Bazis news №9 01/09 2015 Осы саннан оқитындарыңыз



жүктеу 430.11 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата24.02.2017
өлшемі430.11 Kb.
  1   2   3   4   5

BAZIS

NEWS


№9

01/09


2015

Осы саннан 

оқитындарыңыз:

Құрылысшыларымыз 

Алматыдағы 

Сүлейменов пен Пятницкий көшелерінің 

қиылысында  екі  жылға  жетер-жетпес 

уақыт ішінде жайлы пәтерлері мен аула-

лары  бар  «Мирный»  атты  жаңа  тұрғын 

үй кешенін салып шықты. Үй қоныста-

нуға  толығымен  дайын,  аула  мен  үйдің 

маңайы  абаттандырылған.  «Мирный-

дың» құрылысы жайында BN-ге нысан-

ның басқарушы директоры Павел Васи-

льевич Боков айтып берді.

«Мирный» бақытты өмірге 

бастайды

Нағыз сиқыршының ертегі 

кейіпкерлері 

Компаниямызда қолөнер шебері Оль-

га Чекушина еңбек етеді. Оның қиялы 

мен шебер қолдары ғажайып туынды-

лар жасайды – капрон шұлықтар мен 

синтепоннан  «Мыстан  кемпір»  тікті, 

пластик стакандардан аққала «соқты», 

әшекейленген  шананы  кәдуілгі  қағаз 

қораптан дайындады, ал экзотикалық 

құстарды  …көкөністерден  әзірледі! 

Осының барлығын Ольга өзінің сүй-

кімді қыздарына арнап жұмыстан тыс 

уақытта жасайды.

Жауапкершілік пен 

біліктілік 

«БАЗИСте»  жұмыс  істеу  –  бұл 

тұрақтылық пен жарқын болашақ. Сон-

дықтан  компаниямызда  адамдар  отба-

сымен  немесе  әулетімен  еңбек  етеді. 

BN-нің  бұл  санынан  апалы-сіңлілі  Қо-

пабаевалар жайында оқыңыздар. Олар – 

компаниямыздағы ең үздік сылақшы-сы-

рлаушыларының  бірі.  Еңбекқорлығы, 

табандылығы,  жауаптылығы  мен  білік-

тілігі арқасында Жанна, Ләззат пен Пери-

зат Қопабаевалар - соңынан бригадасын 

ерте білген баға жетпес қызметкерлер.

12 бетте

16 бетте

10 бетте

18 бетте

4 бетте

20 бетте

Әрлеушілер – компанияның 

бет-бейнесі 

«БАЗИСте»  60-тан  астам  кәсіп  пен  ма-

мандықтың  өкілдері  жұмыс  істейді.  Со-

лардың адал еңбегінің арқасында елімізде 

жайлы тұрғын үй кешендері, әдемі кеңсе-

лер мен қоғамдық ғимараттар пайда болу-

да.  Сырлаушы-әрлеушілер  ғимараттарға 

архитекторлар  мен  дизайнерлер  ойлап 

тапқан кескін береді. Әрлеушілер жұмы-

сының  нәтижесі  –  компаниямыздың  біз 

салған  үйлер  мен  кеңселерде  тұратын, 

еңбек ететін адамдар алдындағы бет-бей-

несі.  

«Базис» кәсіБи мерекені қалай 

атап өтті 

Үлкен өмірге жасалған 

алғашқы қадам 

1  қыркүйек  күні  Алматы 

мен  Астанада  компаниямыздың 

қызметкерлерінің 

отбасынан 

100-ден  астам  бала  бірінші  сы-

ныпқа  барды.  «БАЗИС»  компа-

ниясының  басшылығы  барлық 

қызметкерлер мен олардың бала-

ларын білім Күнімен құттықтай-

ды.  Компаниямыз  бен  серікте-

стеріміздің  атынан  балаларға 

аздаған  сыйлық  жасалды:  Аста-

нада оларға «Мадлен» кондитер-

лік  кофенясының  сертификаты 

тапсырылса, Алматыда «Арман» 

кинотеатрында  «Великолепная 

четверка»  мультипликациялық 

фильмі  тегін  көрсетілді.  Бірін-

ші сынып оқушыларының ата-а-

налары  мерекеден  алған  әсер-

лерімен бөлісті.

«Базис»  компаниясының  ұжымы 

Қазақстан Республикасының құрылыс-

шылар Күнін Алматыда (6 шілде) және 

Астанада (7 шілде) атап өтті. Құрылыс-

шылардың 

кәсіби 


мерекесімен 

әкімшілік,  Қазақстан  салушылары 

қауымдастығы,  «Нұр  Отан»  партия-

сы,  Министрліктер  мен  мекемелердің 

өкілдері де құттықтады. Мерекеде «Қа-

зақстанның  құрметті  құрылысшысы» 

және «Қазақстанның құрметті архитек-

торы»  жоғары  атақтарына  ие  болған 

қызметкерлердің  есімдері  аталды, 

әріптестеріміз  қажырлы  еңбегі  үшін 

медальдарымен,  алтын  және  күміс 

мақтау  қағаздарымен  марапатталды, 

құрылысшы  Күні  қарсаңында  компа-

ниямыздың құрылыс алаңдарында өт-

кізілген «Ең үздік маман» байқауының 

қорытындысы шығарылды, байқаудың 

жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен 

марапаттар  тапсырылды.  Қазақстан-

дық  белгілі  орындаушылар  мен  ар-

тистер,  сондай-ақ,  компаниямыздың 

дарынды  қызметкерлері  өнер  көрсет-

ті. «БАЗИСтің» кәсіби мерекені қалай 

тойлағаны  жайында  газетіміздің  бет-

терінен оқыңыздар.



«Базис» компаниясының ұжымы Қазақстан Республикасының құрылысшылар Күнін тойлады. Құрылысшылардың 

кәсіби мерекесімен тек компанияның бірінші басшылары ғана емес, әкімшілік, Қазақстан Республикасы құрылыс 

саласының ұлттық қауымдастығы, Қазақстан салушылары қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясы, Министрліктер 

мен мекемелердің өкілдері де құттықтады. Мерекеде «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» және «Қазақстанның 

құрметті архитекторы» жоғары атақтарына ие болған қызметкерлердің есімдері аталды, әріптестеріміз қажырлы 

еңбегі үшін медальдарымен, алтын және күміс мақтау қағаздарымен марапатталып, «Ең үздік маман» байқауының 

қорытындысы шығарылды. 

«Базис» кәсіБи мерекені қалай 

атап өтті 

«қазақстан респуБликасының құрметті құрылысшысы»

АЛДА АТҚАРЫЛАР ІС КӨП 

«Базис»  Холдингтік  компаниясының  басшысы 

Александр  Якубович  Белович  барлық  қызметкер-

лерді  мерекемен  құттықтай  келе  биылғы  жылды 

қысқаша қорытындылап, болашақ жоспарлар тура-

лы да айтып өтті. 

«Құрметті әріптестер, біздің мақтан тұтар нәр-

селеріміз  аз  емес.  Біз  –  айтулы  жетістіктерге  қол 

жеткізген  үлкен  компаниямыз,  жылдар  бойы  са-

лып  келе  жатқан  нысандарымыз  абыройымызды 

асқақтатып келеді. Біз еліміз үшін көп нәрсе жасап 

жатырмыз.  Компаниямыз  жылдан  жылға  үлкейіп 

келеді, қызметкерлеріміз көбейіп келеді, біз салып 

жатқан маңызды нысандардың саны артуда. Алай-

да, біздің басты байлығымыз – адам. Біз бүгінде 8 

000 адамнан астық. Біздің ауқымды жобаларды са-

луымызға сенім артады. Қазір біз 12 000 көрерменге 

арналған Мұзды арена салып жатырмыз. Мұндай ірі 

спорт кешені Алматыда 40 жыл ішінде бірінші рет 

салынуда. Қазақстан мен Қытай шекарасында біре-

гей «Құрғақ порт» салып жатырмыз. Қысқа мерзім 

ішінде «Жезқазған-Сексеуіл» темір жол желісін са-

лып шықтық. Астанада ЕХРО нысандарын – көрме 

павильондары мен баспана, Халықаралық хореогра-

фия академиясын тұрғызып жатырмыз. Біз қазіргі за-

манғы тұрғын үй кешендерін еліміздің қалаларында 

ғана емес, сонымен қатар, шетелдерде де салып жа-

тырмыз. Біз – қашанда тапсырыс берушінің сенімі-

нен  шығатын,  жұмысты  жоспарланған  мерзімде 

аяқтайтын сенімді құрылыс компаниясымыз. Біздің 

ұжымымызбен біз бұдан да үлкен жетістіктерге же-

теміз деп ойлаймын», – дей келе Александр Якубо-

вич  «БАЗИС»  компаниясының  барлық  табыстары 

мен жетістіктерінің компанияның кез-келген тапсы-

рманы орындай алатын қызметкерлерінің арқасын-

да мүмкін болғандығын атап көрсетті. 

Александр Якубович қажырлы, жанкешті еңбе-

гі үшін қызметкерлерге шынайы алғысын білдіріп, 

мерекемен  құттықтады,  барлығына  бақыт,  мықты 

денсаулық, жаңа жетістіктер тіледі. 

«Мерейтойлық  жыл  басталды.  Келесі  жылы 

құрылысшылар  Күні  біз  компаниямыздың  25 

жылдығын  тойлайтын  боламыз.  Осы  жылы  бізді 

қызықты  оқиғалар,  спорттық  жарыстар  секілді 

көптеген шаралар күтіп тұр. Алайда, ең бастысы – 

өндірістегі  табыстар.  Басты  міндет  –  Алматы  мен 

Астанада салып жатқан мемлекеттік нысандардың 

құрылысын  мерейтойымызға  дейін  мерзімінен 

бұрын аяқтау. Бұған біздің күшіміз де, мүмкіндігіміз 

де жетеді», – деп атап өтті Александр Белович. 



МАРАПАТ ИЕСІН ТАБАДЫ 

Құрылыс  саласы  еліміздің  экономикасының 

маңызды тармақтарының бірі, ал, құрылысшы ма-

мандығы ежелден күрделі де мәртебелі. Адамдар-

дың өмірінің сапасы, әр қаланың, аймақтың, қала 

берді  тұтас  ел  экономикасының  қарқынды  да-

муы  құрылысшыға  байланысты.  Сондықтан  да, 

құрылысшыға  мемлекеттік  деңгейде  де  ерекше 

көңіл  бөлінеді.  Бұрынғы  КСРО  елдерінде,  оның 

ішінде  Қазақстанда  да  құрылысшылар  Күні  50 

жылдан бері тойланып келеді. Кәсіби мереке құр-

метіне  қызметкерлер  «Базис»  компаниясындағы 

көп  жылғы  қажырлы  еңбегі  үшін  медальдармен, 

мақтау  қағаздарымен  марапатталып,  құрметті 

атақтар берілді. 

жеңіс нұрбосынұлы нұғыманов, алматы

Құрылыс саласындағы еңбек жолын 1991 жылы 

бастаған. «Базис» компаниясында 1997 жылдан бері 

жұмыс істейді. 2014 жылы «Базис» құрылыс ком-

паниясының  президенті  қызметіне  тағайындалды. 

Құрылыс саласындағы жалпы еңбек өтілі – 24 жыл. 



павел Васильевич Боков, алматы 

Новосібір университетін «инженер-құрылыс-

шы»  мамандығы  бойынша  тамәмдаған.  Еңбек 

жолын  1973  жылы  бастады.  «Базис»  компания-

сында 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Алматы-

дағы «Мирный» ТК құрылысының бастығы. 



қасқырбек косатбекұлы парманов, астана

Мектепті  1975  жылы  бітірген.  Қазақ  поли-

техникалық институтының Қаратал филиалында 

білім алды. «Базисте» 2009 жылдан еңбек етеді. 

Астанадағы құрылыс-монтаждау басқармасы ба-

стығының орынбасары. 

2

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



марапат иесін таБады

михаил романович Ярлов, астана 

Қарағандыда  дүниеге  келген,  1970  жылы 

Қарағанды  политехникалық  институтына  оқуға 

түскен. Құрылыс саласында жүргеніне – 40 жыл. 

1997 жылы Астанаға келді. Қазір «ЕХРО-2017» 

нысанының басқарушы директоры. 



маргарита Васильевна Бойко, алматы 

Киров атындағы ҚазҰУ 1970 жылы «матема-

тика» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жыл-

дан  бері  «Базис»  жобалау  институтының  есеп-

теу-құрылымдау бөлімінің бас маманы қызметін 

атқарып келеді. 



геннадий Владимирович корнишин, алматы

Еңбек  жолын  1976  жылы  бастаған.  «Базис» 

ҚК 1995 жылдан бері жұмыс істейді. 2000 жылы 

«Базис»  жобалау  институтына  ауыстырылды, 

2009 жылдан архитектура бөлімінің бастығы. 

ҚР  премьер-министрі  К.Мәсімовтің 

«Алғыс  хат»  марапатын  әріптестеріміз-

ге  ҚР  құрылыс  саласының  Ұлттық  қа-

уымдастығының  Президенті  Адельша 

Магрупұлы  Ермұханов  табыс  етті.  Мұн-

дай құрметті марапат «БАЗИС» Құрылыс 

компаниясы  №2 ҚМБ сылақшысы Дәуіт-

баев  Қияқбай  Шайкамалұлы  мен  «БА-

ЗИС» Құрылыс компаниясы  №2 ҚМБ аға 

прорабы  Киктева  Татьяна  Николаевнаға 

берілді.


Бұдан  өзге  компаниямыздың  95  қыз-

меткері  ведомстволық  марапаттарға,  Қа-

зақстан  салушыларының  қауымдастығы, 

«Нұр  Отан»  партиясының  Есіл  филиалы, 

ҚР  ұлттық  экономика  Министрлігі  жер 

ресурстарын  басқару  Басқармасының 

құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына 

ие болды. 



«БАЗИС» Холдингтік 

компаниясынан:

36

 

қызметкер «қажырлы еңбегі үшін» 

медалімен

180

 

қызметкер алтын мақтау қағазымен 

260

қызметкер күміс мақтау қағазымен

 

561

 

қызметкер компанияның алғыс ха-

тымен марапатталды

3

біздің адамдар



Құрылыс  саласы  мамандарының  қажырлы  еңбегінің  арқасында  еліміз  жылдан  жылға  көркейіп  келеді. 

Қалалар мен көшелердің келбеті қайта жаңғыруда, баспана ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік нысандар да 

салынуда, инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдар жақсаруда. Құрылысшыларымыз жоғары кәсіби 

біліктілігінің арқасында саланың қарқынды дамуына түрткі болуда, Қазақстан Республикасын көркейту мен 

халықтың әл-ауқатын арттыру сынды ортақ мақсатқа жету жолында қомақты үлес қосуда. Замана ағымынан 

қалмау үшін «Базис» компаниясының қызметкерлері өздерінің біліктілігі деңгейін үнемі арттырып келеді. Хас 

шеберлерді анықтау үшін Алматы мен Астанада «Үздік маман» байқауы өткізілді, оған 130-ға жуық адам қатысты. 

Жарыс тас қалаушылар, арматурашылар, бетон құюшылар, электр дәнекерлеушілер, шатыршылар, сылақшы-

бояушылар,  ағаш  ұсталары  мен  плиташылар  арасында  ұйымдастырылды.  Байқаудың  қорытындысында 

бірінші орынды 15 адам, екінші орынды 14 адам, үшінші орынды 15 адам иеленді. 

дәлелдеуді қажет етпейтін 

шеБерлік 

Астананың «Үздік тас қалаушылары» 

Алматының «Үздік тас қалаушылары» 

Астананың «Үздік электр дәнекерлеушілері»

Бірінші орын: тұржан қасқабаев 

Бірінші орын: азамат исқақов 

Бірінші орын: Болат тайлақов 

екінші орын: нұрлыхан әділбеков 

екінші орын: ғали әсілбеков

екінші орын: николай Бригеман

Үшінші орын: Бақытжан сариев 

Үшінші орын: жолдасбек мешітбай 

Үшінші орын: жандос исмаилов

4

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



Алматының «Үздік электр дәнекерлеушілері» 

Астананың «Үздік сылақшы -бояушылары» 

Алматының «Үздік бояушылары» 

Астананың «Үздік ағаш ұсталары» 

Бірінші орын: Виктор крылов

Бірінші орын: полат меңдіғалиев 

Бірінші орын: алтынбек тұрлыбеков 

Бірінші орын: марат уәлиев 

екінші орын: самат құрманбеков 

екінші орын: нұрлан алтаев

екінші орын: Батыр ғұбайдулин 

екінші орын: жасұлан ертісбаев 

Үшінші орын: нұрлан жолдасбаев

Үшінші орын: Орынбек сүгіров

Үшінші орын: ізбасар түркпенбаев 

Үшінші орын: сәкен мырзағұлов

5

біздің адамдар



Алматының «Үздік ағаш ұсталары» 

Астананың «Үздік электр монтаждаушылары» 

Астананың «Үздік плиташы-қасбетшілері» 

Алматының «Үздік арматурашылары» 

Бірінші орын: ғазиз серіков

Бірінші орын: Бауыржан мырзақұлов 

Бірінші орын: Білімжан мұқашев 

Бірінші орын: 

дулат құлманов, 

мықтыбек киізбаев

екінші орын: ербол жұмаділов 

екінші орын: Виталий Булгучев

екінші орын: ербол шуақбаев 

екінші орын:

дәулет тұрғынбаев, 

медетбек Біттібаев

Үшінші орын: нұрлан пірназаров

Үшінші орын: павел леоконцев 

Үшінші орын: манарбек көшербаев 

Үшінші орын:

рүстем қанапин, 

асқар қожаев 

6

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



Астананың «Монолит бойынша үздік мамандары» 

Алматының «Үздік шатыршылары» 

Бірінші орын: 

ғалым Омархалықов

Бірінші орын: 

аятхан жоломан

Бірінші орын: 

данияр Байғожин

Бірінші орын: 

елдос маметов, 

ғалым нөгербеков

екінші орын: 

 қайрат қайенов

екінші орын: 

Болат жұмағұлов

екінші орын: 

 , азамат Байкенжеев

екінші орын: 

руслан сағадиев, 

айкелді әбдірейімов

Үшінші орын:  

рәтбек естай

Үшінші орын: 

самат Болат

Үшінші орын: 

талғат кәрбозов 

Үшінші орын: 

Бақытбек сарымсақов,

 Бағлан жетібаев

7

біздің адамдар



Марқұмға «Қазақстанның 

құрметті құрылысшысы» 

атағы берілді  

2015  жылдың  24  сәуірінде  қайғылы 

қазаға  ұшыраған  әріптесіміз  Тоқта-

сын  Төстембайұлы  Иманқұловқа  «Қа-

зақстанның  құрметті  құрылысшысы» 

атағы  берілді.  Медаль  мен  куәлікті 

оның  жұбайы  Раушан  Жағыпарқызына 

«БАЗИС»  ҚК  ЖШС  филиал  директоры 

Анатолий  Степанович  Фальков  табыс 

етті. 


Тоқтасын  Төстембайұлы  Иманқұлов 

компаниямызда 5-ші санатты ағаш ұста-

сы болып жеті жыл еңбек етті. Ол адал 

еңбегі  үшін  құрылыс  компаниясы  бас-

шылығы  атынан  бірнеше  мәрте  алғыс 

хаттармен  марапатталды.  Бүкіл  ұжым 

оны еңбекқор және парасатты адам деп 

білетін.  Жастар  одан  жиі  ақыл-кеңес 

сұрайтын,  ол  әріптестеріне  дос  та,  ұс-

таз  да  болды.  Тоқтасын  Төстембайұлы 

адал  жар  және  екі  қызының  қамқоры 

еді. 


Асқан  біліктілігі  мен  өз  ісіне  деген 

адалдығы  үшін  Тоқтасын  Иманқұлов 

«Қазақстанның  құрметті  құрылысшы-

сы» атағына лайық деп табылды. 

Компаниямызда  көптеген  талантты 

шығармашыл адамдар еңбек етеді. Олар 

әріптестеріне  сазды  әуен  сыйлады  – 

«Выше гор» ансамблінің жетекшісі Эль-

си  Исмаилов  «У  ручья»  деп  аталатын 

кавказ  биін  билеп  көрерменнің  ыстық 

ықыласына  бөленді,  4  санатты  армату-

рашы  Самалхан  Досымжан  әуелетіп  ән 

шырқады,  компаниямыздың  қызмет-

кері Гүлдана Асаумұрзина домбырамен 

бұлбұлша  сайрап  әсем  ән  силады.  Ме-

реке құрметіне ата-аналарын құттықта-

уға  келген  Мария  Горелова  мен  Эльза 

Бекмұрзина ән орындады. «Бойс» квар-

теті,  Абай  атындағы  опера  және  балет 

театрының  солисті  Күміс  Базарбаева, 

«Райс»  шоу-балеті  секілді  Қазақстан-

ның  үздік  музыкалық  сыйлықтарының 

жүлдегерлері өнер көрсетті, Алматы қа-

ласының балалар шығармашылығы теа-

трының тәрбиеленушілері балалар биін 

биледі. Шараның салтанатты бөлігі мен 

мерекелік  концерт  аяқталғаннан  кейін 

қызметкерлерімізді банкет күтіп тұрды. 

Мереке біткеннен кейін де құрылысшы-

лар  көпке  дейін  тарқай  қоймады.  Олар 

әсерлерімен  бөлісіп,  бір-біріне  мара-

паттарын  көрсетіп,  келешек  жоспарла-

рын талқылады. 

8

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



арматура жұмыстары БОйынша 

қауіпсіздік теХникасы

Арматурашы – қауіптілігі жоғары мамандық. ҚТ жөніндегі бүгінгі айдарымызда арматураны өру кезіндегі қауіпсіздік 

шаралары, арматураны дұрыс орнату және дайындау, сондай-ақ, нысанда жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік 

техникасын сақтау қажеттігі жайында айтатын боламыз. 

Дайындау және орнату 

Темірбетон  өнімдері  мен  конструк-

цияларында  арматура  ретінде  тегіс  не-

месе бұдырлы болат өзектер, сым, сым 

арқандар  мен  темір  тұтамдар  қолданы-

лады,  оларды  дұрыс-кескіш  білдекте 

түзетеді. 

Арматураны  дайындаушылар  ар-

матураны  дайындауға  қолданылатын 

құралды,  жабдықтың  әрекет  ету  прин-

ципі  мен  техникалық  пайдалану  ере-

желерін міндетті түрде білуі тиіс. Егер 

құрылғы  бұзылған  болса,  кез-келген 

арматурашы  ақауды  барынша  қауіпсіз 

шаралармен  жөндеудің  жолдарын  білуі 

керек.  Дайындау  білдегіндегі  жұмыс 

қызметкердің  үлкен  назарын  қажет 

етеді,  сондықтан,  білдекті  іске  қоспас 

бұрын  жұмысшы  бірнеше  операцияны 

орындауы қажет. 



Білдекпен жұмыс істеу 

Дұрыс-кескіш білдек сымды түзетеді 

және  қажетті  ұзындықта  кеседі.  Біл-

декпен  жұмыс  істеуді  бастамас  бұрын 

арнайы  киімді  киіп,  жұмыс  орны  мен 

білдектің  айналасынан  өтер  жолдар-

ды  мұқият  тазалап,  желінің,  білдектің 

атқарушы  тетіктері  мен  іске  қосатын 

аспаптарының    жұмыс  істеп  тұрғанын 

тексеру  қажет.  Мынаны  түсіну  керек, 

құрылғының  айналатын  бөлшектерінің 

тұстарында  қорғаныштардың  болуы 

қызмет  көрсететін  білдекпен  жұмыс 

істеудің маңызды пункттерінің бірі. 

Сондай-ақ, электрлі қозғалтқыш пен 

іске  қосу  тетігі  корпустарының  жер-

ге  тұйықталуы,  электрлі  қозғалтқыш 

пен  іске  қосу  тетігіне  баратын  электр 

сымдарының  оқшаулануы,  білдектің 

іргетасқа  мықты  бекітілуі,  жарық  мөл-

шері мен тетіктердің үйкелетін бөлшек-

теріне қажетті майдың болуы тексерілуі 

тиіс. 

Қатаң тиым салынады! 

Арматура 

дайындаушының 

қолғапсыз  істен  шыққан  саймандармен 

жұмыс істеуіне, электр қондырғылары-

ның  қаптамасын  шешуіне,  сондай-ақ, 

ақауы  бар  жерге  тұйықтаушы  қонды-

рғылар  мен  қорғаныштармен  жұмыс 

істеуіне,  жұмыс  орнын  арматурамен, 

қоқыспен толтырып тастауына тиым са-

лынады.  Жұмыс  кезінде  электр  қонды-

рғыларын  өз  бетінше  жөндеуге,  білдек 

тетіктерін тазалауға, майлауға және қа-

лыпты күйге келтіруге болмайды.  Жұ-

мыс  аяқталғаннан  кейін  жұмыс  орнын 

тәртіпке келтіріп, құралдар мен сайман-

дарды жинап, білдек тетіктерін тазалау 

керек. 


«Бетон  құюшы  бол,  арматурашы 

болы, мейлі, монолитші бол – барлығы-

на  бір  ереже  ортақ.  Нысанда  арнайы 

киім мен каска киюің қажет. Жеке қа-

уіпсіздігің  –  бірінші  кезекте!»  -  дейді 

Мыңжасаров  Таубай  Исаұлы,  Дворук 

Д.Н. участогы, «12 000 орындық Мұзды 

Арена» нысаны.

Жұмыс барысында

Арматураны  әзірлеу  кезінде  бара-

банның  қаптамасы  ашық  күйінде  жұ-

мыс  істеу  керек.  Арматура  болаттың 

орамының  ұшын  барабанға  тек  электр 

қозғалтқыш  ағытылып  тұрған  кезде 

ғана салу қажет. 


Каталог: uploads -> user 6
user 6 -> Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй
user 6 -> Үкіметтік емес ұйымдағы (ҮЕҰ) стратегиялық жоспарлау құралы «спид фонд Восток-Запад»
user 6 -> Сборник детских сочинений. Алматы: оф «Балбұлақ-Родник», 2014. 195 с. «Менің ерекше құрбым»
user 6 -> Трансгендерлер
user 6 -> Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
user 6 -> Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы
user 6 -> «Қорғас-Шығыс ҚаҚпалары» аЭа Құрылысы аяҚталды
user 6 -> Мұнда өмір сүргің келеді! Биіктікті бағындырған арулар
user 6 -> Бастамашы топтан кәсіби ұйымға (құралы) «спид фонд Восток-Запад»

жүктеу 430.11 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет