Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



жүктеу 9.59 Kb.
Pdf просмотр
бет21/24
Дата09.01.2017
өлшемі9.59 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Басқарма.  Жазушының  дыбыс  әдісі  мен  тұтас  сөз  әдісін 
сынаған ойларына, көзқарасына басқарма қосылмайды. Ол ой-
ларын бір жақты жаңылысы бар деп біледі. Мұндай мәселе әлі 
қазақ  оқытушыларына  соны  болғандықтан,  бұл  мақала  пікір 
алысу  ретінде  басылып  отыр.  Әдіс  жұмысымен  таныс  адам-
дар, педагогтар бұл туралы пікірін жазуын өтінеміз. Басқарма 
соңғы нөмірлердің бірінде өз ойын да жазбақшы.
«Жаңа мектеп», 1928., № 4, 3-11-б.

334
ЖАЛҚЫЛАУ (АЙЫРЫҢҚЫ) ӘДІС
Жалқылау  әдіс  –  жалпылау  әдіске  қарсы  жөндегі  әдіс. 
Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асы-
лы  іріден ұсақтату.
Жалқылау  әдістің  жалпылау  әдістен  артықтығын 
қуаттайтын  пікір  ХVІІІ  ғасырдың  аяғында  туады.  Бастап 
туған  жері  –  Франция.  Бастап  қуаттаушылар  бұл  әдістің 
артықтығын  былайша  дәлелдеген:  Бір  нәрсемен  баланы 
таныстырғанда,  оның  бөлімдерінен  бастап  таныстырмаймыз, 
тұтас тұрған тұлғасында таныстырамыз. Мәселен: Шапанмен 
таныстырғанда жеңінен, жағасынан, етегінен, өңірінен бастап 
таныстырмаймыз,  шапанның  өзін  алып  көрсетіп  таныстыра-
мыз.  Оқу  үйреткенде  де  сөздің  әріптен,  буынынан  бастамай, 
сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек дейді.
Бұларша  оқу  үйрету  үшін  әліп-би  кітабы  болсын,  басқа 
кітаптар болсын – бірі де керек емес. Түсінікті сөздерді алып, 
балаларға  көрсетумен  балалар  сөздерді  танып,  оқып  кетеді. 
Мағынасыз әріптерді, ежіктерді жаттаудан мағыналы сөздерді 
жаттау балаларға жеңіл де болады, көңілді де болады дейді.
Францияда мұндай пікір туып тарай бастағанда, немістерде 
де осы пікірге келушілер болды.
Неміс әлімі Гедике
47
 деген жалқылау әдісін қуаттаушының 
бірі  болып  пікір  тартады.  Ол  қуаттағанда  былай  дәлелдейді: 
Дүние  танып,  білім  білуіміздің  бәрі  жалқылау  әдіс  жолы-
мен  болады.  Дерексіз  заттан  деректі  затты  бұрын  танимыз, 
мүшелерінен  тұтас  тұлғасын  бұрын  танимыз.  Балаға  оқу 
үйретуде сол жолмен болу тиіс, оқу үйрету балаларға түсініксіз 
әріп  сияқты  дерегі  кем  нәрседен  басталмай,  түсінікті  тұтас 
сөзден басталу ке рек дейді.
1791 жылы Гедике тұтас сөзбен үйрететін әліп-би кітабын 
шығарады. Бес жасар қызын сонымен үйретіп, үш айда сауа-
тын ашып, кітап оқитын етеді. Үш айда сауат ашып, кез келген 
сөзді оқи білерлік ету – о заманда болмайтын оқиға.
Бір әріпті үйрету үшін бір Гедике неше сөз алады.
47
 
1775-1803 ж. шамаларында болған адам.

335
Мәселен,  «а»-ны  үйрету  үшін  бізше  болғанда  мынадай 
сөздерді алған: Ар, азық, арғын, ас, ақыл.
Кітаптың  бірінші  бетіндегі  бірінші  жолдағы  сөздер  осы-
лар  болмақ.  Басқа  жолдарындағы  сөздер  басқа  болмақ,  бірақ 
олардың ішіндегі «а» әрпі болмақ. Бұлардың «а»-сы басында 
келмейді, ортасында, аяғында келеді. Басында «а» келетін атау 
сөздер өз алдарына бір жол болып, екі-үш жолдан кейін қайта-
қайта келіп отырады. Елеулі болу үшін «а» әрпі бірде қызыл, 
бірде  қара  бояумен  басылған.  Үйрету  тұтас  сөзді  оқудан  ба-
сталады. Мұғалім 1-ші жолдағы сөздерді бір-бірлеп көрсетеді, 
оқиды;  Балалар  көрсеткеніне  қарап  мұғалім  айтқанын  олар 
да  айтады,  солай  етумен  балалар  әлгі  алған  бір  жолдағы  бес 
сөзді әбден танып көрсеткенде айтарлық, айтқанда көрсетерлік 
даражаға  жеткенде,  сөздің  буынын  айыруға  түседі.  Онан  әрі 
буынның әріптерін айыруға түседі.
Оны былай істегені мұғалім бірінші сөзді алып, «а-р» деп 
екеуін қоспай, жіктерін ашып айтады да, неше бөлініп, айты-
лып тұр деп сұрайды, сонан соң әр бөлімін бөлек айтқызады. 
2-інші, 3-інші, 4-інші, 5-інші сөздерді де солай етеді. Бәрінің 
де  басындағы  дыбысы  бірдей  болып,  басқаларынікі  ондай 
болмаған соң, «а» дыбысы айрықша болып шығады. Сонда бұл 
дыбыстың әрпі мынау деп, «а» әрпін көрсетеді. Басқа сөздерге 
де  басқа  әріптермен  таныстырғанда  істейтін  тәсілі  осылай 
болған. Балалар бір беттегі сөздерді танып, оқырлық даражаға 
жеткенде, 2-інші беттегі сөздерге түскен.
Мұның  тәсілі  жеке  балаларды  оқытуға  жараса  да,  мек-
тепте  көп  баланы  оқытуға  жарамсыз  болып  шыққан.  Негізгі 
кемшілігі  сөзді  жаттату,  сөз  әріптен,  буыннан  мағыналы, 
балаларға түсінікті болғанмен, не үшін былай «ат» етіп сызған 
нәрсе  ат  болып  оқылуға  тиістігі,  онысы  балаларға  түсініксіз, 
сондықтан бұл әдіс те іске асып жарымайды, бірақ жалқылау 
әдіс пікірі өшпейді.
Жалпылау  әдіске  жан  беріп,  күшейткен  атақты  француз 
оқытушысы Жакото
48
.
48
 
1770–1840 жылдарда болған адам.

336
Жакото үйрету – асылында үйренуге дағдыландыру дейді. 
Баланың  үйрену  талабын  қоздырса,  білімнің  бәрін  басқаның 
көмегінсіз өзі-ақ алады. Балаға талаптылық тәрбие беру үшін 
басынан  табиғат  жолымен  үйрету  керек.  Табиғат  жаратқан 
нәрсесін  тұтас  түрінде  жаратады.  Табиғат  нәрсесін  адам  да 
әуелі тұтас түрінде түйеді. Бала оқытушы осыны дәйім есінде 
сақтау ке рек. Балаға ән үйретпек болсақ, әуелі дауыстың түрін 
(нотасын), дауыстың даражасын (тонын), сонан соң барып әнді 
үйретер ме едік. Әуелі әннен бастап үйретер ме едік дейді. Ба-
ланы  өсімдікпен  таныстырсақ,  гүлінен,  жапырағынан  бастап 
таныстырамыз  ба?  Айуанмен  таныстырсақ,  сүйегінен  бастап 
таныстырамыз ба? Тұлға түрінде алып таныстырамыз ғой. Бала 
үйреткенде сол жолмен үйрету керек. Нәрсенің бөлшегінен ба-
стап үйретпей, тұтас тұлғасынан бастап үйрету – дерексіз зат-
тан бұрын деректі қатты алып таныстыру дейді.
Мұның да дәлелі алдыңғылардікіндей, бұ да әліп-би кітабы 
керек емес дейді. Бала үйретуге айрықша кітаптың керегі жоқ, 
кез келген кітап жарайды. Кез келген кітаптың бір бетін алып, 
ішіндегі  сөйлемдерді  оқытып,  оларды  сөзге  бөліп  оқытып, 
сөздерді буынға бөліп оқытып, буындарды әріпке бөліп таны-
стырса,  сонымен  бала  оқуды  үйреніп  алады,  үйткені  әліп-би 
әрпінің бәрі кітаптың бір бетінен табылады дейді.
Жакотоның  әдісін  өзгертіңкіреп  осы  күнде  де  қолданып 
отырғандар бар. Американ әдісі деп айтылып жүрген әдістің 
негізі Жакотонікі.
Жакотоша үйрету реті былай болмақ:
Қітаптың  алған  бетіндегі  әуелі  келетін,  мәселен,  мынадай 
сөйлем екен – «Қалаға жақын жердің бәрі жиын».
Осы сөйлемді мұғалім кеспе әріптен жасап, тақтай бетіне 
тізіп қойып, дауыстап әр сөзін қолымен көрсетіп оқиды. Сонан 
соң оны балалар оқығанда, бәрі дауыс қосып көптеп те, жеке 
де оқиды жана да қалыпты ретпен окымай, сөзді есе қосып бы-
лайша оқиды:
Қалаға
Қалаға жақын 
Қалаға жақын жердің 
Қалаға жақын жердің бәрі

337
Қалаға жақын жердің бәрі жиын.
Осылай оқу балалар сөйлемнің ішіндегі кез келген сөзді та-
нып айтатын болғанша істеледі.
Сонан кейін мұғалім басындағы сөзді алып, кеспе әріптен 
буынға бөлген түрде бөлек шығарып қояды да буын-буынына 
белгілеп  оқиды.  Балаларға  да  солайша  оқытып,  сөз  неше 
бөлініп  айтылатынын  айтады.  Сөздің  бәрін  солай  оқытып, 
солай айттырып болғаннан кейін, пәлен буынды, түген буын-
ды көрсет дейді. Пәлен буын қай сөзде, түген буын қай сөзде 
деп сұрайды. Пәлен буыны бар, түген буыны бар сөзді көрсет 
дейді. Пәлен сөздің бас буыны, аяқ буыны қайсы деген сияқты 
сұраулар болады.
Сүйтіп,  бір  сөйлемнің  өзінде  балалар  буынның  бірнеше 
түрлерімен танысып қалады.
Әріппен таныстыру үшін де істейтін тәсілі осы. Бір буынды 
алып, мәселен, «ла»-ны алып, екі арасын ашып қойып, арасын 
бөліп оқиды, балаларға оқытады. Неше бөлініп айтылатынын 
сұрайды. Басындағы, аяғындағы әріп әрқайсысы не деп атала-
тынын  айтады,  оқығанда  қалай  айтылатынын  айтады.  Сонан 
соң  білген  әріптерін  басқа  сөздерден  тапқызады.  Сонан  әрпі 
екінші, үшінші, тағысын тағы буындарды алып, істейтін ісінің 
реті бәрі осылайша болады.
Бір сөйлемді солайша үйреніп болғаннан кейін басқаларын 
алып, бұлайша үйретеді. Жалғыз қойылатын шарт – 1) Балалар 
үйренген нәрсесін нық білу, ол үшін оқу сабағын дәйім басы-
на бірінші сөйлемнен бас тап отыру. 2) Жаңа сөйлемді оқытуға 
алғанда  ішінде  келетін  бұрынғы  таныс  буындармен  таныс 
әріптерді балалардың өздері көрсетуі керек.
Сүйтіп,  он  шақты  сөйлемді  оқи  білген  кезде,  бала лар  бір 
жағынан  әріптерді,  бір  жағынан  буын  түрлерін  танып  алып, 
бір жағынан оқуға жаттығып, әрмен қарай өз беттерінен оқуға 
жараған.
Жакото оқытуға ұста, әдісінде шеберлік толық болғанмен, 
Гедикенің  әдісіндегі  кемшіліктен  бұ  да  құтыла  алмаған.  Ол 
кемшілік  –  оқыған  сөздерін  балалар  неге  солай  оқылатынын 
білместен  жаттау.  Ол  кемшілігіне  қарамай  Жакотоның 
әдісі  тәуір-ақ  жайылған.  Немістер  Жакото  әдісінің  мәнісіне 

338
түсінгеннен  кейін,  Жакотоның  әріпті  әдісін  дыбысты  әдіске 
аудару  шарасын  қарастырады.  Сүйтіп,  бір  заманда  дыбы-
сты  жалқылау  әдіспен  дыбысты  жалпылау  әдіс  –  екеуі  қатар 
өркендеп күшейген кезі болған. Онан әрі барып екеуі қосылып, 
бір әдіс түріне түскен, онысы – жалқылау-жалпылау әдіс. Ол 
келесі жолы сөз болмақ
49
.
«Жаңа мектеп», 1927. № 11-12, 45-49-б.
ЖАЛҚЫЛАУЛЫ-ЖАЛПЫЛАУ ӘДІС
Бір  жерде  жалпылау,  бір  жерде  жалқылау  әдісі  жүріп, 
ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау әдісі бо лып бірігеді.
Бұл  әдістің  өзі  қолдану  жүзіндегі  баспалдақтарына  қарай 
бірнеше түрге бөлінеді.
І.  «Шағын  сөзді»  деген  түрі.  Мұның  асылы  балаларға 
шағындап  алған  әр  сөздің  оқуы  мен  жазуын  білдіру.  Мұны 
әуелі  қолданушылар:  Погел,  Томас,  Белме  деген  неміс 
оқытушылары, сонан басқалар алып түрліше қолданады. Бірақ 
бәрінің негізі мынау болады:
Әліп-би кітабы болмақ. Ол кітаптың ішінде: 1) Сүгіреттер 
болмақ. 2) Сүгіреттегі нәрселердің атын көрсететін баспа да, 
жазба да сөздер болмақ. 3) Сол сөздерге ұқсас басқа да сөздер 
болмақ. 4) Үйретілген әріптерден жасалған сөздер, сөздерден 
жасалған  сөйлемдер,  сөйлемдерден  жасалған  қысқа-қысқа 
әңгімелер болмақ. 5) Түгел күйінде әліп-би ретімен жазылған 
әріптер болмақ. Бұл соңғысы үйрету үшін емес, әріп біткеннің 
бәрі үйретіліп болғандығын көрсету үшін қойылады.
Осылайша  шығарылған  әліп-би  кітаптары  бірінен-бірі 
негізгі  жағынан  емес:  1)  Шағындап  алған  сөзінің  сандары 
жағынан. 2) Сөздерінің түрлері жағынан. 3) Сөздерінің орнала-
суы жағынан. 4) Оқуға алынған әңгімелері жағынан алынады.
Үйрету көшесі былай:
49
 Тұтас сөз – сөйлем әдісінің негізі осы мақалада айтылған болса бұл күнде 
басқаша ұсталатын кездері де бар. Ақаңның жалқылаулы – жалпылау әдісі 
дегені осы тұтас сөз сөйлем әдісі. Мұның бүге-шігесі келер санда басылады.

339
1. Әліп-би кітабының 1-і бетінде тұрған сүгіретті оқытушы 
тақтайға  салады  да,  сол  нәрсенің  жайынан  әңгіме  қозғайды. 
Әңгіме балаларды қозғайды. Балалар мен оқытушы әңгімелесе-
әңгімелесе барып, сол нәрсе турасындағы жұмбақтар, өлеңдер 
сияқты нәрселерді айтқызады немесе өзі айтады. Бұл әңгіменің 
пайдасы  –  алынған  нәрсені  балаларға  анық  танытып  білім 
береді, сөйлесуге бойын да, тілін де үйретеді.
2.  Салынған  сүгіретті  балалар  дәптерлеріне  көшіреді.  бұл 
көшіру  балаларды  сүгірет  салуға  үйрету  емес,  салғандары 
ұқсасын,  ұқсамасын  әркім  әлінше  салса  болғаны.  Мұның 
пайдасы – сүгірет салуға балалар әуес болғандықтан, сүгірет 
салғандарына мәз болып өздері рақаттанады, қарындаш ұстауға 
қолдары үйренеді.
3. Сүгіреттегі нәрсенің атын көшіру. Оқытушы сөзді тұтас 
күйінде  тақтайға  жазады.  Балалар  дәптерлеріне  көшіреді. 
Дәптерлеріне  көшіруден  бұрын  былай  ету  керек  дейді: 
Оқытушы  тақтайға  жазып  жатқанда,  бала лар  қарап,  бағып 
отырады.  Жазып  болған  соң,  балалар  орнында  отырып, 
оқытушының  жазуына  еліктеп,  жазған  сияқты  болып,  сұқ 
қолдарымен тақтай бетіндегі жазу бойымен жүргізеді. Сонан 
соң барып қарындашпен дәптерлеріне жазады.
4.  Сөздің  дұрыстарын  айыру.  Ол  үшін  оқытушы  тиісті 
сөзді  алады  да,  дыбыстарын  анық  етіп  ашық  дауыспен  айта-
ды.  Әсіресе,  кезінде  үйретуге  керек  бо лып  тұрған  дыбысты 
айқындата айтады.
5.  Сөзді  әріптен  бұтарлау.  Ол  үшін  оқытушы  әріп  арала-
рын ашығырақ жазады. Балалар соның ішінен үйретіп жүрген 
әріпті танып алып, бірнеше рет жазады. Солай бірнеше әріпті 
танығаннан кейін оқытушы енді әр әріпті жеке күйінде алып 
тақтайға жазып, бұл қай сөзде, қандай орында тұр деп сұрайды. 
Балалар әліп кітабынан жазылған әріпті сөздің ішінен танып 
көрсетеді.
6.  Әріптерден  сөз  жасау.  Балалар  4-4  әріпті  танитын 
болғаннан кейін солардан құрап, сөз жасайды.
7.  Баспа  тану.  Ол  үшін  жазба  сөздің  астына  баспа  сөз 
қойылып, екеуінің әрпі салыстырылады.
Шағын  сөзді  алдыңғы  әдістерше  не  әріп  жаттатып,  не 
сөз  жаттатып,  балалардың  басын  қатырып  жалықтыру  жоқ. 

340
Жұмыстың  бір  ұшы  оқытушыда,  бір  ұшы  балаларда  болып, 
бұлардың басы білім құятын тек ыдыс есебінде болмай немесе 
бір жағы адамша, бір жағы машинаша істемек, екі жағы да зер 
салып істейтін болады.
Мұнысы  алдыңғы  әдістерден  артық  бір  жері  болма-
са, екінші бір артық жері – аз сөзді оқи білумен балалар көп 
сөзді оқып кетуге жарайды. Сондай артықтығы болғандықтан, 
бұл  әдіс  мәдениетті  жұрттардың  бәріне  де  жайылады.  Жұрт 
өзінің  тілінің,  емлесінің  жүйесіне  қарай  түрліше  ыңғайлап 
қолданады.  Сондықтан  пәлен  әдіс,  түлен  әдіс  деп  түрлі  ат-
пен аталады. Атына қарамай, затына түптеп қарағанда бәрінің 
негізі бір болып шығады. Орыстарда түрлі атпен аталған әліп-
би кітабы үйрететін әдістер, татарлардан, мәселен, түрлі атпен 
аталған әліп-би кітабы үйрететін әдістер, біздің қазақта да әліп-
би  кітабымен  үйрететін,  олардың  бәрі  де  шағын  сөз  әдісінің 
негізінен құр емес.
ІІ.  «Жазу-оқу»  деген  түрі.  Былай  деп  біреулер  жазу  мен 
оқу екеуін қабат үйретуді айтады, біреулер оқуды жазу арқылы 
үйретуді  айтады.  Әдістің  затына  соңғы  мағынада  айтулары 
дұрыс келеді. Үйткені – бұл әдісті қолданушылар оқу үйретуді 
оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді.
Мұны былай дәлелдейді: «Жазу жоқ кезде оқу жоқ. Оқудан 
жазу дүниеге бұрын келген. Оқуды жазу тудырған» дейді.
Оқу білмейтін адамды үйреткенде, жазу мен оқудың пайда 
болған жолымен жүру керек дейді.
Бұл  әдістің  өзі  онша  дүниеге  көп  жайылмағанымен,  өзге 
жайылған  әдістерді  түзетуге  дақылы  болды.  Мұнан  бұрын 
оқу  алда  жүріп,  жазу  сонда  жүруші  еді.  «Жазу-оқу»  әдісі 
шыққаннан  кейін  оқу  мен  жазу  екеуі  қатар  жүретін  болды. 
Оқытушылар үйретуді оқудан бастаса, әдістер оқытқанын жаз-
дырып  отыратын  болды.  Жазу дан  бастаса  жаздырғанын,  не 
жазғанын оқытып отыра тын болды.
Бұл «жазу-оқу» әдісін орыстар, орыстан үлгі алған Ресейдегі 
басқа жұрттар көп қолданады.
ІІІ.  «Дыбысты  әдіс».  Дыбысты  әдіспен  үйреткендегі 
істелетін істің негізі бес түрлі:
1. Балалармен әңгімелесу.
2. Оқу үйретуге де даярлайтын жұмыстар.

341
3. Сөзден дыбыстарды айырып шығару.
4. Әріптермен таныстыру.
5. Білген әріптерінен сөз күрау, соны оқу.
Әңгімелесу.  Бұл  балалардың  бойын  үйрету  үшін  істеледі. 
Әңгімелескеннен  кейін  балалар  оқытушыға  үйір  болады, 
оқытушы балалардың жайларын біледі. Әңгіме арқылы бала-
лар  мектептегі  нәрселердің  аттарымен,  жүру-түру  жүзіндегі 
тәртіптерімен танысады.
Оқуға  даярлайтын  істер.  Бұл  –  әуелі,  «сөз»  деген  үғым 
мен «дыбыс» деген не нәрселер екенін білдіру. Екінші, сөздің 
ішіндегі дыбыстарды айырту.
«Сөз» деген ұғымды таныту үшін оқытушы балаларға бір 
нәрсені ататады. Оның атаған нәрсесі туралы өзі бір нәрсе ай-
тып,  неше  сөзбен  айтылып  тұрғанын  сұрайды.  Мәселен,  ба-
лалар  «тақтай»  деген  болса,  оқытушы  «тақтай  үлкен»  дейді 
де,  балалардан  неше  сөзбен  айтылып  тұр  деп  сұрайды.  Сол 
жөнмен  бірнеше  рет  сөздер,  сөйлемдер  алынып,  сұралып 
өткеннен кейін «сөздің» немене екенін біліп кетеді.
«Дыбыс» ұғымын таныту үшін істелетін тәсіл екі түрлі бола-
ды. Біреуі былай: Оқытушы бір дыбысты айта ды да, айтқаным 
не дыбыс деп сұрайды. Балалар естіген дыбысын айтады. Тағы 
бір дыбыс алып, тағы солай сұрайды, балалар сұрағанын айтып 
береді. Солай бірнеше рет істегеннен кейін балалар «дыбыс» 
деген нәрсенің не екенін ұғады. Екінші тәсіл былай істеледі: 
Балалардың көзін жұмғызып қойып, оқытушы бір нәрсені сыл-
дырлатады немесе тықылдатады. Бірақ не істесе де балалардан 
«не естідіңдер?» деп сұрайды. Балалар естігенін айтады. Со-
нан оқытушы бір дыбысты айтады. Мұны да не естідіңдер деп 
сұрайды. Балалар естігенін айтады, солай бірнеше ірет істеп, 
бірнеше  ірет  сұрағаннан  кейін  «дыбыс»  деген  немене  екенін 
балалар ұғады.
Дыбыс  айырту  үшін  оқытушы  өзі  не  балаларға  бірдеме 
айтқызады.  Сонан  бір  сөзді  алады  да,  соны  әуелі  буындап, 
бөлектеп  айтады.  Буындап,  бөлектеп  айтқанда  буын  жіктері 
ашылып,  әр  буын  бөлектеніп  естіледі.  Солай  бірнеше  сөзді 
алып айтқаннан кейін балалардың құлағы сөз буынын айыра-
тын болады.

342
Буынды айыра білгеннен кейін дыбыстарын айыруға түседі. 
Ол  айыруға  қолайлы  буын  табылатын  сөздерді  алып,  әуелі 
буынға бөледі де сонан өзінің керек қылған буынын алып, ды-
быстарын бөлектей айтады неме се әнге салған сияқты созып 
айтады. Балалардың тез айырып үйренуіне соңғысы қолайлы. 
Буынды созып айтқанда, оның ішіндегісі нендей дыбыс екені 
біліне  қалады.  Мәселен,  «ара»  деген  сөздің  «ра»  деген  буы-
нын алып, әр дыбыспен созып айтса, әуелі «р», сонан соң «а» 
естілетіндігін құлақ қазір айырады. Мұндағы бір керек нәрсе, 
ол – алғашқы кезде алған буындардың әріптері созылатын болу 
тиіс: ол дыбыс айыру жұмысын көп жеңілдетеді.
Дыбыстарды  айыра  білгеннен  кейін  оларды  қоса  білуге 
кіріседі. Дыбыстарды қосып буын жасап, буыннан сөз жасау 
керек дейтіндер де бар, оның керегі жоқ дейтіндер де бар. Ке-
рек деушілердің пікірі де екі бөлінеді: Біреулері әріп көрсетуден 
бұрын балалар сөзді дыбыстан құрап жасай білу керек дейді, 
екіншілері  –  ды быс  құрастыру  әріптермен  таныстырып,  со-
ларды құрастырып, сөз қылып, қосар жерде істелу керек дейді. 
Әуелі, бұл үш түрлі пікірдің дыбысын құрастыру керек емес 
дейтіндер дұрыс емес. Дыбысты әдіс болмасқа керек десе, онда 
жөн, ал дыбысты әдіс болса, онда дыбыстарды қостыру болма-
са, ол шала болмақ. Екінші, әріптерді құрастырып оқыр кезде 
істелу керек деген пікір де дұрыс емес. Онда кеш болады, ол 
жерде еш пайдасы тимейді. Олай болғанда сөздің дыбыстарын 
айыртып  үйретудің  де  қажеті  жоқ,  оны  жазу  кезінде  істетуге 
болады.
Сөздің дыбыстарын айыра білу – соңыра жазуға керегі бар 
нәрсе,  дыбыстарды  құрастырып  сөз  қыла  білу  –  ол  соңыра 
оқуға керегі бар нәрсе. Дыбысты дыбысқа қосу әріпті әріпке 
қосудан  жеңіл  болады.  Үйрету  жеңілінен  басталу  керек.  Ол 
үйретудің негізгі дабыл жолы.
Әріптермен  таныстыру.  Сөздің  дыбыстарын  айыра 
білгеннен  кейін  түрлі  дыбыстарды  қосып  сөз  қыла  білетін 
болғаннан  кейін  әріппен  таныстыруға  түседі.  Әріппен  таны-
стыру  іреті  әріптердің  әліп-би  кітабындағы  тұрған  іретінше 
болады. Әліп-би кітабының басындағы бөлек әріптер немесе 
сөздің ішіндегі әріптер, мәселен «а», «с» болса, сол әріптер бар 

343
сөзді алып, дыбыстарын айыртады. Сонан соң пәлен дыбыстың 
таңбасы  мынау  деп  әрібін  көрсетеді.  Дыбыс  таңбасы  әріп 
деп  аталатынын  да  айтады.  Сонан  кейін  жаздырады.  Басқа 
әріптердің арасынан іздеп таптырады.
Сонан  кейін  танытқан  әріптерінен  құрастырып,  сөз 
қылып  оқытады.  Дыбыстарды  айырту,  құрастырып  сөз  қылу 
дұрысталып  істеліп,  балалар  әбден  әдісін  алған  болса,  сол 
дыбыстардың әріптерін құрастырып, сөз қылып оқуға балалар 
қиналмайды. Бір-екі сөзді әріптеп құрап оқығаннан кейін тез 
әдісін  алады.  Алғашқы  кез де  сөзді  ылғи  буындап  қостырып 
оқытады.  Сонан  бу ындап  оқып  әдеттенеді.  Буындап  оқу 
жаттыға бара қалыпты оқу түріне түседі.
Анығында Еуропа жұрттары соңғы кезде қолданып жүрген 
америка  әдісі  деген  жалқылаулы-жалпылау  әдісінің  «тұтас 
сөзді»  тағы  бір  түрін  айтып,  сонымен  әдіс  жалпы  тарихын 
аяқтайық.
Бұл  –  ескі  емлелі  жұрттың  шығарған,  ескі  емлелі 
жұрттардың  қолданып  отырған  әдісі.  Ағылшын,  фран цуз 
жұрттарының  емлелері  араб  емлесі  сияқты  ескі  бо лады,  ескі 
емлемен  жазылған  сөздің  жазуы  мен  оқуы  бір-біріне  сәйкес 
болмайды.  Мәселен,  арабтар  «тырқы»  деп  жазып,  «тараққи» 
деп оқиды. Ағылшын мен фран цуз емлесі онан да сорақы: біз 
олардың емлесінше жазатын болсақ, «жой» деп жазып, «жуа» 
деп оқыр едік. Ондай емлесі бар жұртқа дыбыстың құны ша-
малы. Сөзді сүгіретін жаттаумен танып оқиды, әріп тек сүгірет 
мүшесінің орнына жүреді.
Бұл күнде бұл әдісті әр жұрт өз тілінің, емлесінің ыңғайына 
қарай әртүрлі тұтынып отыр. Нағыз өзінің шықкан жері Аме-
рикада тұтынуы былай:
Жылдың  ортасына  дейін  кітап  қолдану  жоқ.  Бала лар 
оқытушының  тақтайға  жазғанын  ғана  оқумен  барады.  Оқу 
әріптен,  не  дыбыстан  басталмайды,  тұтас  тұрған  сөздерді 
оқудан  басталады.  Мәселен,  бір  бала  шегіртке  ұстап  әкелген 
екен.
Оқытушы: «Не әкелді?» – деп балалардан сұрайды. Балалар: 
«Шегіртке әкелді», – дейді. «Шегіртке әкелді» деген сөйлемді 
оқытушы тақтайға жазады. Өзі оқиды, балаларға оқытады.

344
Сонан соң «шегіртке» деген сөзді кірістіріп, басқа сөйлемдер 
алады. Оны жазады, оқиды, оқытады. Сүйте-сүйте «шегіртке» 
деген  сөздің  жазуы  қайта-қайта  ұшырап,  балалардың  жатта-
рында  қала-қала  барып,  әбден  таныс  болып,  бірден  танитын 
болады. Бірден танитын болса, бірден оқитын болғаны. Басқа 
сөздердің де оқуын сол іретше үйретеді.
Солай етумен жарты жылдың ішінде 125 шамалы сөзді та-
нып оқитын болады. Екі айдай сөздің дыбыс жағына жоламай-
ды. Онан әрі ғана, балалар бірсыпыра сөздің оқуын енді біліп 
болды ғой дегенде барып, сөздің дыбыстарын айырта бастай-
ды.
Дыбыс  айыртуға  тұқымдас  сөздер  алынады.  Тұқымдас 
сөздердің дыбыстарының көбі бірдей болады. Ды быс айыртуға 
түсерде  жаңа  үйретілген  сөздер  тұқымдастығына  қарай 
сұрыпталып, бірінің астына бірі сатыланып жазылады. Солар-
ды көре-көре, оқи-оқи жүріп сөздердің бәрінде де ұшырайтын 
ортақ дыбыстардың үнін де, әрпін де айыратын болады.
Американың жазуға үйретуді де оқуға үйрету сияқты әріптен 
басталмай,  бүтін  сөздің  жазуынан  басталады.  Бірақ  жеңілдік 
үшін бастапқы кезде әрпі аз сөздер алынады.
«Жаңа мектеп», 1928. № 1, 31-37-б.
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 9.59 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет