Бақтыбай Жолбарысұлы Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата13.02.2017
өлшемі2.8 Kb.
#2744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

122
Осы жалған дүниеден, 
Арманда басым өтер ме? 
Сыртым – бүтін, іш – түтін, 
Жолықтым мұндай кеселге.
Көрген күнім күн емес, 
Жəке, менің бұрынғы, 
Өзіңіз де білесіз, 
Қалтамда жоқ пұлымды. 
Айтайын деп келіп ем, 
Алдыңызға мұңымды. 
Ел мен ерді қуат қып, 
Бір сертке Бақаң ұрынды. 
Ер жігітке дерт екен 
Өмірлік жолдас, ғашықтық – 
Жүректің жанған оты екен. 
Жақсы əйел мен жүйрік ат –
Жалғанның сұлу көркі екен.
Жалайырдың ішінде, 
Ашты құдай жолыңды. 
Жеткізіп отыр қолыңды, 
Төрден алдың орынды. 
Нашарға көзің салатын. 
Қысылып келген нашарлар. 
Саяңда жаны қалатын, 
Арқаңызбен алатын, 
Бақ орнаған кісі едің, 
Аруағыңыз толымды.
Жайлаудан келген қалың ел. 
Ыңғайланды көшуге, 
Уықтың бауын шешуге. 
Дүнгенеде топ болад, 
Қазанның жаңа бесінде. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

123
Сол топтан қалса Мəйке қыз 
Тартып ап көшіп кетеді. 
Ақылға дария кең едің, 
Асқар таудай көбелі, 
Алтын бұтақ бəйтерек, 
Жəлменде би сен едің, 
Саялай келген мен едім.
Жəлменде:
Бақ конбайды жасыққа, 
Көңіліңді, батыр, жасытпа. 
Жігіт адам жетеді 
Шын шамданса мақсатқа, 
Құмарлық іс ғашыққа. 
Мен аяман, Бақтыбай, 
Келгенін саған қолымнан. 
Байқоржын, Тарақ жалғассын 
Мəйке кетпес еш жаққа 
Туғызып айды оңынан, 
Бұрылып сенің жолыңнан.
***
Екі ай жүрді Бақтыбай 
Мəйке қыздың соңында, 
Сары домбыра қолында 
Əркімге жүрді жай айтып, 
Келсе деп ісім орнына. 
Дүнгенеге топ болып, 
Бас қосып барлық ел келді. 
Қолақы жесір ұлықтан 
Сөйлейтін сөздің өрнегі.
Біреуден біреу теңдік ап, 
Топтағы мақсат бермегі. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

124
Кəрішал, Шыны, Байтұрбай, 
Байқоржын, Тарақ, Найманнан 
Жəлменденің үйінде 
Бас қосып солар кез келді. 
Бақтыбайды көргенде, 
Иек қағып Жəлменде 
Көз астымен меңзеді. 
Сол уақытта Бақтыбай, 
Жұмбақтай қылып мұң айтып, 
Бір аз ғана сөйледі.
Бақтыбай:
Басында мына Алатау ойлаған жоқ, 
Негізі тəмəм таудың бел болам деп. 
Негізі Іле, Балқаш ойлаған жоқ, 
Жеті су теңдей құйып көл болам деп. 
Аққұмы Атыраудың ойлаған жоқ, 
Тұз шығып берекелі кен болам деп.
Қызылқұм Жетіжалмен ойлаған жоқ, 
Дым тимес жазды күні шөл болам деп. 
Күйкентай бөктергімен ойлаған жоқ,
Қайратсыз тəмəм құстан кем болам деп.
Кесіртке тышқанменен ойлаған жоқ,
Күйкентай, жапалаққа жем болам деп.
Мен болдым сөйлер сөзге шапқан жорға,
Дəулет жоқ сөзден басқа біздің қолда.
Ақынды кей кездерде жасытады 
Бірі деп қайыршының қожа, молда. 
Мен көрдім жібек баулы бір тоты құс,
Қапаста байлаулы тұр темір торда. 
Күн қақты қаңғып жүрген мен бір жазған,
Орнымнан көтерем боп жүрген зорға. 
Көз құмар, көңілім ғашық, а, дариға,
Бақтыбай Жолбарысұлы

125
Жетпейді созсам қолым оң мен солға. 
Сендерсің жел тимейтін орман, тоғай 
Ақ мылтық қиын-қыстау боран болса. 
Мұң айтам алдын ала халқым көрген, 
Айтқан серт мəртебеге жетемін деп. 
Келіп ем осы жолда бір талаппен, 
Жалғанда жақсы да жоқ, жаман да жоқ, 
Негізгі іс маңдайдағы бақ пен сорда.
Бақтыбайдың кедейліктен тартқан тақсіретін, құла-
шын  кең  жаза  алмайтынын  терең  түсінген,  əрі  оның 
адамгершілігі мен ақындық азаматтығына сүйсінген, бір 
жағынан Мəйке қыздың аянышты халіне шын мəнісінде 
жаны  ашыған  Жəлменде  Мəйкенің  қайынжұрты  Бек-
темір  адамдарын  дереу  Жалайырмен  бітімге  келтіріп, 
Мəйкені Бақтыбайға алып беріпті.
Бақтыбай Жолбарысұлы

126
БАҚТЫБАЙ МЕН БƏЙІМБЕТ 
Бəйімбет:
Ассалаумағалейкүм, Бақтыбай, 
Бағарыңыз көбейсін. 
Осы болса бар малың, 
Бес ешкілі кедейсің. 
Бес ешкіңнен айрылсаң, 
Қатынына не дейсің? 
Қу тақтайды құшақтап,
Сұмырай тілді безейсің. 
Сұлу пышақ, қу табақ, 
Мезгілімен соғым жемейсің. 
Өлеңменен байлардың, 
Мінін айтып шенейсің. 
Қақсап жүріп бір күні, 
Өлемін ғой демейсің.
Құдай берген өнердің 
Қызығын қашан көресің? 
Бес күндік фəни жалғанға, 
Осынша неге сенесің? 
Өлмеймін деп жүрмісің, 
Қырыңнан жерге енесің. 
Бақтыбай ақын дегенге, 
Мəз боласың есіріп. 
Бір тойып ішкен көжеңе, 
Терлейсің, сорлы, шешініп. 
Жамыларға көрпең жоқ, 
Жатарлықтай көсіліп. 
Айтыспаққа құмар ем, 
Сеніменен шешіліп. 
Саған айтар сөзім көп, 
Қалмаса тілім кесіліп. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

127
Сен Бақтыбай болғалы, 
Қос атпенен жүресің,
Жеке атқа қашан мінесің? 
Дүниенің шолағын 
Айтқызбай өзің білесін.
Далаға шықсаң мақтанып, 
Үзеңгіңді шірейсің. 
Үйде отырсаң омалып, 
Боқтығыңды күрейсің. 
Біздей сұғып тіліңді, 
Көрінгенді мінейсің. 
Қанағат қылмай құдайға, 
Елден жылу тілейсің. 
Шұбардан тіпті кешпейсің, 
Көксудан былай етпейсің. 
Мұрадыңа жетпейсің, 
Құдай тойым бермесе, 
Қай уақытта, Бақтыбай, 
Көресің елдің қарасын? 
Құдай жазған емес пе, 
Əркімнің тағдыр, қазасын. 
Дүниеқордың береді 
Өлгенде құдай жазасын. 
Қолыңды жайып сұранып, 
Кетірдің жұрттың мазасын.
Онан-мұнан құрайсың,
Қайырыңды сұрайсың. 
Бет алып барған жеріңнен, 
Алмай тіпті тұрмайсың. 
Домбыраңды бетке ұстап, 
Зулап тұрған сұмырайсың. 
Бай болмайсың, Бақтыбай, 
Барлық халық бергенге. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

128
Сұраншақтық азапты, 
Тартарсың кейін өлгенде. 
Тырайып барып жатарсың,
Өлген қайтып келген бе? 
Неңді сойып бересің, 
Үйіңе мейман келгенде? 
Бақтыбай деген атың бар, 
Қазаның толмас асың бар 
Сен бір жүрген шерменде, 
Жарымаған сорлысың, 
Тақыр шалбар тондысың, 
Берер құдай бергенге.
Бақтыбай:
Ал, Бəйімбет, Бəйімбет, 
Сөйлеп кеттің тоқтамай. 
Мақтанбағын баймын деп, 
Отаубайша оттамай. 
Енді маған кезек бер, 
Тұрдым тыңдап сөзіңді. 
Өзің келіп тиістің, 
Жеңбей қойман өзіңді. 
Менің атам Сырманақ, 
Сенің атаң Шуманақ 
Табанында бүрің жоқ, 
Келдің қайдан сырғанап? 
Сырманақтан Тарақты, 
Бақтыбай ақын аралар, 
Абақ пенен Тарақты. 
Байқап сөйле, Бəйімбет, 
Ашылар артың əлі-ақты! 
Құрт жеген соң басыңды, 
Бақтыбай Жолбарысұлы

129
Шөкімдей миың қалмапты. 
Сұлу пышақ, қу табақ 
Жарымаған ел едің. 
Айтып бір салдың əуелден, 
Ішіп бір жеген тамақты.
Бақтыбай кедей болғанда,
Сенің елге нең шықты? 
Қысы-жазы босасаң, 
Тоғаның жоқ меншікті. 
Қыздырып ең аузымды, 
Маңдайымнан тер шықты. 
Бір орын мекен қылмайсың, 
Астықты қайдан алам деп, 
Құдайыңа жылайсың.
Қақпан, тұзақ арқалап, 
Сексеуілге барасың. 
Шырпының түбін сау қоймай, 
Қақпан, тұзақ жазасың. 
Тұзақ пенен қақпанға, 
Ертең түсте барасың. 
Арам өлген қоянды 
Арқалап жиып аласың. 
Ақ көз қоян адал деп, 
Біле тұра арамды, 
Қазаныңа саласың. 
Құдай өзі береді, 
Арамқордың жазасын. 
Баққаныңды мал демей, 
Еңбек қылып нан жемей, 
Біздің елдің дəніне, 
Күзді күндер болғанда, 
Айырбастап тұзыңды, 
Аласың елдің мазасын. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

130
Менің атам Байкөбен, 
Сиыр бағып жүргенде, 
Ақсақалды шал келген. 
Шұбардан қоныс ал деген, 
Ақ бидайды сал деген. 
Ақ бидай салып нан жеген. 
Нан жеген соң дəн жеген, 
Қараталдан тоған сал,
Тоғанға қарай қоғамдал, 
Иесіз жатқан Шұбардың 
Егістігі мол деген. 
Қыдырлы тоған болған соң, 
Орыс деген ел келген. 
Өнері көп орысты 
Үйір қылдым жерменен. 
Сенің елің қорқады, 
Мен емес пе тең келген. 
Арық аттай, күшігім, 
Шом тесіп, арқаң жауыр боп, 
Ел қатарына енбеген.
Базардан алған кездеме, 
Жаманның сөзін сөз деме. 
Бақтыбаймен айтысты-ау, 
Бəйімбет деген таз неме.
Бақаң өлең қозғаған, 
Алдынан жүйрік озбаған. 
Бəйімбет, қайдан кезіктің, 
Айтпайтын сөзді қозғаған? 
Жүзден озған тұлпармын, 
Сөз тауып, сөзден қоздаған.
Бақтыбай Жолбарысұлы

131
Бəйімбет:
Бақтыбай шешен, ақынсың сөйлер сөзге,
Бақтыбай боп атандың осы кезде. 
Дəуірлеп барған сайын мақтанасың, 
Қанша ешкің бар отарда мұнан өзге? 
Осы болса бар малың сенбей-ақ қой, 
Қандай күйге кебенек салар күзде.
Сары суланған салықшы, сорлы кедей,
Бидаймен тапқан малды көрсет көзге.
Бақтыбай, сене берме домбыраңа, 
Бес ешкің сауын болып оңдыра ма?
Кебенек көп ешкіден жұрдай болсаң,
Байларың сені қоңсы қондыра ма? 
Тіліңді безеп сауын сұрайсың ғой, 
Қу тақтай сабай берсең, болдыра ма?
Қу кедей, не бетің бар мақтанардай, 
Малың жоқ сойып жейтін басқалардай.
Жасыңнан көргеніңнің бəрі бейнет, 
Күнің жоқ тойып ішіп шаттанардай.
Біздің ел тауды жайлап, құмды қыстап, 
Жартысы өзен бойын қылар қыстақ.
Құдайым мал мен бақты бергеннен соң,
Білмейміз жер шабуды кетпен ұстап.
Бақтыбай:
Баймын дедің, Бəйімбет, 
Қалай айттың ұялмай? 
Отыр едім əуелде, 
Жаман сөзге қия алмай. 
Жүр екенсің, байғұсым, 
Өзіңді өзің ұға алмай. 
Көпірме ауыз сорлысың, 
Бақтыбай Жолбарысұлы

132
Орынсызға мақтанып, 
Тіліңді кеттің тия алмай.
Берекелі бай болсаң, 
Жүрер ең ғой сұранбай. 
Маса менен шіркейге, 
Қамалғаныңды білмейсің. 
Қаратал мен Көксуға 
Еркін жатқан сия алмай. 
Сұрамаймын бестіңді, 
Өлең қылдың ешкімді. 
Жайлауыңды мақтайсың, 
Тыртаңдайтын бес күнгі.
Шын ақымақ екенсің, 
Деуші едім сені ес білгі. 
Кебенек кеп қырылса, 
Төлеуіне сұраман, 
Қойың менен ешкіңді. 
Кенелеп малы өлді деп, 
Сіздің елден бір есек, 
Біздің елге естілді.
Ешкім өлсе қорамда, 
Бидайым бар ұрамда. 
Намыстансаң, Бəйімбет, 
Бізден келіп сұранба. 
Жұтап кейде қаласың, 
Сасытып құмның арасын.
Берекесіз, қайырсыз, 
Байлығыңды ұрам ба? 
Боғыңды көрмей, жоқты айтып, 
Кеттің шырқап шығанға.
Ақсүйек боп қырылдың, 
Өткен жылғы жыланда. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

133
Ақ шомшы болып сандалып, 
Бидай сұрап зарланып, 
Қарымбай құсап жер жұтып, 
Өлсең еді мұнан да. 
Жалайырдың баласы ең, 
Жер сұрасаң берер ем, 
Еңбек етсең емерсің, 
Сенен тарлық қылам ба? 
Жөніңді білмей, Бəйімбет, 
Қарға құсап қарқ еттің 
Алысқа самғар қыранға.
Бəйімбет:
Бақтыбай, өлең айтасың,
Кешке шейін жалықпай. 
Бəйімбеттен жеңіліп, 
Сені құдай ұрып па-ай? 
Жатақ жаттың, Бақтыбай, 
Күрік болған тауықтай. 
Жұтап күшік қалғанда, 
Бес ешкілі Бақтыбай, 
Сенен сауын сұрап па-ай? 
Той-томалақ көрмейсің, 
Шілде қақты салықшай. 
Мақтансаң жөні келеді 
Білемін деп орысша-ай. 
Біздің елдің бір шеті, 
Іле бойы қорықта-ай. 
Бас-басыңа, Бақтыбай, 
Таныс қылып алыпсың, 
Бір-бір, хохол, орысты-ай.
Антон менен Шодырдан, 
Ақша қарыз аласың.
Бақтыбай Жолбарысұлы

134
Қарыз алған ақшаға, 
Келер жылы көктемде, 
Торпағыңды саласың. 
Мақтанбағын, Бақтыбай, 
Білеміз ғой сырыңды, 
Өстіп құрып қаласың. 
Біздің ел құмда жатады, 
Қалтаға ақша басады. 
Құнан қой мен дөнен қой, 
Кездемеге сатады. 
Бексұлыға сіздің ел, 
Белшесінен батады. 
Жаздай тапқан астығын, 
Бексұлыға тартады. 
О да жетпей тапшы боп, 
Жалғыз атын сатады.
Сіздің елді, Бақтыбай, 
Өстіп құдай атады.
Бақтыбай:
Бəйімбет, кепсің сандалып, 
Айтыспаққа камданып. 
Тар босаға, тар есік, 
Байқап сөйле аңғарып. 
Соқыр болса ұлығың, 
Көзіңді, тазым, қысып жүр. 
Оған арнап ор қазып, 
Өзіміз түсіп қалмалық.
Орыс деген халық бар, 
Сөйлер сөзде парық бар. 
Көрінбейсің, Бəйімбет, 
Сөзімді менің парықтар. 
Өтірікті білмейді, 
Ұрлығыңды қылмайды. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

135
Біле білсең, Бəйімбет, 
Орыста талай нарық бар.
Несі жаман көрінді, 
Орыс салған қаланың? 
Қазақ барып алады, 
Одан керек-жарағын. 
Өнерінен именбей, 
Одан да үйрен жиренбей. 
Тілімді алсаң қаңғырып, 
Айдалада қалмағын. 
Дейсің бізді орыстас, 
Орыс та болса қоныстас. 
Қалай жемей тұрасың, 
Сыйлап берген тамағын? 
Қаласы соның сатады,
Көйлегі мен көншегін,
Қатын менен баланың. 
Сол орысқа, Бəйімбет, 
Қарамай, кəне, қалғаның? 
Орыс деген өнерлі, 
Оны аузыңа алмағын.
Қыздырдың ғой тілімді, 
Домбырамды қағамын. 
Қойға ере алмай жүруші ең, 
Құмға күйіп табаның. 
Байқап қалдым, Бəйімбет, 
Тəуір екен самалың. 
Бақтыбайдың алдына, 
Айдап келген түрткілеп, 
Бəйімбет, сенің ажалың. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

136
Ноғай менен орыстар, 
Старшын мен болыстар, 
Орыс та болса басыңды 
Осы күні сол ұстар.
Талдықорған базарым, 
Базарсыз болмас ажарым. 
Араласып бəрі жүр – 
Орыс, ноғай, қазағым. 
Барып халық алады, 
Шыны, шəйнек, қазанын. 
Басында тұр зор қауіп, 
Жатырсың құмда бор қауып. 
Сорың қалың мандайда, 
Арылар қашан азабың?
Бəйімбет:
Жақсы айтасың, Бақтыбай, 
Домбыраңды қақтың-ай. 
Үйсін, Найман бас қосса, 
Сөз нақысын таптың-ай.
Намыстас боп орыспен, 
Жатақ болып жаттың-ай. 
Орыс пенен қазақтың 
Бəріне де жақтың-ай. 
Ендігісін өзің айт, 
Бір талай тісім батты ма-ай? 
Жаяу едім өлеңге, 
Ере алмадым аттыға-ай.
Бақтыбай:
Мақтан қылдың, Бəйімбет,
Койың менен жылқыңды.
Егін салып, нан жесең,
Бұзбайды ғой шырқыңды.
Бақтыбай Жолбарысұлы

137
Жеңемін деп желпеңдеп,
Едірейттің мұртыңды.
Жамандама орынсыз,
Орыс деген жұртымды.
Теңемегін Шұбарға
Құм-сексеуіл шырпыңды.
Иллəлəға келтіргін,
Пейілі жаман құлқыңды.
Көрмей кепсің жығылар,
Алдыңдағы шұңқырды.
Сенен несін аяйын,
Өлең деген шіркінді.
Ең артынан айтпақ ем,
Басыңды жеген құртыңды! – 
дегенде,  Бəйімбет  қарқылдай  күліп,  Бақаңның  алдында 
қолын қусырыпты.
Бақтыбай:
Осылай еді жайым деп, 
Жөнге келгің, Бəйімбет.
Мұнан былай осылай, 
Сəлем бергін дəйім кеп.
Ақынды қорлап қайтесің, 
Тілінің жүрген майын жеп. 
Антон менен Шодырда, 
Арағың сенің дайын деп. 
Жеңуім сені сөзсіз ғой, 
Боп кетпесе астыртын, 
Бір қиямет-қайым кеп.
Бақтыбай Жолбарысұлы

138
БАҚТЫБАЙ МЕН ҚЫПШАҚБАЙ 
Бақтыбай:
 – Ассалаумағалейкүм, аман ба, 
Шəкірхан сынды бегіміз. 
Атаң сенің Құнанбай, 
Орта жүз асқан тегіңіз. 
Онан кейін аман ба, 
Арғын, Найман еліңіз? 
Есендікте жүрсіз бе, 
Шəкірхан мырза, өзіңіз? 
Бұл жаққа бұрын келмеп ек, 
Дидарласып көрмеп ек. 
Дəм-тұз тартып, мінеки, 
Жаңа келді көзіміз. 
Бар болған соң арада, 
Сіздермен біраз сөзіміз. 
Бота тірсек, бос белбеу, 
Бойым мықыр болғанмен, 
Ешкімге кетпес кегіміз. 
Домбыраны қолға алдым, 
Біразырақ толғандым, 
Бұйырған соң көбіңіз. 
Əңгімені бастамай, 
Аман-сəлем қылалық 
Алдыменен өзіміз!
Жігітке өнер керек ақыл-айла, 
Ойласаң ақыл-айла жанға пайда. 
Қыпшеке, алтын жүзің жаңа көрдім, 
Жүрмісіз аман-есен жақсы жайда? 
Үш жүздің балалары бас қосыпты, 
Қалайық сəлемдесіп осындайда.
Дəм тартып сіздің елге келіп қалдық, 
Мұндайда адам басы қосылмай ма? 
Бақтыбай Жолбарысұлы

139
Ақынның үрейі ұшса, жүрегі жоқ, 
Көп ішінде айта алмай, 
Білген сөзін қысылмай ма? 
Адамға ағайынды олжа түссе, 
Алғың деп ағасына ұсынбай ма? 
Мен өзім Ұлы жүздің баласы едім, 
Орта жүз олжа беріп басылмай ма? 
Адамның дəулет құсы бастан ұшса, 
Қор болып, жиған мүлкі шашылмай ма? 
Бір жерге өңкей жақсы жыйылғанда, 
Сөйле деп Бақтыбайға бұйырғанда. 
Қыпшеке, шамаң келсе, енді сөйле, 
Қызынсам, қазынаңыз ашылмай ма?
Қыпшақбай:
 – Уағалайкум мүс-сəлем, Жəлменде би,
Үйсіннен естуім бар аз ғана үй. 
Секілді итұғыр бақа Бақтыбайым, 
Шырағым, тықылдамай, тіліңді тый. 
Көргенде Бақтыбайды біліп едім, 
Сөйлеген ашуменен тілім едің. 
Сырымды білемісің, Бақтыбайжан, 
Шықпаған көп ішінде мінім едің. 
Бақтыбай, Бақтыбай деп естуші едім,
Көрмесем де сыртыңнан білуші едім. 
Жүрмісің аман-есен Бақтыбайым, 
Ат байлар арт жағымда інім едің.
Тəубə ғып соңыма ерген інім бар деп, 
Қуанып тірлігіңе жүріп едім.
Бақтыбай:
Отырмын Жəлменде би төре ме деп, 
Əбиір Бақтыбайға бере ме деп. 
Шошынар кейбір ақын айбарымнан, 
Соқтырған бейпіл желдей немене деп.
Бақтыбай Жолбарысұлы

140
Қыпшеке, ə дегенде дүрілдейсің, 
Өлеңге Бақтыбайға тең келмейсің. 
Еліңе бір жыл келген мейман едім, 
Олжаңды Бақтыбайға бермеймісің?
Қыпшақбай:
Бақтыбай тақылдайсың бекер жастай,
Сұрайсың менен олжа өзің аштай. 
Қолыңнан егер сенің келіп тұрса, 
Ағаңды тірі қоймай жұлып таста-ай. 
Біреудің айтқанына ере алмаймын, 
Ешкімнің алдауына көне алмаймын. 
Іншалла өзім өлмей соқыр тиын, 
Үйсінге мен қолымнан бере алмаймын. 
Секілді шұғыр бақа Бақтыбайым, 
Астында жалғыз атың неге алмаймын?
Бақтыбай:
Арғын сенің неңді алған, 
Елге мейман жинаған. 
Дабысы жоқ еліңнің, 
Бізден бұрын мейман сыйлаған. 
Арғын тəуір көреді, 
Бес тиындық бақырды, 
Ақирет кебін иманнан. 
Адам қоры Қыпшақбай, 
Қу жанын босқа қинаған.
Сөйлейді сорлы Арғынның құны бардай,
Көргенде Бақтыбайды жыны бардай. 
Алам деп жалғыз атын тап етеді,
Бұл иттің əкесінің құны бардай. 
Келгеннен қонағына қоқаңдайды, 
Несие бұрын сатқан бұлы бардай. 
Қолдаса Бақтыбайды ақын Қабан, 
Желкеңнен бауыздармын қара нардай.
Бақтыбай Жолбарысұлы

141
Қыпшақбай:
Құнанбай қажы дейтұғын, 
Дабысқа шыққан тұлпарым, 
Қалмайтұғын жарыстан. 
Маман, Толқын дейтұғын, 
Найманнан шыққан арыстан. 
Абақ, Тарақ сен едің, 
Арғын, Найман мен едім. 
Барымталап сойылдап, 
Мал-жаныңды тауысқан. 
Порымыңа қарасам. 
Жауыр қуған сауысқан. 
Тауға біткен қияқтай, 
Келіп ең қалай бұяққай? 
Мына орыс келді деп, 
Теңдік алып берді деп, 
Сенгенің  сенің  ұятты-ай. 
Көргенде Найманымды сасушы едің, 
Шолақтан ары қарай асушы едің. 
Торғайдай қырғи тиген быт-шыт болып,
Қызталақ, алды-алдыңа қашушы едің. 
Білдің бе, Бақтыбайым, сыңарыңды, 
Салайын көкірегіңе уайымды. 
Кешегі Оразбектің заманында, 
Быт-шыт қып бөліп едім жұбайыңды. 
Келді деп мынау орыс қарсыласып, 
Ұмыттың қотыр Үйсін құдайыңды.
Бақтыбай:
Домбыраны сөйлеткен, 
Он саусақтың саласы. 
Жүгіртеді тұлпарды, 
Жердің жазық даласы. 
Қалай-қалай сөйлейді, 
Көргенсіз иттің баласы. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

142
Байқадың ба, Жəлменде, 
Арғынның айтқан сөзінің 
Аңғарына қарашы. 
Құнанбай деген қажыны 
Тұлпарым деп айтады. 
Қайдан көрдің жылқы қып, 
Тойға мініп келгенін. 
Маман мен Толқынды, 
Арыстан деп айтады. 
Арыстанның атасы 
Мысық еді бəтшеғар, 
Қайдан көрдің қалмақ боп, 
Жұрттан тышқан жегенін? 
Абақ, Тарақ мен едім, 
Арғын, Найман сен едің. 
Аз да болсам бір күнде, 
Ақ тұйғын құспен тең едім. 
Талай жанның шыңғыртып, 
Бауыр етін мен де жеп едім. 
Ұлы жүздің ішінде Бақтыбай деген мен едім.
Аласалау болмасам, 
Мен кімдерден кем едім? 
Теңізде жатқан тығылып, 
Арғын, Найман сен едің. 
Қаспақбай деген мерт кетті, 
Жайнағымнан бір кісің 
Əлі күнге ол құнсыз.
Қыпшақбай, өзіңді-өзің көтермегің, 
Болмайды ел болған соң тегі мінсіз. 
Белгілі Арғын, Найман Бақтыбайға, 
Қыпшақбай, мақтанбағың бекер жөнсіз.
Біздің ел асау мініп шідерлеген,
Саналы сөз кəдірін білер деген. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

143
Ескелді өтіп кеткен жағалы жай, 
Жалайыр қысылғанда жібермеген.
Домбыраны сөйлеткен 
Бетіндегі тиегім, 
Қимылдай бер иегім. 
Қараталдың бойында, 
Аштан бар өлген сүйегің. 
Көтеріліп осынша 
Кім еді сенің тірегің? 
Мақтанып қазір отырсың, 
Сен сорлының бірі едің. 
Жеңемін деп сен мені, 
Аптықпасын жүрегің. 
Бұл жерде мен отырмын, 
Əбиір бер құдай деп. 
Андастан шыққан Шопабай, 
Арғынды қырған қоралап. 
Арғын мен Найманды, 
Басынан құдай ұрғанды. 
Ұрғаны емей немене, 
Шұбыртпалы Арғынды, 
Тасмұрынның басында, 
Шопабайдың бір өзі, 
Көгендеп қойып қырғанды.
Қабан ақын дейтұғын 
Менің пірім болады. 
Он сегіз мың ғаламды
Өлеңменен жоқтаған. 
Қасқырға шауып жапалақ, 
Құйрығын сорлап боқтаған. 
Сарменбет бимен үшеуі, 
Төсегінен тұрғызып, 
Сипалатып тоқтаған. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

144
Біздің елді жамандап, 
Көргенсіз иттің баласы, 
Сандалып босқа оттаған.
Қыпшақбай, дүрілдеген даңқың мықты, 
Бұл сөзді естігеннің бəрі де ұқты. 
Несіне Құнанбайды мақтай қалдың,
Мақтаншақ қу сорлы шал мұнан шықты.
Барасың сөйлемесем судай тасып, 
Қаласың мен сөйлесем жездей жасып.
Айтсаңшы Қараменде əулиеңді, 
Отыр ма, сорлы қақбас, мəрту басып?
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет