Бақтыбай Жолбарысұлы Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата13.02.2017
өлшемі2.8 Kb.
#2744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

59
Айтайын тағы керек пе? 
Малтабардың баласы 
Жасөспірім Есімбек, 
Оқымай хат таныған, 
Зейінді адам зеректі. 
Өзі батыр, зор дене 
Көтере алмас үлек те.
Əзілетті Ескелді, 
Жетім-жесірді ескерді. 
Əділдігі атамның 
Барлығынан ерекше. 
Ақын атам Қаблиса, 
Өлең-жырға маманды. 
Бір шумақ жырға сыйғызған, 
Он сегіз мың ғаламды. 
Алты мыңы адамзат, 
Алты мыңы перизат, 
Алты мыңы нəбəдат, 
Он сегіз мың болған-ды. 
Атама ақын сөз таппай, 
Талай адам қамалды. 
Талай сайыс топтарда, 
Өлеңі болған самалды. 
Мұндай жүйрік жоқ қой деп, 
Теңдесі жоққа саналды. 
Əрі əулие, əрі ақын, 
Көріпкел деп тəн алды. 
Не дауа бар ажалға, 
Ажарға ажал қарай ма, 
Алды сондай адамды. 
Ескелді атам есімін, 
Білмейтін де шамалы. 
Аш болмасын елім деп, 
Қаздырған бар каналы. 
Шымыр деген тоғанды, 
Бақтыбай Жолбарысұлы

60
Ескелді атам қаздырған, 
Соған тиген табаны. 
Сары Үйсін Сары биден де, 
Асып түскен амалы. 
Атамнан бұрын шығып ед, 
Қазыбек би, Əйтеке, 
Əлібек ұлы Төле де, 
Болған елге өнеге.
Ақылымен қалмақты, 
Жиып алған төбеге. 
Төле бидің ақылы, 
Енді бізге келе ме? 
Қалмақты алдап ақылмен, 
Дақ салмаған денеге. 
Қашырып елден қалмақты, 
Өзіне салып салмақты, 
Жолатпаған сөреге. 
Мың жеті жүз жиырма үш 
Сол кездерде жыл еді. 
Қатын-бала шуласып, 
Төле өмірін тіледі. 
Төленің айтқан   сөзіне, 
Қалмақтар қашып жөнеді. 
Əнет баба сол жылы 
Төбеде қалған Ер еді. 
Ақылы артық Төле би, 
Тілегін Алла береді. 
Ескелді атам еді ғой, 
Төле бидің жиені. 
Бəтесін беріп тірлікте, 
Би атамды сүйеді. 
Би атам десе Төленің, 
Жұмсарып кеткен сүйегі. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

61
Би атамнын бетіне 
Талай тиген иегі. 
Би атам бала кезінде 
Төле би де тірі еді. 
Қашан Төле өткенше, 
Атамның болды тірегі. 
Ұлы жүзде – Төле би, 
Орта жүзде – Қазыбек, 
Кіші жүзде – Əйтеке, 
Халқына болған бұлар сый еді. 
Қырғыздың Көкен биіне,
Қарақалпақ Сасық би, 
Қарауында талай үй. 
Бұлардан кейін шығыпты, 
Сиыршыда Сиық, Ескелді, 
Андаста шыққан Балпық та, 
Қаблиса – Қабан əулие 
Қояйын атын айтып та. 
Қарымбай мен Дарабоз, 
Күшіктен шыққан Жолбарыс, 
Жүрген бұлар шалқып та.
Ұлы жүз болған жерінде, 
Нелер білгіш жасады. 
Солардың өтті бəрі де, 
Ажалдан қалай қашады. 
Арғынның Қарамеңдесі, 
Олар да құдай пендесі. 
Бəйшегірде Тағымбет, 
Айтсам көңілім тасады. 
Ескелді атам ерекше, 
Қандай адам асады. 
Арықтыным Жəлменде, 
Бақай батыр Бəйшегір, 
Бір ғасырды жасады. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

62
Байқоржын мен Аталық, 
Еді елі Балғалы, 
Қарғаны да аталық. 
Құдайменде, Сердалы, 
Саяқты да айтайын, 
Болмасын менде қаталық. 
Қарымбайдың Назары, 
Елінің ол да ажары. 
Атамай қайтып жаталық.
Ерасыл мен Шелбайы, 
Мырза елінің Асымы, 
Білгенше бəрін шаталық. 
Сұпатайда Сұпы би,
Бəйбішеде Естібай, 
Тіл келгенше айталық. 
Орақтының Орақты батыры, 
Əлшағыр еді əкесі. 
Қайсыбірін таусалық. 
Орақты батыр өлтірген, 
Ақкөбік, Қаракөбікті. 
Сұпатайда Сұпы би, 
Ақылға ол да келіпті. 
Ақкөбік, Қаракөбікке, 
Құдірет ерік беріпті. 
Не жесе де тоймайтын, 
Өздері өте жемітті. 
Адам етін жеген соң, 
Қызарып көзі желікті. 
Шудың бойын жағалап, 
Бір бəле тағы келіпті. 
Екеу еді төртеу боп, 
Тауып алған серікті. 
Төртеуі де бəленің, 
Сол Орақтыдан өліпті. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

63
Төртеуінен құтылып, 
Өрісі елдің кеңіпті. 
«Ноқта ағасы» болсын деп, 
Осыған əруақ қонсын деп, 
Үйсіннен келген олжаны, 
Орақтыға беріпті. 
Ақкөбіктің шын аты: 
Ақыман мен Қараман. 
Қожахмет Жасауи, 
Қарғыстап туған анадан. 
Бұл екеуі басында, 
Жасауидің биі еді. 
Пəре жегіш жеміт боп, 
Зияны елге тиеді. 
Қожахмет Жасауи
Бұл екеуін қарғыстап, 
Хайуанат боп жүреді. 
Ескелді, Балпық, Жолбарыс 
Сыйық атам, Дарабоз, 
Қасқарауда Өтеген, 
Тигізген бұлар қолғабыс. 
Домалақ енем шын аты, 
Айтылады Жезбике. 
Райымбек тағы да, 
Басына бақ қонған іс. 
Қаракерей Қабанбай, 
Шапырашты Наурызбай, 
Қалмақты қуған бұл жерден. 
Мұның бəрі болған іс. 
Төле бидің ақылы, 
Үш жүздің барша батыры, 
Қалмақтың басын жойған іс. 
Ақылы ғой Төленің, 
Білгенді айтып беремін. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

64
Ақыл-айла болмаса, 
Болмас еді оңған іс. 
Артық туған Абылай 
Өлтірген Қалмақ ханын-ай. 
Қалден ханы өлген соң, 
Ат қойған қалмақ жабыла-ай. 
Абылайлап ат қойып, 
Қалмақтың ішкен қанын-ай. 
Қасқайып қарап тұрыпты, 
Келіндер деп тағы да-ай. 
Уəли Шора құсбегі 
Қырғыздың шыққан табынан, 
Ұлы жүзден зат-тегі. 
Бұған мəлім құстардың, 
Ұшып қайда түспегі. 
Жерге түссем құс айтқан, 
Уəли Шора алады.
Аспанда жүрсем лəж не, 
Қанатым тағы талады. 
Аспандап ұшып күшті еді, 
Құдіреттің күші ғой, 
Құстарға қайла істеді. 
Қайда қонар, қайта ұшып, 
Құстың ойын болжаған, 
Уəли Шора құсбегі. 
Кім қалады мəңгілік, 
Оларды да ажал тістеді. 
Ел біледі біраз күн, 
Сиыршының Аманы, 
Шертіп өтті дүниені. 
Солай шығар заманы. 
Істеп жүрген би болыс, 
Жақсысы бар жаманы, 
Өтті сөйтіп дүниеден, 
Бақтыбай Жолбарысұлы

65
Ажалға бар ма амалы? 
Кіші жүздің табынан 
Тіленшіұлы Жоламан, 
Сарғалдақ пен Қоғыл би, 
Сəбден де Жайнақ батырым. 
Батасы жел болмаған. 
Қасабай мен Солтанай, 
Руы мырза-майасар, 
Жау бар ма бұған жолаған? 
Малтабар, Құлжан ол да өткен, 
Жауды аямай тонаған. 
Нелер батыр жəне өткен, 
Қалмақты ұстап қамаған. 
Сырымбет атам баласы 
Өтенайда Сауранбай 
Құлбен еді əкесі. 
Ақмешітке орнаған 
Есқожаұлы Төребай, 
Жағалбайлы табынан,
Өлімге өзін зорлаған.
Күшіктен шыққан Мəулімбай,
Саяқбайдын баласы.
Өлеңді қардай бораған.
Қыдыралы ақын талапты,
Бұл да Мырза табынан.
Өлең-жырды торлаған.
Ақын атам Қабылиса
Өлең-жырға келгенде,
Асып кеткен арнадан.
Сиыршының бір табы
Сүгір атам тұқымы,
Жантасұлы Орынбай,
Болтай молда тағы да,
Орынбайұлы Ілебай,
Бақтыбай Жолбарысұлы

66
Тəубекұлы Сағатбек,
Бұларға аруақ орнаған.
Бұғыбай батыр Ұлы жүз
Ысты деген табынан.
Кəкімбекұлы Сұраншы,
Шапырашты жағынан,
Жауды көрсе тұрмаған.
Қилыбайұлы Қожбанбет,
Суанның табы Ақшадан.
Тезек деген төренің,
Құлағын оймен бұраған.
Балғалыда Шеруке,
Жалайырда шыққан қырғыздан,
Қобызын қосып бəйгеге,
Бірінші болып жол алған.
Əбдіұлы Бекбосын,
Баймұхамбетұлы Мақаш та,
Бəйшегірдің мықтысы.
Ақын менен Бобаған,
Бабайұлы Қошақан,
Саматұлы Қарғалы,
Жалайырда – балғалы,
Елдің басын құраған.
Андастан шыққан Ботбайды,
Халқы айтып жоқтайды.
Шарапатты кісі екен,
Еш адам сөзін жықпайды.
Өнері асқан ұста екен,
Отты қолмен ұстайды.
Ел аузына ілінген,
Ботбай барда темір бар,
Еркеман барда көмір бар,
Ел болған соң шығады,
Нелер жетім жемір бар.
Бақтыбай Жолбарысұлы

67
Ботбай айтқан соларға,
Таза жүрсең өмір бар.
Арамның адымы ұзамас,
Бір бұлғанса шыға алмас,
Асқынғанға аран бар.
Мырза елінің бір табы
Есенқабыл, Есенбай.
Бейсенбінің баласы
Жас батыр боп келеді,
Аппақтағы Бопауым.
Талапты боп келеді,
Мұны да жырға қосайын.
Жүйрік аттай ойқастап,
Бəйгенің алдын тосайын.
Көп сөйлеттің көпшілік,
Сіздерден қашан босайын?
Айта берсем тағы көп,
Естуге құлақ тоя ма?
Айтарсыз тағы-тағы деп,
Жақсымбеттің ішінде
Сəбденұлы Қареке.
Қареке атқа мінген соң
Еліне келді береке.
Жақсымбетке ұйтқы боп
Болмады елге келеке.
Ұлы жүз тұрмақ үш жүз де
Қареке сөзін тыңдады.
Өзі молда, шешен жан
Ақылмен елін жинады.
Əзілетті ақпейіл
Қарекені халық сыйлады.
Бірауыз сөзге беделді
Береке елге орнады.
Жетім-жесір, м  іскіннің,
Тілегін бермей қоймады.
Бақтыбай Жолбарысұлы

68
Білімді ғалым молла алып,
Баласын елдің жинады.
Хат танытып оларға,
Сауатсыз оны қылмады.
Сөйткен бала адам боп,
Ұстағаны қалам боп,
Білімді болды ойдағы.
Жас та болса Қареке,
Елге болды қадірлі.
Сөзі елге ұнаған,
Жəне болды сабырлы.
Басшы болды халыққа,
Істемеді забырды.
Ақыл айтып тоқтатты,
Мінезі жаман адырды.
Елі тұрмақ Кəкенді,
Басқа жұрт та таныды.
Жетімге жесір қарасып,
Тани білді тəңірді.
Жолаушы жүріп келгенше,
Шыдамай халқын сағынды.
Қадірлі болса халқына,
Адал болса салтына,
Сағынбай халқы неғылды.
Осы айтылған Қареке,
Менен өзі көп кіші.
Бала да болса қадірлі,
Құрметтейді ел іші.
Қарекемен жолдас боп,
Балқашқа келдік көп кісі.
Қареке десе Қареке,
Жанып тұрған өрт кісі.
Адамды ажал қоя ма,
Құтылуға бола ма?
Бақтыбай Жолбарысұлы

69
Еркіне қойсаң пенденің,
Дүниеден келмес кеткісі.
Жоғарыда айтылған
Мəтішұлы Төлепті,
Олардың жөні бөлек-ті.
Халқы үшін жаралған,
Айырымы ерекше.
Артынан ерген ел-жұрты,
Кəдімгі жетім көдекші.
Ақыл айтқан бəріне,
Ескелді атам бөлекше.
Қаблиса, Балпық би,
Халқына болған үлкен сый.
Ескелді, Балпық, Қарымбай
Ортада Алтын Терекші.
Осы айтылған аталар,
Сырдарияның бойынан,
Қазалының ойынан,
Халқын қоймай жинаған.
Қараталдың бойына,
Текелінің ойына,
Қоныстанып тойлаған.
Ескелді атам бас болып,
Қалмасын деп аш болып,
Ол жағын да ойлаған.
Қаратал, Көксу арасын,
Ұлы жүздің баласын, 
Жау қолына қоймаған. 
Балпық атам, Қарымбай, 
Ақылы асқан дарындай. 
Қаблиса атамыз, 
Еліне орын сайлаған. 
Мыңбұлақ, Қойтас жотасын, 
Иіскеп шөптің опасын, 
Бақтыбай Жолбарысұлы

70
Тайраңдап жайлау жайлаған. 
Ұлы жүз болып бірігіп, 
Ашылмай жігі кірігіп, 
Абақ, Тарақ бір туған, 
Жақсылық жаққа ұмтылған. 
Ниеті жарық айнадай, 
Атамыз Балпық, Ескелді, 
Үш жүздің ұлын ескерді. 
Бəрін бірдей тең ұстап, 
Тастамаған жан адам. 
Осылай халқым расы, 
Бұрынғылардың мұрасы. 
Өтірік деп осыны, 
Айта алады қай надан?
Барлығы емес кей жерде би мен болыс,
Нашардың қабағына қарады ма? 
Тұсында əрбір ханның бір сұрқылтай, 
Жүреді ыңғайланып заманына. 
Басына бір адамның бақ берерде, 
Қарамас жақсы менен жаманына. 
Болып өт боларында деген сөз бар, 
Жаксылар нашарды еске санады ма? 
Сөз білер, ойшыл нашар шыға қалса, 
Би-болыс жеткізді ме талабына? 
Өсірмек тұрмақ оны өшірді ғой, 
Жақсылар тартты емес пе тамағына. 
Біз көрмесек ұрпақтар көре жатар,
Нашардың да бір күні таңы атар, 
Алатаудын бір шығар алабына.
Сөзінің соңын Бақаң жанына ерген құрдасы Меңлібайға 
қарап аяқтапты.
Қос атамның тұқымы, 
Бекежанұлы Меңлібай. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

71
Бір жылғы туған төл еді, 
Демеңіздер бұл кім-ай. 
Рұқсатсыз одан сөйледім, 
Осы үйге келдім де-ай. 
Сөйлесін деп Бақаңа,
Рұқсатын бердім-е-ай.
Осындай өлең айтқанда,
Отырам ба сөз қылмай.
Осымен өлең тоқтасын,
Ұрсатын шығар Меңлібай,
Осымен, халқым, болдым-ай!
Бақтыбай Жолбарысұлы

72
МАЛ ТАПСАҚ, ЖІП ТАППАДЫҚ ЖЕТЕЛЕРГЕ
Береміз біздер сəлем Жəкелерге, 
Үй тапсақ, кірер ме едік кепелерге. 
«Бірі кемнің – бəрі кем» дегендейін, 
Мал тапсақ, жіп таппадық жетелерге.
***
Бақтыбай Жолбарысұлы

73
АЙТЫСТАР

74
БАҚТЫБАЙ МЕН ТЕЗЕК ТӨРЕ
1851-жылы  Аламан  деген  жайлаудың  теріскейіндегі 
жазықта  Тезек  төренің  ауылы  отырған.  Бұл  ауыл  мал-
шы-қосшылардан аулақ отырған. Ортадағы сегіз қа нат 
ақ үйді Орда деп атаған, онда Тезектің Байқоңыр атты 
бəйбішесі тұрады. Бұл бүкіл ел, бүкіл ауылдан дəрежесі 
зор үй, кешегі Əділ төренің сүйегі де осы үйден шыққан. 
Бұған  беталды  адам  кіре  алмайды,  кіруге  рұқсат  етіл-
мейді. Бұл Ордаға сол кезде тек қана Қожбамбет би, Қа-
рынбайдың баласы Назар болыс, Жолбарыс би ғана имен-
бей кіріп, Тезек төремен бірге отырып, қымыз ішеді екен.
Екінші алты қанат ақ үйде Тезек төренің Жалайырдан 
тартып алған əйелі, асқан сұлу Дəнекер тұрады. Қалған 
үйлер отаулар мен ас үйлер, қонақ үйлер. Бұл ауылдарға 
сонау  көз  ұшында  отыратын  малшы  ауылдардан  сойы-
латын  мал  өңгеріліп  келіп,  ішілетін  қымыз  тұлып,  мес-
термен  тасылып  тұрған.  Тезек  ауылына  келушілер  ат-
тарын  ауылдан  жырақтағы  мама  ағаштарға,  керілген 
арқанға байлап, қамшылаарын ердің қасына қыстырып, 
белбеулерін шешіп қолына алып, өздері тəртіппен жаяу-
лап  келіп,  қонақ  үйге  кіріп,  төренің  мұнда  келуін  күтіп, 
сəлем беріскен. Арыз айтушыларды, басқа да келушілерді 
Тезек төре көбіне қонақ үйлерде қабылдаған. Бұл ақ үй-
лерге атпен келіп түсетін бір ғана Тезек төренің өзі екен.
Келген  кісілер  Байқоңыр  бəйбіше  отырған  үйге  Əділ 
төренің жолы еді деп, ат байлап, босағасына шапан іл-
ген. Соны естігенде ғана Тезек төре миығынан күліп, сый 
тартушылардың арызын пейіл сала тыңдап, жөні келсе, 
тез тындырып отырған.
Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы Қожбамбет би 
жора-жолдасымен Тезек ауылына қонып, Тезек екеуі оңа-
шаланып, Дəнекер сұлудың үйінде қымыз ішіп, əңгімелесіп 
отырғанда болған.
Дəнекер  үйінде  отырған  Тезектің  үстіне  жүрегі  дауа-
лап, бірден кіре алмаған, қорыққан. Алғашқыда үй сыр-
тында тұрып, өлеңін сол жерден төгілткен. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

75
Бақтыбай:
Я, алла, тіл-жағыма бергін медет, 
Қолдай гөр, Ескелді атам, өзің демеп. 
Ақсүйек ханзаданың баласы едің, 
Кембағал үй артына келді көдек.
Үш жүзге «Абылайлап» шыққан атың, 
Ешкімге білінбеген жаманатың, 
Кембағал алдыңызға келді көдек, 
Алда жар, білесіз ғой жетім хақын.
Шешенде тіл, шеберде мін бола ма, 
Нашарда шығатұғын үн бола ма? 
Ақсүйек хан иемнің баласы едің, 
Бір аттар босағаңнан күн бола ма?
Тақсыр-ау, сəлем берем тыста тұрып, 
Құлақ сап тыңласаңыз мойын бұрып. 
Жалғанда зəрің қатты төре дейді, 
Айтуға болар ма екен үйге кіріп?
Ұлықсат болар ма екен тақсыр маған, 
Ханзада хан Абылай асыл задаң. 
Жаяуға ат, жарлыға шапан бопсың, 
Жайымды айтайын деп келдім саған.
Алдияр, мен бір жүрген жетім бала, 
Ісіне құдіреттің не дүр шара. 
Құзырлы заманыңда төре бопсың, 
Үміткер рахымыңнан мен бейшара.
Айырылған ата-анадан жетім едім. 
Тентіреп жетімдіктен кетіп едім.
«Хан ұрса, қайраны тиер» деген сөзбен, 
Алдыңа кіргелі тұр жетімегің.
Бақтыбай Жолбарысұлы

76
Сонда ақ үйден саңқ етіп, Тезек төренің ашуланған да-
уысы шықты:
 – Бұл  кім  өзі  шаңқай  түсте  үйімнің  сыртына  келіп 
бақырып тұрған, бақсыдай сарнап, қақсап тұрған? Мені 
албасты басып жатыр дей ме екен? Кімді басынып жүр 
мынау?  Кім  де  болса  барыңдар,  басын  кесіп  алыңдар! – 
деп екі жендетін жұмсайды. Шаш ал десе, бас алатын 
екі жігіт далаға атып шығып:
 – Өлең айтқан сенбісің, ей, рұқсатсыз үйінің сыртына 
келіп, айқайлап өлең айтқаның үшін, төре басыңды ал деп 
бізді жіберді, – деп бара сала бас салады.
Сонда Бақтыбай:
 – Төреге тілім тиген жоқ, мақтадым. Жазықсызбын, 
басымды  неге  алады?  Менің  басымды  төре  алмайды, 
құдай алады, – дейді. Екі жендет:
 – Мынау тегін бала көрінбейді, төренің алдына апа-
райық, – деп Бақтыбайды қолынан жетектеп, үйге алып 
келеді. Сонда Тезек:
 – Құдаймен сөйлесіп тұрған сен бе, ей, – деп, жігіт-
терге  қарап, – басын  неге  алмадыңдар? – деп,  оларға 
шүйлігеді.  Сонда  төрде  отырған  Қожбамбет  би  сөзге 
араласып:
 – Дат, тақсыр! – деп, Тезекке қарап оң қолын көтереді. 
Төре  «не  айтасың? « дегендей  Қожбамбетке  қарайды. 
Қожбамбет:
–  Сексендегі  шалменен,  құдай  қосса,  он  сегіздегі  қыз 
құрдас.  Қырықтағы  əйелмен  нəсиі  болса,  он  бестегі  ұл 
құрдас.
Көктемде қой да қоздайды,
Ит те күшіктейді,
Қасқыр да балалайды,
Қой баласы қой болып шөп жейді,
Ит баласы ит болып боқ жейді,
Қасқырдың баласы қасқыр болып қой жейді,
Асылдың басын асыл алмақ емес,
Нəсілдің құны сұралмай қалмақ емес.
Бақтыбай Жолбарысұлы

77
Баланың  жасы  құрдас  болмағанмен,  сөзі  құрдас 
шығар. Алдыңызға келген пақырдың бас салып, басын ал-
дыруыңыз  əділдік  бола  қоймас.  Бұл  баланы  тоқтаусыз 
сөйлетіңіз, кем болса, басын аларсыз, тең болса ашуыңы-
зды қайтып аларсыз, – дейді. Сонда Тезек төре райынан 
қайтып:
 – Сөйлесін, онда, төрт ауыз, сөзінің түрін көрейік!  – 
дейді.
Бақтыбай:
 – Рұқсат берсең сөйлерге, 
Тезек төре, алдияр, 
Əділді айтар ақынмын, 
Əділ сөзге жан қияр. 
Жалайырдағы заман жоқ, 
Ақынмын деп далдияр. 
Сіздей бізде күш бар ма, 
Төре алдында шалжияр. 
Ақ сұңқардың алдында, 
Қаңғырған карға жарбияр. 
Сөйле дедің, хан Тезек, 
Сөйледім, міне, тіл безеп. 
Қаңғырып көп сөйлеп қу тілім, 
Келтірді жанға бір кезек. 
Төрт ауыз сөз шарт бопты, 
Айтылсын дөп бізге деп. 
Жан алқымға таянды, 
Айтайын десем бір кезек. 
Ажалдан бұрын өлем бе, 
Сəлем бере сізге көп. 
Бермесең жаннан түңілдім, 
Ескелді, Сиық, сіз медет. 
Сауласын өлең тілімнен, 
Емес ең ғой сүрінген. 
Бола ма енді бүгілген, 
Аман қалсам бүгіннен. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

78
Айырылып қала жаздадым, 
Тірі жүрген күнімнен. 
Бұйрық қатты, жан тəтті,
Қорқайын дедім түріңнен.
Жоқ еді ғой ешкімнің,
Ештемесі бүлінген.
Төрт тұрмақ, төрт жүз айтпасам,
Өлгенім артық тірімнен.
Өлетін халге келгенде,
Бола ма, тілім, бүгілген?!
Бер жағыңнан айтпаймын, 
Айтайын, төрем, түбіңнен. 
Арғы атаң сенің Шыңғыс хан, 
Сағымға садақ ілдірген. 
Абылай ұран үш жүзге, 
Сонан бері білінген. 
Атадан қалған хандықты, 
Алыстың бірің-біріңнен. 
Қазына, малың көбейді, 
Қазақтан түскен кіріммен.
Ақсүйек, бектің тұқымы ең, 
Сүйегіңнін міні жоқ. 
Абылайдың затынан, 
Естимін тегің кемі жоқ. 
Жалғыз-ақ патша болмаса, 
Онан басқа теңің жоқ. 
Мен сияқты пақырға, 
Келместен қысым еттіңіз, 
Осы ісіңнің жөні жоқ.
Сарыала тұйғын сен едің, 
Сарыала тышқан мен едім. 
Сүйенішім де сен едің, 
Алтын бұтақ терегім. 
Бақтыбай Жолбарысұлы

79
Аруақ болсаң жебегін, 
Пайғамбар болсаң демегін, 
Келместен неге жылады,
Мендей пақыр көдегің? 
Өзіңе келдім, хан Тезек, 
Артық-ауыс не дедім? 
Жазығым жоқ болса да, 
Қорқыттың, хан Тезегім.
Жас та болсам мейман деп, 
Қарсы алады деп едім. 
Сары ала тұйғын сен едің, 
Сары ала тышқан мен едім. 
Тышқанға көзін салғандай, 
Қарғалық заңың бар ма еді?
Сонда Тезек төре:
– Бақтыбай, сен ақын екенсің. Ақындығыңа көзім жет-
ті, маған берген бағаң кем емес, орынды-ақ. Ал енді мынау 
ақ Дəнекер Жарлықамыс деген сорлының əйелі еді. Сұлу-
лығына  мен  қызығып,  менің  хандығыма  бұл  қызығып, 
ақыры күшпен тартып əкетіп едім. Мақташы! – деді бұй-
ыра сөйлеп.
Бақтыбай:
– Мақтасам мақтайын, – деді. Сонда Қожбамбет би:
–  Сен  бала  да  болсаң,  Ескелді  бидің  тұқымы  екен-
сің.  Өтірік  айтпа,  шындықты  айт.  Өтірік  сөз  құлаққа 
жақпайды, арнасы жоқ жерден су ақпайды. Кейбір ақын 
қорқып,  өтірік  мақтайды.  Өтірік  айтпай,  шындықты  айт 
əрқашан,  құдай  жаныңды  сақтайды.  Өмір  шындыққа 
тоқтайды! – дейді.
Сонда Бақтыбай кейін шегініңкіреп отырып:
– Би-еке, шындықты айт дедіңіз, солай болсын, өтірік 
айтпайын, шындықты айтайын, – деп ағылтып кетеді.
Бақтыбай Жолбарысұлы

80
Бақтыбай:
 – Қожеке, мен де кеттім шындығыңа, 
Шынды айт деп бұйрық еттің мұңдығыңа.
Сорланып шындық сөзді айтамын деп,
Қалмайын бас алам деген сұмдығыңа.
Айналайын алда жар,
Сөзіме құлақ салыңыз. 
Сөзіңіз əділ ханымыз, 
Халқыңа болдың тиянақ, 
Шығарған əділ заңыңыз, 
Сіз – ақсұңқар, мен – торғай, 
Қолыңда тұр ғой жанымыз. 
Сіздікі ғой, тақсыр-ау, 
Жинап жүрген малымыз, 
Жарайтын сұлу жарымыз. 
Адам түгіл уатар, 
Қара тасты зəріңіз. 
Ауызыңызға қарадық, 
Абақ, Тарақ бəріміз. 
Күшігін жеген қасқырдай, 
Пақырға жетер əліңіз. 
Үйірінен айырылып, 
Мəңгіріп жүр кəріңіз. 
Кəрілерді қаңғыртып, 
Жарасып отыр жайыңыз.
Қыранды қыран демес ізден шыққан,
«Жақсы сөз – жарым ырыс» сізден шыққан.
Өлсем де Дəнекерді мақтамаймын, 
Дəнекер белгілі ғой бізден шыққан.
Дəнекер сіздікі емес, біздің қатын, 
Тартып ап қатын қылдың білмей затын. 
Төркіні Дəнекердің қоқандықтар, 
Қоқанның қайын қылғың тəжік, сартын.
Бақтыбай Жолбарысұлы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет