Тәрбие үдерісі - көп жағдаятты,оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды.Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженіңнақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы(динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.