұйық, жұмыс деген сөздерде: 1-нші сөзде «т»-ның соңында,  
2-нші  сөзде  «с»-ның  соңында,  3-нші  «ж»-ның  соңында 
естілетін дыбыс. Бұл дыбыс орысша «у» харфімен жазылады.
Араб харфінен бұл үшін «و» харфін алып, үстіне «‘» (үтір) 
қойып, «ؤ» жасап отырмыз.
Бұл жерде айтып ескертерлік бір сөз бар, ол мынау: жоғарыда 
айтып едік, «و» харфі дауысты «о» ды бысы мен жарты дауысты 
у дыбысы үшін – екеуіне бірдей жүреді деп. Солай бола тұрса 
да  осы  үшінші  пункттегі  «ؤ»  дыбысы  мен  жарты  дауысты  و 
ды бысы  –  екеуінің  үні  жақын  болғандықтан,  оңайлық  үшін 
жарты дауысты «و» орнында «ؤ» харфін жұмсаймыз. Асылын-
да дұрысы арабтың жарты дауысты و харфін қазақ тілінде де 
жарты дауысты дыбыс үшін жұмсау. Бұлай айту араб әліппесін 
оқытқанда,  балаларды  шатастырмасқа  да  жақсы.  Бұл  туралы 
мұғалімдер һәм басқалар не пікір айтар екен?
4) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: тазы, тары, 
жабы деген сөздерде: 1-нші сөзде, з-ның соңында, 2-нші сөзде 

62
р-дың соңында, 3-інші сөзде б-ның соңында естілетін дыбыс. 
Бұл дыбыс орысша «ы» харфімен жазылады.
Араб харфінен бұл үшін жарты дауысты ى (й) харфін арнап 
отырмыз. Мұны алудағы мәніс: әуелі, бұл екі дыбыстың үндері 
жақын; екінші жарты дауысты ى дауысты дыбыстан соң һеш 
орында  естілмейді.  Солай  болған  соң  дауысты  харіфден  соң 
тұрған ى (й) харфін «ы» дыбысы шығар деп күдіктенуге орын 
жоқ.
5)  Араб  харфі  тура  келмейтін  дыбыс:  мен,  сен,  жем  де-
ген сөздерде: 1-інші сөзде м-нің соңында, 2-нші сөзде с-ның 
соңында,  3-нші  сөзде  ж-ның  соңында  естілетін  дыбыс  Бұл 
дыбыс орысша «э» харфімен жазылады. Бұл дыбысты бұрын 
ى харфімен жазушы едік. ى харфі екі дыбысқа тел болып тұр. 
Оны да амалсыздықтан теліп отырмыз; енді үшінші дыбысқа 
телу  қаншама  амалсыздық  дегенмен  өте  қолайсыз.  Әсіресе 
қолайсыз  болатын  себебі:  «э»  дыбысының  ى  (е)  дыбысына 
ешбір ұқсастығы, жақындығы жоқ. ى дыбысы «э» дыбысы ا (а)-
ға жақын. «э» дыбысына арабтың «ه ،هـ» харфі үйлесімді.
Сүйтіп «э» дыбысына «ه ،هـ» (е) харфі алынды, бірақ сөздің 
басында келетін орында бұл харіфтердің жазуға қолайсыздығы 
болғандықтан, бас буынға ғана «ـي» харфі жазылады.
Жаңа бір айтарлық сөз: қазақша ақша, неше, жетінші, үш
уа ғайри сондай сөздер ش (ш) дыбысымен айтылса да, ондай-
дыбыс үшін ش харфін алмай, ج харфін алдық. Олай айтудағы 
мәніс: басқа түркілерден тым алыс кетпес үшін. Оны алғаннан 
қазақ тіліне келерлік еш кемшілік жоқ.

63

64
Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер! 
БАЙТҰРСЫН ҰЛЫ АҚЫМЕТ
ТІЛ – ҚҰРАЛ
Дыбыс жүйесі мен түрлері
1-інші тіл танытқыш кітап
қазақ-қырғыз білімпаздарының 1-інші тобының 
қаулысы бойынша өзгертіліп 5-інші басылуы
Қазақстан мемлекет баспаханасы
Қызыл-Орда 1925 жыл

65
СӨЗ БАСЫ
Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің  зоры,  жұмсайтын 
қаруының  бірі.  Осы  дүниедегі  адамдар  тілінен  айырылып, 
сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі 
адамдар  жазудан  айырылып,  жаза  алмайтын  күйге  ұшыраса, 
ондағы күйі де тілінен айырылып, жеңіл болмас еді.
Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен 
сөйлесуден  артық  даражаға  жеткен  заман.  Алыстан  ауызбен 
сөйлесуге  болмайды.  Жазумен  дүниенің  бір  шетіндегі  адам 
екінші  шетіндегі  адаммен  сөйлеседі.  Сондықтан  сөйлей  білу 
қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Қай 
сөз қай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып, 
сөйлегенде  сөздің  жүйесін,  қисынын  келтіріп  сөйлеу  қандай 
керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай 
керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге қай сөз 
қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып 
жалғасатын жүйесін білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он 
жылдап,  хәттә  жүз  жылдап  та  емес,  мың  жылдап  саналады, 
сондай ұзақ өмірінің ішінде әр халықтың тұтынып келе жатқан 
сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып, тізілетін дағдылы 
жолы, жүйесі, қисыны болады. Әр жұрттың түрінде, тұтынған 
жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай 
басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған 
бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп 
жаза алмайды, не жазса да қиындықпен жазады, себебі жасынан 
қазақша  жазып  дағдыланбағандық.  Орысша  оқығандар  орыс 
сөзінің  жүйесіне  дағдыланып  үйренген,  ноғайша  оқығандар 
ноғай  сөзінің  жүйесіне  дағдыланып  үйренген,  қазақ  сөздерін 
алып орыс не ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша 
болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт ба-
ласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, 
өз  тілінің  жүйесін  білдіріп,  жолын  танытып,  балалар  әбден 
дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз 
бұзылмай  сақталуын  тілесек,  өзгелерше  әуелі  өз  тілімізбен 
оқытып,  сонан  соң  басқаша  оқыту  тиіс.  Қазақтың  бастауыш 
мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, 

66
сөйлем жүйелерін де үйрету керек. Бастауыш мектептегі оқуға 
шамалап қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін балаларға 
оқытуға осы «Тіл – құрал» деген кітапшаларды шығардық.
Бастауыш  мектепте  балаларға  тіл  таныту  үш  тарау  болып 
бөлінеді:  1)  Дыбыс  жүйесі  мен  түрлері;  2)  Сөз  жүйесі  мен 
түрлері; 3) Сөйлем жүйесі мен түрлері.
1-нші бөлімі сөйлеу мен сөйлемді, сөйлем мен сөзді, сөз бен 
буынды, буын мен дыбысты танытады. Дыбыс танудан қаріп 
мәселесі туады. Дыбыс пен қаріп мәселесінен жазу ережелері 
мен сөз түрлері, тұлғалары сөз түрлену, өзгерулері туады.
Сүйтіп, «Тіл – құралдың» 1-інші бөліміндегі дыбыс жүйесі 
мен түрлері деген тіл таныту біліміне осы айтылған нәрселердің 
бәрі  де  кіреді,  әрқайсынан  қысқаша  бастауыштық  даражалы 
білім беріледі.
«Тіл  –  құрал»  үшке  бөлінгенмен  әрқайсысы  әр  жыл 
оқылмайды.  Бұл  үшке  бөлу  жылдық  оқу  мөлшерімен  емес, 
тіл білімінің жүйесі бойынша үйреткен уақытта әр жүйесінен 
балалардың  шамасына  қарай  әлі  келерліктері  алынып 
үйретіледі.  Қандай  қай  жылда  үйретілетіні  бастауыш  мектеп 
програмдарында көрсетілген.
Мұндағы баяндалған тіл білімінің қайсысын қандай әдіспен 
үйрету жағы да толық көрсетілген жоқ. «Тіл – құрал» – қазақ 
тілінің  жүйеленген  білімін  баяндайтын  нәрсе,  әр  мұғалім 
әртүрлі әдіспен үйретсе де, балалардың үйренетін білімі осы 
«Тіл – құралдағы» білім болып шықпақ.
Қазақтың тілі – түрік тілінің бір тарауы, дүниедегі жұрттың 
тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) Түбіршік тіл; 2) Жалғамалы тіл
3)  Қопармалы  тіл.  Түбіршік  тіл  түпкі  қалпынан  өзгерілмей 
жұмсалады. Мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл 
–  сөздің  аяғына  жалғау  қосылып  өзгерілетін  тіл,  мәселен, 
түрік,  финн  (пин)  тілдері.  Қопармалы  тіл  –  сөз  түбірімен 
қопарылып, өзгерілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі. Біздің 
қазақ  тілі  түркі  тілдің  бір  тарауы  болғандықтан  жалғамалы 
тіл.  Қазақ  сөзінің  түбірі  өзгерілмей,  аяғына  жалғау  қосылып 
өзгеріледі.  Жалғау  екі  түрлі:  бірі  сөздің  тұлғасын  өзгертсе 
де,  ішкі  мағанасын  өзгертпейді;  екіншісі  сөздің  тұлғасын  да, 

67
мағынасын  да  өзгертеді.  Сондықтан  бастапқысы  тысқарғы
соңғысы ішкергі жалғау деп аталады.
«Құлақ» деген сөзге «-тың» деген жалғау қоссақ, «құлақтың» 
болады. Тұлғасы өзгерді, мағынасы өзгерген жоқ. «Құлақтың» 
дегенде де бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егер де «құлақ» 
деген  сөзге  «-шын»  деген  мағына  қоссақ  «Құлақшын»  бола-
ды. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгереді. «Құлақ» бастың 
мүшесін көрсетуші еді, «құлақшын» болған соң басқа киетін 
киімнің атын көрсетіп тұр. Міне, сондықтан «-тың» тысқарғы
«-шын» ішкергі жалғау болады.
  Екі  түрлі  жалғаудың  тысқарғысы  сөйлегенде,  жазғанда 
сөздерді біріне-бірін қиындастырып тізу үшін қажет, ішкергісі 
бір мағыналы сөзден екінші мағыналы сөз шығарып, сөзден-
сөз  туғызып,  көбейтіп  тілді  байыту  үшін  қажет.  Ішкергі 
жалғаудың бірсыпырасы осы бірінші жылдық «Тіл – құралда» 
сөз тұлғасын сөйлеген орындарда көрсетілді, тысқарғы жалғау 
туралы екінші «Тіл – құралда» айтылмақшы. Сөзді дұрыс тізіп 
сөйлеу әсіресе, дұрыс тізіп жазу туралы үшінші жылдық «Тіл – 
құралда» айтылмақшы.
«Тіл  –  құралда»  дағдыландыру,  сынау  деген  сөздер  ұшы- 
райды. «Тіл – құралмен» балаларды оқытқанда, әр ереже ту-
ралы  аңдату  әңгімесі  болғаннан  кейін,  бала лар  әбден  түсіну 
үшін  сөйлем-сөйлем  сөздерді,  мақалдарды  үлгіге  алып, 
олардың ішінен ережеге келетін жерлерін балаларға таптырып, 
басқалардан айырту.
Солай  бірнеше  рет  істеп  көрсеткеннен  кейін  бала лар  ке-
рек  сөздерді  өздері  тауып,  өздері  айыруға  дағдыланады,  со-
нан  соң  балалар  дағдыланып,  үйреніп  болды  ғой  дегенде 
нық  біліп  болған,  болмағанын  байқау  ке рек,  сынау  керек, 
сынағанда үйренген ережелерді ор нына келтіріп жаза ала ма?. 
Жаза алмай ма? Соны сы нау, сондықтан мұғалім балалардың 
үйренген  ережесі  келетін  сөздерді  ауыздан  жаздыру  тиіс  яки 
кітапшадағы жорта қате жазып қойған сөздерді дұрыстап жаз-
дыру тиіс. Бір ережені балалар әбден үйреніп, тиісті орнында 
жұмсай білгеннен кейін ғана келесі ережені үйрету. 
А. Б.

68
ТІЛ МҮШЕЛЕРІ
СӨЙЛЕУ МЕН СӨЙЛЕМ
1. Жер жұтуға тоймайды; От отынға тоймайды; Құлақ есту-
ге  тоймайды;  Кісі  ойға  тоймайды;  Бөрі  қойға  тоймайды.  Бұл 
сөйлеуде 5 сөйлем сөз бар.
2. Еділ бойы тоғай бар, тоғай толы ноғай бар, бурыл атта 
бұғау
10
  бар;  Оны  да  кесер  егеу  бар;  Сом  темірге  балға  бар; 
Сомсынғанға орда бар. Бұл сөйлеуде 6 сөйлем сөз бар.
Жоғарыда жазылған екі сөйлеуден көрінеді – бір сөйлеудің 
ішінде  бірнеше  сөйлем  болатындығы.  Алайық  тағы  да  басқа 
бір  сөйлеу,  мәселен,  «Аш  бала  тоқ  баладай  ойнамайды,  тоқ 
бала аш болам деп ойламайды» деген мақалды. Бұл сөйлеудің 
ішінде екі сөйлем сөз бар. Оның бірі: «Аш бала тоқ баладай 
ойнамайды», екіншісі. «Тоқ бала аш болам деп ойламайды».
Дағдыландыру.  Төменде  жазылған  сөйлеулердің  әрқай-
сысының ішінде неше сөйлемнен барын айыртып, балаларды 
дағдыландыру керек.
Ақыл  жастан  шығады,  асыл  тастан  шығады.  Жоқтық 
ұят емес, байлық мұрат емес. Мал – жаным садағасы, жан – 
арым садағасы. Жалғыз ағаш үй бол мас, жалғыз жігіт би бол-
мас. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Сай сайға 
құяды,  бай  байға  құяды.  Өзен  өзенге  құяды.  Күн  ортақ,  ай 
ортақ жақсы ортақ. Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос. 
Сабыр  түбі  сары  алтын,  сарғайған  жетер  мұратқа,  асыққан 
қалар  ұятқа.  Шалқайғанға  шалқай  Пайғамбардың  ұлы  емес; 
еңкейгенге  еңкей  атаңнан  қалған  құл  емес.  Атаң  жаман  кісі  
еді. Ат бергеннің құлы еді; енең жа ман кісі еді. Мәскеудің қара 
күңі  еді.  Іш  қазандай  қайнайды,  күресуге  дәрмен  жоқ;  қоян 
қолтық алысып, жырылсаң да арман жоқ.
10
 «Бұғау» – кісен.

69
СӨЙЛЕМ МЕН СӨЗ
Бір  сөйлемнің  ішінде  бірнеше  сөз  болады.  Мәселен:  «Аш 
бала тоқ баладай ойнамайды» деген сөйлемнің ішінде бес сөз 
бар: 1) аш, 2) бала, 3) тоқ, 4) баладай, ойнамайды.
Алайық,  «Тоқ  бала  аш  болам  деп  ойламайды»  де ген  сөй- 
лемді. Мұның ішінде: 1) тоқ, 2) бала, 3) аш, 4) болам, 5) деп,  
6) ойламайды.
Дағдыландыру.  Төмендегі  жазылған  сөйлемдердің  әр 
бірінің ішінде неше сөзден барын айырту.
Үлкен бастар, кіші қостар. Қоянды қамыс өлтірер, ерді на-
мыс өлтірер. Орақшының жаманы орақ таңдайды. Хас жорғадан 
жортақ туар, хас батырдан қорқақ туар, хас шеберден шорқақ 
туар.  Өз  ақылын  шамалаған  қор  болмас.  Өзі  білмес  өзгенің 
тілін алмас. Тентектің ақылы түстен кейін енеді. Атадан бала 
туса игі, ата жолын қуса игі; бетіне келер ұятын өзі біліп жуса 
игі. Ананың көңілі балада; баланың көңілі далада. Көп баланың 
ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі бала дана болар. 
Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады. Жібекті 
сақтай білмеген жүн етеді; қызды сақтай білмеген күң етеді. 
Сынау.  Төмендегі  сөйлемдердің  ішінде  неше  сөзден  бар 
екенін  айырып,  әр  сөйлемнің  ішіндегі  сөздерді  бастан  аяқ 
нөмірлеп, жақша
11
 ішіне нөмірлерін қойып жазыңдар. Үлгі: Ба-
лалы үй базар. Жазу керек: 1) балалы, 2) үй, 3) базар.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Берген алар, еккен орар. Жер 
таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Біреу тойып секіреді, 
біреу  тоңып  секіреді.  Шам  жарығы  түбіне  түспес.  Аузы  жа-
ман елді былғар, аяғы жаман төрді былғар. Білегі толық бірді  
жығар, білімі толық мыңды жығар. Екі қатын алғанның дауы 
үйінде,  жаман  қатын  алғанның  жауы  үйінде.  Қайтып  кірер 
есікті  қатты  серіппе.  Төс  табаны  жайылған  атан  жүрер  жол 
екен, төсегінен айырылған адам жүрер жол екен. 
11
 Жақша деп мынаны ( ) айтады

70
СӨЗ БЕН БУЫНДАР
Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады. Мәселен, «ат» деген 
сөзде бір-ақ буын бар; «а-та» дегенде екі буын бар; «а-та-лар» 
дегенде  үш  буын;  «а-та-лар-ға»  дегенде  төрт  буын;  «а-та-ла-
ры-ма» дегенде бес буын сөз буын санына қарай бір буынды, 
үш буынды, төрт, буынды, онан көбі көп буынды сөз деп ата-
лады. 
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарын айырту.
Бал,  бала,  балалар,  сау,  саулық,  саусақ,  сауда,  саудагер, 
тай,  тайау,  тайғақ,  тайғанақ,  тайсалу,  тайпалу,  тайану,  аш, 
ашық, ашқыш, ашқан, ашқарақ, ашқылтым, жан, дене, самай, 
сақал, мойын, кеуде, алақан, шеміршек, апа, қарындас, неме-
ре, нағашы, құдаша, қаз, қарға, қара құс, қарлығаш, жапалақ, 
балықшы,  жағалтай,  күйкентай,  безгелдек,  қызғаншақ,  қор- 
ғануға, сақтануға, аударуға, құлатуға, сескенуге, өстіруге, сол- 
қылдауға,  сандырақтауға,  шашыратуға,  аударыстыруға,  ұшы- 
ратуға.
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  буынға  бөліңдер,  буындар 
арасына  сызықша  (    )  қойыңдар.  Үлгі:  сау-да,  са-йақ,  а-сық, 
тұш-қыл-тым, са-рым- сақ сақ-та-ну-ға, жал-пыл-дау-ға, а-тыс-
тыру-ға.
Ел құлағы елу.  Бұлт  ала, жер шола. Дауыл  болмай  жауын 
болмас;  ит  баласы  сауын  болмас.  Жақсы  келсе  құт;  жаман 
келсе  жұт.  Тисе  терекке,  тимесе  бұтаққа.  Ер  туған  жеріне, 
ит  тойған  жеріне.  Көп  қорқытады,  терең  батырады.  Ұяда  не 
көрсең,  ұшқанда  соны  аларсың.  Арзанның  сорпасы  таты-
мас.  Бақыр  қазан  піскені  баршамызға  пайдалы.  Көшсе,  көш 
қасындамыз,  отырса,  от  басындамыз.  Үйге  келгенде  үйдей 
өкпеңді айтпа, ас қадірін білмесең, ашаршылық берер сазаңды; 
ат қадірін білмесең, жаяулық берер жазаңды. Шақырғандарға 
бар; шаққандардан қаш. Шақырғандарды шақырамын, шақыр-
мағандарға қақырамын.

71
БУЫН МЕН ДЫБЫС
Бір  буынның  ішінде  бірнеше  дыбыс  болады.  Мәсе лен: 
«Не?», «же!», «мә!», «ат», «аш» деген сөздердің ішінде бір бу-
ыннан  бар,  мұндағы  әр  буында  екі-екі  дыбыстан  бар.  «Не?» 
(бірінші дыбыс «н», екінші ды быс «е»), «Же!» (бірінші дыбыс 
«ж» екінші дыбыс «е»), «ат» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс 
«т»), «аш» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс «ш»).
Қап, бас, жел, күл, мес, бай, жау деген сөздер бір буынды, 
бірақ  бұлардың  әр  буынында  екіден  емес,  үш-үштен  дыбыс 
бар: қ-а-п, б-а-с, ж-е-л, к-ү-л, м-е-с, б-а-й, ж-а-у. Бір дыбысты 
буындар да болады. Мәселен, а-ра, а ға, а-су, а-зу, а-сы деген 
сөздердің  бірінші  буындарында  бір-бір  дыбыстан,  екінші  бу-
ындарында екі-екі дыбыстан бар. Дыбыс таңбасын қаріп деп 
атаймыз, сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қаріп бар дейміз, 
айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс пен қаріп 
екеуі екі басқа нәрсе, біріне-бірін қатыстырып, шатыстырмасқа 
тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қаріп көрінетін, 
естілмейтін нәрсе.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздердің  буындарында  неше 
қарыптан бар екенін айырту.
Ақ, тоқа, саз, бет, құн, ай, бай, сай, тау, бау, жау, ата, ара, 
жала, шана, азы, аты, асы, жасы, саны, жаны, аран, ажар, ұзау, 
бұрау, арзан, шортан, бұршақ, тармақ, салмақ, алмағы, салмағы, 
тармағы, шарбағы, атпаған, жатпаған, қалмаған.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал