«Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының тарихы» пәнінен


Математиканы оқытудағы қазақ халық педагогикасының



жүктеу 2.94 Kb.
Pdf просмотр
бет3/9
Дата06.05.2017
өлшемі2.94 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Математиканы оқытудағы қазақ халық педагогикасының 
мүмкіндіктері 
Балаға  математиканы  оқытудағы  қазақ  халқының  іс-
тәжірибесінің  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  дамып  отыруына  қазақ 
этнопедагогикасы материалдары (халықтың ауызекі поэтикалық және 
музыкалық  шығармашылығы,  сәндік-қолданбалы  өнер)  айрықша 
роль  атқарды.  Олар  халықтық  педагогикада  математикалық  білім 
берудің  таптырмайтын  құралы,  әдіс-тәсілдері,  формалары  бола 
отырып,  балаларға  математикалық  білім  беруге,  олардың  бойында 
білік,  дағды,  құнды  адамгершілік,  эстетикалық  қасиеттерді, 
танымдық  қабілеттерді  қалыптастыруға  мүмкіндік  берді.  Сондықтан 
олардың бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларына математиканы 
оқытудағы  маңыздылығы  мен  құндылығына  күмән  келтіруге 
болмайды. 
Ауызекі  поэтикалық  шығармашылықтың  өте  бай  үлгілерінің 
бәрі-ойындар    мен  ойын-өлеңдері  бастауыш  сынып  оқушыларына 
математиканы  оқытуда  маңызды  орын  алады.  Оларды  мазмұны  мен 
құрылымы  бойынша  екі  топқа  жіктеуге  болады:  сюжеттік-рольдік 
ойындар (саусақ санау ойындары, сан ішінде кім ұтты? т.б.), жаттығу 
ойындары (қаламақтар, санамақтар, жаңылтпаштар). 
Сюжеттік-рольдік  ойындар  сан  араласып  келетін  және  санауға 
негізделетін  шағын  сюжетке  құрылады,  оларда  рольдік  ойындардың 
барлық элементтері бар: сюжет, роль, ойын әрекеті, ойын ережесі. 
Қаламақ  жаттығу  ойындары  балаларды  анық  сөйлеуге 
дайындалдырады,  сандарды  дұрыс  айтуға  жаттықтырады,  көңіл  - 

 
32 
 
 
күйге  тез  әсер  етіп,  олардың  санау  қабілеттерін,  эстетикалық 
талғамын дамытады. 
Қазақ  халық  санамақтары  балаға  жақсы  таныс  қоршаған  дүние 
заттары  мен адамдар өмірінің  тыныс  тіршілігі  арқылы  өлеңмен   сан 
үйрету  тәсілі  іспеттес.  Санамақтардың  бұл  ерекшелігі  туралы 
орыстың  атақты  фольклоршысы  Г.С.Виноградов  былай  дейді: 
«Әдебиет  шығармаларының  қандай  түрінде  болмасын  сан  есімдер 
дәл  осындағыдай  мол  ұшыраспайды.  Есептік  және  реттік  сандар 
мұнда  өзінше  айшықталады  және  басқа  да  тілдік  материалдарымен 
қатар  көркем  шығарма  көлемінде  басқа  мәнге  ие  болады».  Бұл 
жанрдың санамақ деп аталуы да осыған байланысты, сондықтан оны 
математиканы  оқытудың  құралы  ретінде  пайдаланудың  маңызы  зор, 
олар  сан  ұғымын  саналы  түрде  түсінуді  жаңа  сатыға  көтереді,  он 
көлеміндегі  сандардың  нөмірленуін  игертуге  септігін  тигізеді, 
балаларда санның натурал  қатары жөнінде түсінікті  қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
Санамақтарды 
қолдану 
барысында 
оның 
мазмұнының 
түсініктілігін  қамтамасыз  ету  қажет.  Өйткені  «Ол  балаларға 
танымдық мағлұмат, тәлімдік ғибрат, эстетикалық ләззат сыйлаумен 
ғана  құнды  емес,  халық  тарихының,  тұрмыс-тіршілігінің, 
дүниетанымының  кезеңдік  ерекшеліктерінің  бедерін  танытумен  де 
бағалы».  
Балалар  ойынының  қызықты  да  пайдалы  түрлерінің  бірі-
жаңылтпаштар  тақырыпқа  өте  бай  және  мазмұн  жағынан  әр  алуан 
болып  келеді,  оларды  математиканы  оқытудың  дидактикалық 
мақсатына сәйкес төмендегідей топтарға жіктеуге болады:  
-заттарды салыстыруға үйрететін жаңылтпаштар: 
Ақ қақпақты көк қобди
Көк қақпақты ақ қобди. 
Ақ тай ақ па? 
Қара тай ақ па? 
-сандардың  атауларын  дұрыс,  анық  айтуға  жаттықтыратын 
жаңылтпаштар: 
Төсек үстінде төрт бөрік, 
Төртеуі де көк бөрік, 
Төртеуінде көк бөрік. т.б. 
Пеш ішінде-бес мысық, 
Пеш үстінде-бес мысық 

 
33 
 
 
Бес күзетші-бес мысық. 
-есептер  сипатында  тұжырымдалып,  есептеу  қабілеттерін 
жетілдіретін жаңылтпаштар: 
Үш кіші  ішік піштім, 
Бес кіші ішік піштім, 
Неше кіші ішік піштім? 
Қырық  үш  қызғыш  құсқа,  Қырық  үш қызғыш  құс  қосса,  қанша 
қызғыш құс болады? 
-шамалардың  өлшем  бірліктері  туралы  ұғым  қалыптастыратын 
жаңылтпаштар: 
Бес мыс теңте, 
Бес мыс теңте
Бес мың күміс теңте. 
Бір түп тұт, 
Бір тұп тұтта, 
Бір пұт тұт, т.б. 
Мұндай  жаңылтпаштар  математиканы  оқытуда  бала  тілін 
ширатудың  құралы  бола  отырып,  балаларға  ана  тілінің  бай  қорын 
игеруге,  таза,  майда,  анық,  көркем  сөйлеуге  көмектеседі,  сөзді 
қастерлеуге тәрбиелейді, сонымен бірге оларды айналасындағы әсем 
көріністермен  таныстырады,  сөздің  мағынасына,  мәнерлігіне  көңіл 
аударуға жетелейді.  
Жаңылтпаш  сөздері  ұйқасты,  қызықты  және  күлдіргі  болып 
келеді.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  жаттап  алуына,  есте 
сақтауына оңай да жеңіл, сондықтан оны жаттығу ойындары ретінде 
пайдаланудың мәні осында. 
Жалпы,  ойындарды  математиканы  оқытудың  құралы  не  әдіс-
тәсілі  ретінде  пайдаланудың  педагогикалық  мүмкіндіктерін  былай 
тұжырымдауға болады: 
-математикалық  білім,  білік,  дағдыны  қалыптастыруға  септігін 
тигізеді; 
-оқушылардың 
бойында 
адамгершілік 
ізгі 
қасиеттерді 
тәрбиелеуге ықпал етеді; 
-оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіреді; 
-халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат береді. 
Қазақ  халық  ойындарын  математиканы  оқыту  процесінде 
қолданғанда,  ойын  процесі  мен  оқу  процесінің  бір-бірінен 
ажырамағаны жөн. Оқушы ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді 

 
34 
 
 
игеріп жатқанын, ал оқу процесінде қалай ойынға араласып кеткенін 
аңғармауы  шарт.  Сонда  ғана  мұғалім  халық  ойындарын  оқу  іс-
әрекетімен  байланыстыра  алғандығын  байқатады  және  оқушыларда 
пәндік білім, білік, дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады.  
Математиканы  оîқытудың  әдістемелік  құралы  бола  алатын 
жұмбақтарды былай топтауға болады:  
-  қандай  да  бір    заттың  немесе  құбылыстың  саңдық  сипаттама-
сын тұспалдайтын жұмбақтар: “Бір түкті кілем, 
Бір түксіз кілем”  (аспан, жер), “Көп бауырсақ ішінде бір қалаш” 
(жұлдыздар  ішіндегі  ай),  “Ақ  үйдің  ішіндегі  бес  бала,  бесеуінің 
қолында  бес  айна”    (бес  саусақ,  бес  тырнақ)  т.с.с.  Бұлар  дүниедегі 
белгілі бір айқын сандық мәнге ие болатын табиғат құбылыстары мен 
адам жаратылыстарына балалардың назарын аудара отырып, сандық 
ұғымдарды  дәлелді  түрде  тұжырымдауға  мүмкіндік  туғызады. 
Мәселен,  1  санын  енгізу  барысында  ай,  күнге  т.с.с.  байланысты 
жұмбақтардың шешімін айтқыза отырып, дүниеде олардың біреу ғана 
болатыны, 
осыған 
сәйкес 
математикада 
бір 
деген 
сан 
қолданылатындығы өзара байланыста түсіндіріледі. Негізінен мұндай 
жұмбақтарды сан ұғымын қалыптастыруда қолдану өте тиімді; 
-зат 
немесе  құбылыс  бөліктерінің,  жаратылыс  иелері 
мүшелерінің  сандық  мәнін  тұспалдайтын  жұмбақтар:  “Алты  аяқты, 
төрт көзді, екі ауызды, бір сөзді; ынтымақ үшін ел кезді” (атқа мінген 
адам),  “Екі  құлақты,  он  екі  аяқты”  (домбыра)  т.с.с.  Мұндай 
жұмбақтардың  мақсаты  -  балаларды  қоршаған  дүние  заттары  мен 
құбылыстарында,  тіршілік  иелерінде  сандық  мәнге  ие  болатын 
“бөліктерді”  айқындауға  баули  отырып,  олардың  санау  қабілетін 
жетілдіру. Жұмбақтардың кейбіреулерін оқытудың танымдық құралы 
ретінде  пайдаланып,  балаларға  халқымыздың  тұрмыс-тіршілігі, 
кәсіби еңбегі, дүниетанымы  және табиғат құбылыстарының тылсым 
сырлары  жөнінде  терең  мағлұмат  беруге  болады.  Мәселен,  “Отыз 
омыртқа,  қырық  қабырға,  бәрін  ұстап  тұрған  ауыз  омыртқа”  (уық, 
кереге, шаңырақ), “Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене, кейде орта, кей-
де  толы  сары  тегене;  тұнық  пенен  лайдың арасынан,  бір  аққу  ұшып 
шықты  құсқа  төре”  (алты  қаз-Үркер,  жеті  үйрек-Жеті  қарақшы,  бір 
бөдене-Шолпан, аққу-күн) жұмбақтары мазмұнының танымдық мәні 
зор,  сондықтан  олардың  шешімін  табуға  емес,  мазмұнын  талдауға 
ерекше  көңіл  бөлінеді:  мұндағы  бірінші  жұмбақ  киіз  үйдің 
құрылысы,  жасалуы  туралы  түсінік  беруге  мүмкіндік  туғызады,  ал 

 
35 
 
 
екінші жұмбақ арқылы аспан әлемінің сыр-қырын ұғындыруға бола-
ды. 
Сан  ұғымын  қазақ  халқы  да  аса  қастерлеп,  дәріптеп  отырған, 
оған үлкен мән берген, мұның дәлелі - 3,7,9,40 сандары туралы халық 
санасында қалыптасқан, ой-пікірінде туған мақал-мәтелдер. Мәселен, 
“Бір  күндік  жолға  шықсаң,  үш  күндік  азық  ал”,  “Жеті  жұртың  тілін 
біл, жеті түрлі ілім біл”, “Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын 
жер”,  “Тойған  үйге  тоғыз  кел”,  “Білгенім-бір  тоғыз,  білмегенім-
тоқсан тоғыз”, “Жақсы әке - жаман балаға қырық жыл азық”, “Қырық 
кісі  бір  жақ,  қыңыр  кісі  бір  жақ”  деген  мақал-мәтелдер  осы 
сандардың  қазақтарда  қасиетті  сан  болғандығын  жеткізуді  аңғарта 
отырып,  балалардың  халықтық  салт-дәстүрлер,  наным-сенімдер  ту-
ралы  білімдерін  молайтады,  адамгершілік  асыл  қасиеттерінің  дұрыс 
қалыптасып, жетілуіне ықпал етеді. 
“Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды ”, “Ел құлағы-
елу  ”,  “Алпыс  қарсақ  ат  болмас  ”,  “Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай 
түйіні бар ” т.с.с. мақал-мәтелдерде халық даналығы жеке мен жалпы 
ұғымдарының  нақтылы    мәнін  тұжырымды  оймен  байланыстыра 
білген, мұнда отыз, елу, алпыс, тоқсан сандарының қолданылуы тегін 
емес.  Өйткені,  бұл  сандар  ондық  санау  жүйесінде  толық  ондықтар 
ретінде  ерекше  мәнге  ие  болып,  санаудың  негізін  құрайды. 
Ондықтарды  өту  барысында  осындай  мақал-мәтелдер  сан  мен  ой 
арасындағы байланысты ашып көрсетеді және ондықтардың жасалуы 
туралы түсінік береді. 
Разряд  бірліктерінің  (бірлік,  ондық,  жүздік,  мыңдық) 
арасындағы  қатынасты  тағайындаудың,  олардың  жасалуын  ашып 
көрсетудің  тиімді  әдістемелік  құралы  бола  алатын  мақал-мәтелдерді 
де  жиі  кездестіруге  болады.  Мәселен,  “Он  адам  жүрген  жерде  із 
қалады, жүз адам жүрген жерде соқпақ, мың адам жүрген жерде жол 
қалады”  деген  мақал-мәтелде  он-ізді,  жүз-соқпақты,  мың-жолды 
білдіреді,  яғни  ізден  соқпақ,  соқпақтан  жол  құралатыны  сияқты, 
ондықтардан  жүздіктер,  жүздіктерден  мыңдықтар  жасалатынын 
түсіндірген жөн. “Алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал алды-
нан шығады”, “Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес”, “Жүзден 
жүйрік,  мыңнан  тұлпар”  деген  мақал-мәтелдерді  разряд  ұғымын 
қалыптастыруда  қолдануға  болады.  Сондай-ақ,  “Мың  малың 
болғанша,  бір  балаң  ғалым  болсын”,  “Ер  бір  өледі,  ез  мың  өледі”, 
“Шын-бір  сөз,  өтірік-мың  сөз”,  т.с.с.  мақал-мәтелдер  1  мен  1000 

 
36 
 
 
сандарының арасындағы байланысты, яғни мынның негізін бірліктер 
құрайтынын  түсіндіруге  мүмкіншілік  туғызып,  халқымыздың  сан 
ұғымы туралы терең мағлұматтарын балаларға жеткізудің дәлелі бола 
алады. “Жүзден-біреу шешен, мыңнан біреу-көсем”, “Жүзден жүйрік, 
мыңнан тұлпар”, “Дұшпаннан бір сақтан, жаман достан мың сақтан”, 
т.с.с.  мақал-мәтелдерді  бір,  жүз,  мың  саңдарының  мөлшерлік  айыр-
масын көрсетуге қолданған жөн. 
Мақал-мәтелдердің  ішінде  шамалар  және  олардың  өлшем 
бірліктері туралы білімді қалыптастыруда ерекше мәнге ие болатын-
дары  да  бар.  Мәселен,  “Ауру  батпандап  кіріп,  мысқалдап  шығады”, 
“Теңге  тиыннан  өсер,  жылқы  құлыннан  өсер”,  “Теңге  тиыннан, 
ынтымақ  ұйымнан”,  т.б.  мақал-мәтелдер  батпан  мен  мысқал,  теңге 
мен тиын өлшем бірліктерінің өзара байланысын білдіреді. 
Мақал-мәтелдерге  жасаған  осы  қысқаша  шолудың  өзінен-ақ 
балаға  математикалық  білімді  меңгертуге  байланысты  қазақтың 
халық даналығынын қаншалықты бай екенін көруге болады. 
Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  процесінде  мақал-
мәтелдермен жұмыс істеу жоспарын былай беруге болады: 
1)
 
мақал-мәтелдің мәтінін хабарлау; 
2)
 
мақал-мәтелдің мәтінін талдау; 
3)
 
мақал-мәтелдің мазмұнын математикалық тұрғыдан талдау. 
Мақал-мәтелдерді  пайдаланудың  педагогикалық  мүмкіндіктері: 
бастауыш  сынып  оқушыларына  терең  білім  береді,  оларды  көркем 
және  сауатты  сөйлеуге  жаттықтырады,  сөйлеу  мәдениетін 
қалыптастырады,  сөздік  қорын,  ақыл-парасатын  дамыта  түседі, 
рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениеті  жоғары  қоғамның  саналы 
азаматы  болуға  тәрбиелейді  және  келешек  өміріне  жол  сілтейді, 
бағыт-бағдар береді. 
Балалардың  математикалық  білімдерін  дамыта  түсуде  қазақ 
халқының  жұмбақ  айтысы  мен  шешендік  сөздерінің  алатын  орны 
ерекше.  Олар  ақындық  және  шешендікпен  қатар  білгірлікті, 
тапқырлықты, математикалық көрегендікті талап етеді. 
Сыныптан  тыс  жұмыстарда,  үйірме  отырыстарында  осындай 
шешендік  толғауларды  талдау,  терең  ойдың,  аталы  сөздің  астарын 
ұғындыру  балалардың  бойында  адамгершілік  ізгі  қасиеттерді 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Халық  ауызекі  шығармашылығының  аса  бір  қызықты  саласы  - 
қазақ  халқының  ауызша  есептері  бастауыш  мектепте  математиканы 

 
37 
 
 
оқытудың  қажетті,  әрі  мазмұнды  құралы  болып  табылады.  Оларда 
халықтың әр дәуірдегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, кәсіби еңбегі, 
дүниетанымы,  болашаққа  деген  сенімі,  есепке  жүйріктігі,  ақыл-
ойының  ұшқырлығы  айқын  бейнеленген.  Ауызша  есептер  аса 
қарапайымдылығымен,  логикалық  шымырлығымен,  математикалық 
ойды  өмірмен  байланыстыру  шеберлігімен,  қысқа  да бейнелі  тілінің 
түсініктілігімен ерекшеленіп тұрады. 
Қысқа  да,  тұжырымды  қазақ  халқының  ауызша  есептері 
балалардың  дүниетанымын  байытады,  есепке  деген  құштарлығын 
арттырады,  танымдық  қабілеттерін  дамытады,  ой-өрісін  кеңейтеді. 
Әртүрлі  тақырыптағы  есептер  арқылы  оқушы  халықтың  тұрмыс-
тіршілігінен,  іс-тәжірибесінен    нақты  түсінік  алып,  халқымыздың 
кәсіби  еңбегімен  танысады.  Мұның  өзі  олардың  еңбекке 
бейімділіктерін, халықтық дәстүрге сыйлы қатынасын тәрбиелейді. 
Есептерді 
математикалық 
сайыстарда 
және 
үйірме 
отырыстарында пайдалануға болады. 
Ұрпақтан  ұрпаққа  мирас  болып  келе  жатқан  халық 
музыкасының да  бастауыш мектепте математиканы оқытуда алатын 
орны ерекше. 
Халық  әндері  өзінің  қарапайымдылығымен,  әсем  әуезділігімен 
табиғаттың,  өмірдің,  тұрмыстың  сан  қилы  құбылыстарына 
музыкалық  үн  қосумен,  тамаша  поэтикалық  тұлғасымен  және  бай 
мазмұнымен  оқушылардың  ақыл-ойы  мен  сезіміне  әсер  етіп, 
музыкалық есту және есте сақтау қабілеттерін дамытуға, эстетикалық 
талғамдарын,  адамгершілік  қасиеттерін,  шығармашылық  өнерлерін 
қалыптастыруға,  танымдық  белсенділіктерін  арттыруға,  көңіл-
күйлерін сергітуге мүмкіндік береді. 
Бастауыш сынып оқушыларына геометриялық фигуралар туралы 
түсінік  беруде  сәндік-қолданбалы  өнер  материалдары  оқытудың 
негізгі құралы бола алады, өйткені халық шеберлері өздерінің барлық 
қиялын,  өмірден  жинаған  бай  тәжірибесін,  терең  білімін 
геометриялық  ою-өрнектер  арқылы  сәндік-қолданбалы  өнер 
туындыларын  безендіруге  жұмсады.  Ою-өрнектің  барлығының 
негізінде геометриялық ұғым элементтері бар, әсіресе, геометриялық 
ою-өрнектің  негізі  геометриялық фигуралардан  тұрады, атаулары да 
солардың пішініне сәйкес. Ең қарапайым оюлар нүкте мен сызықтар 
туралы  түсінік  беруге,  ал  олардың  күрделі  формаға  айналуының 
нәтижесінде  пайда  болған  үшбұрыш,  төртбұрыш,  квадрат,  шеңбер, 

 
38 
 
 
т.б. тәріздес өрнектер көпбұрыштар туралы ұғымды  қалыптастыруға 
мүмкіндік туғызады.  
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,26,31,33 
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15 
 
№3  дәрістің  тақырыбы:  Революцияға  дейінгі  қазақ 
мектептерінде математиканы оқыту 
1730-шы  жылдардан  басталған  Қазақстанның  Россияға  қосылу 
процесі  ХІХ-ғасырдың  орта  шенінде  толығымен  аяқталды.  Патша 
өкіметі  Қазақстан  территориясындағы  отарлау  саясатын  жүргізуде, 
біріншіден,  қазақ  халқын  үркітіп  алудан  қорықса,  екіншіден, 
Европадағы  істерден  құлашын  кең  жаюға  мүмкіндігі  болмады. 
Дегенмен  де,  бірте  –бірте  жүргізілген  өте  сақ  саясаттың  негізінде 
патша  өкіметі  алдымен  қазақ  жерін  бөлшектеу  үшін    басқарудың 
хандық формасын жойып, аға сұлтандықты енгізді. Бұл қазақ халқын 
әр  түрлі  орталықтарға  бағынуға  мәжбүр  етті.  Өзара  қырқысуларды 
күшейтті.  Сонымен  қатар  қазақ  жерін  әскери  бекіністермен  қоршай 
бастады. 
Мұның өзі орыс әкімдерін қазақ сұлтан, билерімен жиі-жиі істес 
болуларына мәжбүр етті. Ал ол қазақ балаларынан тілмаштар даярлау 
қажеттілігін  туғызды.  Ең  алғашқы  қазақ  балалары  үшін  1789  жылы 
Омбыда ашылған дүниелік оқу орны «Азиялық училищеде» осындай 
мақсат көзделді. 
Бірақ бұл іс бұдан ары тез арада жалғастырыла қойған жоқ. Оған 
патша  өкіметінің  басқа  да  аз  ұлттар  тұрмақ,  өз  халқының  білім 
алуынан сескенуі себеп болды. 
Әйтсе  де  қоғамның  алға жылжуын  патша  өкіметі тоқтата  алған 
жоқ.  ХІХ  ғасырдың  50-60-шы  жылдарында  Ресейде  педагогикалық 
мәселелерге  арналған  «Журнал  для  воспитания»  (1857),  «Руский 
педагогический  вестник»  (1857),  «Учитель»  (1861),  Педагогический 
сборник»  (1864)  журналдары  ашылып,  мектептердің  саны  өсті,  әр 
түрлі  орта  және  жоғары  дәрежелі  азаматтық,  әскери  оқу  орындары 
бой көтерді. 
Бұл қазақ даласына да өз әсерін тигізбей тұра алған жоқ. 
Бұған  қосымша  қазақ  даласын  билеу  жөніндегі  (жаңа)  ереже 
қазақ  халқын  бұрынғыдан  да  тұқырта  түсті.  Енді  қазақтың  тек  қана 
болыстық қызметке қолдары жетіп, ал уезд басшылары , губернатор 
тек  қана  орыстардан  болды.  Бұл  жағдай  орыс  әкімдеріне  орыс  тілін 

 
39 
 
 
білетін,  солардың  сойылын  соғатын  қазақтардың  қажеттілігін 
арттыра  түсті.  Бұл  кезде  кейбір  заман  ағымын  түсінген  қазақтар  да 
балаларын ғана оқытып қоймай, халықтың да сауатын ашу керектігі 
жайында  ойлана  бастады.  Осындай  себептерден  қазақ  балалары 
оқитын оқу орындары тек шекаралық қалалар мен бекіністерде ғана 
емес, қазақ арасында да ашыла бастады. 
1841  жылы  Бөкей  ордасында  мақсат  негізінен  Орынбордағы 
Непьлюев  әскери  училищесіне  (1844  жылдан  кадет  корпусы)  түсуге 
дайындау  үшін  25  адамдық  мектеп  ашылды.  1850  жылы  Оынборда 
шекаралақ  комиссия  жанында  сабақ  орыс  тілінде  жүретін  жеті 
жылдық  (кейін  6  жылға  төмендетілді.  Бұл  мектепеті  Ы.Алтынсарин 
бітірген)  мектеп  ашылды.  Қазақ  балалары  үшін  осылай  басталған 
дүниелік  мектеп  бұдан  ары  қарай  дами  бастады.  Бұған 
Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев,  Ш.Уәлиханов  сияқты  халықты  оқу-
білімге шақырған қазақ зиялылары да өз үлестерін қосты. 
Қазақ  даласында  мектеп  жүйесі  қалыптаса  бастады.  Біздің 
түсінігімізше,  оның  негізін  2-3  жылдық  ауыл  мектебі  құрады.  Ол 
ауылмен  бірге  көшіп-қонып  жүрді.  Халық  көбірек  шоғырланған 
материалдық  жағдай  бар  жерлерде  4  жылдық  бір  класты  болыстық 
мектептер ашылды. Сонымен қатар аз да болса қалаларда екі класты 
6 жылдық орыс-қазақ мектептері жұмыс істеді. 
Мұндағы  класс  ұғымы  біздің  бүгінгі  түсінігіміздегі  класс  емес, 
мектептің  құрылысы  дегенге  келіңкірейді.  Мысалы,  бір  класты 
болыстық  мектеп  4  бөлімнен  тұрды.  Әр  бөлімді  бір  оқу  жылында 
оқиды.Ал  екі  кластан  (1-класс  2  жыл.2-класс  2  жыл)  болды.Ауыл 
мектебі  деңгейі  болыстық  мектептің  алғашқы  екі  жылына  ,  ал 
болыстық  мектеп  екі  класты  орыс-қазақ  мектебінің  бірінші 
жылдығына  сәйкестендірілді.Жалпы  қазақ  даласындағы  жұмыс 
жасаған  дүниелік  мектептердің  түрі  шамамен  осылай  еді.  Бірақ 
Қазақстан  территориясы  бөлшектелініп  4  бірдей  орталыққа 
бағынғандықтан,  яғни  мектеп  ісі  бір  орталыққа  бағынғандықтан 
мектеп аттары әр түрлі болды. Түркістан генерал-губернаторлығында 
мұндағы  ұлттық  құрамның  әрқилылығынан  орыс  бұратана  мектебі 
деп  аталса,  Бөкей  ордасында  старшын,  бөлімшелік  училищелер 
делінді.  Ал  Семей  мен  Ақмола  облыстарында  негізінен  мектеп  –
интернаттар басым болды. 
Бұл  мектептер  үшін  патша  әкімшілігі  шығарған  ережелерде 
оқытудың  мақсаты,  тәртібі  сияқты  мәселелермен    қатар  әр  класта 

 
40 
 
 
қандай  пәндер  оқылады  және  оларға  қанша  сағат  арналатыны 
айтылды.  Ал  мұғалімдер  бөлінген  сағаттарға  қарай  әр  пән  бойынша 
оқу бағдарламасын өздері жа тиіс болды. 
Мұғалімдер 
математикадан 
бағдарлама 
жасау 
үшін 
Булковскийдің. 
Гольденбергтің, 
Лубенцтің, 
Евтушевскийдің, 
Малинин  мен  Бурениннің,  Вишневскийдің,  Громеницкийдің, 
Бобровинсковтың,  т.б.  оқулықтарын,  есеп  құралдарын  және 
методикалық  әдебиеттерін  пайдаланды.  Тіпті  бұл  оқулықтардың 
кейбіреуі  (Евтушевскийдікі,  Граменицкийдікі,  т.б.)  революциядан 
кейін де бірнеше мәрте қайта басылып шықты. 
Дүниелік  мектептің  барлығында  математика  пәні  оқытылды. 
Мәселен  жоғарыда  айтқанымыздай  1850 жылы  Орынборда  ашылған 
шекаралық комиссия мектебінің математикадан бағдарламасы былай 
болды: 
класы 
жылы 
оқыту мазмұны 
1-класс 
1-жыл 
Натурал сан. Шотта есептеудің 4 
ережесі. 
2-жыл 
Сандардың аталуы мен таңбалануы. 
2-класс 
 
 
1-жыл 
Арифметикалық 4 амал есептерді 
шешудің тәсілдері. Шотта қосудың 
ережесі. 
2-жыл 
Жай сандар.Атаулы сандар. 
3-класс 
 
1-жыл 
Арифметиканың аяқталуы, есептерді 
шешудің тәсілдері. 
2-жыл 
Арифметиканы қайталау. 
4-класта (бір жылдық) арифметика жүргізіледі. 
Бір 
класты 
училищелер 
мен 
болыстық 
мектептердің 
математикадан 
бағдарламалары 
ұқсас 
болды. 
Бұлардың 

 
41 
 
 
айырмашылықтары  тек  оқыту  әдістерінде  аздаған  өзгешелік, 
қалыптасқан  мектеп  құрылымына  орай  ауылдық,  облыстық 
мектептердің  математикадан  бағдарламалары  екі  класты  орыс-қазақ 
мектептерінің бағдарламасынан туындайды. 
Сол  үшін  мысал  ретінде  Бөкей  ордасындағы  екі  класты  орыс  –
қазақ  мектебінің  1897-98  оқу  жылындағы бағдарламасын келтірелік. 
Ескерте  кететін  жәйт  мұғалімдер  үшін  оның  екі  түрі  қажет  деп 
есептелінді  Бірі  –жыл  бойы  өтілетін  материалдардың  бағдарламасы, 
екіншісі  жыл  аяғында  оқушы  біліміне  сынақ  алдында  жасайтын 
бағдарлама.  Әрине,  олардың  соңғысы  алдыңғының  негізінде 
жасалады.  Сондықтан  да  бұл  бағдарламалардың  арасында  пәлендей 
айырмашылық жоқ.(Қазақ ССР Орталық архиві 59-қор, 1-тізім, 91-іс, 
3-бума, 3-табақ). 
ХІХ ғасырдың басында патша өкіметі ұлт аймақтарындағы ұлт-
азаттық  қозғалыстың  (Әндіжан  көтерілісі)  және  жалпы  елдегі 
революциялық  қозғалыстардың  етек  алуына  (бірінші  орыс 
революциясы)  байланысты  халықтың  оқу-білім  арқылы  санасының 
оянуын  тежеу  мақсатында  мектептер  жайында  жаңа  ереже 
қабылдады.  1906  жылы  шыққан  осындай  документ  бойынша 
математика  және  басқа  дүниелік  ғылым  салаларына  бөлінген  уақыт 
азайтылды.Орыс тіліне бөлінген уақыт көбейтілді. 
Екі  класты  мектептер  үшін  арифметика  пәніне  әр  бөлімде 
аптасына  4  сағаттан,  ал  геометрия  мен  сызу  пәніне  тек  соңғы  екі 
бөлімде 2 сағаттан уақыт бөлді. 
Төменде  жаңа  ережеге  (1906  жылғы)  сәйкес,  Ақтөбедегі  екі 
кластық орыс-қазақ , мектебінің 1907 жылғы бағдарламасын ұсынып 
отырмыз. 
 
Класы  бөлімі 
 
оқыту мазмұны 
 
1-
класс 
 
1-
бөлім 
100-ге  дейінгі  цифрларды  санау  және  жазу.100 
көлеміндегі  сандармен  мысалдар  және  жеңіл 
мәселе есептер шығару. 
2-
бөлім 
100-ге дейінгі сандар мен барлық амалға мәселе 
есептер  шығару.  1000-ға  дейін  және  одан  да 
жоғары  сандарға  дейін  жеңіл  мәселе  есептер 
шығару. 
 

 
42 
 
 
 
3-
бөлім 
100000-ға  дейінгі  сандар  мен  барлық  амалды 
қолданып  мәселе  есептер  шығару.  Құрама 
атаулы  сандарға  мәселе  есептер  шығару  (квод 
пен куб сан/н басқаларына) 
4-
бөлім 
Кез  келген  сандармен  мәселе  есептер  шығару, 
құрама  атаулы  сандармен,  квадрат  пен  куб 
бөлімдерді қоса барлық 4 амалға мәселе есептер 
шығару.  Г.М.Вишневскийдің  есеп  құралынан 
жай бөлшектерге мәселе есептер шығару. 
2-
класс 
 
 
1-
бөлім 
Бүтін 
сандармен 
мәселе 
есептер 
шығару:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,16,25,...100-ге 
блінгіш 
белгілері. 
Сандарды 
бастапқы 
көбейткіштерге  жіктеу.  Ең  үлкен  ортақ  еселік 
және  ең  кіші  ортақ  блгіш  .  Жай  бөлшектерге 
барлық  4  амалды  қолданып  мәселе  есептеп 
шығару. 
2-
бөлім 
1-бөлімнің  курсы.  Ондық  бөлшектерге  барлық 
4  амалды  қолданып  мәселе  есептер  шығару. 
Ондық  бөлшектерді  жай  бөлшектерге  ,  жай 
бөлшектермен қоса барлық 4 амалды қолданып 
мәселе 
есептер 
шығару.Геометриялық 
қатынастар, пропорция жай және күрделі үштік 
ереже  мәселе  есептер  шығару.Проценттер 
ережесіне ең оңай мәселе есептер шығару. 
 
Арифметиканың  тапсырмасы 
1-жыл.  10–ға      және  100–ге  дейінгі  сандарды  үйрету.  Осы 
сандарды    цифрлар    бойынша  өрнектеу.  Амалдардың    белгілерімен 
таныстыру.  Амалдармен  таныстыру.  Қосу,  азайту,  көбейту,  бөлу  
таблицаларын игеру. 100–ге дейінгі сандармен ауызша және жазбаша 
барлық амалға есептер шығару. 
2-жыл. 1-ден 100-ге дейнгі нумерация. Осы сандар аралығында 4 
амалмен,  разрядтармен  танысу.  Ауызша  және  жазбаша  есептер 
шығару.  Ұзындықтың,  салмақтың,  көп қолданылатын  өлшемдерімен 
танысу.  Атаулы  сандарды  бөлшектеу,  айналдыруға  қосу,  алу, 
көбейту,  бөлу  амалдарын    қолданып  есептер  шығару.  Бірлік 

 
43 
 
 
үлестермен  таныстыру    /1/2,  1/4,  1/3,  1/8,  1/5/.  Сауда  шарттарымен 
таныстыру. 
3-жыл.  Кез  келген  санды  үйрету.  Өлшемдерді  номерациялау, 
өлшемдерді  кластарға  бөлу.  Орыс  өлшемдерімен  таныстыру 
(сұйықтың,  т.б.  өлшемдерді).  Атаулы  құрама  сандарды  есептер 
шығару. Шоттарды есептеу.  
4-жыл.  Квадрат  және  кубтың  өлшемдерімен  танысу.  Квадрат 
және  кубтық  өлшемдерге  есептер  шығару.  Есептерді  уақытқа  бөлу. 
Кішкене  бөлшектермен  дайындық  курсын  өту  және  оған  есептер 
шығару. Шотта қосу амалын орындау. 
5-жыл.Жай бөлшектің қысқаша жүйелі курсы –ондық бөлшектер 
.Есептер шығару. Шоттарды есептеу. 
6-жыл.Пропорция. 
Үштік 
ереже. 
Проценттер 
ережесі. 
Векселдерді  есепке  алып  отырудың  ережесі.Жолдастық  ережесі. 
Сметаларды анықтау және бөлу ережелері. 
Есептер шығару. Шоттарды есептеу. Геометрия бағдарламасы. 
5-жыл.  Куб,  жақ,  сызық,  нүкте,  квадраттау.  Түзу  төртбұрышты 
призма.Түзу  бет,  бұрыштар,  сызықтар,  үш  жақты  және  екі  жақты. 
Түзу  үшбұрышты  призма.  Бұрыштар:  түзу  және  қисық.Бұрыштық, 
төртбұрыш және үшбұрыш, дұрыс алты бұрышты призма, сүйір және 
доғал бұрыш т.б. 
Параллель  сызықтар,  тік  бұрышты  фигуралар,  көлбеу 
төртбұрышты призма. Призма туралы жалпы түсінік.Вертикаль және 
отвесьтік сызықтар. Отвесь және уровень. 
Пирамидалар:  дұрыс  үшбұрышты,  дұрыс  төртбұрышты. 
Пирамида туралы жалпы түсінік. Үшбұрыштар: тең бүйірлі, доғал тік 
бұрышты,  цилиндр,  қисық  бет.  Шеңбер:  центр  және  т.б.  циркуль, 
конус,  шар,  қағазда  және  тақтада  барлық  аталған  геометриялық 
денелерді сызу және жазу. Шамалары келетін есептерді шығару. 
6-жыл.  Түзу  сызықтар:  қосу,  азайту,  көбейту  және  бөлу 
(циркульдің  көмегімен  түзулерді),  жер  бетінде  түзулер  жүргізу, 
қадалар  ,  жер  бетіндегі  түзулерді  өлшеу.  Бұрыштар.  Бұрыштарды 
қосу,  азайту,  көбейту.Сыбайлас  бұрыштар.  Тік  бұрыштар  және 
олардың  қасиеттері.  Перпендикуляр  және  көлбеу.  Перпендикуляр 
(тұрғызылған және түсірілген). 
Бұрыштарды  өлшеу.  Транспортир.  Үшбұрыштардың  теңдігі. 
Сызықтардың  көлбеулігі  мен  перпендикулярлығы.  Бұрыштама 
арқылы  перпендикуляр  сызықтар  сызу.  Параллель  сызықтар  және 

 
44 
 
 
оларды  наугольниктің  көмегімен  сызу.  Басты  жер  өлшейтін  құрал: 
Вачеркас,  энкер,  астралябия.  Және  өлшейтін  құралдар  арқылы,  жер 
бетіндегі өлшеулерге есептер шығару. Тік төртбұрыш пен өлшемдер. 
Ұқсас  көпбұрыштар  (қысқаша)  масштабтары.  Жер  бетіндегі 
пландарды түсіру. Параллелограмм мен кубтың көлемдерін табу. Куб 
өлшемдер.Есеп шығару. 
Геометриялық  материалдар  ауылдық,  болыстық  мектептерде 
оқытылмады  десек  те  болады,  ал  азда  оқытылғанның  өзінде  жер 
өлшеу  карта,  сызу  сияқты  мәселелердің  сұранысын  қанағаттандыру 
деңгейінде ғана өтілді. 
Жалпы 
революцияға 
дейінгі 
Қазақстандағы 
бастауыш 
мектептерде 
бағдарламаларын 
талдай 
отырып 
,мынадай 
қорытындылар жасауға болады: 
-
 
негізінен  қазақ  балалары  көптеп  оқыған  ауыл  және  болыстық 
мектептерде 
математикадан 
өте 
қарапайым 
мәселелер 
қарастырылды. (100-ге дейін санау және жазу, шотта есептеу, жай 
есептер, т.б.); 
-
 
арифметика  мен  алгебранаың  өзара  байланыстарына  жеткілікті 
дәрежеде мән берілмеді; 
-
 
арифметика мен алгебраның геометриямен байланыстарына баса 
назар аударылмады; 
-
 
геометриядан 
негізінен 
геометриялық 
фигуралардың 
анықтамалары  мен  элементтері  оқылды  да  фигуралар 
элементтерінің  арасындағы  әр  түрлі  қатынастарды  өрнектейтін 
геометриялар мен олардың дәлелдеулері келтірілмеді; 
-
 
математиканың  негізгі  мақсаты  балалардың  ақыл-ойын  дамыту 
деп  есептелінгеннің  өзінде  балалардың  жас  ерекшеліктеріне, 
психологиясына баса назар аударылмады; 
-
 
математикалық  материалдар  бір-бірімен  идеялық  жағынан 
байланыспады. 
Дегенмен де, ауылдық және болыстық мектептер математикадан 
аз  да  болса  ғылыми  жүйелі  мағлұмат  берді.  Көптеген  практикалық 
есептер шығару арқылы математиканың өмірмен байланысын нақты 
көрсете алды. 
Қазақстанда  дүниелік  мектептермен  бірге  діни  мектептер  де 
болды.Бұл  мектептердің  негізі  дүниелік  мектептерден  әлдеқайда 
бұрын 
қаланғанымен 
де 
олардың 
материалдық 
жағдайы, 

 
45 
 
 
ұйымдастырылуы  нашар  болды.  Оқушылардың  құрамы  ,  оқу 
бағдарламасы, оның орындалуы қадағаланбады. 
Дегенмен де бұл мектептердің халық арасына ислам дінін тарату 
арқылы  халықты  салауатылыққа  ,  бір-біріне  қайырымды  болуға 
тәрбиелеудегі рөлін жоққа шығаруға болмас. 
Қазақстанда  діни  жоғары  білім  беретін  екі  медресе  –Түркістан 
қаласында және Шымкент облысындағы  Қарнақ деген жерде болды. 
Медреселер  біз  көп  уақыт  бойы  түсініп  келгеніміздей  тек  қана  діни 
білім  ғана  емес,  дүниелік  ғылым  салаларынан  да  білім  берді. 
Математикадан бұл оқу орындарында мынандай қарастырылды: 
Арифметикадан: бүтін және бөлшек сандарға амалдар қолдану . 
Жай  және  құрама  сандар.  Сандар  тізбегі  мен  олардың  қосындысын 
табу.  Ең  үлкен  ортақ  бөлгіш,  ең  кіші  ортақ  еселік.  Түбір  табу  және 
дәреже шығару.Ауызша есептер шығару, шығару жолдары. 
Алгебрадан: белгісіздерді  табу (белгісіздерді қарама-қарсы қою, 
қайта  қалпына  келтіру  арқылы  екі  қате  жіберіп,  белгісізді  табу 
жолдары). 
Геометриядан:  Салу  есептері.Аудан,  көлем,  тереңдік  пен 
биіктікті табу жолдары.Мұра бөлісуге жаттықтыратын есептер. 
Революцияға  дейін  Қазақстан  территориясында  ашылған 
мектептердің  үшінші  түрі  –жаңа  типтегі  жадиттік  мектептер.  Бұл 
мектеп  қазақ  арасында  ХІХ  ғасырдың  соңында  Қырым,  Еділ  бойы 
татарларынан ауысты. 
Мұндай  мектептердің  Қазақстанда  ашылуына  ХІХ  ғасырдың 
60,70 жылдарындағы оқыған, заман ағымын,  қоғам дамуын түсінген 
зиялы қауым мұрындық болды. Олар халыққа дүниелік ғылымды оқу 
қажеттілігін  түсінді. Сонымен қатар діни білімді де жоққа шығарған 
жоқ.  Сондықтан  да  әрі  дүниелік  ғылым,  әрі  діни  білім  беретін 
жадиттік мектептерін ашты. 
Көп  жағдайда  мұндай  мектептер  жекелеген  адамдардың 
белсенділігі арқасында ғана дүниеге келді. Жадиттік мектептерде оқу 
мерзімі  4  жыл  еді.  Бірақ  та  кейбір  жерлерде  5,6  жылға  да  созылып 
кетті. 
Математикадан  мұндай  мектептердің  бағдарламалары  шамамен 
бірдей болды деп айтуға болады. Атап айтқанда мынадай мәселелер 
қамтылды: 
а) цифрларды үйрету, санау  
ә) 100-ге дейінгі санау, мәселе есептермен мысалдар шығару. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет