Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



жүктеу 9.59 Kb.
Pdf просмотр
бет17/24
Дата09.01.2017
өлшемі9.59 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
§ 1. ЖАЛПЫ ТҮРЛЕРІ
1. Болымды сөйлем
Не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем 
болымды сөйлем деп аталады.
Мысал: Еділ бойы тоғай бар, тоғай толған ноғай бар. Бурыл 
атта бұғау бар, оны да кесер егеу бар. Сом темірге балға бар, 
сомсынғанға Алла бар. Хас жорғадан жортақ туар, хас батыр-
дан қорқақ туар, хас шеберден шорқақ туар. Сай сайға құяр. 
Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар. Көп қорқытар, 
терең батырар. Үлкен бастар, кіші қостар.
2. Болымсыз сөйлем
Не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйле ген сөйлем 
болымсыз деліп аталады.
Мысал:  Жер  жұтуға  тоймайды,  от  отынға  тоймайды,  кісі 
ойға  тоймайды,  бөрі  қойға  тоймайды.  Жалғыз  ағаш  үй  бол-
мас,  жалғыз  жігіт  би  болмас.  Тез  қасында  қисық  ағаш  жат-
пас.  Байлық  мұрат  емес,  жоқтық  ұят  емес.  Тура  биде  туған 
жоқ, туғанды биде иман жоқ. Сиыр сипағанды білмес, жаман 
сыйлағанды  білмес.  Өткен  келмес,  өшкен  жанбас.  Түбі  бірге 
түтпейді. Шам жарығы түбіне түспес. Соқыр көргенінен жаз-
бас.
3. Толымды сөйлем
Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем толымды деліп ата лады.
Мысал:  Өлген  келмес,  өшкен  жанбас.  Берген  алар,  ек-
кен  орар.  Жер  таусыз  болмайды,  ел  даусыз  болмайды.  Көп 

246
қорқытады,  терең  батырады.  Арзанның  сорпасы  татымас. 
Соқыр көргенінен жазбас. Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі 
– шүберек. Қоянды қамыс өлтірер. Сай сайға құяр, бай байға 
құяр. Тентек шоқпар жияр. Ат аунаған жерінде түк қалар. Тау 
мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Асыл тастан шығар, 
ақыл  жастан  шығар.  Алтын,  күміс  тас  болар,  арпа,  бидай  ас 
болар.
4. Толымсыз сөйлем
Тұрлаулы  мүшесінің  біреуі  немесе  екеуі  де  жоқ  бол са, 
сөйлем толымсыз деліп аталады.
Мысал: Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. Барымен базар, 
жоқты қайдан табар. Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан. 
Күлме досыңа, келер басыңа. Асың-асың, асыңа береке берсін 
басыңа. Асың барда ел таны, атың барда жер таны. Ауру астан, 
дау  қарындастан.  Алыстан  арбалағанша,  жақыннан  дорбала. 
Шалқайғанға  шалқай,  Пайғамбардың  ұлы  емес,  еңкейгенге 
еңкей,  атаңнан  қалған  құл  емес.  Баланы  жастан,  қатынды  
бастан.
5. Жалаң сөйлем
Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем жалаң деліп аталады.
Мысал: Ел қонды. Ат аунады. Қой маңырады. Аспан ашық. 
Ет  жасық.  Қымыз  сусын.  Көп  қорқытады,  терең  батырады. 
Үлкен  бастар,  кіші  қостар.  Өлген  келмес,  өшкен  жанбас.  Ат 
тепті, қасқыр қапты. Ат азар, тон тозар. Отын бар, от жоқ.
6. Жайылма сөйлем
Тұрлаулы  мүшелерінен  басқа  тұрлаусыз  мүшелері  де  бар 
сөйлем жайылма деліп аталады.
Мысал: Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. Қоянды 
қамыс өлтірер, ерді намыс өлтірер. Сай сайға құяды, бай байға 

247
құяды.  Ананың  көңілі  балада,  баланың  көңілі  далада.  Білегі 
толық бірді жығады, білімі толық мыңды жығады. Екі қатын 
алғанның  дауы  үйінде,  жаман  қатын  алғанның  жауы  үйінде. 
Қатты  жерге  қақ  тұрар.  Жүйріктен  шабан  туады,  жақсыдан 
жаман  туады.  Қаратаудың  басынан  көш  келеді.  Мен  келдім 
Мырзалының  ордасына,  сөз  айттым  қасындағы  молдасына. 
Үйіңе  сөйлес  қылдым  кеш  уақытта.  Кеш  мезгіл  келе  жатты 
екі кісі. Қазақтың қазақ иісі тұрған шақта. Алаштың баласына 
керегімсің.
§ 2. АЙТЫЛУЫНША АЙЫРЫЛАТЫН ТҮРЛЕРІ
Айтылу түрлеріне қарай сөйлем төрт түрлі болады
1. Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем деліп жауап сұралғанда айтылатын сөйлем 
аталады.
Мысал:  Сен  тамақ  іштің  бе?  Үйде  кім  бар?  Соншама  бұл 
бидайдың  дәні  көп  пе?  Суымды  неге  былғап  ылайлайсың? 
Мүмкін  бе,  Ылайлауға  осы  арадан?  Әкеңді  алдындағы 
танимысың?  Үшеуін  асырауға  көп  керек  пе?  Осындай  елде 
уақиға азғана ма? Бөшкенің қайсысының пұлы қымбат? Тура 
жол сонан артық табамыз ба? Мысық жан, бұл жердегі жұрттар 
қан дай?  Залалдан  басқа  нәрсе  істедің  бе?  Оңай  ма  арыстан-
нан  алу  ақтап?  Шымшық  мақтанды  ма,  ойнады  ма?  Құныңа 
тұрар ма сол жеген тауық? Тауықпен мен бе жалғыз ойнайтын? 
Күймей ме біреу үшін біреу отқа?
Сұрау сөйлемдерінің соңынан сұрау белгісі (?) қойылады.
2. Лепті сөйлем
Лепті сөйлем деліп аталатын адам көңілі күйі, жан жайы-
мен  сөйлегенде,  мәселен:  жан  ауырғанда,  не  кенелгенде, 
таңданғанда, сұқтанғанда, кейігенде, есіркегенде, күйінгенде, 
сүйінгенде,  қорыққанда,  қуанғанда  айтылатын  сөйлемдер. 

248
Бұлар  айтылғанда  жай  айтылмай,  лепті  үнмен  айтылады. 
Сондықтан лепті сөйлем деп аталады.
Мысал: Уф, Алла! Бітті қаным! Шықты жаным! Ей, шіркін, 
жақсылықты  білмейтұғын!  Жарайды,  бәрекелді,  сабаз-ай!  Я, 
раббым! Сол уақытга деді арыстан. Жасаған жалғыз жан ие-
ай! Қайран, еркін замандарың! Дариға, ол заманның бәрі өтті! 
Алда сорлы бишара балалар! Әй, жасынан өлген екен аналары-
ай! Тамаша қарағанға нұрың қандай! Мынау көз, мынау мойын, 
мұрын  қандай!  Өлген  екен,  апырым-ай!  Қу  бақсы!  Өтірікші. 
Алжыған шал! Атымды айырыпсың босқа менен. Қаннан қан, 
еттен етім, бауыр жұртым! Уа, дариға, өттің бастан қызық жас! 
Әттең  дүние-ай,  қалғаным  ғой  айырылып!  Алақай-ай,  атам 
келді ғой!
Лепті сөйлемдердің соңынан леп белгісі (!) қойылады. 
3. Тілекті сөйлем
Нәрсенің  болғанын,  істің  істелгенін  көңіл  тілеген  орында 
айтылатын сөйлем түрлері тілекті деп ата лады.
Мысал: Балалар, оқуға бар, жатпа қарап! Ал, келдік жаман 
жерге, енді сақтан! Жолама, сол жақтағы өзенге аққан! Сөйлеп 
қал,  қызыл  тілім!  Көруге  жазғай  еді,  Хақ  Тағалам!  Қолда, 
өңшең  әруақ!  Қош,  сау  бол,  Қарқаралы,  жуылмаған!  Айдай 
бер, қалса адамың қуылмаған! Әлди-әлди, ақ бөпем! Жылама, 
бөпем, жылама! Тілің тарт!
Көрінбей  жоғал  шапшаң,  көзіме  енді!  Әманда  сақтан! 
Айғырсып момындарға ақыр, інім! Ашып айт, бүкпей бәрін еш 
қаймықпа! Не болар. Айтшы бақсым Құдай сүйген. Достарым 
осындай  бір  іс  етелік.  Жанымды  бір  шыбындай  қи,  ақсақал. 
Айт балыққа: ақсүйек етсін мені. Келіңдер, боз балалар, атты 
алыңдар!
Көңіл  тілегі  түрлі  айтылады:  1)  Бұйрық  түрде.  2)  Өтініш 
түрде. 3) Үгіт (ақыл) түрде. 4) Жай тілек (мұрат) түрде.
Айтылуы  түрлі  болған  соң,  тыныс  белгілері  де  түрлі 
қойылады.  Әр  түрдегісін  алып,  тыныс  белгілерін  қойып 
қарайық.

249
1. Бұйрық түрдегісі
Келіңдер, боз балалар, атты алыңдар! 
Жетектеп тоғайыма ап барыңдар!
Жабыңдар жабуына түкті кілем,
Тазалап, жуып, тарап, баптаңыздар!
Жеміне ең қалаулы сұлы алыңдар!
Бұлақтың суымен әм суарыңдар!
Ізіңмен үйге кірмей, қайт балыққа!
Ақсүйек етсін мені, – айт балыққа!
Көрінбей жоғал шапшаң, көзіме еңді!
Кет, шық!
Бар, Жүгір! Ұш!
2. Өтініш түрдегісі
Даусыңды тым болмаса, бір шығаршы!
Кезек бер бір азырақ сөзге тақсыр!
Достарым, осындай бір іс етелік 
Жастарды жетім қалған кісі етелік.
Езгілер орманда да бар екенін 
Осындай сауап іспен көрсетелік!
Айта гөр, қайырымды ер бар болса!..
Сала түс әлде болса, бітегене!
Не болар? Айтшы, бақсым Құдай сүйген! 
Ашып айт, бүкпей бәрін. Еш қаймықпай! 
Бақыл бол, серік атым іренжіме!
Жайымды бір шыбындай қи, ақсақал!
3. Үгіт (ақыл) түрдегісі
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Аяғын көріп, асын іш,
Анасын көріп, қызын ал.

250
Биік таудың төбесін көріп, түбіне барма. 
Жақсының атын есітіп, үйіне барма.
Кісі ақылымен бай болғанша,
Өз ақылыңмен жарлы бол.
Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше, 
Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше. 
Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме. 
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Оқ жетпес жерден қылыш суырма.
Қол көтермес шоқпарды белге қыстырма.
4. Жай тілек түрдегісі
Жасаған болғай панамыз көруге жазғай еді.
Есен-сау келгей едің.
Хақ бендесі біздей, сірә, болмасын.
Біздей болса, бұ дүниеге келмесін.
Арманменен інім шөлде өлмесін.
Қайта алмадым жорықтан, бұ дүнияда жолықпан.
Құдай қосқан қосағым ақыретте кез келсін.
Ертеменен қой өрер, жайылғанын жұрт көрер,
Жайылғаны шашыңның соған, балам көрінсін.
Жортқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын.
4. Жай сөйлем
Сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бәрі жай 
сөйлем деліп аталады.
Мысал:  Ат  ерінді  келеді,  ер  мұрынды  келеді.  Өзің  қойған 
зекетші, біздің елде Жүзбай бар. Жана мұның жолдасы қара та-
мыр Дадан бар. Еріп жүрген соңында қырық-отыздай адам бар. 
Шоңмұрын деген молда бар. Төлеген деген жорға бар. Атына 
жемді ілуге алты еннен қылған дорба бар.

251
§ 3. ҚҰРЫЛУЫНША АЙЫРЫЛАТЫН ТҮРЛЕРІ
Сөйлемдер  арасында  екі  түрлі  жақындық  болады.  Бірі  – 
ішкі, бірі – тысқы. Тысқы жақындық сөйлемдерді бір-біріне 
жанастыру  жүзіндегі  жанастық.  Ішкі  жақындық  –  мағына 
жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа жақындық 
жоқ  сөйлемдер  іргелес  деліп,  мағына  жақындығынан  басқа 
қисын жақындығы бар сөйлемдер құрмалас деліп аталады.
1. Іргелес сөйлемдер
1. Күн ашық. Тоғайлар шат. Ың-жың орман. 
2. Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр саса-
йын деді.
3.  Біссімілдә  безгелдек!  Бұлай  жатсын  дуадақ!  Сыбағама 
қоңыр  қаз.  Үлесіме  үш  үйрек.  Екі  сартқа  бір  тартар,  аққуды 
батыр-екең атар.
1-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында жақсы күннің 
жайын сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. 2-інші мысалға 
алынған сөйлемдер арасында кеш уақытта болған уақиға жай-
ын  сөйлеген  ой  іргесінің  ғана  біргелігі  бар.  3-інші  мысалға 
алынған сөйлемдер ара сында үлес кіретін сөйлеген ой іргесінің 
ғана біргелігі бар.
Сүйтіп, үш мысалдың үшеуіндегі сөйлемдер біріне бірі тек 
ой іргесімен ғана жанасқаны болмаса, бастарын қосып тұрған 
басқа еш нәрсе жоқ. Сондықтан бұлардың аралары да біріне 
бірі қосылмай, ашық-ашық үзіліп айтылады. Жазғанда арала-
рына үлкен тыныс белгісі (.) қойылады. Іргелері жақын болса, 
ортаншы тыныс белгісі (;) қойылады.
2. Құрмалас сөйлемдер
Сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі: 1) Сыйыса құрмаласу. 
2) Қиыса құрмаласу. Сыйыса  құрмаласса,  сөйлем  сыйысулы 
құрмалас деліп, қиыса құрмаласса, сөйлем қиысулы құрмалас 
деліп аталады.

252
1. Сыйысулы қүрмалас
1. Қарабай мен Сарыбай аңға шықты.
2. Екі дос бірін-бірі сүйді, қүшты.
3. Қолға алды татулықты, араздықты.
4. Далада, ойда, қырда, орман-тауда сау қалған жан болмады 
бүл індеттен.
Бұл  сөйлемдердің  әрбірі  бірнеше  сөйлем  сыйысып 
құрмаласқаннан  болған  сөйлемдер.  Мәселен,  1-інші  сөйлем 
екі  сөйлем  сыйысып,  қосылғаннан  болған:  қосылмай  бөлек 
тұрғандағы  түрлері  мынау:  Қарабай  аңға  шықты.  Сарыбай 
аңға  шықты.  Бұларды  екі  қайта  айтып  жатпас  үшін,  екеуін 
сыйыстырып қосып, бір-ақ айтқан. 2-інші сөйлем де екі сөйлем 
сыйысып, қосылғаннан болған. Қосылмағандағысы мынау: Екі 
дос бірін-бірі сүйді. Екі дос бірін-бірі қүшты. 3-інші сөйлемде 
екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан болған. Қосылмағандағысы 
мынау:  Қолға  алды  татулықты.  Қолға  алды  араздықты
4-інші сөйлем төрт сөйлемнің сыйысып, қосылғанынан болған. 
Қосылмағандағысы  мынау:  Далада  сау  қалған  жан  болмады 
бұл  індеттен.  Ойда  сау  қалған  жан  болмады  бұл  індеттен. 
Қырда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Орман-тауда 
сау қалған жан болмады бұл індеттен.
Сыйысулы  сөйлемдердің  белгісі  –  бірнеше  мүшелері  бір 
өңкей  болу.  Мәселен,  1-інші  сөйлемде  екі  мүшесі  бір  өңкей: 
Қарабай, Сарыбай – екеуі де бастауыш. 2-інші сөйлемде де екі 
мүшесі бір өңкей: сүйді, құшты – екеуі де баяндауыш. 3-інші 
сөйлемде де екі мүшесі бір өңкей: татулықты, араздықты – екеуі 
де толықтауыш. 4-інші сөйлемде төрт мүшесі бір өңкей: дала-
да, ойда, қырда, орман-тауда – төртеуі де мекен пысықтауышы. 
Сыйысулы сөйлемнің бір өңкей мүшелерінің аралары кіші ты-
ныспен (,) айырылады.
«Мен», «жана», «жана да» деген сөздер араларында тұрған 
шақта ғана кіші тыныс қойылмайды.
Сыйысулы құрмалас екі түрлі айтылады: 1) Шұбалаң түрі. 
2) Ықшам түрі.

253
Шұбалаң түрі
Мен  бүгін  ерте  тұрдым,  жуындым,  киіндім,  шай  іштім, 
сабаққа бардым.
Ықшам түрі
Мен бүгін ерте тұрып, жуынып, киініп, шай ішіп, сабаққа 
бардым.
Қиысулы құрмалас
Қиысулы  құрмаласқа  келсек,  бұлар  біріне-бірі  тең  болып 
та, бірінен-бірі кем болып та қиысады. Қиысулы құрмаластағы 
сөйлемдер  тең  болса,  салалас  құрмалас  деліп  аталады.  Тең 
болмай, бірінен бірі кем болып қиысса, онда қиысулы құрмалас 
сабақтас деліп ата лады.
а) Салалас сөйлем
Салалас құрмаластың қиысуы 5 түрлі болады: 1) Жиылыңқы. 
2) Қайырыңқы. 3) Айырыңқы. 4) Сұйылыңқы. 5) Қойылыңқы.
Егерде  бірнеше  сөйлемнің  қиысуы  бірыңғай,  бір  беткей 
болса,  жиылыңқы  қиысу  болады.  Мәселен:  «Үлкен  бастар, 
кіші қостар» немесе «Ел де жатты, ай да батты».
Егерде алдыңғы сөйлемге кейінгі сөйлем қарсы мағыналы 
болып  қиысса,  қайырыңқы  қиысулы  болады.  Мәселен: 
«Қылыш жарасы бітер, сөз жарасы бітпес» немесе «Мен бар-
дым, сен үйде болмадың».
Екі ұшты мағыналы сөйлемдер қиысқан жерде айырыңқы 
қиысу болады. Мәселен: «Не сен түрарсың, не мен түрармын». 
Не болмаса «Не атың жазым болар, не ер-тұрманың шығындар».
Егерде маңызды, нығыз айтылған сөйлемді басқа сөйлемдер, 
баяндап  тұрса,  ол  сұйылыңқы  қиысу  болады.  Мәселен:  «Са-
быр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар 

254
ұятқа» не болмаса, «Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы 
емес, еңкейгенге еңкей, атаңнан қалған құл емес»
33
Егерде алдыңғы сөйлемдерді кейінгі сөйлем қорытып айт-
са, қойылыңқы қиысу болады. Мәселен: «Не өгіз өлер, не арба 
сынар – екеуінің бірі болар». Немесе «Мал да керек, жан да ке-
рек, білім де керек – бәрі де керек». Не болмаса, «Көк шалғын, 
ағаш, бұлақ – бәрі жақсы»
34
Салалас  сөйлемдердің  аралары  әуелі  кіші  тыныс  –  теріс
35
 
үтірмен айырылады. Екінші ортаншы тыныс – үтірлі ноқатпен 
айырылады.  Сұйылыңқы,  қойылыңқы  жалғасу  бар  жер-
де  қойылтушы  сөйлемнің  алдына  ұзын  сызық  ()  қойылады. 
Сұйылтушы сөйлемнің алдында қос ноқат (:) қойылады.
б) Сабақтас сөйлем
Сабақтас  сөйлемнің  белгісі  –  бірнеше  сөйлемнің  бірігіп, 
біріне-бірі  сабақталып,  байланысып  айтылуы.  Сөйлемдер 
сабақталып  біріккенде,  бірі  басыңқы  болып,  екіншісі 
бағыныңқы болып бірігеді.
Басыңқы сөйлем
Басыңқы сөйлемнің бағыныңқы сөйлемнен гөрі сөйлемдік 
қасиеті  молырақ.  Басыңқы  сөйлемді  өз  алдына  оңаша  алып 
айтқанда  да,  мағынасы  толық,  ой  тыңғылықта  айтылып 
біткен  болып  тұрады.  Мәселен:  «Халыққа  жағайын  десең, 
қазаның болсын». Мұнда басыңқы сөйлем «қазаның болсын» 
деген  сөйлем,  «қазаның  болсын»  дегенде,  ой  айтылып,  ты-
нып  біткендікті  көрсетеді.  «Халыққа  жағайын  десең»  деген 
33
 
Мұндай  сұйылыңқылық  алдыңғы  сөздің  мағынасын  артқы  сөздер 
бәшелегенде болады.
34
 
Мұндай  қойылыңқылық  бөлек-бөлек  сөздердің  басын  қосып  бір  буған 
сияқты етіп айтатын орындарда болады.
35
 Төте жазуда теріс ( ‘ ) таңбаланғанымен, қазіргі әліпбиде кәдімгі (,) үтір 
(Құраст.

255
сөйлемді  алсақ,  мұнда  айтылатын  ой  бітпей  қалады.  Сөйлем 
тыңгылықсыз  болып  шығады.  Сондықтан  мұндай  сөйлемдер 
екінші сөйлемге сүйеніп ғана сөйлем даражасына кіреді.
Бағыныңқы сөйлем
Бағыныңқы  сөйлем  –  бітпеген  шала  сөйлем.  Басыңқы 
сөйлем  болмаса,  толық  мағана  оның  өзінен  шықпайды. 
Бағыныңқы  сөйлем  басыңқы  сөйлемнің  шылауындағы  ғана 
қосшы есебіндегі сөйлем. Басыңқы сөйлемнің қай мүшесінің 
шылауында  болса,  бағыныңқы  сол  мүшенің  атымен  аталып, 
сол мүшенің сұрауына жауап береді. Мысал алып қарайық:
а) Бастауыш бағыныңқы сөйлем
«Атаңа  не  қылсаң,  алдыңа  сол  келер».  Мұнда  басыңқы 
сөйлем – «алдыңа сол келер». Енді қарайық: бағыныңқы сөйлем 
басыңқы сөйлемнің қай мүшесінің шылауында екен. Оны білу 
үшін, басыңқы сөйлемді алып, сұрау саламыз. Алдыңа не ке-
лер?  –  атаңа  не  қылсаң,  (сол).  Сол  –  басыңқы  сөйлемнің  ба-
стауыш мүшесі. «Атаңа не қылсаң» деген бағыныңқы сөйлем 
мұның шылауында болып, мұның кемтігін толтырып тұр, жана 
«не?» деген бастауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан 
бүл бағыныңқы сөйлем бастауыш бағыныңқысы болады.
Бағыныңқы сөйлемнің белгісі – бітпеген шалалығы.
б) Анықтауыш бағыныңқы сөйлем
«Кімнің жерін жерлесең, соның, жырын жырларсың». Мұнда 
басыңқы  сөйлем  –  «соның  жырын  жырларсың»,  бағыныңқы 
сөйлем  –  «кімнің  жерін  жерлесең».  Бұл  бағыныңқы  сөйлем 
басыңқы  сөйлемнің  қай  мүшесінің  шылауында  екендігін 
білейік. Оны білу үшін, басыңқы сөйлемді алып, сұрау сала-
мыз.
Кімнің  жырын  жырларсың?  —  кімнің  жерін  жерлесең, 
(соның).  Соның  –  басыңқы  сөйлемнің  анықтауыш  мүшесі. 
«Кімнің  жерін  жерлесең  деген  бағыныңқы  сөйлем  мұның 

256
шылауында  болып,  кемтігін  толтырып  тұр  жана  «кімнің?» 
деген  анықтауыш  сұрауына  жауап  беріп  тұр.  Сондықтан  бұл 
бағыныңқы сөйлем анықтауыш бағыныңқысы болады.
Анықтауыш  сұрау  жалғыз  «кімнің?»  емес,  онан  бас ка  да 
сұраулары бар. Мәселен: «қандай?», «қанша?», «қайсы?». Бұл 
сұрауларға да жауап беруші бағыныңқы сөйлемдер болса, олар 
да анықтауыш бағыныңқысы бо лады.
Мысал: Түсі қандай болса, исі сондай болды. Исі, қандай 
болды?  –  түсі  қандай  болса,  (сондай).  2)  Күші  қанша  болса, 
әркім сонша көтермек. Әркім қанша көтермек? – күші қанша 
болса, (сонша). Сол сияқты тағы басқалар.
п) Толықтауыш бағыныңқы сөйлем
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың». Мұнда басыңқы 
сөйлем  –  «ұшқанда  соны  аларсың»,  бағыныңқы  сөйлем 
басыңқы  сөйлемнің  қай  мүшесінің  шылауында  тұрғанын 
білейік. Оны білу үшін, мұнда да басыңқы сөйлемді алып, сол 
арқылы  сұрау  саламыз.  Ұшқанда  нені  аларсың?  –  ұядан  не 
көрсең,  (соны).  «Сонны»  –  басыңқы  сөйлемнің  толықтауыш 
мүшесі.  «Ұяда  не  көрсең»  деген  бағыныңқы  сөйлем  мұның 
шылауында тұр жана «нені?» деген толықтауыш сұрауына жа-
уап беріп тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем толықтауыш 
бағыныңқысы болады.
Толықтауыш сұрауы жалғыз «нені?» емес, басқа сұраулары 
да  толып  жатыр.  Мәселен  «кімді?»,  «кімге?»,  «неге?», 
«кіммен?»,  «немен?»  тағы  басқалары.  Солай  болған  соң, 
жалғыз  «нені?»  деген  сұрауға  ғана  емес,  толықтауыштың 
басқа  сұрауларына  да  жауап  берген  бағыныңқы  сөйлемдер 
толықтауыш бағыныңқысы болады.
Мысал:  1.  Кім  жалқау  болса,  жоқтық  соған  жолдас
Жоқтық кімге жолдас? – кім жалқау болса, (соған). 2. Кіммен 
ауылдас болсаң, сонымен қауымдас боларсың. Кіммен ауылдас 
болсаң – (сонымен) осы сияқты тағы басқалары да.

257
с) Мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы
Қашан жер отаяды, мал сонда сүтейеді. Мұнда басыңқы 
сөйлем – «мал сонда сүтейеді», бағыныңқы сөйлем – «қашан 
жер  отаяды».  Бұл  бағыныңқы  сөйлем  басыңқы  сөйлемнің 
қай мүшесінің шылауында тұрғанын білейік. Оны білу үшін, 
басыңқы сөйлемді алып, сұрау салу керек.
Мал  қашан  сүтейеді?  –  қашан  жер  отаяды  (сонда).  «Сон-
да» – басыңқы сөйлемінің мезгіл пысықтауышы «қашан жер 
отаяды»  деген  бағыныңқы  сөйлем  мұның  шылауында  тұр 
жана  «қашан?»  деген  мезгіл  пысықтауышының  сұрауына 
жауап  беріп  тұр.  Сондықтан  бұл  бағыныңқы  сөйлем  мезгіл 
пысықтауышының бағыныңқысы болады.
Мезгіл  пысықтауышының  сұрауы  жалғыз  «қашан?»  емес, 
«қашанға  дейін?»,  «қашаннан?»  деген  сұраулары  да  бар.  Со-
лай  болған  соң  бұл  сұрауларға  да  жауап  беруші  бағыныңқы 
сөйлемдер мезгіл бағыныңқысы болады.
Мысал: 1. Қашанға дейін ұйқым келмесе, соған дейін оты-
рамын. Қашанға дейін отырамын? – қашанға дейін ұйқым кел-
месе, (соған дейін).
Қашаннан  өзім  жүре  бастадым    сонан  бері  малдың  өңі 
кіре бастады.
Қашаннан малдың өңі кіре бастады? – қашаннан өзім жүре 
бастадым, (сонан бері). Солай тағы басқалар. 
ж) Мекен пысықтауышының бағыныңқысы
Егін  қайда  болса,  береке  сонда  болады.  Мұнда  басыңқы 
сөйлем – «береке сонда болады». Бағыныңқы сөйлем – «егін 
қайда  болса».  Бұл  бағыныңқы  сөйлем  басыңқы  сөйлемнің 
кай мүшесінің шылауында тұрғанын білейік. Оны білу үшін, 
басыңқы  сөйлем  аркылы  сұрау  саламыз.  Береке  қайда  бола-
ды? – егін қайда болса, (сонда). «Сонда» – басыңқы сөйлемнің 
мекен  пысықтауышы.  «Егін  қайда  болса»  деген  бағыныңқы 
сөйлем  мұның  шылауында  тұр  жана  «қайда?»  деген  ме кен 
пысықтауышының сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл 
бағыныңқы сөйлем мекен пысықтауышының бағыныңқысы бо-

258
лады. Мекен пысықтауышының сұрауы жалғыз «қайда?» емес, 
«қайдан?», «қалай қарай?» деген де сұраулары бар. Сондықтан 
бұл  сұрауларға  жа уап  беруші  бағыныңқы  сөйлемдердің  бәрі 
мекен пысык тауышынын бағыныңқысы болады.
Мысал: 1. Алдыңғы арба қай жерден жүрсе, соңғы арба со 
жерден  жүреді.  Соңғы  арба  қайдан  жүреді?  –  алдыңғы  арба 
қай жерден жүрсе, (со жерден).
2.  Жел  қай  жаққа  қуса,  қаңбақ  солай  қарай  домалайды
Қаңбақ қалай қарай домалайды? – жел қай жакқа қуса, (солай 
қарай). Басқалары тағы солай.
ш) Сын пысықтауышының бағыныңқысы
Қалай бақсаң, атың солай жүрмек. Мұнда басыңқы сөйлем 
– «атың солай жүрмек», бағыныңқы сөйлемнің қай мүшесінің 
шылауында тұр? Оны білуге сұрау салайық.
Атың  қалай  жүрмек?  –  қалай  бақсаң,  (солай).  «Со лай»  – 
басыңқы  сөйлемнің  сын  пысықтауышы.  «Қалай  бақсаң»  де-
ген  бағыныңқы  сөйлем  «солай»-дың  шылау ында  тұр  жана 
«қалай?» деген сын пысықтауышының сұрауына жауап беріп 
тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем сын пысықтауышының 
бағыныңқысы болады.
Сын  пысықтауышының  «қалай?»-дан  басқа  да  сұраулары  
бар.  Мәселен,  «қалайша?»,  «қанша?»  жана  басқалар.  Солай  
болған соң, жалғыз «қалай?» сұрауға емес, сын пысыктауышы-
ның басқа сұрауларына да жауап беруші бағыныңқы сөйлемдер 
сын пысықтауышының бағыныңқылары болады.
Мысал:  1.  Қалайша  үлгі  пішілсе,  солайша  киім  тігілмек
Киім қалайша тігілмек? – қалайша үлгі пішілсе, (солайша).
2. Қанша іс қыла білсе, сонша жұмыс өнбек. Жұмыс қанша 
өнбек? – қанша жұмыс қыла білсе, (ісонша). Басқалары тағы 
солай.
қ) Себеп пысықтауышының бағыныңқысы
Олар көше алмайды, үйткені көлігі жоқ. Мұнда басыңқы 
сөйлем – «олар көше алмайды», бағыныңқы сөйлем – «үйткені 

259
көлігі жоқ». Бұл бағыныңқы сөйлем қандай сұрауға жауап бе-
рер екен?
Олар  неге  көше  алмайды?  –  үйткені  көлігі  жоқ.  Бұл 
бағыныңқы сөйлем «неге?» деген сұрауға жауап беріп тұр. Бұл 
сұрау – себеп пысықтауышының сұрауы. Сондықтан бұл себеп 
пысықтауышының бағыныңқысы болады.
Себеп  пысықтауышының  «неге?»-ден  басқа  да  сұраулары 
бар.  Мәселен,  «неден?»,  «неліктен?»,  «не  себеп тен?».  Бұл 
сұрауларға  да  жауап  беруші  бағыныңқы  сөйлемдер  себеп 
пысықтауышының бағыныңқылары болады.
Мысал: 1. Қар аз болған соң, су сонан тасымады. Су неден 
тасымады? – қар аз болған соң, (сонан).
2.  Малы  жұтап  қалған  соң,  ел  сондықтан  жүдеді.  Ел 
неліктен жүдеді? – малы жұтап қалған соң, (сондықтан).
3. Не себептен мал қырылды, сол себептен жұрт аш болды. 
Не себептен жұрт аш болды? – не себептен мал қырылды, (сол 
себептен), басқалары тағы солай.
д) Мақсат пысықтауышының бағыныңқысы
Орақшы шөп шабайын деп, тоғайға барды. Мұнда басыңқы 
сөйлем  –  «орақшы  тоғайға  барды».  Бағыныңқы  сөйлем  – 
«шөп шабайын деп». Орақшы тоғайға не үшін барды? – шөп 
шабайын  деп.  Бұл  бағыныңқы  сөйлем  «не  үшін?»  деген 
сұрауға жауап беріп тұр. Ол «не үшін?» деген сұрау – мақсат 
пысықтауышының сұрауы. Сондықтан «шөп шабайын деп» де-
ген бағыныңқы сөйлем мақсат пысықтауышының бағыныңқысы 
болады. Мақсат пысықтауышының сұрауы жалғыз «не үшін» 
емес,  «неге?»  деген  сұрауы  да  бар.  Сондықтан  бұл  «неге?» 
деген  сұрауға  да  жауап  беруші  бағыныңқы  сөйлем  болса,  о 
да  мақсат  пысықтауышының  бағыныңқысы  болады.  Мысал: 
1. Өлең тыңдағысы келіп, жұрт жиылды. Жұрт неге жиыл-
ды? – өлең тыңдағысы келіп. 2. Бата бермекші болып, ақсақал 
қолын  жайды.  Ақсақал  қолын  неге  жайды?  –  бата  бермекші 
болып. Мұнда ілтипат ететін бір нәрсе мынау: «неге?» деген 
сүрау  себеп  пысықтауышында  да,  мақсат  пысықтауышында 
да  бар.  Солай  болған  соң,  тек  «неге?»  деген  сұрау  бойынша 

260
себеп  пысықтауышының  немесе  мақсат  пысықтауышының 
бағыныңқысы екендігін білуге болмайды. Мұнда мағынасына 
қарау  керек.  Егерде  бағыныңқы  сөйлем  істің  себебін  ай-
тып  тұрса,  себеп  пысықтауышының  бағыныңқысы  болады, 
егерде  істің  мақсатын  айтып  тұрса,  мақсат  пысықтаушының 
бағыныңқысы болады.
Мысал: 1. Көшпекші болып, ауыл үй жықты. 2. Түйе жоқ 
болып, ауыл көше алмады.
1-інші мысалда: Ауыл неге үй жықты? – көшпекші болып. 
Бұл  мақсат  пысықтаушының  бағыныңқысы  бо лады,  үйткені 
үйді көшу мақсатпен жықты.
2-інші мысалда: Ауыл неге көше алмады? – түйе жоқ болып. 
Бұл себеп пысықтаушының бағынқысы болады, үйткені көше 
алмаудың себебі – түйе жоқ болғаны яғни неге көше алмады? – 
түйе жоқ болғаны себепті.
е) Шартты багыныңқы
Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Мұнда бағыныңқы сөйлем 
–  «қол  күймейді»,  бағыныңқы  сөйлем  –  «көсеу  үзын  бол-
са».  Қалай  етсе  (не  етсе)  қол  күймейді?  –  көсеу  ұзын  болса; 
қол  күймеудің  шарты  –  көсеу  ұзын  болуында.  Ішінде  шарты 
болғандықтан,  бағыныңқы  сөйлемдер  шартты  бағыныңқы 
деліп аталады.
Шартты  бағыныңқының  белгісі  сұрауында  емес,  ішінде 
шарт  болуында.  Сондықтан  шартты  бағыныңқыны  сұраумен 
емес, шарт барлығынан табамыз.
Мысалы:  1.  «Тоқпағы  зор  болса,  киіз  қазық  жерге  кірер». 
Мұнда киіз қазық жерге кіруіне тоқпағы зор болу шарт (шарт 
тоқпақтың зор болуында). Сондықтан «тоқпақ зор болса» де-
ген сөйлем шартты бағыныңқы болады.
Берсең, аларсың. Мұнда алудың шарты беруде (сен берсең 
саған басқалар да береді).

261
з) Ереуіл бағыныңқы
Тартса  да  бар  күштерін  аямай-ақ,  аслан  жүк  орнынан 
қозғалмады.  Мұнда  басыңқы  сөйлем  –  «аслан  жүк  орнынан 
қозғалмады».  Бағыныңқы  сөйлем  –  «тартса  да  бар  күштерін 
аямай-ақ». Бағыныңқы сөйлем «жүкті тартты» дейді, басыңқы 
сөйлем «жүк қозғалмады» дейді. Сөйлем мазмұны бір-біріне 
қарсы ереуіл келіп тұр. Сондықтан мұндай басыңқы сөйлемге 
ереуіл келетін бағыныңқы сөйлем ереуіл бағыныңқы деліп ата-
лады.
Ереуіл бағыныңқының белгісі пәлен етсе де, пәлен болса да 
деп ереуіл раймен айтылады.
Мысал: 1. Күні бойы қараса да, таба алмады. 2. Қыс қатты 
болса да, мал аман шықты.
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 9.59 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет