Бастауыш мектептегі тәрбие саласынан нормативті құжаттарды талдау әдістемесі


Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің, дамуының жалпы жүйесіндегі оның ерекшеліктері мен міндеттері, қызметтері



жүктеу 17.86 Kb.
бет5/6
Дата08.02.2022
өлшемі17.86 Kb.
#17062
1   2   3   4   5   6
нормативтік құжаттар 2
Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің, дамуының жалпы жүйесіндегі оның ерекшеліктері мен міндеттері, қызметтері.

Тәрбиеші міндеті тәрбиелік ықпалдардың баршасын өз мойнына артып, үдеріс басшылығын жеке өз қолына топтастыру емес. Керісінше, педагог іс-әрекеті неғұрлым демократизм мен шығармашылық еркіндікке негізделсе, оның ұйымдастыру және бағыттау күш-қуаты да әсерлі келеді. Үдеріске байланыс-ты шарттар мен жағдайлар ескерілсе, өз әрекеттерінің сал-дарын мұқият талдап, одан дұрыс қорытынды шығара алса, тәрбиеші қызметі әрқашан табысқа кенеледі.Оқу-тәрбие аймағындағы қайта құрулар, демократияластыру мен гуманизациялау идеялары мектеп өмірінен шынайы орын тауып, қарапайым адамилық сезімдердің - балаға қамқорлық, сүйіспеншілік пен мейірімділік - үстем болған күнінде ғана іске асуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңдағы тәрбиеші алдында тұрған аса маңызды міндет-тәрбиеленушіні педагогикалық ықпалдарды шын көңілімен қабылдауға ойыстыру. Педагогикалық бағыттау өте әдіпті, жайбарақат, елеу-сіз, мүмкіндігінше баладан жәсырын жүргізілгені жөн. Бала тәрбиесіне төнген тоқпақ болмай, оған достық ниет, лебіз біл-діре тәрбиелеу қажет.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болуы-жас ұрпақтар тәрбие мәселелерін жаңаша ойлап жаңаша құруды талап етеді. Яки тәрбиенің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңашалау қажеттігі туып отыр.Тәрбие мазмұны бойынша халықтың ғасырлар бойы жинақталған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтарға беру, оның жас ұрпақтарға, қоғамға қажеттігін ескеру болып отыр.


жүктеу 17.86 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет