Бастауыш мектептегі тәрбие саласынан нормативті құжаттарды талдау әдістемесі


Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты -



жүктеу 17.86 Kb.
бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі17.86 Kb.
#17062
1   2   3   4   5   6
нормативтік құжаттар 2
Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты - оның үздіксіздігіндеМектеп тәрбиесі -тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бірі екіншісімен ұштасып, жүйеге келтірілген өзара ықпалды қатынас әрекеттері. Егер тәрбие үдерісі үзіліске түссе, науқандыққа негізделсе, тұрақталып келе жатқан әдеттерді бекіту орнына, бала санасында қайта-қайта жаңа "жолдар" қалыптастыруға мәжбүр боламыз.

Тәрбие үдерісі - кешендіяғни бұл сипат тәрбиенің мақсат, міндет, мазмұн, форма мен әдістердің ажыралмас бірлігін аңдатады, оның тұлға қалыптасуының біртұтастығы идеясына бағыныштылығын білдіреді. Тұлға сапа-қасиеттері өзара бөлектенбей, бірлікте, бірігімді, бір уақытта кемелденіп жата-ды, осыдан оған бағытталған педагогикалық ықпалдар да ке-шенді сипатта болуы қажет. Айырым жағдайларда тәрбиеші талап деңгейіне сәйкес болмай жатқан тұлға қасиетіне көбірек назар салғаны жөн. Мысалы, бастауыш сынып оқушысында зейінділік,   шыдамдылық,   байқағыштық  ж.т.с.с.   қасиеттерді қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Тәрбиенің кешенділік сипаты бірқанша маңызды педагогикалық талаптар орындау-ды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы ықпалдасты әрекеттерді мұқият таңдап, ұйымдастыруды қажет етеді.Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі - тәрбиеленушінің даралығы, әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі, тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де - тәрбие барысы мен нәтижеге күшті әсерін тигізеді.

Тәрбие екі тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы үдерістің екі бағытта бірдей - тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байла-ныс) қарай жүруінде. Үдерісті басқару, негізінен, кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады. Кері байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті болады.Тәрбие үдерісі қарама-қарсылықты керек етеді. Осыдан тәрбие диалектикасы (дамуы) ішкі және сыртқы қайшылықтармен анықталады. Осы қайшылықтар тәрбие үдерісінің үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді. Тұлға қалыптасуының барша сатысында көрінетін ішкі қайшылықтар жаңа қасиеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтардан туындайды. "Білемін" және "білмеймін", "бар" және "жоқ" араларындағы сәйкессіздік баланы белсенді іс-әрекет орындауға, тәжірибе өрістетуге, жаңа білімдер мен қылық-әрекет формаларын игеруге, қалыпты талаптар мен ережелерді тануға ынталандырады. Тәрбие қызметі - тұлға қалыптасуын дұрыс бағытқа түсіру, ал бұл тәрбиеленушілерге қозғау салатын күштерді, олардың қажеттерін, сеп-түрткілерін, өмірлікжоспарлары мен құндылықты бағыт-бағдарларын терең білуге тәуелді.Тәрбие үдерісінің бағыты мен нәтижесіне сыртқы қарама-қарсылықтар да күшті ықпал жасайды. Мысалы, мектеп пен отбасы, педагог пен ата-аналар арасындағы келіспеушіліктер осы сыртқы қайшылықтардың нақты дәлелі. Тәрбие барысында кезігетін көптеген қиыншылықтар астарында халықтың "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" дегеніндей, адам аузынан шыққан лебіз бен оныңжасаған қылығыныңжарасым-ды болмауы жатыр.


жүктеу 17.86 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет