Батыр баба □ тарихтан тағылым. БатырғА 200 жыл



жүктеу 42.54 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі42.54 Kb.

БАТЫР БАБА 

 ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ. БАТЫРҒА 200 ЖЫЛ 

Биыл Ақжолтай Ағыбай батыр-

дың туғанына 200 жыл толып отыр. 

Д ә л қазіргі күнгі мәліметтерге 

сүйенетін болсақ, Ағыбай батыр-

д ы ң ерлік істері әлі толық 

зерттеліп, тарих шындығы ашылғ-

ан жоқ. Кейінгі ұрпақ батырдың ұлт-

азаттық қозғалысындағы алатын 

орнын білмейді. 

Мен осы зерттеу жұмысым арқ-

ылы мектеп қабырғасындағы 

оқушыларға ұлт-азаттық қозғалы-

сы (1847 ж.) тарихындағы ақтаңдақ-

тарды ашып, тек қана бізге белгілі 

батырлар ғана емес басқа да адам-

дар болғанын мәлімдемекпін. 

Менің Ақжолтай Ағыбай батыр-

дың өмірбаян шежіресін алу 

себебім менің ата-бабаларым Бал-

қаш көлінің маңында "Қоржын 

түбекті" мекендеген (Қазіргі При-

озерск қаласының орны). Кейін 

Ағыбай батырдың Тасаралында 

Балқаш көлінің маңайын мекен 

етті. Аралда Ағыбай батырдың қыс-

тауының орны бар. Ағыбай мекен 

етіп, жерленген "Тайатқан Шұнақ" 

Кәрсен атаның қонысы. Сондықтан 

Ақжолтай Ағыбай батырдың өмір 

жолы, батырлығы маған жақын. 

Елдің еркіндігімен елдігі үшін 

"Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза 

қолға алып", халқын ұрыс даласы-

на бастап шыққан Ақжолтай 

Ағыбай батыр Қоңырбайұлы 1802 

жылдары Ұлытау өңірінде дүниеге 

келген. Ағыбай батыр туралы ел 

арасында небір қызық хикаялар, 

өлең-жырлар, қисса дастандар ту-

ған. Ағыбай бастаған әскер жауды 

алмай қоймайтын болатын. 

Ерлігіне ақылы сай батыр бастаған 

іс қашанда да халықты тілегінен 

шығарып жақсылықпен бітіп отыр-

ған, сондықтан ел оны "Ағжолтай 

батыр" атап кеткен. Хан Кене сар-

баздары Абылаймен бірге Ағыбай 

атын ұранға айналдырған. 

1814 жылы Қазан қаласында 

Есім төре ыждағатымен Әлихан 

Бөкейханов Ағыбай туралы "Қызыл 

қайнар тектұрмас" атты кітап шы-

ғарды. Сәкен Сейфуллин "Ақжол-

тай батыр" атты роман жазған бо-

латын, бірақ бүл шығарма бізге жет-

пей, қуғын-сүргін жылдары асыл 

ағамыз бен бірге келмеске кетті. 

Халық арасында кең тараған 

аңыз, тарихи деректер бойынша 

Ағыбай Еділ жағынан келген қал-

мақпен соғысқан қазақтың соңғы 

батыры. 

Хан Кененің 

қол астында 

жүріп Ағыбай 

1838 жылы 7 та-

мызда Ресей им-

п е р и я с ы н ы ң 

А қ м о л а д а ғ ы 

тірек орталығына 

шабуыл жасай-

ды. Ол кезеңде Ақмола қаласын 

полковник Қоңырқұлжа басқара-

тын Сібір қазақтарының ауыр 

зеңбірекпен қаруланған түренімен 

мықтап қоршалған болатын. 

Бұл қанды қырғын айқаста да 

Ағыбай батыр сарбаздары күш ба-

сымдылығын көрсетіп қаланы ба-

сып алады. Қоңырқұлжа қалған 

солдаттармен қашып құтылады. 

1839 жылғы 5 желтоқсанда Ақтау 

бекінісінен Ташкентке Хорунжий 

Рытов бастап бара жатқан керуенді 

Ағыбай мен Наурызбай батыр сар-

баздары Қойдыбай Болат маңын-

да тас талқан етеді. 

Ағыбай мен Наурызбай Ақтау 

бекінісінің коменданты әрі старшы-

ны Симонов әскерлерін қанға 

бөктіріп, бас сауғалап, қару-жарақ-

тарын тастай қашуларына мәжбүр 

етті. 


1841 жылдың басында олар Ыр-

ғыз өзенінің бойында Ағыбай мен 

Наурызбай бастаған көтерісшілер 

жасақтармен кездесіп тағы бір қан 

төгіс болады. Осы шайқаста На-

урызбай батыр қатты жараланады. 

Біраз сарбаздарынан айырылғаны-

на қарамастан Ағыбай батыр "Абы-

лайлап" ұрандап жүріп, басқыншы-

лардың құрсаулы тобын тас талқан 

етеді. 

Кенесары ханның алдын ала 



жасаған жоспарына сай 1844 жыл-

дың 20 маусымнан 21 маусымына 

қараған түнде Ағыбай батырмен 

Ержан батыр сарбаздары Тобыл 

өзенінің жоғарғы ағысымен Ұлқояқ 

өзенінің бойында Ахмет 

Жантөриннің отрядын қоршап алып, 

толық жойып жібереді. Ұрыс бары-

сында көрнекті 44 сұлтан қаза та-

бады. 1844-1846 жылдар аралығын-

да Кенесары ханның сарбаздары 

Ресей империясының әскерлеріне 

дүркін-дүркін шабуыл жасап, бірде 

сәтсіздікке ұшырап, бірде ойсыра-

та жеңумен болды. Осы жылдары 

ауыр зеңбірек, оқты мылтықпен 

қаруланған патша, әскерлеріне қар-

сы - білектің күшімен, найзаның 

ұшымен қазақ жерін қорғаған ба-

тырымыздың даңқы шықты, сол 

батырлардың даңқы халқымыздың 

еңсесін көтерді. 

АҒЫБАЙ батыр көтерілістің 

ақыр-аяғына дейін Кенесарыға адал 

болды. Ақтық айқас 1847 жылдың 

көктемінде Қырғыз Алатауының 

Кекілік тауында өтеді. Осыдан 

бүрын Ағыбай батыр Кенесары ха-

нға: "Осы қырғыздармен соғысқа-

нымыз жетер, біздің әскер дала 

соғысына үйренген, таудағы 

жердің жайын білмейміз және сар-

баздар шаршады" дегенде Кенеса-

ры оған: "Е, Ағыбай сен қартайған 

екенсің" деп айтқанына көнбей, бас 

қолбасшылықтан алып, орнына 

Бұғыбай батырды сайлайды. 

Ағыбай көп қайрат 

көрсеткенімен жай батыр есебінде 

соғысады. Ертең шешуші ұрыс бо-

лады деген түнде Дулат руының 

батыры Сыпатай және Рүстем төре 

12 мың жігітті ертіп Кенесарыны та-

стап кетіп қалған, өзіне шын 

берілген мыңдай ғана жігітімен жау 

қоршауында қалғанын Кенесары та-

ңертең бірақ біледі. 

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 

жазғанындай Бұғыбай батырға сен-

ген Кенесары осылай қырғыз-орыс 

қолына түскен соң, Ағыбай батыр 

бүрынғыдай бас билікті қолға алып, 

әскерді қүрап майдан ашып, жеті 

қабат Алатауды айналған жауды 

жарып өтеді. 

Ал Ағыбай батыр Арқаға қайтып 

бара жатып: 

Кенесары құрдасым, 

Бірге туған сырласым, 

Арыздаспай айырылыстық, 

Ақыретке қимасым, 

Наурызбай ер 

беренім, 

Қайратты туған ер 

едің, 

М а ң д а й ы ң н а н 



иіскеп, 

Қош Наурызжан 

демедім, 

Деп егіліп қайғы-

рыпты. 

1847-1849 жылдар аралығында 



Ағыбай батыр нағыз, партизан со-

ғысын ашып, орыс отаршылармен 

қанды майданда тайсалмай соғы-

сады. 1855 жылы ақ патша Ағыбай 

батырды мойынсытуға әрекет жа-

сайды. 


Садық төре Ағыбайды Түркістан 

соғысына шақырады. Түркістан со-

ғысында Ағыбай батыр және оған 

ерген Қоңыраттың батырлары Иқан 

деген жерде орыс отаршыларын 

ойсырата жеңеді. 

Түркістан қаласының маңайын-

да орыс әскерімен соғысып жатқ-

анда, Ағыбай батырға Қожа Ахмет 

Яссауй аян берген екен, содан 

кейін ол батырлар рұқсатымен со-

ғысты тастап кетеді. 

Кейін атақты қазақ батырлары-

ның бірі Жарылғап болыстың қам-

қорлығымен Тоқырауын өзенінің 

бойында қоныстанып егіншілікпен 

айналысады. Ол жер "Ағыбай тоға-

ны" аталып қалған. Аға сұлтан 

Құнанбай мырза Жанғұтты, Шор-

манның Мұсасы, Кәрсон руының 

игі-жақсыларының жерімізден 

Ағыбай батырға жер бөліп береміз 

деген шешімдерін құптап, батыс 

сібір генерал губернатор Госфор-

тқа хат жолдайды. Осыдан кейін 

оны Госфорт қабылдайды, біраз 

уақыттан кейін-ақ патшаның 

Ағыбай батырға кешірім жасаған 

хатын алғаннан кейін, генерал-гу-

бернатор Ағыбай батырдың жаңа 

қонысын картаға түсіріп басып 

береді. 


Генерал-губернатор өзінің 

суретшілеріне Ағыбай батырдың 

суретін салғызып, Ресейдің Петер-

бор қаласындағы әлемге әйгілі 

Эрмитаж көрме музейіне жіберген 

екен. Елімізге әйгілі шопан 2 дүркін 

еңбек ері саналған Қуанышбаев 

сол кездегі Ленинград қаласына 

Қазақстаннан барған халық қалау-

ларының делегация мүшелерімен 

Эрмитажды аралап жүргенде 

Ағыбай батырдың суретін көріп, 

музей басшыларынан рұқсат алып, 

сол жердегі суретшілерге салғызып 

алған екен. 

1885 жылы Ағыбай батыр 83-ке 

қараған жасында қайтыс болып, 

Тайатқан Шұнақта арулап 

жерленеді. 

Батырларда өкініш-те, аң-

қаулық-та болады. Енді халық ара-

сында танылмаған батырдың үш 

өкінішімен таныстырғым келеді. 

Бірінші өкініші: Қырғыздармен 

шайқаста қолға түскен Наурызбай-

ды құтқаруға бармаған. Егер 83-

жасқа келгенімді білгенде, қайта 

барып құтқарушы ем. "Ағеке" де-

ген, Науанның дауысы құлағымнан 

кетпейді" дейді. 

Екінші өкініші: Ағыбай батыр 

Тайатқаны шұнақта қайтыс болады. 

Сүйегім бәйбішем болған үйден 

шықпады. Тоқалым (екінші әйелі) 

қолынан болды-ау дейді. 

Үшінші өкініші: Еділ-Жайық 

бойында Бостан байдың жылқы-

сын алуға барғанда алған жылқы-

ларын айдап келе жатып қуғыншы-

лардың арасындағы ержүрек 

" ж і г і т т і " найзамен шаншып 

түсіреді. Жігіт құлағанда қыз екенін 

білді, қыз екенін білгенде найза 

қолданбас едім деп өкінеді. 

Ер өлсе де оның ісі ешқашанда 

өлмейді дейді халық. 

Ақжолтай батырдың ұрпақтары 

оған ат үстінде отырған мүсіні бар 

ескерткіш орнатып, тағы да игі-

істерді атқармақ. 



Мәдина КӨККӨЗОВА, 

№ 5 қазақ мектебінің 

10 сынып оқушысы. 

Абай қаласы. 

Абай-Ақиқат.-2002.-13 шілде 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал