«Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының тарихы» пәнінен



жүктеу 2.94 Kb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата06.05.2017
өлшемі2.94 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдістемелік нұсқаулар 
Әдістемелік-математикалық  білімдер  құрылымындағы  халық 
педагогикасының  мазмұнына  жалпы  сипаттама  барысында  халық 
педагогикасының мазмұнына көңіл бөлу қажет. 
Математиканы  оқытудағы  қазақ  халық  педагогикасының 
мүмкіндіктерін 
ашып 
көрсетуде 
Қ.А.Сарбасованың, 
Г.Н.Жолтаеваның зерттеулеріне сүйену керек. 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,26,31,33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 
 
№4  семинардың  тақырыбы:  Қазақстандағы  әдістемелік- 
математикалық ғылымының қалыптасуы (1914-1930 ж.ж.)
 
Сұрақтар 
1. Қазақстанда жаңа әдісті мектептерде математиканың оқыту 
2.  Мұсылмандық  мектептерде  бастауыш  математикалық  білім 
беру ісіндегі реформа 

 
120 
 
 
3.  Қазақ  тіліндегі  тұңғыш  математика  оқулығы  -  М.Дулатұлы 
«Есеп құралы». 
Тапсырмалар 
1.  Қазақстанда  жаңа  әдісті  мектептерде  математиканың  оқыту 
әдістемесін ашып көрсетіңіз. 
2.  Мұсылмандық  мектептерде  бастауыш  математикалық  білім 
беру ісіндегі реформасына сипаттама беріңіз. 
Әдістемелік нұсқаулар 
Қазақстанда  жаңа  әдісті  және  мұсылмандық  мектептерде 
математиканың  оқыту  әдістемесін  ашып  көрсетуде  бастауыш 
математикалық  білім  мазмұнын  айқындау,  яғни  төл  оқу 
бағдарламалары  және  төл  оқулықтарының  мазмұнына  талдау  жасау 
керек. 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,26,31,33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4, 
 
№5 
семинардың 
тақырыбы: 
Бастауыш 
мектепте 
математиканы  оқыту  теориясы  мен  тәжірибесінің  дамуы  (1930-
1960 ж.ж.)
 
Сұрақтар 
1.  Кеңес    бастауыш    мектебінде  1930-1960  ж.ж.  математиканы  
оқытудың теориясы мен тәжірибесі. 
2.    Қазақ  бастауыш  мектебінде  1930-1960  ж.ж.  математика  
оқыту  әдістемесінің дамуы    
Тапсырмалар 
1.
 
Кеңес  бастауыш  мектебінде  1930-1960 ж.ж . математиканы  
оқытудың   теориясы мен  тәжірибесіне талдау жасаңыз. 
2.
 
 Қазақ    бастауыш    мектебінде    1930-1960  ж.ж  .  математика  
оқыту  әдістемесінің дамуын бөліп көрсетіңіз.   
Әдістемелік нұсқаулар 
Кеңес    бастауыш    мектебінде  1930-1960  ж.ж.  математиканы  
оқытудың теориясы мен тәжірибесін талдауда және қазақ  бастауыш  
мектебінде  1930-1960 ж.ж . математика  оқыту  әдістемесінің дамуын 
бөліп көрсетуде керек. 
Бастауыш мектепте маңызды шамаларды оқытудың міндеттерін 
бөліп  көрсетуде    мына  әдебиетті  оқып-үйреніп,  басшылыққа  алу 
керек:  Қосанов  Б.М.  Қазақстандағы  әдістемелік-математикалық  ой-
пікірдің қалыптасу тарихы - Алматы, 1999. 

 
121 
 
 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 
 
№6  семинардың  тақырыбы:  1960-1990  ж.ж.  кезеңіндегі 
бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістеменің дамуы 
Сұрақтар 
1.  Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  әдістемесімен 
байланысты эксперименттік зерттеулер 
2. Үш жылдық бастауыш мектепте математиканы оқыту 
3.  Төрт  жылдық  бастауыш  мектеп  және  онда  математиканы 
оқыту 
Тапсырмалар 
1.  Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  әдістемесімен 
байланысты эксперименттік зерттеулерге сипаттама беру 
2.  Үш  және  төрт  жылдық  бастауыш  мектепте  математиканы 
оқыту әдістемесін ашып көрсету. 
Әдістемелік нұсқаулар 
Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  әдістемесімен 
байланысты  Л.В.Занковтың,  С.Н.Лысенкованың,  П.М.Эрдниевтің  
эксперименттік зерттеулеріне сипаттама жасау керек. 
Үш  және  төрт  жылдық  бастауыш  мектепке  арналған 
математикадан оқу бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасау 
керек.     
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,15,17,18,19,20, 33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5 
 
№7  семинардың  тақырыбы:  Тәуелсіз  Қазақстандағы 
бастауыш  мектепте  математикалық  білім  берудің  ұлттық 
мазмұны  және  әдістемелік-математикалық  ғылым  дамуынын 
негізгі бағыттары
 
Сұрақтар 
1. Жаңа   буын  математика  оқулықтарының  ерекшеліктері 
2. Қазақстандағы  әдістемелік- математикалық  ғылымының  одан  
әрі  дамуының  негізгі  бағыттары. 
 
Тапсырмалар 
1.  Жаңа      буын    математика    оқулықтарының    ерекшеліктерін 
анықтаңыз. 

 
122 
 
 
2.  Бастауыш    мектепте  математиканы    оқыту    әдістемесінің  
жақын  және  алыс  шетелдердегі  дамуының  қазіргі  жағдайына 
жалпы сипаттама беріңіз. 
Әдістемелік нұсқаулар 
Жаңа      буын    математика    оқулықтарының    ерекшеліктерін 
бастауыш  сыныптарға  арналған  математика  пәнінің  оқу-әдістемелік 
кешенін талдау негізінде анықтауға болады. 
Бастауыш  мектепте математиканы  оқыту  әдістемесінің  жақын  
және    алыс    шетелдердегі    дамуының    қазіргі    жағдайына  тақырып 
бойынша  ғылыми  мақалаларға  сүйене  отырып,  сипаттама  беруге 
болады.  
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,20, 33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4 
 
2.4 Лабораториялық сабақтардың жоспары – оқу жоспарында 
қарастырылмаған 
 
2.5 
Студенттердің 
оқытушының 
жетекшілігімен 
орындалатын 
өзіндік 
жұмыстары 
бойынша 
өткізілетін 
сабақтардың жоспары 
 
№1  СОӨЖ  тақырыбы:  «Бастауыш  мектепте  математиканы 
оқыту  технологиясының  тарихы»  курсының  пәні,  міндеттері  мен 
мазмұны  
Тапсырмалар 
1.  «Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  технологиясының 
тарихы» курсының негізгі міндеттерін анықтап, мазмұнын ашып 
көрсетіңіз. Оның схема түрінде сиапттамасын беріңіз. 
2.  Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  тарихының  басқа 
ғылымдармен  байланысын  анықтап,  оны  схема  түрінде 
көрсетіңіз. 
 СОӨЖ өткізу түрі: топтық жұмыс, кеңес беру 
Тапсырмаларды  орындау  бойынша  әдістемелік  нұсқаулар 
«Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының тарихы» 
курсының  міндеттері  мен  мазмұнын  осы  салада  жүргізілген 
зерттеулерге,  оқу  құралдары  мен  әдістемелік  әдебиеттерге  сүйене 
отырып, анықтауға болады. 

 
123 
 
 
Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  тарихының  басқа 
ғылымдармен  байланысын  ашып  көрсетуде  әрбір  ғылым  саласының 
заңдылықтарына тоқтала отырып, математиканы оқыту әдістемесімен 
ортақ проблемаларына көңіл аударған жөн. 
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3, 4, 14, 17,22 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 
 
№2 
СОӨЖ 
тақырыбы: 
Әдістемелік-математикалық 
ғылымның қалыптасуы 
Тапсырмалар 
1. 
«Түркі 
халықтарында 
математиканың 
бастапқы 
мағлұматтары»  тақырыбына баяндама дайындаңыз.  
2.  Ортаазиялық  және  Қазақстан  ғалымдарының  әдістемелік 
математикалық қөзқарастарын кесте түрінде өрнектеңіз. 
СОӨЖ өткізу түрі: проблемалық семинар 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
1.
 
«Түркі 
халықтарында 
математиканың 
бастапқы 
мағлұматтары»    тақырыбына  баяндама  жасау  үшін  түркі 
ескерткіштеріндегі жазбаларға талдау негізінде анықтау қажет.  
2.
 
Ортаазиялық  және  Қазақстан  ғалымдарының  әдістемелік 
математикалық  қөзқарастарын  талдау  негізінде  кесте  түрінде 
өрнектеуге болады. 
Негізгі әдебиеттер: 1, 2 
 
№3 
СОӨЖ 
тақырыбы: 
Әдістемелік-математикалық 
білімдер құрылымындағы қазақ халық педагогикасының орны  
Тапсырмалар 
1. Әдістемелік-математикалық білімдер құрылымындағы қазақ халық 
педагогикасының орнын ашып көрсетіңіз. 
2. Халық педагогикасын пайдаланудың үлгісін көрсетіңіз. 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
1-тапсырманы 
орындау 
барысында 
Қ.Нұрсұлатновтың 
Б.М.Қосановтың еңбектерін негізге алу қажет. 
2-тапсырманы  орындау  барысында  мерзімді  басылымдардағы 
мұғалімдер тәжірибесін пайдалану қажет. 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,26,31,33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,7 
 

 
124 
 
 
№4  СОӨЖ  тақырыбы:  Математиканың      негізгі  
ұғымдарының  қалыптасуы 
Тапсырмалар 
1.  Арифметиканың  бастапқы  да  негізгі  ұғымдары  сипаттама 
беріңіз. 
2.  Геометрия  ғылымының  негізгі  ұғымының  мәнін  ашып 
көрсетіңіз.   
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
Карл  Гаусс  математиканың  сан  салаларын  сарапқа  сала  келіп  
арифметиканы    математика    патшасы    деп    бағалаған.  Ал  
арифметиканың   негізгі  ұғымы -  сан. Ендеше,  сол  сан  ұғымының  
қалай    пайда    болуын    ашу,  білу-  ғылыми    методологиялық    үлкен  
проблема. 
Сан  ұғымы  баяу  дамыды,  сандар шекарасы  біртіндеп  кеңіді. 
Тілінде    тек    бір  мен    екі    сандары    ғана    бар    жабайы    тайпалар  
қазірдің  өзінде  ішінара  кездесіп  қалады. Әлгінде  айтылған  Торрес  
бұғазының    тайпалары  1-ді    урапун,  2-ні    оказа    т.б.      Осындай  
сандардың  белгілі  бір  шекарасы  баяғыда  әр  халықта  да болған. 
Қорыта    келгенде,    арифметиканың    бастапқы    да    негізгі  
ұғымдары  мен  әдістері  тікелей  өмір  талабынан  туындаған. 
Теріс    сандар,    иррационал    сандар,    комплекс    және  
гиперкомплекс    сандар    ұғымдарының    шығуы    сан    ұғымының  
дамуының    заңды    жалғасы    іспетті.  Алайда    бұл    сандарды  
математиканың   ішкі  даму  талабы  туғызды, ал   олардың  ақылға  
қонымдылығы  іс  жүзінде  сыналып  айқындалды. 
Геометрия    ғылымының      негізгі      ұғымы    болып    саналатын  
фигуралар  ұғымдарының  қалыптасуы  да  арифметика  негіздерінің  
шығу  төркініне  ұқсас. 
Геометрия  да    арифметика    сияқты    адамдардың    табиғатпен  
үздіксіз  қарым- қатынасы  нәтижесінде  пайда  болған. Бұл  бақылау  
саналы  түрде  жүрмеген  және  өте  ұзаққа  созылған. 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,26,31,33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 
 
№5 СОӨЖ тақырыбы: Архимед  және  математика 
Тапсырмалар 
1.
 
Архимедтің туылған жеріне сипаттама беріңіз. 
2.
 
Архимедтің бізге жеткен негізгі еңбектері атаңыз. 

 
125 
 
 
3.
 
Архимедтің математика мұраларына сипаттама беріңіз. 
СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жұмыс 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
Архимед  (б.з.д  287  –212  ж  )  Сицилия  аралының  оңтүстік 
жағалауына орналасқан Сиракуз қаласында туған. Сондықтан да кей-
де  оны  сиракуздық  Архимед  деп  те  атайды.  Әкесі  Фидий  астроном 
әрі математик болған. Архимедтің жастық шағы Александрияда өтті. 
Мұнда  ол  көрнекті  математиктерден  дәріс  алды.  Кейін  Сиракузға 
қайтып  келгеннен  соң  да  ол  математиктермен  хат  арқылы  үздіксіз  
байланыс  жасап  тұрды.  Архимедтің  біраз  еңбектері  өз  әріптестеріне 
жазған хат түрінде сақталған. Ол өмірінің соңғы кезін туған қаласын 
римдіктерден  қорғауға  жұмсады,  оған  белсене  қатысады,  күрделі 
техникалық  құрылыстарға,  соғыс  қару  –жарағын  жасауға  басшылық 
етеді.  Жау  жағының  күші  басым  болғандықтан  да  сиракуздықтар 
оған төтеп бере алмады, осы соғыста Архимед өледі, кітапханасы мен 
аспап – құралдары талам таражға түседі.  
Архимедтің  бізге  жеткен  негізгі  еңбектері:  «Параболаны 
квадраттау»,  «Шар  және  цилиндр  туралы»,  «Спиральдар  туралы», 
«Коноидтар мен сфероидтар туралы», «Жазық фигуралардың теңбе - 
теңдігі»,  «Әдіс»,  «Дөңгелекті  өлшеу»,  «Жүзетін  денелер  туралы», 
«Псаммит немесе құм қиыршықтарын санау» т.б. 
Архимедтің  математикалық  мұралары  2000  жыл  бойы 
ұмытылмайжаратылыстану  ғылымдары  мен  техника  талабына  сай  
дамытып  келді.  Осының  нәтижесінде  Х  VІІ  ғасырда  жоғары 
математиканың басты тараулары болып саналатын дифференциалдық 
және  интегралдық  есептеулер  пайда  болды.  Жоғары  математиканың 
іргетасын  қалаушылардың  бірі  көрнекті  математик  және  философ 
Лейбниц Архимедтің ұлылығын бір ауыз сөзбен былай бейнелейді: “ 
Архимедтің 
еңбектерін 
байыптап 
оқысаң, 
жаңа 
заманғы 
математиктердің ашқан жаңалықтарына таң қалуды қоясың”. 
 Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,26,31,33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5 
 
№6  СОӨЖ  тақырыбы:  Бағдат    ғылыми    мектебі.  әл-
Хорезми. 
Тапсырмалар 
1.
 
Бағдат ғылыми мектебіне сипаттама беріңіз. 

 
126 
 
 
2.
 
Бағдат  обсерваториясының  атқарған  қызметін  ашып 
көрсетіңіз. 
3.
 
әл –Хорезми еңбектеріне сипаттама беріңіз. 
СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жұмыс 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
Ежелгі  гректердің  де,  сол  сияқты  ертедегі  Шығыс  елдерінің 
мәдениетімен  ғылымының  мұрагерлері  біздің  заманымыздың  VІІ  – 
VІІІ  ғасырларында  араб  халифатында  біріктірілген  Шығыс  елдері 
болды. Бұларға негізінен қазіргі Орта Азия, Иран, Ирак, Сирия және 
Мысыр территориясын мекендеген жұрттар жатады.  
VІІ ғасырдың бас кезінде жаңа мұсылман дінін таратуды сылтау 
етіп,  бір  қолына  құранын,  екіншісіне  қылышын  ұстаған  арабтар  бір 
жарым  ғасыр  шамасында  солтүстік  батыс  Үндістанды,  Парсыны, 
Орта Азияны, Мысырды, Сирияны, Африканың солтүстік жағалауын, 
Приней  түбегін  т.б.  жерлерді  жаулап  алды.  Осы  негізде  үлкен 
мемлекет  –  халифат  құрылады.  Халифаттың  орталығы  әуелі  Мекке 
қаласы  болып,  сонан  соң  одан  Дамаскіге,  кейіннен  Бағдатқа 
көшіріледі.  
Ғылым мен мәдениет Батысқа құлдилап, ортағасырлық тұйыққа 
тірелген  кезде,  Шығыс  елдерінде,  әсіресе  Орта  Азияда  келешек 
ұрпаққа  деген  ғылымның  шам  шырағын  тұтатқан  ірі  ғалымдар  өмір 
сүрді. 
Біз  Бағдат  обсерваториясы  мен  «аналық  үйінің»  ғылыми 
жұмыстарының  басты  ұйытқысы  Орта  Азия  мен  Қазақстаннан 
шыққан  ғалымдар  болғанын  үлкен  мақтанышпен  айтамыз.  Олардың 
ішінде  Мұхаммед  әл–Хорезми  (  Хорезмнен  шыққан),  Ахмед  әл  –
Ферғани  (  Ферғанадан  шыққан),  Ғаббас  әл  Жауһари  (Отырар 
маңындағы  Гауһар  мекенінен  шыққан  ),  Ахмед  әл  –  Мервази  ( 
Мервтен шыққан) және басқалары.  
әл–Хорезми  математика  және  астрономия  салалары  бойынша 
бірсыпыра құнды еңбектер қалдырған. Олардың ішінде ең бастысы “ 
Китаб  әл  –Мұхтасар  фи  Хисаб-әл  джебр  вәл  мукабала”.  Бұл  – 
математика  тарихында  алгебра  мәселесіне  арналған  ең  тұңғыш 
шығарма,  бұған  дейін  алгебралық  мағлұматтар  арифметикалық 
еңбектерде  баяндалатын.  Сондықтанда  әл  –  Хорезмиді  кейде  “ 
алгебра  атасы  ”  депте  атайды.  Кітап  атауындағы  “  әл  –  жебр  ”  сөзі 
кейіннен  Европада  бұрмаланып  “  алгебра  ”  терминіне  айналып 
кеткен.  

 
127 
 
 
Мұхаммед  әл–Хорезмидің    математика  тарихында  үлкен  мәні 
болған арифметикалық трактаты “ Үнді  есебі ” ( “ Хисаб хинди”) деп 
аталады.    Бұл  кітаптың  араб  тіліндегі  түпнұсқасы  сақталмай,  бізге 
ХІV ғасырдағы латынша аудармысы ғана жеткен.   
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,26,31,33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 
 
№7  СОӨЖ  тақырыбы:  әл-Фараби    және      математиканы  
философиялық  негіздеу  мәселелері 
Тапсырмалар 
1.  әл-Фарабидің  толық  аты-жөні,  туған  жері  және  өмір  сүрген 
дәуірі туралы дерекнама құрастырыңыз. 
2.  әл-Фарабидің  туған  жері  Отырардан  шыққан  ғұламалар 
(Ғаббас  Жаухари,  Ысқақ  Фараби,  Ысмаил  Жаухари,  т.б.)  туралы 
мағлұмат дайындаңыз. 
3. 
«әл-Фарабидің  математика  ғылымына  қосқан  үлесі» 
тақырыбына ғылыми хабарлама жасаңыз. 
4.      әл-Фарабидің  өмірі,  дәуірі  және  математика  ғылымына 
қосқан үлесі туралы жазылған мақалаларға аннотация дайындаңыз. 
Әдістемелік  нұсқаулар:    Тапсырмаларды  орындау  барысында 
тақырып  бойынша  баспасөз  беттерінде  жарияланған  мақалалардың 
библиографиялық тізімін жасап алу керек және Интернет ресурстары 
бойынша  сұрау  жасау  арқылы  материалдар  жинақтап  алған  жөн. 
Мақалалар  мен  жинақталған  материалдар  бойынша  тапсырмаларды 
орындай  отырып,  ұсынылып  отырған  тақырыпты  еркін  меңгеру 
қажет. 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 
 
№8  СОӨЖ  тақырыбы:  Революцияға  дейінгі  қазақ 
мектептерінде математиканы оқыту 
Тапсырмалар 
1.  Революцияға  дейінгі  қазақ  мектептерінде  математиканы 
оқытудың мазмұнын ашып көрсетіңіз.  
2.  1850  жылы  Орынборда  ашылған  шекаралық  комиссия 
мектебінің математикадан бағдарламасына талдау жасаңыз. 
СОӨЖ өткізу түрі: топтық жұмыс 
 

 
128 
 
 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
Теориялық  материалды  ғылыми-педагогикалық  зерттеулерді 
оқып-үйрену  арқылы  терең  меңгеруге  қол  жеткізу  керек. 
Революцияға  дейінгі  қазақ  мектептерінде  математиканы  оқытудың 
мазмұнын 
 
ашып 
көрсетуде 
математикадан 
ұсынылған 
бағдарламаларға сүйену қажет. 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 
 
№9 
СОӨЖ 
тақырыбы: 
Қазақстандағы 
әдістемелік- 
математикалық ғылымының қалыптасуы (1914-1930 ж.ж.) 
Тапсырмалар 
1. Қазақ мектебі үшін бастауыш математикалық білім мазмұнын 
айқындау,  яғни  төл  оқу  бағдарламаларын  құрастыру  және  төл 
оқулықтар дайындау мәселелері  
2. Ана тіліндегі математикалық терминологияны қалыптастыру 
СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жұмыс 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
Қазақ  мектебі  үшін  бастауыш  математикалық  білім  мазмұнын 
айқындау,  яғни  төл  оқу  бағдарламаларын  құрастыру  және  төл 
оқулықтар дайындау мәселелері баяндаңыз.    
Ана тіліндегі математикалық терминдердің тізбесін жасаңыз.  
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,15,17,18,19,20, 33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,7 
 
№10  СОӨЖ  тақырыбы:  Ә.Қасымұлының  «Есеп  құралы» 
атты оқулығы 
Тапсырмалар 
1. «3-жылдық есеп құралының» мазмұнына сипаттама беріңіз.. 
2. «4-жылдық есеп құралының» мазмұнына талдау жасаңыз. 
 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
Ә.Қасымұлының  «Есеп  құралы»  атты  оқулығының  мазмұнына 
талдау үшін Б.М.Қосановтың еңбектерін терең оқып-үйрену арқылы 
оның мазмұнын саналы түрде түсінуге қол жеткізу керек. 
СОӨЖ өткізу түрі: дербес жұмыс 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,20, 33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 

 
129 
 
 
№11 СОӨЖ тақырыбы: Қ.Жәленұлының  «Есептану  жобасы» 
бағдарламасы 
Тапсырмалар 
1.  Қ.Жәленұлының    «Есептану    жобасы»  бағдарламасының 
мазмұнына сипаттама беріңіз. 
2.  Қ.Жәленұлының    «Есептану    жобасы»  бағдарламасының 
мазмұнына талдау жасаңыз. 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
Қ.Жәленұлының    «Есептану    жобасы»  бағдарламасының 
мазмұнына  талдау  үшін  Б.М.Қосановтың  еңбектерін  терең  оқып-
үйрену  арқылы  оның  мазмұнын  саналы  түрде  түсінуге  қол  жеткізу 
керек. 
СОӨЖ өткізу түрі: дербес жұмыс 
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,20, 33 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 
 
№12 СОӨЖ тақырыбы: С.Қожанұлы  және  оның «Есептану  
құралы»
 
Тапсырмалар 
1.  С.Қожанұлының  бастауыш  матемтиканың  дамуына  қосқан 
үлесі. 
2.  С.Қожанұлы    «Есептану    құралының»  мазмұнына  талдау 
жасаңыз. 
СОӨЖ өткізу түрі: дербес жұмыс 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
С.Қожанұлы  «Есептану  құралы» атты оқулығының мазмұнына 
талдау үшін Б.М.Қосановтың еңбектерін терең оқып-үйрену арқылы 
оның мазмұнын саналы түрде түсінуге қол жеткізу керек. 
Негізгі әдебиеттер: 8,10,13,24,25 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 
 
№13 СОӨЖ тақырыбы: Бастауыш мектепте математиканы 
оқыту теориясы мен тәжірибесінің дамуы (1930-1960 ж.ж.)
 
Тапсырмалар 
1.  Кеңестер  Одағындағы бастауыш  мектеп жүйесіндегі  реформа 
және бастауыш мектепте математиканың оқыту әдістемесі дамуының 
негізіге бағыттарын айқындау 

 
130 
 
 
2. Бастауыш қазақ мектебінде математиканы оқыту әдістемесінің 
дамуына сипаттама беру  
СОӨЖ өткізу түрі: топтық жұмыс, ауызша сұрау 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар  
1-тапсырма 
бойынша 
 
Н.А.Менчинская, 
А.С.Пчелко, 
М.Н.Скаткин еңбектерін оқып үйрену керек.. 
2-тапсырма  бойынша    Г.Бегалиев,  А.Жаманұлы;  Ә.Ермекұлы 
еңбектерін оқып үйрену керек.. 
Негізгі әдебиеттер: 8,10,13,24,25 
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 
 
№14 СОӨЖ тақырыбы: 1960-1990 ж.ж. кезеңіндегі бастауыш 
мектепте математиканы оқыту әдістеменің дамуы 
Тапсырмалар 
1.  Ұлттық  мектептерге  арналған  бейімделген  математика 
оқулықтарына талдау. 
2.  Озат  мұғалімдердің  (Ш.Амонашвили,  С.Н.Лысенкова,  т.б.) 
тәжірибелерін талдау. 
СОӨЖ өткізу түрі: білік ойын 
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар 
Ұлттық 
мектептерге 
арналған 
бейімделген 
математика 
оқулықтарын, жинақталған материалдар бойынша озат мұғалімдердің 
(Ш.Амонашвили,  С.Н.Лысенкова,  т.б.)  тәжірибелерін  оқып-үйрену 
арқылы  тапсырмаларды  орындай  отырып,  ұсынылып  отырған 
тақырыпты еркін меңгеру қажет. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 2.94 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет